Хадис

Тәмәттуғ және қажылық ниетін умраға ауыстыру

Кутуб ситтә, 4-том, 158-тарау · 37 хадис · № 1289–1325

ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ УМРА

Хадистер

1289
Кутуб ситтә, № 1289 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ شَقِيقٍ قَالَ: «كَانَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَنْهَى عَنِ الْمُتْعَةِ، وَكَانَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَأْمُرُ بِهَا. فَقَالَ عُثْمَانُ لِعَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَلِمَةً. فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: لَقَدْ عَلِمْتَ أَنَّا تَمَتَّعْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَجَلْ وَلَكِنَّا كُنَّا خَائِفِينَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Шақиқ былай дейді: «Осман (р.а.) тәмәттуғқа тыйым салса, Әли (р.а.) оны атқаруды бұйыратын. Осман осы мәселе жөнінде Әлиге бір сөз айтты. Әли: “Алла елшісімен (с.а.с.) бірге қажылық жасағанымызда тәмәттуғ атқарғанымызды білесің”, – деді. Осман: “Иә, бірақ ол кезде қауіптенген едік”, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «мутға» сөзі «тәмәттуғ қажылықты» білдіреді. Яғни, умра мен қажылыққа бірге ниет етіп, алдымен умраны орындағаннан кейін ихрамнан шығып, кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық. Олай болса, әзірет Осман тыйым салған, бірақ әзірет Али әмір еткен мутға осы еді. Әзірет Омар мен әзірет Осман екеуі де тәмәттуғ қажылыққа тыйым салғаны жайлы мағлұмат басқа риуаяттарда да келген. (№1279 және 1284 хадистерде). Бірақ бұл тыйым, тахрими емес, тәнзиһи тыйым болатын.

2. Әзірет Османның «бірақ біз қорыққан едік» деген сөзі, жеңістен (Меккенің алынуы) бұрын һижреттің 7-жылында жасалған қаза умраны меңзеген болуы мүмкін. Бірақ ол кезде тек қана умра жасалған. Сондықтан тәмәттуғқа қатысы жоқ болатын.

  1. 1Мүслим, Хажж 158, (1223); Нәсәи, Хажж 50, (5, 152).
1290
Кутуб ситтә, № 1290 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «تَمَتَّعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ وَعُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، وَأَوَّلُ مَنْ نَهَى عَنْهَا مُعَاوِيَةُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.), Әбу Бәкір, Омар және Осман (р.а.) тәмәттуғ атқарған. Оған алғаш тыйым салған – Муғауия (р.а.)»1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят бойынша әзірет Осман мен әзірет Омар да тәмәттуғ қажылық жасаған. Тәмәттуғ қажылыққа ең алғаш Муғауия тыйым салған. Бұл хадистегі мағлұмат жоғарыда келген риуаяттарға қайшы. Өйткені алдыңғы риуаятта әзірет Османның тәмәттуғ қажылыққа тыйым салғаны айтылған. Кейбір ғалымдар бұл мәселені былайша жорамал жасаған:

«Әзірет Осман мен әзірет Омардың тыйымдары – тәнзиһи тыйым, яғни, харам емес. Муғауияның тыйымы болса, тахрими тыйым, харамға жақын. Олай болса тахрим мағынасында алғашқы тыйымды қойған Муғауия (р.а.) болған». Сондай-ақ Нәуәуи әзірет Омар мен әзірет Османның (р.а.) тыйымдарының тәнзиһи екенін айтқан. Тәнзиһи тыйым «ұсыныс» деген мағынасын білдіреді, нақты әмірге жатпайды.

  1. 1Тирмизи, Хажж 12, (822); Нәсәи, Хажж 50, (5, 153, 154).
1291
Кутуб ситтә, № 1291 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: «لَقَدْ تَمَتَّعْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَهَذَا يَعْنِي مُعَاوِيَةَ كَافِرٌ بِالْعُرْشِ يَعْنِي بِالْعُرْشِ بُيُوتِ مَكَّةَ فِي الْجَاهِليةِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي، وَهَذَا لَفْظُ مُسْلِمِ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деген: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге тәмәттуғ атқарғанымызда, мына Муғауия Ғұршта әлі кәпір еді». «Ғұрш» деп жаһилия кезіндегі Мекке үйлері аталған1.

Түсіндірме

1. «Ғұрш» – жерге қағылған ағаштардан жасалған күркенің көпше атауы. Мекке үйлері осылай салынып, адамға сая болғандықтан, солай аталған.

2. Муғауияға әзірет Сағдтың: «Ол ол күндерде кәпір еді» деп айтуы, тарихи бір шындықтың белгісі. Өйткені әзірет Муғауия (р.а.) Исламды кейін қабылдаған, яғни һижреттің сегізінші жылы. Сағд айтқан тәмәттуғ қажылық, һижреттің жетінші жылында жасалған умра қазасы болатын. Жоғарыда да айтқанымыздай, арабтар умраны да қажылық деп айтады. Парыз қажылық пен умраның арасын ажырату үшін умраны «асғар қажылық (кіші қажылық)», ал парыз қажылықты «әкбар қажылық (үлкен қажылық)» деп атаған. Муғауия мұсылман болғаннан кейін, үнемі Мәдинада болып, Расулалладан (с.а.с.) бір елі ажырамаған. Сондықтан осындай үкім беруі мүмкін.

3. Бұл риуаят та қажылықта тәмәттуғ атқаруға рұқсат екеніне дәлел ретінде келтірілген.

  1. 1Мүслим, Хажж 164, (1225); Муатта, Хажж 60, (1, 344); Тирмизи, Хажж 12, (823); Нәсәи, Хажж 50, (5, 152.153).
1292
Кутуб ситтә, № 1292 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «تَمَتَّعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ وَأَهْدَى، فَسَاقَ مَعَهُ الْهَدْىَ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ، وَبَدَأَ فَأَهَلَّ بِالْعُمْرَةِ ثُمَّ أَهَلَّ بِالْحَجِّ وَتَمَتَّعَ النَّاسُ مَعَهُ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ، وَكَانَ مِنَ النَّاسِ مَنْ أَهْدَى وَمِنْهُمْ مَنْ لَمْ يُهْدِ. فَلَمَّا قَدِمَ مَكَّةَ قَالَ لِلنَّاسِ: مَنْ كَانَ مِنْكُمْ أَهْدَى فَأَنَّهُ لَا يُحِلُّ مِنْ شَيْئٍ حَرُمَ عَلَيْهِ حَتَّى يَقْضِيَ حَجَّهُ، وَمَنْ لَمْ يَكُنْ مِنْكُمْ أَهْدَى فَلْيَطُفْ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ وَلْيُقَصِّرْ وَلْيُحَلِّلْ ثُمَّ لِيُهِلَّ بِالْحَجِّ وَلِيُهْدِ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ هَدْيًا فَلْيَصُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةً إِذَا رَجَعَ إِلَى أَهلِهِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығында қажылыққа дейін умра атқарып, тәмәттуғ жасады әрі құрбан шалды. Құрбандық малын Зулхуләйфадан бастап қасына ертіп жүрді. Әуелі умраға тәлбия айтты, кейін қажылыққа тәлбия айтты. Қасындағылар да қажылыққа дейін умра атқарып, тәмәттуғ жасады. Араларында құрбандық малын ала келгендер де, алып келмегендер де бар еді.

Меккеге келгенде, Алла елшісі (с.а.с.) жұртқа: «Құрбандық малын ала келгендер қажылықты аяқтағанша ихрамнан шықпасын. Құрбандық малы жоқтар тауап пен сағи жасап, шашын қысқартып, ихрамнан шықсын. Содан кейін қажылық үшін қайтадан ихрамға кіріп, құрбан шалсын. Құрбандық таба алмағандар қажылықта үш күн, үйіне қайтқан соң жеті күн ораза ұстасын», – деді»1.

Түсіндірме

1. Бұл хадис мына аяттың мағынасын ашады: ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ وَلَا تَحْلِقُوا رُءُوسَكُمْ حَتَّىٰ يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ بِهِ أَذًى مِنْ رَأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ فَإِذَا أَمِنْتُمْ فَمَنْ تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ تِلْكَ عَشَرَةٌ كَامِلَةٌ ذَٰلِكَ لِمَنْ لَمْ يَكُنْ أَهْلُهُ حَاضِرِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ﴾ «Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер. Егер бір себеппен жолдарың бөгеліп, толық атқара алмасаңдар, жағдайларыңа қарай бір құрбандық атаңдар. Құрбандық өзінің шалынатын жеріне жетіп, сойылғанға дейін шаштарыңды алмаңдар. Кімде-кім ауырып қалса немесе басында кеселі болса, соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін не құрбан шалсын. Ал қауіпсіздікте болсаңдар, ондай жағдайда кімде-кім ұмра мен қажылық парызын бірге өтесе, жағдайына қарай құрбан шалсын. Ал кім шалатын құрбандық таба алмаса, үш күн қажылықта және қажылықтан қайтқанда жеті күн, бәрін қосқанда, толық он күн ораза ұстасын. Бұл үкім Харам мешітінің айналасында тұрмайтындар үшін. Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар, Алланың жазасы тым қатты екенін біліп қойыңдар!»2

2. Риуаяттың басындағы «Қоштасу қажылығында қажылыққа дейін умра атқарып, тәмәттуғ жасады» деген сөзді екі түрлі түсінуге болады. Тілде «тәмәттуғ» пайда көру дегенді білдіреді.

1. Алла елшісі (с.а.с.) умраны қажылықпен біріктіріп, қиран атқарды. Сол арқылы умраның сауабына да ие болды.

2. Алла елшісі (с.а.с.) умраға ниет етіп, оны атқарған соң ихрамнан шықты. Осылайша қажылық басталғанға дейін ихрамнан тыс уақытты пайдаланды.

Автор екі түсіндірудің түйіні бір екенін айтады.

3. Хадис ғалымдары Алла елшісінің (с.а.с.) алдымен қажылыққа әлде умраға ниет еткені жайында бірнеше жорамал айтқан.

1. Әл-Муһәлләбтің пікірінше, Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларына әуелі умра, одан кейін қажылық жасауға ниет етуді айтқан.

2. Қазы Иядтың пікірінше, Алла елшісі (с.а.с.) алдымен ифрадқа ниет етіп, кейін оған умраны қосқан. Осылайша қиран қажылығын атқарған.

Ғалымдар өзге риуаяттарды негізге алып, басқа пікірлер де айтқан. Басым пікірге сай, Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары алдымен ифрадқа ниет еткен, кейін умраны қосып, қиран атқарған.

Нәуәуи былай дейді: «Біздіңше, Алла елшісінің (с.а.с.) атқарғаны – қиран қажылығы. Оның умрадан кейін қайта ихрамға кіру үшін Харамнан тыс жерге шықпағанына және құрбандық малына байланысты ихрамда қалғанына ғалымдар келіскен. Қиранның үкімі де осы».

