Хадис

Сабыр

Терпение

Риядус-салихин, 3-тақырып · 29 хадис · № 25–53

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اصْبِرُوا» «Уа, иман келтіргендер! Алла жолында ауыртпалықтарға сабырлылық танытыңдар!» («Әли Имран» сүресі, 200-аят).

«وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنْفُسِ وَالثَّمَرَاتِ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ» «Біз сендерді үреймен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (яғни, табыстарыңды) кеміту арқылы сөзсіз сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды сүйішілей бер» («Бақара» сүресі, 155-аят).

«إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَاب» «Шүбәсіз, сабырлы болғандарға қисапсыз сауап беріледі» («Зүмәр» сүресі, 10-аят).

«وَلَمَنْ صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ» «Алайда кімде-кім сабыр етіп, өзіне орынсыз озбырлық көрсеткенді кешірсе, шүбәсіз, бұл ерекше күш-жігерді талап ететін, сауабы зор іс!» («Шура» сүресі, 43-аят).

«اسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ» «Уа, иман еткендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабырлылық таныту және намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Расында, Алла Тағала сабырлылармен бірге» («Бақара» сүресі, 153-аят)

«وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ حَتَّى نَعْلَمَ الْمُجَاهِدِينَ مِنْكُمْ وَالصَّابِرِينَ» «Біз араларыңдағы күрескерлерді және сабырлы да табанды жандарды анықтағанға дейін, әрі сөздерің мен істеріңді бағалау үшін сендерді міндетті түрде сынап бағамыз» («Мұхаммед» сүресі, 31-аят).

«О вы, кто уверовал! Будьте предельно терпеливы!» (сура «Али Имран», 3:200).

«Поистине, Мы испытаем вас долей страха, голода, недостатком в имуществе, в близких и в плодах. Посему обрадуй же терпеливых» (сура «Бакара», 2:155).

«Поистине, терпеливым будут дарованы бесчисленные награды!» (сура «Зумар», 39:10).

«И тот, кто проявляет терпение и прощает, – безусловно, из-за решимости в своих делах» (сура «Шура», 42:43).

«О вы, кто уверовал! Просите помощь посредством терпения и намаза. Поистине, Аллах – вместе с терпеливыми» (сура «Бакара», 2:153).

«И Мы непременно испытаем вас, дабы выявить тех, кто всей душой и телом сражаются и проявляют терпение и усердствуют, и испытаем ваши сообщения» (сура «Мухаммад», 47:31).

25
Риядус-салихин, № 25

وَعَنْ أَبِى مَالِكٍ الْحَارِثِ بْنِ عَاصِم الْأشْعرِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَان، وَالْحَمْدُ للَّه تَمْلأَ الْميزانَ وسُبْحَانَ الله والحَمْدُ للَّه تَمْلآنِ أَوْ تَمْلأ مَا بَيْنَ السَّموَات وَالْأَرْضِ وَالصَّلَاةِ نورٌ، والصَّدَقَةُ بُرْهَانٌ، وَالصَّبْرُ ضِيَاءٌ، والْقُرْآنُ حُجَّةُ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ. كُلُّ النَّاس يَغْدُو، فَبِائِعٌ نَفْسَهُ فمُعْتِقُها، أَوْ مُوبِقُهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Мәлик Харис ибн Асым әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Тазалық – иманның жартысы. «Әлхамду лилләһ» (Бар мадақ пен шексіз шүкір Аллаға тән)! – (деп жүрекпен айтылған зікір) Таразыны1 (сауапқа) толтырады. «Субханаллаһ» (Алла – мінсіз, кемшілік атаулыдан және ұлылығына жараспайтын сифаттардан ада) және «Әлхамду лилләһ» зікірлері болса, жер мен жеті қабат аспан арасын толтырады. Намаз – (ақиқатқа барар жолды шуаққа бөлейтін) нұр, садақа – (иманның шынайылығын көрсететін) айғақ, сабырлылық болса, (адамның өмірлік жолын жарқын ететін) шуақ. Құран – (оған бойсұнып, бойсұнбауға байланысты) саған жақ немесе саған қарсы бұлтартпас айғақ. Күллі адамзат әрбір таңның арайлап атуымен (бейнебір басыбайлы құл секілді) өзін саудалап, ақырында өзін (Аллаға құлдыққа сатып мәңгілік азаптан) құтқарады яки, (нәпсінің тізгінін шайтанға ұстату арқылы) өзін құрдымға батырады», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 534; Ахмад: 22902).

Орысша аудармасы

Со слов Абу Малика Хариса ибн Асима аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Чистота – половина веры. Поминание “Альхамдулиллях” (вся хвала и безграничная благодарность принадлежат Аллаху!), произнесённое от всего сердца, наполняет наградами Весы1. Поминания “Субханаллах” (Аллах безупречен, свободен от любых недостатков и качеств, не подобающих Его величию) и “Альхамдулиллях” заполняют пространство между землёй и семью небесами. Намаз – свет (озаряющий путь к истине), садака – доказательство (свидетельствующее об истинности веры), а терпение – сияние (освещающее жизненный путь человека). Коран – неопровержимое свидетельство в твою пользу или против тебя (в зависимости от того, следуешь ты ему или нет). С наступлением утра каждый человек, словно невольник, продаёт самого себя и в конце концов либо спасает себя (от вечных мучений, посвятив себя служению Аллаху), либо ввергает себя в погибель (передав шайтану поводья своей души)» (Муслим: 534; Ахмад: 22902).

  1. 1Қиямет күні адамдардың сауаптары мен күнәларын өлшейтін таразы.
  1. 1Весы, на которых в День воскресения будут взвешиваться благие дела и грехи людей.
26
Риядус-салихин, № 26

وَعَنْ أَبِى سَعيدٍ سَعْدِ بْن مَالِك بْن سِنَانٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأنصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ الله ﷺ فأَعْطاهُم، ثُمَّ سَأَلُوهُ فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى نَفِد مَا عِنْدَهُ، فَقَالَ لَهُمْ حِينَ أَنفَقَ كُلَّ شَيْءٍ بِيَدِهِ: «مَا يَكُنْ مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يسْتعْفِفْ يُعِفَّهُ الله وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَتَصَبَّرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ. وَمَا أُعْطِىَ أَحَدٌ عَطَاءً خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Мәлик ибн Синан әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ ансардан бір топ адам бұйымтайын айтып еді, сұрағандарын берді. Олар араға біраз уақыт салып тағы сұрады. Алла елшісі бұл жолы да олардың бетін қайтармай, қолындағы барын ұстатты. Қолындағы бар дүниесі таусылған соң оларға: «Қолымдағы барымды сендерден аямаймын. (Бірақ айтарым) кімде-кім өзгеге қол жайып қайыр тілеуден арын сақтаса, Алла оны арлы әрі абыройлы қылады. Кімде-кім ел-жұртқа зәрулік танытпаса, Алла оның күнін ешкімге қаратпайды. Ал кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Алла оған түгесілмес сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 1469; Муслим: 2424; Ахмад: 11890).

Орысша аудармасы

Абу Саид Малик ибн Синан аль-Худри (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды несколько ансаров обратились к Посланнику Аллаха ﷺ со своими просьбами, и он дал им всё, о чём они просили. Через некоторое время они вновь обратились к нему, и Посланник Аллаха ﷺ снова не отказал им, отдав всё, что у него было. Когда у него больше ничего не осталось, он сказал им: “Я не стану отказывать вам ни в чём из того, что окажется у меня. Но знайте: кто, оберегая свою честь, не протягивает руку к людям и не просит у них, того Аллах сохранит в чести и достоинстве. Кто старается не обнаруживать перед людьми своей нужды, того Аллах избавит от зависимости от кого-либо. А кто стремится быть терпеливым, того Аллах наделит неисчерпаемым терпением. Никому не был дарован более великий и благой дар, чем терпение”» (Аль-Бухари: 1469; Муслим: 2424; Ахмад: 11890).

27
Риядус-салихин, № 27

وَعَنْ أَبِى يَحْيَى صُهَيْبِ بْنِ سِنَانٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ الله ﷺ: «عَجَبًا لأمْرِ الْمُؤْمِنِ إِنَّ أَمْرَهُ كُلَّهُ لَهُ خَيْرٌ، وَلَيْسَ ذَلِكَ لأِحَدٍ إِلَّا للْمُؤْمِن: إِنْ أَصَابَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ، وَإِنْ أَصَابَتْهُ ضَرَّاءُ صَبَرَ فَكَانَ خيْرًا لَهُ»

Қазақша аудармасы

Суһәйб ибн Синаннан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шынында, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, шүкір етеді. Бұл өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 7500; Ахмад: 18934).

Орысша аудармасы

Со слов Сухайба ибн Синана (да будет доволен им Аллах) сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Удивительно положение верующего! Воистину, любое его состояние оборачивается для него благом, и такое счастье даровано только верующему. Если с ним случается нечто радостное, он благодарит Аллаха, и это становится для него благом. Если же его постигает какая-либо трудность, он проявляет терпение, и это также становится для него благом» (Муслим: 7500; Ахмад: 18934).

28
Риядус-салихин, № 28Риуаят етуші: Әнәс

وعنْ أَنسٍ رضِيَ الله عَنْهُ قَالَ: لمَّا ثقُلَ النَّبِيُّ ﷺ جَعَلَ يتغشَّاهُ الْكرْبُ فقَالتْ فاطِمَةُ رَضِيَ الله عَنْهَا: واكَرْبَ أبَتَاهُ، فَقَالَ: «ليْسَ عَلَى أبيك كرْبٌ بعْدَ الْيَوْمِ» فلمَّا مَاتَ قَالَتْ: يَا أبتَاهُ أَجَابَ ربًّا دعَاهُ، يَا أبتَاهُ جنَّةُ الْفِرْدَوْسِ مأوَاهُ، يَا أَبَتَاهُ إِلَى جبْرِيلَ نْنعَاهُ، فلَمَّا دُفنَ قَالَتْ فاطِمَةُ رَضِيَ الله عَنهَا: أطَابتْ أنفسُكُمْ أَنْ تَحْثُوا عَلَى رسُول الله ﷺ التُّرابَ؟

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ (ажалы таяған шақта) жағдайы ауырлап, өлім алды науқастан есеңгірей бастады. Сол кезде Фатима (р.а.): «Әкешімнің қиналғанын-ай», – деп айтып қалды. Сонда Пайғамбарымыз: «Бұл күннен кейін әкең ешбір қиындық көрмейді», – деп айтты. Алла елшісі дүниеден өткен кезде Фатима (р.а.): «Уа, әкешім-ай! Раббысының шақыруын қабыл алды. Уа, әкешім-ай! Барар жері Фирдаус жаннаты болғай. Уа, әкешім-ай! Өлімін (досы) Жәбірейілге жеткіземіз», – деп (көңілі босады). Пайғамбарымыз жерленген кезде, Фатима (р.а.): «Алла елшісінің үстіне топырақ шашуға қалайша дәттерің барды?» – деді», – деп жеткізеді. (Бұхари: 4462; Ахмад: 12434).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда с приближением смертного часа состояние Посланника Аллаха ﷺ ухудшилось и из-за предсмертной болезни он начал терять сознание, Фатима (да будет доволен ею Аллах) воскликнула: “О, как мучается мой отец!” Тогда Пророк ﷺ сказал ей: “После этого дня твой отец больше не испытает никаких страданий”. Когда Посланник Аллаха ﷺ скончался, Фатима (да будет доволен ею Аллах), не сдерживая чувств, сказала: “О мой отец! Ты откликнулся на зов своего Господа. О мой отец! Пусть твоей обителью станет рай Фирдаус. О мой отец! Мы сообщим о твоей смерти (твоему другу) Джибрилу!” Когда Пророк ﷺ был погребён, Фатима (да будет доволен ею Аллах) сказала: “Как у вас хватило духу засыпать землёй Посланника Аллаха ﷺ?”» (Аль-Бухари: 4462; Ахмад: 12434).

