Хадис

Кутуб ситтә, № 1296

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
158. Тәмәттуғ және қажылық ниетін умраға ауыстыру
Нөмірі
№ 1296 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
1296
Кутуб ситтә, № 1296 · тараудағы реті: 8

وَعَنْ أَبِي جَمْرَةَ قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ الْمُتْعَةِ فَأَمَرَنِي بِهَا، وَسَأَلْتُهُ عَنِ الْهَدْى فَقَالَ: فِيهَا جَزُورٌ أَوْ بَقَرَةٌ أَوْ شَاةٌ أَوْ شِرْكٌ فِي دَمٍ. قَالَ: وَكَانَ نَاسٌ كَرِهُوهَا فَنِمْتُ فَرَأَيْتُ فِي الْمنَامِ قَائِلًا يَقُولُ: عُمْرَةٌ مُتَقَبِّلَةٌ وَحَجٌّ مَبْرُورٌ: فَأَتَيْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ فَأَخْبَرْتُهُ فَقَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ سُنَّةَ أَبِي الْقَاسِمِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Жәмра былай дейді: «Ибн Аббастан (р.а.) мутға жайында сұрадым. Ол маған соны атқаруды бұйырды. Шалынатын құрбан туралы сұрағанымда: “Түйе, сиыр не қой шалуға болады, немесе құрбандыққа үлес қосады”, – деді. Жұрттың кейбірі мутғаны құп көрмейтін. Ұйықтағанымда түсімде бір кісі: “Умраң қабыл, қажылығың мәбрур болсын”, – деді. Ибн Аббасқа барып, соны айтып бердім. Ол: “Алла ұлық! Бұл – Әбул-Қасымның (с.а.с.) сүннеті”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаятта «мутға» тәмәттуғ қажылығы деген мағынада. Кісі әуелі умра жасап, ихрамнан шығады. Біраз уақыт ихрамсыз жүріп, кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіреді.

2. Ибн Аббас (р.а.) түйе, сиыр, қой немесе ешкі шалуды, сондай-ақ ортақ құрбандыққа үлес қосуды атаған. Риуаятта малдың жынысына шек қойылмаған.

Ортақ құрбан шалу түйе немесе сиыр сынды малдарда рұқсат етілген. Әзірет Жәбирден жеткен бір риуаят бойынша түйе мен сиырды 7 адам ортақтасып құрбанға шалуына болады. Имам Шәфиғи және ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша ортақ болғандардың құрбандары нәпіл (парыз немесе уәжіп емес бірақ Аллаға ғибадат ниетімен Қағбаға сый ретінде аталған) немесе уәжіп болса да болады, етке де ортақтасуға болады. Әбу Ханифаның пікірі бойынша барлық ортақтар «құрбан» ниетімен сою керек, етке ортақ болу ниетімен жасалған құрбандық қабыл етілмейді. Имам Зуфар ортақ болғандардың бәрінің ниеті де ортақ болу керек деген шартты келтірген, яғни, бәрінің ниетіндегі құрбанның түрі де бір болу керек. Мәликилердің кейбірі уәжіп құрбан болса ортақ шалуға болады десе, кейбірі нәпіл құрбан болса ортақ шалуға болады деген. Бірақ Имам Мәлик, Зуфардың айтқаны сияқты «рұқсат етілмейді» деген.

Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады. Мұндай малды ортақтасып шалуға болмайтынына ғалымдар келіскен.

  1. 1Бұхари, Хажж 102; Мүслим, Хажж 204, (1242).