4. Бұл жерде тоқтала кететін бір мәселе бар: Жоғарыдағы риуаят алдымен тек қана қажылыққа ниет етіп, кейін ниеттің умраға өзгергені, одан кейін қайтадан қажылық жасалғаны баян етілген. Ғалымдар қажылық ниетін өзгертіп, умра жасауға ниет етуді тек қана Расулалланың (с.а.с.) сахабаларына тән мәселе екенін айтқан. Аятта қажылыққа ниет еткендердің оны аяқтауы керектігі әмір етілгендіктен, қажылықтан умраға өзгерту мүмкін емес. Ибн Аббастан өзге барлық сахабалардың және ғалымдардың көпшілігінің негізгі көзқарастары осы. Қажылар қандай қажылық жасайтын болса, миқатта ниеттерін белгілеуі керек. Ифрад қажылыққа ниет еткен болса, одан кейін қиран қажылыққа немесе тәмәттуғ қажылыққа өте алмайды. №1308-хадисте келетін «мәңгілік тәмәттуғ жасалатынына» байланысты айтылған сөз, қажылық айларында жасалатын умра немесе қиран қажылықтың рұқсатына негізделген. Бұл екі ғибадаттың жасалуы қияметке дейін рұқсат етілген. Бірақ қажылықтың умраға өзгертілуі сол жылға тән мәселе.

5. Шәфиғидің пікірінше, тәмәттуғ жасаған кісі қажылықтағы кемшіліктің орнын толтыру үшін құрбан шалуға міндетті. Ол құрбанның етінен жемейді. Шәфиғи ифрадты абзал көргендіктен, қажылық пен умраны біріктіруді кемшілік, ал құрбан шалуды соның өтемі санаған.

Имам Ағзамның пікірінше, бұл – екі ғибадатты бірге атқарғаны үшін Аллаға шүкіршілік ретінде шалынатын құрбан. Сол себепті иесі оның етінен жей алады. Имам Ағзам қажылық пен умраны бірге атқаруға мүмкіндік беретін қиранды абзал санаған.

6. Құрбандық табылмаған жағдайда оразаның алғашқы үш күні зұлхижжаның 7, 8 және 9-күндері ұсталады. Қажы еліне қайтқан соң жеті күн ұстайды. Барлығы он күн болады.

Шәфиғи аяттың сыртқы мағынасына сүйеніп, қалған жеті күн оразаны елге оралған соң ұстауды шарт санаған. Әбу Ханифа «оралу» сөзін қажылық рәсімдерінің аяқталуы деп түсіндіріп, ол оразаны рәсімдер аяқталған соң Меккеде де ұстауға болады деген.

  1. 1Бұхари, «Хаж», 104 (№ 1691). Мүслим, «Хаж», 174 (№ 1227). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 24 (№ 1805). Нәсәи, «Хаж», 50 (5/151–152).
  2. 2«Бақара» сүресі, 196-аят
1293
Кутуб ситтә, № 1293 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Икрима

وَعَنْ عكْرِمَةَ قَالَ: «سُئِلَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ مُتْعَةِ الْحَجِّ. فَقَالَ أَهَلَّ الْمُهَاجِرُونَ وَالأَنْصَارُ وَأَزْوَاجُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ وَأَهْلَلْنَا؛ فَلَمَّا قَدِمْنَا مَكَّةَ قَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اجْعَلُوا إِهْلَالَكُمْ بِالْحَجِّ عُمْرَةَ إِلَّا مَنْ قَلَّدَ الْهَدْىَ فَطُفْنَا بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَأَتَيْنَا النِّسَاءَ، وَلَبِسْنَا الثِّيَابَ. وَقَالَ: مَنْ قَلَّدَ الْهَدْىَ فَإِنَّهُ لَا يُحِلُّ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْىُ مَحِلَّهُ. ثُمَّ أَمَرَنَا عَشِيَّةَ التَّرْوِيَةِ أَنْ نُهِلَّ بِالْحَجِّ فَإِذَا فَرَغْنَا مِنَ الْمَنَاسِكِ جِئْنَا فَطُفْنَا بِالْبَيْتِ وَالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَقَدْ تَمَّ حَجُّنَا وَعَلَيْنَا الْهَدْىُ كَمَا قَالَ تَعَالَى: ﴿فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ﴾ الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَعَاليقًا.

Қазақша аудармасы

Икрима былай дейді: «Ибн Аббастан (р.а.) қажылықтағы мутға туралы сұралғанда, ол былай жауап берді: “Қоштасу қажылығында мұһажирлер, ансарлар және Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайлары ихрамға кірді, біз де кірдік. Меккеге жеткенде Алла елшісі (с.а.с.) құрбандық малын белгілегендерден басқасына қажылық ниетін умраға өзгертуді бұйырды. Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасадық. Ихрамнан шыққан соң жұбайларымызға жақындасып, әдеттегі киімімізді кидік. Алла елшісі (с.а.с.): ‘Құрбандық малын белгілегендер оны шалатын жеріне жеткенше ихрамнан шықпасын’, – деді.

Тәруия күні кешке қажылық үшін қайта ихрамға кіруді бұйырды. Қажылық рәсімдерін аяқтаған соң Меккеге оралып, Бәйтулланы тауап еттік, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасадық. Осылайша қажылығымыз аяқталды. ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ﴾ ‘Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер. Егер бір себеппен жолдарың бөгеліп, толық атқара алмасаңдар, жағдайларыңа қарай бір құрбандық атаңдар...’1 деген аятқа сай, мойнымызда бір құрбандық міндеті қалды”»2.

Түсіндірме

1. «Мутғатул-хажж» тәмәттуғ қажылығын білдіреді. Кісі алдымен умраға ниет етіп, оны атқарған соң ихрамнан шығады. Қажылық уақыты келгенде қайтадан ихрамға кіреді. Қазақстаннан баратын қажылардың көбі осы түрін атқарады. Риуаятта Қоштасу қажылығындағы кей сахабалардың да осылай істегені айтылады.

2. «Құрбандық белгілеген» деген сөз шалатын малын әзірлеген кісіні білдіреді. Малдың құрбандыққа арналғанын жұрт білсін деп, оған белгі салады.

3. Сахабалар әуелі ифрадқа ниет етсе де, кейін Алла елшісінің (с.а.с.) әмірімен оны умраға ауыстырған. Мұндай өзгерту сол қажылықтағы сахабаларға тән болғаны және үкімнің кейін күші жойылғаны алдыңғы түсіндірмеде айтылды.

4. Ибн Аббас (р.а.) қажылықта шалынатын құрбанды шүкір құрбаны емес, қажылықтағы тәмәттуғта (пайдалануда) туындаған кемшіліктердің өтемі үшін шалынатын құрбан деп санаған. Сондықтан риуаятының соңында: «Қажылығымыз аяқталды, бірақ аятта бұйырылғандай, мойнымызда бір құрбан борышымыз қалған еді» деп айтқан.

  1. 1«Бақара» сүресі, 196-аят
  2. 2Бұхари, Хажж 37.
1294
Кутуб ситтә, № 1294 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Зәрр

وَعَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَتِ الْمُتْعَةُ فِي الْحَجِّ لِأَصْحَابِ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خَاصَّةً». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَاللَّفْظُ لَهُ، وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Қажылықтағы мутға Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларына ғана тән еді»1, – деген.

Түсіндірме

Ғалымдардың түсіндіруінше, бұл жердегі «мутға» қажылық ниетін умраға ауыстыруды білдіреді. Оған Қоштасу қажылығында сахабаларға бір рет рұқсат берілген. Кейінгі жылдары оған рұқсат етілмеген.

  1. 1Мүслим, Хажж 189, (1224); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 25, (1808); Нәсәи, Хажж 77, (5, 179.180); ибн Мәжа, Хажж 42, (2984).
1295
Кутуб ситтә, № 1295 · тараудағы реті: 7

وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ. «كَانَ أَبُو ذَرٍّ يَقُولُ فِيمَنْ حَجَّ ثُمَّ فَسَخَهَا عُمْرَةً لَمْ يَكُنْ ذَلِكَ إِلَّا لِلرَّكْبِ الَّذِينَ كَانُوا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خَاصَّةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіттің риуаятында Әбу Зәррдің (р.а.) қажылық ниетімен ихрамға кіріп, кейін оны умраға өзгерткендер жайында: «Бұл Алла елшісімен (с.а.с.) бірге қажылық жасағандарға ғана берілген рұқсат еді»1, – дегені айтылады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 25 (№ 1807). Ибн Мәжа, «Хаж», 42 (№ 2985).
1296
Кутуб ситтә, № 1296 · тараудағы реті: 8

وَعَنْ أَبِي جَمْرَةَ قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ الْمُتْعَةِ فَأَمَرَنِي بِهَا، وَسَأَلْتُهُ عَنِ الْهَدْى فَقَالَ: فِيهَا جَزُورٌ أَوْ بَقَرَةٌ أَوْ شَاةٌ أَوْ شِرْكٌ فِي دَمٍ. قَالَ: وَكَانَ نَاسٌ كَرِهُوهَا فَنِمْتُ فَرَأَيْتُ فِي الْمنَامِ قَائِلًا يَقُولُ: عُمْرَةٌ مُتَقَبِّلَةٌ وَحَجٌّ مَبْرُورٌ: فَأَتَيْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ فَأَخْبَرْتُهُ فَقَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ سُنَّةَ أَبِي الْقَاسِمِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Жәмра былай дейді: «Ибн Аббастан (р.а.) мутға жайында сұрадым. Ол маған соны атқаруды бұйырды. Шалынатын құрбан туралы сұрағанымда: “Түйе, сиыр не қой шалуға болады, немесе құрбандыққа үлес қосады”, – деді. Жұрттың кейбірі мутғаны құп көрмейтін. Ұйықтағанымда түсімде бір кісі: “Умраң қабыл, қажылығың мәбрур болсын”, – деді. Ибн Аббасқа барып, соны айтып бердім. Ол: “Алла ұлық! Бұл – Әбул-Қасымның (с.а.с.) сүннеті”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаятта «мутға» тәмәттуғ қажылығы деген мағынада. Кісі әуелі умра жасап, ихрамнан шығады. Біраз уақыт ихрамсыз жүріп, кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіреді.

2. Ибн Аббас (р.а.) түйе, сиыр, қой немесе ешкі шалуды, сондай-ақ ортақ құрбандыққа үлес қосуды атаған. Риуаятта малдың жынысына шек қойылмаған.

Ортақ құрбан шалу түйе немесе сиыр сынды малдарда рұқсат етілген. Әзірет Жәбирден жеткен бір риуаят бойынша түйе мен сиырды 7 адам ортақтасып құрбанға шалуына болады. Имам Шәфиғи және ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша ортақ болғандардың құрбандары нәпіл (парыз немесе уәжіп емес бірақ Аллаға ғибадат ниетімен Қағбаға сый ретінде аталған) немесе уәжіп болса да болады, етке де ортақтасуға болады. Әбу Ханифаның пікірі бойынша барлық ортақтар «құрбан» ниетімен сою керек, етке ортақ болу ниетімен жасалған құрбандық қабыл етілмейді. Имам Зуфар ортақ болғандардың бәрінің ниеті де ортақ болу керек деген шартты келтірген, яғни, бәрінің ниетіндегі құрбанның түрі де бір болу керек. Мәликилердің кейбірі уәжіп құрбан болса ортақ шалуға болады десе, кейбірі нәпіл құрбан болса ортақ шалуға болады деген. Бірақ Имам Мәлик, Зуфардың айтқаны сияқты «рұқсат етілмейді» деген.

Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады. Мұндай малды ортақтасып шалуға болмайтынына ғалымдар келіскен.