29
Риядус-салихин, № 29

وعنْ أَبِى زيْد أُسامَة بْنِ زيد حَارثَةَ موْلَى رسُول الله ﷺ وحبَّهِ وابْنِ حبِّهِ رضـِيَ الله عَنْهُُمَا، قَالَ: أَرْسلَتْ بنْتُ النَّبِيِّ ﷺ: إِنَّ ابْنِى قَدِ احتُضِرَ فاشْهدْنَا، فأَرسَلَ يقْرِئُ السَّلَامَ وَيَقُول: «إِن للَّه مَا أَخَذَ، ولهُ مَا أعْطَى، وكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بأجَلٍ مُسمَّى، فلتصْبِر ولتحْتسبْ» فأَرسَلَتْ إِليْهِ تُقْسمُ عَلَيْهِ ليأْتينَّها. فَقَامَ وَمَعَهُ سَعْدُ بْنُ عُبادَةَ، وَمُعَاذُ ابْنُ جَبَلٍ، وَأُبَيُّ بْنَ كَعْبٍ، وَزَيْدُ بْنِ ثاَبِتٍ، وَرِجَالٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، فَرُفِعَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الصبيُّ، فأقعَدَهُ فِى حِجْرِهِ ونَفْسُهُ تَقعْقعُ، فَفَاضتْ عَيْناهُ، فَقَالَ سعْدٌ: يَا رسُولَ الله مَا هَذَا؟ فَقَالَ: «هَذِهِ رَحْمةٌ جعلَهَا اللَّهُ تعَلَى فِى قُلُوبِ عِبَادِهِ» وَفِى روِايةٍ: «في قُلُوبِ منْ شَاءَ مِنْ عِبَادِهِ وَإِنَّمَا يَرْحَمُ اللَّهُ منْ عِبَادِهِ الرُّحَمَاءَ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ өзіне жақын тұтқан сүйікті сахабасы Әбу Зәйд Усәма ибн Зәйд ибн Хариса (р.а.) (Усаманың әкесі Зәйд те Алла елшісінің сүйікті сахабасы болған) былай деген: «Бірде Пайғамбарымыздың қызы әкесіне: «Балам өлім аузында жатыр, бізге келіңізші!» – деп хабаршы жібереді. Сонда Алла елшісі қызына сәлем жолдап: «Алғаны да, бергені де бір Аллаға тиесілі! Оның дәргейінде барлық нәрсе білгілі бір мерзіммен межеленген. Сондықтан сабыр етіп, соның әжір-сауабын бір Алладан күтсін», – деп айтады. Алайда қызы міндетті түрде келуін сұрап, тағы да кісі жібереді. Содан Алла елшісі өзімен бірге Сағд ибн Убада, Мұғаз ибн Жәбәл, Убәй ибн Кағб, Зәйд ибн Сәбит және тағы біраз кісілерді (оларға Алла разы болсын) ертіп, (қызының үйіне барады). (Барған бойда) сәбиді Алла елшісіне ұстатады. Ол баланы алдына отырғызады, тынысы дірілдеп, көзінен жас парлайды. Сонда Сағд: «Уа, Расулалла! Бұл не?» – деп, (Алла елшісінің бұл халіне таңданады). Сонда Алла елшісі оған: «Бұл – Алланың пенделерінің жүрегіне салған мейірімі!» – дейді». Басқа бір риуаятта: «Өзі қалаған пенделерінің жүрегіне салған мейірімі..., Алла пенделерінің ішіндегі тек мейірімді болғандарды ғана мейіріміне бөлейді», – деп айтылған. (Бұхари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Зайд Усама ибн Зайд ибн Хариса (да будет доволен им Аллах), близкий и любимый сподвижник Посланника Аллаха ﷺ (его отец Зайд также был любимым сподвижником Посланника Аллаха ﷺ), рассказывал: «Однажды дочь нашего Пророка ﷺ отправила к своему отцу посланца со словами: “Мой ребёнок при смерти, придите к нам!” Посланник Аллаха ﷺ велел передать дочери приветствие и сказал: “Аллаху одному принадлежит и то, что Он забирает, и то, что Он дарует! Для всего у Него установлен определённый срок. Пусть же она проявляет терпение и ожидает награды за это только от Аллаха”. Однако дочь вновь отправила к нему посланца, настойчиво прося его непременно прийти. Тогда Посланник Аллаха ﷺ взял с собой Саада ибн Убаду, Муаза ибн Джабаля, Убайя ибн Кааба, Зайда ибн Сабита и ещё нескольких человек (да будет доволен ими Аллах) и отправился в дом своей дочери. Как только он прибыл, ему передали младенца. Он усадил ребёнка перед собой; дыхание младенца было прерывистым, а из глаз Посланника Аллаха ﷺ хлынули слёзы. Удивившись этому, Саад спросил: “О Посланник Аллаха! Что это?” Он ответил: “Это милосердие, которое Аллах вложил в сердца Своих рабов!”» В другой версии говорится: «Это милосердие, которое Он вложил в сердца тех Своих рабов, кого пожелал… Аллах проявляет милость лишь к милосердным из числа Своих рабов» (Аль-Бухари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

30
Риядус-салихин, № 30Риуаят етуші: Суһайб

وَعَنْ صُهَيْبٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ مَلِكٌ فيِمَنْ كَانَ قبْلَكُمْ، وَكَانَ لَهُ سَاحِرٌ، فَلَمَّا كَبِرَ قَالَ لِلْمَلِك: إِنِّى قَدْ كَبِرْتُ فَابعَثْ إِلَيَّ غُلَامًا أُعَلِّمْهُ السِّحْرَ، فَبَعَثَ إِلَيْهِ غُلَامًا يعَلِّمُهُ، وَكَانَ فِى طَرِيقِهِ إِذَا سَلَكَ رَاهِبٌ، فَقَعَدَ إِلَيْهِ وَسَمِعَ كَلَامهُ فأَعْجَبهُ، وَكَانَ إِذَا أَتَى السَّاحِرَ مَرَّ بالرَّاهِب وَقَعَدَ إِلَيْه، فَإِذَا أَتَى السَّاحِرَ ضَرَبَهُ، فَشَكَا ذَلِكَ إِلَى الرَّاهِبِ فَقَالَ: إِذَا خَشِيتَ السَّاحِر فَقُلْ: حبَسَنِى أَهْلي، وَإِذَا خَشِيتَ أَهْلَكَ فَقُلْ: حَبَسَنِى السَّاحرُ

فَبيْنَمَا هُو عَلَى ذَلِكَ إِذْ أَتَى عَلَى دابَّةٍ عظِيمَة قدْ حَبَسَت النَّاس فَقَالَ: الْيوْمَ أَعْلَمُ السَّاحِرُ أَفْضَل أم الرَّاهبُ أفْضلَ؟ فأَخَذَ حجَرًا فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنْ كان أمْرُ الرَّاهب أحَبَّ إِلَيْكَ مِنْ أَمْرِ السَّاحِرِ فاقتُلْ هَذِهِ الدَّابَّة حتَّى يمْضِيَ النَّاسُ، فرَماها فقتَلَها ومَضى النَّاسُ، فأتَى الرَّاهب فأخبَرهُ. فَقَالَ لهُ الرَّاهبُ: أىْ بُنيَّ أَنْتَ الْيوْمَ أفْضلُ منِّى، قدْ بلَغَ مِنْ أمْركَ مَا أَرَى، وإِنَّكَ ستُبْتَلَى، فإِنِ ابْتُليتَ فَلَا تدُلَّ عليَّ، وكانَ الْغُلَامُ يبْرئُ الْأكْمةَ والأبرصَ، ويدَاوي النَّاس مِنْ سائِرِ الْأدوَاءِ. فَسَمعَ جلِيسٌ للملِكِ كانَ قدْ عمِىَ، فأتَاهُ بهداياَ كَثِيرَةٍ فَقَالَ: ما ههُنَا لك أجْمَعُ إِنْ أَنْتَ شفَيْتني، فَقَالَ إِنِّى لَا أشفِى أَحَدًا، إِنَّمَا يشْفِى الله تعَالى، فإِنْ آمنْتَ بِاللَّهِ تعَالَى دعوْتُ الله فشَفاكَ، فآمَنَ بِاللَّهِ تعَالى فشفَاهُ اللَّهُ تَعَالَى، فأتَى الْمَلِكَ فجَلَس إِليْهِ كَمَا كانَ يجْلِسُ فَقَالَ لَهُ الْمَلكُ: منْ ردَّ علَيْك بصَرك؟ قَالَ: ربِّى. قَالَ: ولكَ ربٌّ غيْرِى؟، قَالَ: رَبِّى وربُّكَ الله، فأَخَذَهُ فلَمْ يزلْ يُعذِّبُهُ حتَّى دلَّ عَلَى الْغُلَامِ فجئَ بِالغُلَامِ، فَقَالَ لهُ الْمَلكُ: أىْ بُنَيَّ قدْ بَلَغَ منْ سِحْرِك مَا تبْرئُ الْأكمَهَ والأبرَصَ وتَفْعلُ وَتفْعَلُ فَقَالَ: إِنَّي لَا أشْفي أَحَدًا، إِنَّمَا يشْفي الله تَعَالَى، فأَخَذَهُ فَلَمْ يزَلْ يعذِّبُهُ حتَّى دلَّ عَلَى الرَّاهبِ، فجِئ بالرَّاهِبِ فقيل لَهُ: ارجَعْ عَنْ دِينكَ، فأبَى، فدَعا بِالْمنْشَار فوُضِع الْمنْشَارُ فِى مفْرقِ رأْسِهِ، فشقَّهُ حتَّى وقَعَ شقَّاهُ، ثُمَّ جِئ بجَلِيسِ الْمَلكِ فقِلَ لَهُ: ارجِعْ عَنْ دِينِكَ فأبَى، فوُضِعَ الْمنْشَارُ فِى مفْرِقِ رَأسِهِ، فشقَّهُ به حتَّى وقَع شقَّاهُ، ثُمَّ جئ بالغُلَامِ فقِيل لَهُ: ارجِعْ عَنْ دِينِكَ، فأبَى، فدَفعَهُ إِلَى نَفَرٍ منْ أصْحابِهِ فَقَالَ: اذهبُوا بِهِ إِلَى جبَلِ كَذَا وكذَا فاصعدُوا بِهِ الْجبلَ، فـإِذَا بلغتُمْ ذروتهُ فإِنْ رجعَ عَنْ دِينِهِ وإِلَّا فاطرَحوهُ فذهبُوا به فصعدُوا بهِ الْجَبَل فَقَالَ: اللَّهُمَّ اكفنِيهمْ بمَا شئْت، فرجَف بِهمُ الْجَبَلُ فسَقطُوا، وجَاءَ يمْشي إِلَى الْمَلِكِ، فَقَالَ لَهُ الْمَلكُ: ما فَعَلَ أَصحَابكَ؟ فَقَالَ: كفانيهِمُ الله تعالَى، فدفعَهُ إِلَى نَفَرَ منْ أَصْحَابِهِ فَقَالَ: اذهبُوا بِهِ فاحملُوه فِى قُرقُور وَتَوسَّطُوا بِهِ الْبحْرَ، فإِنْ رَجَعَ عَنْ دِينِهِ وإِلَّا فَاقْذفُوهُ، فذَهبُوا بِهِ فَقَالَ: اللَّهُمَّ اكفنِيهمْ بمَا شِئْت، فانكَفَأَتْ بِهِمُ السَّفينةُ فغرِقوا، وجَاءَ يمْشِى إِلَى الْمَلِك. فَقَالَ لَهُ الْملِكُ: ما فَعَلَ أَصحَابكَ؟ فَقَالَ: كفانِيهمُ الله تعالَى. فَقَالَ للمَلِكِ إِنَّك لسْتَ بقَاتِلِى حتَّى تفْعلَ ما آمُركَ بِهِ. قَالَ: ما هُوَ؟ قَالَ: تجْمَعُ النَّاس فِى صَعيدٍ واحدٍ، وتصلُبُنِى عَلَى جذْعٍ، ثُمَّ خُذ سهْمًا مِنْ كنَانتِى، ثُمَّ ضعِ السَّهْمِ فِى كَبدِ الْقَوْسِ ثُمَّ قُل: بسْمِ اللَّهِ ربِّ الْغُلَامِ ثُمَّ ارمِنِى، فَإِنَّكَ إِذَا فَعَلْتَ ذَلِكَ قَتَلْتنِى. فجَمَع النَّاس فِى صَعيدٍ واحِدٍ، وصلَبَهُ عَلَى جذْعٍ، ثُمَّ أَخَذَ سهْمًا منْ كنَانَتِهِ، ثُمَّ وضَعَ السَّهمَ فِى كبِدِ الْقَوْسِ، ثُمَّ قَالَ: بِسْم اللَّهِ رَبِّ الْغُلَامِ، ثُمَّ رمَاهُ فَوقَعَ السَّهمُ فِى صُدْغِهِ، فَوضَعَ يدَهُ فِى صُدْغِهِ فمَاتَ. فَقَالَ النَّاسُ: آمَنَّا بِرَبِّ الْغُلَامِ، فَأُتِىَ الْمَلكُ فَقِيلُ لَهُ: أَرَأَيْت ما كُنْت تحْذَر قَدْ وَاللَّه نَزَلَ بِك حَذرُكَ. قدْ آمنَ النَّاسُ. فأَمَرَ بِالأخدُودِ بأفْوَاهِ السِّكك فخُدَّتَ وَأضْرِمَ فِيها النيرانُ وَقَالَ: مَنْ لَمْ يرْجَعْ عَنْ دِينِهِ فأقْحمُوهُ فِيهَا أوْ قيلَ لَهُ: اقْتَحمْ، ففعَلُوا حتَّى جَاءَتِ امرَأَةٌ ومعَهَا صَبِيٌّ لهَا، فَتقَاعَسَت أَنْ تَقعَ فِيهَا، فَقَالَ لَهَا الْغُلَامُ: يَا أمَّاهْ اصبِرِى فَإِنَّكَ عَلَى الْحَقِّ»

