Дереккөздер
Сайтта дереккөзі көрсетілмеген мәтін жарияланбайды. Төменде әр жинақтың мәтіні қай басылымнан алынғаны, кім аударғаны, қандай рұқсатпен жарияланғаны және хадистердің қалай нөмірленгені жазылған.
Сахих әл-Бұхари (صحيح البخاري)
Имам әз-Зәбиди ықшамдаған нұсқа: «Мухтасар Сахих Бұхари» (التجريد الصريح لأحاديث الجامع الصحيح). Қайталанған риуаяттар мен иснадтар қысқартылған.
- Қазақша мәтін. Әз-Зәбиди. Мухтасар Сахих Бұхари («Сахих» жинағындағы хадистердің ықшамдалған нұсқасы). Алматы, «Самға» баспасы, 2026. Аударған: Қанат Сұлтанбек (араб тілінен). Аудармашы әрі құқық иесі Қанат Сұлтанбектің рұқсатымен осы сайтта жарияланды. Барлық құқығы қорғалған.
- Арабша мәтін. التجريد الصريح لأحاديث الجامع الصحيح (مختصر صحيح البخاري). Араб мәтіні сол басылымнан алынды. Түпнұсқа еңбек – қоғам игілігіндегі классикалық мұра.
Нөмірлеу
- Мухтасар (негізгі). Әз-Зәбидидің «Мухтасар Сахих Бұхари» жинағындағы реттік нөмір (1–2254). Сайттағы мекенжай мен сілтеме осы нөмірге құрылған.
- Сахих. Толық «Сахих әл-Бұхари» жинағындағы нөмір (Мұхаммед Фуад Абдулбақи нөмірлеуі). Дереккөзде жақша ішінде берілген.
Сахих Мүслим (صحيح مسلم)
Хадис ғалымы әл-Мунзири ықшамдаған нұсқа: «Мухтасар Сахих Муслим» (مختصر صحيح مسلم). Иснадтар қысқартылып, хадистер тақырып бойынша қайта реттелген.
- Қазақша мәтін. Әл-Мунзири. Мухтасар Сахих Муслим. Алматы, «Самға» баспасы, 2026. Аударған: Қанат Сұлтанбек (араб тілінен). Аудармашы әрі құқық иесі Қанат Сұлтанбектің рұқсатымен осы сайтта жарияланды. Барлық құқығы қорғалған.
- Арабша мәтін. مختصر صحيح مسلم للمنذري. Араб мәтіні сол басылымнан алынды. Түпнұсқа еңбек – қоғам игілігіндегі классикалық мұра.
Нөмірлеу
- Мухтасар (негізгі). Әл-Мунзиридің «Мухтасар Сахих Муслим» жинағындағы реттік нөмір (1–2179). Толық «Сахих Мүслим» нөмірімен (Абдулбақи бойынша 3033 негізгі хадис) сәйкес келмейді; дереккөзде ондай нөмір берілмеген.
Риядус-салихин (رياض الصالحين)
Имам Нәуәуидің алты негізгі жинақ пен өзге сенімді жинақтардан іріктеген хадистері. 372 тақырыпқа бөлінген; әр тақырып аяттармен басталады.
- Қазақша мәтін. Имам Нәуәуидің хадистер жинағы (Риядус-салихин). 600 бет. ISBN 978-601-82208-2-1. Алматы, 2025. Аударған: Әкімханов Асқар Болатбекұлы, Мұрат Нұрлан, Тілеуберді Үсен Жанұзақұлы; жоба жетекшісі әрі бас редакторы – А. Б. Әкімханов. © Әкімханов Асқар Болатбекұлы, 2025. Жариялауға рұқсат бар. Барлық құқығы қорғалған.
- Орысша мәтін. Рияд ас-салихин (Сборник хадисов имама ан-Навави). 600 с. Алматы, 2025. Аударған: Канат Султанбек. © Канат Султанбек, 2025. Аудармашының рұқсатымен осы сайтта жарияланды. Барлық құқығы қорғалған.
