وَعَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: إِذَا أَتَيْتُمُ الْغَائِطَ فَلَا تَسْتَقْبِلُوا الْقِبْلَةَ وَلَا تَسْتَدْبِرُوهَا، وَلَكِنْ شَرِّقُوا أَوْ غَرِّبُوا».قَالَ أَبُو أَيُّوبَ: فَلَمَّا قَدَمَنَا الشَّامَ وَجَدْنَا مَرَاحِيضَ قَدْ بُنِيَتْ قِبَلَ الْقِبْلَةِ فَنَنْحَرِفُ عَنْهَا وَنَسْتَغْفِرُ اللَّهَ. أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.
Әбу Әйюб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Әжетке отырғанда, құбылаға жүздеріңді де, арқаларыңды да қаратпаңдар. Шығысқа не батысқа бұрылыңдар”, – деді».
Әбу Әйюб сөзін жалғап: «Шамға келгенімізде, әжетханалардың құбылаға қаратып салынғанын көрдік. Оларды пайдаланғанда, сәл қырындап отырып, Алладан кешірім тілейтінбіз», – дейді.1
Түсіндірме
Бұл хадис сенімнің үй тұрғызу үлгісіне де ықпал ететінін көрсетеді. Әр мәдениеттің баспанасы мен оны салудың өз ерекшеліктері бар. Ислам әдебі бойынша, әжетхана адамның алды да, арқасы да құбылаға қарамайтындай етіп салынады.
«Шығысқа не батысқа бұрылыңдар» деген нұсқау Мәдина тұрғындарына қатысты. Құбыласы шығысқа не батысқа тура келген елде әжет өтегенде сол бағыттарға бұрылмайды.
Кей ғалымдар № 3545 хадиске сүйеніп, құбылаға қарауға салынған тыйымды ашық жерге қатысты санаған. Қоршауы бар тар жерде бұл талаптың үкімі жеңілдеу деген.
- 1Бұхари, «Уудуғ» (144), «Салат», 29 • Мүслим, «Таһарат» (264) • Әбу Дәуіт, «Таһарат» (9) • Тирмизи, «Таһарат» (8) • Нәсәи, «Таһарат», 19–21 (1/21–23).