Хадис

Тәлбия жайында

Кутуб ситтә, 4-том, 153-тарау · 10 хадис · № 1261–1270

ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ УМРА

Хадистер

1261
Кутуб ситтә, № 1261 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «بَيْدَاؤُكُمْ هَذِهِ الَّتِي تَكْذِبُونَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِيهَا: مَا أَهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَّا مِنْ عِنْدَ الْمَسْجِدِ: يعْنِي مَسْجِدَ ذِي الْحُلَيْفَةِ». أَخْرَجَهُ السَّتَّةُ. وَفِي رِوَايَةٍ: مَا أَهَلَّ إِلَّا مِنْ عِنْدِ الشَّجَرَةِ حِينَ قَامَ بِهِ بَعِيرُهُ. وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِي: قِيلَ لِابْنِ عُمَرَ: رَأَيْتُكَ تُهِلُّ إِذَا اسْتَوَتْ بِكَ رَاحِلَتُكَ؟ قَالَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَفْعَلهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) тәлбияны Бәйдада бастады деп жаңсақ айтатын жерлерің – осы. Ол тәлбияны Зулхуләйфа мешітінің жанында ғана бастады»1.

Бір нұсқада: «Алла елшісі (с.а.с.) Шәжарада түйесі орнынан көтерілгенде тәлбия айтты», – делінген.

Нәсәи келтірген өзге нұсқада Ибн Омарға: «Түйең өзіңмен бірге орнынан көтерілгенде тәлбия айтқаныңды көрдім», – дейді. Ол: «Алла елшісінің (с.а.с.) осылай істегенін көрген едім», – деп жауап берген.

Түсіндірме

1. «Бәйда» сөзінің тілдік мағынасы – «шөл», «иен дала». Хадистегі Бәйда – Зулхуләйфаға жақын, Мекке бетінде орналасқан төбе. Ешқандай құрылыс болмағандықтан осылай аталған.

2. Бұл риуаятта ибн Омар (р.а.) қарама-қайшылық туындаған бір мәселені қозғаған. Ол мәселе «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажылықты қай жерде бастады?» деген мәселе болатын. Ибн Аббастан жеткен бір риуаятта Пайғамбардың Бәйдаға шыққаннан кейін қажылыққа ниет етіп, тәлбия айта бастағаны баяндалады. Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) Әбу Дәуітте келген бір риуаяты Расулалланың Ухуд жолымен жүретін болса, Бәйда тауына көтеріле бастаған кезде тәлбия келтіргенін, Фурғ жолымен жүретін болса, көлігін орнынан тұрар-тұрмастан тәлбия айта бастағанын баяндайды.

3. Ибн Омар (р.а.) тәлбияның Зулхуләйфа мешітінің жанында басталғанын айтқан және басқа мәліметтерді «кизб» деп сипаттаған. Мұндағы сөз қасақана жалған айтуды емес, хабарды жеткізушінің қателесуін білдіреді. Кейінгі риуаятта бұл хабарлардың қалай үйлесетіні түсіндіріледі.

4. Жоғарыда келгендей ғалымдар ардақты Пайғамбардың ихрамға кірген жеріне қатысты қарама-қайшы пікірлер айтқан. Зулхуләйфа мешітінде бастады, түйесіне мінгеннен кейін түйесі тұра бастаған сәтте айта бастады дегендер болған және Бәйда төбесіне шыққан кезде тәлбия айтты дегендер болған. Бұл мәселенің мән-жайын өте анық түсіндірген ибн Аббас (р.а.) еді. «Бұл мәселені араларыңда ең жақсы білетін мен» дей келе қажылықтың тәртібіне сай анықтама келтіреді. Ол бұл мәселеге қатысты әр риуаятқа орын бере отырып, бәріне ортақ түсініктеме жасаған. Оның бұл анықтамасын жеткізген Тахауи бұл пікірін құптағанын білдірген. Сонымен қатар, Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Имам Шәфиғи, Ахмад ибн Ханбал және олардың жолын ұстанған басқа ғалымдар да бұл түсіндірмені құптағаны білдірілген. Әузағи, Ата және Қатаданың пікірі бойынша Бәйда жерінде ихрамға кіру – мұстахаб.