  1. 1Бұхари, Хажж 102; Мүслим, Хажж 204, (1242).
1297
Кутуб ситтә, № 1297 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: «مَنِ اعْتَمَرَ فِي أَشْهُرِ الْحَجِّ ثُمَّ أَقَامَ بِمَكَّةَ حَتَّى يُدْرِكَهُ الْحَجُّ فَهُوَ مُتَمَتِّعٌ أَنْ حَجَّ وَعَلَيْهِ مَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْىِ فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعَ إِلَى أَهلِهِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. وَقَالَ: وَذَلِكَ أَقَامَ حَتَّى أَتَى الْحجُّ ثُمَّ حَجَّ. وَلَهُ فِي أُخْرَى قَالَ: وَاللَّهِ لَأَنْ أَعْتَمِرَ قَبْلَ الْحجِّ وَأُهْدِيَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَعْتَمِرَ بَعْدَ الْحَجِّ فِي ذِي الْحِجَّةِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Кім қажылық айларында умра атқарып, қажылық уақыты келгенше Меккеде қалып, сол жылы қажылық жасаса, тәмәттуғ жасаған болып саналады. Шамасына қарай құрбан шалуы уәжіп. Құрбандық таба алмаса, қажылық кезінде үш күн, еліне оралған соң жеті күн, барлығы он күн ораза ұстайды».

Имам Мәлик: «Бұл үкім оның қажылық уақытына дейін сол жерде қалып, сол жылы қажылық атқаруына байланысты»1, – деген.

«Мууаттаның» басқа нұсқасында: «Аллаға ант етейін, қажылықтан бұрын умра жасап, соған орай құрбан шалуым қажылықтан кейін зұлхижжада умра жасауымнан артық», – делінген.

Түсіндірме

«Мууаттадағы» бұл соңғы сөйлем Абдулла ибн Омарға тиесілі. Оның пікірінше, құрбандық тәмәттуғ үшін шалынады. Демек, бір жылдың қажылық айларында әуелі умра, одан кейін қажылық жасаған кісіге құрбан шалу уәжіп. Қажылықтан кейін жасалған умра үшін құрбан шалынбайды.

  1. 1Муатта, Хажж 62, (1, 344).
1298
Кутуб ситтә, № 1298 · тараудағы реті: 10

وَعَنْ عبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ حَرْمَلَةَ الْأَسْلَمِي. «أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ سَعِيدَ بْنَ الْمسَيِّبِ قَالَ: أَعْتَمِرُ قَبْلَ أَنْ أَحُجّ؟ قَالَ: نَعَمْ: قَدِ اعْتَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَبْلَ أَنْ يَحُجَّ».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Хармәлә әл-Әсләми былай дейді: «Бір кісі Сағид ибн әл-Мусәйябтен: “Қажылықтан бұрын умра жасасам бола ма?” – деп сұрады. Ол: “Иә. Алла елшісі (с.а.с.) қажылықтан бұрын умра жасаған”, – деп жауап берді»1.

  1. 1Муатта, Хажж 57, (1, 343).
1299
Кутуб ситтә, № 1299 · тараудағы реті: 11

وَعَنِ ابْنِ الْمسَيِّبِ «أَنَّ عُمَر بْنَ أَبِي سَلَمَةَ: اسْتَأْذَنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنْ يَعْتَمِرَ فِي شَوَّالٍ فَأَذِنَ لَهُ فَاعْتَمَرَ ثُمَّ قَفَلَ إِلَى أَهْلِهِ وَلَمْ يَحُجَّ».

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусәйяб былай дейді: «Омар ибн Әбу Сәләма Омардан (р.а.) шәууәл айында умра жасауға рұқсат сұрады. Ол рұқсат етті. Ибн Әбу Сәләма умрасын атқарып, отбасына оралды. Қажылық жасаған жоқ»1.

  1. 1Муатта, Хажж 58, (1, 343).
1300
Кутуб ситтә, № 1300 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «الصِّيَامُ لِمَنْ تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَي الْحَجِّ لِمَنْ لَمْ يَجِدْ هَدْيًا مَا بَيْنَ أَنْ يُهِلَّ بِالْحَجِّ إِلَى يَوْمِ عَرَفَةَ فَإِنْ لَمْ يَصُمْ صَامَ أَيَّامَ مِنىً. وَكَانَ ابْن عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ ذَلِكَ». أَخَرَجَ هَذِهِ الْأَحَادِيثَ الثَلَاثَةُ وَمَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Умра жасап, қажылыққа дейін тәмәттуғта болған кісі қажылыққа ихрамға кіргеннен Арафа күніне дейін құрбандық таба алмаса, ораза ұстайды. Оразасын сол кезде ұстай алмаса, Мина күндерінде ұстайды». Ибн Омар (р.а.) да осылай үкім берген1.

Түсіндірме

Риуаят қажылық үшін ихрамға кірмейінше тәмәттуғ құрбаны уәжіп болмайтынын білдіреді. Ихрамға кірген соң құрбандық малын Арафа күніне дейін таба алмаса, қажы ораза ұстай алады. Бұрын ұстамаған жағдайда алғашқы үш күнін Құрбан айттың бірінші күнінен кейінгі Мина күндерінде, қалған жеті күнін еліне қайтқан соң ұстайды.

Риуаяттан Айшаның Құрбан айттың бірінші күніне дейін ораза ұстауды абзал көргені аңғарылады. Оның түсіндіруінше, осы күнге дейін ораза ұсталмаса, қажы оны кейінгі Мина күндерінде өтей алады. Мина күндеріндегі рұқсат осы міндетін ертерек өтей алмаған кісіге қатысты. Айша мұны аяттағы ﴿فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ﴾ «Ал кім шалатын құрбандық таба алмаса, үш күн қажылықта... ораза ұстасын» деген сөздермен түсіндірген2.

Шәфиғилердің кейбірі кейін ұсталған оразаны қаза санаған. Зурқанидің жеткізуінше, мәзһаб ғалымдары оны ертерек ұстауды абзал көргенімен, кейін ұстаған адамды да оразасын уақытында өтеген деп есептеген.

  1. 1Муатта, Хажж 255, (1, 426).
  2. 2«Бақара» сүресі, 196-аят
1301
Кутуб ситтә, № 1301 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابُهُ بِالْحَجِّ وَلَيْسَ مَعَ أَحَدٍ مِنْهُمْ هَدْىٌ سِوَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَطَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَدِمَ عَلَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِنَ الْيَمَنِ وَمَعَهُ هَدْىٌ. فَقَالَ: أَهْلَلْتَ بِمَا أَهَلَّ بِهِ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؛ فَأَمَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَصْحَابَهُ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً وَيَطُوفُوا وَيُقَصِّرُوا وَيُحِلُّو إِلَّا مَنْ كَانَ مَعَهُ هَدْىٌ. فَقَالُوا: أَنَنْطَلِقُ إِلَى مِنىً، وَذَكَرُ أَحَدِنَا يَقْطُرُ؟ فَبَلَغَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: لَوِ اسْتَقْبَلْتُ مِنْ إِمرِي مَا اسْتَدْبَرْتُ مَا أَهدَيْتُ. وَلَوْلَاأَنَّ مَعِي الْهَدْىَ لِأَحْلَلْتُ، وَحَاضَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَنَسَكَتِ الْمَنَاسِكَ كُلَّهَا غَيْرَ أَنْ لَمْ تَطُفْ بِالْبَيْتِ. فَلَمَّا طَهُرَتْ طَافَتْ. وَقَالَتْ يَا رَسُولَ اللَّهِ: تَنْطَلِقُونَ بِحَجَّةٍ وَعُمْرَةٍ وَأَنْطَلِقُ بِحَجَّةٍ؟ فَأَمَرَ عَبْدَالرَّحْمَنِ بْنَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنْ يَخْرُجَ مَعَهَا إِلَى التَّنْعِيمِ فَاعْتَمَرَتْ بَعْدَ الْحَجِّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّاالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары қажылыққа ихрамға кіргенде, Алла елшісі мен Талхадан өзге ешкім құрбандық малын ала келмеген еді. Әли Йеменнен құрбандық малымен келді де: “Алла елшісі (с.а.с.) неге ниет етсе, мен де соған ниет етіп, ихрамға кірдім”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) құрбандық малы жоқтарға қажылық ниетін умраға өзгертіп, тауап жасауды, шашын қысқартып, ихрамнан шығуды бұйырды. Кейбірі: “Сонда Минаға жүніп күйде барамыз ба?” – деді. Бұл сөз Алла елшісіне (с.а.с.) жеткенде: “Алдағысын бұрын білгенімде, құрбандық малын алып келмес едім. Құрбандық малым болмағанда, мен де ихрамнан шығар едім”, – деді.1 Сол кезде Айша (р.а.) хайыз болып, Бәйтулланы тауап етуден басқа қажылық рәсімдерін атқарды. Тазарған соң тауап етіп: “Уа, Алла елшісі, сендер умра мен қажылықты бірге атқарып қайтасыңдар. Мен қажылықты ғана атқарып қайтамын”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) Айшаның бауыры Абдуррахман ибн Әбу Бәкірге оны Тәнғимге апаруды тапсырды. Айша қажылықтан кейін умра жасады»2.

  1. 1Сахабалардың қарсылығы мына себептен туындаған: Олар Меккеге Зулхижжаның төртінші күні келген еді. Ниеттері қажылық жасау болатын, әзірет Пайғамбар ихрамнан, яғни, ихрам тыйымдарынан (мысалы, әйелдерімен жыныстық қатынас тыйымынан) шығуды әмір еткен еді. Бірақ сегізінші Зулхижжада қайтадан ихрамға кірулері керек болды. Сондықтан олар, мұндай қысқа уақыт ішінде ихрамнан шығуға, құлшылыққа берілген көңіл-күйді бөлуге тати ма?» деп ойлады да, іштей құптамаған ойларын: «Жүніп күйімізде...» деген сөздерімен жеткізген.
  2. 2Осы және осыдан кейін келген риуаяттар Расулалланың (с.а.с.) Қоштасу қажылығына қатысты болғандықтан, хадис кітаптарының көбінде бір тармақта, бір риуаяттың әртүрлі нұсқалары ретінде бірінен кейін бірі орын алады. Сондықтан дереккөздерін ең соңында толық береміз. Тек қана Бұхариде бірінен кейін бірі берілмеуі мүмкін.
1302
Кутуб ситтә, № 1302 · тараудағы реті: 14

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ: «قَالَ لَهُمْ: أَحِلُّوا مِنْ إِحْرَامِكُمْ وَاجْعَلُوا الَّتِي قَدِمْتُمْ بِهَا مُتْعَةً. فَقَالُوا: كَيْفَ نَجْعَلُهَا مُتْعَةً وَقَدْ سَمَّيْنَا الْحَجَّ؟ فَقَالَ: اِفْعَلُوا مَا أَقُولُ لَكُمْ فَلَوْلَا أَنِّي سُقْتُ الْهَدْىَ لَفَعَلْتُ مِثْلَ الَّذِي أَمَرْتُكُمْ وَلِكِنْ لَا يَحِلُّ مِنِّي حَرَامٌ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْىُ مَحِلَّهُ فَفَعَلُوا».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің бір риуаятында Алла елшісінің (с.а.с.) сахабаларына: «Ихрамнан шығыңдар, бастапқы ниеттеріңді умраға ауыстырыңдар», – дегені айтылады. Олар: «Қажылық деп ниет етіп қойдық, енді оны қалай умраға ауыстырамыз?» – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): «Бұйырғанымды орындаңдар. Құрбандық малын ала келмегенімде, өзім де сендерге бұйырғанды істер едім. Құрбандық малым шалынатын жеріне жеткенше, ихрам тыйымдарынан шыға алмаймын», – деді. Сахабалар оның әмірін орындап, ихрамнан шықты.

