Хадис

Ихрам және ондағы тыйымдар

Кутуб ситтә, 4-том, 152-тарау · 62 хадис · № 1199–1260

ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ УМРА

Хадистер

1199
Кутуб ситтә, № 1199 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَا يَلْبَسُ الْمُحْرِمُ؟ قَالَ: لَا يَلْبَسُ الْمُحْرِمُ الْقَمِيصَ وَلَا الْعِمَامَةَ وَلَا الْبُرْنُسَ وَلَا السَّرَاوِيلَ وَلَا ثَوْبًا مَسَّهُ وَرْسٌ وَلَا زَعْفَرَانٌ وَلَا الْخُفَّيْنِ إِلَّا أَنْ لَا يَجِدَ نَعْلَيْنِ فَلْيَقْطَعْهُمَا حَتَّى يَكُونَا أَسْفَلَ مِنَ الْكَعْبَيْنِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَزَادَ الْبُخَارِيُّ: وَلَا تَنْتَقِبُ الْمَرْأَةُ الْمُحْرِمَةُ وَلَا تَلْبَسُ الْقُفَّازُيْنِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.) ихрамға кірген адамның қандай киім киетіні сұралды. Ол: “Ихрамдағы кісі көйлек, сәлде, бүрнус1, шалбар, уәрс2 не зағфаран3 жұққан киім кимейді. Мәсі де кимейді. Тәпішке (нәғла)4 таба алмаса, мәсінің тобықтан жоғары жауып тұратын бөлігін кесіп, тобықтан төмен етіп кисін”, – деді».

Бұхари нұсқасында: «Ихрамдағы әйел ниқаб та, қолғап та кимейді»5, – деген қосымша бар.

«الْقُفَّازُ» بِضَمِّ الْقَافِ وَتَشْدِيدِ الْفَاءِ: شَيْءٌ يُعْمَلُ لِلْيَدَيْنِ يُحْشَى بِقُطْنٍ وَيَكُونُ لَهُ أَزْرَارٌ يُزَرَّرُ بِهَا عَلَى السَّاعِدَيْنِ مِنَ الْبَرْدِ تَلْبِسُهُ الْمَرْأَةُ فِي يَدَيْهَا.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят ихрамға кірген кісінің киіміне қатысты. «Ихрам» сөзінің тілдік мағынасы – «тыйым салу». Қажылық не умра кезінде ер кісі оранатын арнайы киім де «ихрам» аталады. Ал «мухрим» – ихрамға кірген адам.

2. Хадисте ихрамға кірген ер кісіге көйлек, шалбар, бүрнус сияқты дене бітіміне сай тігілген киім, сондай-ақ сәлде мен мәсі киюге тыйым салынады. Аяғына табаны бар, үсті ашық тәпішке кие алады. Тәпішке табылмаса, Алла елшісі (с.а.с.) мәсінің тобықты жабатын жоғарғы бөлігін кесіп киюге рұқсат берген.

Қади Иядтың айтуынша, ғалымдар ихрамдағы ер кісіге көйлек, шалбар және сол тәрізді тігілген киім, сәлде және басты жауып тұратын өзге жабын киюге тыйым салынатынына бірауыздан келіскен. Хадистегі «мәсі» атауына аяқты тұтас жауып тұратын өзге аяқкиім де жатады.

Ибн әл-Мунзир тағы бір ижмағты келтіреді: әйелдер аталған киімдерді кие алады, ал уәрс пен зағфаран жұққан киімге қатысты тыйым ерге де, әйелге де ортақ. Ол кезде уәрс пен зағфаран бояу әрі жұпар иіс ретінде қолданылған. Ғалымдар осы екеуі аталғанымен, ихрамдағы адамға жағылатын өзге хош иістерге де тыйым салынатынына бірауыздан келіскен. Шафиғи ғалымдарының бір бөлігі осыған қияс жасап, зағфаранның иісі бар тағамды да жеуге тыйым салған. Ханафилер хадистегі тыйым кию мен жағуға қатысты екенін айтып, бұл үкімді ішіп-жеуге қолданбаған.

Ханафилердің пікірінше, сүрткенде не жуғанда бояуы шықпайтын киімді ихрамда киюге болады. Шафиғилер су тигенде хош иіс шығатын киімді жарамсыз санайды. Киімнің дағы жуғанда кетпесе де, одан хош иіс шықпаса, киюге болады.

3. Ихрамдағы ер кісіге үсті жабық аяқкиімнің орнына үсті ашық тәпішке кию әмір етілген. Тәпішке таппаған адам мәсінің тобығын жабатын бөлігін кесіп кие алады. Бұхариде Ибн Аббастан жеткен риуаятта былай делінген:

فَإِنْ لَمْ يَجِدْ نَعْلَيْنِ فَلْيَلْبَسِ الْخُفَّيْنِ

«Тәпішке таппаса, мәсі кисін».

Ахмад ибн Ханбал осы риуаятқа сүйеніп, мәсіні кеспей киюге де болады деген.

Ғалымдардың көпшілігі тәпішкесі бар адамға, мәсінің жоғарғы жағы кесілген болса да, оны киюге болмайды деп есептеген. Шафиғилер мен ханафилердің кейбірі рұқсат берген. «Таба алмау» дегеніміз – тәпішкенің болмауы немесе оны сатып алуға шамасы жетпеуі. Сатушы алдап сатса, тәпішкені сатып алуға міндетті емес. Сыйға ұсынса, қабылдамауына болады. Уақытша пайдалануға берсе, алуы керек.

Шафиғилердің пікірінше, тәпішке таба алмай, мәсі киген адам фидия төлемейді. Ханафилер фидияны міндетті санайды. Ғалымдардың көпшілігі мәсінің тобық пен аяқ үстін жауып тұрған бөлігін кесіп, аяққа бекітетін бауын ғана қалдыру шарт деген. Ахмад ибн Ханбал Ибн Аббастың риуаятына сүйеніп, мәсіні кеспей киюге рұқсат берген. Бұл пікір «шектеусіз мәтін шектеулі мәтінге сай түсіндіріледі» деген қағида тұрғысынан сыналған. Ханбалилер оған бірнеше уәж айтқан, оларды бұл жерде тарқатпаймыз.

4. Бұхаридегі «Ихрамдағы әйел ниқаб та, қолғап та кимейді» деген сөзді ғалымдар қажылықта әйелдің жүзін ашық ұстауына негіз еткен. Түсіндірмеде жүзді қымтап жабу харам деп көрсетіледі. Қолды жабу жөнінде әртүрлі пікір айтылған. Хадисте қолғап киюге тыйым әйелдерге қатысты айтылса да, ғалымдар бұл үкімді ерлерге де қолданған.

  1. 1Бүрнус – басты да жауып тұратын жамылғы.
  2. 2Уәрс – сары бояу алынатын өсімдік. Оның хош иісті затқа жататыны жөнінде әртүрлі пікір бар.
  3. 3Зағфаран – бояу және хош иіс ретінде қолданылатын өсімдік.
  4. 4Нәғла – табаны бар, үсті ашық, аяққа баумен ілінетін аяқкиім.
  5. 5Бұхари, «Хаж», 21 (№ 1542), «Жәзаус-сайд», 13, 15, «Ілім», 53, «Салат», 9. Мүслим, «Хаж», 1 (№ 1177). Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 8 (1/324–328). Тирмизи, «Хаж», 18 (№ 833). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 32 (№ 1824–1826). Нәсәи, «Хаж», 28 (5/129).
1200
Кутуб ситтә, № 1200 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ النِّسَاءَ فِي إِحْرَامِهِنَّ عَنِ الْقُفَّازَيْنِ وَالنِّقَابِ وَمَا مَسَّهُ الْوَرْسُ وَالزَّعْفَرَانُ مِنَ الثِّيَابِ وَلْتَلْبَسْ بَعْدَ ذَلِكَ مَا أَحَبَّتْ مِنْ أَنْوَاعِ الثِّيَابِ مِنْ مُعَصْفَرٍ أَوْ خَزٍّ أَوْ حُلِيٍّ أَوْ سَرَاوِيلَ أَوْ قَمِيصٍ أَوْ خُفٍّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен тағы бір риуаятта: «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамға кірген әйелдерге қолғап, ниқаб және уәрс пен зағфаран жұққан киім киюге тыйым салды. Содан кейін: “Бұлардан өзге қалағанын кисін: мақсарыға боялған киім, жібек мата, әшекей, шалбар, көйлек не мәсі”, – деді»1.

Түсіндірме

Бұл риуаятта ихрамдағы әйелдің киіміне қатысты үш талап айтылады:

1. Ниқаб кимеу.

2. Қолғап кимеу.

3. Хош иіс жұққан киім кимеу.

Хадисте уәрс пен зағфараннан өзге затпен боялған киімге рұқсат берілген. Мақсарыға боялған киім де арнайы аталған. Әли әл-Қари бұл мәселеде ханафи ғалымдары сақтық танытқанын жазады: ихрамдағы адам уәрс, зағфаран не мақсарыға боялған киімді бір күн немесе одан ұзақ кисе, қой шалуға, одан аз уақыт кисе, садақа беруге тиіс деген пікір бар. Осыған орай әл-Қари хадистегі рұқсатты боялған соң жуылып, иісі кеткен не жай ғана сары түсті киімге қатысты түсіндірген. Ол Ибн Хажардың бояуда иіс жоқ деген пікіріне де келіспеген.

Әли әл-Қари әйелдер ихрамда алтыннан және басқа заттардан жасалған сырға, аяқ білезік, қол білезік сияқты әшекей таға алатынын айтқан. Бағауидің «Шарх әс-сунна» кітабындағы риуаятта Айша (р.а.) ихрамға кірген әйелдің жібек, жібек жіппен тоқылған және боялған киім киіп, әшекей таға алатынын айтқан.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 32 (№ 1827).
1201
Кутуб ситтә, № 1201 · тараудағы реті: 3

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ عَائِشَةَ: «أَنَّهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَخَّصَ لِلنِّسَاءِ فِي الْخُفَّيْنِ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамдағы әйелдерге мәсі киюге рұқсат бергені1 айтылады.

Түсіндірме

Әбу Дәуітте бұл риуаят толығырақ берілген:

أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ كَانَ يَصْنَعُ ذَلِكَ، يَقْطَعُ الْخُفَّيْنِ لِلْمَرْأَةِ الْمُحْرِمَةِ. ثُمَّ حَدَّثَتْهُ صَفِيَّةُ بِنْتُ أَبِي عُبَيْدٍ أَنَّ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا حَدَّثَتْهَا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَدْ كَانَ رَخَّصَ لِلنِّسَاءِ فِي الْخُفَّيْنِ، فَتَرَكَ ذَلِكَ.

Абдулла ибн Омар (р.а.) ихрамдағы әйел кісінің мәсісінің қонышын кесетін. Кейін Сафия бинт Әбу Убайд оған Айшаның (р.а.) «Алла елшісі (с.а.с.) әйелдерге мәсі киюге рұқсат еткен» деген сөзін жеткізді. Содан соң Абдулла мұны доғарды.

Бұл риуаятта № 1199 хадиске сілтеме жасалған. Абдулла ибн Омар ерлерге айтылған үкімге қияс жасап, ихрамдағы әйел де мәсінің жоғарғы жағын кесіп киюге тиіс деп пәтуа берген.

Азимабадидің түсіндіруінше, فَتَرَكَ ذَلِكَ тіркесі «Ибн Омар осыны естіген соң бұрынғы пәтуасынан қайтты» дегенді білдіреді. Демек, әйелдер ихрамда аяқтарын жауып тұратын мәсі тәрізді аяқкиім кие алады.

Ибн әл-Мунзир: «Ихрамдағы әйелдер тігілген киімнің кез келген түрін және мәсі кие алады, басы мен шашын жабады. Бөгде ерлердің назарынан қорғану үшін жеңіл жаулықты бетіне түсіре алады. Ғалымдар бұған бірауыздан келіскен», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 33 (№ 1831).
1202
Кутуб ситтә, № 1202 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ لَمْ يَجِدْ إِزَارًا فَلْيَلْبَسْ سَرَاوِيلَ، وَمَنْ لَمْ يَجِدْ نَعْلَيْنِ فَلْيَلْبَسْ خُفَّيْنِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Белден төмен орайтын изар таба алмаған адам шалбар кисін. Тәпішке таба алмаса, мәсі кисін»1.

Түсіндірме

Изар – белден төмен қарай орайтын киім. Ихрамдағы ер кісі әдетте осыны киеді. Изардың таза әрі ақ болғаны абзал. Хадисте изар табылмаса, шалбар киюге болатыны айтылған. Осыдан ғалымдар бірнеше үкім шығарған:

1. Ахмад ибн Ханбал хадистің сыртқы мағынасы бойынша үкім берген. Тәпішке мен изар таба алмаған адамның мәсі мен шалбар киюіне болатынын айтқан.

2. Ғалымдардың көпшілігі мәсінің үстіңгі жағы кесіліп, үсті ашық киілу керек, шалбар жыртылып изар орнына оралу керек деп шарт қосқан. Ал бұларды үзірсіз киген адам підия жазасын өтейді дейді.

3. Шафиғилердің көпшілігінің пікірі бойынша, шалбарды жыртпай кие беруге болады.

4. Имам Мұхаммед шалбардың жыртылуы керек деген шарт қосты.

5. Имам Ағзам мен Имам Мәлик шалбарға қатысты нақты пәтуа бермеген.

6. Ханафилерден Рази: «Жыртпай киюге болады, бірақ підия төлейді» деген. Ханафилер мәсіге қатысты да осылай айтқан.

  1. 1Бұхари, Либас 14, 37, Хажж 132, Жәзаус-сайд 15, 16; Мүслим, Хажж 4,(1178); Тирмизи, Хажж 19, (834); Әбу Дәуіт, Хажж 32, (1829); Нәсәи, Хажж 32, (5, 132).
1203
Кутуб ситтә, № 1203 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ نَافِعٍ، «أَنَّهُ سَمِعَ أَسْلَمَ مَوْلَى عُمَرَ يَقُولُ لِابْنِ عُمَرَ: رَأَى عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَلَى طَلْحَةَ ثَوْبًا مَصْبُوغًا وَهُوَ مُحْرِمٌ. فَقَالَ: مَا هَذَا الثَّوْبُ الْمَصْبُوغُ يَا طَلْحَةُ؟ فَقَالَ طَلْحَةُ: إِنَّمَا هُوَ مَغْرَةٌ أَوْ مَدَرٌ فَقَالَ: إِنَّكُمْ أَيُّهَا الرَّهْطُ أَئِمَّةٌ يَقْتَدِي بِكُمْ النَّاسُ. فَلَوْ أَنَّ رَجُلًا جَاهِلًا رَأَى هَذَا لَقَالَ إِنَّ طَلْحَةَ بْنَ عُبَيْدِاللَّهِ كَانَ يَلْبَسُ الثِّيَابَ الْمُصَبَّغَةَ فِي الْإِحْرَامِ، فَلَا تَلْبَسُوا أَيُّهَا الرَّهْطُ مِنْ هَذِهِ الثِّيَابِ».

Қазақша аудармасы

Нафиғтың айтуынша, Омардың азат еткен құлы Әсләм Ибн Омарға (р.а.) мына оқиғаны айтып берген: «Омар (р.а.) Талханың (р.а.) ихрамда боялған киім киіп жүргенін көріп: “Уа, Талха, мына бояулы киім қандай киім?” – деп сұрады. Талха: “Уа, мүміндердің әміршісі, бұл – қызыл топыраққа боялған киім”, – деді. Омар: “Уа, жамағат, сендер – жұрт үлгі алатын ел ағаларысыңдар. Мұны көрген білмейтін адам: ‘Талха ибн Убайдулла ихрамда бояулы киім киген’, – деуі мүмкін. Сондықтан мұндай бояулы киім кимеңдер”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Хадистің жоғарыдағы мәтінінде «Муаттадағы» мәтіннен бірнеше сөз кем келген. Аудармада кем сөздерді жақшаның ішіне алып келтірдік.

2. Талханың (р.а.) үстінде киім, анық тыйым салынған уәрс пен зағфаранмен боялған киім емес еді. Сондықтан әзірет Омар: «Бұл не?» деп сұраған еді. Әрине бұл сұрақ, ол киімнің әзірет Омардың көңіліне жақпағандықтан туындаған болатын. Өйткені әзірет Омар Талха сияқты алдыңғы буын сахабаларға қарап бой түзейтін жаһил халықтың оны уәрс немесе зағфаранмен боялған киім деп ойлап, ол бояулармен боялған киімді ихрам қылып кие беруге болады деп қателікке бой алдыра ма деп қорыққан еді.

3. Талха ибн Убәйдуллаға (р.а.) әзірет Омар: «Сендер ел ағаларысыңдар (жетекшісіңдер)» деп айтқан. Өйткені Талха (р.а.) сахабалардың алдыңғы буындарының бірі еді. Өйткені ол – әзірет Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Исламды қабылдаған алғашқы сегіз мұсылманның бірі, сонымен қатар жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның да бірі еді. Әзірет Омар құрған шураның (кеңес) алты мүшесінің бірі болған. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны Сирия тарапына барлаушы ретінде жібергендіктен, Бәдір соғысына қатыспаған еді. Бірақ Бәдірден түскен олжадан оған да үлес бөлініп, Бәдірге қатысу сауабына ие болғандығы сүйіншіленген. Ухуд және басқа жорықтарға қатысқан, Бәйтур-Ридуанда ішінде болған. Ұхуд соғысында басынан ауыр жағдайлар өткерді, Расулаллаға қалқан болып жебелерге қолдарын төсеп, ауыр жарақаттар алған. Расулалланы арқасына көтеріп жардың үстіндегі қауіпсіз жерге жеткізген. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны Ұхудта «Талхатул-хайр», Усра күнінде «Талхатул-Фәйя», Хунәйн күні «Талхатул-жуд» деп атап, ілтипат білдірген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Талха мен Зубәйір, жәннатта менің екі көршім болады» деген сөзі де халық арасында әйгілі.

Расулалла оның шәһид болатындығы жайлы да былай хабар берген: «Екі аяғымен жүріп жүрген бір шәһидті көргісі келгендер Талхаға қарасын!» Расымен де Талха (р.а.) Жәмал оқиғасында әзірет Алидің (р.а.) сапында соғысып жүріп, Мәруан ибн әл-Хакәмнің атқан оғынан шәһид болған.

