Хадис

Кутуб ситтә, № 1325

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
158. Тәмәттуғ және қажылық ниетін умраға ауыстыру
Нөмірі
№ 1325 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 37
1325
Кутуб ситтә, № 1325 · тараудағы реті: 37

وَعَنِ ابْنِ الْمسَيِّبِ «أَنَّ رَجُلًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَتَى عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَشَهِدَ عِنْدَهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَنْهَى فِي مَرَضِهِ الَّذِي قُبِضَ فِيهِ عَنِ الْعُمْرَةِ قَبْلَ الْحَجِّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусәйяб былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) бір сахабасы Омарға (р.а.) келіп, Алла елшісінің (с.а.с.) дүние салар алдындағы сырқаты кезінде қажылықтан бұрын умра жасауға тыйым салғанын өз құлағымен естігеніне куәлік етті»1.

Түсіндірме

Хаттаби бұл риуаяттың иснадында кемшілік барын айтады. Алла елшісі (с.а.с.) қажылықтан бұрын екі мәрте умра жасаған. Сондықтан анық белгілі амал күмәнді хабарға сүйеніп тәрк етілмейді. Қажылықтан бұрын умра жасауға рұқсат екеніне ғалымдар келіскен. Бұл жөнінде өзге пікір жетпеген. Риуаяттағы тыйым абзал амалды таңдауға қатысты болуы мүмкін. Қажылықтың маңызы басым әрі уақыты шектеулі. Умраны жылдың кез келген мезгілінде атқаруға болады. Алла да мына аятта қажылықты алдымен атаған: ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ﴾ «Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер.»2

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 23 (№ 1793).
  2. 2«Бақара» сүресі, 196-аят