Қазақша аудармасы

Суһәйбтен (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Сендерден бұрынғылардың арасында бір патша болған әрі оның сиқыршысы бар еді. Әлгі сиқыршы қартайған кезінде патшаға: «Расында, мен қартайдым. Маған бір бала жібер, оған (өзім білетін) сиқыр атаулыны түгел үйретейін», – дейді. Сөйтіп, патша оған сиқыр үйретуі үшін бір жас баланы жібереді. Бала жүрер жолдың бойында бір монах тұратын. Бір күні әлгі бала сол монахтың қасына отырып, сөзін тыңдайды және оның сөзі балаға ұнап қалады. Осылайша бала сиқыршыға барған сайын жаңағы монахқа кіріп, оның әңгімесін тыңдап жүреді. Бір күні (сол әдеті бойынша монахтан шығып) сиқыршыға барған кезінде, сиқыршы оны (кешіккені үшін) соққыға алады. Бала болған жайды монахқа айтып шағымданады. Сонда ол: «Сиқыршыдан қорықсаң: «Мені үйдегілер ұстап қалды», – деп айт. Ал үйіңдегілерден қорықсаң: «Мені сиқыршы ұстап қалды», – де», – деп кеңес береді. Бала осылайша (екі арада) жүргенде, бір күні адамдардың жолын тосқан бір үлкен жануарға кезігеді. Сонда ол: «Бүгін сиқыршы абзал ма әлде монах абзал ма соны білемін», – дейді. Артынша қолына тас алып: «Уа, Алла Тағалам! Сен үшін монахтың ісі сиқыршының ісінен артық болса, адамдар жолдан өту үшін мына жануарды өлтір», – деп, әлгі жануарды таспен атады. Осылайша әлгі мақұлықты өлтіріп, адамдар жолдан (аман-есен) өте барады. Сосын ол монахқа келіп, оған (болған оқиғаны) хабарлайды. Сонда монах: «Уа, балақай! Сен бұл күнде менен де асып түстің. Дәрежең көріп тұрғанымдай биік деңгейге жетіпті. Енді сен сынаққа ұшырайсың! Сынаққа ұшырағаныңда маған қарай нұсқама (яғни, мен туралы айтып қойма)», – дейді. Осылайша бала соқырлар мен алапестерді жазатын және адамдарды өзге де ауру-сырқаулардан емдеп, жазатын болады. Бірде патшаның көзі көрмей қалған бір кеңесшісі бала жайлы естиді. Содан оған көп сыйлық әкеліп: «Егер мені емдеп жазсаң, мынаның бәрі сенікі», – дейді. Бала болса: «Шындығында, мен ешкімді ауруынан айықтыра алмаймын. Дертке шипа беретін Алла Тағала ғана! Егер сен Аллаға иман келтірсең, мен Аллаға дұға етемін де, Ол сені дертіңнен айықтырады», – дейді. Сөйтіп, әлгі кісі Аллаға иман келтіріп, Алла оның дертіне шипа береді. Артынша патшаның құзырына келіп, бұрынғысынша оның қасына отырады. Сонда патша одан: «Саған көз жанарыңды кім қайтарды?» – деп сұрайды. Кеңесшісі: «Раббым!» – деп жауап береді. Сонда патша: «Сенің менен өзге Раббың бар ма еді?» – дейді. Ол болса: «Менің де, сенің де Раббың – Алла!» – дейді. Содан патша оны ұстатып, баланы нұсқағанынша азаптайды. Сосын патшаның алдына баланы алып келеді. Патша оған: «Уа, балақай! Расында, сенің сиқырың соқырлар мен алапестерді айықтыратын және пәлендей-түгендей істерді жасайтын дәрежеге жетіпті ғой», – дейді. Сонда бала: «Шындығында, мен ешкімді ауруынан айықтыра алмаймын. Дертке шипа беретін Алла Тағала ғана!» – дейді. Содан патша оны ұстатып, монахты нұсқағанынша азаптайды. Патшаның алдына монахты әкеледі. Оған: «Дініңнен қайт», – деп бұйырады, алайда ол бас тартады. Патша ара алдырып, араны монахтың бас айрығына қойдырады да, оны қақ бөлініп түскенінше аралатады. Сонан соң патшаның кеңесшісін әкеліп, оған да: «Дініңнен қайт», – деп бұйырады, бірақ ол да бас тартады. Патша оның да бас айырығына араны қойдырып, оны да қақ бөлініп түскенінше аралатады. Одан кейін патшаның алдына әлгі баланы әкеледі, оған да: «Дініңнен қайт», – деп бұйырғанда, ол да бас тартпайды. Патша оны жауынгерлерінің бір тобына тапсырып: «Мынаны пәлен тауға апарып, таудың төбесіне алып шығыңдар. Оның шыңына жеткен кезде дінінен қайтса босатыңдар, олай етпесе, лақтырып жіберіңдер», – деп бұйырады. Сөйтіп, олар баланы апарып, оны таудың шыңына алып шығады. Сонда бала: «Уа, Алла! Мені бұлардан Өзің қалаған нәрсемен құтқара көр!» – деп жалбарынады. Сол кезде тау дүр сілкініп, әскер түгелімен құлап кетеді. Ал бала болса, өз аяғымен патшаның алдына келеді. Патша одан: «Қасыңдағылар не қылды?» – деп сұрайды. Ол: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», – дейді. Патша оны тағы да нөкерлерінен бір топ адамға тапсырып: «Мынаны апарып кемеге мінгізіңдер де, теңіздің ортасына жеткізіңдер. Егер дінінен қайтса босатыңдар, әйтпесе, теңізге тастаңдар», – деп бұйырады. Содан олар баланы теңіздің ортасына апарады. Сонда бала: «Уа, Алла! Мені бұлардан Өзің қалаған күйде құтқара көр!» – деп жалбарынады. Сол кезде кеме төңкеріліп түсіп, нөкерлер түгелдей суға батып кетеді. Ал бала қайтадан өз аяғымен патшаның алдына келеді. Патша одан: «Қасыңдағылар не қылды?» – деп сұрайды. Бала тағы да: «Алла Тағала мені олардан құтқарды», – дейді. Сосын ол патшаға: «Шынында, сен мен айтатын ұсынысты істемесең, мені өлтіре алмайсың», – дейді. Патша: «Ол не?» – дейді. Сонда бала: «Ел-жұртты бір төбеге жинайсың да, мені ағаштың діңіне керіп қоясың. Содан соң менің қорамсағымнан бір жебе ал да, жебені садақтың адырнасына салып, керіп тұрып: «Осы баланың Раббысы – Алланың атымен!» – деп мені ат. Егер осы айтқанымды жасасаң, мені өлтіресің», – дейді. Сөйтіп, патша адамдарды бір төбеге жинайды да, баланы ағаштың діңіне керіп тастайды. Кейін оның қорамсағынан бір жебені алып, садақтың адырнасына салып, кереді де: «Осы баланың Раббысы – Алланың атымен!» – деп атып қалады, жебе баланың самайына қадалады. Бала қолын самайына қойып жан тапсырады. Сол кезде ел-жұрттың барлығы жаппай: «Бұл баланың Раббысына иман келтірдік!» – дейді. Патшаның уәзірлері дереу келіп: «Сіз неден қауіптеніп жүр едіңіз. Алламен ант етейік, міне, қауіпіңіз орын алды. Адамдардың баршасы иман келтірді», – дейді. Сонда патша жолдардың кіре берісіне ор қазуға бұйрық береді. Ор қазылып, ішіне от жағылады. Сосын патша: «Кімде-кім дінінен қайтпаса, оны осының ішіне тастаңдар», – деп пәрмен қылады. Немесе дінінен бас тартпаған адамға: «Ішіне өзің секір», – делінеді. Адамдар дәл солай жасап жатады, сол кезде қолында сәбиі бар бір әйел келіп, оның ішіне түсуден тартынып қалады. Сонда сәбиі оған: «Уа, анашым! Сабыр ет, табанды бол! Шынында, сен хақ жолдасың!» – деген екен», – дейді. (Муслим: 7511; Ахмад: 23931).

Орысша аудармасы

Сообщается со слов Сухайба (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди людей, живших до вас, был царь, при котором состоял колдун. Когда колдун состарился, он сказал царю: “Поистине, я уже состарился. Пришли ко мне мальчика, чтобы я передал ему все свои знания о колдовстве”. Тогда царь отправил к нему мальчика, чтобы колдун обучил его колдовству. По дороге к колдуну жил монах. Однажды мальчик присел рядом с ним, послушал его слова, и они ему понравились. С тех пор, направляясь к колдуну, мальчик каждый раз заходил к монаху и слушал его наставления. Однажды, как обычно зайдя прежде к монаху, мальчик опоздал к колдуну, и тот избил его. Мальчик рассказал монаху о случившемся и пожаловался ему. Монах посоветовал: “Если испугаешься колдуна, скажи: ‘Меня задержали домашние’, а если испугаешься домашних, скажи: ‘Меня задержал колдун’”. Продолжая посещать монаха и колдуна, мальчик однажды увидел огромного зверя, преградившего людям дорогу. Тогда он сказал: “Сегодня я узнаю, кто достойнее – колдун или монах”. Затем он взял камень и произнёс: “О Аллах Всевышний! Если деяния монаха угоднее Тебе, чем деяния колдуна, умертви этого зверя, чтобы люди могли пройти”. С этими словами он бросил в зверя камень и убил его, после чего люди целыми и невредимыми прошли по дороге. Затем мальчик пришёл к монаху и рассказал ему обо всём случившемся. Монах сказал: “О мальчик! Сегодня ты превзошёл меня. Судя по тому, что я вижу, ты достиг высокого положения. Теперь тебя непременно подвергнут испытанию! Когда это случится, не указывай на меня, то есть не рассказывай обо мне”.

