Хадис

Риядус-салихин, № 38

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
3. Сабыр
Нөмірі
№ 38 (қазақша басылым реті)
38
Риядус-салихин, № 38Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنْ ابْن مسْعُود قَالَ: دَخلْتُ عَلى النَبِيِّ ﷺ وَهُو يُوعَكُ فَقُلْتُ يَا رسُولَ اللَّه إِنَّكَ تُوعكُ وَعْكًا شَدِيدًا قَالَ: «أَجَلْ إِنِّى أُوعَكُ كَمَا يُوعَكُ رَجُلانِ مِنْكُم» قُلْتُ: ذَلِكَ أَنَّ لَكَ أَجْرِيْن؟ قَالَ: «أَجَلْ ذَلك كَذَلك مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُصِيبُهُ أَذًى، شوْكَةٌ فَمَا فوْقَهَا إِلَّا كَفَّر اللَّه بِهَا سَيِّئَاتِهِ، وَحطَّتْ عَنْهُ ذُنُوبُهُ كَمَا تَحُطُّ الشَّجَرَةُ وَرَقَهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырына кірсем, қызуы көтеріліп сырқаттанып жатыр екен. Сонда: «Уа, Расулалла! Қызуыңыз тым қатты ғой», – дегенімде, маған: «Иә. Менің қызуым сендерден екі бірдей ер кісінің қызуына тең», – деді. Сонда мен: «Оның сыры, сізге екі есе сауап жазылатындығында ғой?» – дегенімде, маған: «Әлбетте, ол дәл солай. Кез келген мұсылманға қандай да бір зиян тисе, тіпті кішкене тікен болсын, одан үлкені болсын, Алла соны оның күнә-қателіктерінің өтемі қылады. Күнәлары одан бейне бір ағаштан төгілген жапырақтар тәрізді төгіледі», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я вошёл к нашему Пророку ﷺ и увидел, что он болен и лежит в сильном жару. Я сказал: “О Посланник Аллаха! Какой же сильный у тебя жар!” Он ответил мне: “Да. Я испытываю такой жар, какой испытывают двое из вас”. Тогда я спросил: “Это потому, что тебе записывается двойная награда?” Он ответил: “Да, именно так. Если мусульманина постигает какой-либо вред – будь то даже укол маленькой колючки или нечто более тяжёлое, – Аллах делает это искуплением его грехов и ошибок. Его грехи осыпаются с него, словно листья с дерева”» (Аль-Бухари: 5648; Муслим: 6559; Ахмад: 4205).