Хадис

Истинжа. Истинжаның әдебі

Кутуб ситтә, 8-том, 480-тарау · 32 хадис · № 3536–3567

Хадистер

3536
Кутуб ситтә, № 3536 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَىٰ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ فَأَرَادَ أَنْ يَبُولَ فَأَتَىٰ دَمِثًا فِي أَصْلِ جِدَارٍ فَبَالَ، ثُمَّ قَالَ: إِذَا أَرَادَ أَحَدُكُمْ أَنْ يَبُولَ فَلْيَرْتَدْ لِبَوْلِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الدَّمِثُ»: الْمَوْضُعُ اللَّيِّنُ الَّذِي فِيهِ رَمْلٌ. «وَالِارْتِيَادُ»: التَّطَلُّبُ، وَاخْتِيَارُ الْمَوْضِعِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) жанында едім. Ол кіші дәрет сындырмақ болып, дуал түбіндегі құмдауыт, жұмсақ жерге барды. Әжетін өтеген соң: “Бірің кіші дәрет сындырмақ болсаңдар, соған қолайлы жер іздеңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Хадисте кіші дәрет сындыру үшін жұмсақ жер іздеу керектігі айтылады. Қатты жерге түскен зәр жан-жаққа шашырап, үсті-басты былғауы мүмкін. Алла елшісі (с.а.с.) осыдан сақтану үшін жұмсақтау жер таңдаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (3).
3537
Кутуб ситтә, № 3537 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

وَعَنِ الْمُغِيرَةَ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَى لِحَاجَتِهِ أَبْعَدَ فِي الْمَذْهَبِ». أَخْرَجُهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ، وَصَحَّحَهُ التَّرْمِذِي.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) әжетке шыққанда, алысқа баратын»1, – дейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (1) • Тирмизи, «Таһарат» (20) • Нәсәи, «Таһарат», 16 (1/18–19).
3538
Кутуб ситтә, № 3538 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اتَّقُوا اللَّاعِنَيْنِ. قَالُوا: وَمَا اللَّاعِنَانِ؟ قَالَ: الَّذِي يَتَخَلَّى فِي طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ ظِلِّهِمْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَهَذَا لَفْظُهُ، وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қарғысқа ұшырататын екі істен сақтаныңдар!” – деді. Сахабалар: “Қарғысқа ұшырататын екі іс қандай?” – деп сұрады. Ол: “Адамдар жүретін жолға немесе олар саялайтын көлеңкеге дәрет сындыру”, – деді».1

Түсіндірме

Хадис жұрттың қарғысына қалдыратын екі іске назар аударады. Олар – адам жүретін жол мен жұрт тынығатын көлеңкені былғау. Көпшілік пайдаланатын жерлерді таза ұстаған жөн. Әсіресе ол жерлерде әжет өтеуден сақтану керек.

Хадистегі тіркестің тура мағынасы – «Қарғыс айтатын екеуден сақтаныңдар». Олардың кім екенін сұрағанда, Алла елшісі жолға немесе көлеңкеге дәрет сындырғандарды атады. Өйткені мұндай жерді былғаған адам жұрттың қарғысына өзі себеп болады. Сөйтіп, өзіне өзі қарғыс айтқандай күйге түседі.

Мұндағы тыйым жұрт жүретін жолға, отырып тынығатын, тіпті аптапта көз шырымын алатын көлеңкеге қатысты. Адам аяғы сирек басатын жолдар мен жұрт пайдаланбайтын көлеңкелер бұл тыйымға кірмесе керек.

  1. 1Мүслим, «Таһарат» (269) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (25).
3539
Кутуб ситтә, № 3539 · тараудағы реті: 4

وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ مُعَاذٍ: «اتَّقُوا الْمَلَاعِنَ الثَّلَاثَ: الْبَرَازَ فِي الْمَوَارِدِ، وَقَارِعَةِ الطَّرِيقِ، وَالظَّلِّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіт Мұғаздан (р.а.) мына риуаятты жеткізеді: «Қарғысқа қалдыратын үш жерге – жұрт су алатын жерге, адам жүретін жолға және жұрт саялайтын көлеңкеге дәрет сындырудан сақтаныңдар».1

«الْبَرَازُ» بِفَتْحِ الْبَاءِ: مَوْضِعُ قَضَاءِ الْحَاجَةِ.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (26).
3540
Кутуб ситтә, № 3540 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәржис

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرْجِسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَنْ يُبَالَ فِي الْجُحْرِ. قِيلَ لِقَتَادَةَ: وَمَا يُكْرَهُ مِنَ الْبَوْلِ فِي الْجُحْرِ؟ قَالَ: كَانَ يُقَالُ إِنَّهَا مَسَاكِنُ الْجِنِّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәржис (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) інге кіші дәрет сындыруға тыйым салды».

Қатададан: «Інге зәр сындыру неліктен мәкрүһ?» – деп сұрағанда, ол: «Індер жындардың мекені делінетін», – деп жауап берді.1

Түсіндірме

«Жухр» – егістік жерлердегі ұсақ жәндіктердің іні. Олар індерін түнде және күн суықта паналайды. Інге дәрет сындыру жәндіктерді мазалап, олардың шабуылдау қаупін арттырады. Алла елшісі (с.а.с.) әлемге мейірім ретінде жіберілген. Сондықтан өсиеттерінде адамға да, жан-жануарға да мейірім көрсетуді насихаттаған. Бұл тыйым да жануарға қамқорлық танытуға үндейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (29) • Нәсәи, «Таһарат», 30 (1/33–34).
3541
Кутуб ситтә, № 3541 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَبُولَنَّ أَحَدُكُمْ فِي مُسْتَحَمِّهِ فَإِنَّ عَامَّةَ الْوَسْوَاسِ مِنْهُ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ: «ثُمَّ يَغْتَسِلُ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мұғаффәл (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Ешқайсың жуынатын жерге кіші дәрет сындырмаңдар. Уәсуәсаның көбі содан туады”, – деді».1

Әбу Дәуіттің нұсқасында «...сосын сол жерде жуынады» деген қосымша бар.

Түсіндірме

Хадисте жуынатын жерге дәрет сындыруға тыйым салынады. Кей ғалымдар бұл үкім жуынатын орынның жағдайына қарайды деген. Жер жұмсақ болып, ағын суға жол болмаса, зәр топыраққа сіңіп, сол жерде қалады. Ондай жерге зәр сындыруға болмайды. Ал еден қатты болып, зәр ағып кетсе немесе су ағатын тесігі болса, тыйым қолданылмайды. Нәуауи: «Еден қатты болып, зәрдің шашырау қаупі болса, тыйым күшінде. Зәр ағып кететін тесік болса және шашырау қаупі болмаса, тыйым жоқ», – деген.