1303
Кутуб ситтә, № 1303 · тараудағы реті: 15

وَفِي أُخْرَى: «قَدِمْنَا مَكَّةَ لِأَرْبَعٍ خَلوْنَ مِنْ ذِي الْحِجَّةِ».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің басқа нұсқасында: «Біз Меккеге зұлхижжа айының төртінші күні келдік», – делінген.

1304
Кутуб ситтә, № 1304 · тараудағы реті: 16

وَفِي رِوَايَةٍ: «أُمِرْنَا أَنْ نُحِلَّ وَنَجْعَلَهَا عُمْرَةً فَكَبُرَ ذَلِكَ عَلَيْنَا وَضَاقَتْ بِهِ صُدُورُنَا فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فَمَا نَدْرِي أَشَيْءٌ بَلَغَهُ مِنَ السَّمَاءِ أَمْ شَيْءٌ مِنْ قِبَلِ النَّاسِ؟ فَقَالَ يَا أَيُّهَا النَّاسُ أَحِلُّوا، فَلَوْلَا الْهَدْىُ الَّذِي مَعِي فَعَلْتُ كَمَا فَعَلْتُمْ فَأَحْلَلْنَا حَتَّى وَطِئْنَا النِّسَاءَ وَفَعَلْنَا مَا يَفْعَلُ الْحِلُّ، حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ وَجَعَلْنَا مَكَّةَ بِظَهْرٍ أَهْلَلْنَا بِالْحَجِّ»

Қазақша аудармасы

Мүслимнің бір риуаятында: «Бізге ихрамнан шығып, қажылық ниетін умраға өзгерту бұйырылды. Мұны ауыр қабылдап, көңілімізге сыйғыза алмадық. Бұл Алла елшісіне (с.а.с.) мәлім болды. Оған көктен хабар келді ме, әлде біреу айтты ма, білмедік. Ол бізге: “Уа, адамдар, ихрамнан шығыңдар. Құрбандық малым болмағанда, мен де сендер секілді істер едім”, – деді. Сөйтіп, ихрамнан шықтық. Жұбайларымызға жақындастық, ихрамсыз адамға рұқсат етілген істерді істедік. Тәруия күніне дейін осылай жүрдік. Сол күні Меккеден шығып, қажылыққа ниет етіп, қайта ихрамға кірдік», – делінген.

1305
Кутуб ситтә, № 1305 · тараудағы реті: 17

وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ: «أَقْبَلْنَا مُهِلِّينَ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِحَجٍّ مُفْرَدٍ وَأَهَلَّتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِعُمْرَةٍ حَتَّى إِذَا كُنَّا بِسَرِفَ عَرَكَتْ حَتَّى إِذَا قَدِمْنَا طُفْنَا بِالْكَعْبَةِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَأُمِرْنَا أَنْ يُحِلَّ مِنَّا مَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْىٌ. قُلْنَا حِلٌّ مَاذَا؟ قَالَ: الْحِلُّ كُلُّهُ. فَوَاقَعْنَا النِّسَاءَ وَتَطَيّبْنَا بِالطِّيبِ وَلَبِسْنَا الثِّيَابَ وَلَيْسَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ عَرَفَةَ إِلَّا أَرْبَعُ لَيَالٍ. ثُمَّ أَهْلَلْنَا يَوْمَ التَّرْوِيَةِ، ثُمَّ دَخَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى عَائِشَة رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا وَهِيَ تَبْكِي. فَقَالَ: مَا شَأْنُكِ؟ قَالَتْ: حِضْتُ، وَقَدْ حَلَّ النَّاسُ وَلَمْ أُحِلَّ وَلَمْ أَطُفْ، وَالنَّاسُ يَذْهَبُونَ الآنَ إِلَى الْحجِّ. فَقَالَ: إِنَّ هَذَا شَيْءٌ كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَى بَنَاتِ آدَمَ فَاغْتِسِلِي ثُمَّ أَهِلِّي بِالْحَجِّ فَفَعَلَتْ وَوَقَفَتِ الْمواقِفَ كُلَّهَا حَتَّى إِذَا طَهُرَتْ طَافَتْ. فَقَالَ: قَدْ حَلَلْتِ مِنْ حَجِّكِ وَعُمْرَتِكِ جِمِيعَهَا. فَقَالَتْ: إِنِّي أَجِدُ فِي نَفْسِي أَنّى لَمْ أَطُفْ بِالْبَيْتِ حِينَ حَجَجْتُ. قَالَ: فَاذْهَبْ بِهَا يَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ فَأَعْمِرْهَا مِنَ التَّنْعِيمِ، وَذَلِكَ لَيْلَةَ الْحصْبَةِ، وَكَانَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا سَهْلًا إِذَا هَوِيَتْ شَيْئًا تَابَعَهَا عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Мүслимнің басқа нұсқасында былай делінген: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге ифрад қажылығына ниет етіп шықтық. Айша (р.а.) умраға ниет еткен еді. Сәрәфқа жеткенде ол хайыз болды. Меккеге келгенде Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасадық. Құрбандық малы жоқтарға ихрамнан шығу бұйырылды. “Бізге қандай істерге рұқсат?” – деп сұрағанымызда, Алла елшісі (с.а.с.): “Бәріне”, – деді. Жұбайларымызға жақындастық, хош иіс жағып, әдеттегі киімімізді кидік. Арафа күніне төрт түн қалған еді. Тәруия күні қайтадан ихрамға кірдік. Алла елшісі (с.а.с.) Айшаның жылап отырғанын көріп: “Не болды?” – деп сұрады. Ол: “Хайыз болдым. Жұрт ихрамнан шықты, мен шыға алмадым. Тауап та жасамадым. Енді жұрт қажылыққа шығады”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл – Алланың Адам қыздарына жазғаны. Жуынып, қажылыққа ихрамға кір”, –1 деді. Айша қажылықтың барлық уақфасына қатысты. Тазарған соң Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасады. Алла елшісі (с.а.с.): “Енді қажылығыңның да, умраңның да ихрамынан шықтың”, – деді. Айша: “Бәйтулланы әуелде тауап етпей келгенім көңілімде қалып қойды”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) Абдуррахманға: “Айшаны Тәнғимге апар, сол жерден умраға ниет етсін”, – деді. Бұл Хасба түнінде болды.2 Алла елшісі (с.а.с.) мінезі жұмсақ еді. Айша бір нәрсе қаласа, тілегін орындауға тырысатын».

  1. 1Бұл жердегі жуыну хайыздан тазарғаннан кейінгі қажетті жуыну емес, ихрамға кірген кезде жасалатын сүннет жуыну.
  2. 2Кейбір риуаяттарда “Батха түні” деп те айтылады. Бірақ екеуі де бір нәрсені білдіреді. Ләйләтул-хасбә, яғни, Хасбә түні тәшриқ түндерінен кейін қажылардың тастақты жерден түскен түні. Тастақты жер – Мина. Демек, әзірет Айша Минадағы түндерінің бірінде тазарған болуы керек.
1306
Кутуб ситтә, № 1306 · тараудағы реті: 18

وَفِي رِوَايَةٍ لَهُ: «وَأُمِرْنَا أَنْ نَشْتَرِكَ فِي الْإِبِلِ وَالبَقَرِ كُلُّ سَبْعَةٍ مِنَّا فِي بدَنَةٍ»

Қазақша аудармасы

Мүслимнің тағы бір нұсқасында: «Бізге түйе мен сиырды ортақтасып шалу бұйырылды. Әр жеті кісі бір малға ортақтасты», – делінген.

1307
Кутуб ситтә, № 1307 · тараудағы реті: 19

وَفِي رِوَايَةٍ لَهُ: «لَمْ يَطُفِ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَالصَّحَابَةُ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ إِلَّا طَوَافًا وَاحِدًا طَوَافَهُ الْأَوَّلَ».

Қазақша аудармасы

Мүслимнің бір риуаятында: «Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары Сафа мен Мәруа арасында алғашқы сағидан басқа сағи жасаған жоқ», – делінген.

1308
Кутуб ситтә, № 1308 · тараудағы реті: 20

وَعَنْ أَبِي دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. «فَقَالَ سُرَاقَةُ بْنُ مَالِكٍ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَرَأْيْتَ مُتْعَتُنَا هَذِهِ لِعَامِنَا أَمْ لِلْأَبَدِ؟ فَقَالَ: بَلْ هِيَ لِلْأَبَدِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіт пен Нәсәи жеткізген нұсқада Сурақа ибн Мәлик (р.а.): «Уа, Алла елшісі, бұл тәмәттуғ осы жылға ғана тән бе, әлде әрдайым рұқсат па?» – деп сұрайды. Алла елшісі (с.а.с.): «Әрдайым рұқсат», – деп жауап береді1.

Келтірілген дереккөздер № 1301–1308 аралығындағы сегіз риуаятқа қатысты.

Түсіндірме

1. Бұл риуаяттардың бәрі Алла елшісінің (с.а.с.) Қоштасу қажылығы туралы. Бір бөлігі ұзақ хадистің үзінділері. Қоштасу қажылығы һижраның оныншы жылы, Алла елшісі (с.а.с.) дүние салудан аз уақыт бұрын өтті. Бұл оның һижрадан кейін атқарған алғашқы әрі соңғы қажылығы еді.

2. Риуаяттардағы айырмашылық ғалымдардың әртүрлі пікір айтуына себеп болған. Қажылықтың һижрадан кейін парыз етілгеніне ғалымдар келіскен. Ал қай жылы парыз етілгеніне қатысты пікірлері әртүрлі. Бірі һижраның екінші, бірі оныншы жылы десе, енді бірі осы екеуінің арасындағы жылдарды атайды. Һижрадан бұрын парыз етілді деген хабар «шәз» саналған.

3. Қоштасу қажылығына көп адам қатысты. Сол жолы Алла елшісі (с.а.с.) Исламның негізгі шарттарының бірі қалай орындалатынын сахабаларына іс жүзінде көрсетті. Жаһилия дәуірінде де қажылық жасалған, бірақ оның рәсімі мен әдебін Исламға сай қалыптастыру маңызды еді. Қоштасу қажылығы осынысымен ерекшеленді. Сахабалардың оның егжей-тегжейін молынан жеткізгені де осыған байланысты болуы мүмкін.

Риуаяттардағы негізгі оқиғалар мынадай.

1) Қажылар Зулхуләйфада қажылыққа ниет етіп, ихрамға кірді.

2) Меккеге зұлхижжаның төртінші күні келді.

3) Меккеге жеткенде Алла елшісі (с.а.с.) құрбандық малы жоқтарға қажылық ниетін умраға өзгертуді, Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасауды, шашын қысқартып, ихрамнан шығуды бұйырды.

4) Бірақ қажылық үшін ниет етіп ихрамға кірген сахабалар бұл әмірге таңырқап, әмірді орындағысы келмей, бірден қабылдай алмайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құрбандық әкелмегенімде, мен де ихрамнан шығар едім. Бірақ құрбан, шалынатын орынға (Минаға) бармайынша менің ихрамнан шығуым адал болмайды», – дейді. Өйткені Құранда келген аяттың үкімі осылай еді. Ақыры Расулалланың талабы бойынша сахабалар ихрамнан шығады. Ихрамды адамға харам, ихрамсыз адамға мубах саналатын әрекеттерді жасайды. Мәселен, әдеттегі тігісі бар киімімдерін кию, хош иіс жағу, жұбайларымен бірге болу т.б.

