وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ: «أَقْبَلْنَا مُهِلِّينَ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِحَجٍّ مُفْرَدٍ وَأَهَلَّتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِعُمْرَةٍ حَتَّى إِذَا كُنَّا بِسَرِفَ عَرَكَتْ حَتَّى إِذَا قَدِمْنَا طُفْنَا بِالْكَعْبَةِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَأُمِرْنَا أَنْ يُحِلَّ مِنَّا مَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْىٌ. قُلْنَا حِلٌّ مَاذَا؟ قَالَ: الْحِلُّ كُلُّهُ. فَوَاقَعْنَا النِّسَاءَ وَتَطَيّبْنَا بِالطِّيبِ وَلَبِسْنَا الثِّيَابَ وَلَيْسَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ عَرَفَةَ إِلَّا أَرْبَعُ لَيَالٍ. ثُمَّ أَهْلَلْنَا يَوْمَ التَّرْوِيَةِ، ثُمَّ دَخَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى عَائِشَة رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا وَهِيَ تَبْكِي. فَقَالَ: مَا شَأْنُكِ؟ قَالَتْ: حِضْتُ، وَقَدْ حَلَّ النَّاسُ وَلَمْ أُحِلَّ وَلَمْ أَطُفْ، وَالنَّاسُ يَذْهَبُونَ الآنَ إِلَى الْحجِّ. فَقَالَ: إِنَّ هَذَا شَيْءٌ كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَى بَنَاتِ آدَمَ فَاغْتِسِلِي ثُمَّ أَهِلِّي بِالْحَجِّ فَفَعَلَتْ وَوَقَفَتِ الْمواقِفَ كُلَّهَا حَتَّى إِذَا طَهُرَتْ طَافَتْ. فَقَالَ: قَدْ حَلَلْتِ مِنْ حَجِّكِ وَعُمْرَتِكِ جِمِيعَهَا. فَقَالَتْ: إِنِّي أَجِدُ فِي نَفْسِي أَنّى لَمْ أَطُفْ بِالْبَيْتِ حِينَ حَجَجْتُ. قَالَ: فَاذْهَبْ بِهَا يَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ فَأَعْمِرْهَا مِنَ التَّنْعِيمِ، وَذَلِكَ لَيْلَةَ الْحصْبَةِ، وَكَانَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا سَهْلًا إِذَا هَوِيَتْ شَيْئًا تَابَعَهَا عَلَيْهِ».
Мүслимнің басқа нұсқасында былай делінген: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге ифрад қажылығына ниет етіп шықтық. Айша (р.а.) умраға ниет еткен еді. Сәрәфқа жеткенде ол хайыз болды. Меккеге келгенде Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасадық. Құрбандық малы жоқтарға ихрамнан шығу бұйырылды. “Бізге қандай істерге рұқсат?” – деп сұрағанымызда, Алла елшісі (с.а.с.): “Бәріне”, – деді. Жұбайларымызға жақындастық, хош иіс жағып, әдеттегі киімімізді кидік. Арафа күніне төрт түн қалған еді. Тәруия күні қайтадан ихрамға кірдік. Алла елшісі (с.а.с.) Айшаның жылап отырғанын көріп: “Не болды?” – деп сұрады. Ол: “Хайыз болдым. Жұрт ихрамнан шықты, мен шыға алмадым. Тауап та жасамадым. Енді жұрт қажылыққа шығады”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Бұл – Алланың Адам қыздарына жазғаны. Жуынып, қажылыққа ихрамға кір”, –1 деді. Айша қажылықтың барлық уақфасына қатысты. Тазарған соң Бәйтулланы тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасады. Алла елшісі (с.а.с.): “Енді қажылығыңның да, умраңның да ихрамынан шықтың”, – деді. Айша: “Бәйтулланы әуелде тауап етпей келгенім көңілімде қалып қойды”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) Абдуррахманға: “Айшаны Тәнғимге апар, сол жерден умраға ниет етсін”, – деді. Бұл Хасба түнінде болды.2 Алла елшісі (с.а.с.) мінезі жұмсақ еді. Айша бір нәрсе қаласа, тілегін орындауға тырысатын».
- 1Бұл жердегі жуыну хайыздан тазарғаннан кейінгі қажетті жуыну емес, ихрамға кірген кезде жасалатын сүннет жуыну.
- 2Кейбір риуаяттарда “Батха түні” деп те айтылады. Бірақ екеуі де бір нәрсені білдіреді. Ләйләтул-хасбә, яғни, Хасбә түні тәшриқ түндерінен кейін қажылардың тастақты жерден түскен түні. Тастақты жер – Мина. Демек, әзірет Айша Минадағы түндерінің бірінде тазарған болуы керек.