Риуаят бойынша, бір адам Талха ибн Убәйдулланы (р.а.) үш күн қатарынан түсінде көреді. Әр көрген сайын: «Қабірімнің орнын өзгертіңдер, су мазамды кетіріп жатыр», – дейді. Ол адам сол түсті үшінші рет көргеннен кейін, ибн Аббасқа (р.а.) келіп түсін айтады. Содан кейін Талханың (р.а.) қабіріне барып қарап көрсе, расымен де қабірге су өтіп көгергенін көреді және қабірді ауыстырады.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 10 (1/326, бір нөмірлеуде № 909).
1204
Кутуб ситтә, № 1204 · тараудағы реті: 6

وَعَنْ عُرْوَةَ قَالَ: «كَانَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ أَبِي بَكْرٍ تَلْبَسُ الثِّيَابَ الْمُعَصْفَرَاتِ الْمُشَبَّعَاتِ وَهِيَ مُحْرِمَةٌ لَيْسَ فِيهَا زَعْفَرَانٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Уруа былай дейді: «Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) ихрамда мақсарыға қанық боялған киім киетін, бірақ киіміне зағфаран жұқпаған еді»1.

Түсіндірме

Киімдегі бұл бояудың су тигенде өзгермейтін, дымқылға өшпейтін болу керектігі түсіндірмелерде айтылды. Су тигенде өзгеріске ұшырайтын бояудан иіс те шығады. Сондықтан ихрамды ерлерге де, әйелдерге де қолдануға рұқсат етілмеген. Әсманың (р.а.) киімдерінде зағфаран жоқ еді деген сөз, оның киіміндегі бояудың өшпейтіндігін білдіреді.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 11 (1/326, бір нөмірлеуде № 745).
1205
Кутуб ситтә, № 1205 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Яғла ибн Умәйя

وَعَنْ يَعْلَى بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ بِالْجِعِرَّانَةِ قَدْ أَهَلَّ بِعُمْرَةٍ وَهُوَ مُصَفِّرٌ لِحْيَتَهُ وَرَأْسَهُ وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ. فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَحْرَمْتُ بِعُمْرَةٍ وَأَنَا كَمَا تَرَى. فَقَالَ: انْزِعْ عَنْكَ الْجُبَّةَ وَاغْسِلْ عَنْكَ الصُّفْرَةَ». أَخْرَجَهُ السِتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ: وَاصْنَعْ فِي عُمْرَتِكَ مَا صَنَعْتَ فِي حَجَّتِكَ.

Қазақша аудармасы

Яғла ибн Умайя (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Жиғранада жүргенде умраға ихраммен кірген бір кісі келді. Шашы мен сақалы сарымен боялған, үстіндегі шапанында зағфаранның дағы бар еді. Ол: “Уа, Алланың елшісі! Міне, көріп тұрған күйімде умраға ихраммен кірдім”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Шапаныңды шеш, сары бояуды жу”, – деп бұйырды»1.

Бұл мәтін «Сахихайнде» келген. Әбу Дәуіттің риуаятында мына қосымша бар: «Умрада қажылықта жасағаныңды жаса».

Түсіндірме

Бұл хадистің әртүрлі нұсқалары бар. Кейбір нұсқаларында бұл жерде орын алмаған және басқа тақырыптарға байланысты қосымша мағлұматтар бар. Нәсәидің риуаятындағы қосымшада аталмыш адам Расулаллаға: «Мен умра ниетімен ихрамға кірдім, не жасаймын?» деп сұрайды. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Сен қажылық жасаған кезде не жасайтын едің?» – дейді. Әлгі адам: «Мен мына бояудан сақтанатынмын және жуынатынмын» дегенде, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Қажылықта не жасаған болсаң, умрада да соны жаса» деп әмір етеді.

Мүслимнің бір риуаятында Расулалла: «Мына шапаныңды шеш, үстіңдегі зағфаранды жу!» – дейді. «Сахихайнде» келген бір қосымшада бұл әмірдің үш рет қайталанғаны айтылған.

Қади Ияд былай дейді: «Бұл сөздерді Расулалланың қайта-қайта айтуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап келгенде киімді бірнеше мәрте жуудың дұрыстығына хадис дәлел болады. Ал егер бұл әмірді сахаба сөзі деп қабылдасақ, Расулалланың “жу” әмірі толық түсінікті болу үшін бірінің артынан бірін үш рет қайталап айтуы мүмкін».

Бұл риуаят қажылыққа қатысты кейбір әдептері мен тәртіптерінің жаһилият кезінде де болғанын көрсетеді. Ислам олардың барлығын жоймаған.

  1. 1Бұхари, Умра 10, Жәзәус-сайд 16, 17, Мағази, 56, Фәдәилул, Құран 2; Мүслим, Хажж 6, (1180); Муатта, Хажж 18, (1, 328.329); Тирмизи, Хажж 20, (835, 836); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 31, (1819.1822); Нәсәи, Хажж 43, (5, 142.-143).
1206
Кутуб ситтә, № 1206 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّهُ كَانَ يَكْرَهُ لُبْسَ الْمِنْطَقَةِ لِلْمُحْرِمِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) ихрамдағы кісінің белбеу тағуын мәкруһ санағаны риуаят етілген1.

Түсіндірме

1. Минтақа – киімнің сыртынан белге байланатын белбеу.

2. Бұл риуаятта Ибн Омардың ихрамда белбеу тағуды мәкруһ санағаны айтылады. Зурқани одан белбеу тағуға рұқсат берген риуаят та жеткенін ескертіп, бұрынғы пікірінен кейін қайтқан болуы мүмкін дейді.

  1. 1Муатта, Хажж 12, (1, 326).
1207
Кутуб ситтә, № 1207 · тараудағы реті: 9

وَعَنِ الْقَاسِمِ بْنِ مُحَمَّدٍ قَالَ: «أَخْبَرَنِي الْفُرَافِصَةُ بْنُ عُمَيْرٍ الْحَنَفِيُّ أَنَّهُ رَأَى عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُغَطِّي وَجْهَهُ وَهُوَ مُحْرِمٌ».

Қазақша аудармасы

Қасым ибн Мұхаммед былай дейді: «Маған әл-Фурафиса ибн Умайр әл-Ханафи Османның (р.а.) ихрамда бетін жауып отырғанын көргенін айтты»1.

Түсіндірме

«Мууаттада» бұл риуаяттың бірнеше нұсқасы бар. Бір нұсқасында Осман (р.а.) Мәдинадан үш аялдама жердегі Арж ауылында жүзін күрең қызыл барқытпен жапқаны айтылады. Ибн Аббас, Ибн Ауф, Ибн Зубайр, Зәйд ибн Сәбит, Сағид пен Жәбир де бұған рұқсат берген. Имам Шафиғи осы пікірді ұстанған. Ал Ибн Омар (р.а.) ихрамда жүзді жабуды харам санаған. Мәлик, Әбу Ханифа және Мұхаммед ибн әл-Хасан да осы пікірде болған. Олар жүзді жапқан адам фидия төлеуге тиіс деген, бірақ қолымен көлегейлеуге рұқсат берген.

Басты жабу мен жүзді көлегейлеу – екі бөлек мәселе. Ихрамдағы ер кісіге басын жабуға тыйым салынатынына ғалымдар бірауыздан келіскен.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 13 (1/327, бір нөмірлеуде № 914).
1208
Кутуб ситтә, № 1208 · тараудағы реті: 10

وَعَنْ نَافِعٍ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: مَا فَوْقَ الذَّقَنِ مِنَ الرَّأْسِ فَلَا يُخَمِّرُهُ الْمُحْرِمُ». أَخْرَجَ هَذِهِ الْأَحَادِيثَ الثَّلَاثَةَ وَمَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ Ибн Омардың (р.а.) «Иектен жоғарысы басқа жатады, сондықтан ихрамдағы адам оны жаппайды»1 деген сөзін жеткізген.

  1. 1Муатта, Хажж 13, (1, 327).
1209
Кутуб ситтә, № 1209 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ الرُّكْبَانُ يَمُرُّونَ بِنَا وَنَحْنُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مُحْرِمَاتٌ فَإِذَا حَاذَوْا بِنَا سَدَلَتْ إِحْدَانَا جِلْبَابَهَا مِنْ رَأْسِهَا عَلَى وَجْهِهَا فَإِذَا جَاوَزُونَا كَشَفْنَاهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге ихрамда жүргенде, салт аттылар жанымыздан өтетін. Олар тұсымызға келгенде, әрқайсымыз жаулығымызды басымыздан бетімізге түсіре қоятынбыз. Өтіп кеткен соң бетімізді қайта ашатынбыз»1.

Түсіндірме

Айшаның айтуынша, ихрамдағы әйелдер жүзін ашық ұстап, бөгде ерлер тұсынан өткенде, жаулығын бетіне түсіріп көлегейлеген. Кейбір түсіндірушілер жаулық теріге тимеуі керек деп, мұны № 1199 риуаятындағы ниқабқа тыйыммен байланыстырған.

Шәуқани «Нәйл әл-аутарда» бұл хадистен қажет кезде ерлердің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің жаулығын бетіне түсіруіне рұқсат екені аңғарылатынын жазады. Әйелдің жүзін көлегейлеуі әуретін жабу секілді міндет емес. Шафиғилер мен басқа ғалымдар жаулық бетке тимей тұруы керек деген. Шәуқани хадистің сыртқы мағынасы бұл шартқа сай келмейтінін айтады: бетке түсірілген жаулықтың теріге тиюі мүмкін. Егер тигізбеу міндет болса, Алла елшісі (с.а.с.) оны ескертер еді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 34 (№ 1833).
1210
Кутуб ситтә, № 1210 · тараудағы реті: 12

وَعَنْ فَاطِمَةَ بِنْتِ الْمُنْذِرِ قَالَتْ: «كُنَّا نُخَمِّرُ وَجُوهَنَا وَنَحْنُ مُحْرِمَاتٌ مَعَ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Фатима бинт әл-Мунзир былай дейді: «Әсма бинт Әбу Бәкірмен бірге ихрамда жүргенде, жүзімізді жаулықпен жабатынбыз»1.

Түсіндірме

Әсма – сахаба, Әбу Бәкірдің қызы әрі Фатиманың да, күйеуінің де әжесі. Басқа нұсқада Фатима: «Жүзімізді жапқанымызға Әсма қарсылық білдірмейтін», – дейді. Зурқани мұны бөгде адамның назарынан қорғану үшін әйелдің бетін жабуына рұқсат етілуімен түсіндіреді. Оның пікірінше, әйел орынсыз жағдай туады деп білсе не қауіптенсе немесе ер кісі өзіне құмарлана қараса, жүзін жабуы керек.

Ибн әл-Мунзирдің айтуынша, ғалымдар ихрамдағы әйелдің тігілген киім мен мәсі киюіне, басы мен шашын жабуына, бөгде ерлердің назарынан қорғану үшін жеңіл жаулықты бетіне түсіруіне бірауыздан рұқсат берген. Олар жүзді қысып орауға болмайды деген. Бұл тұста Фатима бинт әл-Мунзирдің риуаяты өзгеше көрінеді. Алайда Фатима «тахмир» деп жүзді қымтап орауды меңземей, жаулықты бетке түсіруді («сәдл») айтқан болуы мүмкін. Айша да бөгде ерлер өткенде әйелдердің жүздерін жаулық түсіріп көлегейлегенін «сәдл» сөзімен жеткізген.

Имам Ағзам бір тақырыптағы риуаяттардың сенімділік дәрежесі шамалас болса, фиқһты терең білетін рауидің риуаятына басымдық берген. Айшаның (р.а.) осы мәселені егжей-тегжейлі білетін ірі фақиһ болғанын ескерсек, Ибн әл-Мунзирдің жорамалы орынды.

  1. 1Муатта, Хажж 16, (1, 328).
1211
Кутуб ситтә, № 1211 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «طَيَّبْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِيَدَيَّ هَاتَيْتِ حِينَ أَحْرَمَ، وَلِحِلِّهِ حِينَ أَحَلَّ قَبْلَ أَنْ يَطُوفَ بِالْبَيْتِ بِطِيبٍ فِيهِ مِسْكٌ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ. وَفِي رِوَايَةٍ: بِذَرِيرَةٍ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ. وَفِي أُخْرَى: قَبْلَ أَنْ يُحْرِمَ ثمَّ يُحْرِمُ. وَفِي أُخْرَى: بِأَطْيَبِ مَا أَجِدُ حَتَّى أَجِدَ وَبِيصَ الطِّيبِ فِي رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ. وَفِي أُخْرَى: كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى وَبِيصِ الطِّيبِ فِي مَفَارِقِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْرِمٌ. زَادَ فِي رِوَايَة كَانَ ابْنُ عُمَرَ يَدَّهِنُ بِالزَّيْتِ فَذَكَرْتُهُ لِإِبْرَاهِيمَ. فَقَالَ: مَا تَصْنَعُ بِقَوْلِهِ حَدَّثَنِي الْأَسْوَدُ عَنْ عَائِشَةَ قَالَتْ: كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى وَبِيصِ الطِّيبِ الْحَدِيثُ. زَادَ فِي رِوَايَة: وَذَلِكَ طِيبُ إِحْرَامِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) ихрамға кірерінде және ихрамнан шыққан соң, Қағбаны тауап етпей тұрып, осы екі қолыммен миск аралас әтір жақтым»1.

Риуаяттың басқа нұсқаларында мынадай сөздер бар:

«Қоштасу қажылығында зәрира2 деп аталатын хош иіс жақтым».

«Оған ихрамға кірмей тұрып әтір жағатынмын. Содан кейін ол ихрамға кіретін».

«Қолымда бар әтірдің ең жақсысын жағатынмын. Шашы мен сақалындағы әтірдің жылтырын көретінмін».

«Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамда жүргенде шашының айырығындағы әтірдің жылтырын қазір де көріп тұрғандаймын».

«Ибн Омар зәйтүн майын жағатын. Мұны Ибраһимге айтқанымда, ол: “Ибн Омардың сөзіне неге сүйенесің? Әсуад маған Айшаның ‘Әтірдің жылтырын көріп тұрғандаймын’ дегенін жеткізді”, – деді».

«Бұл – ихрамға кірер алдында жағылған әтір еді».

Түсіндірме

1. Алдыңғы хадистерде ихрамдағы кісіге ихрамнан шыққанға дейін әтір жағуға болмайтыны айтылды. Хош иісті сабын да қолданылмайды.

2. Бұл хадисте Айша (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамға кірерінен бұрын денесіне, әсіресе шашы мен сақалына хош иісті майды өз қолымен жаққанын айтады. Бір нұсқасында қолындағы ең жақсы әтірді қолданғанын, ал екіншісінде оның құрамында миск болғанын айтқан.

3. Айша (р.а.) қажылықта Алла елшісіне (с.а.с.) ихрамнан шыққан соң, Ақаба жамрасына тас лақтырып, құрбан шалғаннан кейін, тауаптан бұрын әтір жаққан. Риуаят хош иіске тыйымның қашан басталып, қашан аяқталатынын көрсетеді. Тыйым ихрамға ниет еткен кезден шашын алдырып, ихрамнан шыққанға дейін жалғасады.

4. Ибн Омардың (р.а.) зәйтүн майын жағуына қатысты қосымша мағлұматқа келер болсақ, бұл қосымша мағлұмат Бұхаридің 18-тармағында орын алған. Бұл жерде ибн Омардың ихрам киетін кезде тиб (хош иіс) емес, зәйтүн майын жаққандығы айтылған. Хадиске түсіндірме жасағандардың айтуынша, ихрамға кіруден бұрын хош иіс жағу жайлы әзірет Айша мен ибн Омардың арасында пікір айырмашылығы бар. Аталмыш хадисте әзірет Айша (р.а.) ихрамға кіруден бұрын Алла елшісінің (с.а.с.) денесіне хош иіс жаққанын, шашы мен сақалын хош иісті әтірмен салалағанын нақты айтуда. Сондай-ақ бұл мәселенің нақты есінде екенін, ешқандай күмән жоғын былай жеткізген: «Өзім жаққан хош иістердің Расулалланың (с.а.с.) шашындағы жылтырап тұрғанына (қазір) қарап тұрғандаймын».

Ибн Омар (р.а.) болса ихрам киерден бұрын жағылған хош иістердің ихрам кигеннен кейін де шығып тұрмауы керектігін алға тартады. Яғни, ихрам киерден бұрын хош иіс жақпау керек. Бұл Ибн Омардың нақты пікірі. Сондықтан: «Хош иіс жаққанша, сымалаға батуды таңдар едім» деген. Бұл мәселеде Ибн Омар (р.а.) әкесі әзірет Омардан (р.а.) көргенін жасағандығы, өйткені әкесі әзірет Омардың пікірінше ихрамды адамның үстінде бұрыннан жағылған хош иістің болмау керектігі айтылған. Тирмизидің бір риуаятында ибн Омар пайғамбардың ихрам кезінде тибсыз (хош иіссіз) болғанын, бірақ зәйтүн майын жаққанын риуаят еткен. Бұл риуаят бойынша ибн Омар ихрам кезінде зәйтүн майының иісі болмайтындықтан және Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаққанын білгендіктен жаққан. Төмендегі хадис осының мән-жайын баян етеді.

  1. 1Бұхари, Хажж 18, 143, Либас 73, 89, 91; Мүслим, Хажж 31, 33, (1189); Муатта, Хажж 17, (1, 328); Тирмизи, Хажж 77, (917); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 11, (1745, 1746); Нәсәи, Хажж, 41, (5, 136.141).
  2. 2Зәрира – бірнеше хош иісті заттан жасалатын әтір.
1212
Кутуб ситтә, № 1212 · тараудағы реті: 14

وَفِي أُخْرَى: «سُئِلَ ابْنُ عُمَرَ عَنِ الرَّجُلِ يَتَطَيَّبُ ثُمَّ يُصْبِحُ مُحْرِمًا؟ فَقَالَ: مَا أُحِبُّ أَنْ أُصْبِحَ مُحْرِمًا أَنْضَخُ طِيبًا لَأَنْ أَطَّلِيَ بِقَطِرَانٍ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَفْعَلَ ذَلِكَ. فَأُخْبِرَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِقَوْلِ ابْنِ عُمَرَ. فَقَالَتْ: أَنَا طَيَّبْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عِنْدَ إِحْرَامِهِ، ثُمَّ طَافَ فِي نِسَائِهِ، ثُمَّ أَصْبَحَ مُحْرِمًا يَنْضَخُ طِيبًا». هَذِهِ أَلْفَاظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір нұсқада былай делінген: «Ибн Омардан әтір жағып алып, ертеңіне ихрамға кірген адам туралы сұралды. Ол: “Үстімнен хош иіс аңқып, ихрамда таң атырғым келмейді. Одан да денеме шайыр жаққанды артық көремін”, – деді. Бұл сөз Айшаға (р.а.) жеткенде, ол: “Алла елшісіне (с.а.с.) ихрамға кірерінде әтір жақтым. Кейін ол жұбайларын аралады. Ертеңіне ихрамда таң атырғанда, одан хош иіс аңқып тұрды”, – деді1».

