وَلِمُسْلِمٍ فِي أُخْرَى: «قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: يَقُولُ نَاسٌ: إِذَا قَعَدْتَ لِحَاجَتِكَ، فَلَا تَقْعُدْ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ وَلَا بَيْتِ الْمَقْدِسِ، لَقَدْ رَقَيْتُ عَلَى ظَهْرِ بَيْتِ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا». وَذَكَرَ الْحَدِيثَ.
Мүслимнің бір нұсқасында Абдулла былай дейді: «Кей адамдар: “Әжетке отырғанда, құбылаға да, Бәйт әл-Мақдиске де қарама”, – дейді. Ал мен Хафсаның (р.а.) үйінің төбесіне шыққан едім...» Риуаяттың жалғасы алдыңғы нұсқадағыдай.1
Түсіндірме
№ 3545 хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, бұл риуаят әжет өтегенде Құдысқа қарауға тыйым салынған деген пікірге қайшы. Құдыс – мұсылмандардың алғашқы құбыласы, Алла елшісі миғражда көкке көтерілген мекен әрі пайғамбарлар ордасы. Осы риуаятқа сүйеніп, ғалымдардың көпшілігі әжет өтегенде Құдысқа қарауға тыйым салмаған. Мұны харам санағандар – Ибн Сирин мен Ибраһим ән-Нәхәи.
- 1Мүслим, «Таһарат» (266).