Хадис

Риядус-салихин, № 46

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 46 (қазақша басылым реті)
46
Риядус-салихин, № 46Риуаят етуші: Сүлеймен ибн Сурад

وعنْ سُلَيْمانَ بْنِ صُرَدٍ قَالَ: كُنْتُ جالِسًا مع النَّبِى ﷺ، ورجُلان يستَبَّانِ وأَحدُهُمَا قَدِ احْمَرَّ وَجْهُهُ. وانْتفَخَتْ أودَاجهُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّى لأعلَمُ كَلِمةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ عَنْهُ ما يجِدُ، لوْ قَالَ: أَعْوذُ بِاللّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ ذَهَبَ عَنْهُ ما يجدُ. فقَالُوا لَهُ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «تعوَّذْ بِاللِّهِ مِن الشَّيَطان الرَّجِيمِ»

Қазақша аудармасы

Сүлеймен ибн Сурад (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге отырған едім. Сонда екі кісі керісіп қалды да, біреуінің (ашудан) беті қызарып, тамырлары ісініп кетті. Сонда Алла елшісі: «Расында, мен бір сөзді білемін, егер соны айтса, ашуы сөзсіз басылады. Егер «Әғузу билләһи минәш-шайтанир-ражим» (Аласталған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана сұраймын), – десе, ашуы басылады», – деді. Содан (мұны естіген) сахабалар (оған барып): «Пайғамбарымыз саған: «Аласталған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана сұра», – деп айтты», – дейді. (Бұхари: 3282; Муслим: 6646; Ахмад: 27205).

Орысша аудармасы

Сулейман ибн Сурад (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я сидел вместе с нашим Пророком ﷺ. В это время двое мужчин стали пререкаться, и у одного из них лицо от гнева покраснело, а вены вздулись. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, я знаю слова, которые помогут ему успокоиться. Если он скажет: ‘А‘узу билляхи минаш шайтанир раджим’ (прибегаю к защите Аллаха от проклятого шайтана), его гнев утихнет”. Услышав это, сподвижники подошли к тому человеку и сказали: “Наш Пророк ﷺ велел тебе прибегнуть к защите Аллаха от проклятого шайтана”» (Аль-Бухари: 3282; Муслим: 6646; Ахмад: 27205).