Түсіндірме

Жоғарыда айтқанымыздай, ихрамға кіретін адамның ихрамға кіруден бұрын хош иіс жағуы және ихрамға кіргесін ол иістің жалғасуына қатысты әзірет Айша мен ибн Омар арасында пікір айырмашылығы бар және екеуі бір-бірінің пікірлерін білетін. Жоғарыдағы ибн Омардың пікірі әзірет Айшаға айтылған кезде, әзірет Айша өз пікірінен қайтпаған. Сағид ибн Мансурдың ибн Омардың ұлы Абдулладан жеткен бір риуаяты бойынша, ибн Омар әзірет Айшаның пікірін естігенде үндемегені әрі өзінің пікірін жалғастырып айтыспаған. Салим ибн Абдулла әзірет Айшаның хадисіне сүйене отырып, ибн Омардың бұл мәселеде әкесі мен атасына қарсы келгенін айтқан.

Ғалымдардың көбі бұл пікірді негізге алып, ихрамға кіруден бұрын хош иіс жағуды мұстахаб санаған. Ханафи мазһабы да осы пікірді ұстанған.

Мәликилер ибн Омардың пікірін негізге алған және әзірет Айшаның хадисін былай жорамалдаған: «Риуаятта хош иіс жаққаннан кейін ардақты Пайғамбардың әйелдерге жолыққаны, одан кейін ихрамға кіргені айтылады. Бұл жердегі әйелдерге жолықты деген сөз, жұбайларымен төсек қатынасында болғанын білдіреді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жұбайларының әрқайсысымен жолыққаннан кейін жуынатын. Осылайша үстіне жаққан тиб (хош иіс) жуылып кеткен және ешқандай иіс қалмаған». Ал «шаштарындағы көрініп тұрған тибтың (хош иістің) жылтыры сол жаққаннан қалған өң еді, жуылғанда иісі қалмаған. Шашындағы тек қана иісі жоқ тибтың дақтары болатын» деп жорамал жасаған.

Ғалымдар бұл мәселеге қатысты әртүрлі дәлелдер келтіріп, алуан түрлі түсіндірмелер айтып жорамалдар жасаған. Бұл жерде оған тоқталмаймыз. Тек қана хадисте назарымызды аударған бірнеше мәселеге тоқталамыз:

· Расулалланың (с.а.с.) жұбайлары Алла елшісіне қызмет жасау үшін құрақ ұшатын. Бұл хадистен хош иіс жағып қызмет жасағанын байқаймыз.

· Жыныстық қатынаста әйел мен ердің хош иіс жағуы мұстахаб.

· Сахабалардың үлкендері де Расулалланың кейбір сүннетін жұбайларындай жақсы білмейді. Сондықтан араларында пікір айырмашылығы туындаған.

· Ғалымдар көбінде Расулалланың (с.а.с.) жұбайлары жақсы білетін мәселеде қарама-қайшылық туындаса да жұбайларының риуаятын негізге алған.

  1. 1Бұхари, Ғусл 14; Мүслим, Хажж 47, (1192); Нәсәи, Хажж 42, (5, 139), Ғусл 13, (1, 203).
1213
Кутуб ситтә, № 1213 · тараудағы реті: 15

وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِي: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَرَادَ أَنْ يُحْرِمَ ادَّهَنَ بِأَطْيَبِ دُهْنٍ يَجِدُ حَتَّى أَرَى وَبِيصَهُ فِي رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Нәсәи келтірген нұсқада Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамға кірмек болғанда, тапқан майының ең жақсысын жағатын. Шашы мен сақалынан майдың жылтырын көретінмін»1, – дейді.

  1. 1Нәсәи, Хажж 42, (5, 139.140).
1214
Кутуб ситтә, № 1214 · тараудағы реті: 16

وَلَهُ فِي أُخْرَى قَالَتْ: «طَيَّبْتُهُ لِحُرْمِهِ حِينَ أَحْرَمَ وَلِحِلِّهِ بَعْدَ مَا رَمَى الْعَقَبَةَ قَبْلَ أَنْ يَطُوفَ بِالْبَيْتِ».

Қазақша аудармасы

Нәсәидің тағы бір риуаятында Айша (р.а.) былай дейді: «Оған ихрамға кірерінде әтір жақтым. Ақаба жамрасына тас лақтырып, ихрамнан шыққан соң да, Бәйтулланы тауап етпей тұрып әтір жақтым»1.

Түсіндірме

№1218 хадисте берілген.

  1. 1Нәсәи, Хажж 41, (5, 137).
1215
Кутуб ситтә, № 1215 · тараудағы реті: 17

وَفِي أُخْرَى: «طِيبًا لَا يُشْبِهُ طِيَبكُمْ هَذَا» يَعْنِي طِيبًا لَيْسَ لَهُ بَقَاءُ. «الذَّرِيرَةُ» ضَرْبٌ مِنَ الطِّيبِ مَجْمُوعٌ مِنْ أَخْلَاطٍ. «وَالْوَبِيصُ» الْبَصِيصُ وَالبَرِيقُ. «وَيَنْضَخُ» بِالْخَاءِ الْمعْجَمَةِ: يَفُوحُ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Айша (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.) әтірі сендердің мына әтірлеріңе ұқсамайтын», – дейді. Мұндағы түсіндірме бойынша, олардың әтірінің иісі ұзаққа бармаған.1

Түсіндірме

Бұл да Айшадан (р.а.) жеткен риуаят. Толық нұсқасында: «Алла елшісіне (с.а.с.) ихрамнан шыққан кезінде де, ихрамға кірерінде де әтір жағатынмын. Сендердің мына әтірлерің оның әтіріне ұқсамайды», – дейді. Айша мұнда олардың әтірінің иісі ұзақ сақталмайтынын меңзеген.

Синди бұл сөзді былай түсіндіреді: «Сендердің ихрамға дейін жаққан әтірлеріңнің иісі ихрамға кірген соң тез кетеді. Ал Алла елшісі (с.а.с.) ең жақсы әтірді қолданатын, сондықтан оның иісі ихрамға кіргеннен кейін де сақталатын». Синди бұл жорамалды Айшадан жеткен басқа риуаяттарға сүйеніп айтқан. Тіркесті «Алла елшісі қолданған әтірдің иісі ұзақ сақталмайтын» деп түсінуге де болады.

  1. 1Нәсәи, Хажж 41, (5, 137).
1216
Кутуб ситтә, № 1216 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنَّا نَخْرُجُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى مَكَّةَ فَنُضَمِّدُ جِبَاهَنَا بِالسُّكِّ الْمُطَيَّبِ عِنْدَ الْإِحْرَامِ فَإِذَا عَرِقَتْ إِحْدَانَا سَالَ عَلَى وَجْهِهَا فَيَرَاهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَلَا يَنْهَانَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Меккеге аттанарда, ихрамға кірер кезде маңдайымызға “сукк” деген әтір жағатынбыз. Біріміз терлесек, әтір бетімізге қарай ағатын. Алла елшісі (с.а.с.) мұны көрсе де, тыйым салмайтын»1.

وَمَعْنَى «نُضَمِّدُ» أَيْ نُلَطِّخُ. وَ«السُّكُّ» نَوْعٌ مَعْرُوفٌ مِنَ الطِّيبِ.

Түсіндірме

1. «Лисан әл-арабта» сукк миск пен рамәк араластырылып жасалатын хош иістің бір түрі делінген. Оны өзге әтірлерге де қосатын.

2. Алла елшісі (с.а.с.) жұбайларының ихрамға кірерде жаққан сукк әтірі кейін беттеріне ағып түскенін көргенде, тыйым салмаған. Оның бір істі көріп, қарсылық білдірмеуі «тақрири сүннет» деп аталады. Бұл – істің құпталғанының белгісі.

Ахмад ибн Ханбалдың бір риуаятында Расулалланың (с.а.с.) ихрамды кезінде әтір араластырмаған таза зәйтүн майымен майланғандығы риуаят етілген. Бұл риуаяттан ихрамды кезде тек қана қоспасыз таза зәйтүн майымен майлануға болатындығына дәлел алынған. Бұл жерде №1211 хадисте түсіндірмесі берілген әзірет Айша мен ибн Омардың қарама-қайшылығының негізі тағы да байқалады.

3. Айша айтқан әтір ихрамға кірерден бұрын жағылған. Әбу Дәуіт бұл хадисті ихрамға кірмей тұрып жағылған әтірдің иісі кейін сақталуы мүмкін екеніне дәлел етіп келтірген. Ғалымдар ихрамда ерге де, әйелге де әтір жағуға болмайтынына бірауыздан келіскен. Зәйтүн майы әтірге жатпайды, оны хош иіс үшін жақпайды. Сондықтан ихрамдағы кісіге таза зәйтүн майын шашы мен сақалынан басқа жеріне жағуға рұқсат берілген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 32 (№ 1830).
1217
Кутуб ситтә, № 1217 · тараудағы реті: 19

وَعَنِ الصَّلْتِ بْنِ زُيَيْدٍ عَنْ غَيْرِ وَاحِدٍ مِنْ أَهْلِهِ: «أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَجَدَ رِيحَ طِيبٍ وَهُوَ بِالشَّجَرَةِ وَإِلَى جَنْبِهِ كَثِيرُ بْنُ الصَّلْتِ، فَقَالَ: مِمَّنْ هَذَا؟ فَقَالَ كَثِيرُ بْنُ الصَّلْتِ مِنِّي، لَبَّدْتُ رَأْسِي وَأَرَدْتُ أَنْ لَا أَحْلِقَ. فَقَالَ عُمَرُ: اذْهَبْ إِلَى شَرَبَةٍ مِنَ الشَّرَبَاتِ فَادْلُكْ رَأْسَكَ حَتَّى تُنْقِيَهُ فَفَعَلَ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Салт ибн Зуәйд отбасының бірнеше мүшесінен мына оқиғаны жеткізген: «Омар (р.а.) Шәжарада әтірдің иісін сезді. Қасында Кәсир ибн әс-Салт бар еді. Омар: “Бұл иіс кімнен шығып тұр?” – деді. Кәсир: “Менен шығып тұр. Шашым ұйпаланбасын деп жабыстырып қойған едім. Шашымды алдырғым келмеді”, – деді. Омар: “Су жиналған жерге бар да, шашыңды иісі кеткенше ысқылап жу!” – деді. Кәсир айтқанын орындады»1.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 20 (1/329, бір нөмірлеуде № 923).
1218
Кутуб ситтә, № 1218 · тараудағы реті: 20

وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ أَسْلَمَ مَوْلَى عُمَر «أَنَّ عُمَر وَجَدَ رِيحَ طِيبٍ فَقَالَ: مِمَّنْ هَذَا الطِّيبُ؟ فَقَالَ مُعَاوِيَةُ بْنُ أَبِي سُفْيَانَ: مِنِّي يَا أَمِيرَ الْمؤْمِنِينَ! فَقَالَ مِنْكَ لَعَمْرُ اللَّهِ؟ فَقَالَ: إِنَّمَا طَيَّبَتْنِي أُمُّ حَبِيبَةَ يَا أَميرَ الْمؤْمِنِينَ. فَقَالَ عُمَرُ: عَزَمْتُ عَلَيْكَ: لَتَرْجِعَنَّ فَلَتَغْسِلَنَّهُ».«التلْبِيدُ» أَنْ يُسَرِّحَ شَعْرَ رَأْسِهِ، وَيَجْعَلُ فِيهِ شَيْئًا مِنْ صَمْغٍ لِيَلْتَزِقَ، وَلَا يتشعَّثَ فِي الْإِحْرَامِ.

Қазақша аудармасы

«Мууаттаның» Омардың азат еткен құлы Әсләмнан жеткен нұсқасында былай делінген: «Омар (р.а.) әтірдің иісін сезіп: “Бұл иіс кімнен шығып тұр?” – деді. Муғауия ибн Әбу Суфиян (р.а.): “Уа, мүміндердің әміршісі! Менен шығып тұр”, – деді. Омар: “Алла куә, сенен шығып тұр ма?” – деді. Муғауия: “Уа, мүміндердің әміршісі, оны маған Үммі Хабиба жақты”, – деп жауап берді. Омар: “Саған міндеттеймін, кері қайт та, оны жуып таста!” – деді»1.

«والشَّرَبَةُ» بِفَتْحِ الشِّينِ وَالرَّاءِ: الْمَاءُ الْمجْتَمَعُ حَوْلَ النَّخْلَةِ كَالْحَوْضِ.

Түсіндірме

1. Екі риуаят бір-біріне ұқсас екі бөлек оқиғаны баяндайды. Омар шашқа әтір жағуға қарсылық білдірген. Бірінші риуаятта Кәсир ибн әс-Салт, екіншісінде Муғауия ибн Әбу Суфиян аталады.

2. Омар әтірдің иісін Шәжарада сезген. Ол – Зулхуләйфада, Мәдинадан алты миль жерде орналасқан мекен. Әсма бинт Умайс осы жерде Мұхаммед ибн Әбу Бәкірді босанған. Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинадан Меккеге жолға шыққанда, осы жерде ихрамға кіретін.

3. Мәлик «шәрбә» сөзін құрма түбіне су жиналатын шұңқыр деп түсіндірген. Басқа түсіндірмелерде де ағаштың айналасынан су ұстау үшін қазылған шұңқыр айтылған.

4. Екінші риуаяттың басқа нұсқасында Омардың Муғауияға ашуланғаны айтылады. Түсіндірушілер Омардың Муғауияны сән-салтанатқа әуес деп, «Арабтың Кисрасы» атағанын келтіреді.

5. Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында: «...Бәрі ихрам киген кезде әзірет Омар әтірдің иісін сезді де: “Бұл кімнен шығып тұр?” деп сұрады...» делінген. Сонда: «Менен шығып тұр, уа, мүміндердің Әміршісі!» деген бұл риуаятта Бәра ибн Азиб екені айтылады.

6. Бұл риуаяттар әзірет Омардың ихрамды адамға ешқандай әтір жағуға болмайтындығы жайлы пәтуасынан хабар береді. Зурқани осы мәселеде (жоғарыда ғана айтылған әзірет Айша мен арадағы қарама-қайшылыққа тоқталып) былай деген: «Әзірет Омар ихрамға кіретін адамның одан бұрын әтір жағуына алдыңғы қатарлы сахабалар мен табиғиндардың арасында тұрып қарсылық көрсеткен, сонда олардың ешбірі оған қарсылық білдірмеді. Ендеше, бұл жағдай әзірет Айшаның бұған қарсы риуаятын жорамалдауға болатынына ең қуатты дәлел болады».

  1. 1Муатта, Хажж 19.
1219
Кутуб ситтә, № 1219 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّهُ كَفَّنَ ابْنَهُ وَاقِدًا وَمَاتَ بِالْجُحْفَةِ مُحْرِمًا وَخَمَّرَ رَأْسَهُ وَوَجْهَهُ وَقَالَ: لَوْلا أَنَّا حُرُمُ لَطَيَّبْنَاهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Жухфада ихрамда қайтыс болған ұлы Уақидты кебіндеп, басы мен жүзін жапты да: «Өзіміз ихрамда болмасақ, оған әтір де жағар едік»1, – деді.

Түсіндірме

Риуаят ихрамдағы адамның әтірге қол тигізбеуіне және ихрамда қайтыс болған кісіні әдеттегідей кебіндеуге дәлел ретінде келтіріледі. Ибн Омар ұлының басы мен жүзін жапқан. Әдетте мәйітке әтір жағылатын еді, бірақ Ибн Омар өзінің және кебіндеуге қатысқан кісілердің ихрамда болғанын айтып, ұлының мәйітіне әтір жақпағанын түсіндірді.

Бұл хадисті Имам Ағзам, Имам Мәлик және Әузағи «Сахихайнда» келген ибн Аббастың (р.а.) риуаятына жауап ретінде қарастырған: «Ихрамдағы бір адамды түйесі жығып қайтыс болады. Бұл жағдайды Расулаллаға (с.а.с.) айтқан кезде: «Оны жуындырыңдар, кебіндеңдер, бірақ басын жаппаңдар, әтір жақпаңдар. Өйткені ол (қиямет күні) тәлбия айтып тіріледі», – дейді.

Имам Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн Рахуя және Заһирилер бұл риуаят бойынша ихрамда дүниеден өткен адам өлген соң да ихрамда саналатынын айтқан. Өйткені хадистегі: «Басын жаппаңдар, әтір жақпаңдар» деген әмір осыны білдіреді. Хадистің кейбір нұсқаларында «екі бөлек матамен кебіндеңдер» деген қосымша мағлұмат та орын алған. Яғни, кебін де ихрам сияқты екі бөлек матадан болу керек.

Бұл пікірді құптамайтын ғалымдар (Мәлик, Әбу Ханифа...) ихрам кезінде дүниеден өткен адамды ихрамсыз адам сияқты жерлеу керек екенін айтқан. Олардың пікірі бойынша ихрам басқа құлшылықтар сияқты құлшылықтың бірі. Мысалы, намаз, ораза және т.б. ғибадаттар өліммен бірге күшін жоятыны сияқты, бұл да өліммен бірге тоқтайды. Өліммен бірге ихрам жалғасатын болса, мәйітті алып жүріп тауап жасату және басқа да қажылық рәсімдерін аяқтату керек еді. Бірақ ешбір ғалым мұндай пікір айтпады.