После этого мальчик стал исцелять слепых и прокажённых, а также врачевать людей от других болезней и недугов. О нём услышал один из советников царя, потерявший зрение. Он принёс мальчику множество подарков и сказал: “Если ты исцелишь меня, всё это будет твоим”. Мальчик ответил: “Поистине, я не способен никого исцелить. Исцеление дарует лишь Аллах Всевышний! Если ты уверуешь в Аллаха, я обращусь к Нему с мольбой, и Он исцелит тебя”. Тот человек уверовал в Аллаха, и Аллах исцелил его. Затем он явился к царю и, как прежде, сел рядом с ним. Царь спросил: “Кто вернул тебе зрение?” Советник ответил: “Мой Господь!” Царь спросил: “Разве у тебя есть Господь, кроме меня?” Тот ответил: “Мой Господь и твой Господь – Аллах!” Тогда царь велел схватить его и подвергать мучениям до тех пор, пока тот не указал на мальчика. Мальчика привели к царю, и тот сказал ему: “О мальчик! Поистине, твоё колдовство достигло такой силы, что ты исцеляешь слепых и прокажённых и совершаешь то-то и то-то”. Мальчик ответил: “Поистине, я не способен никого исцелить. Исцеление дарует лишь Аллах Всевышний!” Тогда царь велел схватить мальчика и подвергать его мучениям до тех пор, пока тот не указал на монаха. Монаха привели к царю и приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Однако он отказался. Тогда царь велел принести пилу, приставить её к середине головы монаха и распилить его надвое. Затем привели советника царя и также приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Но и он отказался. Царь велел приставить пилу к середине его головы и распилить его надвое. После этого к царю привели мальчика и также приказали ему: “Отрекись от своей религии!” Но он не отрёкся от неё.

Тогда царь отдал его отряду своих воинов и приказал: “Отведите его к такой-то горе и поднимите на её вершину. Когда достигнете вершины, отпустите его, если он отречётся от своей религии, а если не отречётся – сбросьте его вниз”. Воины отвели мальчика к горе и поднялись с ним на вершину. Тогда он взмолился: “О Аллах! Избавь меня от них тем способом, каким пожелаешь!” В этот миг гора содрогнулась, и все воины сорвались вниз. Мальчик же сам вернулся к царю. Царь спросил его: “Что стало с теми, кто был с тобой?” Он ответил: “Аллах Всевышний избавил меня от них”. Тогда царь передал его другому отряду своих воинов и приказал: “Отведите его, посадите на корабль и вывезите на середину моря. Если он отречётся от своей религии, отпустите его, а если не отречётся – бросьте в море”. Воины отвезли мальчика на середину моря. Тогда он взмолился: “О Аллах! Избавь меня от них так, как пожелаешь!” В этот миг корабль перевернулся, и все воины утонули. Мальчик же вновь вернулся к царю. Царь спросил: “Что стало с теми, кто был с тобой?” Мальчик снова ответил: “Аллах Всевышний избавил меня от них”.

Затем он сказал царю: “Поистине, ты не сможешь убить меня, пока не исполнишь то, что я тебе предложу”. Царь спросил: “Что же это?” Мальчик ответил: “Собери народ на одном холме и привяжи меня к стволу дерева. Затем возьми стрелу из моего колчана, наложи её на тетиву лука, натяни лук и скажи: ‘С именем Аллаха – Господа этого мальчика!’ – после чего выстрели в меня. Если ты сделаешь всё это, то сможешь меня убить”. Царь собрал людей на одном холме и привязал мальчика к стволу дерева. Затем он взял стрелу из его колчана, наложил её на тетиву лука, натянул лук и произнёс: “С именем Аллаха – Господа этого мальчика!” – после чего выстрелил. Стрела вонзилась в висок мальчика. Он приложил руку к виску и испустил дух. Тогда весь народ в один голос произнёс: “Мы уверовали в Господа этого мальчика!”

Визири немедленно явились к царю и сказали: “Вы боялись именно этого. Клянёмся Аллахом, то, чего вы опасались, свершилось: все люди уверовали”. Тогда царь велел вырыть рвы у начала дорог. Рвы были вырыты, и в них развели огонь. Затем царь приказал: “Каждого, кто не отречётся от своей религии, бросайте в этот огонь!” Или же тому, кто не отрекался от своей религии, говорили: “Прыгай туда сам!” Так и происходило, пока не подошла женщина с младенцем на руках. Она заколебалась, не решаясь войти в огонь. Тогда младенец сказал ей: “О матушка! Терпи и стой твёрдо! Поистине, ты на истинном пути!”» (Муслим: 7511; Ахмад: 23931).

31
Риядус-салихин, № 31Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِى اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَرَّ النَّبِيُّ ﷺ بِامْرَأَةٍ تَبْكِى عِنْدَ قَبْرٍ فَقَال: «اتَّقِى الله وَاصْبِرِى» فَقَالَتْ: إِلَيْكَ عَنِّى، فَإِنِّكَ لَمْ تُصَبْ بمُصِيبتى، وَلَمْ تعْرفْهُ، فَقيلَ لَها: إِنَّه النَّبِيُّ ﷺ، فَأَتتْ بَابَ النَّبِّى ﷺ، فلَمْ تَجِد عِنْدَهُ بَوَّابينَ، فَقَالَتْ: لَمْ أَعْرِفْكَ، فَقَالَ: «إِنَّمَا الصَّبْرُ عِنْدَ الصَّدْمَةِ الْأولَى»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ қабір басында баласын жоқтап, жылап отырған бір әйелдің қасынан өтіп бара жатып оған: «Алладан қорық, әрі сабыр ет», – деді. Сонда әлгі әйел оған: «Аулақ жүр. Менің қайғым өз басыңа келмеген соң, менде нең бар?!» – деп, қатқыл жауап қатты. Кейін қабір басындағылар әлгі әйелге оның Пайғамбарымыз екенін айтқанда, (одан сайын пұшайман болып) дереу Пайғамбарымыздың есігінің алдына келеді. Есіктің алдынан күзетшілерді көрмеген соң, бірден кіріп барып: «Сізді танымай қалыппын», – деп (дөрекілігі үшін) кешірім сұрады. Сонда Алла елшісі оған: «Нағыз сабыр – соққының алғашқы тиген сәтіндегі сабыр», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 1283; Муслим: 2140; Ахмад: 12458).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Пророк ﷺ проходил мимо женщины, которая сидела у могилы, оплакивая своего ребёнка и проливая слёзы. Он сказал ей: “Бойся Аллаха и проявляй терпение”. Женщина резко ответила: “Отойди от меня! Ведь тебя не постигло моё горе – какое тебе до меня дело?” Позднее находившиеся у могилы люди сказали ей, что это был Пророк ﷺ. Тогда она, ещё сильнее раскаявшись, немедленно направилась к дому Пророка ﷺ. Не увидев перед дверью стражников, она сразу вошла и, прося прощения за свою грубость, сказала: “Я не узнала Вас”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ей: “Истинное терпение – это терпение в самый первый миг, когда человека постигает удар беды”» (Аль-Бухари: 1283; Муслим: 2140; Ахмад: 12458).

32
Риядус-салихин, № 32Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِى هَرَيرَةَ رَضي اللَّه عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «يَقولُ اللَّهُ تَعَالَى: مَا لِعَبْدِى الْمُؤْمِنِ عِنْدِى جَزَاءٌ إِذَا قَبضْتُ صَفِيَّهُ مِنْ أَهْلِ الدُّنْيَا ثُمَّ احْتَسَبهُ إِلَّا الْجَنَّة»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Алла Тағала: «Дүниедегі сүйіктісін алып қойған кезімде, сауабын үміт етіп сабыр еткен мүмін пендеме Менің құзырымда жаннаттан басқа өтем жоқ», – дейді», – дегенін жеткізеді. (Бұхари: 6424; Ахмад: 9393).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах Всевышний говорит: “Когда Я забираю у Моего верующего раба любимого им человека из этого мира, а он проявляет терпение, надеясь на награду, у Меня нет для него иного воздаяния, кроме рая”» (Аль-Бухари: 6424; Ахмад: 9393).

33
Риядус-салихин, № 33Риуаят етуші: Айша

وعَنْ عائشَةَ أنَهَا سَأَلَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَن الطَّاعونِ، فَأَخبَرَهَا أَنَهُ كَانَ عَذَابًا يَبْعَثُهُ اللَّه تَعَالَى عَلَى منْ يَشَاءُ، فَجَعَلَهُ اللَّهُ تعالَى رحْمةً للْمُؤْمنِينَ، فَلَيْسَ مِنْ عَبْدٍ يَقَعُ فِى الطَّاعُون فَيَمْكُثُ فِى بلَدِهِ صَابِرًا مُحْتَسِبًا يَعْلَمُ أَنَّهُ لَا يُصِيبُهُ إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ إِلَّا كَانَ لَهُ مِثْلُ أَجْرِ الشَّهِيدِ»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте, оның Алла елшісінен ﷺ оба ауруы туралы сұрағаны айтылады. Сонда Алла елшісі оған обаның Алланың қалағанына жіберетін азабы болғанын, алайда Алла Тағала оны мүміндер үшін рақым қылғанын. Тиісінше қайсыбір пенде оба ауруына тап болып, Алладан сауап үміт еткен күйде өз елді-мекенінен шықпай, Алланың өзіне жазғанынан артық басына еш нәрсе келмейтінін біліп, сабыр сақтап отыратын болса, сол үшін оған шейіттің сауабындай сауап жазылатындығын, – айтты. (Бұхари: 5734; Ахмад: 25212).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что однажды спросила Посланника Аллаха ﷺ о чуме. Он сообщил ей, что чума была наказанием, которое Аллах ниспосылал тому, кому желал, однако Аллах Всевышний сделал её милостью для верующих. Поэтому, если какой-либо раб Аллаха окажется в местности, где разразилась чума, и останется в своём поселении, не покидая его, проявляя терпение, надеясь на награду Аллаха и зная, что его постигнет лишь то, что предписал ему Аллах, ему будет записана награда, равная награде мученика (Аль-Бухари: 5734; Ахмад: 25212).

34
Риядус-салихин, № 34Риуаят етуші: Әнәс

وعَنْ أَنسٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وجَلَّ قَالَ: إِذَا ابْتَلَيْتُ عَبدِى بحبيبتَيْهِ فَصبَرَ عَوَّضْتُهُ مِنْهُمَا الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла елшісінің ﷺ: «Бәрінен үстем болған ұлы Алла: «Пендемді өзі үшін сондай сүйікті болған қос жанарымен сынағанымда сабыр ететін болса, сол қос жанарының орнына оған жұмақты нәсіп етемін», – деп айтады», – дегенін естідім». (Бұхари: 5653; Ахмад: 12468).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Всемогущий и Великий Аллах говорит: ‘Когда Я подвергну Моего раба испытанию, лишив его двух глаз, столь дорогих ему, и он проявит терпение, то взамен этих двух глаз Я дарую ему рай’”» (Аль-Бухари: 5653; Ахмад: 12468).

