وَرَوَى عُبَيْدُ اللَّهِ عَنْ نَافِعٍ عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ عُمَرُ: مَا بُلْتُ قَائِمًا مُنْذُ أَسْلَمْتُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ، وَقَالَ هَذَا أَصَحُّ عَنْ عُمَرَ، وَضَعَّفَ الرِّوَايَةَ الْأُولَى.
Убәйдулла Нафиғтен, ол Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткізген риуаятта Омар (р.а.): «Исламды қабылдағалы тік тұрып кіші дәрет сындырған емеспін», – деген.1
قَالَ: وَمَعْنَى النَّهْيِ عَنِ الْبَوْلِ قَائِمًا عَلَى التَّأْدِيبِ، لَا عَلَى التَّحْرِيمِ.
Тирмизи Омардан (р.а.) жеткен осы риуаятты қуаттырақ, ал алдыңғысын әлсіз санаған. Оның түсіндіруінше, тік тұрып дәрет сындыруға салынған тыйым харам үкімін бекіту үшін емес, әдепке баулу үшін айтылған.
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ مِنَ الْجَفَاءِ أَنْ يَبُولَ الرَّجُلُ قَائِمًا».
Ибн Мәсғудтан (р.а.): «Ер адамның тік тұрып дәрет сындыруы – әдепсіздік», – деген сөз жеткен.
«الْجَفَاءُ»: خِلَافُ الْبِرِّ وَاللُّطْفِ.
Түсіндірме
Тік тұрып дәрет сындыру жайы талай пікірталасқа себеп болған. Жоғарыдағы риуаяттардың бірінен рұқсат ұғылса, енді бірінде одан қайтарған. Тирмизидің түсіндірмесі осы пікірлердің мәнін аша түседі. Мұның харам екенін білдіретін айқын үкім жоқ. Ибн Хажар былай дейді: «Әли, Омар, Зәйд ибн Сәбит және тағы бірнеше сахабаның тік тұрып дәрет сындырғаны риуаят етілген. Бұл риуаяттар зәрдің шашырамайтынына көз жетсе, тік тұрып дәрет сындыруға болатынын көрсетеді». Ибн Хажар бұл мәселеде Алла елшісінен (с.а.с.) нақты тыйым жетпегенін де атап өткен.
- 1Тирмизи, «Таһарат» (12), хадиске берілген түсіндірме.