Сонымен қатар, ибн Аббас (р.а.) келтірген хадис әлгі хадисте айтылған адамға қатысты жекелей үкімді баян еткен. Оны жалпыға жаппай қолдану мүмкін емес. Өйткені ардақты Пайғамбар: «Ол (қиямет күні) тәлбия айтып тіріледі» деген... Алайда шәһидтерге қатысты үкім жекелей емес, жалпыға айтылған: «Шәһид (қиямет күні), жарақатынан қан ағып тұрған бойда тіріледі». Бұл үкім бойынша, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ихрамда жүріп дүниеден өткен адам, қиямет күні тәлбия айтып тіріледі» дегенде үкім жалпыға тән болатын еді. Бірақ олай айтқан жоқ.

  1. 1Муатта, Хажж 14, (1, 327).
1220
Кутуб ситтә, № 1220 · тараудағы реті: 22

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِذَا خَرَجَ إِلَى مَكَّةَ ادَّهَنَ بِدُهْنٍ لَيْسَتْ لَهُ رَائِحَةٌ طَيِّبَةٌ، ثُمَّ يَأْتِي مَسْجِدَ ذِي الْحُلَيْفَةِ فَيُصَلِّي ثُمَّ يَرْكَبُ. فَإِذَا اسْتَوَتْ بِهِ رَاحِلَتُهُ قَائِمَةً أَحْرَمَ ثُمَّ يَقُولُ: هَكَذَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَفْعَلُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай дейді: «Ибн Омар (р.а.) Меккеге бет алғанда, хош иіс қосылмаған май жағатын. Содан кейін Зулхуләйфа мешітіне келіп, намаз оқып, түйесіне мінетін. Түйесі орнынан көтерілгенде, ихрамға кіріп, тәлбия айтатын. Сосын: “Алла елшісінің (с.а.с.) осылай істегенін көрдім”, – дейтін»1.

Түсіндірме

Риуаяттағы «ихрамға кірді» сөзі бұл жерде «тәлбия айтты» деген мағынада қолданылған. Ибн Омар екі рәкат ихрам намазын оқитын. Бұл – сүннет. Ол намаздан соң түйесіне мінетін. Түйесі орнынан көтерілген кезде тәлбия айта бастайтын. Осы кезден бастап ихрамның тыйымдары күшіне енетін.

  1. 1Бұхари, Хажж 28; Муатта, Хажж 32, (1, 333).
1221
Кутуб ситтә, № 1221 · тараудағы реті: 23

وَفِي رِوَايَةٍ لِلتِّرْمِذِي قَالَ: «كَانَ يَدَّهِنُ بِدُهْنٍ غَيْرِ مُقَتَّتٍ، يَعْنِي غَيْرِ مُطَيَّبٍ». «الْقَتُّ» تَطْبِيبُ الدُّهْنِ بِالرَّيْحَانِ

Қазақша аудармасы

Тирмизи нұсқасында Ибн Омардың хош иіс сіңірілмеген май жаққаны айтылады.1

Түсіндірме

Хадистегі «муқаттәт» сөзі райхан қосылып қайнатылуы арқылы иіс сіңірілген дегенді білдіреді. Бұл жерде «муқаттәтсіз» деп келген. Ибн Омар (р.а.) ихрамдағы адамның әтір қолданбауы керектігін дұрыс деп білгендіктен, ихрамнан бұрын әтір қосылмаған табиғи маймен майланған. Бұл пікірді негізге алғандар, ихрам кигеннен кейін де жалғасып иісі шығатын май қолданбауы керек деседі. Бірақ Ханафилер ихрам киерден бұрын әтір жағуды мұстахаб санаған.

  1. 1Тирмизи, Хажж 114, (962); ибн Мәжа, Мәнәсик 88, (3083).
1222
Кутуб ситтә, № 1222 · тараудағы реті: 24Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «يَشُمُّ الْمُحْرِمُ الرَّيْحَانَ، وَيَنْظُرُ فِي الْمِرْآةِ، وَيَتَدَاوَى بِمَا يَأْكُلُ، الزَّيْتَ وَالسَّمْنَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَرْجَمَةً.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Ихрамдағы кісі райхан иіскеп, айнаға қарай алады. Асқа пайдаланатын зәйтүн майы мен сары майды емге де қолдануына болады»1.

Түсіндірме

Ихрамды адамның райхан иісін иіскеуі – әртүрлі көзқарасқа түрткі болған тақырып. Жоғарыдағы риуаятта ибн Аббастың (р.а.) райханның иісін иіскеудің еш сөкеттігі жоғы баян етілген. Сондай-ақ Исхақ мұны мубах санаған, бірақ Ахмад ибн Ханбал бұл мәселеде еш нәрсе айтпады, ал Шәфиғи харам деген. Ал имам Мәлик пен Әбу Ханифа мәкруһ санаған. Айнаға қарауға қатысты Сәуридің «Жамиғінде» келген риуаят бойынша ибн Аббас: «Ихрамды адамның айнаға қарауына ешқандай тосқауыл жоқ» деген. Қасым ибн Мұхаммедтен жеткен риуаятта мәкруһ саналған.

Әбу Бәкір ибн Әбу Шәйбаның келтірген риуаятында ибн Аббас «Ихрамды адам жегені арқылы емделеді» деген. Басқа бір риуаятта: «Ихрамды адамның қолы немесе аяғы жарылатын болса, зәйтүн майы яки сары май жағуына болады» делінген.

Бұл риуаятта Мужаһидтің: «Сары май және зәйтүн майымен емделуге болмайды, егер олай жасалатын болса қой құрбан шалу қажет» деген пікіріне жауап берілген.

  1. 1Бұхари, Хажж 18.
1223
Кутуб ситтә, № 1223 · тараудағы реті: 25

وَعَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ حُنَينِ: «أَنَّ ابْنَ عَبَّاسٍ وَالْمِسْوَرَ بْنَ مَخْرَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا اخْتَلَفَا بِالأَبْوَاءِ. فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: يَغْسِلُ الْمُحْرِمُ رَأْسَهُ؛ وَقَالَ الْمِسْوَرُ: لَا يَغْسِلُ الْمُحْرِمُ رَأْسَهُ. فَأَرْسَلَنِي ابْنُ عَبَّاسٍ إِلَى أَبِي أَيُّوبَ الأنْصَاريِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَوَجَدْتُهُ يَغْتَسِلُ بَيْنَ الْقَرْنَيْنِ وَهُوَ يَسْتَتِرُ بِثَوْبٍ. فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ فَقَالَ: مَنْ هَذَا؟ فَقُلْتُ: أَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ حُنَيْنٍ أَرْسَلَنِي إِلَيْكَ ابْنُ عَبَّاسٍ يَسْأَلُكَ كَيْفَ كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَغْسِلُ رَأْسَهُ وَهُوَ مُحْرِمٌ؟ فَوَضَعَ أَبُو أَيُّوبَ يَدَهُ عَلَى الثَّوْبِ فَطَأْطَأَهُ حَتَّى بَدَا لِيَ رَأْسُهُ. فَقَالَ لإنْسَانٍ يَصُبُّ عَلَيْهِ: اصْبُبْ فَصَبَّ عَلَى رَأْسِهِ فَحَرَّكَ رَأْسَهُ بِيَدَيْهِ فَأَقْبَلَ بِهِمَا وَأَدْبَرَ، وَقَالَ: هَكَذَا رَأَيْتُهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَفْعَلُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ. زَادَ فِي رِوَايَة غَيْرُ مَالِكٍ: قَالَ الْمِسْوَرُ لِابْنِ عَبَّاسٍ: لَا أُمَارِيكَ أَبَدًا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Хунайн былай дейді: «Ибн Аббас пен Мисуар ибн Махрама (р.а.) Әбуада келіспей қалды. Ибн Аббас: “Ихрамдағы адам басын жуа алады”, – десе, Мисуар: “Жуа алмайды”, – деді. Ибн Аббас мені Әбу Әйюб әл-Ансариге (р.а.) жіберді. Барсам, ол құдықтың екі тірегіне керілген перденің ар жағында жуынып жатыр екен. Сәлем бергенімде: “Бұл кім?” – деді. Мен: “Абдулла ибн Хунайнмын. Мені Ибн Аббас жіберді. Ол сізден Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамда басын қалай жуғанын сұрайды”, – дедім. Әбу Әйюб пердені қолымен басып, басын көрсетті. Өзіне су құйып тұрған адамға: “Құй”, – деді. Әлгі кісі оның басына су құйды. Әбу Әйюб екі қолын басына қойып, алға-артқа жүргізді де: “Алла елшісінің (с.а.с.) осылай істегенін көрдім”, – деді»1.

Мәликтен өзге жолмен жеткен нұсқаларда Мисуардың Ибн Аббасқа: «Енді сенімен ешқашан таласпаймын», – дегені қосылған.

«قَرْنَا الْبِئْرَ» عِضَادَتَاهَا التِّى يَجْعَلُ عَلَيْهِمَا البَكْرَة. «وَالمُمَارَاةُ» الْمجَادَلَةُ.

Түсіндірме

1. Бұхари бұл хадисті «Ихрамдағы адамның жуынуы» деген тарауда келтірген. Жуыну денені кірден тазартуды да, жүніптіктен арылу үшін ғұсыл алуды да қамтиды. Ғалымдар ихрамдағы кісіге жүніптіктен арылу үшін ғұсыл алу міндет екеніне бірауыздан келіскен.

Имам Мәлик ихрамдағы адамның басын сумен жууын мәкруһ санаған. «Мууаттада» Ибн Омардың (р.а.) ихрамда басын ихтилам болғанда ғана жуғаны риуаят етіледі.

Ибн Аббас: «Ихрамдағы адам моншаға бара алады. Тырнағы сынса, сынған жерін алып тастай алады», – деген.

Хасан әл-Басри мен Ата жуынуды мәкруһ санаған.

2. Бастың жуылуына қатысты қарама-қайшылық көбінде шаштың түсуі ықтимал дегеннен туындаған. Өйткені басты жуғанда қолмен ысқыланып, тырнақтармен қасылады. Ал ихрамды адамның денесінен қыл жұлуға тыйым салынған. Жоғарыдағы қарама-қайшылықтар осы мәселеден туындаған.

Абдулла ибн Хунайн әуелде Әбу Әйюбтен «Ихрамда бас жууға бола ма?» деп сұрамақ болды. Оның жуынып жатқанын көрген соң, Алла елшісінің (с.а.с.) басын қалай жуғанын сұрады.

3. Бұл риуаят кейбір мәселелерде сахабалардың өзарасында пікірталас болатынын, бірақ пікірталас кезінде өзара әдеп сақтайтындарын да көрсеткен. Олар алдымен мәселеге қатысты Құран мен хадистерге жүгініп талқылайтын, ол жерден іздегендерін тапса, ары қарай талқылауды тоқтататын.

4. Мисуардың ибн Аббасқа: «Сенімен енді таласпаймын» деп айтуы, олардың бір-бірлерін қадірлейтінін көрсетеді. Бұл сөз ибн Аббастың (р.а.) фиқһи мәселелерде де үстемдігін, Құран мен хадисті негізге алатынын көрсетеді.

5. Әбу Әйюбтан бұл хабарды жеткізген жалғыз кісі – Абдулла ибн Хунәйн. Олай болса Мисуар (р.а.) жалғыз хабарды, сондай-ақ табиғиннан жеткен дара хабарды қабыл етуде деген сөз. Бұл сахабалардың жалғыз кісі ғана жеткізген хабармен амал еткендеріне де дәлел болады.

6. Сахабалардың бірі айтқан сөз басқа сахаба үшін маңызды емес (үкім дәрежесінде емес). Сондықтан араларында тартыс-талас болады және талқылайды. Ибн Абдулбәрр былай деген: «Расулалланың (с.а.с.): «Сахабаларым көктегі жұлдыздар сияқты, қайсысына ерсеңдер тура жолды табасыңдар» деген сөзінде, соңынан еру, пәтуаларына бағыну ишара етілген болса, Ибн Аббас (р.а.) өз пікірі мен айтқанына дәлел іздемейтін еді және Мисуәрға: «Мен жұлдызбын, сен де жұлдызсың, бізден кейінгілер қайсымызға ерсе де жеткілікті» дейтін еді. Ендеше, ол хадистің мағынасы, ілім иелерінен әл-Музәни және басқаларының да айтқанындай, «Сахабалар хадис жеткізу мәселесінде жұлдыз сияқты» деген сөзді білдіреді. Өйткені бәрі де әділ, яғни, хадиске еш жалған араластырмайды.

7. Хадисте жуынғанда перде тұту керектігі және өзге біреуден жәрдем сұрауға болатындығына дәлел бар.

8. Тазалану (жуыну) кезінде сәлем беру, алу және сөйлесуге болады.

9. Ихрамдағы адамның жуынуына болады. Шашын да мол сумен жууға болады және шашының түспейтінінен сенімді болса, басын ысқылап жууына да болады. Қуртуби бұл хадиске сүйене отырып, жуынған кезде басты ысқылап жуудың уәжіп екеніне үкім шығарған. «Егер ысқыламай жуу жеткілікті болса, ихрамдағы адамның мұны тәрк етуге тіптен қақысы болар еді, ысқылап жуудың қауіпі анық (шаштың түсуі)».

Қуртуби: «Дәрет алған кезде сақалдың арасын саусақтармен тарамдаудың мұстахаб болуы ихрам кезде де жалғасады» деген. Бұл сөз Шәфиғилердің кейбірінің: «Ихрамды адам, дәрет алған кезде сақалын тарамдауы мәкруһ» деген сөзін теріске шығарады. Анығында Шафиғилердың кейбірі сақалдан бірді-екілі қылдардың жұлынуынан қауіптеніп тарамдауды мәкруһ санаған. Қуртуби үкімін аталмыш хадиске сүйеніп былай деген: «Бастағы шаштарды ысқылаумен, сақалды ысқылаудың арасында еш айырмашылық жоқ...»

  1. 1Бұхари, Жәзаус-Сайд 14; Мүслим, Хажж 91, (1205); Муатта, Хажж 4, (1, 323); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 38, (1840); Нәсәи, Хажж 27, (5, 128.129); ибн Мәжа, Мәнәсик 22, (2934).
1224
Кутуб ситтә, № 1224 · тараудағы реті: 26

وَعَنْ خَارِجَةَ بْنِ زَيْدٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ تَجَرَّدَ لإِهْلالِهِ وَاغْتَسَلَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَذَكَرَ رَزِينُ رِوَايَةً أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اغْتَسَلَ لإحْرَامِهِ وَلِطَوافِهِ بِالْبَيْتِ وَلِوُقُوفِهِ بِعَرَفَةَ.

Қазақша аудармасы

Харижа ибн Зәйд әкесі Зәйдтен (р.а.)1 мына риуаятты жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамға кірерде үстіндегі киімін шешіп, ғұсыл алды». Рәзин келтірген нұсқада оның ихрамға кіру, Қағбаны тауап ету және Арафатта уақфа жасау үшін ғұсыл алғаны айтылады.

Түсіндірме

1. Әли әл-Қари «киімін шешті» дегенді «тігілген киімін шешіп, изар мен ридаға оранды» деп түсіндірген.

2. Бұл хадис ихрамға кірерде ғұсыл алудың мұстахаб екеніне дәлел болған. Ғалымдардың көпшілігі осы пікірде. Оны уәжіп санағандар да бар.

  1. 1Тирмизи, Хажж 16, (830).
1225
Кутуб ситтә, № 1225 · тараудағы реті: 27

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «كَانَ ابْن عُمَرَ يَغْتَسِلُ لإحْرَامِهِ قَبْلَ أَنْ يُحْرِمَ وَلِدُخُولِهِ مَكَّةَ وَلِوُقُوفِهِ بِعَرَفَةَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. زَادَ فِي رِوَايَة: وَكَانَ إِذَا أَحْرَمَ لَا يَغْسِلُ رَأْسَهُ إِلَّا مِنَ الاِحْتِلامِ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай дейді: «Ибн Омар (р.а.) ихрамға кірер алдында, Меккеге кірерде және Арафатта уақфа жасар алдында ғұсыл алатын»1.

Бір нұсқада: «Ихрамға кірген соң басын ихтилам болғанда ғана жуатын», – деген қосымша бар.

Түсіндірме

Сүннетті берік ұстанған Ибн Омардың (р.а.) қажылық пен умрада мына үш жағдайда ғұсыл алғаны айтылады:

1. Ихрамға кіруден бұрын тігісті киімдерін шешіп, ихрамын (изар мен рида) кию үшін жуынатын.

2. Меккеге кіруден бұрын. Бұхаридың бұл риуаятында: «Харам шекарасының ең жақын жеріне келген кезде тәлбия айтуды тоқтатып, Зу-Туба деп аталатын жерде қонақтайтын, мұның артынан сол жерде таң намазын оқитын және жуынатын. Содан кейін ол: «Расулалла осылай жасаған еді» деп осы мәселеге қатысты түсіндірме берген.

3. Арафатта уақфа жасау үшін жуынатын: «Муаттада» келген бір риуаятта оның Арафа кешінде жуынғандығы айтылған.

  1. 1Муатта, Хажж 3, (1, 322); Бұхари, Хажж 38.
1226
Кутуб ситтә, № 1226 · тараудағы реті: 28Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَبَّدَ رَأْسَهُ بِالْغِسْلِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. وَعِنْدَهُ سَمِعْتُهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُهِلُّ مُلَبِّدًا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) шашын арнайы қоспамен жабыстырып, ретке келтірді». Бір нұсқада Ибн Омар: «Оның шашын жабыстырып қойған күйде тәлбия айтқанын естідім»1, – дейді.

Түсіндірме

1. Тәлбид – арнайы жабысқақ қоспамен шашты жабыстырып, жинап қою. Сонда шаш ұйпаланбайды, арасына жәндік кірмейді. Риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) шашын осылай реттеп, ихрамға кіргені айтылады.

2. Риуаяттағы «ғисл» (غِسْلٌ) сөзі шаш жууға әзірленген қоспаны білдіреді. Кей нұсқада ол «асал» (عَسَلٌ), яғни «бал» болып оқылған. Осы нұсқаға қарағанда, шашты біріктіріп қою үшін бал жағылған болуы мүмкін. Ғалымдар бұл тұсқа қосымша түсініктеме бермеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 12 (№ 1747–1748). Нәсәи, «Хаж», 40 (5/136). Бұхари, «Хаж», 19. Мүслим, «Хаж», 21 (№ 1184). Ибн Мәжа, «Мәнәсик», 72 (№ 3047).
1227
Кутуб ситтә, № 1227 · тараудағы реті: 29Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «يَدْخُلُ الْمُحْرِمُ الْحَمَّامَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَرْجَمَةً.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Ихрамдағы адам моншаға кіре алады»1, – деген.