35
Риядус-салихин, № 35

وعنْ عطاءِ بْن أَبِى رَباحٍ قَالَ: قَالَ لِى ابْنُ عبَّاسٍ ألا أرِيكَ امْرَأَةً مِن أَهْلِ الْجَنَّة؟ فَقُلت: بلَى، قَالَ: هَذِهِ الْمْرأَةُ السوْدَاءُ أَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: إِنِّى أُصْرَعُ، وإِنِّى أَتكَشَّفُ، فَادْعُ اللَّه تَعَالَى لِى قَالَ: «إِن شئْتِ صَبَرْتِ ولكِ الْجَنَّةُ، وإِنْ شِئْتِ دعَوْتُ اللَّه تَعالَى أَنْ يُعافِيَكِ» فقَالتْ: أَصْبرُ، فَقَالَتْ: إِنِّى أَتَكشَّفُ، فَادْعُ اللَّه أَنْ لَا أَتكشَّفَ، فَدَعَا لَهَا

Қазақша аудармасы

Ата ибн Әби Рабах: «Бірде ибн Аббас (р.а.) маған: «Жаннаттық бір әйелді көрсетейін бе?» – деді. Мен: «Әлбетте», – дедім. Сонда ол: «Мына қара әйел Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Кейде менің талмам ұстап қалады, сол кезде (еріксіз) етегім ашылып қалады. (Осы бір дертімнен айығуым үшін) Аллаға дұға жасаңызшы», – деп өтінеді. Алла елшісі оған: «Қаласаң сабыр ет, сонда саған жұмақ нәсіп болады. Қаласаң дертіңнен айықтыруы үшін Аллаға дұға етейін», – деді. Сонда әлгі әйел: «Онда сабыр етемін. Алайда (талмам ұстағанда) етегім ашылып қалады. Етегім ашылып қалмауы үшін Аллаға дұға жасаңызшы», – дегенде, Алла елшісі ол үшін дұға етті», – деген еді», – деп жеткізеді. (Бұхари: 5652; Муслим: 6517; Ахмад: 3240).

Орысша аудармасы

Ата ибн Абу Рабах рассказывал: «Однажды Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) спросил меня: “Показать тебе одну из обитательниц рая?” Я ответил: “Конечно”. Тогда он сказал: “Вот эта чернокожая женщина однажды пришла к нашему Пророку ﷺ и попросила: ‘Иногда у меня случаются приступы, во время которых я невольно обнажаюсь. Обратитесь к Аллаху с мольбой, чтобы я исцелилась от этой болезни’. Посланник Аллаха ﷺ сказал ей: ‘Если хочешь, проявляй терпение, и тогда тебе будет дарован рай. А если хочешь, я обращусь к Аллаху с мольбой, чтобы Он исцелил тебя’. Женщина ответила: ‘Тогда я буду терпеть. Однако во время приступов я обнажаюсь. Обратитесь к Аллаху с мольбой, чтобы я не обнажалась’. И Посланник Аллаха ﷺ обратился к Аллаху с мольбой за неё”» (Аль-Бухари: 5652; Муслим: 6517; Ахмад: 3240).

36
Риядус-салихин, № 36

عنْ أَبِى عبْدِ الرَّحْمنِ عبْدِ اللَّه بْنِ مسْعُودٍ رضيَ اللَّه عَنْهُ قَال: كَأَنِّى أَنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يحْكيِ نَبِيًّا من الْأَنْبِياءِ، صلواتُ اللَّهِ وسَلَامُهُ عَليْهم، ضَرَبُهُ قَوْمُهُ فَأَدْمَوْهُ وَهُوَ يَمْسَحُ الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ، يَقُولُ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِقَوْمِى فَإِنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ бізге бір пайғамбардың басынан өткен оқиғаны әңгімелегені әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Әлгі пайғамбарды қауымы ұрып-соғып, қан-жоса қылса да, жүзінен аққан қанды сүртіп тұрып: «Уа, Алла! Қауымымды кешіре көр, өйткені олар ақиқатты білмейді», – деп жалбарынған еді», – деген (Бұхари: 3477; Муслим: 4646; Ахмад: 4170).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «До сих пор я словно вижу перед собой Посланника Аллаха ﷺ, рассказывающего нам историю одного пророка. Его народ избил его до крови, однако он, вытирая кровь, стекавшую по его лицу, взывал: “О Аллах! Прости мой народ, ведь они не знают истины”» (Аль-Бухари: 3477; Муслим: 4646; Ахмад: 4170).

37
Риядус-салихин, № 37

وَعنْ أَبِى سَعيدٍ وأَبِى هُرَيْرة رَضِى اللَّه عَنْهُمَا عَن النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا يُصِيبُ الْمُسْلِمَ مِنْ نَصَبٍ وَلَا وَصَبٍ وَلَا هَمٍّ وَلَا حَزَنٍ وَلَا أَذًى وَلَا غمٍّ حَتَّى الشَّوْكَةُ يُشَاكُها إِلَّا كَفَّرَ اللَّه بِهَا مِنْ خَطَايَاه».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид пен Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла мұсылман пендесінің басына келген шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, уайым-қайғы, залал, ауыр қасірет секілді қандай да бір қиындық себепті, тіпті қолына немесе аяғына кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді» – деп айтқан», – делінген (Бұхари: 5642-5641; Муслим: 6568; Ахмад: 11141).

Орысша аудармасы

Абу Саид и Абу Хурайра (да будет доволен ими обоими Аллах) передали, что Пророк ﷺ сказал: «За любое испытание, постигающее раба-мусульманина, будь то усталость, изнеможение, болезнь, тревога, печаль, причинённый вред или тяжкое страдание, – даже за маленькую колючку, впившуюся ему в руку или ногу, – Аллах прощает его грехи» (Аль-Бухари: 5642–5641; Муслим: 6568; Ахмад: 11141).

38
Риядус-салихин, № 38Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْ ابْن مسْعُود قَالَ: دَخلْتُ عَلى النَبِيِّ ﷺ وَهُو يُوعَكُ فَقُلْتُ يَا رسُولَ اللَّه إِنَّكَ تُوعكُ وَعْكًا شَدِيدًا قَالَ: «أَجَلْ إِنِّى أُوعَكُ كَمَا يُوعَكُ رَجُلانِ مِنْكُم» قُلْتُ: ذَلِكَ أَنَّ لَكَ أَجْرِيْن؟ قَالَ: «أَجَلْ ذَلك كَذَلك مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُصِيبُهُ أَذًى، شوْكَةٌ فَمَا فوْقَهَا إِلَّا كَفَّر اللَّه بِهَا سَيِّئَاتِهِ، وَحطَّتْ عَنْهُ ذُنُوبُهُ كَمَا تَحُطُّ الشَّجَرَةُ وَرَقَهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына кірсем, қызуы көтеріліп сырқаттанып жатыр екен. Сонда: «Уа, Расулалла! Қызуыңыз тым қатты ғой», – дегенімде, маған: «Иә. Менің қызуым сендерден екі бірдей ер кісінің қызуына тең», – деді. Сонда мен: «Оның сыры, сізге екі есе сауап жазылатындығында ғой?» – дегенімде, маған: «Әлбетте, ол дәл солай. Кез келген мұсылманға қандай да бір зиян тисе, тіпті кішкене тікен болсын, одан үлкені болсын, Алла соны оның күнә-қателіктерінің өтемі қылады. Күнәлары одан бейне бір ағаштан төгілген жапырақтар тәрізді төгіледі», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я вошёл к нашему Пророку ﷺ и увидел, что он болен и лежит в сильном жару. Я сказал: “О Посланник Аллаха! Какой же сильный у тебя жар!” Он ответил мне: “Да. Я испытываю такой жар, какой испытывают двое из вас”. Тогда я спросил: “Это потому, что тебе записывается двойная награда?” Он ответил: “Да, именно так. Если мусульманина постигает какой-либо вред – будь то даже укол маленькой колючки или нечто более тяжёлое, – Аллах делает это искуплением его грехов и ошибок. Его грехи осыпаются с него, словно листья с дерева”» (Аль-Бухари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).

39
Риядус-салихин, № 39Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وعَنْ أَبِى هُرَيرةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُصِبْ مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте ол кісі: «Алла елшісі ﷺ «Алла кімге жақсылық қаласа, (не денсаулығын, не мал-дүниесін немесе жақындарын алып) оны сынайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5645; Ахмад: 7235).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если Аллах желает кому-либо блага, Он подвергает его испытаниям (лишая здоровья, имущества либо близких людей)» (Аль-Бухари: 5645; Ахмад: 7235).

40
Риядус-салихин, № 40Риуаят етуші: Әнәс

وعَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَتَمَنّينَّ أَحدُكُمُ الْمَوْتَ لِضُرٍّ أَصَابَهُ، فَإِنْ كَانَ لَا بُدَّ فاعلًا فَلْيَقُلْ: اللَّهُمَّ أَحْيِنِى ما كَانَت الْحَيَاةُ خَيْرًا لِى وَتَوَفَّنِى إِذَا كَانَتِ الْوَفَاَةُ خَيْرًا لِى»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Араларыңнан ешкім басына келген қандай да бір қайғы-қасіретке бола өзіне өлім тілемесін. Егер басқа амалы қалмаса, «Уа, Алла! Мен үшін қай кезге дейін өмір сүру қайырлы болса, сол кезге дейін өмір сүруді нәсіп ет. Мен үшін қай кезде өлім қайырлы болса, сол кезде жанымды ал!» – деп дұға етсін», – деген (Бұхари: 5671; Муслим: 6814: Ахмад: 12664).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не желает себе смерти из-за какого-либо постигшего его горя или несчастья. Если же он всё-таки не сможет удержаться от такого желания, пусть обратится с мольбой: “О Аллах! Сохрани мне жизнь до тех пор, пока она будет благом для меня, и забери мою душу тогда, когда смерть будет благом для меня!”» (Аль-Бухари: 5671; Муслим: 6814; Ахмад: 12664).

41
Риядус-салихин, № 41

وعنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ ِ خَبَّابِ بْن الْأَرتِّ قَالَ: شَكَوْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُو مُتَوسِّدٌ بُردةً لَهُ فِى ظلِّ الْكَعْبةِ، فَقُلْنَا: أَلا تَسْتَنْصِرُ لَنَا أَلا تَدْعُو لَنَا؟ فَقَالَ: قَد كَانَ مَنْ قَبْلكُمْ يُؤْخَذُ الرَّجُلُ فَيُحْفَرُ لَهُ فِى الْأَرْضِ فَيُجْعَلُ فِيهَا، ثمَّ يُؤْتِى بِالْمِنْشارِ فَيُوضَعُ علَى رَأْسِهِ فَيُجْعَلُ نِصْفَيْن، ويُمْشَطُ بِأَمْشاطِ الْحَديدِ مَا دُونَ لَحْمِهِ وَعَظْمِهِ، ما يَصُدُّهُ ذَلِكَ عَنْ دِينِهِ، واللَّه لَيُتِمَنَّ اللَّهُ هَذا الْأَمْر حتَّى يسِير الرَّاكِبُ مِنْ صنْعاءَ إِلَى حَضْرمْوتَ لَا يخافُ إِلَّا الله والذِّئْبَ عَلَى غنَمِهِ، ولكِنَّكُمْ تَسْتَعْجِلُونَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуллаһ Хаббаб ибн әл-Әрат (р.а.): «(Мүшріктерден қорлық көріп жүрген кезіміз еді). Бір күні Расулалла ﷺ шапанын жастанып, Қағбаның көлеңкесінде тынығып жатқанда: «Алладан біз үшін жәрдем тілеп, дұға етсеңіз?» – деп мұңымызды шақтық. Сонда ол: «Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдарда (иман келтірген) адамды ұстап алып, арнайы қазылған шұңқырға тастап, араменен төбесінен төмен қарай екіге қақ бөлетін, не болмаса, темір тырмақтармен еті мен сүйегі ажырағанша тырмалайтын жағдайлар да кездескен. Міне, осыншалықты жантүршігерлік азап оны дінінен бездіре алмайтын. Алланың атымен ант етейін! Алла бұл істі (Ислам дінін) міндетті түрде ақырына дейін жеткізеді. Тіпті салт атты жалғыз жолаушы Алладан және қойлары үшін қорқау қасқырдан өзге ешкімнен қорықпастан, Санадан Хадрамаутқа дейін алаңсыз сапар шегетін күн туады. Алайда сендер тағатсыздық танытасыңдар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6943; Ахмад: 21073).

