Хадис

Шыншылдық

Правдивость

Риядус-салихин, 4-тақырып · 6 хадис · № 54–59

Хадистер

«يا أيها الذين آمنوا اتقوا اللَّه، وكونوا مع الصادقين» «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар (бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылыңдар) һәм шынайы түрде иман еткен шыншылдармен бірге болыңдар» («Тәубе» сүресі, 119-аят).

«والصادقين والصادقات» «...Түзу әрі шынайы болған шыншыл ерлер мен шынайы да шыншыл әйелдер...» («Ахзаб» сүресі, 35-аят).

«فلو صدقوا اللَّه لكان خيرا لهم» «...Міне, сондықтан іс кесімді түрде шешілгенде, олар Аллаға берген уәделерінен таймаса, әлбетте, өздері үшін қайырлы болар еді» («Мұхаммед» сүресі, 21-аят).

«О вы, кто уверовал! Всецело предайтесь Аллаху и должным образом остерегайтесь ослушания и противления Ему, и будьте вместе с правдивыми» (сура «Тауба», 9:119).

«…правдивых мужчин и правдивых женщин…» (сура «Ахзаб», 33:35).

«Когда же утверждено дело, лучше бы для них быть правдивыми с Аллахом» (сура «Мухаммад», 47:21).

54
Риядус-салихин, № 54Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَن ابْنِ مَسْعُودٍ عَنْ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الصَّدْقَ يَهْدِى إِلَى الْبِرِّ وَإِنَّ الْبِرَّ يَهْدِى إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ ليصْدُقُ حَتَّى يُكتَبَ عِنْدَ اللَّهِ صِدِّيقًا، وإِنَّ الْكَذِبَ يَهْدِى إِلَى الْفجُورِ وَإِنَّ الْفجُورَ يَهْدِى إِلَى النَّارِ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيَكْذِبُ حَتَّى يُكتَبَ عِنْدَ اللَّهِ كَذَّابًا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Алланың құзырында шыншыл деп жазылады. Өтірік азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Алланың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 6094; Муслим: 6637; Ахмад: 3727).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, правдивость ведёт к добродетели, а добродетель ведёт в рай. Если человек неизменно говорит правду и делает правдивость своим жизненным принципом, он будет записан у Аллаха в числе правдивых. Ложь ведёт к пороку, а порок ведёт в ад. Если человек постоянно лжёт и привыкает ко лжи, в конце концов он будет записан у Аллаха как отъявленный лжец» (Аль-Бухари: 6094; Муслим: 6637; Ахмад: 3727).

55
Риядус-салихин, № 55

عَنْ الْحَسنِ بْنِ عَلِيِّ بْنِ أَبِى طَالِبٍ،، قَالَ حفِظْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «دَعْ ما يَرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ، فَإِنَّ الصِّدْقَ طُمأنِينَةٌ، وَالْكَذِبَ رِيبةٌ»

Қазақша аудармасы

әл-Хасан ибн Әли ибн Әби Талиб (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ «Күмәнді нәрседен бойыңды аулақ салып, күмәнсіз болғанын таңда. Расында, шыншылдық жан тыныштығына бөлейді. Ал өтірік көңілге күмән ұялатады» деген өсиетін көкейіме түйіп алдым», – деген (Тирмизи: 2518; «Муснәд»: 1723).

Орысша аудармасы

Хасан ибн Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я твёрдо запомнил следующее наставление Посланника Аллаха ﷺ: “Оставь то, что вызывает у тебя сомнение, и выбери то, что не вызывает сомнений. Поистине, правдивость дарует душе спокойствие, а ложь порождает в сердце сомнение”» (Ат-Тирмизи: 2518; Ахмад: 1723).

56
Риядус-салихин, № 56

عنْ أَبِى سُفْيانَ صَخْرِ بْنِ حَربٍ رضيَ اللَّه عَنْهُ فِى حَدِيثِه الطَّويلِ فِى قِصَّةِ هِرَقْلَ، قَالَ هِرَقْلُ: فَمَاذَا يَأْمُرُكُمْ يعْنِى النَّبِيَّ ﷺ قَالَ أَبُو سُفْيَانَ: قُلْتُ: يَقُولُ «اعْبُدُوا اللَّهَ وَحْدَهُ لَا تُشرِكُوا بِهِ شَيْئًا، واتْرُكُوا ما يَقُولُ آباؤُكُمْ، ويَأْمُرنَا بالصَّلَاةِ والصِّدْقِ، والْعَفَافِ، والصِّلَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Суфиян Сахр ибн Харбтан (р.а.) жеткен, Ираклиймен болған әңгімені баяндайтын ұзын хадисте Ираклий: «Ол (яғни, пайғамбарларың) сендерге не бұйырады?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Суфиян: Ол бізге: «Бір Аллаға ғана құлшылық қылыңдар және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар, сондай-ақ ата-бабаларыңның айтқандарын тәрк етіңдер», – дейді, сонымен қатар, бізге намаз оқуды, шыншылдықты, арлы болуды және туыстық қатынасымызды сақтауды бұйырады», – деп жауап береді. (Бұхари: 7; Муслим: 4607; Ахмад: 2370).