Түсіндірме

1. Бұхари бұл риуаятты يَدْخُلُ الْمُحْرِمُ الْحَمَّامَ «Ихрамдағы адам моншаға кіре алады» деп, болымды түрде келтіреді. «Тәйсирде» сөйлемнің басына болымсыздық шылауы қосылып, мағынасы теріске айналған. Бұл – мәтін қатесі.

2. Бұл риуаят Бұхариде қосымша ретінде келсе де, Бәйхақи мен Дарақутниде негізгі хадис ретінде келген. Хадистің басқа бір нұсқасы ибн Аббастың Жухфада ихрам кезінде хамамға барғанын және: «(Тазаланыңдар) Алла сендерді кір күйлеріңде бағаламайды» дегенін баяндайды. Басқа бір риуаятта: «Ихрамдағы адам хамамға барады, қажет болса тісін жұлады, сынып қалса тырнағын алып тастайды... Зиян беруші нәрселерді тастаңдар, сендерге зиян беруші нәрселер Алланың ісіне жарамайды» деген.

  1. 1Бұхари, «Жәзаус-сайд», 14. Тарау атауында иснадсыз берілген.
1228
Кутуб ситтә, № 1228 · тараудағы реті: 30Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «احْتَجَمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْرِمٌ» أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَزَادَ الْبُخَارِيُّ رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى فِي أُخْرَى: وَاحْتَجَمَ وَهُوَ صَائِمٌ. وَلَهُ فِي أُخْرَى: احْتَجَمَ فِي رَأْسِهِ وَهُوَ مُحْرِمٌ مِنْ وَجَعٍ كَانَ بِهِ. وَفِي أُخْرَى: مِنْ شَقِيقَةٍ كَانَتْ بِهِ بِمَاءٍ يُقَالُ لَهُ لَحْىُ جَمَلٍ مِنْ طرِيقِ مَكَّةَ فِي وَسَطِ رَأْسِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамда қан алдырды»1, – деген. Бұл мәтін Бұхари мен Мүслимде осылай берілген.

Бұхаридегі басқа нұсқада: «Ораза ұстап жүріп қан алдырды», – делінген. Тағы бір нұсқасында Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамда басы ауырғандықтан қан алдырғаны айтылады.

Басқа нұсқада оның Мекке жолындағы Лахй Жәмал атты суатта «шақиқа», яғни бастың бір жағының сақинасы қысып, төбесінен қан алдырғаны айтылады.

Түсіндірме

Әртүрлі нұсқаларда келген бұл риуаяттардан мына үкімдер шығарылған:

1. Нәуәуи былай дейді: Ихрамдағы адам ешқандай зәруліксіз хижама жасатқысы келсе және хижама үшін шашын алу қажет болса, онда шаш алатын болғандықтан харам болады. Өйткені ихрамдағы кісіге шаш алуға болмайды. Ал шаш алдыруды қажет етпесе, көпшілік ғұламалардың пікірі бойынша хижама жасатуға болады. Ихрам кезінде хижама жасатуды Имам Мәлик мәкруһ деген.

Хасан Басри: «Шаш алдырмаса да підия төлеуі қажет. Егер зәрулік жағдаймен хижама алдырса, онда шашты алдыруына да болады. Бірақ підия төлеуі керек» деген.

2. Бұл хадис бойынша, шаш алдыру мен қош иіс жағу сияқты ихрам тыйымына жатпайтын қан алдыру, жараның аузын ашу, тамырды қию, тіс жұлдыру сынды емделу ниетімен жасалатын әрекеттердің бәрі рұқсат етілген. Емделу үшін жасалғандықтан підия төлеу қажет емес.

  1. 1Бұхари, Жәзаус-сайд 11, Тибб 12, 15; Мүслим, Хажж 88 (1203); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 36, (1835–1836); Тирмизи, Хажж 22, (839); Нәсәи, Хажж 92, (5, 193); ибн Мәжа, Мәнәсик 87, (3081).
1229
Кутуб ситтә, № 1229 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «احْتَجَمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْرِمٌ عَلَى ظَهْرِ الْقَدَمِ مِنْ وَجَعٍ كَانَ بِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. وَعِنْدَهُ مِنْ وَثِيّ كَانَ بِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамда аяғы ауырғандықтан аяқ үстінен қан алдырды»1.

Нәсәи нұсқасында аяғын зақымдап алғандықтан қан алдырғаны айтылады.

«وَالْوَثِىّ» هُوَ أَنْ يُصِيبَ الْعَظْمُ وَصْمَ لَا يَبْلُغُ الْكَسْرَ.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 36, (1837); Нәсәи, Хажж 94, (5, 194).
1230
Кутуб ситтә, № 1230 · тараудағы реті: 32

وَعَنْ نَافِعٍ أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَا يَحْتَجِمُ الْمُحْرِمُ إِلَّا أَنْ يَكُونَ مُضْطَرًّا إِلَيْهِ مِمَّا لَا بُدَّ مِنْهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ Ибн Омардың (р.а.): «Ихрамдағы кісі аса қажет жағдай тумайынша қан алдырмайды»1, – дегенін жеткізген.

Түсіндірме

Жоғарыда келгендей ибн Омар да, шаштың түсуі сияқты, зәрулік жағдай болмайынша хижама жасатуды харам деп санаған. Аяқ сияқты денедегі қыл түспейтін бір ағзада болса, ғалымдар хижама жасатуға болады деген. Бірақ ибн Омар мәкруһ санаған. Имам Мәлик те зәрулік жағдай туындамағанша қан алдыруды мәкруһ санаған. Өйткені бұл ихрамдағы кісінің қуатын азайтып, өзін әлсіретеді. Осы себепті қажының Арафа күні ораза ұстауына да мәкруһ делінген.

  1. 1Муатта, Хажж 75, (1, 350).
1231
Кутуб ситтә, № 1231 · тараудағы реті: 33

وَعَنْ نُبَيْهِ بْنِ وَهْبٍ: «أَنَّ عُمَرَ بْنَ عُبَيْدِاللَّهِ بْنِ مَعْمَرٍ اشْتَكَى عَيْنَيْهِ وَهُوَ مُحْرِمٌ وَأَرَادَ أَنْ يُكَحِّلَهُمَا فَنَهَاهُ أَبَانُ بْنُ عُثْمَانَ وَأَمَرَهُ أَنْ يُضَمِّدَهُمَا بِالصَّبْرِ، وَحَدَّثَهُ عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ كَانَ يَفْعَلُهُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلاّ الْبُخَارِيُّ. زَادَ أَبُو دَاوُدَ وَكَانَ أَبَانُ أَمِيرَ الْمَوْسِمِ.

Қазақша аудармасы

Нубайһ ибн Уәһб былай дейді: «Омар ибн Убайдулла ибн Мағмардың ихрамда екі көзі ауырып, сүрме жақпақ болды. Әбан ибн Осман оған сүрме жағуға тыйым салып, екі көзіне сабыр дәрісін басуды бұйырды. Әбан әкесі Османнан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) осылай істегені туралы риуаят жеткізді»1.

Әбу Дәуіттің нұсқасында Әбанның сол жылғы қажылыққа жетекшілік еткені де айтылады.

Түсіндірме

Сабыр – алоэдан алынатын дәрі. Оны хош иіс үшін қолданбайды. Сондықтан ихрамдағы адамның қолдануына рұқсат етілген. Көзге жағатын сүрменің құрамында әтірдің иісі болмаса, қолдануға рұқсат делінген. Шәфиғи: «Менің ойымша сүрме ерлерден қарағанда әйелдерге әлдеқайда мәкруһ. Бірақ підия төлеуге қатысты үкім берілгенін білмеймін» деген.

Әбу Ханифа мен оның жолын ұстанушы ғалымдар Суфиян Сәури, Ахмад, Исхақ сындылар ихрамдағы кісінің сүрме қолдануына болады, ешқандай оқасы жоқ деп қараған. Бірақ исмид деп аталатын сүрмені қолдануды Суфиян мен Исхақ мәкруһ деген.

  1. 1Мүслим, «Хаж», 89 (№ 1204). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 37 (№ 1838). Тирмизи, «Хаж», 106 (№ 952). Нәсәи, «Хаж», 45 (5/143).
1232
Кутуб ситтә, № 1232 · тараудағы реті: 34Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّهُ نَظَرَ فِي مِرْآةٍ لِشَكْوَى بِعَيْنَيْهِ وَهُوَ مُحْرِمٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) ихрамда көзі ауырғандықтан айнаға қарағаны риуаят етілген.1

Түсіндірме

Ибн Омар (р.а.) көзінде пайда болған бір ауру себепті айнаға қараған. Бұл жерде сәндену, шашын реттеу, тамсану сияқты ниетпен қарамаған. Имам Мәлик бұл риуаятты негізге ала отырып, зәрулік жағдайда ихрамдағы адам айнаға қарауына болады деген, бірақ зәрулік жағдай болмаса айнаға қарауды мәкруһ санаған. «Өйткені шашының ұйпа-тұйпа екенін көріп қалса, оны тарауы яки тарағысы келуі мүмкін» деген.

Мына хадиске жақсы түсіндірме жазылмаса, Исламда ұйпа-тұйпа болып жүре беруге болады деген түсінікке апаруы мүмкін.

  1. 1Муатта, Хажж 93, (1, 358).
1233
Кутуб ситтә, № 1233 · тараудағы реті: 35Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «تَزَوَّجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَيْمُونَةَ وَهُوَ مُحْرِمٌ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. زَادَ الْبُخَارِيُّ فِي أُخْرَى: فِي عُمْرةِ الْقضَاءِ وَبَنَى بِهَا وَهُوَ حَلالٌ وَمَاتَتْ بِسَرِفَ. وقَالَ أَبُو دَاوُدَ: قَالَ ابْنُ الْمسَيِّبِ: وَهِمَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي تَزْوِيجِ مَيْمُونَةَ وَهُوَ مُحْرِمٌ. وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِي: تَزَوَّجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْرمٌ وَلَمْ يَذْكُرْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) ихрамда жүргенінде Мәймуна анамызға (р.а.) үйленді»1, – деген.

Бұхари келтірген бір нұсқада некенің өтеу умрасы кезінде қиылғаны, Алла елшісінің (с.а.с.) Мәймунамен ихрамнан шыққан соң бірге болғаны және Мәймунаның Сарафта қайтыс болғаны айтылады.

Әбу Дәуіт Сағид ибн әл-Мусайябтың «Алла елшісі Мәймунаға ихрамда үйленді дегенде Ибн Аббас жаңсақ айтқан» деген пікірін келтірген.

Нәсәи келтірген бір нұсқада Алла елшісінің (с.а.с.) ихрамда үйленгені айтылған, бірақ Мәймунаның есімі аталмайды.

Түсіндірме

1. Ихрам кезде некелесу мәселесі ғұламалардың әртүрлі көзқарас білдіруіне себеп болған тақырып. Бұл хадисті негізге алған бірқатар ғалымдар, ихрамды адамның некелесуіне болады деген. Бірақ ихрамнан шыққанша жыныстық қатынасқа кіруге болмайды. Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Хаммад ибн Әбу Сүлейман, Икрима, Мәсрук, Нәһәи, Сәури, Ата және т.б. ғалымдар осы пікірде.

2. Ғалымдардың көпшілігі Мүслим келтірген Әбан ибн Османның әзірет Османнан жеткізген риуаятқа (№1237 хадисте келеді) сүйеніп, ихрамды адамның неке жасатуына болмайтынын, басқаларға да неке жасай алмайтына үкім берген. Шәфиғи, Мәлик, Ахмад, Әузағи, Исхақ, Ләйс, Саид ибн әл-Мусайяб, Сәлим, Қасым, Сүлейман ибн Ясар және т.б. ғалымдар осы пікірде. Әйгілі сахабалар әзірет Али мен әзірет Омар да осы пікірде болған. Бұлардың пікірі бойынша ихрамдағы кісінің өзі үшін немесе басқа үшін жасайтын некесі дұрыс саналмайды. Сахаба Әбу Рафиғ пен жоғарыда аты аталған Мәймуна анамыздан (р.а.) жеткен риуаяттарда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәймунамен (р.а.) үйленген кезде ихрамсыз болған. «Усдул-Ғаба» атты еңбекте келген бір риуаятта ардақты Пайғамбар умра-қаза болған кезде үш күн Меккеде тұрақтап, Меккеліктерге той жасап ас беретіні жайлы ұсыныс айтады, бірақ олар қабыл етпейді. Расулалла (с.а.с.) ол жерден кері қайтып бара жатып жолда Сәраф деген жерге келеді де сол жерде Мәймунамен бірге болады (алғашқы түнін өткізеді). «Ихрамда некелесуге болады» дегендер мен «Болмайды» дегендер бір-бірлеріне қарсы дәлелдер мен жорамалдар келтірген. Бұл жерде ол жайлы тартыс-таластарға кірмейміз. Екі жақтың да сүйенген риуаяттары төменде беріледі.

  1. 1Бұхари, Жәзаус-сайд 12, Мағази 43, Никах 30; Мүслим, Никах 46, (1410); Әбу Дәуіт, Мәнасиқ 39, (1844, 1845); Тирмизи, Хажж 24, (842); Нәсәи, Хажж 90, (1, 191, 192).
1234
Кутуб ситтә, № 1234 · тараудағы реті: 36Риуаят етуші: Әбу Рафиғ

وَعَنْ أَبِي رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «تَزَوَّجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَيْمُونَةَ وَهُوَ حَلَالٌ وَبَنَى بِهَا وَهُوَ حَلَالٌ، وَكُنْتُ أَنَا الرَّسُولَ بَيْنَهُمَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. «بَنَى الرَّجُلُ بِزَوْجَتِهِ» دَخَلَ بِهَا، وَقَالَ الْجَوْهَرِيُّ: لَا يُقَالُ بَنَى بِهَا بَلْ بَنَى عَلَيْهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Рафиғ (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәймунаға (р.а.) ихрамсыз кезде үйленді және онымен ихрамсыз кезде бірге болды. Екеуінің арасында хабар жеткізіп, дәнекер болған мен едім»1.

  1. 1Тирмизи, Хажж 23, (841).
1235
Кутуб ситтә, № 1235 · тараудағы реті: 37Риуаят етуші: Мәймуна

وَعَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «تَزَوَّجَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَنَحْنُ حَلَالَانِ بِسَرِفَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ؛ وَهَذَا لَفْظُ أَبِي دَاوُدَ. وَعِنْدَ مُسْلِمٍ: تَزَوَّجَهَا وَهُوَ حَلالٌ. قَالَ الرَّاوِي، وَهُوَ يَزِيدُ بْنُ الْأَصَمِّ: وَكَانَتْ خَالَتِي وَخَالَةَ ابْنِ عَبَّاسٍ. وَزَادَ التِّرْمِذِيُّ: وَبَنَى بِهَا حَلالا وَمَاتَتْ بِسَرِفَ وَدَفَنَّاهَا فِي الظُّلَّةِ الَّتِي بَنَى بِهَا فِيهَا.

Қазақша аудармасы

Мәймуна (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) маған Сарафта, екеуіміз де ихрамсыз жүргенде үйленді»1, – деген. Бұл – Әбу Дәуіттің нұсқасы.

Мүслим нұсқасында: «Алла елшісі (с.а.с.) оған ихрамсыз кезде үйленді», – делінеді. Рауи Язид ибн әл-Асамм: «Ол менің де, Ибн Аббастың да нағашы әпкеміз еді», – деген.

Тирмизи нұсқасында: «Алла елшісі (с.а.с.) Мәймунамен бірге болған кезде ихрамсыз еді. Мәймуна Сарафта қайтыс болды. Оны Алла елшісімен алғаш бірге болған шатырының орнында жерледік», – деген қосымша бар.

«سَرِفَ» بِوَزْنِ كَتِفٍ: جَبَلٌ بِطَرِيقِ الْمدِينَةِ.

  1. 1Мүслим, «Никах», 48 (№ 1411). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 39 (№ 1843). Тирмизи, «Хаж», 24 (№ 845).
1236
Кутуб ситтә, № 1236 · тараудағы реті: 38Риуаят етуші: Сүлейман ибн Ясар

وَعَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ يَسَارٍ قَالَ: «بَعَثَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَبَا رَافعٍ مَوْلَاهُ وَرَجُلًا مِنَ الأَنْصَارِ فَزَوَّجَاهُ مَيْمُونَةَ بِنْتَ الْحَارِثِ، وَرَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِالْمَدِينَةِ قَبْلَ أَنْ يَخْرُجَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Сүлейман ибн Ясар былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) азат еткен құлы Әбу Рафиғ пен ансарлық бір кісіні жіберді. Екеуі оның атынан Мәймуна бинт әл-Хариспен некесін қиды. Ол кезде Алла елшісі (с.а.с.) әлі Мәдинада еді, жолға шықпаған болатын»1.

Түсіндірме

Ибн Сағдтың айтуынша, Әбу Рафиғпен бірге барған кісі – Әус ибн Хаули. Олар Мәймунаны Алла елшісінің (с.а.с.) атынан айттырған. Кей нұсқада Алла елшісі Мәймунаға қатысты істі Аббас ибн Абдулмутталибке тапсырып, некелесу ісін сол кісі атқарғаны айтылады.

  1. 1Муатта, Хажж 69, (1, 348).
1237
Кутуб ситтә, № 1237 · тараудағы реті: 39Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَنْكِحُ الْمُحْرِمُ وَلا يُنْكِحُ وَلا يَخْطُبُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Ихрамдағы кісі үйленбейді, өзгені үйлендірмейді, қыз да айттырмайды», – дегенін жеткізген1.

  1. 1Мүслим, Никах 41, (1409); Муатта, Хажж 70, (1, 348, 349); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 37, (1841); Тирмизи, Хажж 23, (840); Нәсәи, Хажж 91, (5, 192).
1238
Кутуб ситтә, № 1238 · тараудағы реті: 40

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «قَالَ ابْن عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: لَا يَنْكِحُ الْمحْرِمُ وَلَا يُنْكِحُ وَلَا يَخْطُبُ عَلَى نَفْسِهِ وَلا عَلَى غَيْرِهِ».