Міне, тәмәттуғ қажылық немесе мутға деген осы. Олай болса, тәмәттуғ қажылығы умра жасағаннан кейін ихрамнан шығып, белгілі уақыт әдеттегідей тіршілік жасап, кейін қажылық уақыты келгенде қайтадан қажылық жасау үшін ихрамға кіріп рәсімдерін атқару.

5) Сахабалардың қарсылығы үш себептен туындаған:

а) Әу баста қажылыққа ниет еткендерге оны умраға ауыстыру тосын көрінді.

ә) Жаһилия дәуірінде қажылық айларында умра жасау үлкен күнә саналған. Бұл келесі риуаятта айтылады.

б) Қажылар Меккеге зұлхижжаның төртінші күні келген еді. Сегізінші күні қайта ихрамға кіру керек болды. Олар осы үш-төрт күнге бола ихрамнан шығып, ғибадатқа ден қойған көңілді бөлудің қажеті бар ма деп ойлады.

6. «Қажылық үшін жасалған ниетті әр адам кез келген уақытта умраға өзгертуіне рұқсат па?» деген мәселеге ғалымдардың көбі «Жоқ!» деп жауап берген. Бұл әрекет тек сахабаларға ғана тән, олардан кейін келген мұсылмандарға үкімі жарамайды.

7. Риуаятта әзірет Айшаның (р.а.) умра тауабын жасаудан бұрын хайыз болғаны айтылған. Сол себеп арқылы Расулалла жалпы әйелдерге қатысты маңызды бір мәселенің үкімін қойған. Хайыз болған әйел тауаптан басқа қажылықтың барлық рәсімдерін орындай алады. Тазарғаннан кейін тауап жасап, егер көңілі қаласа умра да жасау арқылы қажылығын толық орындайды. Әзірет Айша умра жасау үшін бауырымен Тәнғимге барып қайтадан ихрамға кірген.

Қоштасу қажылығы туралы өзге де хабарлар бар. Мұнда осы сегіз риуаят қамтыған негізгі оқиғалар берілді.

  1. 1Бұхари, Хажж 81, 32, 34, 35, Умра 6, 15, Мағази 61, Тәманни, 3, 27; Мүслим, Хажж 1213–1216 арасындағы риуаяттар); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 23, (1785–1789 арасындағы риуаяттар); Нәсәи, Хажж 77, (5, 178.179).
1309
Кутуб ситтә, № 1309 · тараудағы реті: 21

وَلِلْخَمْسَةِ إِلَّاالتِّرْمِذِيُّ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانُوا يَرَوْنَ الْعُمْرَةَ فِي أَشْهُرِ الْحَجِّ مِنْ أَفْجَرِ الْفجُورِ فِي الْأَرْضِ، وَكَانُوا يُسَمُّونَ الْمحرَّمُ صَفَرَ، وَيَقُولُونَ: إِذَا بَرَأَ الدَّبَرُ وَعَفَا الْأَثَرُ وَانْسَلَخُ صَفَرُ حَلَّتِ الْعُمْرَةُ لَمِنَ اعْتَمَرَ، قَالَ: فَقَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابُهُ صَبِيحَةَ رَابِعَةٍ مُهِلِّينَ بِالْحجِّ. فَأَمَرَهُمُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً فَتَعَاظَمَ ذَلِكَ عِنْدَهُمْ. فَقَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَيُّ الْحِلِّ؟ قَالَ: الْحِلُّ كُلُّهُ». وعِنْدَالنَّسَائِي: عَفَا الْوَبَرُ بَدَلَ الْأَثَرِ. وَزَادَ بَعْدَ قَولِهِ: وَانْسَلَخَ صَفَرُ، أَوْ قَالَ: وَدَخَلَ صَفَرُ.

Қазақша аудармасы

Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт және Нәсәи жеткізген риуаятта Ибн Аббас былай дейді: «Жаһилия арабтары қажылық айларында умра жасауды жер бетіндегі ең ауыр күнәлардың бірі санайтын. Олар мұхаррамды сафар деп атап: “Жара жазылып, із өшіп, сафар өткенде, умра жасағысы келген адамға умра адал болады”, – дейтін. Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары қажылыққа ниет етіп, зұлхижжаның төртінші күні таңертең Меккеге келді. Алла елшісі оларға қажылық ниеттерін умраға өзгертуді бұйырды. Бұл сахабаларға ауыр тиді. Олар:

“Уа, Алла елшісі, ихрам тыйымдарының қайсысынан шығамыз?” – деп сұрады.

“Бәрінен де”, – деп жауап берді».

Нәсәи нұсқасында «әсәр» («із») орнына «уәбәр» («жүн») сөзі келген. Ол «жүні қайта өскенде» дегенді білдіреді. Сонымен бірге, «сафар шыққанда» дегеннен кейін «сафар кіргенде» деген сөз қосылған1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят жаһилия дәуіріндегі ұғымды баяндайды. Ол кезде қажылық айларында умраға тыйым салынатын. Алла елшісінің (с.а.с.) қажылық ниетін умраға өзгертуді табанды түрде бұйыруы осы ұғымды жоюға бағытталған.

وَاللَّهِ مَا أَعْمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَائِشَةَ فِي ذِي الْحِجَّةِ إِلَّا لِيَقْطَعَ بِذَلِكَ أَمْرَ أَهلِ الشِّرْكِ فَإِنَّ هَذَا الْحَيَّ مِنْ قُرَيْشِ وَمَنْ دَانَ دِينَهُمْ كَانُوا يَقُولُونَ فَذَكَرَ نَحْوَهُ

«Аллаға ант етемін, Алла елшісі (с.а.с.) Айшаға (р.а.) зұлхижжада жаһилия салтын жою үшін умра жасатты. Құрайыштар мен солардың жолын ұстанғандар қажылық айларында умра жасауды жер бетіндегі ең ауыр күнәлардың бірі санайтын. Құрайыштардың: “Түйенің жүні қайта өсіп, арқасының жарасы жазылып, сафар кіргенде, умра жасағысы келген кісіге умра адал болады”, – дейтін салты бар еді».

2. Ибн Аббас мұхаррамды сафар деп атауды жаһилия дәуіріндегі «нәсий» әдетімен байланыстырған. Олар қажылық айларын сауда маусымына сәйкестендіріп, мұхаррамды қасиетті айлар қатарынан шығаратын. Сөйтіп, оның тыйымын сафарға шегеретін. Мақсаттары қатар келген үш қасиетті айды екіге азайтып, үшіншісін бір ай кейінге қалдыру еді. Өйткені үш ай бойы шабуыл мен тонаудан тыйылу оларға ауыр тиді. Алла олардың осы әрекеті жайында былай дейді: ﴿إِنَّمَا النَّسِيءُ زِيَادَةٌ فِي الْكُفْرِ يُضَلُّ بِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا يُحِلُّونَهُ عَامًا وَيُحَرِّمُونَهُ عَامًا لِيُوَاطِئُوا عِدَّةَ مَا حَرَّمَ اللَّهُ فَيُحِلُّوا مَا حَرَّمَ اللَّهُ زُيِّنَ لَهُمْ سُوءُ أَعْمَالِهِمْ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ﴾ «“Нәсий” әдеті – күпірлікте шектен шығу. Күпірлік қылғандар солай істеу арқылы адасқан үстіне адасуда. Сөйтіп, олар Алланың қасиетті айларының санын толтырып, Алланың харам қылғанын өздеріне адал етіп алу үшін қасиетті айлардың бірін бір жылы жай айға жатқызса, келесі жылы қайтадан қасиетті айға жатқызады. Олардың мұндай қылықтары “безендіріліп” көрсетілді. Алла кәпір қауымды тура жолға салмайды.»2

Жаһилдер кейбір кездерде Рамазан айын жылдың ең қолайлы айына белгілеу мәселесін көтерген. Бұл Құран кәрімнің күпірлікте шектен шығу, күпірліктерінің артуы деп баяндаған нәсийден (күнтізбені бұзу) басқа ештеме емес еді. Діни күнтізбенің өзгертілуін ешбір мүмін талап етпейді.

3. «Бараа» – жазылу деген сөз. Мұнда сапар кезінде түйенің арқасында пайда болған жараның жазылуы айтылған.

«Әсәр» – із. Бұл жерде қажылықтан қайтқан түйелер мен басқа мініс малдарының ізі өшетін уақыт меңзеледі.

Әбу Дәуіттің нұсқасында عَفَا الْوَبَرُ тіркесі келген. Бұл қажылық сапарында қажалған жерге жүннің қайта шығуын білдіреді.

Умраны Сафар айына өзгертулерінің себебі мынау: Сафар айы харам айлардың қатарына жатпайтын. Олар Мухаррамның атын өзгерту арқылы оны да харам болмаған айларға жатқызды. Сонымен Мухаррамды Сафар айы қылып белгілеген соң, бұл айларда көбінде үйлерінде (өз елдерінде) тұрмайтын еді. Түйелердің жарасы Сафар айы шыққанда әрең жазылатын. Оны өзгерту арқылы қажылық айларына қосты. Сөйтіп, негізі Сафар айы болған Мухаррамды умра айларының басталуы қылды. Осылайша умра олардың есебі бойынша қажылық айларының сыртында қалды.

Сафар айы деп аталуының себебі мынау: Сафар сөздікте «бос» деген мағынаны білдіреді. Арабтар бұл айда бір-бірлеріне шабуылдап дүние-мүліктерін талан-тараж жасап әкететін һәм үйлерінде ешбір зат қалдырмай бос қалдыратын. Сондықтан бұл айды «Сафар» деп атаған.

وَمَعْنَى «بَرَأَ الدَّبَرُ» أَىْ انْدَمَلَ الْعَقْرُ الَّذِى يَكُونُ فِي ظَهْرِ البَعِيرِ وَشَفَى.

وَمَعْنَى «عَفَا الْأَثَرُ» أَىْ انْدَرَسَ لِعَدَمِ الذَّهَابِ وَالمُجِئِ فِي الطُّرُقِ.

  1. 1Бұхари, «Хаж», 34 (№ 1564), «Мәнақибул-ансар», 26. Мүслим, «Хаж», 198 (№ 1240–1241). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 23, 80 (№ 1792, 1987). Нәсәи, «Хаж», 77, 108 (5/180–181, 201–202).
  2. 2«Тәубе» сүресі, 37-аят
1310
Кутуб ситтә, № 1310 · тараудағы реті: 22

وَعِنْدَ مُسْلِمٍ وَالتِّرْمِذِيِّ: «قَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: دَخَلَتِ الْعُمْرَةُ فِي الْحَجِّ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ: أَىْ دَخَلَ عَمَلُهَا فِي عَمَلِ الْحَجِّ لِلْقَارِنِ».

Қазақша аудармасы

Мүслим мен Тирмизи жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.а.с.): «Умра қиямет күніне дейін қажылықпен ұштасты», – деген. Жинақтағы түсіндірмеде бұл қиран атқарған кісінің умра амалдары қажылық амалдарымен ұштасатынын білдіретіні айтылған1.

Түсіндірме

Алдыңғы риуаятта жаһилия арабтарының қажылық айларында умра жасауды ауыр күнә санағаны айтылды. Алла елшісі (с.а.с.) осы ұғымды жойып, умраның қияметке дейін қажылықпен ұштасатынын білдірді. Бұл сөз екі түрлі мағынада түсіндіріледі.