Кей ғалымдар үкімді жердің жұмсақтығына не қаттылығына байлауды жөн көрмеген. Жуынатын жерге дәрет сындырғаннан уәсуәса туатынын ескеріп, жуынатын орын қандай болса да, мұндай істен сақтануды дұрыс санаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (27) • Тирмизи, «Таһарат» (21) • Нәсәи, «Таһарат», 32 (1/34).
3542
Кутуб ситтә, № 3542 · тараудағы реті: 7

وَعَنْ أُمَيْمَةَ بِنْتِ رُقَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَدَحٌ مِنْ عَيْدَانَ تَحْتَ سَرِيرِهِ يَبُولُ فِيهِ مِنَ اللَّيْلِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Умәйма бинт Руқайя (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) төсегінің астында құрма ағашынан жасалған ыдыс тұратын. Ол түнде кіші дәретін соған сындыратын».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (24) • Нәсәи, «Таһарат», 28 (1/31).
3543
Кутуб ситтә, № 3543 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әбу Әйюб

وَعَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: إِذَا أَتَيْتُمُ الْغَائِطَ فَلَا تَسْتَقْبِلُوا الْقِبْلَةَ وَلَا تَسْتَدْبِرُوهَا، وَلَكِنْ شَرِّقُوا أَوْ غَرِّبُوا».قَالَ أَبُو أَيُّوبَ: فَلَمَّا قَدَمَنَا الشَّامَ وَجَدْنَا مَرَاحِيضَ قَدْ بُنِيَتْ قِبَلَ الْقِبْلَةِ فَنَنْحَرِفُ عَنْهَا وَنَسْتَغْفِرُ اللَّهَ. أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Әжетке отырғанда, құбылаға жүздеріңді де, арқаларыңды да қаратпаңдар. Шығысқа не батысқа бұрылыңдар”, – деді».

Әбу Әйюб сөзін жалғап: «Шамға келгенімізде, әжетханалардың құбылаға қаратып салынғанын көрдік. Оларды пайдаланғанда, сәл қырындап отырып, Алладан кешірім тілейтінбіз», – дейді.1

Түсіндірме

Бұл хадис сенімнің үй тұрғызу үлгісіне де ықпал ететінін көрсетеді. Әр мәдениеттің баспанасы мен оны салудың өз ерекшеліктері бар. Ислам әдебі бойынша, әжетхана адамның алды да, арқасы да құбылаға қарамайтындай етіп салынады.

«Шығысқа не батысқа бұрылыңдар» деген нұсқау Мәдина тұрғындарына қатысты. Құбыласы шығысқа не батысқа тура келген елде әжет өтегенде сол бағыттарға бұрылмайды.

Кей ғалымдар № 3545 хадиске сүйеніп, құбылаға қарауға салынған тыйымды ашық жерге қатысты санаған. Қоршауы бар тар жерде бұл талаптың үкімі жеңілдеу деген.

  1. 1Бұхари, «Уудуғ» (144), «Салат», 29 • Мүслим, «Таһарат» (264) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (9) • Тирмизи, «Таһарат» (8) • Нәсәи, «Таһарат», 19–21 (1/21–23).
3544
Кутуб ситтә, № 3544 · тараудағы реті: 9

وَفِي رِوَايَةٍ لِمَالِكٍ: «أَنَّ أَبَا أَيُّوبَ قَالَ وَهُوَ بِمِصْرَ: وَاللَّهِ مَا أَدْرِي كَيْفَ أَصْنَعُ بِهَذِهِ الْكَرَايِيسِ، وَقَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا ذَهَبَ أَحَدُكُمْ لِغَائِطٍ، أَوْ بَوْلٍ فَلَا يَسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةَ وَلَا يَسْتَدْبِرْهَا بِفَرْجِهِ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәліктің бір нұсқасында Әбу Әйюбтің (р.а.) Мысырда жүріп айтқан мына сөзі беріледі: «Аллаға ант етемін, киряс деп аталатын мына әжетханаларды қалай пайдаланарымды білмеймін. Алла елшісі (с.а.с.): “Бірің үлкен не кіші дәретке барғанда, құбылаға алдымен де, артымен де бұрылмасын”, – деген еді».1

قَوْلُهُ «شَرِّقُوا أَوْ غَرِّبُوا»: أَمْرٌ لِأَهْلِ الْمَدِينَةِ، وَلِمَنْ قِبْلَتُهُ عَلَى ذَلِكَ السَّمْتِ، فَأَمَّا مِنْ كَانَتْ قِبْلَتُهُ إِلَى الشَّرْقِ، أَوِ الْغَرْبِ فَلَا يَسْتَقْبِلْهُمَا. «وَالْمَرَاحِيضُ»: جَمْعُ مِرْحَاضٍ: وَهُوَ الْمُغْتَسَلُ، وَمَوْضِعُ قَضَاءِ الْحَاجَةِ. «وَالْكَرَايِيسُ»: بِيَاءَيْنِ مُعْجَمَتَيْنِ بِنُقْطَتَيْنِ مِنْ تَحْتٍ جَمْعُ كِرْيَاسٍ، وَهُوَ الْكَنِيفُ الْمُشْرِفُ عَلَى سَطْحٍ بِقَنَاةٍ إِلَى الْأَرْضِ، فَإِذَا كَانَ أَسْفَلَ فَلَيْسَ بِكِرْيَاسٍ.

Түсіндірме

Киряс – Мысырда жерден көтеріңкі етіп салынған әжетхана. Жермен бір деңгейде салынған әжетхана бұлай аталмайды. Әбу Әйюбтің сөзінен ол көрген әжетханалардың құбылаға қарағаны аңғарылады.

