Хадис

Риядус-салихин, № 29

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 29 (қазақша басылым реті)
29
Риядус-салихин, № 29

وعنْ أَبِى زيْد أُسامَة بْنِ زيد حَارثَةَ موْلَى رسُول الله ﷺ وحبَّهِ وابْنِ حبِّهِ رضـِيَ الله عَنْهُُمَا، قَالَ: أَرْسلَتْ بنْتُ النَّبِيِّ ﷺ: إِنَّ ابْنِى قَدِ احتُضِرَ فاشْهدْنَا، فأَرسَلَ يقْرِئُ السَّلَامَ وَيَقُول: «إِن للَّه مَا أَخَذَ، ولهُ مَا أعْطَى، وكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بأجَلٍ مُسمَّى، فلتصْبِر ولتحْتسبْ» فأَرسَلَتْ إِليْهِ تُقْسمُ عَلَيْهِ ليأْتينَّها. فَقَامَ وَمَعَهُ سَعْدُ بْنُ عُبادَةَ، وَمُعَاذُ ابْنُ جَبَلٍ، وَأُبَيُّ بْنَ كَعْبٍ، وَزَيْدُ بْنِ ثاَبِتٍ، وَرِجَالٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، فَرُفِعَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الصبيُّ، فأقعَدَهُ فِى حِجْرِهِ ونَفْسُهُ تَقعْقعُ، فَفَاضتْ عَيْناهُ، فَقَالَ سعْدٌ: يَا رسُولَ الله مَا هَذَا؟ فَقَالَ: «هَذِهِ رَحْمةٌ جعلَهَا اللَّهُ تعَلَى فِى قُلُوبِ عِبَادِهِ» وَفِى روِايةٍ: «في قُلُوبِ منْ شَاءَ مِنْ عِبَادِهِ وَإِنَّمَا يَرْحَمُ اللَّهُ منْ عِبَادِهِ الرُّحَمَاءَ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ өзіне жақын тұтқан сүйікті сахабасы Әбу Зәйд Усәма ибн Зәйд ибн Хариса (р.а.) (Усаманың әкесі Зәйд те Алла елшісінің сүйікті сахабасы болған) былай деген: «Бірде Пайғамбарымыздың қызы әкесіне: «Балам өлім аузында жатыр, бізге келіңізші!» – деп хабаршы жібереді. Сонда Алла елшісі қызына сәлем жолдап: «Алғаны да, бергені де бір Аллаға тиесілі! Оның дәргейінде барлық нәрсе білгілі бір мерзіммен межеленген. Сондықтан сабыр етіп, соның әжір-сауабын бір Алладан күтсін», – деп айтады. Алайда қызы міндетті түрде келуін сұрап, тағы да кісі жібереді. Содан Алла елшісі өзімен бірге Сағд ибн Убада, Мұғаз ибн Жәбәл, Убәй ибн Кағб, Зәйд ибн Сәбит және тағы біраз кісілерді (оларға Алла разы болсын) ертіп, (қызының үйіне барады). (Барған бойда) сәбиді Алла елшісіне ұстатады. Ол баланы алдына отырғызады, тынысы дірілдеп, көзінен жас парлайды. Сонда Сағд: «Уа, Расулалла! Бұл не?» – деп, (Алла елшісінің бұл халіне таңданады). Сонда Алла елшісі оған: «Бұл – Алланың пенделерінің жүрегіне салған мейірімі!» – дейді». Басқа бір риуаятта: «Өзі қалаған пенделерінің жүрегіне салған мейірімі..., Алла пенделерінің ішіндегі тек мейірімді болғандарды ғана мейіріміне бөлейді», – деп айтылған. (Бұхари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Зайд Усама ибн Зайд ибн Хариса (да будет доволен им Аллах), близкий и любимый сподвижник Посланника Аллаха ﷺ (его отец Зайд также был любимым сподвижником Посланника Аллаха ﷺ), рассказывал: «Однажды дочь нашего Пророка ﷺ отправила к своему отцу посланца со словами: “Мой ребёнок при смерти, придите к нам!” Посланник Аллаха ﷺ велел передать дочери приветствие и сказал: “Аллаху одному принадлежит и то, что Он забирает, и то, что Он дарует! Для всего у Него установлен определённый срок. Пусть же она проявляет терпение и ожидает награды за это только от Аллаха”. Однако дочь вновь отправила к нему посланца, настойчиво прося его непременно прийти. Тогда Посланник Аллаха ﷺ взял с собой Саада ибн Убаду, Муаза ибн Джабаля, Убайя ибн Кааба, Зайда ибн Сабита и ещё нескольких человек (да будет доволен ими Аллах) и отправился в дом своей дочери. Как только он прибыл, ему передали младенца. Он усадил ребёнка перед собой; дыхание младенца было прерывистым, а из глаз Посланника Аллаха ﷺ хлынули слёзы. Удивившись этому, Саад спросил: “О Посланник Аллаха! Что это?” Он ответил: “Это милосердие, которое Аллах вложил в сердца Своих рабов!”» В другой версии говорится: «Это милосердие, которое Он вложил в сердца тех Своих рабов, кого пожелал… Аллах проявляет милость лишь к милосердным из числа Своих рабов» (Аль-Бухари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).