  1. 1Бұхари, Хажж 20; Мүслим, Хажж 23, (1186); Муатта, Хажж 30, (1, 332); Тирмизи, Хажж 8,(818); Әбу Дәуіт, Хажж 21, (1771); Нәсәи, Хажж 56, (5, 162.164); ибн Мәжа, Мәнәсик 14, (2916).
1262
Кутуб ситтә, № 1262 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ صَلَّى الظُّهْرَ ثُمَّ رَكِبَ رَاحِلَتَهُ فَلَمَّا عَلَا عَلَى حَبْلِ الْبَيْدَاءِ أَهَلَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِي. زَادَ النَّسَائِي فِي أُخْرَى: وَأَهَلَّ بِالْحَجِّ وَالعُمْرَةِ حِينَ صَلَّى الظُّهْرَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бесін намазын оқыды. Содан кейін түйесіне мініп, Бәйда төбесіне көтерілгенде тәлбия айтты»1.

Нәсәи келтірген басқа нұсқада бесін намазын оқыған кезде қажылық пен умраға ихрамға кіргені айтылады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Мәнәсик 21, (1774); Нәсәи, Хажж 25, (5,127), 56, (5, 162).
1263
Кутуб ситтә, № 1263 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: يَا أَبَا الْعَبَّاسِ، عَجِبْتُ لِاخْتِلافِ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي إِهْلَالِهِ حِينَ أَوْجَبَ. فَقَالَ: إِنِّي لَأَعْلَمُ النَّاسِ بِذَلِكَ، إِنَّهَا إِنَّمَا كَانَتْ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَجَّةً وَاحِدَةً فَمِنْ هُنَالِكَ اخْتَلَفُوا. خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَاجًّا فَلَمَّا صَلَّى فِي مَسْجِدِ ذِي الْحُلَيْفَةِ رَكْعَتَيْهِ أَوْجَبَهُ فِي مَجْلِسِهِ فَأَهَلَّ بِالْحَجِّ حِينَ فَرَغَ مِنَ رَكْعَتَيْهِ فَسَمِعَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ فَحَفِظْتُهُ عَنْهُ، ثُمَّ رَكِبَ فَلَمَّا اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ أَهَلَّ وَأَدْرَكَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ. وَذَلِكَ أَنَّ النَّاسَ إِنَّمَا كَانُوا يَأْتُونَ أَرْسَالًا فَسَمِعُوهُ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ يُهِلُّ. فَقَالُوا إِنَّمَا أَهَلَّ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ ثُمَّ مَضَى فَلَمَّا عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ أَهَلَّ وَأَدْرَكَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ فَقَالُوا إِنَّمَا أَهَلَّ حِينَ عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ. وَايْمُ اللَّهِ لَقَدْ أَوْجَبَ فِي مُصَلَّاهُ وَأَهَلَّ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ وَأَهَلَّ حِينَ عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ. قَالَ سَعِيدُ بْنُ جُبَيْرٍ: فَمَنْ أَخَذَ بِقَوْلِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَهَلَّ فِي مُصَلَّاهُ إِذَا فَرَغَ مِنْ رَكَعَتَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай дейді: «Ибн Аббасқа (р.а.): “Уа, Әбу әл-Аббас, Алла елшісінің (с.а.с.) қажылықты бастағанда қай жерде тәлбия айтқаны жөнінде сахабалардың әртүрлі хабар жеткізгеніне таңғаламын”, – дедім. Ол: “Мұны жұрттың бәрінен жақсы білемін. Алла елшісі бір-ақ рет қажылық жасады, пікір айырмасы сол қажылыққа қатысты. Ол қажылық ниетімен жолға шығып, Зулхуләйфа мешітінде екі рәкат намаз оқыды да, сол жерде ихрамға кірді. Намазын аяқтаған бойда қажылық тәлбиясын айтты. Оны бір топ адам естіді. Мен де естіп, есімде сақтадым. Кейін түйесіне мінді. Түйесі орнынан көтерілгенде, тағы тәлбия айтты. Оны басқа адамдар естіді. Жұрт топ-тобымен келіп жатқандықтан, кейбірі оны түйесі орнынан көтерілген сәтте ғана естіп: ‘Алла елшісі түйесі орнынан көтерілгенде тәлбия айтты’, – деді. Ол жолын жалғастырып, Бәйда төбесіне көтерілгенде тағы тәлбия айтты. Оны естіген өзге адамдар: ‘Алла елшісі тәлбияны Бәйда төбесіне көтерілгенде айтты’, – деді. Аллаға ант етемін, Алла елшісі қажылығын намаз оқыған жерінде бастады, түйесі орнынан көтерілгенде тәлбия айтты және Бәйда төбесіне көтерілгенде де тәлбия айтты”, – деді».