а) Қиран қажылығында умра мен қажылықты бірге атқаруға болады.

б) Қажылық айларында умра жасауға болатынын білдіреді. Хадис түсіндірмесін жасаушылар Расулалланың (с.а.с.) өмірінде қажылық айларында төрт рет умра жасағанын, оның үшеуін Зул-қағда айында, қалған біреуін Қоштасу қажылығы кезінде жасағанын айтқан.

  1. 1Мүслим, Хажж 203, (1241); Тирмизи, Хажж 89, (932).
1311
Кутуб ситтә, № 1311 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي أَشْهُرِالْحَجِّ وَحُرُمِ الْحجِّ وَلَيَالِي الْحَجِّ فَنَزَلَْنَا بِسَرِفَ. فَقَالَ: مَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْىٌ فَأَحَبَّ أَنْ يَجْعَلَهَا عُمْرَةً فَلْيَفْعَلْ؛ وَمَنْ كَانَ مَعَهُ الْهَدْىُ فَلَا. قَالَتْ: فَالآخِذُ بِهَا وَالتَّارِكُ لَهَا مِنْ أَصْحَابِهِ. فَأَمَّا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَرِجَالٌ مِنْ أَصْحَابِهِ فَكَانُوا أَهْلَ قُوَّةٍ وَكَانَ مَعَهُمْ الْهَدْىُ فَلَمْ يَقْدِرُوا عَلَى الْعُمْرَةِ. قَالَتْ: فَدَخَلَ عَلَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَنَا أَبْكِي. فَقَالَ: مَا يُبْكِيكِ يَا هَنَتَاهُ؟ فَقُلْتُ: سَمِعْتُ قَوْلَكَ لِأَصْحَابِكَ فَمُنِعْتُ الْعُمْرةَ. فَقَالَ وَمَا شَأْنُكِ؟ قُلْتُ لَا أُصَلِّي. قَالَ: لَا يَضُرُّكِ، إِنَّمَا أَنْتِ إِمْرَأَةٌ مِنْ بَنَاتِ آدَمَ كَتَبَ اللَّهُ عَلَيْكِ مَا كَتَبَ عَلَيْهِنَّ فَكُونِي فِي حَجِّكِ فَعَسَى اللَّهُ تَعَالَى أَنْ يَرْزُقُكِيهَا». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّاالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) қажылық айларында1, қажылық түндерінде жолға шығып, Сәрәфқа аялдадық. Алла елшісі (с.а.с.): “Құрбандық малы жоқтардан кім умра жасағысы келсе, қажылық ниетін умраға өзгертсін. Құрбандық малын ала келгендер өзгертпесін”, – деді. Сахабалардың кейбірі умраға ниет етті, кейбірі бұрынғы ниетінде қалды. Алла елшісі (с.а.с.) мен кей сахабалар құрбандық малын ала келген еді. Алла елшісі (с.а.с.) қасыма кіріп, жылап отырғанымды көрді.

– Неге жылап отырсың? – деп сұрады.

– Сахабаларыңызға айтқаныңызды естідім. Бірақ мен умра жасай алмаймын, – дедім.

– Не болды? – деп сұрады.

– Хайыз болып, намаз оқи алмай қалдым, – дедім.

– Мұның саған зияны жоқ. Сен Адамның (а.с.) қыздарының бірісің. Алла оларға жазғанды саған да жазды. Қажылығыңды жалғастыра бер. Алла қаласа, умраны да нәсіп етеді, – деді».

Бұл нұсқалардың дереккөздері № 1315 хадистен кейін бірге берілген.

  1. 1Риуаяттағы حُرُمُ الْحَجِّ тіркесі қажылықтың уақытын, орындарын, тыйымдарын не ихрамдағы күйді білдіруі мүмкін. Бұл жерде ихрамдағы күй меңзеледі.
1312
Кутуб ситтә, № 1312 · тараудағы реті: 24

وَفِي أُخْرَى «فَلَمْ أَزَلْ حَائِضًا حَتَّى كَانَ يَوْمُ عَرَفَةَ وَلَمْ أَهْلِلْ إِلَّا بِعُمْرَةٍ طَهُرْتُ؛ فَأَمَرَنِي أَنْ أَنْقُضَ رَأْسِي وَأَمْتَشِطَ، وَأُهِلَّ بِالْحَجِّ وَأَتْرُكَ الْعُمْرَةَ، فَفَعَلْتُ حَتَّى قَضَيْتُ حَجِّي».

Қазақша аудармасы

Басқа нұсқада Айша (р.а.) былай дейді: «Хайызым Арафа күніне дейін жалғасып, сол күні тазардым. Бастапқыда умраға ғана ниет еткен едім. Алла елшісі (с.а.с.) шашымды тарқатып тарауды, умраны қоя тұрып, қажылыққа ихрамға кіруді бұйырды. Айтқанын істеп, қажылығымды аяқтадым».

1313
Кутуб ситтә, № 1313 · тараудағы реті: 25

وَفِي رِوَايَةٍ قَالَتْ: «فَخَرَجْنَا مَعَهُ حَتَّى قَدِمْنَا مِنَى يَوْمَ النَّحْرِ وَطَهُرْتُ ثُمَّ خَرَجْتُ مِنْ مِنَى فَأَفَضْتُ بِالْبَيْتِ، ثُمَّ خَرَجْتُ مَعَهُ فِي النَّفْرِ الآخِرِ حَتَّى نَزَلَ الْمحَصَّبَ فَدَعَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ فَقَالَ اُخْرُجْ بِأُخْتِكَ مِنَ الْحَرَمِ فَلْتُهِلَّ بِعُمْرَةٍ ثُمَّ افْرُغَا ثُمَّ ائْتِيَا هَهُنَا فَإِنِّي أَنْظُرُكُمَا حَتَّى تَأْتِيَانِي فَخَرَجْتُ حَتَّى إِذَا فَرَغْتُ مِنَ الطّوَافِ جِئْتُهُ بِسَحَرٍ فَأَذّنَ بِالرَّحِيلِ فَارْتَحَلَ النَّاسُ فَمَرَّ مُتَوَجِّهًا إِلَى الْمدِينَةِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) басқа нұсқада былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) жолға шығып, Құрбан айт күні Минаға келдік. Сол жерде тазардым. Минадан шығып, Бәйтуллада ифада тауабын жасадым. Кейін Алла елшісімен (с.а.с.) Минадан соңғы қайтар күні, зұлхижжаның он үшінде, шығып, Мұхассабқа аялдадық. Ол Абдуррахманды (р.а.) шақырып: “Қарындасыңды Харам аймағынан сыртқа шығар. Умраға ихрамға кіріп, оны атқарған соң осында келсін. Сендерді осы жерде күтемін”, – деді. Сөйтіп, Тәнғимге барып, умраға ихрамға кірдім. Тауабымды аяқтап, таң ата Алла елшісіне (с.а.с.) қайтып келдім. Ол жолға шығуды бұйырды. Жұрт жүктерін тиеп, Мәдинаға қарай аттанды».

1314
Кутуб ситтә, № 1314 · тараудағы реті: 26

وَفِي رِوَايَةٍ: «فَمَرَّ بِالْبَيْتِ وَطَافَ بِهِ قَبْلَ صَلَاةِ الصُّبْحِ ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الْمدِينَةِ».

Қазақша аудармасы

Басқа нұсқада: «Алла елшісі (с.а.с.) Бәйтуллаға барып, таң намазынан бұрын тауап жасады. Сосын Мәдинаға жол тартты», – делінген.

1315
Кутуб ситтә, № 1315 · тараудағы реті: 27

وَفِي أُخْرَى: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِعُمْرَةِ وَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ وَعُمْرَةٍ، وَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ؛ وَأَهَلَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِالْحَجِّ. فَأَمَّا مَنْ أَهَلَّ بِعُمْرَةٍ فَحَلَّ. وَأَمَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ أَوْ جَمَعَ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ فَلَمْ يُحِلُّوا حَتَّى كَانَ يَوْمُ النَّحْرِ».

Қазақша аудармасы

Басқа риуаятта: «Алла елшісімен (с.а.с.) жолға шықтық. Біріміз умраға, біріміз қажылық пен умраға, біріміз қажылыққа ғана ниет етіп, ихрамға кірдік. Алла елшісі (с.а.с.) қажылыққа ғана ихрамға кірді. Умраға ихрамға кіргендер оны атқарған соң ихрамнан шықты. Қажылыққа ғана немесе қажылық пен умраға бірге ихрамға кіргендер Құрбан айттың бірінші күніне дейін ихрамда қалды»1, – делінген.

  1. 1Бұхари, Умра 6, 8, 9, Хайз 1, 7, Хажж 3, 33, 81, Адахи 3, 10; Мүслим, Хажж 111.135, (1211.1212); Муатта, Хажж 223.224, (1,410.412); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 23, (1778.1783); Нәсәи, Хажж 77, (5, 177.178), Тирмизи, Хажж 91, (934).
1316
Кутуб ситтә, № 1316 · тараудағы реті: 28

وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ: «قَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ أَرْدِفْ أُخْتَكَ فَأَعْمِرْهَا مِنَ التَّنْعِيمِ فَإِذَا هَبَطْتَ بِهَا مِنَ الْأَكَمَةِ فَلْتُحْرِمْ فَإِنَّهَا عُمْرَةٌ مَتَقَبَّلَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіттің бір нұсқасында Алла елшісі (с.а.с.): «Уа, Абдуррахман, әпкеңді көлігіңе мінгізіп, Тәнғимнен умра жасат. Төбеден түсіп, сол жерге жеткенде тәлбия айтсын. Бұл – қабыл болатын умра»1, – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 81, (1995).
1317
Кутуб ситтә, № 1317 · тараудағы реті: 29Риуаят етуші: Әбу Мұса

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَدِمْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُنِيخٌ بِالبَطْحَاءِ فَقَالَ: بِمَ أَهلَلْتَ؟ فَقُلْتُ: بِإِهْلَالِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: هَلْ سُقْتَ الْهَدْىَ؟ قُلْت لَا. قَالَ: فَطُفْ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ ثُمَّ أُحِلَّ. فَفَعَلْتُ: ثُمَّ أَتَيْتُ إِمْرَأَةً مِنْ أَهلِي فَمَشَطَتْنِي وَغَسَلَتْ رَأْسِي فَكُنْتُ أُفْتِي بِذَلِكَ النَّاسَ فِي إِمَارَةِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ؛ فَلَمَّا مَاتَ وَكَانَ عُمَر رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَإِنِّي لَقَائمٌ بِالْمَوْسِمٍ إِذْ جَاءَنِي رَجُلٌ فَقَالَ اتَّثِدْ فِي فُتْيَاكَ، إِنَّكَ لَا تَدْرِي مَا يُحْدِثُ أَمِيرُ الْمؤْمِنِينَ فِي شَأْنِ النُّسُكِ. فَقُلْتُ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ: مَنْ كُنَّا أَفْتَيْنَاهُ بِشَيْئٍ فَلْيَتَّئِدْ فَهَذَا أَمِيرُ الْمؤْمِنِينَ قَادِمَ عَلَيْكُمْ فَبِهِ فَائْتَمُّوا. فَلَمَّا قَدِمَ قُلْتُ لَهُ: يَا أَميرَ الْمؤْمِنِينَ مَا هَذَا الَّذِي بَلَغَنِي؟ أَحْدَثْتَ فِي شَأْنِ النُّسُكِ؛ فَقَالَ إِنْ نَأْخُذْ بِكِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ: وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالعُمْرَةَ لِلَّهِ وَإِنْ نَأْخُذْ بِسُنَّةِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَدْ قَالَ: خُذُوا عَنِّي مَنَاسِكَكُمْ؛ فَإِنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَمْ يَحِلَّ حَتَّى نَحَرَ الهَدْىَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Батхаға аялдағанда қасына бардым. Ол: “Неге ниет етіп ихрамға кірдің?” – деді. “Алла елшісі (с.а.с.) неге ниет етсе, соған ниет еттім”, – дедім. “Құрбандық малың бар ма?” – деп сұрады. “Жоқ”, – дедім. Ол: “Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жаса да, ихрамнан шық”, – деді. Айтқанын істедім. Содан кейін туыстарымның біріне бардым. Ол шашымды тарап, басымды жуып берді. Әбу Бәкірдің (р.а.) халифалығы кезінде халыққа осылай пәтуа беретінмін. Ол дүние салып, орнына Омар (р.а.) келді. Бір қажылық маусымында маған бір кісі: “Пәтуа беруге асықпа. Мүміндердің әміршісінің қажылық рәсімдеріне қатысты қандай шешім қабылдағанын білмейсің”, – деді. Сонда жұртқа: “Қажылық жайында пәтуа алғандар асықпасын. Мүміндердің әміршісі келе жатыр. Соған еріңдер”, – дедім. Омар келгенде одан сұрадым».