Орысша аудармасы

В длинном хадисе, переданном со слов Абу Суфьяна Сахра ибн Харба (да будет доволен им Аллах), повествуется о его беседе с Ираклием. Ираклий спросил: «Что он (то есть ваш Пророк) велит вам?» Абу Суфьян ответил: «Он говорит нам: “Поклоняйтесь одному лишь Аллаху, не приобщайте к Нему никаких сотоварищей и отрекитесь от того, что говорили ваши предки”. Кроме того, он велит нам совершать молитву, быть правдивыми и целомудренными, а также поддерживать родственные связи» (Аль-Бухари: 7; Муслим: 4607; Ахмад: 2370).

57
Риядус-салихин, № 57Риуаят етуші: Сәһл ибн Хунәйф

عَنْ سَهْلِ بْنِ حُنيْفٍ، وَهُوَ بدرِيٌّ،، أَن النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ سَأَلَ اللَّهَ تعالَى الشِّهَادَة بِصِدْقٍ بَلَّغهُ اللَّهُ مَنَازِلَ الشُّهدَاء، وإِنْ مَاتَ عَلَى فِراشِهِ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Хунәйфтен (р.а.) жеткен хадисте «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Алладан шын ниетімен шейіт болуды сұраса, төсегінде жатып жан тапсырса да, Алла оны шейіттердің мәртебесіне жеткізеді», – деп айтты» – делінген (Муслим: 4930).

Орысша аудармасы

Со слов Сахля ибн Хунайфа (да будет доволен им Аллах) сообщается, что наш Пророк ﷺ сказал: «Кто искренне попросит Аллаха даровать ему смерть шахида, того Аллах возвысит до степени шахидов, даже если он умрёт в своей постели» (Муслим: 4930).

58
Риядус-салихин, № 58Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرِيْرة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «غزا نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِياءِ صلواتُ اللَّه وسلَامُهُ علَيهِمْ فَقَالَ لقوْمِهِ: لَا يتْبعْنِى رَجُلٌ ملَكَ بُضْعَ امْرَأَةٍ. وَهُوَ يُرِيدُ أَن يَبْنِيَ بِهَا وَلَمَّا يَبْنِ بِها، وَلَا أَحدٌ بنَى بيُوتًا لَمْ يرفَع سُقوفَهَا، وَلَا أَحَدٌ اشْتَرى غَنَمًا أَوْ خَلَفَاتٍ وهُو يَنْتَظرُ أوْلادَهَا. فَغزَا فَدنَا مِنَ الْقَرْيةِ صلاةَ الْعصْرِ أَوْ قَرِيبًا مِنْ ذَلِكَ، فَقَال للشَّمس: إِنَّكِ مَأمُورةٌ وأَنا مأمُورٌ، اللهمَّ احْبسْهَا علَينا، فَحُبستْ حَتَّى فَتَحَ اللَّهُ عليْهِ، فَجَمَعَ الْغَنَائِم، فَجَاءَتْ يَعْنِى النَّارَ لتَأكُلهَا فَلَمْ تطْعمْهَا، فَقَالَ: إِنَّ فِيكُمْ غُلُولًا، فليبايعنِى منْ كُلِّ قبِيلَةٍ رجُلٌ، فلِزقتْ يدُ رَجُلٍ بِيدِهِ فَقَالَ: فِيكُم الْغُلولُ، فليبايعنِى قبيلَتُك، فلزقَتْ يدُ رجُليْنِ أَوْ ثَلَاثَةٍ بِيَدِهِ فَقَالَ: فِيكُمُ الْغُلُولُ، فَجاءوا برَأْسٍ مِثْلِ رَأْس بَقَرَةٍ مِنْ الذَّهبِ، فوضَعها فَجَاءَت النَّارُ فَأَكَلَتها، فلمْ تَحل الْغَنَائِمُ لأحدٍ قَبلَنَا، ثُمَّ أَحَلَّ اللَّهُ لَنا الْغَنَائِمَ لمَّا رأَى ضَعفَنَا وعجزنَا فأحلَّها لنَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Ертеректе бір пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа аттанарда қауымына: «Енді ғана үйленіп, бірақ алғашқы түнін некелі жарымен бірге өткізіп үлгермеген; үй салып, бірақ шатырын жауып үлгермеген; буаз қой немесе түйе сатып алып, солардың төлдетуін күтіп отырған адам маған ермей-ақ қойсын!» – деп жар салады. Сөйтіп, әлгі пайғамбар жасағымен жорыққа аттанады. Олар екінті намазының уақытында (немесе екінті намазына аз уақыт қала) бір елді мекенге келіп жетеді. Сонда қолбасшы пайғамбар күнге қарап: «Сен де, мен де (бір Алланың) әміріндеміз, – деді де, – уа, Алла Тағалам! Күннің батуын кешеуілдете тұрғайсың», – деп дұға жасайды. Содан Алла Тағала оны жеңіске жеткізгенше, күн батпайды. Соғыс аяқталған соң, ол түскен олжаның бәрін бір жерге жинатады. Жиналған олжаның түгін қалдырмай өртеу үшін көктен от түседі, бірақ өртеп, жалмамайды. Сол кезде қолбасшы пайғамбар әскеріне: «Араларыңда олжаға қол сұққандар бар. Әр рудан бір-бір адамнан шығып маған қол беріп, алдымда ант етсін!» – деп жар салады. Ант қабылдау рәсімі барысында бір адамның қолы пайғамбардың қолына жабысып қалады. Пайғамбар әлгі адамға: «Олжаға қол сұққан сендердің араларыңда. Бүкіл руыңмен келіп қолымды алып, алдымда ант етіңдер», – деп бұйырады. Бұл жолы екі немесе үш адамның қолы пайғамбар қолына жабысып қалады. Пайғамбар оларға: «Ұрланған дүние сендерде», – дейді. Олар сиырдың басына ұқсаған бір алтын басты алып келеді. Пайғамбар оны үйіліп жатқан олжаға қосады. Сол-ақ екен көктен бір от түсіп олжаның түгін қалдырмай жалмап, өртеп жібереді. Бізден бұрын ешбір пайғамбар мен қауымға соғыстан түскен олжа адал болмаған еді. Алла біздің әлсіз, қауқарсыз екенімізді білгендіктен, оны біз үшін адал қылды», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3124; Муслим: 4555; Ахмад: 8238).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В прежние времена один пророк (да пребудут над ним благословение и мир Аллаха), собираясь выступить в поход, обратился к своему народу: “Пусть за мной не следует тот, кто только что женился, но ещё не успел провести первую ночь со своей законной супругой; тот, кто построил дом, но ещё не успел покрыть его крышей; и тот, кто купил беременных овец или верблюдиц и ожидает от них приплода!”