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Қибла», 1 (1/193).
3545
Кутуб ситтә, № 3545 · тараудағы реті: 10

وَعَنْ مَرْوَانَ الْأَصْغَرَ قَالَ: «رَأَيْتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَاخَ رَاحِلَتَهُ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ، ثُمَّ جَلَسَ يَبُولُ إِلَيْهَا، فَقُلْتُ لَهُ: يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ أَلَيْسَ قَدْ نُهِيَ عَنْ هَذَا؟ قَالَ: بَلَى إِنَّمَا نُهِيَ عَنْ ذَلِكَ فِي الْفَضَاءِ، فَإِذَا كَانَ بَيْنَكَ، وَبَيْنَ الْقِبْلَةِ شَيْءٌ يَسْتُرُكَ فَلَا بَأْسَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Мәруан әл-Асғар былай дейді: «Ибн Омардың (р.а.) түйесін құбылаға қаратып шөктіргенін, сосын құбылаға қарап, оның тасасында кіші дәрет сындырғанын көрдім. Оған: “Уа, Әбу Абдуррахман, бұған тыйым салынбап па еді?” – дедім. Ол: “Иә, ашық далада бұлай істеуге тыйым салынған. Құбыла екеуіңнің араларыңда сені қалқалайтын нәрсе болса, мұның айыбы жоқ”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл хадис әжет өтегенде құбылаға жүзін не арқасын бұруға салынған тыйымның ашық жерге қатысты екенін білдіреді.

Бұл мәселе жөнінде ғалымдардың пікірлері әртүрлі. Кейбірі Жәбирден жеткен бір хадиске сүйеніп, жабық жерде құбылаға жүзін бұруға да болады деген. Әр пікірдің дәлелін талқылауға кіріспей, ғалымдардың тұжырымдарын қысқаша келтірейік:

1) Әбу Ханифа мен Ахмад ибн Ханбалдан жеткен бір риуаятта ашық жерде де, жабық жерде де құбылаға қарап әжет өтеуге рұқсат делінеді. Алайда Ибн Хажар осы екі имамнан кең тараған пікір бойынша екі жағдайда да құбылаға қарап әжет өтеу харам екенін айтады. Шафиғилерден Әбу Сәур, мәликилерден Ибн әл-Араби, заһирилерден Ибн Хазм осы көзқарасты ұстанған.

2) Имам Мәлік пен Шафиғи ашық жерде құбылаға қарап әжет өтеуді харам санайды, ал жабық жерде рұқсат береді. Аббас ибн Абдулмүттәлиб, Абдулла ибн Омар, Исхақ ибн Раһуя, Шағби және бір риуаят бойынша Ахмад ибн Ханбал да осы үкімді айтқан.

3) Әбу Әйюб әл-Ансари, Мүжаһид, Ибраһим ән-Нәхәи, Суфиян әс-Сәури, Әбу Сәур және бір риуаят бойынша Ахмад ибн Ханбал ашық жерде де, үй ішінде де құбылаға қарап әжет өтеуді дұрыс санамаған.

4) Уруа ибн әз-Зубайр, Имам Мәлік және бір риуаят бойынша Ахмад ибн Ханбал2 ашық жерде де, жабық жерде де құбылаға қарап әжет өтеуге рұқсат берген.

Хадис түсіндірмелерінде бұдан өзге үш көзқарас та аталады:

1) Әбу Юсуф үй ішінде ғана Қағбаға арқасын қаратып әжет өтеуге рұқсат берген.

2) Ибн Сирин мен ән-Нәхәидің пікірінше, Қағбаға да, Құдыстағы Ақса мешітіне де жүзді не арқаны қаратып әжет өтеуге мүлде болмайды.

3) Әбу Ауананың пікірінше, Қағбаға жүзін не арқасын қаратып әжет өтеу Мәдина мен оның маңындағы тұрғындарға ғана харам. Бұл тыйым Қағбаның шығысы мен батысында тұратындарға қолданылмайды.

Ескерту. Қазір тұрғын үйдің жобасын әзірлегенде ислам әдебіне үнемі мән берілмейді. Соның салдарынан мұсылмандар әжетхананы пайдаланғанда қиындыққа кезігеді. Бұл әдепті сақтауға ұқыпты болған жөн. Сонымен бірге ғалымдардың әртүрлі пікірін білген пайдалы. Амалымыз мүжтаһид имамдардың бірінің пікіріне сай келсе, қиындықтан шығуға жол ашылады. Сол себепті ғалымдардың негізгі көзқарастарын осында келтірдік.

Дегенмен сүннет әдебіне сай келмейтін әжетхананы пайдаланғанда, осы хадисті жеткізген Әбу Әйюб әл-Ансаридің ісін үлгі ете аламыз. Ол: «Шамға келгенде, әжетханалардың құбылаға қаратып салынғанын көрдік. Оларды пайдаланғанда, сәл қырындап отырып, Алладан кешірім тілейтінбіз», – деген.

Ислам әдебіне сай салынбаған әжетхананы пайдалануға тура келсе, қолымыздан келгенше әдепті сақтап, Алладан кешірім тілейміз. Мұндай жағдайдың әдепке қайшы екенін ұмытпай, оны қалыпты нәрсе деп қабылдап кетуден сақтанған жөн.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (11).
  2. 2Бірінші томда Ахмад ибн Ханбалды таныстырғанда айтылғандай, ол хадиске ерекше ден қойып, әр риуаятқа сай пікір білдірген. Бір мәселе жөнінде одан бірнеше пікір жетуі жиі кездеседі. Мұнда да аталған төрт көзқарастың әрқайсысына сай Ахмад ибн Ханбалдан (рахимаһуллаһ) бір пікір риуаят етілген.
3546
Кутуб ситтә, № 3546 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «ارْتَقَيْتُ فَوْقَ بَيْتِ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا لِبَعْضِ حَاجَتِي، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْضِي حَاجَتَهُ مُسْتَقْبِلَ الشَّامِ مُسْتَدْبِرَ الْقِبْلَةِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бір шаруамен Хафсаның (р.а.) үйінің төбесіне шықтым. Сонда Алла елшісінің (с.а.с.) жүзін Шамға, арқасын құбылаға қаратып әжет өтеп отырғанын көрдім».1

  1. 1Бұхари, «Уудуғ» (145, 148), «Хумус», 4 • Мүслим, «Таһарат» (266) • Мәлік, «Муатта», «Қибла», 3 (1/193–194) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (12) • Тирмизи, «Таһарат» (11) • Нәсәи, «Таһарат», 22 (1/23).
3547
Кутуб ситтә, № 3547 · тараудағы реті: 12

وَلِمُسْلِمٍ فِي أُخْرَى: «قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: يَقُولُ نَاسٌ: إِذَا قَعَدْتَ لِحَاجَتِكَ، فَلَا تَقْعُدْ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ وَلَا بَيْتِ الْمَقْدِسِ، لَقَدْ رَقَيْتُ عَلَى ظَهْرِ بَيْتِ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا». وَذَكَرَ الْحَدِيثَ.