«Уа, мүміндердің әміршісі, естіп жүргенім рас па? Қажылық рәсімдеріне қатысты қандай шешім қабылдадыңыз?» – дедім. Ол: «Алланың кітабын басшылыққа алсақ, онда ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ﴾ “Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер.” делінген. Алла елшісінің1 (с.а.с.) сүннетіне сүйенсек, ол: “Қажылық рәсімдеріңді менен үйреніңдер”, – деген. Құрбандық малын шалғанша өзі ихрамнан шықпаған»2, – деді.

Түсіндірме

1. Әбу Мұса (р.а.) тәмәттуғқа рұқсат беріп жүрген. Алла елшісі (с.а.с.) оған және құрбандық малы жоқ өзге кісілерге умрадан кейін ихрамнан шығуды бұйырған еді. Әбу Мұса өзі куә болған осы үкімге сүйенген.

Ал әзірет Омар Құран аяты мен Расулалланың жеке практикасын негізге алып, ифрад қажылық жасауды әмір еткен және қажылықтың умраға өзгертілуін құп көрмеген. Анығында Расулалла жанында құрбандығы болғандықтан өзі жекелей солай жасаған және жанында құрбандықтары бар әзірет Али мен әзірет Талха (р.а.) сияқты бірнеше кісіге де солай жасауларын әмір еткен. Міне, осылайша қажылардың кейбірі қажылық аяқталғанға дейін ихрамнан шықпаған, сөйтіп ифрад қажылық жасаған.

2. Әзірет Омардың аяттағы «тамамдау (толық орындаңдар)» сөзінің мақсатына былайша анықтама жасағаны риуаят етілген: «Қажылық пен умраны жеке-жеке орындау және умраны қажылық айларынан басқа уақытқа қалдыру». Кейбір ғалымдар әзірет Омардың (р.а.) умрамен қажылық арасындағы тәмәттуғқа нақтылы тыйым салмағанын, яғни, дұрыс емес, харам деп жарияламағанын айтқан. Өйткені мұны келесі риуаят анық баяндауда. Әзірет Омардың бұл әрекеті ифрад қажылығын абзал санағандығынан туындаған. Ендеше, ол бұл бұйрықты қажылықтың ең абзалын орындасын деген ниетпен берген. Нәуәуи де осы жорамалды келтірген.

3. Әли де, Әбу Мұса да Алла елшісінің (с.а.с.) ниетіне сай ниет етті. Әбу Мұсаға ихрамнан шығу бұйырылса, Әли ихрамда қалды. Оның құрбандық малы бар еді. № 1301 хадисте Әлидің Йеменнен құрбандық малын ала келгені баяндалады.

4. Кей ғалымдар бұл хадиске сүйеніп, муаллақ ихрамға рұқсат берген. Муаллақ ихрам дегеніміз – өз ниетін басқа кісінің ниетіне байлау. Мысалы, «Ол қажылыққа ниет етсе, мен де қажылыққа, умраға ниет етсе, мен де умраға ниет етемін», – деу.

5. Ахмад ибн Ханбал мен Әбу Ханифаның пікірінше, умра жасаушы құрбандық малын ала келсе, айт күні оны шалмайынша ихрамнан шыға алмайды. Олар осы риуаятқа сүйенген.

6. Имам Мәлик пен имам Шәфиғидің пікірінше, умраға ниет еткен кісі тауап пен сағиды атқарғаннан кейін, құрбандық малының бар-жоғына қарамастан, ихрамнан шыға алады.

7. Ғалымдар қажылықта тәмәттуғ жасауға рұқсат екеніне келіскен.

  1. 1«Бақара» сүресі, 196-аят
  2. 2Бұхари, Умра 11, Хажж 32, 34 125, Мағази 60, 77; Мүслим, Хажж 154, (1221); Нәсәи, Хажж 50, (5, 153).
1318
Кутуб ситтә, № 1318 · тараудағы реті: 30

وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ وَالنَّسَائِي: «أَنَّ أَبَا مُوسَى كَانَ يُفْتِي بِالمُتْعَةِ. فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: قَدْ عَلِمْتُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَدْ فَعَلَهُ وَأَصْحَابُهُ، وَلَكِنْ كَرِهْتُ أَنْ يَظِلّوا مُعَرِّسِينَ بِهِنَّ فِي الْأَرَاكِ ثُمَّ يَرُوحُونَ فِي الْحَجِّ تَقْطُرُ رُؤُوسُهُمْ».

Қазақша аудармасы

Мүслим мен Нәсәидегі басқа нұсқада Әбу Мұсаның тәмәттуғқа пәтуа бергені айтылады. Омар (р.а.) оған: «Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабаларының осылай істегенін білемін. Бірақ жұрттың Әракта1 жұбайларымен жақындасып, артынша бастарынан су тамшылаған күйде қажылыққа аттанғанын құп көрмедім», – деген2.

قَوْلُهُ: «فَلْيَتَّئِدْ» أَمْرٌ بِالتَّؤَدَّةِ، وَهِىَ التَّأَنِّى فِي الْأَمْرِ وَالتَّثَبُّتِ.

  1. 1Әрак – Меккеге жақын аңғар. Яқут әл-Хамауи, «Муғжамул-булдан».
  2. 2Мүслим, Хажж 157, (1222); Нәсәи, Хажж 50, (5,159).
1319
Кутуб ситтә, № 1319 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Бәра

وَعَنِ البَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حِينَ أَمَّرَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى الْيَمَنِ فَأَصَبْتُ مَعَهُ أَوَاقِيَ فَلَمَّا قَدِمَ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَجَدَ فَاطِمَةَ وَقَدْ نَضَخَتِ الْبَيْتَ بِنَضُوخٍ فَغَضِبَ. فَقَالَتْ: مَا لَكَ؟ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَدْ أَمَرَ أَصْحَابَهُ فَأَحَلُّوا. فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ لِي: كَيْفَ صَنَعْتَ؟ قُلْتُ: أَهْلَلْتُ بِإِهْلَالِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَقَالَ: إِنِّي سُقْتُ الْهَدْىَ وَقَرَنْتُ. قَالَ: وَقَالَ لِي انْحَرْ مِنَ الْبُدْنِ سَبْعًا وَسِتِّينَ أَوْ سِتًّا وَسِتِّينَ وَأَمْسِكْ لِنَفْسِكَ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ أَوْ أَرْبَعًا وَثَلَاثِينَ وَأَمْسِكْ مِنْ كُلِّ بَدَنَةٍ مِنْهَا بَضْعَةً». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. «النَّضُوخُ» بِخَاءِ مُعْجَمَةٍ: ضَرْبٌ مِنَ الطِّيبِ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Әлиді Йеменге әмірші етіп жібергенде, оның қасында едім. Сол сапарда бірнеше уқия алтын алдым. Әли Йеменнен Алла елшісіне (с.а.с.) оралғанда, Фатиманың (р.а.) бояулы киім киіп, үйге хош иіс сепкенін көріп, ашуланды. Фатима: “Не болды? Алла елшісі (с.а.с.) сахабаларына ихрамнан шығуды бұйырды. Олар ихрамнан шықты”, – деді. Әли оған Алла елшісі (с.а.с.) айтқан тәлбияны айтып, сол ниетпен ихрамға кіргенін жеткізді. Алла елшісі (с.а.с.) одан: “Сен қалай ниет еттің?” – деп сұрады. Әли: “Алла елшісі (с.а.с.) ниет еткендей ниет еттім”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Мен құрбандық малын ертіп келдім, қажылық пен умраны қостым”, – деді. Сосын Әлиге: “Алпыс жеті не алпыс алты түйе шал. Отыз үш не отыз төртеуін өзіңе қалдыр. Әр түйеден бір кесек ет алып қал”, – деп тапсырды»1.

Түсіндірме

1. Риуаят Бәраның (р.а.) сөзінен басталып, әрі қарай Әлидің (р.а.) өз аузынан жалғасады. Бәра оқиғаны Әлиден жеткізген. Аудармада кімнің сөйлеп тұрғаны айқын көрсетілді. Бояулы киім мен Әлидің Фатимаға берген жауабы Әбу Дәуіттің толық нұсқасынан нақтыланды.

2. Мүслимнің бір нұсқасында Әлидің Йеменнен оралып, жұбайының ихрамнан шыққанын, бояулы киім киіп, сүрме жаққанын көргенде бұған қарсылық білдіргені айтылады.

3. Әлиге (р.а.) алпыс алты түйе шалуды тапсырудың мәнін ғалымдар әртүрлі түсіндірген. Бір пікір бойынша, ол Алла елшісінің (с.а.с.) атынан алпыс алты түйе, қалғанын өз атынан шалуға тиіс болған. Сонда малдың бәрін Әлидің өзі шалған болып шығады. Алайда кей риуаяттарда Алла елшісінің (с.а.с.) құрбандарының көбін өз қолымен шалғаны айтылады. Тағы бір жорамал бойынша, Әлиге сол мөлшердегі түйені шалатын жерге айдап апарып, әзірлеу тапсырылған. Алла елшісі (с.а.с.) өз құрбандарын, Әли өз құрбандарын өзі шалған.

فَنَحَرَ ثَلَاثًا وَسِتِّينَ بِيَدِهِ ثُمَّ أَعْطَى عَلِيًّا فَنَحَرَ مَا غَبَرَ

Мүслимнің басқа нұсқасында: «Алла елшісі (с.а.с.) алпыс үш түйені өз қолымен шалды. Сосын қалғанын Әлиге тапсырды, оларды Әли шалды», – делінген.

4. Әлидің Йеменнен, Алла елшісінің (с.а.с.) Мәдинадан ала келген құрбандық малының жалпы саны жүз түйе еді.

5. Мүслимнің бір нұсқасында Алла елшісінің (с.а.с.) әр түйеден бір кесек ет алдырып, бәрін бір қазанға пісірткені, Әли екеуі етінен жеп, сорпасынан ішкені айтылады.