Сағид ибн Жубәйр: «Ибн Аббастың сөзіне сүйенген кісі екі рәкат намазын аяқтаған бойда намаз оқыған жерінде тәлбия айтады»1, – деген.

Түсіндірме

сі № 1261 хадисте берілген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 21 (№ 1770). Жинақтағы рауи – Сағид ибн Жубәйр.
1264
Кутуб ситтә, № 1264 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ نَافِعٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِذَا دَخَلَ أَدْنَى الْحَرَمِ أَمْسَكَ عَنِ التَّلْبِيَةِ، ثُمَّ يَبِيتُ بِذِي طُوًى، وَيُصَلِّي بِهِ الصَّبْحَ، ثُمَّ يَغْتَسِلُ، وَيُحَدِّثُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَفْعَلُ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай дейді: «Ибн Омар (р.а.) Харам аумағының шетіне жеткенде тәлбияны тоқтататын. Содан кейін Зу Туада түнеп, сол жерде таң намазын оқып, ғұсыл алатын. Алла елшісінің (с.а.с.) де осылай істегенін айтатын»1.

Түсіндірме

Ибнул-Мунзир былай дейді: «Меккеге кірерде жуыну, барлық ғалымдардың пікірі бойынша мұстахаб болып саналады. Әдейі тәрк еткен жағдайда підия төленбейді, әрі бұл үкімге қатысты ешбір қарама-қайшылық жоқ». Ғалымдардың көбі «Тек қана дәрет алса да жеткілікті, мұстахабтың орнына саналады» деген. Ибн Омар, кейде дәрет алған, кейде жуынған. Бірақ жоғарыда (№1223 және №1225 хадистерде) келгендей ибн Омар ихрамға кіргеннен кейін, ұйқыда жыныстық сезім (ихтилам) болмайынша басын жумайтын. Өйткені ол су болса да, басын жаппау тыйымын бұзудан қорыққанын айтқан едік. Олай болса Меккеге кірерде жуынуы деген сөз басынан басқа ағзаларды жуды дегенді білдіреді, толықтай ғұсыл алу дегенді білдірмейді.

Шафиғилер Меккеге кірерде жуына алмаған ихрамдағы адам тәяммум алуы керек деген.

Ибн әт-Тиннің түсіндіруінше, жуыну Меккеге кіруге емес, тауапқа байланысты. Ал кейбір ғалымдар Меккенің құрметіне ихрамсыз адамның да қалаға кірер алдында жуынуын мұстахаб санаған. Алла елшісі (с.а.с.) Мекке алынған күні ихрамсыз болса да, қалаға кірер алдында жуынған.

Ибн Нафиғтың риуаятына қарағанда, Имам Мәлик Ибн Омардың осы ісін ұстануды мұстахаб санаған. Яғни, Зулхуләйфада ихрамға кірерде, Зу Туада Меккеге кірерде және Арафатқа барарда кейде дәрет алып, кейде жуынуға болады. Белгілі себеппен жуынбаған кісі өтеу төлемейді. Заһирилер жуынуды уәжіп десе де, ғалымдардың көпшілігі мұстахаб санаған. Хасан әл-Басри: «Ихрамға кірерде жуынуды ұмытқан кісі есіне түскенде жуынсын», – деген.

  1. 1Бұхари, Хажж 38, 39; Мүслим, Хажж 226, (1259); Муатта, Хажж 32, (1, 333)
1265
Кутуб ситтә, № 1265 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُلَبِّي الْمُقِيمُ أَوِ الْمُعْتَمِرُ حَتَّى يَسْتَلِمَ الْحَجَرَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَعِنْدَهُ: كَانَ يُمْسِكُ عَنِ التَّلْبِيَةِ فِي الْعُمْرَةِ إِذَا اسْتَلَمَ الْحَجَرَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Меккеде тұратын немесе умра жасаған кісі Қара тасқа истилам жасағанға дейін тәлбия айтады»1.

Тирмизи нұсқасында Алла елшісінің (с.а.с.) умрада Қара тасқа истилам жасағанда тәлбияны тоқтатқаны айтылады.