Қазақша аудармасы

Нафиғ Ибн Омардың (р.а.): «Ихрамдағы кісі үйленбейді, өзгені үйлендірмейді, өзі үшін де, өзге біреу үшін де қыз айттырмайды»1, – деген үкімін жеткізген.

  1. 1Муатта, Хажж 72, (1, 349).
1239
Кутуб ситтә, № 1239 · тараудағы реті: 41

وَعَنْ أَبِي غَطَفَانَ الْمُرِّيِّ، «أَنَّ أَبَاهُ طَرِيفًا تَزَوَّجَ امْرَأَةً وَهُوَ مُحْرِمٌ فَرَدَّ عُمَرُ نِكَاحَهُ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Ғатафан әл-Мурридің айтуынша, әкесі Тариф ихрамда бір әйелге үйленген. Омар (р.а.) бұл некені жарамсыз деп тапқан1.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 71 (1/349).
1240
Кутуб ситтә, № 1240 · тараудағы реті: 42Риуаят етуші: Әбу Қатада

وَعَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ يَوْمًا جَالِسًا مَعَ رِجَالٍ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي مَنْزِلٍ فِي طَرِيقِ مَكَّةَ، وَرَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَمَامَنَا وَالْقَوْمُ مُحْرِمُونَ وَأَنَا غَيْرُ مُحْرِمٍ عَامَ الْحُدَيْبِيَّةِ فَأَبْصَرُوا حِمَارًا وَحْشِيًّا وَأَنَا مَشْغُولٌ أَخْصِفُ نَعْلِي فَلَمْ يُؤْذِنُونِي وَأَحَبُّوا لَوْ أَنِّي أَبْصَرْتُهُ. فَالْتَفَتُّ فَأَبْصَرْتُهُ فَقُمْتُ إِلَى الْفَرَسِ فَأَسْرَجْتُهُ ثُمَّ رَكِبْتُ وَنَسِيتُ السَّوْطَ وَالرُّمْحَ. فَقُلْتُ لَهُمْ نَاوِلُونِي السَّوْطَ وَالرُّمْحَ. فَقَالُوا: لَا وَاللَّهُ لَا نُعِينُكَ عَلَيْهِ فَغَضِبْتُ فَنَزَلْتُ فَأَخَذْتُهُمَا ثُمَّ رَكِبْتُ فَشَدَدْتُ عَلَى الْحِمَارِ فَعَقَرْتُهُ ثُمَّ جِئْتُ بِهِ وَقَدْ مَاتَ فَوَقَعُوا فِيهِ يَأْكُلُونَهُ. ثُمَّ إِنَّهُمْ شَكُّوا فِي أَكْلِهِمْ إِيَّاهُ وَهُمْ حُرُمٌ فَرُحْنَا وَخَبَأْتُ الْعَضُدَ مَعِي. فَأَدْرَكْنَا النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَأَلْنَاهُ عَنْ ذَلِكَ فَقَالَ: هَلْ مَعَكُمْ مِنْهُ شئٌ؟ فَقُلْتُ نَعَمْ! فَنَاوَلْتُهُ الْعَضُدَ فَأَكَلَهَا وَهُوَ مُحْرِمٌ، وَقَالَ: إِنَّمَا هِيَ طُعْمَةٌ أَطْعَمَكُمُوهَا اللَّهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ. وَزَادَ فِي رِوَايَة لَهُمْ: هُوَ حَلَالٌ فَكُلُوهُ. وَفِي أُخْرَى: فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَمِنْكُمْ أَحَدٌ أَمَرَهُ أَنْ يَحْمِلَ عَلَيْهِ أَوْ أَشَارَ إِلَيْهِ؟ قَالُوا لَا. قَالَ: فَكُلُوا. وَفِي أُخْرَى: قَالَ أَشَرْتُمْ أَوْ أَعَنْتُمْ أَوِ اصَّدْتُمْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) былай дейді: «Худайбия бітімі жасалған жылы бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) бір топ сахабасымен Мекке жолында аялдап отырдық. Алла елшісі бізден ілгері кеткен еді. Менен өзге жұрттың бәрі ихрамда болатын. Олар бір жабайы есекті байқапты. Мен тәпішкемді жамап отырғанмын. Маған айтпай, өзім көргенімді қалапты. Бір кезде өзара күліп жіберді. Жалма-жан жан-жағыма қарап, жабайы есекті көрдім. Дереу Жәрада деген атымды ерттеп міндім. Асығыстықпен қамшым мен найзамды ұмытып кетіппін. “Қамшым мен найзамды беріңдер!” – дедім.

Олар: “Жоқ, Аллаға ант етеміз, бұл істе саған көмектеспейміз”, – деді. Ашуланып, атымнан түсіп, екеуін алдым. Қайта мініп, жабайы есекке қарай шаптым. Оны аулап, өлексесін алып келдім. Жолдастарым етінен жеді, бірақ кейін ихрамда жегендеріне күмәнданды. Жолға шықтық. Мен оның бір жауырынын алып қойған едім. Алла елшісіне (с.а.с.) жетіп, болған жайды сұрадық. Ол: “Еттен қалғаны бар ма?” – деді. “Иә”, – деп, сақтаған жауырынды ұсындым. Алла елшісі (с.а.с.) ихрамда болса да одан жеді де: “Бұл – Алланың сендерге нәсіп еткен асы”, – деді»1.

Басқа бір нұсқасында: «Бұл – адал ет, жеңдер», – деген қосымша бар.

Тағы бір нұсқада Алла елшісі (с.а.с.): «Араларыңнан біреуің оған аңды аула деп айтты ма немесе аңды көрсетіп берді ме?» – деп сұраған. Олар: «Жоқ», – дегенде: «Ендеше, жеңдер», – деген.

Тағы бір нұсқада: «Аңды көрсеттіңдер ме, көмектестіңдер ме немесе аңға салдыңдар ма?» – деп сұрағаны айтылады.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят ихрамды кезде аң аулау мәселесіне кіреді. Хадис түрлі нұсқалардан келген. Әр нұсқа бір-бірінен өзгеше кейбір мәселелерді қамтиды.

2. Жоғарыда келген нұсқаның түсінікті болуы үшін, басқа нұсқаларда келген кейбір анықтамалы қосымшаларды жақшаның ішінде келтірдік.

3. «Аулау» деген сөз етінің желінуі ихрамсыз адамға халал саналатын жабайы жануарды меңзейді.

4. Жоғарыда келгендей Әбу Қатада бәрі умра жасау үшін ихрамда болған кезде, ол ихрамда болмаған. Әбу Қатаданың ихрамсыз болуы, оның топқа кейіннен, жолда қосылуына байланысты болса керек. Сахабалар жолда бір аң (жабайы есек) көрді, бірақ оны Әбу Қатадаға айтпайды, ол аяқ киімінің бүлінгенін жөндеп отырғандықтан оны бірден көрмеді. Бір кезде сахабалардың күлулері себепті жан-жағына қарағанда оны көреді де, аулау үшін бірден атын ерттеп мініп, енді аңға қарай шаба жөнелейін дегенде асығыстықтан қамшысы мен найзасын ұмытқанын байқайды. Жердегілерден қамшысы мен найзасын беріп жіберуін сұраса да, жолдастары оны бермейді. Өйткені олардың бәрі ихрамда еді, ал ихрамдағы кісіге аң аулауға болмайды. Аңшыға және аулауға жәрдем ету де тыйымға кіретіндіктен, алғаш ол аңды көрген кезде ихрамсыз болса да Абдуллаға айтпайды және көмек сұрағанда қамшысы мен қаруын да қолына алып беруге көмектеспейді.

5. Әбу Қатада аңды аулап алып келеді және етінен бәрі жейді. Бірақ жегеннен кейін тыйым салынған бір әрекет жасап қойдық па деп күмәнға түседі. Сөйтіп, алдында кетіп бара жатқан Расулаллаға (с.а.с.) жеткен кезде, болған оқиғаны айтып, істің мән-жайын сұрайды.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аңды аулау мәселесінде, ихрамды сахабалардың аңды көрсету сияқты әрқандай бір жәрдемі болғаны немесе болмағаны жайлы анықтап сұрайды. Бірақ ихрамды сахабалардан Әбу Қатадаға ешқандай жәрдем болмағанын анықтаған соң, ол аңның етінің адал екенін айтады және өзі де жейді.

6. Бұл мәселеге қатысты кейбір үкімдер:

1) Ихрамдағы адам аң аулауға жәрдем етпеу шартымен ауланған аңның етінен жеуіне болады. Бірақ бұл мәселеге қатысты кейбір пікірлер бар:

а) Ихрамдағы адамға ауласа да, ауламаса да, аулап алған аңның еті үзілді-кесілді харам. Бұл үкімді шығарғандар №1241 хадисті негізге алған.

б) Ихрамды адамның рұқсаты болса да, болмаса да ол үшін ауланған аңның етін жеу харам. Имам Шәфиғи мен Имам Мәлик осы пікірде болған.

с) Ихрамдағы кісі өзі ауласа немесе басқа біреу оның рұқсатымен немесе ықпалымен ауласа, ол аңның етін жеу харам. Ал басқа себептермен ауланған аңның етінен жеуіне болады. Имам Ағзам осы пікірде болған. Ғалымдардың көпшілігі «Ихрамды адам аулаған аңның еті тек өзіне ғана емес басқаларға да харам» деген. Хасан Басри, Әбу Сәур, Суфиян Сәури және басқалар: «Ұрының сойғаны сияқты, ауланған жануардың етінен басқалардың жей беруіне болады» деген. Бірақ дұрысы – «ихрамдағы адамның аулауы арқылы сойылған мал-жануарлар өлексе үкіміне жатады».

2) Ихрамдағы кісі қандай да бір аңды әдейі немесе қателікпен өлтірсе, жаза өтеуі қажет. Бұл мәселеде Хижаз бен Ирак ғалымдары және басқалар арасында бір ауыздылық бар. Тек қана Әһл-Заһир, Әбу Сәур, Шәфиғилерден ибн Мунзир қарсылық білдіріп, қателікпен өлтіргенге жаза қажет емес деген. Екі риуаяттың бірінде Ахмад ибн Ханбал да осы пікірде болған. Хасан Басри және Мужаһид: «Қателікке жаза уәжіп, ал әдейі жасалса оған жаза емес, ниқмет, яғни, илаһи жаза уәжіп болады» деген.

3) Ғалымдардың көбі: «Ихрамдағы адам аң ауласа, жаза ретінде аулаған аңға тең малды өтейді» деп үкім шығарған. Әбу Ханифа оның құнын өтеуін – уәжіп, алайда сол аңға ұқсайтын малды садақа жасауына да болады» деген.

Ғалымдардың көбі «Үлкен хайуан ауланған болса, үлкен хайуанмен, кішкене хайуан ауласа, кішкене хайуанмен өтейді» деген. Имам Мәлик бұл пікірге қарсы шығып: «Өлтірілген хайуан үлкен болса да, кішкене болса да жазасын үлкен хайуанмен өтейді. Өлтірілген хайуан сау болса да, кем болса да, оның жазасын сау хайуанмен өтейді» деген.

  1. 1Бұхари, «Жәзаус-сайд», 2–5, «Һиба», 3, «Жиһад», 46, 88, «Мәғази», 35, «Әтғима», 19, «Зәбаих», 10–11. Мүслим, «Хаж», 56 (№ 1196). Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 76 (1/350). Тирмизи, «Хаж», 25 (№ 847). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 41 (№ 1852). Нәсәи, «Хаж», 78 (5/182). Ибн Мәжа, «Мәнәсик», 93 (№ 3093).
1241
Кутуб ситтә, № 1241 · тараудағы реті: 43Риуаят етуші: Сағб ибн Жәссама

وَعَنِ الصَّعْبِ بْنِ جَثَّامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّهُ أَهدَى إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حِمَارًا وَحْشِيًّا وَهُوَ بِالأَبْوَاءِ أَوْ بِوَدَّانَ فَرَدَّهُ عَلَيْهِ فَلَمَّا رَأَى مَا فِي وَجْهِهِ قَالَ: أَنَا لَمْ نَرُدُّهُ عَلَيْكَ إِلَّا أَنَا حُرُمٌ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا أَبَا دَاوَدَ.

Қазақша аудармасы

Сағб ибн Жәссама (р.а.) Әбуада немесе Уадданда Алла елшісіне (с.а.с.) бір жабайы есек сыйлады. Алла елшісі сыйын қайтарып берді. Сағбтың жүзінен көңілі қалғанын байқап: «Оны ихрамда болғанымыз үшін ғана қайтардық», – деді1.

Түсіндірме

1. Риуаятта сыйға тартылғаны айтылған «жабайы есек» деген сөз нені білдіреді? Жабайы есектің еті ме, жоқ әлде өзі тірі күйінде ме? Бұл жайлы пікірталас бар. Риуаяттың Бұхаридағы нұсқасы жоғарыда келгендей нақты анық емес. Бірақ Бұхари басқа риуаяттардағы мағлұматтарға сүйене отырып, ол есектің «тірі» екенін айтқан және мұны тармақтың басына келтірген. Мүслимдегі бір нұсқасында «жабайы есектің еті» екені айтылған. Кейбір риуаяттарда: «Жабайы есектің саны» екені, «ол саннан қан тамшылап тұрғаны», «ауланған еттің бір бөлшегі» екені жайлы әртүрлі сөйлемдер айтылған.

Риуаяттардағы бұл айырмашылықтар себебінен, ғалымдар түрлі пікірлер келтіргендіктен қарама-қайшылықтар туындаған.

Тахауи ибн Аббастан жеткен барлық риуаяттарда Расулалланың (с.а.с.) Сағбқа кері қайтарғаны, тірі емес аулау арқылы қолға түскен ет екеніне тоқталған. Бұл «ихрамдағы адамға ауланған ет харам» дегендерге дәлел болды деген. Ибн Баттал хадистердегі қарма-қайшылықты бір ғана оқиғаға емес, бірнеше оқиғаға қатысты деп түсіндіреді. Ибн Хажар да осы пікірді құптаған. Оның пікірінше Сағб Расулаллаға (с.а.с.) бірде жабайы есекті толықтай сыйға тартқан, басқа бір жолы бір бөлшегін (яғни етін) сыйға тартқан.

Қуртуби алдымен есект толықтай сыйға берілді деген пікірде болған. Өйткені есек толық (яғни тірі) болғандықтан Сағбтың өзіне кері қайтарылды деп қараған. Бірақ бұл пікірге қарсылық болғандықтан, кейін есектің бір бөлшегі сыйға тартылғаны жайлы пікірді құптаған.

2. Ғалымдардың бірқатары (Шағби, Тауус, Мужаһид, Сәури және т.б. Бұл риуаятқа қатысты Имам Мәлик) бұл риуаят бойынша бір шешімге келіп, ихрамсыз адам сойған хайуанның (ауланған хайуанның еті), ихрамды адамға харам екеніне үкім шығарған. Әзірет Али, ибн Аббас және ибн Омар да осы пікірде болған.

3. Келесі бірқатар ғалымдар (Саид ибн Жубәйр, Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Ахмад ибн Ханбал және Ата) ихрамсыз адам аулаған (сойған) хайуанның ихрамдағы адамға адал екенін айтқан. Олар №1240 хадисті дәлел ретінде келтіреді.

  1. 1Бұхари, Жәзаус-сайд 6, Хибә 5, 17; Мүслим, Хажж 50, (1193), Муатта, Хажж 83, (1, 353); Тирмизи, Хажж 26, (849); Нәсәи, Хажж 79, (5, 183.185); ибн Мәжа, Мәнәсик 92, (3090).
1242
Кутуб ситтә, № 1242 · тараудағы реті: 44

وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِي عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ الصَّعْبَ ابْنَ جَثَّامَةَ أَهْدَى إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رِجْلَ حِمَارِ وَحْشٍ تَقْطُرُ دَمًا وَهُوَ مُحْرِمٌ بِقُدَيْدٍ فَرَدَّهَا عَلَيْهِ». «وَالْمُرَادُ بِرِجْلِ الْحِمَارِ هُنَا فَخِذُهُ».

Қазақша аудармасы

Нәсәидегі басқа нұсқада Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Сағб ибн Жәссама (р.а.) Құдайдта ихрамда жүрген Алла елшісіне (с.а.с.) жабайы есектің қан тамшылаған бір санын сыйлады. Алла елшісі сыйын өзіне қайтарды»1.

  1. 1Нәсәи, Хажж 79, (5, 183.185).
1243
Кутуб ситтә, № 1243 · тараудағы реті: 45Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: صَيْدُ الْبَرِّ لَكُمْ حَلَالٌ وَأَنْتُمْ حُرُمٌ مَا لَمْ تَصِيدُوهُ أَوْ يُصَادُ لَكُمْ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Өздерің ауламаған әрі сендер үшін ауланбаған құрлық аңының еті ихрамда да сендерге адал»1.

Түсіндірме

Хадис ихрамдағы кісінің өзі аулаған аң мен ихрамсыз кісінің аулаған аңының үкімін ажыратады. Ихрамдағы кісі аңды өзі ауласа да, өзге адамға аулатса да, оның еті өзіне адал болмайды. Ихрамсыз кісі аңды ихрамдағы адам үшін ауламаған болса, оның етін жеуге болады.

Ихрамсыз адамның аулаған хайуаны, ихрамдағы кісіге адал деп қабылдаған ғалымдарды жоғарыда келтірдік. (№1241 хадис)

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 41, (1851); Тирмизи, Хажж 25, (846); Нәсәи, Хажж 81, (5, 187).
1244
Кутуб ситтә, № 1244 · тараудағы реті: 46

وَعَنْ عَبْدِالرَّحْمَنِ بْنِ عُثْمَانَ قَالَ: «كُنَّا مَعَ طَلْحَةَ وَنَحْنُ حُرُمٌ فَأُهْدِيَ لَنَا طَيْرٌ وَطَلْحَةُ رَاقِدٌ فِمَنَّا مَنْ أَكَلَ مِنْهُ وَمِنَّا مَنْ تَوَرَّعَ فلَمْ يَأْكُلْ فَاسْتَيْقَظَ طلْحَةُ وَوَفَّقَ مَنْ أَكَلَهُ، وَقَالَ أَكَلْنَاهُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي. «وَفَّقَ مَنْ أَكَلَهُ» أَىْ صَوَّبَ رَأْيَهُ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Осман былай дейді: «Біз ихрамда Талхамен бірге едік. Талха ұйықтап жатқанда, бізге бір құс сыйлады. Біріміз етінен жедік, біріміз сақтанып жемедік. Талха оянған соң жегендерді құптап: “Біз де Алла елшісімен (с.а.с.) бірге мұндай ет жегенбіз”, – деді»1.

