Хадис

Риядус-салихин, № 28

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 28 (қазақша басылым реті)
28
Риядус-салихин, № 28Риуаят етуші: Әнәс

وعنْ أَنسٍ رضِيَ الله عَنْهُ قَالَ: لمَّا ثقُلَ النَّبِيُّ ﷺ جَعَلَ يتغشَّاهُ الْكرْبُ فقَالتْ فاطِمَةُ رَضِيَ الله عَنْهَا: واكَرْبَ أبَتَاهُ، فَقَالَ: «ليْسَ عَلَى أبيك كرْبٌ بعْدَ الْيَوْمِ» فلمَّا مَاتَ قَالَتْ: يَا أبتَاهُ أَجَابَ ربًّا دعَاهُ، يَا أبتَاهُ جنَّةُ الْفِرْدَوْسِ مأوَاهُ، يَا أَبَتَاهُ إِلَى جبْرِيلَ نْنعَاهُ، فلَمَّا دُفنَ قَالَتْ فاطِمَةُ رَضِيَ الله عَنهَا: أطَابتْ أنفسُكُمْ أَنْ تَحْثُوا عَلَى رسُول الله ﷺ التُّرابَ؟

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ (ажалы таяған шақта) жағдайы ауырлап, өлім алды науқастан есеңгірей бастады. Сол кезде Фатима (р.а.): «Әкешімнің қиналғанын-ай», – деп айтып қалды. Сонда Пайғамбарымыз: «Бұл күннен кейін әкең ешбір қиындық көрмейді», – деп айтты. Алла елшісі дүниеден өткен кезде Фатима (р.а.): «Уа, әкешім-ай! Раббысының шақыруын қабыл алды. Уа, әкешім-ай! Барар жері Фирдаус жаннаты болғай. Уа, әкешім-ай! Өлімін (досы) Жәбірейілге жеткіземіз», – деп (көңілі босады). Пайғамбарымыз жерленген кезде, Фатима (р.а.): «Алла елшісінің үстіне топырақ шашуға қалайша дәттерің барды?» – деді», – деп жеткізеді. (Бұхари: 4462; Ахмад: 12434).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда с приближением смертного часа состояние Посланника Аллаха ﷺ ухудшилось и из-за предсмертной болезни он начал терять сознание, Фатима (да будет доволен ею Аллах) воскликнула: “О, как мучается мой отец!” Тогда Пророк ﷺ сказал ей: “После этого дня твой отец больше не испытает никаких страданий”. Когда Посланник Аллаха ﷺ скончался, Фатима (да будет доволен ею Аллах), не сдерживая чувств, сказала: “О мой отец! Ты откликнулся на зов своего Господа. О мой отец! Пусть твоей обителью станет рай Фирдаус. О мой отец! Мы сообщим о твоей смерти (твоему другу) Джибрилу!” Когда Пророк ﷺ был погребён, Фатима (да будет доволен ею Аллах) сказала: “Как у вас хватило духу засыпать землёй Посланника Аллаха ﷺ?”» (Аль-Бухари: 4462; Ахмад: 12434).