Түсіндірме

1. «Истилам» сөздікте сәлем сөзінен алынған. «Сәлемдесу», «сәлем беру» деп аударуға болады. Бұл қасиетті Қағбаның шығыс (немесе Хажарул-әсуад) деп аталатын бұрышындағы Хажарул-әсуадқа (Қара тасқа) тәкбір айтып, сәлем беру ниетімен қолдарды үстіне қойып, сүю арқылы жасалады. Хажарул-әсуадтың жанына бара алмаған жағдайда, алыстан тұсына келген кезде Хажарул-әсуадқа қарап тұрып, алақанды Қағбаға қарата құлақтың тұсына дейін көтеріп «Бисмиллаһи Аллаһу әкбар» деп қолды Хажарул-әсуадтың үстіне қойған сияқты ишарамен алыстан сәлем жасалады һәм оң алақан сүйіледі. Бұл да жанына барып сүю сияқты алыстан орындалатын сәлем. (Хажарул-әсуадты сәлемдеуге қатысты кең мағлұмат үшін №1551 хадиске қараңыз).

2. Бұл хадиске қатысты Тирмизи былай дейді: «Ибн Аббастың бұл риуаяты сахих хадис. Ғалымдардың көбі осымен амал жасаған және былай деген: «Умра жасаған адам Хажарул-әсуадке сәлем жасамайынша тәлбияны тоқтатпайды». Кейбір ғалымдар: «Меккенің сыртқы үйлеріне жеткен сәтте тәлбияны тоқтатады» деген. Тирмизи амалда пайғамбардан (с.а.с.) жеткен риуаяттың негізге алынғандығын айтқан және мұнымен үкім қылғандардан Суфиян Сәури, Шәфиғи, Ахмад және Исхақтардың есімдерін атаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 29 (№ 1817). Тирмизи, «Хаж», 79 (№ 919). Әбу Дәуіттің № 1817 нұсқасында умра жасаушы ғана аталады. Тирмизи өз нұсқасын сахих деп бағалаған, кейінгі басылымдарда әлсіз деген баға да бар.
1266
Кутуб ситтә, № 1266 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُهِلُّ مُلَبِّيًا وَفِي رِوَايَةٍ مُلَبِّدًا يَقُولُ: لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ. لَا يَزِيدُ عَلَى هَذِهِ الْكَلِمَاتِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) тәлбия айтқанын естідім. Бір нұсқада оның шашын жабыстырып қойған күйде тәлбия айтқаны көрсетілген. Ол: “Аллаһым, шақыруыңа келдім, келдім! Шақыруыңа келдім, Сенің серігің жоқ, келдім! Күллі мадақ, нығмет пен билік Саған тән. Сенің серігің жоқ”, – дейтін. Бұл сөздерге ештеңе қоспайтын»1.

  1. 1Бұхари, Хажж 26, Либас 89; Мүслим, Хажж 19, (1184); Муатта, Хажж 28, (1, 331.332); Тирмизи, Хажж 13, (825); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 27, (1812); Нәсәи, Хажж, 54, (5, 159.160).
1267
Кутуб ситтә, № 1267 · тараудағы реті: 7

زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ يَقُولُ: كَانَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ يُهِلُّ بِإِهْلَالِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ هَؤُلَاءِ الْكَلِمَاتِ وَيَقُولُ: لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ لَبَّيْكَ وَالرَّغْبَاءُ إِلَيْكَ وَالْعَمَلُ». وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ فِي أُخْرَى عَنْ جَابِرٍ: فَذَكَرَ مِثْلَ مَا قَالَ ابْنُ عُمَرَ. وَقَالَ: وَالنَّاسُ يَزِيدُونَ ذَا الْمعَارِجِ وَنَحْوَهُ مِنَ الْكَلَامِ، وَالنَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَسْمَعُ وَلا يَقُولُ شَيْئًا.

Қазақша аудармасы

Бір нұсқада Абдулла ибн Омардың (р.а.) мына сөзі қосылған: «Әкем Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Алла елшісі (с.а.с.) айтқан сөздермен тәлбия айтып, оған: “Аллаһым, шақыруыңа келдім, келдім! Шақыруыңа келдім, әміріңе бойсұнуға әзірмін. Бар жақсылық Сенің қолыңда. Шақыруыңа келдім! Тілегім Саған бағытталады, амалым да Сен үшін”, – деп қосатын»1.