Қазақша аудармасы

Мүслимнің бір нұсқасында Абдулла былай дейді: «Кей адамдар: “Әжетке отырғанда, құбылаға да, Бәйт әл-Мақдиске де қарама”, – дейді. Ал мен Хафсаның (р.а.) үйінің төбесіне шыққан едім...» Риуаяттың жалғасы алдыңғы нұсқадағыдай.1

Түсіндірме

№ 3545 хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, бұл риуаят әжет өтегенде Құдысқа қарауға тыйым салынған деген пікірге қайшы. Құдыс – мұсылмандардың алғашқы құбыласы, Алла елшісі миғражда көкке көтерілген мекен әрі пайғамбарлар ордасы. Осы риуаятқа сүйеніп, ғалымдардың көпшілігі әжет өтегенде Құдысқа қарауға тыйым салмаған. Мұны харам санағандар – Ибн Сирин мен Ибраһим ән-Нәхәи.

  1. 1Мүслим, «Таһарат» (266).
3548
Кутуб ситтә, № 3548 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Хузайфа

وَعَنْ حُذِيفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَانْتَهَى إِلَى سُبَاطَةِ قَوْمٍ فَبَالَ قَائِمًا».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге едім. Ол бір қауымның қоқыс төгетін орнына келіп, тік тұрып кіші дәрет сындырды».1

  1. 1Бұхари, «Уудуғ» (224) • Мүслим, «Таһарат» (273).
3549
Кутуб ситтә, № 3549 · тараудағы реті: 14

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ أَبِي وَائِلٍ قَالَ: «كَانَ أَبُو مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُشَدِّدُ فِي الْبَوْلِ، وَيَبُولُ فِي قَارُورَةٍ وَيَقُولُ: إِنَّ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَانُوا إِذَا أَصَابَ جِلْدَ أَحَدِهِمْ بَوْلٌ قَرَضَهُ بِالْمَقَارِيضِ، فَقَالَ حُذَيْفَةُ: وَدِدْتُ أَنَّ صَاحِبَكُمْ لَا يُشَدِّدُ هَذَا التَّشْدِيدَ، لَقَدْ رَأَيْتَنِي أَنَا وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَتَمَاشَى، فَأَتَى سُبَاطَةَ قَوْمٍ خَلْفَ حَائِطٍ، فَقَامَ كَمَا يَقُومُ أَحَدُكُمْ فَبَالَ، فَانْتَبَذْتُ مِنْهُ فَأَشَارَ إِلَيَّ فَجِئْتُ فَقُمْتُ عِنْدَ عَقِبِهِ حَتَّى فَرَغَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. «السُّبَاطَةُ»: الْكُنَاسَةُ وَالزَّبَالَةُ. قَالَ الْخَطَّابِيُّ: وَسَبَبُ بَوْلِهِ ﷺ قَائِمًا مَرَضٌ اضْطَرَّهُ إِلَيْهِ. «وَالِانْتِبَاذُ»: انْفِرَادُ وَاعْتِزَالُ نَاحِيَةً، وَإِدْنَاؤُهُ إِلَيْهِ لِيَسْتَتِرَ بِهِ عَنِ الْمَارِّةِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Уаил былай дейді: «Әбу Мұса (р.а.) кіші дәретке келгенде өте сақ болатын. Ол дәретін бір шыны ыдысқа сындырып: “Исраил ұрпақтарының бірінің терісіне зәр тисе, сол жерін қайшымен кесетін”, – дейтін. Мұны естіген Хузайфа (р.а.): “Жолдастарыңның мұнша қаталдық танытпағанын қалар едім. Алла елшісімен (с.а.с.) бірге келе жаттым. Ол дуалдың ар жағындағы бір қауымның қоқыс төгетін орнына келді де, сендердің бірің тұрғандай тік тұрып кіші дәрет сындырды. Мен одан шеткері кеттім. Ол ымдап шақырған соң, қасына қайта келіп, әжетін өтеп болғанша арт жағында тұрдым”, – деді».1

Түсіндірме

1. Төменде келетін кей риуаяттарда ер кісінің тік тұрып кіші дәрет сындыруы құпталмай, отырып дәрет сындыруға кеңес беріледі. Өзге риуаяттар бұл кеңестің міндет жүктемейтінін, әдепке шақыратынын көрсетеді. Соның бірі – осы хадис. Мұнда Алла елшісінің (с.а.с.) өзі де тік тұрып кіші дәрет сындырғаны айтылады.

Мәселені егжей-тегжейлі қарастырған Ибн Хажар сол кездегі араб ерлерінің әдетте тік тұрып кіші дәрет сындырғанын айтады. Кей риуаятта Алла елшісінің отырып дәрет сындырғанын көргендер таңғалған. Абдуррахман ибн Хасананың риуаятында: «Алла елшісі (с.а.с.) отырып дәрет сындырды. Біз: “Қараңдар, Алла елшісі әйелдер сияқты отырып дәрет сындырып жатыр”, – дедік», – делінеді. Ибн Мәжаның бір нұсқасында арабтардың тік тұрып дәрет сындыруға дағдыланғаны айтылады. Осы Хузайфа хадисінде де «сендердің бірің тұрғандай тік тұрып дәрет сындырды» деген сөз бар.

Алла елшісі (с.а.с.) қалыптасқан әдетке қарамастан, көбіне отырып дәрет сындырған. Отырып дәрет сындыру әуретті қалқалауға қолайлы әрі денеге зәр шашырау қаупін азайтады. Айша (р.а.): «Құран түсе бастаған күннен бері ол тік тұрып дәрет сындырған емес», – деген.

2. Хадистегі «субата» – бірнеше үйдің қоқысын төгетін ортақ орын. Әдетте ол үйлерге жақын болады. Қоқыс пен қалдықтар үйілген жер жұмсақ келеді. Сондықтан онда зәр жан-жаққа шашырап, киімге тиюі екіталай.

3. Хадисте Алла елшісі (с.а.с.) дәрет сындыра бастағанда, Хузайфаның шетке кеткені, кейін Алла елшісінің оны қасына шақырғаны айтылады. Ибн Хажар оны екі мақсатпен шақырғанын жазады:

1) Өтіп бара жатқан адамдарға қалқа болсын деген.

2) Қажет кезде шақырса, дауысын естісін немесе ымдаса, ишаратын көрсін деген.

4. Ибн Хажардың айтуынша, мұнда дәрет сындырып отырып сөйлесуге рұқсат берілген жоқ. Бір риуаятта «Бермен кел» деген сөз айтылса, басқа нұсқаларда, соның ішінде осы риуаятта, оның ымдап шақырғаны баяндалады.

