Хадис

Риядус-салихин, № 42

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 42 (қазақша басылым реті)
42
Риядус-салихин, № 42Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسعُودٍ قَالَ: لمَّا كَانَ يَوْمُ حُنَيْنٍ آثَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَاسًا فِى الْقِسْمَةِ: فأَعْطَى الْأَقْرعَ بْنَ حابِسٍ مائةً مِنَ الْإِبِلِ وأَعْطَى عُييْنَةَ بْنَ حِصْنٍ مِثْلَ ذَلِكَ، وأَعطى نَاسًا منْ أشرافِ الْعربِ وآثَرهُمْ يوْمئِذٍ فِى الْقِسْمَةِ. فَقَالَ رجُلٌ: واللَّهِ إِنَّ هَذِهِ قِسْمةٌ ما عُدِلَ فِيها، وما أُرِيدَ فِيهَا وَجْهُ اللَّه، فَقُلْتُ: واللَّه لأُخْبِرَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَيْتُهُ فَأَخْبَرْتُهُ بِما قال، فَتَغَيَّرَ وَجْهُهُ حَتَّى كَانَ كَالصِّرْفِ. ثُمَّ قَالَ: «فَمَنْ يَعْدِلُ إِذَا لَمْ يَعْدِلِ اللَّهُ وَرَسُولُهُ؟ ثُمَّ قَالَ: يَرْحَمُ اللَّهُ مُوسَى قَدْ أُوْذِيَ بِأَكْثَرَ مِنْ هَذَا فَصَبَرَ» فَقُلْتُ: لَا جَرَمَ لَا أَرْفَعُ إِلَيْهِ بَعْدَهَا حَدِيثًا

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Хунәйн шайқасында түскен олжадан кей кісілерге ерекше ілтипат көрсетіп, көбірек етіп үлестіріп берген-ді. Ақра ибн Хабис пен Уйәйна ибн Хиснның алдына жүз түйеден салып берді. Сондай-ақ бірқатар араб ақсүйектеріне де басқаларға қарағанда түскен олжадан көбірек бөлді. (Алла елшісінің сондағы мақсатын түсінбегендіктен бұған наразы болған) біреу: «Уаллаһи! Бұл олжа бөлісте ешқандай әділдік те, Алланың разылығын ойлау да болған жоқ», – деді. Сонда мен: «Уаллаһи, бұны Алла елшісіне жеткіземін», – дедім. Көп күтпестен Алла елшісіне болған жайды айттым. Лезде оның жүзі күреңітіп, реңі өзгеріп кетті. Содан біраз уақытқа дейін үндемей тұрды да: «Алла мен Елшісі әділ болмаса, кім әділетті болмақ? Алла Тағала Мұсаны (а.с.) мейірімге бөлесін! Өйткені ол бұдан да өткен қорлық көрсе де, сабырлылық танытқан еді», – деді мұңайып. Осы оқиғадан кейін «Ендігәрі оған ешкімнің сөзін жеткізбеспін» – деп, өз-өзіме уәде бердім», – деген (Бұхари: 3150; Муслим: 2447; Ахмад: 3608).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «После битвы при Хунайне Посланник Аллаха ﷺ при распределении военной добычи проявил особое внимание к некоторым людям, выделив им бо́льшую долю. Он дал Акре ибн Хабису и Уяйне ибн Хисну по сто верблюдов. Некоторым другим знатным арабам он также выделил из добычи больше, чем остальным. Один человек, не поняв цели Посланника Аллаха ﷺ и потому возмутившись этим, сказал: “Клянусь Аллахом! При таком распределении добычи не было ни справедливости, ни стремления снискать довольство Аллаха”. Тогда я сказал: “Клянусь Аллахом, я обязательно передам это Посланнику Аллаха ﷺ!” Вскоре я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему о случившемся. Его лицо тотчас побагровело, а выражение резко изменилось. Некоторое время он молчал, а затем с печалью сказал: “Кто же тогда будет справедлив, если Аллах и Его Посланник несправедливы? Да помилует Аллах Всевышний Мусу (мир ему)! Ведь ему причиняли ещё бо́льшие обиды, но он проявлял терпение”. После этого случая я пообещал себе: “Впредь я не стану передавать ему ничьих слов”» (Аль-Бухари: 3150; Муслим: 2447; Ахмад: 3608).

Түсіндірме (қазақша)

Алла елшісінің ﷺ иманға жаңа келіп, дінді толық түсіне қоймаған бірқатар араб ақсүйектеріне олардан бұрын иманға келген өзге мұсылмандарға қарағанда көбірек ілтипат көрсетуінің себебі, оларға исламды сүйдіру және оларды мұсылмандарға деген өшпенділіктен арылту еді.

Түсіндірме (орысша)

Посланник Аллаха ﷺ уделил некоторым знатным арабам, которые недавно уверовали и ещё не успели в полной мере понять религию, больше внимания, чем другим мусульманам, принявшим ислам раньше них. Он сделал это, чтобы привить им любовь к исламу и избавить их от враждебности к мусульманам.