Затем этот пророк выступил в поход со своим войском. Они подошли к одному поселению ко времени послеполуденной молитвы или незадолго до неё. Тогда пророк, предводитель войска, взглянул на солнце и сказал: “И ты, и я подвластны одному Аллаху”, а затем воззвал: “О Аллах Всевышний! Задержи заход солнца!” И солнце не зашло до тех пор, пока Аллах Всевышний не даровал ему победу.

По завершении сражения пророк велел собрать всю военную добычу в одном месте. С неба сошёл огонь, чтобы сжечь её без остатка, однако не коснулся собранной добычи и не поглотил её. Тогда пророк объявил своему войску: “Среди вас есть те, кто присвоил часть добычи. Пусть от каждого рода выйдет по одному человеку, возьмёт меня за руку и принесёт мне клятву!” Когда они стали приносить клятву, рука одного из них прилипла к руке пророка. Тогда пророк сказал ему: “Тот, кто присвоил добычу, принадлежит к твоему роду. Приведи весь свой род, пусть они возьмут меня за руку и принесут мне клятву”. На этот раз к руке пророка прилипли руки двух или трёх человек. Пророк сказал им: “Похищенное находится у вас”. Тогда они принесли золотую голову, напоминавшую голову коровы. Пророк положил её к собранной в кучу добыче. И тотчас с неба сошёл огонь, который без остатка поглотил и сжёг всю добычу.

До нас военная добыча не была дозволена ни одному пророку и ни одной общине. Однако Аллах, зная о нашей слабости и немощи, сделал её дозволенной для нас» (Аль-Бухари: 3124; Муслим: 4555; Ахмад: 8238).

59
Риядус-салихин, № 59

عَنْ أَبِى خالدٍ حكيمِ بْنِ حزَامٍ.، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْبيِّعَان بِالْخِيارِ مَا لَمْ يَتَفَرَّقَا، فَإِنْ صَدَقَا وَبَيَّنَا بُورِكَ لَهُمَا فِى بَيْعْهِمَا، وَإِنْ كَتَمَا وَكَذَبَا مُحِقَتْ بَرَكَةُ بَيْعِهِمَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Халид Хаким ибн Хизам (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Сатушы мен сатып алушы айырылысқанға дейін (келісімді бұзуға) ерікті. Егер екеуі де шынын әрі ашығын айтса, екеуінің де саудасына береке дариды. Ал егер бір нәрсені жасырып, өтірік айтса, саудаларының берекесі жойылады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2079; Муслим: 3858; Ахмад: 15314).

Орысша аудармасы

Абу Халид Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Продавец и покупатель сохраняют за собой право выбора (расторгнуть сделку) до тех пор, пока не разойдутся. Если оба будут правдивы и открыто расскажут обо всём, их сделке будет дарована благодать. Если же они что-либо скроют и солгут, их сделка лишится благодати» (Аль-Бухари: 2079; Муслим: 3858; Ахмад: 15314).