5. Алла елшісінің бұл жолы әдеттегідей жұрт жүретін жерден алыс кетпеуін әртүрлі түсіндірген:

• Ол мұсылмандардың ісімен айналысып, мәжіліс ұзаққа созылғанда, дәреті қысқан болуы мүмкін. Хузайфаны артына тұрғызып, өтіп бара жатқандардан қалқаланды. Алдында дуал болған.

• Ол кейде жолдан алыс кетпей де кіші дәрет сындыруға рұқсат екенін көрсету үшін осылай істеген болуы мүмкін.

Бұл амал кіші дәретке қатысты. Кіші дәретте киімді сәл ашу жеткілікті. Ал үлкен дәретте дене көбірек ашылатындықтан, тасаға барып, ұқыптылық таныту керек. Жолдан алыстаудың негізгі мақсаты – денені көзден қалқалау.

Алла елшісі Хузайфаны қасына шақырып, артына тұрғызғанда, көздегені – әуретін оның денесімен қалқалау. Табаранидің бір риуаятында ол Хузайфаға: «Уа, Хузайфа, маған қалқа бол!» – деген.

6. Ибн Хажар хадистен мынадай тұжырымдар шығарған:

• Екі амалдың жеңілі таңдалады.

• Екі пайдалы істі қатар атқару мүмкін болмаса, пайдасы басымына басымдық беріледі.

• Алла елшісі үмбеттің игілігі үшін мәжілісін ұзартып, сахабаларына жиі баратын. Осындайда әжетке бару қажет болса, үмбетке пайдалы істі кідіртпеу үшін әдеттегідей алыс кетпеген. Бұл жолы Хузайфаны өзінен алыстатудан гөрі оны жақындатып, өтіп бара жатқан адамдардан қалқалану пайдалырақ еді. Екі істі қатар орындау мүмкін болмағандықтан, пайдасы басымын таңдаған.

  1. 1Бұхари, «Уудуғ» (224–226), «Мәзалим», 27 • Мүслим, «Таһарат» (273) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (23) • Тирмизи, «Таһарат» (13) • Нәсәи, «Таһарат», 24 (1/25).
3550
Кутуб ситтә, № 3550 · тараудағы реті: 15

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «رَأَيْتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَبُولُ قَائِمًا». أَخْرَجَهُ مَالَكٌ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ (рахимаһуллаһ): «Ибн Омардың (р.а.) тік тұрып кіші дәрет сындырып тұрғанын көрдім», – дейді.1

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 112 (1/65).
3551
Кутуб ситтә, № 3551 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Омар

وَعَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَآنِي النَّبِيُّّ ﷺ أَبُولُ قَائِمًا: فَقَالَ: يَا عُمَرُ، لَا تَبُلْ قَائِمًا: فَمَا بُلْتُ قَائِمًا بَعْدَ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) менің тік тұрып дәрет сындырып жатқанымды көріп: “Уа, Омар, тік тұрып дәрет сындырма!” – деді. Содан бері тік тұрып дәрет сындырған емеспін».1

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (12), Айша хадисіне берілген түсіндірмеде осы жеткізу жолының әлсіздігі көрсетілген.
3552
Кутуб ситтә, № 3552 · тараудағы реті: 17

وَرَوَى عُبَيْدُ اللَّهِ عَنْ نَافِعٍ عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ عُمَرُ: مَا بُلْتُ قَائِمًا مُنْذُ أَسْلَمْتُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ، وَقَالَ هَذَا أَصَحُّ عَنْ عُمَرَ، وَضَعَّفَ الرِّوَايَةَ الْأُولَى.

Қазақша аудармасы

Убәйдулла Нафиғтен, ол Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткізген риуаятта Омар (р.а.): «Исламды қабылдағалы тік тұрып кіші дәрет сындырған емеспін», – деген.1

قَالَ: وَمَعْنَى النَّهْيِ عَنِ الْبَوْلِ قَائِمًا عَلَى التَّأْدِيبِ، لَا عَلَى التَّحْرِيمِ.

Тирмизи Омардан (р.а.) жеткен осы риуаятты қуаттырақ, ал алдыңғысын әлсіз санаған. Оның түсіндіруінше, тік тұрып дәрет сындыруға салынған тыйым харам үкімін бекіту үшін емес, әдепке баулу үшін айтылған.

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ مِنَ الْجَفَاءِ أَنْ يَبُولَ الرَّجُلُ قَائِمًا».

Ибн Мәсғудтан (р.а.): «Ер адамның тік тұрып дәрет сындыруы – әдепсіздік», – деген сөз жеткен.

«الْجَفَاءُ»: خِلَافُ الْبِرِّ وَاللُّطْفِ.

Түсіндірме

Тік тұрып дәрет сындыру жайы талай пікірталасқа себеп болған. Жоғарыдағы риуаяттардың бірінен рұқсат ұғылса, енді бірінде одан қайтарған. Тирмизидің түсіндірмесі осы пікірлердің мәнін аша түседі. Мұның харам екенін білдіретін айқын үкім жоқ. Ибн Хажар былай дейді: «Әли, Омар, Зәйд ибн Сәбит және тағы бірнеше сахабаның тік тұрып дәрет сындырғаны риуаят етілген. Бұл риуаяттар зәрдің шашырамайтынына көз жетсе, тік тұрып дәрет сындыруға болатынын көрсетеді». Ибн Хажар бұл мәселеде Алла елшісінен (с.а.с.) нақты тыйым жетпегенін де атап өткен.

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (12), хадиске берілген түсіндірме.
3553
Кутуб ситтә, № 3553 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّهَا كَانَتْ تَقُولُ: مَنْ حَدَّثَكُمْ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَبُولُ قَائِمًا فَلَا تُصَدِّقُوهُ، مَا كَانَ يَبُولُ إِلَّا قَاعِدًا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Біреу сендерге Алла елшісі (с.а.с.) тік тұрып кіші дәрет сындырғанын айтса, оған сенбеңдер. Ол отырып қана дәрет сындыратын».1

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (12) • Нәсәи, «Таһарат», 25 (1/26).
3554
Кутуб ситтә, № 3554 · тараудағы реті: 19Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ خَلْفَهُ فَأَسَرَّ إِلَيَّ حَدِيثًا لَا أُحَدِّثُ بِهِ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ، وَكَانَ أَحَبَّ مَا اسْتَتَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجِتِهِ هَدَفٌ أَوْ حَائِشُ نَخْلٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ. «الْهَدَفُ»: هُنَا الْمُرْتَفِعُ. «وَالْحَائِشُ»: الْحَائِطُ مِنْ النَّخْلِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Жағфар (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) мені көлігіне артына мінгестіріп, ешкімге айтпайтын бір сырын бөлісті. Ол әжет өтегенде көбіне жердің биіктеу тұсын не құрма тоғайын қалқалауды ұнататын».1

