Хадис

Риядус-салихин, № 26

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 26 (қазақша басылым реті)
26
Риядус-салихин, № 26

وَعَنْ أَبِى سَعيدٍ سَعْدِ بْن مَالِك بْن سِنَانٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأنصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ الله ﷺ فأَعْطاهُم، ثُمَّ سَأَلُوهُ فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى نَفِد مَا عِنْدَهُ، فَقَالَ لَهُمْ حِينَ أَنفَقَ كُلَّ شَيْءٍ بِيَدِهِ: «مَا يَكُنْ مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يسْتعْفِفْ يُعِفَّهُ الله وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَتَصَبَّرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ. وَمَا أُعْطِىَ أَحَدٌ عَطَاءً خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Мәлик ибн Синан әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ ансардан бір топ адам бұйымтайын айтып еді, сұрағандарын берді. Олар араға біраз уақыт салып тағы сұрады. Алла елшісі бұл жолы да олардың бетін қайтармай, қолындағы барын ұстатты. Қолындағы бар дүниесі таусылған соң оларға: «Қолымдағы барымды сендерден аямаймын. (Бірақ айтарым) кімде-кім өзгеге қол жайып қайыр тілеуден арын сақтаса, Алла оны арлы әрі абыройлы қылады. Кімде-кім ел-жұртқа зәрулік танытпаса, Алла оның күнін ешкімге қаратпайды. Ал кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Алла оған түгесілмес сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан да үлкен әрі қайырлы сый нәсіп етілмеген», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 1469; Муслим: 2424; Ахмад: 11890).

Орысша аудармасы

Абу Саид Малик ибн Синан аль-Худри (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды несколько ансаров обратились к Посланнику Аллаха ﷺ со своими просьбами, и он дал им всё, о чём они просили. Через некоторое время они вновь обратились к нему, и Посланник Аллаха ﷺ снова не отказал им, отдав всё, что у него было. Когда у него больше ничего не осталось, он сказал им: “Я не стану отказывать вам ни в чём из того, что окажется у меня. Но знайте: кто, оберегая свою честь, не протягивает руку к людям и не просит у них, того Аллах сохранит в чести и достоинстве. Кто старается не обнаруживать перед людьми своей нужды, того Аллах избавит от зависимости от кого-либо. А кто стремится быть терпеливым, того Аллах наделит неисчерпаемым терпением. Никому не был дарован более великий и благой дар, чем терпение”» (Аль-Бухари: 1469; Муслим: 2424; Ахмад: 11890).