Хадис

Кутуб ситтә, № 3540

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
480. Истинжа. Истинжаның әдебі
Нөмірі
№ 3540 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
3540
Кутуб ситтә, № 3540 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәржис

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرْجِسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَنْ يُبَالَ فِي الْجُحْرِ. قِيلَ لِقَتَادَةَ: وَمَا يُكْرَهُ مِنَ الْبَوْلِ فِي الْجُحْرِ؟ قَالَ: كَانَ يُقَالُ إِنَّهَا مَسَاكِنُ الْجِنِّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәржис (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) інге кіші дәрет сындыруға тыйым салды».

Қатададан: «Інге зәр сындыру неліктен мәкрүһ?» – деп сұрағанда, ол: «Індер жындардың мекені делінетін», – деп жауап берді.1

Түсіндірме

«Жухр» – егістік жерлердегі ұсақ жәндіктердің іні. Олар індерін түнде және күн суықта паналайды. Інге дәрет сындыру жәндіктерді мазалап, олардың шабуылдау қаупін арттырады. Алла елшісі (с.а.с.) әлемге мейірім ретінде жіберілген. Сондықтан өсиеттерінде адамға да, жан-жануарға да мейірім көрсетуді насихаттаған. Бұл тыйым да жануарға қамқорлық танытуға үндейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (29) • Нәсәи, «Таһарат», 30 (1/33–34).