  1. 1Мүслим, «Хайыз» (342) • Әбу Дәуіт, «Жиһад» (2549).
3555
Кутуб ситтә, № 3555 · тараудағы реті: 20

وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ حَسَنَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَفِي يَدِهِ كَهَيْئَةِ الدَّرَقَةِ فَوَضَعَهَا، ثُمَّ جَلَسَ خَلْفَهَا، فَبَالَ إِلَيْهَا، فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: انْظُرُوا يَبُولُ كَمَا تَبُولُ الْمَرْأَةُ، فَسَمِعَهُ، فَقَالَ: أَمَا عَلِمْتَ مَا أَصَابَ صَاحِبَ بَنِي إِسْرَائِيلَ؟ كَانُوا إِذَا أَصَابَهُمْ شَيْءٌ مِنَ الْبَوْلِ قَرَضُوهُ بِالْمَقَارِيضِ فَنَهَاهُمْ صَاحِبُهُمْ فَعُذِّبَ فِي قَبْرِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Хасана (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) қолына қалқанға ұқсас бір нәрсе ұстап, алдымызға шықты. Оны жерге қойып, тасасында отырып кіші дәрет сындырды. Арамыздағы бір кісі: “Қараңдар, әйел сияқты отырып дәрет сындырып жатыр”, – деді. Алла елшісі мұны естіп: “Исраил ұрпағындағы бір кісінің басына не түскенін білмейсің бе? Оларға зәр тисе, тиген жерін қайшымен кесіп тастайтын. Әлгі кісі оларды осыдан тыйып, сол себепті қабірінде азапқа ұшырады”, – деді».1

Түсіндірме

1. Бұл – отырып дәрет сындыруға үндейтін риуаяттардың бірі. Отырып дәрет сындырудың мақсаты да аңғарылады: зәрдің үсті-басқа шашырауынан сақтану.

2. Хадис бірнеше нұсқада жеткен. Кей нұсқада зәрдің денеге, енді бірінде киімге тигені айтылады. Сыртқы мағынасын негізге алғанда, зәр денеге тисе, терінің сол тұсын, киімге тисе, киімнің сол жерін кесіп тастаған. Кей ғалымдар мұнда киім меңзелген десе, өзгелері теріні де кесуі мүмкін екенін әрі мұның Исраил ұрпақтарына жүктелген ауыр міндеттердің бірі болғанын айтқан. Дегенмен Бұхаридің қуаттырақ нұсқасында киім аталады.

3. Риуаятта Исраил ұрпақтарына зәр шашырауынан сақтану үшін жүктелген ауыр міндетті алып тастаған кісінің осы ісі үшін қабірде азапқа ұшырағаны айтылады. Алла елшісі бұл оқиға арқылы зәрдің шашырауынан сақтанудың маңызын аңғартқан. Бұл мәселеде ұқыптылық танытпаған мұсылман да осындай азапқа ұшырауы мүмкін екенін ескерткен.

4. Алла елшісі (с.а.с.) исламның кей ақиқаттарын түрлі тәсілмен қайта-қайта жеткізген. Бұл – сөздің санада орнығуына әсерлі әдіс. Осылайша діннің айтқан ақиқаты жұртқа айқынырақ жеткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (22) • Нәсәи, «Таһарат», 26 (1/26–28).
3556
Кутуб ситтә, № 3556 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: لَا يَخْرُجُ الرَّجُلَانِ يَضْرِبَانِ الْغَائِطَ كَاشِفَيْنِ عَنْ عَوْرَتِهِمَا يَتَحَدَّثَانِ، فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَمْقُتُ عَلَى ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Екі кісі бірге әжет өтеуге барып, әуреті ашық күйде сөйлеспесін. Алла тағала мұндай істі жек көреді”, – дегенін естідім».1

«يَضْرِبَانِ» أَيْ يَقْصِدَانِ الْخَلَاءَ. وَمَعْنَى «يَمْقُتُ» يَبْغُضُ.

Түсіндірме

Хадисте әжет өтеп отырып сөйлесуге тыйым салынады. Онда екі ер кісі аталғанымен, бұл үкім екі әйелге де, әйел мен ер кісіге де қатысты. Әйел мен ер кісінің бұлай отыруы әдепке одан бетер қайшы. Ибн Хиббан жеткізген нұсқада: «Екі кісі әжет өтегенде бір-бірінің әуретін көретіндей отырып сөйлеспесін. Алла тағала мұндай істі жек көреді», – делінеді.

Хадистегі сөгіс сөз алысудың өзімен бірге сол кездегі әдепке қайшы жағдайды да қамтиды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (15).
3557
Кутуб ситтә, № 3557 · тараудағы реті: 22Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّّ ﷺ إِذَا أَرَادَ الْحَاجَةَ لَمْ يَرْفَعْ ثَوْبَهُ حَتَّى يَدْنُوَ مِنَ الْأَرْضِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжет өтемек болғанда, жерге жақындамайынша киімін көтермейтін».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (14) • Тирмизи, «Таһарат» (14).
3558
Кутуб ситтә, № 3558 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: مَنِ اكْتَحَلَ فَلْيُوتِرْ. مَنْ فَعَلَ فَقَدْ أَحْسَنَ وَمَنْ لَا فَلَا حَرَجَ، وَمَنْ اسْتَجْمَرَ فَلْيُوتِرْ، مَنْ فَعَلَ فَقَدْ أَحْسَنَ وَمَنْ لَا فَلَا حَرَجَ، وَمَنْ أَكَلَ فَمَا تَخَلَّلَ فَلْيَلْفِظْ وَمَا لَاكَ بِلِسَانِهِ فَلْيَبْتَلِعْ. مَنْ فَعَلَ فَقَدْ أَحْسَنَ وَمَنْ لَا فَلَا حَرَجَ، وَمَنْ أَتَى الْغَائِطِ فَلْيَسْتَتِرْ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ إِلَّا أَنْ يَجْمَعَ كَثِيبًا مِنْ رَمْلٍ فَلْيَسْتَدْبِرْهُ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَلْعَبُ بِمَقَاعِدِ بَنِي آدَمَ، مَنْ فَعَلَ فَقَدْ أَحْسَنَ وَمَنْ لَا فَلَا حَرَجَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الِاسْتِجْمَارُ»: اسْتِنْجَاءٌ بِالْجِمَارِ، وَهِيَ الْحِجَارَةُ الصِّغَارُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Кім көзіне сүрме жақса, тақ санмен жақсын. Солай істегені жақсы, олай істемесе де айыбы жоқ. Кім әжет өтеген соң таспен тазаланса, тақ санмен тазалансын. Солай істегені жақсы, олай істемесе де айыбы жоқ. Кім тамақтан соң тісінің арасындағы қалдықты шұқып шығарса, түкіріп тастасын. Ал тілімен алғанын жұта берсін. Солай істегені жақсы, олай істемесе де айыбы жоқ. Кім әжет өтеуге барса, тасалансын. Қалқа таппаса, ең болмаса құм үйіп, соған арқасын беріп отырсын. Өйткені шайтан адам баласының әжет өтейтін жерімен ойнайды. Солай істегені жақсы, олай істемесе де айыбы жоқ”».1