- Арабша мәтін. رياض الصالحين للإمام النووي. Араб мәтіні қазақша басылымнан алынды. Түпнұсқа еңбек – қоғам игілігіндегі классикалық мұра.
Нөмірлеу
- қазақша басылым (негізгі). Қазақша басылымдағы (Алматы, 2025) реттік нөмір. Басылымда кей нөмір қайталанған не аттап кеткен; сайтта олар түзетілмей, сол күйінде берілді. Орысша басылымның нөмірі бұдан сәл өзгеше, сондықтан орысша аударма қазақшасына араб мәтіні арқылы сәйкестендірілді.
Муатта (الموطأ)
Имам Мәликтің хадис пен фиқһты тоғыстырған еңбегі: Пайғамбар хадистері, сахабалар мен табиғиндердің сөздері, Мәдина жұртының амалы. Әзірге тек қазақша аудармасы берілген.
- Қазақша мәтін. Мәлик ибн Әнәс. Муатта (Хадистер жинағы). 432 бет. Алматы, «Самға» баспасы, 2026. Аударған: Қанат Сұлтанбек. Аудармашы әрі құқық иесі Қанат Сұлтанбектің рұқсатымен осы сайтта жарияланды. Барлық құқығы қорғалған.
Нөмірлеу
- кітап ішіндегі рет (негізгі). Қазақша басылымдағы нөмір. Әр кітапта 1-ден қайта басталады, сондықтан сілтемеде кітаптың нөмірі не атауы қоса көрсетіледі. Нөмір бойынша өту үшін «Муатта 2:15» (2-кітап, 15-хадис) түрінде жазыңыз.
Кутуб ситтә (الكتب الستة)
Алты негізгі хадис жинағынан тақырып бойынша іріктелген хадистер, әрқайсысы түсіндірмесімен. 12 том.
- Қазақша мәтін. Кутуб ситтә (хадистер жинағы). 12 том. Алматы, 2025. Аударған: Қанат Сұлтанбек (жоба жетекшісі әрі бас редакторы). © Қанат Сұлтанбек, 2025. Аудармашы әрі құқық иесі Қанат Сұлтанбектің рұқсатымен осы сайтта жарияланды. Барлық құқығы қорғалған.
- Арабша мәтін. الكتب الستة. Араб мәтіні сол басылымнан алынды. Хадис мәтіндері – қоғам игілігіндегі классикалық мұра.
Түсіндірме. Түсіндірмелер Ибраһим Жанан еңбегінен алынған. Басылымдағы сілтемелерде еңбек «Кутуб-и ситте» деп аталған; баспасы мен жылы онда көрсетілмеген.
Нөмірлеу
- жалпы рет (негізгі). Басылымда жақша ішінде берілген, он екі томға ортақ реттік нөмір (1–5987). Бастапқы файлдарда № 944–1155 аралығы жоқ: 3-том № 943-пен аяқталып, 4-том № 1156-дан басталады.
- тараудағы реті. Хадистің өз тарауының ішіндегі реттік нөмірі. Әр тарауда 1-ден қайта басталады.
Нөмірлеу жүйелері жайлы
Бір хадистің нөмірі әр басылымда әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, «Сахих әл-Бұхаридің» толық нұсқасындағы нөмір мен ықшамдалған нұсқасындағы (Мухтасар) нөмір сәйкес келмейді. Сондықтан сайтта әр нөмірдің жанында оның қай жүйеге жататыны көрсетіледі, жүйелер араластырылмайды.
Хадистің мекенжайы мен дайын сілтемесі әрдайым сол жинақтың негізгі жүйесіне құрылады: бастапқы файлда қандай нөмір тұрса, сайтта да сол нөмір. Дереккөзде нөмір қайталанса не рет үзілсе, ол түзетілмей, сол күйінде берілді.
Ескерту
Аударма түпнұсқаның мағынасын толық жеткізе бермейді. Дін мәселесінде үкім шығару үшін білімді ғалымға жүгінген жөн.