Әбу Дәуіт Жәбирден (р.а.) жеткен тағы бір нұсқаны келтірген. Жәбир Алла елшісінің (с.а.с.) тәлбиясын Ибн Омар жеткізген мәтінге ұқсас етіп баяндап, соңынан: «Жұрт тәлбияға “Зул-Мағариж” тәрізді сөздер қосатын. Алла елшісі оны еститін, бірақ қарсылық білдірмейтін», – деген.

وَمَعْنَى «ذَا الْمعَارِجِ» أَىْ صَاحِبُ مَصَاعِدِ السَّمَاءِ وَمَرَاقِيهَا.

Зул-Мағариж – Алла тағаланың есімдерінің бірі. Мағынасы – «Көтерілу сатыларының Иесі», «Биік дәрежелердің Иесі».

  1. 1Нәсәи, «Хаж», 54 (5/161). Жәбирдің нұсқасы: Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 27 (№ 1813).
1268
Кутуб ситтә, № 1268 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ مِنْ تَلْبِيَةِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَبَّيْكَ إِلَهَ الْحَقِّ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.с.) тәлбиясында “Ләббәйкә иләһәл-хаққ”, яғни “Уа, хақ Тәңірім, шақыруыңа құлдық!” деген сөз де бар еді», – деген.1

  1. 1Нәсәи, «Хаж», 54 (5/161–162, № 2752).
1269
Кутуб ситтә, № 1269 · тараудағы реті: 9

وَعَنِ السَّائِبِ بْنِ خَلَّادٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ أَتَانِي فَأَمَرَنِي أَنْ آمُرَ أَصْحَابِي وَمَنْ مَعِي أَنْ يَرْفَعُوا أَصْوَاتَهُمْ بِالْتَلْبِيَةِ أَوْ بِالإِهْلَالِ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ.

Қазақша аудармасы

Саиб ибн Халлад1 әл-Ансари (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп, сахабаларыма және қасымдағыларға тәлбия не иһлал2 айтқанда дауыстарын көтеруді бұйыруымды тапсырды»3.

  1. 1Бұл сахаба, кейде Халлад ибн Саиб деп те аталады. Халлад, Саибтың ұлы және табиғин болу керек.
  2. 2Иһлал – тәлбия айту. Рауи осы екі сөздің қайсысы айтылғанына күмәнданған.
  3. 3Муатта, Хажж 34, (1, 334); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 27, (1814); Тирмизи, Хажж 15, (829); Нәсәи, Хажж 55, (5, 162); ибн Мәжа, Мәнәсик 16, (2922.2923).
1270
Кутуб ситтә, № 1270 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ الْمُشْرِكُونَ يَقُولُونَ: لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ: فَيَقُولُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَيْلَكُمْ قَدْ قَدْ. فَيَقُولُونَ: إِلَّا شَرِيكًا هُوَ لَكَ تَمْلِكُهُ وَمَا مَلَكَ، يَقُولُونَ هَذَا وَهُمْ يَطُوفُونَ بِالْبَيْتِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүшріктер: “Ләббәйк, лә шәрикә ләкә”, яғни “Шақыруыңа құлдық! Сенің серігің жоқ”, – дейтін. Алла елшісі (с.а.с.) оларға: “Құрығырлар, осы да жетеді, осы да жетеді!” – дейтін. Бірақ олар: “Өзіңе тиесілі бір серіктен басқа. Оған да, оның иелігіндегі нәрселерге де Өзің иесің”, – деп жалғастыратын. Осы сөздерді Қағбаны тауап етіп жүріп айтатын»1.

قَوْلُهُ: «قَدْ قَدْ» بِمَعْنَى حَسْبُ وَتِكْرَارُهَا لِتَأْكِيدِ الْأَمْرِ، وَيَعْنُونَ «بِالشَّرِيكِ» الصَّنَمَ «وَبِمَا مَلَكْ» الآيَاتِ التَّى عِنْدَهُ وَحَوْلَهُ

Түсіндірме

ТҮСІНДІРМЕ: (№1266–1270 хадистерге қатысты)

1. «Тәлбия» сөзі لَبَّى етістігінен жасалған. «Тәзкия» сөзінің زَكَّى етістігінен жасалуы да осыған ұқсайды. Тәлбия шақыруға кідірмей жауап беруді, әмірге дайын тұруды білдіреді. Қазақ тіліндегі «ләббай, тақсыр!» тіркесі де біреудің шақыруына үн қатқанда немесе әмірін қабыл алғанда айтылған. «Ләббәйкә, Аллаһумма, ләббәйк» сөзінің мағынасы – «Уа, Алла, шақыруыңа құлдық! Әміріңе дайынмын!».