«فَلْيَلْفِظْ» أَيْ فَلْيَرْمِهِ مِنْ فِيهِ. وَ«لَاكَ» الشَّيْءَ يَلُوكُهُ: إِذَا أَدَارَهُ فِي فِيهِ. وَ«الْكَثِيبُ»: مَا اجْتَمَعَ مِنَ الرَّمْلِ مُرْتَفِعًا.

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте күнделікті тұрмыста ұстанатын әдепті көрсетеді. Ол істің көркем үлгісін нұсқап, сол үлгіні ұстанбаса да, кісінің күнәға қалмайтынын айтады. Демек, кей сүннетті орындау міндетке жатпайды. Оны орындаған кісі күнделікті ісін сауапқа себеп болатын амалға айналдырады. Мәселен, көзге сүрме жаққанда, сүрме таяқшасын тақ сан рет тигізсе, көзін де күткен, сүннетті де орындаған болады. Истинжада да солай. Алдымен тазарғанына көз жеткізеді, содан соң мүмкіндігінше тақ санмен аяқтап, сүннетті орындайды.

Мүмін сүннетті ұстану арқылы күнделікті істің өзін қалай болса солай атқармай, ұқыпты әрі саналы әрекет етуге үйренеді. Қарапайым істері де құлшылыққа айналып, игі нәтиже береді.

2. Кей хадис түсіндірушілер тіс арасынан тілмен алған қалдықты жұтуға рұқсат етіліп, өзге нәрсемен шұқып шығарғанын түкіру керектігін қызыл иектің қанауы мүмкіндігімен байланыстырған. Бұл да ықтимал. Алайда Алла елшісі себебін айтпағандықтан, үкімді сонымен ғана шектеу жеткіліксіз. Қан шықпаса да, қалдықты түкірген жөн. Осы әдепті ұстанбаса да, айыбы жоқ.

3. Алла елшісі (с.а.с.) әжет өтегенде көзден таса жер іздеуге кеңес берген. Қалқа таппаса, қолдан келгенше құм, тас не шөп үйіп, соған арқасын қаратып отыруды айтқан. Бұл әдептің маңызын білдіру үшін шайтанды атаған. Қалқалануға шама жетпесе, кісінің айыбы жоқ. Усул ілімінде бір істің харамдығын білдіру үшін шайтан, жаһаннам, күпір секілді ұғымдар қолданылатыны айтылады. Осыған сүйеніп, қолдан келгенше тасалану міндет саналған. Хадис түсіндірушілер қалқа болмаса, жел зәрді киімге не денеге шашыратуы, жұрттың көзі әуретке түсуі мүмкін екенін айтып, мұның бәрін шайтанның ойыны деп түсіндірген.

4. Хадистің мәнін ұғыну үшін сол кездегі тұрмысты да ескерген жөн. Жаһилият дәуірінде арабтар үй ішіне әжетхана салмайтын. Исламның алғашқы жылдарында да әжет өтеуге Мәдинаның сыртындағы тасалау жерлерге баратын. Кей риуаятта әйелдердің ол жаққа кешқұрым топтасып шығатыны айтылады. Әйелдердің жабынуына қатысты аят түскен соң, олардың сыртқа шығуы шектеліп, үйлерге жақын жерге әжетхана салына бастады. Алла елшісінің бөлмелерінің маңына да әжетхана салынған.2

Алла елшісінің бұл сөздері әуелі сол қоғамның тұрмысына орай айтылған. Одан ортақ қағида шығару үшін сол жағдайды ескеру қажет. Қазіргі қала тұрғыны мұндай нұсқаудың мәнін бірден аңғара бермеуі мүмкін. Алайда ауылда, далада немесе қаланың жағдайы жасалмаған өзге жерде хадистегі әдеп әлі де өзекті.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (35).
  2. 2Бұл мәселе кеңірек 3-томның 190-бетінде қарастырылған.
3559
Кутуб ситтә, № 3559 · тараудағы реті: 24Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيّّ ﷺ كَانَ إِذَا أَرَادَ الْبَرَازَ انْطَلَقَ حَتَّى لَا يَرَاهُ أَحَدٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжет өтемек болса, ешкім көрмейтіндей алысқа кететін».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (2).
3560
Кутуб ситтә, № 3560 · тараудағы реті: 25Риуаят етуші: Салман

وَعَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «وَقَالَ لَهُ الْمُشْرِكُونَ: إِنَّا نَرَى صَاحِبَكُمْ يُعَلِّمُكُمْ حَتَّى الْخِرَاءَةَ. قَالَ: أَجَلْ، لَقَدْ نَهَانَا أَنْ يَسْتَنْجِيَ أَحَدُنَا بِيَمِينِهِ، أَوْ يَسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةَ بِغَائِطٍ أَوْ بَوْلٍ، وَنَهَى عَنِ الرَّوْثَةِ وَالْعِظَامِ، وَقَالَ: لَا يَسْتَنْجِ أَحَدُكُمْ بِدُونِ ثَلَاثَةِ أَحْجَارٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ، وَاللَّفْظُ لِمُسْلِمٍ.

