وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ وَضَعَ خَاتَمَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кіргенде, жүзігін шешетін».1
Түсіндірме
Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кірерде жүзігін ондағы жазуға құрмет көрсетіп шешкен болуы мүмкін. Жүзігіне «Мұхаммәд расулуллаһ» деп жазылған еді.
- 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (19) • Тирмизи, «Либас» (1746) • Нәсәи, «Зинет», 54 (8/178).