  1. 1Мүслим, Хажж 65, (1197); Нәсәи, Хажж 78, (5, 182).
1245
Кутуб ситтә, № 1245 · тараудағы реті: 47

وَعَنْ عبْدِللَّهِ بْنِ عَامِرِ بْنِ رَبِيعَةَ قَالَ: «أُتِي عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِلَحْم صَيْدٍ وَهُوَ بِالْعَرْجِ. فَقَالَ لِأَصْحَابِهِ كُلُوا. فَقَالُوا: أَوَلَا تَأْكُلُ أَنْتَ؟ قَالَ إِنِّي لَسْتُ كَهَيْئَتِكُمْ إِنَّمَا صِيدَ مِنْ أَجْلِي». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амир ибн Рабиға былай дейді: «Османға (р.а.) Аржда аң еті әкелінді. Ол жолдастарына: “Жеңдер”, – деді. Олар: “Өзің жемейсің бе?” – деп сұрағанда: “Менің жағдайым бөлек, бұл аң мен үшін ауланды”, – деді»1.

Түсіндірме

Бұл риуаяттың Муаттадағы нұсқасында әзірет Османның ихрамда болғаны айтылған. Ибн Абдулбәрр бұл хадиспен амал жасаған ешбір фақиһтың болмағанын айтқан.

  1. 1Муатта, Хажж 84, (1, 354).
1246
Кутуб ситтә, № 1246 · тараудағы реті: 48

وَعَنْ عرْوَةَ «أَنَّ عَائِشةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ لَهُ وَقَدْ سَأَلَهَا عَنْ لَحْمِ صَيْدٍ لَمْ يُصَدْ مِنْ أَجْلِهِ: يَا ابْنَ أُخْتِي إِنَّمَا هِيَ عَشْرُ لَيَالٍ فَإِنْ تَخَلَّجَ فِي نَفْسِكَ شئٌ فَدَعْهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Уруа былай дейді: «Айшадан (р.а.) өзім үшін ауланбаған аңның етін жеуіме бола ма деп сұрадым. Ол: “Уа, әпкемнің ұлы! Ихрам мерзімі небәрі он түн. Көңіліңе күмән ұяласа, жемей-ақ қой”, – деді»1.

Түсіндірме

Айшаның (р.а.) пайымынша, бұл мәселеге тікелей қатысты кесімді мәтін болмағандықтан, ол сақтықпен жауап берген. Бұл жауап Алла елшісінің (с.а.с.) мына өсиетіне сай:

دَعْ مَا يَرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ

«Күмән туғызған нәрсені қалдырып, күмәнсізіне жүгін».

Ихрам мерзімі он түн ғана, сондықтан сабыр ету қиынға соқпайды.

Айша мұнда үкімі анық емес істен сақтануды білдіретін «Жүрегіңе жақпаған істі қоя тұр» және «Күнә – жүректі мазалайтын нәрсе» деген өсиеттерді еске салған.

  1. 1Муатта, Хажж 85, (1, 354).
1247
Кутуб ситтә, № 1247 · тараудағы реті: 49

وَعَنِ البَهْزِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَاسْمُهُ زَيْدُ بْنُ كَعْبٍ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خَرَجَ يُرِيدُ مَكَّةَ وَهُوَ مُحْرِمٌ حَتَّى إِذَا كَانَ بِالرَّوْحَاءِ إِذَا حِمَارُ وَحْشٍ عَقِيرٌ فَذُكِرَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: دَعُوهُ فَإِنَّهُ يُوشِكُ أَنْ يَجِئَ صَاحِبُهُ. فَجَاءَ الْبَهْزِيُّ وَهُوَ صَاحِبُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: شَأْنُكُمْ بِهَذَا الْحِمَارِ. فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَبَا بَكْرٍ يُقَسِّمُهُ بَيْنَ الرِّفَاقِ. ثُمَّ مَضَى حَتَّى إِذَا كَانَ بِالإثَايَةِ بَيْنَ الرُّوَيثَةِ وَالْعَرْجِ إِذَا ظَبْىٌ حَاقِفٌ فِي ظِلٍّ وَفِيهِ سَهْمٌ فَزَعَمَ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَمَرَ رَجُلًا أَنْ يَقِفَ عِنْدَهُ لَا يُرِيبُهُ أَحَدٌ مِنَ النَّاسِ حَتَّى يُجَاوِزَهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالنَّسَائِي. «الْحَاقِفُ» الَّذِي انْحَنَى وَتَثَنَّى فِي نَوْمِهِ.

Қазақша аудармасы

Әл-Бәһзи, яғни Зәйд ибн Кәғбтан (р.а.) жеткен риуаятта былай делінген: «Алла елшісі (с.а.с.) Меккеге бет алып, ихраммен жолға шықты. Раухаға жеткенде жараланған жабайы есекке кезікті. Мұны естіген Алла елшісі: “Оған тимеңдер. Иесі көп ұзамай келіп қалар”, – деді. Жабайы есектің иесі әл-Бәһзи келіп: “Уа, Алланың елшісі, мұны өз қалауыңызша пайдаланыңыз”, – деді. Алла елшісі Әбу Бәкірге оны жолсеріктеріне бөліп беруді тапсырды.

Содан кейін жолын жалғастырып, Рууәйса мен Арждың арасындағы Усаяға жетті. Сол жерде денесіне жебе қадалған бір киік көлеңкеде бүктетіліп жатыр екен. Рауидің айтуынша, Алла елшісі (с.а.с.) бір кісіге бүкіл жұрт өтіп кеткенше сол жерде тұрып, ешкімге киікті мазалатпауды тапсырды»1.

Түсіндірме

1. Бір риуаятта Мәдина мен Мекке жолындағы жерлердің атаулары берілген. Олар: Рауха, Исая (немесе Усая, немесе Әсая) Рууәйса, Арж. Бұлар жол бойындағы аялдамалар деуге болады.

2. Алла елшісі (с.а.с.) ихрамда болғандықтан көлеңкеде жатқан киікті үркітпеді. Риуаяттан ихрамдағы адамның аңды үркітуіне немесе оны үркітуге жәрдемдесуіне тыйым салынатыны көрінеді.

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 79 (1/351). Нәсәи, «Хаж», 78 (5/182–183), «Сайд», 32 (7/205).
1248
Кутуб ситтә, № 1248 · тараудағы реті: 50

وَعَنْ عُرْوَةَ أَنَّ الزُّبَيْرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «كَانَ يَتَزَوَّدُ صَفِيفَ قَدِيدِ الظِّبَاءِ وَهُوَ مُحْرِمٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. «الصَّفِيفُ وَالقَدِيدُ» اللَّحْمُ الْمَمْلُوحُ الْمُجَفَّفُ فِي الشَمْسِ، سُمِّيَ صَفِيفًا لِأَنَّهُ يُصَفُّ فِي الشَّمْسِ لِيَجِفَّ.

Қазақша аудармасы

Уруа былай дейді: «Зубайр (р.а.) ихрамда күнге кептірілген киік етін жол азық ететін»1.

Түсіндірме

Бұл риуаят Зубәйрдің (р.а.) ихрамнан бұрын ауланып әзірленген хайуанның етін ихрам кезінде жеуге адал болып саналатыны сенімді екенін көрсетеді.

  1. 1Муатта, Хажж 77, (1, 350).
1249
Кутуб ситтә, № 1249 · тараудағы реті: 51Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي حَجٍّ أَوْ عُمْرَةٍ فَاسْتَقْبَلَنَا رِجْلٌ مِنْ جَرَادٍ فَجَعَلْنَا نَضْرِبُهُ بِسِيَاطِنَا وَقِسِيِّنَا. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كُلُوهُ فَإِنَّهُ مِنْ صَيْدِ الْبَحْرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) қажылыққа не умраға жолға шықтық. Жолда шегірткенің қалың тобына кезігіп, оларды қамшымызбен, садағымызбен ұра бастадық. Алла елшісі: “Жеңдер, ол теңізден ауланатын жануарлардың қатарына жатады”, – деді»1.

«الرِّجْلُ مِنَ الْجَرَادِ» بِكَسْرِ الرَّاءِ وَسُكُونِ الْجِيمِ: الْقِطْعَةُ مِنْهُ.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 42 (№ 1853). Тирмизи, «Хаж», 27 (№ 850). Әбу Дәуіт жеткізуші Әбул-Муһаззимді әлсіз деп көрсеткен.
1250
Кутуб ситтә, № 1250 · тараудағы реті: 52

وَعَنْ كعْبٍ قَالَ: «الْجَرَادُ مِنْ صَيْدِ الْبَحْرِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Кәғб әл-Ахбар: «Шегіртке теңізден ауланатын жануарлардың қатарына жатады»1, – деген.

Түсіндірме

1. Бұл риуаятта шегірткенің теңіз жануарына ұқсатылуы, өлген шегірткені де жеуге болатындығынан.

2. Бірақ фақиһтар ихрамдағы кісінің шегірткені өлтіруіне тыйым салған. Оны өлтірген, оның құнындай садақа береді.

«Һидаяда» шегіртке құрлықтағы ауланатын жануар екені айтылған. Ибн әл-Һумам ғалымдардың осылай үкім шығарғанын айтқан. Олай болса, жоғарыдағы хадис нақты емес бір мәселені қозғайды. Әзірет Омар ихрамда болғанда шегіртке өлтіріп, оның үкімін сұрау үшін өзіне келген адамды, Кәғб әл-Ахбарға жібереді. Ол: «Бір дирхам садақа беруге» үкім берген. Алиул-Қари: «Егер бұл хадис сахих болса, құрлық пен теңіздің шегірткесі деп аталатын екі түрлі шегіртке бар деген сөз. Оның әрқайсысына қатысты жеке-жеке үкім беріледі» деп қарама-қайшылықты шешуге тырысады. Бірақ Әбу Дәуіт хадистің сәнәдінде орын алған Әбу әл-Муһәззимнің сенімсіз кісі екенін, шегірткенің «теңіз жануарына» жататынын айтқан екі риуаяттың да күмәнді екенін, құр ойдан туындағанын айтқан.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 42, (1853); Муатта, Хажж 82, (1, 352).
1251
Кутуб ситтә, № 1251 · тараудағы реті: 53

وَزَادَ مَالِكٌ «أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ لَهُ: وَمَا يُدْرِيكَ؟ فَقَالَ: يَا أَمِيرَ الْمؤْمِنِينَ، وَالَّذِي نَفْسِي بَيَدِهِ إِنْ هِيَ إِلَّا نَثْرَةُ حُوتٍ يَنْثُرُهُ فِي كُلِّ عَامٍ مَرَّتَيْنِ». «النَّثْرَةُ» الدَّوَابُّ بِالنُّونِ: شِدَّةُ الْعَطْسَةِ، يُقَالُ نَثَرَتِ الشَّاةُ إِذَا طَرَحَتْ عَنْ أَنْفِهَا الْأَذَى.

Қазақша аудармасы

«Мууаттада» Омардың (р.а.) Кәғбтан «Мұны қайдан білесің?» деп сұрағаны айтылады. Кәғб: «Уа, мүміндердің әміршісі, жаным қолында болған Аллаға ант етемін, бұл – балықтың түшкіргенде шашатыны. Ол жылына екі рет түшкіреді»1, – деп жауап берген.

Түсіндірме

Бұл риуаят Кәғб әл-Ахбардан жеткен. Кәғб – Исламды қабылдаған яһуди ғалымдарының бірі. Ол мухадрамдардың қатарына жатады, яғни, жаһилия дәуірінде, әрі Расулалланың (с.а.с.) тұсында өмір сүргенмен пайғамбарды көрмеген, бірақ сахабалармен кездескен. Әзірет Әбу Бәкір немесе әзірет Омардың тұсында Исламды қабылдаған. Сондай-ақ Алла елшісінің (с.а.с.) тұсында мұсылман болғандығы туралы риуаяттар да бар. Ибн Хажар: «Әзірет Омардың тұсында Исламды қабылдағаны дұрыс мәлімет» деген.

Кәғб бұрын яһуди ғалымы болғандықтан риуаяттарында бұрынғы мағлұматтардың әсері байқалады. Сондай-ақ Исламға енген көптеген исраилият хабарларын жеткізгендердің бірі һәм бірегейі Кәғб екені айтылған.

Шегірткенің теңіз жануарынан екені жайлы риуаяттардан исраилдарға тән аңыздың иісін сезбеу мүмкін емес. Әбу Һурайрадан жеткен №1249 хадиске қатысты бір жорамал жасалған. Онда шегірткенің теңіз жануарына жататындығының бір нұсқасы көрсетілген. Бірақ шегіртке тобын балықтың түшкіруіне ұқсатқан сөйлемге жорамал жасау қиын. Өйткені Шәфиғи бастаған ғалымдарымыз шегірткені құрлықтың жануары деп есептеп, шегіртке өлтірудің ихрамды кісіге харам екенін айтқан. Ал оны өлтіргенге, оның құнына тең садақа беруі керектігі жайлы ешқандай күмән жоқ.

Зурқани Кәғбтың өзі жоғарыда келген пікірінен кейінірек бас тартқанына қатысты дәлелдерге қатысты былай деген: «...Шәфиғи сахих немесе хасан сәнәдпен Абдулла ибн Әбу Аммардан мынаны риуаят еткен: Муаз ибн Жәбәл және Кәғб әл-Ахбар (р.а.) ихрамға кірген бір топ кісімен бірге Бәйтул-Мақдистен умра жасамақ болып жолға шықтық. Жолда бір жерге келген кезде Кәғб от жағып жылына бастады. Сол кезде жанымызға жыпырлап шегірткелер келе бастады. Ол ихрамда екенін ұмытып кетіп екі шегіртке ұстап, өлтірді. Сәлден соң есіне түскенде шегірткелерді (жемей) тастай салды. Мәдинаға келгенде әзірет Омарға барып екі шегіртке өлтіргенін айтқанда әзірет Омар (р.а.): «Жазасын немен өтедің?» – деп сұрады. Кәғб: «Екі дирхам садақа еттім», – деді. Әзірет Омар: «Солай ма, негізі екі дирхам жүз шегірткенің құнынан да көп», – деді.

Егер шегірткелер жүретін жолға аяқ шаншар жер қалдырмай қаптап алған болса, жолдан өту үшін оларды таптаудан басқа шара қалмаса, онда өлген шегіртке үшін ешқандай жаза өтемейді. Дегенмен ихрамды адам шегіртке өлтіруден сақтану керек. Ибн Абдулбәрр «шегіртке балықтың түшкірігінен пайда болады» деген мәселе ақылға да, шегіртке мен балықтың өмір сүру салтына да қайшы болғандықтан бұл мәселеге қатысты еш нәрсе айтпай үнсіз қалған.

Әс-Сажи Кәғбтан мынадай хабар риуаят еткен: «Ең алғашқы шегіртке балықтың мұрын тесігінен шыққан». Бұл риуаят бойынша шегірткенің алғаш жаратылуы осылай басталған. Бірақ бұл ақпараттың дұрыс-бұрыстығы белгісіз. Әзірет Омар бұл пікрді дұрыс та демеген, бұрыс деп те айтпаған. Өйткені оның бұл мағлұматты Тәураттан үйренген болуы керек деп топшылаған. Алла елшісінің (с.а.с.) олардың риуаят еткендеріне қатысты ұстанымы растамау әрі жалғанға да шығармау. Егер риуаят еткендері ақиқат болса қарсылық көрсетпеген болады. Ал өздерінен бұрынғы өткендер құрастырған яки өзгертілген болса құпталмаған болады.

Ислам ғалымдары риуаят кітаптарына енген исраилият хабарларына сақтықпен қараған. Қабылдамаған тұстарын алдыңғы буын ғалымдарының беделіне нұқсан келтірмей, байыппен айтқан. Алла елшісінің (с.а.с.) кітап иелерінің хабарын бірден растамауды да, теріске шығармауды да үйреткені осыған саяды. Сонда ақиқатты теріске шығару мен жалғанды растаудан сақтануға болады. Бұл ұстаным кітап иелерімен қарым-қатынаста олардың сеніміне құрметпен қарауды да үйретеді.

Өздерінің тар түсініктеріне сыйғыза алмаған әр мәселені «жөнсіз, бос нәрсе» деп миллиондаған мүміннің сеніміне құрметсіздік жасаған заманауи адамдардың құлақтарына алтын сырға!

  1. 1Муатта, Хажж 82, (1, 352).
1252
Кутуб ситтә, № 1252 · тараудағы реті: 54Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّ أَسْمَاءَ بِنْتَ عُمَيْسٍ: نُفِسَتْ بِمُحَمَّدٍ ابْنِ أَبِي بَكْرٍ بِالشَّجَرَةِ فَأَمَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَبَا بَكْرٍ أَنْ يَأْمُرَهَا أَنْ تَغْتَسِلَ وَتُهِلَّ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ «نُفِسَتِ الْمرأَةُ» بِضَمِّ النُّونِ وَفَتْحِهَا: إِذَا وَلَدَتْ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Әсма бинт Умайс Шәжарада Мұхаммед ибн Әбу Бәкірді босанды. Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге (р.а.) оған ғұсыл алып, ихрамға кіруін айтуды тапсырды»1.