«Лә шәрикә ләкә» – «Сенің серігің жоқ» деген сөз. «Иннәл-хамда уән-ниғмата ләкә уәл-мулк» – «Барлық мақтау, нығмет пен билік Саған тән» деген мағынаны білдіреді.

№ 1267 риуаяттағы «сағдәйк» сөзі «Әміріңе әрдайым бойсұнамын» деген мағынада айтылған.

«Әл-хайру фи йәдәйк» – «Бар жақсылық Сенің қолыңда» деген сөз.

«Уәр-рағбату иләйкә уәл-ғамал» тіркесі «Тілегім Саған бағытталады, амалым да Сен үшін» дегенді білдіреді. Тәлбияның мәтіні мен аудармасы № 1164 хадисте берілді.

2. Риуаятта айтылғандай, жаһилия дәуіріндегі арабтар да тәлбия айтқан. Алла елшісі (с.а.с.) олардың таухидті білдіретін алғашқы сөздерін құптаған. Кейінгі сөзіне қарсылық білдіріп: «Құрығырлар, осы да жетеді, осы да жетеді!» – деген. Ибн Аббас осы айырманы көрсету үшін мүшріктердің тәлбиясын толық келтірген. Арабша түсіндірмеде «қад» сөзінің «жетеді» дегенді білдіретіні, екпін үшін екі рет айтылғаны көрсетілген. Мүшріктер «серік» деп пұтты, «оның иелігіндегі нәрселер» деп пұттың маңындағы нышандарды меңзеген.

Әзрақи «Мекке тарихы» атты еңбегінде Юнус, Мұса, Иса (а.с.) тәрізді пайғамбарлардың тәлбиясын келтірген.

3. № 1269 хадисте Жәбірейілдің (а.с.) Алла елшісіне (с.а.с.) тәлбияны көтеріңкі дауыспен айтқызуды тапсырғаны баяндалады.

№ 1266–1267 риуаяттарда көпшілікке мәлім тәлбиямен бірге айтылған өзге сөздер де келтірілген. Ғалымдардың басым бөлігі Алла елшісі (с.а.с.) ұдайы айтқан тәлбияны абзал санайды. Алла елшісі (с.а.с.) кейбір қосымша сөздерге қарсылық білдірмегендіктен, мағынасы дұрыс сөз қосып айтуға да болады. Негізгі тәлбия аудармасымен бірге № 1164 хадисте берілді.

4. № 1269 хадисте тәлбияны көтеріңкі дауыспен айту бұйырылған. Бұл ерлерге қатысты. Әйелдер тәлбияны бәсең дауыспен айтады. Заһирилер тәлбия айтуды да, дауысты көтеруді де уәжіп санайды. Олардың пікірінше, тәлбияны тәрк еткен кісі өтеміне қой шалуы керек.

Ғалымдардың көпшілігі бұл әмір міндет жүктемейді деп түсінген. Сондықтан тәлбияны көтеріңкі дауыспен айтуды мұстахаб санаған.

5. Тәлбияны өрге шыққанда, ылдиға түскенде, басқа қажыларды кездестіргенде, түн түскенде, күн көтерілгенде, отырғанда, тұрғанда, көлікке мінгенде, одан түскенде, намаздан кейін, мешітте және өзге де кездерде қайталап айтады. Тәлбияны іле-шала үш рет қайталайды. Бастап қойған тәлбияны үзіп тастамаған жөн. Біреу сәлем берсе, жауап қайтарады, ал өзі тәлбиясы аяқталған соң сәлем береді.

Тәлбиядан кейін дұға жасап, өзіне, жақындарына, жақсы көрген жандарына және барша мүмінге жақсылық тілейді. Алланың разылығын, жәннатқа кіруді және тозақтан аман болуды тілеу – дұғаның ең абзалы.

6. Қажылар шайтанға тас лақтырғанға дейін, умра жасаушылар тауапты бастағанға дейін тәлбия айтады.

Ихрамға кірген ер де, әйел де тәлбия айтады. Дәретті болу шарт емес. Хайыздағы әйел мен жүніп кісіге де тәлбия айту мұстахаб.

  1. 1Мүслим, «Хаж», 22 (№ 1185).