Орысша аудармасы

Абу Абдуллах Хаббаб ибн аль-Аратт (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Это было в те времена, когда мы терпели притеснения со стороны многобожников. Однажды, когда Посланник Аллаха ﷺ отдыхал в тени Каабы, подложив под голову свой плащ, мы пожаловались ему: “Не попросишь ли ты Аллаха о помощи для нас и не обратишься ли к Нему с мольбой за нас?” Тогда он сказал: “Среди народов, живших до вас, случалось, что уверовавшего человека хватали, бросали в специально вырытую яму и распиливали пилой надвое, начиная от макушки, либо раздирали его тело железными гребнями, пока плоть не отделялась от костей. Но даже столь ужасающие мучения не могли заставить его отречься от своей религии. Клянусь Аллахом! Аллах непременно доведёт это дело (религию ислам) до полного завершения. Настанет день, когда одинокий всадник будет спокойно ехать из Саны в Хадрамаут, не боясь никого, кроме Аллаха, и опасаясь за своих овец лишь хищного волка. Однако вы проявляете нетерпение”» (Аль-Бухари: 6943; Ахмад: 21073).

42
Риядус-салихин, № 42Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسعُودٍ قَالَ: لمَّا كَانَ يَوْمُ حُنَيْنٍ آثَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَاسًا فِى الْقِسْمَةِ: فأَعْطَى الْأَقْرعَ بْنَ حابِسٍ مائةً مِنَ الْإِبِلِ وأَعْطَى عُييْنَةَ بْنَ حِصْنٍ مِثْلَ ذَلِكَ، وأَعطى نَاسًا منْ أشرافِ الْعربِ وآثَرهُمْ يوْمئِذٍ فِى الْقِسْمَةِ. فَقَالَ رجُلٌ: واللَّهِ إِنَّ هَذِهِ قِسْمةٌ ما عُدِلَ فِيها، وما أُرِيدَ فِيهَا وَجْهُ اللَّه، فَقُلْتُ: واللَّه لأُخْبِرَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَيْتُهُ فَأَخْبَرْتُهُ بِما قال، فَتَغَيَّرَ وَجْهُهُ حَتَّى كَانَ كَالصِّرْفِ. ثُمَّ قَالَ: «فَمَنْ يَعْدِلُ إِذَا لَمْ يَعْدِلِ اللَّهُ وَرَسُولُهُ؟ ثُمَّ قَالَ: يَرْحَمُ اللَّهُ مُوسَى قَدْ أُوْذِيَ بِأَكْثَرَ مِنْ هَذَا فَصَبَرَ» فَقُلْتُ: لَا جَرَمَ لَا أَرْفَعُ إِلَيْهِ بَعْدَهَا حَدِيثًا

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Хунәйн шайқасында түскен олжадан кей кісілерге ерекше ілтипат көрсетіп, көбірек етіп үлестіріп берген-ді. Ақра ибн Хабис пен Уйәйна ибн Хиснның алдына жүз түйеден салып берді. Сондай-ақ бірқатар араб ақсүйектеріне де басқаларға қарағанда түскен олжадан көбірек бөлді. (Алла елшісінің сондағы мақсатын түсінбегендіктен бұған наразы болған) біреу: «Уаллаһи! Бұл олжа бөлісте ешқандай әділдік те, Алланың разылығын ойлау да болған жоқ», – деді. Сонда мен: «Уаллаһи, бұны Алла елшісіне жеткіземін», – дедім. Көп күтпестен Алла елшісіне болған жайды айттым. Лезде оның жүзі күреңітіп, реңі өзгеріп кетті. Содан біраз уақытқа дейін үндемей тұрды да: «Алла мен Елшісі әділ болмаса, кім әділетті болмақ? Алла Тағала Мұсаны (а.с.) мейірімге бөлесін! Өйткені ол бұдан да өткен қорлық көрсе де, сабырлылық танытқан еді», – деді мұңайып. Осы оқиғадан кейін «Ендігәрі оған ешкімнің сөзін жеткізбеспін» – деп, өз-өзіме уәде бердім», – деген (Бұхари: 3150; Муслим: 2447; Ахмад: 3608).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «После битвы при Хунайне Посланник Аллаха ﷺ при распределении военной добычи проявил особое внимание к некоторым людям, выделив им бо́льшую долю. Он дал Акре ибн Хабису и Уяйне ибн Хисну по сто верблюдов. Некоторым другим знатным арабам он также выделил из добычи больше, чем остальным. Один человек, не поняв цели Посланника Аллаха ﷺ и потому возмутившись этим, сказал: “Клянусь Аллахом! При таком распределении добычи не было ни справедливости, ни стремления снискать довольство Аллаха”. Тогда я сказал: “Клянусь Аллахом, я обязательно передам это Посланнику Аллаха ﷺ!” Вскоре я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Его лицо тотчас побагровело, а выражение резко изменилось. Некоторое время он молчал, а затем с печалью сказал: “Кто же тогда будет справедлив, если Аллах и Его Посланник несправедливы? Да помилует Аллах Всевышний Мусу (мир ему)! Ведь ему причиняли ещё бо́льшие обиды, но он проявлял терпение”. После этого случая я пообещал себе: “Впредь я не стану передавать ему ничьих слов”» (Аль-Бухари: 3150; Муслим: 2447; Ахмад: 3608).

Түсіндірме (қазақша)

Алла елшісінің ﷺ иманға жаңа келіп, дінді толық түсіне қоймаған бірқатар араб ақсүйектеріне олардан бұрын иманға келген өзге мұсылмандарға қарағанда көбірек ілтипат көрсетуінің себебі, оларға исламды сүйдіру және оларды мұсылмандарға деген өшпенділіктен арылту еді.

Түсіндірме (орысша)

Посланник Аллаха ﷺ уделил некоторым знатным арабам, которые недавно уверовали и ещё не успели в полной мере понять религию, больше внимания, чем другим мусульманам, принявшим ислам раньше них. Он сделал это, чтобы привить им любовь к исламу и избавить их от враждебности к мусульманам.

43
Риядус-салихин, № 43Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّه عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَرَادَ اللَّهُ بِعَبْدِهِ خَيْرًا عَجَّلَ لَهُ الْعُقُوبَةَ فِى الدُّنْيَا، وَإِذَا أَرَادَ اللَّهُ بِعَبدِهِ الشَّرَّ أَمْسَكَ عَنْهُ بِذَنْبِهِ حَتَّى يُوَافِيَ بِهِ يَوْمَ الْقِيامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Егер Алла пендесіне жақсылық қаласа, күнәларының жазасын дереу осы дүниеде береді. Ал егер пендесіне жамандық қаласа, қиямет күні күнәларының жазасын толық беру үшін кейінге қалдырады», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 2396 «хасан» хадис).

Орысша аудармасы

Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если Аллах желает Своему рабу блага, Он незамедлительно наказывает его за грехи уже в этом мире. Если же Аллах желает Своему рабу зла, Он откладывает наказание, чтобы в День воскресения сполна наказать его за грехи» (Ат-Тирмизи: 2396; хадис категории «хасан»).

44
Риядус-салихин, № 44Риуаят етуші: Әнәс

وعنْ أَنَسٍ قَالَ: كَانَ ابْنٌ لأبي طلْحةَ يَشْتَكي، فخرج أبُو طَلْحة، فَقُبِضَ الصَّبِيُّ، فَلَمَّا رَجَعَ أَبُو طَلْحةَ قَالَ: ما فَعَلَ ابنِى؟ قَالَت أُمُّ سُلَيْم وَهِيَ أُمُّ الصَّبيِّ: هو أَسْكَنُ مَا كَانَ، فَقَرَّبَتْ إِلَيْهِ الْعَشَاءَ فَتَعَشَّى، ثُمَّ أَصَابَ مِنْهَا، فَلَمَّا فرغَ قَالَتْ: وارُوا الصَّبيَّ، فَلَمَّا أَصْبحَ أَبُو طَلْحَة أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبرهُ، فَقَالَ: «أَعرَّسْتُمُ اللَّيْلَةَ؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: «اللَّهمَّ باركْ لَهُما» فَولَدتْ غُلَامًا فَقَالَ لِى أَبُو طَلْحَةَ: احْمِلْهُ حتَّى تَأَتِيَ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ، وبَعثَ مَعهُ بِتمْرَات، فَقَالَ: «أَمعهُ شْيءٌ؟» قَالَ: نعمْ، تَمراتٌ فَأَخَذَهَا النَّبِيُّ ﷺ فَمضَغَهَا، ثُمَّ أَخذَهَا مِنْ فِيهِ فَجَعَلَهَا فِى في الصَّبيِّ ثُمَّ حَنَّكَه وسمَّاهُ عبدَ اللَّهِ مُتَّفَقٌ عليه

وَفِى رِوَايَةٍ للْبُخَارِيِّ: قَالَ ابْنُ عُيَيْنَة: فَقَالَ رجُلٌ منَ الْأَنْصارِ: فَرَأَيْتُ تَسعة أَوْلادٍ كلُّهُمْ قدْ قَرؤُوا الْقُرْآنَ، يعْنِى مِنْ أَوْلادِ عَبْدِ اللَّه الْموْلُود

وَفِى رِوَايَةٍ لمسلِم: ماتَ ابْنٌ لأبِى طَلْحَةَ مِنْ أُمِّ سُلَيْمٍ، فَقَالَتْ لأَهْلِهَا: لَا تُحَدِّثُوا أَبَا طَلْحَةَ بابنِهِ حتَّى أَكُونَ أَنَا أُحَدِّثُهُ، فَجَاءَ فَقَرَّبَتْ إِلَيْهِ عَشَاءً فَأَكَلَ وشَرِبَ، ثُمَّ تَصنَّعتْ لهُ أَحْسنَ ما كانتْ تَصَنَّعُ قَبْلَ ذَلِكَ، فَوقَعَ بِهَا، فَلَمَّا أَنْ رأَتْ أَنَّهُ قَدْ شَبِعِ وأَصَابَ مِنْها قَالتْ: يَا أَبَا طلْحةَ، أَرَايْتَ لَوْ أَنَّ قَوْمًا أَعارُوا عارِيتهُمْ أَهْل بيْتٍ فَطَلبوا عارِيَتَهُم، ألَهُمْ أَنْ يمْنَعُوهَا؟ قَالَ: لَا، فَقَالَتْ: فاحتسِبْ ابْنَكَ. قَالَ: فغَضِبَ، ثُمَّ قَالَ: تركتنِى حتَّى إِذَا تَلطَّخْتُ ثُمَّ أَخْبرتِنِى بِابْني، فَانْطَلَقَ حتَّى أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فأخْبَرهُ بما كَانَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَاركَ اللَّه لكُما فِى ليْلتِكُما»

قَالَ: فحملَتْ، قَالَ: وكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى سفَرٍ وهِى مَعَهُ وكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَى الْمَدِينَةِ مِنْ سَفَرٍ لَا يَطْرُقُها طُرُوقًا فَدنَوْا مِنَ الْمَدِينَةِ، فَضَرَبَهَا الْمَخاضُ، فَاحْتَبَس عَلَيْهَا أَبُو طلْحَةَ، وانْطلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: يقُولُ أَبُو طَلْحةَ إِنَّكَ لتعلمُ يَا ربِّ أَنَّهُ يعْجبُنِى أَنْ أَخْرُجَ معَ رَسُول اللَّهِ ﷺ إِذَا خَرَجَ، وأَدْخُلَ مَعهُ إِذَا دَخَلَ، وقَدِ احْتَبَسْتُ بِما تَرى. تقولُ أُمُّ سُلَيْمٍ: يَا أَبَا طلْحةَ مَا أَجِد الَّذي كنْتُ أَجِدُ، انْطَلِقْ، فانْطَلقْنَا، وضَربهَا الْمَخاضُ حينَ قَدِمَا فَولَدتْ غُلَامًا. فَقَالَتْ لِى أُمِّى: يَا أَنَسُ لَا يُرْضِعُهُ أَحدٌ تَغْدُوَ بِهِ عَلَى رسُول اللَّه ﷺ، فلمَّا أَصْبحَ احتملْتُهُ فانطَلقْتُ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. وذَكَرَ تمامَ الْحَدِيثِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Әбу Талханың ұлы науқастанып жатқан еді. Әбу Талха (шаруамен) шығып кеткен кезде, сәби қайтыс болды. Әбу Талха оралған соң: «Ұлым не қылды?» – деп сұрады. Сонда сәбидің анасы Үммі Суләйм: «Ол бұрынғыдан тыныш», – деп жауап берді. Сөйтіп, оған кешкі тамағын беріп, Әбу Талха кешкі тамағын ішті. Содан кейін онымен жақындасты. (Барлық шаруасынан) босаған кезде Үммі Суләйм оған: «Баланы жерлеңдер», – деп хабарлады. Таңертең Әбу Талха Алла елшісіне ﷺ келіп, оған болған жайтты айтып берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Түнде жақындастыңдар ма?» – деп сұрады. Әбу Талха: «Иә», – дегенде, Алла елшісі: «Уа, Алла! Екеуіне береке бер», – деп дұға жасады. Кейін Үммі Суләйм ұл бала босанды. Әбу Талха маған: «Оны алып, пайғамбарға апар», – деп тапсырды», – деп айтқан. Сөйтіп, онымен бірге бірнеше кептірілген құрма беріп жіберген еді. Пайғамбарымыз (баланы алып): «Онымен бірге бір нәрсе бар ма?» – деп сұрайды. Сонда Әнәс: «Иә, бірнеше кептірілген құрма бар», – дейді. Пайғамбарымыз құрмаларды алып шайнайды. Содан кейін оны аузынан алып, сәбидің аузына салады да, сонымен оның таңдайын сылайды. Сөйтіп оған Абдуллаһ деп ат қояды. (Бұхари: 5470; Муслим: 5613; Ахмад: 12028).