  1. 1Мүслим, Хажж 109, (1209); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 35, (1834); ибн Мәжа, Мәнәсик 12, (2911).
1253
Кутуб ситтә, № 1253 · тараудағы реті: 55Риуаят етуші: Әсма бинт Умайс

وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ عُمَيسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّهَا وَلَدَتْ مُحَمَّدًا بِالْبَيْدَاءِ: وَذَكَرَ مِثْلَهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالنَّسَائِي. وَفِي رِوَايَةِ مَالِكٍ: بِذِي الْحلَيْفَةِ فَأَمَرَهَا أَبُو بَكْرٍ أَنْ تَغْتَسِلَ ثُمَّ تُهِلَّ. زَادَ النَّسَائِي فِي أُخْرَى: ثُمَّ تُهِلُّ بِالْحَجِّ وَتَصْنَعُ مَا يَصْنَعُ النَّاسُ إِلَّا أَنَّهَا لاَ تَطُوفُ بِالْبَيْتِ، وَذَلِكَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ. وَفِي أُخْرَى لَهُ: أَرْسَلْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَيْفَ أَصْنَعُ؟ فَقَالَ اغْتَسِلِي وَاسْتَثْفِرِي ثُمَّ أَهِلِّي. «اسْتَثْفَرَتِ الْحَائِضُ» إِذَا شَدَّتْ عَلَى فَرْجِهَا خِرْقَةً وَعَلَّقَتْ طَرَفَيْهَا إِلَى شَيْءٍ مَشْدُودٍ فِي وَسَطِهَا مِنْ مُقَدَّمِهَا وَمُؤَخَّرِهَا. مَأْخُوذٌ مِنْ ثَفَرِ الدَّابَّةِ: وَهُوَ مَا يَكُونُ تَحْتَ ذَنَبِهَا.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Умайс (р.а.) Мұхаммедті Бәйдада босанғанын айтып, алдыңғы риуаяттағы оқиғаны баяндаған1.

«Мууаттадағы» өзге нұсқа бойынша, Әсма Мұхаммедті Зулхуләйфада босанған. Әбу Бәкір (р.а.) оған ғұсыл алып, содан кейін ихрамға кіруін бұйырған.

Нәсәи келтірген басқа нұсқада Әсмаға қажылық үшін ихрамға кіріп, Қағбаны тауап етуден өзге қажылық амалдарының бәрін орындау бұйырылған.

Нәсәидің тағы бір нұсқасында Әсма: «Алла елшісіне (с.а.с.) кісі жіберіп: “Не істеймін?” – деп сұраттым. Маған: “Ғұсыл ал, қан келген жерге мата байла, содан кейін ихрамға кір”, – деп хабар жіберді», – деген.

Түсіндірме

Бұл риуаят хайыздағы және нифастағы әйелдің ихрамға кіре алатынын көрсетеді. Ол тауап пен тауаптан кейінгі екі рәкат намаздан басқа қажылық амалдарын орындай береді. Алла елшісі (с.а.с.) Әсмаға: «Тауаптан басқа амалдардың бәрін орында», – деген. Мұндай әйелдің ихрамға кірерде ғұсыл алуы жөнінде пікір әртүрлі. Ханафилер мен шафиғилерді қоса алғанда, ғалымдардың көпшілігі мұны мұстахаб санаған. Хасан әл-Басри мен заһирилер уәжіп деген.

Босанған әйелдің 40 күн нифас болатыны белгілі. Бұл кезде дәл хайыз кезіндегідей намаз оқымайды, ораза ұстамайды, Қағбаға тауап жасай алмайды, мешітке кірмейді, Құранға қол тигізбейді. Мұндай жағдайда қажылық жасауына бола ма, яки қажылықтың қандай рәсімдерін орындауына болады? Міне, қажылыққа бара жатып орта жолда босанған Әсма (р.а.) бұл мәселені сұрайды.

Әсма қажылық ниетімен жолға шығып, жолда ихрам киетін орынға келгенде босанған, сол себепті нифас болады. Риуаятта босанған орны жайлы аталған жерлер Мәдиналықтардың ихрамға кіретін жерлері еді. Олар Шәжара, Зулхуләйфа және Бәйда. Шәжара мен Бәйда, Зулхуләйфа белгілі орындардың есімі. Зулхуләйфа болса Мәдиналықтар үшін тікелей Расулалла (с.а.с.) тарапынан белгіленген миқат, яғни ихрам киетін шекара. (№1187 хадиске қараңыз).

  1. 1Муатта, Хажж 1, (1, 322); Нәсәи, Хажж 26, (5, 127).
1254
Кутуб ситтә, № 1254 · тараудағы реті: 56Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّهُ قَالَ فِي الْمرْأةِ الْحَائِضِ الَّتِي تُهِلُّ بِالْحَجِّ أَوْ بِالْعُمْرَةِ: إِنَّهَا تُهِلُّ بِحَجِّهَا أَوْ عُمْرَتِهَا إِذَا أَرَادَتْ وَلِكِنْ لَا تَطُوفُ بِالْبَيْتِ وَلا بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ. وَتَشْهَدُ الْمنَاسِكَ كُلَّهَا مَعَ النَّاسِ، وَ لَا تَقْرَبُ الْمَسْجِدَ حَتَّى تَطْهُرَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) қажылық не умраға ниет еткен хайыздағы әйел жайында мына сөз жеткен: «Әйел қаласа, қажылық не умра үшін ихрамға кіреді. Бәйтулланы тауап етпейді және Сафа мен Мәруаның арасында сағи жасамайды. Қалған рәсімдердің бәрін жұртпен бірге орындайды. Тазарғанша мешітке жақындамайды»1.

Түсіндірме

Сағи Бәйтулланы тауап еткен соң орындалады. Тауапқа тазалық шарт болғандықтан, хайыз не нифас кезінде әйел әуелі тауапты, онымен бірге оған байланысты сағиды да кейінге қалдырады. Бұл сағидың өзіне тазалық шарт деген сөз емес. Сағиды тауаптан бұрын орындап қойған бір кісіге Алла елшісі (с.а.с.): «Тауабыңды жаса, оқасы жоқ», – деген. Көпшілік ғалым тауаптан соң сағиды қайталау керек деп, риуаяттағы сағиды құдум тауабынан кейін, ифада тауабынан бұрын жасалған сағи деп түсіндірген. Мешітке баруға мүмкіндік беретін тазару – хайыз не нифас қаны тоқтаған соң ғұсыл алу. Қан тоқтамай тұрып алынған ғұсыл немесе ғұсылсыз қанның тоқтауы шариғи тазалыққа жеткізбейді.

  1. 1Муатта, Хажж 45.
1255
Кутуб ситтә, № 1255 · тараудағы реті: 57Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: النُّفَسَاءُ وَالْحَائِضُ إِذَا أَتَتَا عَلَى الْمِيقَاتِ تَغْتَسِلَانِ وَتَحْرِمَانِ وَتَقْضِيَانِ الْمَنَاسِكَ كُلَّهَا غَيْرَ الطَّوَافِ بِالْبَيْتِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Нифастағы және хайыздағы әйелдер миқатқа келгенде ғұсыл алып, ихрамға кіреді. Бәйтулланы тауап етуден басқа рәсімдердің бәрін орындайды»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 10, (1744); Тирмизи, Хажж 100, (945).
1256
Кутуб ситтә, № 1256 · тараудағы реті: 58Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: خَمْسٌ مِنَ الدَّوَابِّ لَيْسَ عَلَى الْمُحْرِمِ فِي قَتْلِهِنَّ جُنَاحٌ: الْغُرَابُ، وَالْحِدَأَةُ، وَالْعَقْرَبُ، وَالْفَأْرَةُ، وَالْكَلْبُ الْعَقُورُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. وَفِي رِوَايَةٍ: لَا جُنَاحَ عَلَى مَنْ قَتَلَهُنَّ فِي الْحرَمِ وَالإحْرَامِ. وَفِي أُخْرَى لِأَبِي دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيِّ عَنْ أَبِي سَعِيدِ الْخُدْرِي: وَالسَّبُعُ الْعَادِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Бес жануарды өлтіру ихрамдағы адамға күнә емес: қарға, кезқұйрық, сарышаян, тышқан және қабаған ит»1, – дегенін жеткізген.

Бір риуаятта былай делінген: «Бұларды Харам аймағында және ихрамды кезде де өлтіру күнә емес».

Әбу Дәуіт пен Тирмизидің, Әбу Сағид әл-Худриден жеткізген бір риуаятында: «Зиян беретін жыртқыштар» деп те айтылған. Бұл жердегі негізгі мақсат, адамға шабуылдап жаралайтын, зиян беретін хайуандар. Өлтіруге болатын хайуандар жайлы басқа хадистерде тоқталамыз. (№4939–4952 хадистерде)

وَالمُرَادُ بِهِ الَّذِى يَعْدُو عَلَى الْإِنْسَانِ فَيَفْتَرِسَهُ، وَسَيَجِئُ لِمَا يَجُوزُ قَتْلُهُ مِنَ الدَّوَابِّ بَابٌ فِي كِتَابِ القَتْلِ مِنْ حَرْفِ الْقَافِ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى.

Түсіндірме

1. Ихрамдағы кісіге өлтіруге рұқсат етілген бұл бес зиянды жануарды ихрамсыз адамға да өлтіруге болады. Оларды намаз үстінде де өлтіруге болатыны туралы риуаяттар бар. Адамға зиян келтіре алмайтын балапандары мен күшіктеріне осы үкімнің қолданылуы жөнінде ғалымдардың пікірі әртүрлі.

2. Тышқанның түрі көп. Хадисте атауы жалпы келгендіктен, ғалымдар үкімді тышқанның барлық түріне қолданған.

3. Қабаған ит, біздің күнделікті көретін қатардағы ит емес. Ғалымдар хадисте айтылған ит адамға шабуылдайтын жыртқыш хайуан деп қараған. Арыстан, ілбіс, қасқыр сияқты хайуандар осыған жатады. Кейбір ғалымдар аталмыш бес хайуанға еті желінбейтін хайуандардан өлтіруге тыйым салынғандардан басқа барлық жыртқыштар жататынын айтқан және өлтіруге болатынына үкім шығарған.

4. Қасталани аталмыш хайуандарды өлтіруге болатынын, олардың адамдарға және басқа хайуандарға зиянды болғандығымен байланыстырып былай деген: «Қарға мен кезқұйрық арық немесе әлсіз сиыр мен басқа да сауын малдарының арқасына отырып алып, тұмсығымен шоқып жейді, көзін шұқып ояды, алаңсыз кетіп бара жатқан адамның қолынан нанын да жұлып кетуі ғажап емес. Бұлар құстардың ең зиянды түрі. Сарышаян да өте улы, қауіпті жәндік. Өйткені ол жыланның өзін соғып өлтіре алатындай қауіпті. Оның уы үлкен пілдің өзін құлатады». Алла елшісінің (с.а.с.) де намазда сарышаян өлтіргені жайлы риуаяттар бар.

5. Бұл жануарларды өлтіру міндеттелмеген, тек рұқсат берілген. Оларды өлтірген адам күнәға қалмайды әрі өтеу төлемейді.

6. Автор осы хадистен Харам аумағын паналаған, өлім жазасына кесілген қылмыскерге жазаны сол жерде орындауға болады деген үкім шығарылғанын айтады.

  1. 1Бұхари, «Жәзаус-сайд», 7. Мүслим, «Хаж», 72 (№ 1199). Мәлик, «Мууатта», «Хаж», 88 (1/356). Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 40 (№ 1846). Нәсәи, «Хаж», 82–84, 86–88 (5/187–190).
1257
Кутуб ситтә, № 1257 · тараудағы реті: 59

وَعَنْ عَلْقَمَةَ بْنِ أَبِي عَلْقَمَةَ عَنْ أُمِّهِ: «أَنَّهَا سَمِعَتْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا تُسْأَلُ عَنِ الْمُحْرِمِ يَحُكُّ جَسَدَهُ. قَالَتْ: نَعَمْ فَلْيَحْكُكْهُ وَلْيَشْدُدْ. ثُمَّ قَالَتْ: لَوْ رُبِطَتْ يَدَاىَ وَلَمْ أَجِدْ إِلَّا رِجْلِي لَحَكَكْتُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Алқама ибн Әбу Алқаманың анасы былай дейді: «Айшадан (р.а.) ихрамдағы кісі денесін қаса ала ма деп сұрады. Айша: “Иә, қасынсын, тіпті қатты қасынсын. Екі қолымды байлап қойса, аяғыммен де қасынар едім”, – деді»1.

Түсіндірме

Қасыну денедегі қылдың түсуіне себеп болатындықтан ихрамды адам бұл мәселеге өте сақ болмағы ләзім. Сол себепті әзірет Айшадан қасуға болатыны немесе болмайтыны жайлы сұралған. Әзірет Айша қасуға болатынын, тіпті ешқандай сөкеттігі жоқ екенін жеткізу үшін жоғарыдағыдай сөйлем қолданған. Имам Мәлик бас, арқа сияқты көзге көрінбейтін жерлерін қасығанда өте абай болу керек екенін айтқан. Өйткені көзімен көруге мүмкіндігі жоқ жерлерін қасимын деп кішкентай жәндіктерді мыжып өлтіріп алуы мүмкін.

  1. 1Муатта, Хажж 93, (1, 358).
1258
Кутуб ситтә, № 1258 · тараудағы реті: 60Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір

وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَتْ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حُجَّاجًا حَتَّى إِذَا كُنَّا بِالْعَرْجِ نَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَنَزَلْنَا فَجَلَسَتْ عَائِشَةُ إِلَى جَنْبِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَجَلَسْتُ إِلَى جَنْبِ أَبِي بكْرٍ فَكَانَتْ زَامِلَةُ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَزَامِلَةُ أَبِي بَكْرٍ وَاحِدَةً مَعَ غُلامٍ لِأَبى بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَجَلَسَ أَبُو بَكْرٍ يَنْتَظِرُ أَنْ يَطْلُعَ عَلَيْهِ فَطَلَعَ وَلَيْسَ مَعَهُ بَعِيرُهُ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: أَيْنَ بَعِيرُكَ؟ فَقَالَ: أَضْلَلْتُهُ الْبَارِحَةَ. فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: بَعِيرٌ وَاحِدٌ تُضِلُّهُ؟ وَطَفِقَ يَضْرِبُهُ وَرَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَبَسَّمُ وَيَقُولُ: انْظُرُوا إِلَى هَذَا الْمُحْرِمِ مَا يَصْنَعُ وَمَا يَزيدُ عَلَى ذَلِكَ وَيَتَبَسَّمُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) қажылыққа шықтық. Аржға жеткенде, Алла елшісі де, біз де аялдадық. Айша оның қасына, мен әкем Әбу Бәкірдің қасына отырдым. Алла елшісі мен Әбу Бәкірдің жол жүгі бір түйеге артылған еді. Түйені Әбу Бәкірдің құлы жетектеп келе жатқан. Әкем күтіп отырды. Бір кезде құл түйесіз келді. Әкем: “Түйең қайда?” – деді. Ол: “Кеше түнде жоғалтып алдым”, – деді. Әкем: “Жалғыз түйені де жоғалттың ба?” – деп, оны ұра бастады. Алла елшісі (с.а.с.) жымиып: “Мына ихрамдағы кісінің не істеп жатқанына қараңдар”, – деді». Ибн Әбу Ризма оның осы сөзден басқа ештеңе айтпай, жымиып тұрғанын жеткізген1.

Түсіндірме

1. «Тәйсирде» риуаят етілген мәтін Әбу Дәуіт келтірген мәтінмен салыстырғанда түсінуге қиындау соғатын кем тұстары бар. Оларды түп нұсқасынан алып, аудармада жақшаның ішінде бердік.

2. Жоғарыда келгендей, ихрамдағы адамның біреуге тиісуіне (қажетті жазасын беруіне) Пайғамбар (с.а.с.) қарсылық көрсеткен, бірақ нақты һәм қатты сөзбен емес. Олай болса бұлай жасауы харам. Өйткені осы хадисті Әбу Дәуіт «Ихрамды құлына тиіседі» атты тармақта келтірген. Ибн Мәжа «Ихрамды кезде сақтанатын нәрсе» деген тармақта келтірген. Ендеше, ихрамдағы кісі отбасына ескерту жасай алады, бірақ артық кетпеуін қадағалауы керек. Дегенмен ихрамды кезде ескертемін деп шектен шығып кетпеуіне сенімсіз болса, бұған жол бермегені абзал».

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 30 (№ 1818). Ибн Мәжа, «Мәнәсик», 21 (№ 2933).
1259
Кутуб ситтә, № 1259 · тараудағы реті: 61

وَعَنْ رَبِيعَةَ بْنِ عَبْدِاللَّهِ «أَنَّهُ رَأَى عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُقَرِّدُ بَعِيرًا لَهُ وَهُوَ مُحْرِمُ».

Қазақша аудармасы

Рабиға ибн Абдулла былай дейді: «Суқияда Омардың (р.а.) ихрамда жүргенде түйесінің кенесін теріп тастап жатқанын көрдім»1.

Түсіндірме

1. Хадистің соңына Имам Мәлик «Мен бұған мәкруһ деп қараймын» деген пікірін келтірген.

2. Имам Мәликтің мұны мәкруһ санауы, түйедегі бұл құрттарды да тірі жәндік ретінде қарастыруынан туындаған. Өйткені жануардың денесіндегі әлгі құрттар жерге тасталған соң өлетіні анық. Ал кез келген бір жәндікті өлтіру ихрам тыйымдарының қатарына кіреді. Бірақ әзірет Омардың олай есептемегенін, жануардың денесіндегі құртты алып тастаудың ешбір әбестігі жоқ деп қарағаны анық.

Зурқани былай дейді: «Егер құрттар түйеге зиян тигізетін болса, оларды тазалап алып тастауға болады, бірақ кәффарат ретінде бір мезгіл кедей-кепшікке тамақ алып беру керек» деген.

  1. 1Муатта, Хажж 92, (1, 357).
1260
Кутуб ситтә, № 1260 · тараудағы реті: 62

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ يَكْرَهُ أَنْ يَنْزِعَ الْمُحْرِمُ حَلَمَةً أَوْ قُرَادًا مِنْ بَعِيرِهِ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Нафиғтың айтуынша, Ибн Омар (р.а.) ихрамдағы кісінің түйесінен кене, соның ішінде ірі кенені жұлып тастауын мәкруһ санаған1.

وَمَعْنَى «يُقَرِّدُ» أَىْ يَنْزِعُ عَنْهُ الْقِرْدَانَ جَمْعُ قُرَادٍ وَهُوَ دُوَيْبَةٌ مَعْرُوفَةٌ. «وَالْحَلَمَةُ» جَمْعُهَا حَلَمٌ وَهِىَ: مَا عَظُمَ مِنَ القُرَادِ

  1. 1Муатта, Хажж 95, (1, 358)