6. Бұл риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) қажылығы қиран болғанын айтқандарға дәлел. Өйткені ол: «Құрбандық малын ертіп келдім, қажылық пен умраны қостым», – деп ниетін анық білдірген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 24 (№ 1797). Нәсәи, «Хаж» (№ 2745, сәл өзгеше нұсқасы).
1320
Кутуб ситтә, № 1320 · тараудағы реті: 32Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَاتَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِذِي الْحُلَيْفَةِ حَتَّى أَصْبَحَ ثُمَّ رَكِبَ حَتَّى إِذَا اسْتَوَتْ بِهِ رَاحِلَتُهُ عَلَى الْبَيْدَاءِ حَمِدَ اللَّهَ وَسَبَّحَ وَكَبَّرَ وَهَلَّلَ ثُمَّ أَهَلَّ بِحَجٍّ وَعُمْرَةٍ وَأَهَلَّ النَّاسُ بِهِمَا فَلَمَّا قَدِمَ أَمَرَ النَّاسَ فَحَلُّوا حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ أَهَلُّوا بِالْحَجِّ. فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْحَجَّ نَحَرَ سَبْعَ بَدَنَاتٍ بِيَدِهِ قِيَامًا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Зулхуләйфада түнеді. Таңертең түйесіне мінді. Түйесі Бәйдада тік тұрғанда, Аллаға хамд айтып, тәсбих, тәкбір және тәһлил келтірді. Содан кейін қажылық пен умраға бірге тәлбия айтты. Жұрт та екеуіне тәлбия айтты. Меккеге келгенде Алла елшісінің (с.а.с.) бұйрығымен жұрт ихрамнан шықты. Олар Тәруия күніне дейін ихрамсыз жүрді. Сол күні қажылыққа қайта ихрамға кіріп, тәлбия айтты. Алла елшісі (с.а.с.) қажылығын аяқтаған соң жеті түйені өз қолымен, тік тұрған күйінде шалды»1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) ихрам тәлбиясын, түйесіне толық мінгеннен кейін, яғни, мінер мінбестен емес, түйесіне мініп, түйесі де орнынан тұрғаннан кейін айта бастағанын баян етеді.

2. Түйеге шөгіп жатқанда мінетіндіктен, түйе көтерілген кезде делінген. Яғни, шөккен түйеге мінгеннен кейін, түйе шөккен орнынан тұрған кезде, Расулалла да түйесіне толық мінген әрі түйенің үстінде жерден көтерілген.

3. Бұл риуаят ихрамға кірудің іс-әрекетпен жариялануын білдіретін тәлбиядан бұрын, хамд, тәсбих, тәкбір, және тахлил айтудың сүннет екенін көрсетеді. Хамд – әлхамдулиллаһ, тәсбих – субханаллаһ, тәкбір – Аллаһу әкбар, тахлил – лә иләһә иллаллаһ деп айту.

4. Бұл риуаят алдымен қажылықты бастап бара жатқан үлкен кісінің тәлбия айтуын, одан кейін жанындағы жамағаттың тәлбия келтіруінің сүннет екенін көрсетеді.

5. Хадис түйені тұрып шалудың мұстахаб екенін білдіреді.

ЕСКЕРТУ: хадиске қатысты кейбір егжей-тегжейлі түсіндірмені №1263-хадисте келтірдік.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 24, (1796); Нәсәи, Хажж 143, (5, 225).
1321
Кутуб ситтә, № 1321 · тараудағы реті: 33

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ بِلَالِ بْنِ الْحَارِثِ: «قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: فَسْخُ الْحَجِّ لَنَا خَاصَّةً أَوْ لِمَنْ بَعْدَنَا؟ قَالَ: بَلْ لَكُمْ خَاصَّةً». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَأَخْرَجَ مِنْهُ النَّسَائِي: فَسْخُ الْحَجِّ فَقَطْ

Қазақша аудармасы

Біләл ибн әл-Харис (р.а.) былай дейді: «Уа, Алла елшісі, қажылық ниетін умраға өзгерту бізге ғана тән бе, әлде бізден кейінгілерге де рұқсат па?» – деп сұрадым. Ол: «Сендерге ғана тән», – деп жауап берді1.

وَفَسْخُ الْحَجِّ: هُوَ أَنْ يَكُونَ قَدْ نَوَى الْحَجَّ ثُمَّ يَجْعَلُهُ عُمْرَةً وَيَحِلُّ ثُمَّ يَعُودُ وَيُحرِمُ بِهِ.

Нәсәи Біләл ибн әл-Харистен қажылық ниетін өзгерту жайындағы осы риуаятты ғана келтірген.

Қажылықты «фәсх ету» – қажылыққа ниет етіп, кейін ниетті умраға ауыстыру. Кісі умраны атқарған соң ихрамнан шығып, кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіреді.

Түсіндірме

1. Бұл хадистің үкіміне қатысты ғалымдар әртүрлі жормалдар жасаған. Хаттабидің түсіндірмесі бойынша кейбір ғалымдар: «Жаһилият кезеңінде, қажылық айларында умраға рұқсат етілмегендіктен, олардың бұл түсінігін жою үшін Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажылық үшін жасаған ниеттерін умраға өзгертулерін әмір еткен. Ондағы мақсаты, бұрынғы түсініктерін жойып, Исламның шариғатына мойынсұнуды қалыптастыру болатын. Бұл мақсат орындалғаннан кейін, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаңа бір әмірмен, қажылық жасау үшін ихрамға кіргендердің оны өзгерте алмайтындарын жеткізді» деген.

2. Ғалымдар қажылығы жарамсыз болып қалған адамның да қалған рәсімдерді соңына дейін орындауға міндетті екеніне келіскен. Бұл туралы № 1271 риуаятта айтылған.

3. Хаттаби бір мезетте екі қажылыққа ниет етіп, тәлбия айтқан кісі жайында ғалымдардың әртүрлі пікір білдіргенін келтіреді.

Имам Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал және Исхақ ибн Рахуя мұндай кісіге бір қажылық қана міндетті деген. Олардың дәлелі бойынша, екі қажылықты қатар жалғастыру міндетті емес. Кісі солай істесе, ғалымдардың бірауызды пікірінше, ол жарамсыз.

Әбу Ханифа мен оның мәзһабының ғалымдары бір қажылықты сол жылы атқарып, екіншісін келесі жылға қалдырады және өтеміне құрбан шалады деген. Хаттаби екеуі бірдей міндетті болса, біреуін кейінге қалдыруға болмайтынын, өйткені ол кейінгілерге берілмеген фәсх рұқсатына ұқсап кететінін айтқан. Суфиян әс-Сәуридің пікірінше, сол жылы қажылық пен умра атқарып, құрбан шалады, келесі жылы қажылықты қайта жасайды. Имам Мәликтен бұл жағдайда қиран атқарып, құрбан шалады деген пікір жеткен. Шәфиғи мәзһабында қосымша умра, құрбан немесе келесі жылы қажылықтың қазасын өтеу талап етілмейді.

4. Ғалымдар тәмәттуғқа қияметке дейін рұқсат екеніне келіскен. Көпшілігі қажылық ниетін умраға ауыстыру рұқсатын сол сахабаларға ғана тән санаған. Фәсхке де қияметке дейін рұқсат деп есептегендер Біләлдің бұл хабары сенімді риуаяттарға қайшы болғандықтан, оған сүйенбеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 25 (№ 1808). Нәсәи, «Хаж», 77 (5/179). Хаттаби, «Мағалимус-сунан», Әбу Дәуіттің осы хадисіне түсіндірме.
1322
Кутуб ситтә, № 1322 · тараудағы реті: 34Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِعُمْرَةٍ وَأَهَلَّ أَصْحَابُهُ بِحَجٍّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) умраға, ал сахабалары қажылыққа ихрамға кірді»1, – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 24, (1804); Мүслим, Хажж 196, (1239); Нәсәи, Хажж 77, (5, 178).
1323
Кутуб ситтә, № 1323 · тараудағы реті: 35

وَعَنْ عكْرِمَةِ بْنِ خَالِدٍ الْمخْزُومِي قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ الْعُمْرَةِ قَبْلَ الْحَجِّ. فَقَالَ: لَا بَأْسَ اعْتَمَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَبْلَ الْحَجِّ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Икрима ибн Халид әл-Махзуми былай дейді: «Ибн Омардан (р.а.) қажылықтан бұрын умра жасау жайында сұрадым. Ол: “Оқасы жоқ. Алла елшісі (с.а.с.) де қажылықтан бұрын умра жасаған”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Умра», 2 (№ 1774).
1324
Кутуб ситтә, № 1324 · тараудағы реті: 36

وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَعَثَ أَبَا بَكْرٍ عَلَى الْحَجِّ يُخْبِرُ النَّاسَ بِمَنَاسِكِهِمْ وَيُبَلِّغُهُمْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى أَتَوْا عَرَفَةَ مِنْ قِبَلِ ذِي الْمجَازِ فَلَمْ يَقْرَبِ الْكَعْبَةَ وَلَكِنْ شَمَّرَ إِلَى ذِي الْمجَازِ، وَذَلِكَ أَنَّهُمْ لَمْ يَكُونُوا اسْتَمْتَعُوا بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ».

Қазақша аудармасы

Жинақта Бұхариге телінген Ибн Аббас риуаяты былай баяндалады: «Алла елшісі (с.а.с.) жұртқа қажылық рәсімдерін үйретіп, өз атынан хабар жеткізуі үшін Әбу Бәкірді қажылыққа жетекші етіп жіберді. Қажылар Арафаға Зулмәжаз жағынан жетті. Әбу Бәкір Қағбаға соқпай, Зулмәжазға беттеді. Өйткені олар қажылыққа дейін умра атқармаған еді».

Түсіндірме

Ибраһим Жананның айтуынша, Бұхари жинағынан осы мәтінге сай риуаят табылмаған.

1325
Кутуб ситтә, № 1325 · тараудағы реті: 37

وَعَنِ ابْنِ الْمسَيِّبِ «أَنَّ رَجُلًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَتَى عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَشَهِدَ عِنْدَهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَنْهَى فِي مَرَضِهِ الَّذِي قُبِضَ فِيهِ عَنِ الْعُمْرَةِ قَبْلَ الْحَجِّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусәйяб былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) бір сахабасы Омарға (р.а.) келіп, Алла елшісінің (с.а.с.) дүние салар алдындағы сырқаты кезінде қажылықтан бұрын умра жасауға тыйым салғанын өз құлағымен естігеніне куәлік етті»1.

Түсіндірме

Хаттаби бұл риуаяттың иснадында кемшілік барын айтады. Алла елшісі (с.а.с.) қажылықтан бұрын екі мәрте умра жасаған. Сондықтан анық белгілі амал күмәнді хабарға сүйеніп тәрк етілмейді. Қажылықтан бұрын умра жасауға рұқсат екеніне ғалымдар келіскен. Бұл жөнінде өзге пікір жетпеген. Риуаяттағы тыйым абзал амалды таңдауға қатысты болуы мүмкін. Қажылықтың маңызы басым әрі уақыты шектеулі. Умраны жылдың кез келген мезгілінде атқаруға болады. Алла да мына аятта қажылықты алдымен атаған: ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ﴾ «Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер.»2

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 23 (№ 1793).
  2. 2«Бақара» сүресі, 196-аят