Хадис

Кутуб ситтә, № 1289

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
158. Тәмәттуғ және қажылық ниетін умраға ауыстыру
Нөмірі
№ 1289 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1289
Кутуб ситтә, № 1289 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ شَقِيقٍ قَالَ: «كَانَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَنْهَى عَنِ الْمُتْعَةِ، وَكَانَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَأْمُرُ بِهَا. فَقَالَ عُثْمَانُ لِعَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَلِمَةً. فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: لَقَدْ عَلِمْتَ أَنَّا تَمَتَّعْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَجَلْ وَلَكِنَّا كُنَّا خَائِفِينَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Шақиқ былай дейді: «Осман (р.а.) тәмәттуғқа тыйым салса, Әли (р.а.) оны атқаруды бұйыратын. Осман осы мәселе жөнінде Әлиге бір сөз айтты. Әли: “Алла елшісімен (с.а.с.) бірге қажылық жасағанымызда тәмәттуғ атқарғанымызды білесің”, – деді. Осман: “Иә, бірақ ол кезде қауіптенген едік”, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

1. Хадистегі «мутға» сөзі «тәмәттуғ қажылықты» білдіреді. Яғни, умра мен қажылыққа бірге ниет етіп, алдымен умраны орындағаннан кейін ихрамнан шығып, кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық. Олай болса, әзірет Осман тыйым салған, бірақ әзірет Али әмір еткен мутға осы еді. Әзірет Омар мен әзірет Осман екеуі де тәмәттуғ қажылыққа тыйым салғаны жайлы мағлұмат басқа риуаяттарда да келген. (№1279 және 1284 хадистерде). Бірақ бұл тыйым, тахрими емес, тәнзиһи тыйым болатын.

2. Әзірет Османның «бірақ біз қорыққан едік» деген сөзі, жеңістен (Меккенің алынуы) бұрын һижреттің 7-жылында жасалған қаза умраны меңзеген болуы мүмкін. Бірақ ол кезде тек қана умра жасалған. Сондықтан тәмәттуғқа қатысы жоқ болатын.

  1. 1Мүслим, Хажж 158, (1223); Нәсәи, Хажж 50, (5, 152).