Қазақша аудармасы

Салманның (р.а.) айтуынша, мүшріктер оған: «Жолдастарың сендерге әжет өтеуді де үйретеді екен ғой», – деген. Салман: «Иә. Алла елшісі (с.а.с.) оң қолмен истинжа жасауға, үлкен не кіші дәрет өтегенде құбылаға қарауға тыйым салды. Әжеттен соң тезек не сүйекпен тазалануға да тыйым салып: “Ешқайсың үш тастан азымен тазаланбаңдар”, – деді», – деп жауап берген.1

  1. 1Мүслим, «Таһарат» (262) • Тирмизи, «Таһарат» (16) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (7) • Нәсәи, «Таһарат», 37, 42 (1/38–39, 43).
3561
Кутуб ситтә, № 3561 · тараудағы реті: 26

وَلَهُ فِي رِوَايَةٍ عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا اسْتَجْمَرَ أَحَدُكُمْ فَلْيُوتِرْ».قَالَ الْخَطَّابِيُّ «الْخِرَاءَةُ» مَكْسُورَةُ الْخَاءِ، مَمْدُودَةُ الْأَلِفِ: التَّخَلِّي وَالْقُعُودُ لِلْحَاجَةِ. قَالَ: وَأَكْثَرُ الرُّوَاةِ يَفْتَحُونَ الْخَاءَ، وَيَمُدُّونَ الْأَلِفَ، وَقَالَ الْجَوْهَرِيُّ فِي الصِّحَاحِ: الْخِرَاءَةُ بِالْفَتْحِ وَالْمَدِّ.

Қазақша аудармасы

Мүслим Жәбирден (р.а.) мына риуаятты да жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бірің истинжаға тас қолдансаңдар, тақ санмен қолданыңдар”, – деді».1

  1. 1Мүслим, «Таһарат» (239).
3562
Кутуб ситтә, № 3562 · тараудағы реті: 27Риуаят етуші: Әбу Қатада

وَعَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: إِذَا بَالَ أَحَدُكُمْ فَلَا يَأْخُذْ ذَكَرَهُ بِيَمِينِهِ، وَلَا يَسْتَنْجِ بِيَمِينِهِ، وَلَا يَتَنَفَّسْ فِي الْإِنَاءِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَاللَّفْظُ لِلْبُخَارِيِّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Бірің кіші дәрет сындырғанда, жыныс мүшесін оң қолымен ұстамасын. Оң қолымен тазаланбасын. Су ішкенде, ыдысқа дем шығармасын”, – деді».1

Түсіндірме

1. Хадис оң қолға құрмет көрсетіп, оны ластайтын істерден сақтауға үндейді. Кіші дәрет кезінде жыныс мүшесін ұстағанда және әжеттен кейін тазаланғанда оң қолды пайдаланбау керектігін білдіреді. Риуаяттарда Алла елшісінің оң қолын ішіп-жеуге, киімді алып-беруге және соған ұқсас істерге, сол қолын тазалануға қолданғаны айтылады. Шафиғилер қажетсіз жағдайда оң қолмен мұндай істерді атқаруды тәнзиһи мәкрүһ, ал ханбалилер мен заһирилер тахрими мәкрүһ санаған.

2. Басқа хадистерде суды кемінде үш бөліп ішу айтылған. Ыдысты ауыздан алмай, суды үш бөліп ішкен адам ыдыс ішіне дем шығаруға мәжбүр болады. Хадистегі тыйым осыған қатысты. Суды үш бөліп ішкенде асықпай, әр жолы ыдысты ауыздан алыстатып, дем алып барып ішу керек.

  1. 1Бұхари, «Уудуғ» (153–154, 159) • Мүслим, «Таһарат» (267) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (31) • Тирмизи, «Таһарат» (15) • Нәсәи, «Таһарат», 23, 42 (1/25, 43).
3563
Кутуб ситтә, № 3563 · тараудағы реті: 28Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَتْ يَدُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْيُمْنَى لِطُهُورِهِ وَطَعَامِهِ، وَكَانَتْ يَدُهُ الْيُسْرَى لِخَلَائِهِ، وَمَا كَانَ مِنْ أَذًى». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) оң қолын дәрет алуға және ас ішуге, ал сол қолын әжет өтегенде және жиіркенішті нәрседен тазаланғанда пайдаланатын».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (33). Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 10-том, 379-бет.
3564
Кутуб ситтә, № 3564 · тараудағы реті: 29Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: مَا مَسِسْتُ ذَكَرِي بِيَمِينِي مُنْذُ بَايَعْتُ بِهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَأَسْلَمْتُ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Османның (р.а.): “Мұсылман болып, Алла елшісіне (с.а.с.) серт берген күннен бері сол оң қолыммен жыныс мүшемді ұстамадым”, – дегенін естідім».1

فُسِّرَ ذَلِكَ بِأَنَّهُ لَمْ يَسْتَنْجِ بِهَا.

Бұл сөз «Оң қолымен ешқашан истинжа жасамаған» деп түсіндірілген.

  1. 1Рәзин келтірген нұсқа. Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 10-том, 380-бет • Ибн Мәжа, «Таһарат» (311), Уқба ибн Сұһбан жеткізген мағыналас риуаят.
3565
Кутуб ситтә, № 3565 · тараудағы реті: 30Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ وَضَعَ خَاتَمَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кіргенде, жүзігін шешетін».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кірерде жүзігін ондағы жазуға құрмет көрсетіп шешкен болуы мүмкін. Жүзігіне «Мұхаммәд расулуллаһ» деп жазылған еді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (19) • Тирмизи, «Либас» (1746) • Нәсәи, «Зинет», 54 (8/178).
3566
Кутуб ситтә, № 3566 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ قَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) тағы былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кірерде: “Аллаһумма инни әғузу бикә минәл-хубси уәл-хабаис” (Уа, Алла, жамандық пен жамандық иелерінен Өзіңе сиынамын), – дейтін».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (4) • Бұхари, «Уудуғ» (142) • Мүслим, «Хайыз» (375).
3567
Кутуб ситтә, № 3567 · тараудағы реті: 32

وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «إِنَّ هَذِهِ الْحُشُوشَ مُحْتَضَرَةٌ، فَإِذَا أَتَى أَحَدُكُمْ الْخَلَاءَ فَلْيَقُلْ: أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ».

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзі жеткен: «Бұл әжетханаларға жындар мен шайтандар келеді. Бірің әжетханаға барғанда: “Әғузу билләһи минәл-хубси уәл-хабаис” (Жамандық пен жамандық иелерінен Аллаға сиынамын), – десін».1

Түсіндірме

«Хуш» сөзі әуелде құрма бағы деген мағына берген. Үйде әжетхана салынбаған кезде жұрт сол бақтарда әжет өтейтін. Кейін бұл сөз «әжетхана» мағынасында да қолданыла бастаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (6), Зәйд ибн Арқамнан жеткен нұсқа.