Имам Бұхаридің тағы бір дерегінде Ибн Уяйна: «Ансарлық бір кісі: «Осы Абдулланың тоғыз баласын көрдім, барлығы да Құранды түгел жаттап алған», – деген», – деп айтқан.

Имам Муслим жеткізген тағы бір хадисте: «Әбу Талханың Үммі Суләймнен туған ұлы қайтыс болды. Сол кезде Үммі Суләйм үйіндегілерге: «Әбу Талхаға өзім айтқанша, ұлы жайлы айтпаңдар», – деді. Сөйтіп, Әбу Талха келген соң оған кешкі асын береді. Ол тамақтанып болған соң, Үммі Суләйм ол үшін бұрын-соңды сәнденіп жүргенінен де әдемірек сәнденеді, содан Әбу Талха онымен жақындасады. Үммі Суләйм оның қарны тойып, өзінен қанағаттанғанын көрген соң: «Уа, Әбу Талха! Айтшы, егер де бір қауым бір отбасына әлденелерін уақытша беріп, кейін уақытша бергендерін талап етсе, оларға оны қайтармай қоюына бола ма?» – дейді. Әбу Талха: «Жоқ», – дейді. Сонда Үммі Суләйм: «Олай болса, ұлыңның өліміне сабыр ет те, Алладан сауабын үміт ет», – дейді. Сонда Әбу Талха: «Былғанғанымша күтіп, ұлым жайлы енді хабарлап отырсың ба?» – деп ашуланады. Сөйтіп, Алла елшісіне келіп, болған жағдайды хабарлағанда, Алла елшісі: «Алла екеуіңнің өткен түндеріңе береке берсін», – деп дұға жасайды», – делінген.

Әнәс: «Содан кейін Үммі Суләйм жүкті болды. Ол кездері Алла елшісі сапарда болған еді, Үммі Суләйм де күйеуімен бірге (сол сапарда болатын). Алла елшісі сапардан келгенде Мәдинаға түнделетіп кірмейтін. Олар Мәдинаға жақындағанда, Үммі Суләймнің толғағы басталды. Әбу Талха оның қасында қалды да, Алла елшісі жүріп кетті. Сонда Әбу Талха: «Уа, Раббым! Өзіңнің Елшің (сапарға) шыққанда, онымен бірге шығу және ол (қалаға) кіргенде, онымен бірге кіру маған ұнайтынын білесің ғой. Ал мен Өзің көріп тұрған жағдайға байланысты бөгеліп қалдым», – деп мұңын шағады. Бір кезде Үммі Суләйм: «Уа, Әбу Талха! Толғағым басылды, жүре бер», – дейді. Сөйтіп, біз кете бардық. Содан екеуі қалаға келгенде, толғағы қайта қысып, ұл босанды. Сонда анам маған: «Уа, Әнәс! Оны таңертең Алла елшісіне апарғаныңа дейін ешкім емізбесін», – деп тапсырды. Таң атқанда оны көтеріп алдым да, Алла елшісіне бардым», – деп, хадисті толық баяндаған. (Муслим: 2322; Ахмад: 13026)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды заболел сын Абу Тальхи. Когда Абу Тальха отлучился по делам, ребёнок умер. Вернувшись, Абу Тальха спросил: “Как мой сын?” Мать ребёнка, Умм Суляйм, ответила: “Сейчас он спокойнее, чем прежде”. Затем она подала ему ужин, и Абу Тальха поел. После этого он вступил с ней в супружескую близость. Когда он завершил все свои дела, Умм Суляйм сообщила ему: “Похороните ребёнка”. Наутро Абу Тальха пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Пророк ﷺ спросил: “Были ли вы близки этой ночью?” Абу Тальха ответил: “Да”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ воззвал: “О Аллах! Даруй им обоим благословение!” Впоследствии Умм Суляйм родила мальчика. Абу Тальха передал мне ребёнка вместе с несколькими сушёными финиками и сказал: “Возьми его и отнеси к Пророку ﷺ”. Взяв ребёнка, Пророк ﷺ спросил: “Есть ли с ним что-нибудь?” Я ответил: “Да, несколько сушёных фиников”. Пророк ﷺ взял финики, разжевал их, затем вынул изо рта, вложил в рот младенца и протёр ими его нёбо. После этого он назвал ребёнка Абдуллахом» (Аль-Бухари: 5470; Муслим: 5613; Ахмад: 12028).

В другой версии, приведённой имамом аль-Бухари, Ибн Уяйна сказал: «Один из ансаров сказал: “Я видел девятерых сыновей этого Абдуллаха, и каждый из них знал весь Коран наизусть”».

В другом хадисе, переданном имамом Муслимом, сообщается: «Когда умер сын Абу Тальхи и Умм Суляйм, она сказала своим домочадцам: “Не говорите Абу Тальхе о смерти его сына, пока я сама ему не скажу”. Когда Абу Тальха вернулся, она подала ему ужин. После того как он поел, Умм Суляйм нарядилась для него так красиво, как никогда прежде, и Абу Тальха вступил с ней в супружескую близость. Увидев, что он насытился и остался доволен ею, Умм Суляйм спросила: “О Абу Тальха! Скажи, если какие-либо люди дадут одной семье что-то во временное пользование, а затем потребуют вернуть отданное, имеет ли эта семья право не возвращать полученное?” Абу Тальха ответил: “Нет”. Тогда Умм Суляйм сказала: “В таком случае прояви терпение в связи со смертью сына и надейся на награду Аллаха”. Абу Тальха разгневался и сказал: “Ты дождалась, пока я осквернился, и лишь теперь сообщаешь мне о сыне?” Затем он пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Посланник Аллаха ﷺ воззвал: “Да благословит Аллах ночь, проведённую вами вдвоём!”»

Анас продолжил: «После этого Умм Суляйм забеременела. В то время Посланник Аллаха ﷺ был в пути, и Умм Суляйм сопровождала его вместе с мужем. Возвращаясь из поездок, Посланник Аллаха ﷺ не входил в Медину ночью. Когда мы приблизились к Медине, у Умм Суляйм начались родовые схватки. Абу Тальха остался рядом с ней, а Посланник Аллаха ﷺ продолжил путь. Тогда Абу Тальха воззвал: “О Господь мой! Ты знаешь, как я люблю отправляться вместе с Твоим Посланником, когда он отправляется в путь, и входить вместе с ним в город, когда он входит. Но теперь я задержался из-за обстоятельства, которое Ты видишь”. Через некоторое время Умм Суляйм сказала: “О Абу Тальха! Схватки у меня прекратились, можем ехать дальше”. И мы продолжили путь. Когда мы прибыли в город, схватки у неё возобновились, и Умм Суляйм родила мальчика. Тогда моя мать сказала мне: “О Анас! Пусть никто не кормит его грудью, пока утром ты не отнесёшь его к Посланнику Аллаха ﷺ”. На рассвете я взял ребёнка на руки и отправился к Посланнику Аллаха ﷺ». Так Анас передал этот хадис полностью. (Муслим: 2322; Ахмад: 13026).

45
Риядус-салихин, № 45Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وعنْ أَبِى هُرِيرةَ أَن رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الشَّدِيدُ بِالصُّرَعَةِ إِنَّمَا الشَّدِيدُ الَّذي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз-өзін ұстай білген адам», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 6114; Муслим: 6643; Ахмад: 7219).

Орысша аудармасы

Сообщается со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «По-настоящему силён не тот, кто побеждает соперника в борьбе, а тот, кто умеет владеть собой в порыве сильного гнева» (Аль-Бухари: 6114; Муслим: 6643; Ахмад: 7219).

46
Риядус-салихин, № 46Риуаят етуші: Сүлеймен ибн Сурад

وعنْ سُلَيْمانَ بْنِ صُرَدٍ قَالَ: كُنْتُ جالِسًا مع النَّبِى ﷺ، ورجُلان يستَبَّانِ وأَحدُهُمَا قَدِ احْمَرَّ وَجْهُهُ. وانْتفَخَتْ أودَاجهُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّى لأعلَمُ كَلِمةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ عَنْهُ ما يجِدُ، لوْ قَالَ: أَعْوذُ بِاللّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ ذَهَبَ عَنْهُ ما يجدُ. فقَالُوا لَهُ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «تعوَّذْ بِاللِّهِ مِن الشَّيَطان الرَّجِيمِ»

Қазақша аудармасы

Сүлеймен ибн Сурад (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге отырған едім. Сонда екі кісі керісіп қалды да, біреуінің (ашудан) беті қызарып, тамырлары ісініп кетті. Сонда Алла елшісі: «Расында, мен бір сөзді білемін, егер соны айтса, ашуы сөзсіз басылады. Егер «Әғузу билләһи минәш-шайтанир-ражим» (Аласталған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана сұраймын), – десе, ашуы басылады», – деді. Содан (мұны естіген) сахабалар (оған барып): «Пайғамбарымыз саған: «Аласталған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана сұра», – деп айтты», – дейді. (Бұхари: 3282; Муслим: 6646; Ахмад: 27205).

Орысша аудармасы

Сулейман ибн Сурад (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я сидел вместе с нашим Пророком ﷺ. В это время двое мужчин стали пререкаться, и у одного из них лицо от гнева покраснело, а вены вздулись. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, я знаю слова, которые помогут ему успокоиться. Если он скажет: ‘А‘узу билляхи минаш шайтанир раджим’ (прибегаю к защите Аллаха от проклятого шайтана), его гнев утихнет”. Услышав это, сподвижники подошли к тому человеку и сказали: “Наш Пророк ﷺ велел тебе прибегнуть к защите Аллаха от проклятого шайтана”» (Аль-Бухари: 3282; Муслим: 6646; Ахмад: 27205).

47
Риядус-салихин, № 47

وعنْ مُعاذ بْنِ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كظَمَ غيظًا، وهُو قَادِرٌ عَلَى أَنْ يُنْفِذَهُ، دَعَاهُ اللَّهُ سُبْحانَهُ وتَعالَى عَلَى رُؤُوسِ الْخلائقِ يَوْمَ الْقِيامَةِ حَتَّى يُخَيِّرَهُ مِنَ الْحُورِ الْعِينِ مَا شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала қиямет күні, (ашуына тиген адамның) сазайын беруге шамасы жете тұра ашуын жеңе білген адамды, барша жаратылыстың алдына шақырып, хор қыздарынан қалағанын таңдауын ұсынады», – деген екен (Әбу Дәуіт: 4777; Тирмизи: 2021,2493; Ахмад: 15637).

Орысша аудармасы

Сообщается со слов Муаза ибн Анаса (да будет доволен им Аллах), что наш Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах Всевышний призовёт перед всеми творениями человека, который сдержал свой гнев, хотя был в силах наказать того, кто вызвал его гнев, и предложит ему выбрать из райских гурий любую, какую он пожелает» (Абу Дауд: 4777; Ат-Тирмизи: 2021, 2493; Ахмад: 15637).

48
Риядус-салихин, № 48Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وعنْ أَبِى هُرِيْرَةَ أَنَّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: أوْصِني، قَالَ: «لَا تَغضَبْ» فَردَّدَ مِرارًا قَالَ، «لَا تَغْضَبْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Маған өсиет айтыңызшы», – дегенде, оған: «Ашуланба», – деді. Әлгі кісі осынау өтінішін бірнеше рет қайталағанда, Алла елшісі оған: «Ашуланба», – деп айтты. (Бұхари: 6116; «Муснәд» Ахмад: 10011).

Орысша аудармасы

Сообщается со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что один человек попросил нашего Пророка ﷺ: «Дай мне наставление». Он ответил: «Не гневайся». Тот человек повторил свою просьбу несколько раз, однако Посланник Аллаха ﷺ каждый раз отвечал ему: «Не гневайся» (Аль-Бухари: 6116; Ахмад: 10011).

49
Риядус-салихин, № 49Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَزَال الْبَلاءُ بِالْمُؤْمِنِ وَالْمؤمِنَةِ فِى نَفْسِهِ وَولَدِهِ ومَالِهِ حَتَّى يَلْقَى اللَّه تَعَالَى وَمَا عَلَيْهِ خَطِيئَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ «Мүмін ердің және мүмін әйелдің жеке басына, бала-шағасына және дүние-мүлкіне ұдайы сынақ (яғни бәле-жала, ауру-сырқау, қайғы-қасірет) келіп тұрады да, ақырында ол Алла Тағаламен күнәларынан арылған күйде қауышады», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2399; «Муснәд» Ахмад: 7859).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующего мужчину и верующую женщину постоянно постигают испытания (то есть бедствия, болезни, горести и страдания), затрагивающие их самих, их детей и имущество, до тех пор, пока они не встретят Аллаха Всевышнего очищенными от грехов» (Ат-Тирмизи: 2399; Ахмад: 7859).

50
Риядус-салихин, № 50Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَاسٍ قَالَ: قَدِمَ عُيَيْنَة بْنُ حِصْنٍ فَنَزلَ عَلَى ابْنِ أَخيِهِ الْحُر بْنِ قَيْسٍ، وَكَانَ مِن النَّفَرِ الَّذِىن يُدْنِيهِمْ عُمرُ، وَكَانَ الْقُرَّاءُ أَصْحابَ مَجْلِسِ عُمَرَ وَمُشاوَرَتِهِ كُهولًا كَانُوا أَوْ شُبَّانًا، فَقَالَ عُييْنَةُ لابْنِ أَخيِهِ: يَا ابْنَ أَخِى لَكَ وَجْهٌ عِنْدَ هَذَا الْأمِيرِ فَاسْتَأْذِنْ لى عَلَيْهِ، فاستَأذنَ فَأَذِنَ لَهُ عُمرُ. فَلَمَّا دخَلَ قَالَ: هِيْ يَا ابْنَ الْخَطَّاب، فَوَاللَّه مَا تُعْطِينَا الْجَزْلَ وَلا تَحْكُمُ فِينَا بالْعَدْل، فَغَضِبَ عُمَرُ رضيَ اللَّه عَنْهُ حتَّى هَمَّ أَنْ يُوقِعَ بِهِ فَقَالَ لَهُ الْحُرُّ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ إِنَّ اللَّهَ تعَالى قَال لِنبِيِّهِ ﷺ: «خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجاهلينَ» [سورة الْأعراف: 198] وإِنَّ هَذَا مِنَ الْجاهلينَ، وَاللَّه ما جاوَزَها عُمَرُ حِينَ تلاها، وكَانَ وَقَّافًا عِنْد كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Уяйна ибн Хисн Мәдинаға келіп, бауырының баласы Хур ибн Қайстың үйіне тоқтады. Ал Хур болса, Омардың (р.а.) өзіне жақын ұстайтын кісілерінен еді. Өйткені қарилар мейлі кәрі, мейлі жас болсын, Омардың (р.а.) мәжілісінің тұрақты мүшелері әрі кеңесшілері болатын. Сөйтіп, Уяйна бауырының баласына: «Уа, бауырымның баласы! Сенің мына әміршінің құзырында атақ-абыройың бар ғой. Оның алдына кіруіме рұқсат сұрап берші», – дейді. Хур Уяйна үшін рұқсат сұрап, Омар оған келісім береді. Әміршінің құзырына кірген кезде Уяйна: «Айтшы маған, уа, Хаттабтың ұлы! Аллаға серт! Сен бізге артық нәрсе бермейсің, әрі әділ үкім етпейсің», – дейді. Сонда Омар (р.а.) ашуланады, тіпті оны жазалағысы келеді. Сол кезде Хур: «Уа, мүміндердің әміршісі! Расында, Алла Тағала пайғамбарына ﷺ: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан теріс айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма»[Ағраф: 199], – деген еді. Шындығында, бұл кісі надандардың қатарынан», – дейді. Алламен ант етейін! Хур әлгі аятты оқығанда, Омар бірден тоқтады. Ол Алланың Кітабы алдында сөзсіз тоқтаушы еді», – деген. (Бұхари: 4642).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Уяйна ибн Хисн приехал в Медину и остановился в доме своего племянника аль-Хурра ибн Кайса. Аль-Хурр принадлежал к числу людей, которых Умар (да будет доволен им Аллах) приближал к себе. Ведь чтецы Корана – как пожилые, так и молодые – были постоянными участниками собраний Умара и его советниками. Уяйна сказал своему племяннику: “О сын моего брата! Ты пользуешься почётом и влиянием при этом правителе. Попроси его разрешить мне войти к нему”. Аль-Хурр попросил у Умара разрешения впустить Уяйну, и Умар согласился принять его. Войдя к правителю, Уяйна сказал: “Послушай, о сын Хаттаба! Клянусь Аллахом! Ты не оделяешь нас щедрыми дарами и не судишь между нами справедливо”. Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) разгневался и даже хотел наказать его. В этот момент аль-Хурр сказал: “О повелитель верующих! Поистине, Аллах Всевышний сказал Своему Пророку ﷺ: ‘И всё же будь снисходителен, повелевай доброе и совершай благие и полезные дела. Отвернись от подобных невежд и не принимай близко к сердцу их поступки и слова’ (сура ‘Араф’, 7:199). Поистине, этот человек – один из невежд”. Клянусь Аллахом! Когда аль-Хурр прочитал этот аят, Умар тотчас сдержал свой гнев. Он всегда беспрекословно подчинялся велениям Книги Аллаха» (Аль-Бухари: 4642).

51
Риядус-салихин, № 51Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وعَن ابْنِ مسْعُودٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّهَا سَتكُونُ بَعْدِى أَثَرَةٌ وَأُمُورٌ تُنْكِرونَها، قَالُوا: يَا رسُولَ اللَّهِ فَما تَأمرُنا؟ قَالَ: تُؤَدُّونَ الْحقَّ الَّذي عَلَيْكُمْ وتَسْألونَ اللَّه الذي لكُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Расында, менен кейін әділетсіз тағайындаулар1 мен сендер ұнатпайтын істер орын алады», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда бізге не бұйырасыз?» – дегенде, Алла елшісі оларға: «Өз міндеттеріңді толық атқарасыңдар да, өздеріңе тиесілі болғанды Алладан сұрайсыңдар», – деп жауап береді. (Бұхари: 3604; Муслим: 4775; Ахмад: 3640).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, после меня будут происходить несправедливые назначения1 и дела, которые вам не понравятся». Тогда сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Что же Вы велите нам делать?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «В полной мере исполняйте возложенные на вас обязанности и просите у Аллаха то, что причитается вам» (Аль-Бухари: 3604; Муслим: 4775; Ахмад: 3640).

  1. 1Яғни белгілі бір мәнсапқа, қызметке немесе орынға лайықты адамдар тағайындалмай, соған лайық болмаса да, белгілі бір адамдардың өз-өздерін немесе өздеріне жақын адамдарды тағайындауы.
  1. 1Речь идёт о случаях, когда достойных людей не назначают на соответствующие посты и должности, а другие люди, не заслуживая этих мест, занимают их сами или назначают на них своих близких.
52
Риядус-салихин, № 52

وَعن أَبِى يحْيَى أُسَيْدِ بْنِ حُضَيْرٍ أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَلا تَسْتَعْمِلُنِى كَمَا اسْتْعْملتَ فُلَانًا وفُلَانًا فَقَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَلْقَوْنَ بَعْدي أَثَرَةً فاصْبِرُوا حَتَّى تلقَوْنِى علَى الْحوْضِ»

Қазақша аудармасы

Усәйд ибн Худайр (р.а.): Ансарлық бір кісі: «Уа, Расулалла! Пәленшені қызметке тағайындағаныңыздай маған да бір қызмет берсеңіз қайтеді?» – деп сұрады. Сонда Расулалла ﷺ: «Расында, менен кейін талай әділетсіз тағайындауларға тап боласыңдар. Ендеше, Кәусар қауызының басында менімен қауышқанға дейін сабыр етіңдер», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3792; Муслим: 4779; Ахмад: 19094).

Орысша аудармасы

Усайд ибн Худайр (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Один из ансаров обратился к Посланнику Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Не назначите ли Вы и меня на какую-нибудь должность, как назначили такого-то?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Поистине, после меня вам не раз придётся столкнуться с несправедливостью при назначении на должности. Проявляйте же терпение, пока не встретитесь со мной у водоёма Кавсар”» (Аль-Бухари: 3792; Муслим: 4779; Ахмад: 19094).

53
Риядус-салихин, № 53

وَعنْ أَبِى إِبْراهيمَ عَبْدِ اللَّه بْنِ أَبِى أَوْفي أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِى بعْضِ أَيَّامِهِ التي لَقِيَ فِيهَا الْعَدُوَّ، انْتَظرَ حَتَّى إِذَا مَالَتِ الشَّمْسُ قَامَ فِيهمْ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ لَا تَتَمنَّوا لِقَاءَ الْعدُوِّ، وَاسْأَلُوا اللَّه الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لقيتُموهم فاصْبرُوا، وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّة تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» ثُمَّ قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ وَمُجْرِيَ السَّحَابِ، وَهَازِمَ الْأَحْزابِ، اهْزِمْهُمْ وَانْصُرْنا عَلَيْهِمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Әбу Әуфә (р.а.): «Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде Алла елшісі ﷺ бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: «Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Алладан есендік тілеңдер. Егер олармен бетпе-бет кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жаннаттың (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар, – деді де, уа, Құранды түсірген, көктегі ақ-ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел буып келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Алла! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей көр!» – деп жалбарынды», – деген. (Бұхари: 2965,2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Во время одного из сражений, оказавшись лицом к лицу с вражеским войском, Посланник Аллаха ﷺ не стал сразу вступать в ожесточённый бой, а дождался, пока солнце не стало клониться к закату. Затем он вышел к воинам и сказал: “О люди! Никогда не желайте встречи с врагом; напротив, всегда просите Аллаха о благополучии. Если же вы встретитесь с врагом, стойко держитесь. Знайте, что рай находится в тени мечей (которыми сражаются на пути Аллаха)”. Затем он взмолился: “О Аллах, ниспославший Коран, движущий белоснежные облака по небу и сокрушивший арабские племена, пришедшие с намерением стереть Медину с лица земли! Разгроми это войско неверующих и приведи нас к победе!”» (Аль-Бухари: 2965, 2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).