Хадис

Ыждағаттылық жайында

Об усердии

Риядус-салихин, 11-тақырып · 17 хадис · № 95–111

Хадистер

«وَالَّذِينَ جَاهَدُوا فِينَا لَنَهْدِينَّهُمْ سُبُلَنَا وَإِنَّ اللَّهَ لَمَعَ الْمُحْسِنِينَ» «Біздің жолымызда аянбай күрескендерді міндетті түрде Өзіміздің жетістікке жеткізетін жолдарымызға бағыттаймыз. Шүбәсіз, Алла әрдайым ізгі жандармен бірге!» («Анкабут» сүресі, 69-аят)

«وَاعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّى يَأْتِيَكَ الْيَقِينُ» «Дәм-тұзың таусылып, ажалың жеткенше Раббыңа құлшылық ет!» («Хижр» сүресі, 99-аят)

«وَاذْكُرِ اسْمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلْ إِلَيْهِ تَبْتِيلًا» «Раббыңның есімін үнемі жадыңда ұстап, айтып жүр һәм Оған жан-тәніңмен бет бұр!» («Муззәммил» сүресі, 8-аят)

«فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ» «Кімде-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын көреді» («Зилзәл» сүресі, 7-аят)

«وَمَا تُقَدِّمُوا لأَنْفُسِكُمْ مِنْ خَيْرٍ تَجِدُوهُ عِنْدَ اللَّهِ هُوَ خَيْرًا وَأَعْظَمَ أَجْرًا» «...Өздерің үшін нендей сауап жолдайтын болсаңдар, оны Алланың дәргейінде одан да қайырлы әрі зор болған күйде табасыңдар...» («Муззәммил» сүресі, 20-аят)

«وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ» «...Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, шүбәсіз, Алла оны білуші» («Бақара» сүресі, 273-аят)

«Что же до тех, кто истово сражается на Нашем пути, Мы непременно поведем по Нашим путям, ведущим к успеху. Поистине, Аллах – вместе с искренними, которые совершают благодеяния так, будто видят своего Господа» (сура «Анкабут», 29:69).

«И поклоняйся Господу твоему, пока не придет к тебе убежденность!» (сура «Хиджр», 15:99).

«Неизменно помни имя твоего Господа, поминай Его и всецело посвяти себя Ему» (сура «Муззаммиль», 73:8).

«И кто совершил благое на вес пылинки, – увидит его» (сура «Зильзаля», 99:7).

«Помните, какое бы вознаграждение вы ни приготовили для себя, вы обнаружите это у Аллаха лучшим и многократно увеличенным» (сура «Муззаммиль», 73:20).

«Что бы вы ни пожертвовали на благом пути, Аллах знает про то» (сура «Бакара», 2:273).

95
Риядус-салихин, № 95Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ: مَنْ عادى لِى وَلِيًّا فَقَدْ آذَنْتُهُ بالحَرْبِ، وَمَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدي بشَيْءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِمَّا افْتَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزَالُ عَبْدِى يَتَقرَّبُ إِلَيَّ بالنَّوافِلِ حَتَّى أحِبَّهُ، فَإِذَا أَحبَبتُهُ كُنْتُ سَمعَهُ الَّذِى يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِى يُبْصِرُ بِهِ، ويَدَهُ الَّتِى يَبْطِشُ بِهَا، وَرِجْلَهُ الَّتِى يَمْشي بِهَا، وَإِنْ سَأَلَنِى أعْطَيْتُهُ، وَلَئِنِ اسْتَعَاذَنِى لأُعِيذَنَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Алла Тағала: «Кімде-кім Маған жақын болған пендеме дұшпандық жасаса, оған міндетті түрде соғыс жариялаймын. Пендем Маған өзіне парыз етілген құлшылықтардан асқан сүйікті нәрсемен жақындаған емес. Сонымен қатар, пендем Маған нәпіл құлшылықтар арқылы одан да жақындай түседі де, нәтижеде, Мен оны жақсы көретін боламын. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын (яғни, оның құлағы тек ізгі дүниелерді ғана тыңдайтын болады, көзі тек мен жақсы нәрселерді ғана көретін болады, қолы Мені разы ететін істерді ғана істейтін болады, аяғы да тек Мен разы болатын жерлерде ғана жүретін болады). Сөйтіп ол Менен (бір нәрсе) сұраса, оған сұрағанын сөзсіз беремін. Егер ол Менен пана тілесе, оған міндетті түрде пана боламын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6502).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний сказал: “Тому, кто проявит враждебность к Моему рабу, близкому ко Мне, Я непременно объявлю войну. Мой раб не приближается ко Мне ничем более любимым Мною, чем поклонением, которое Я вменил ему в обязанность. Затем Мой раб продолжает приближаться ко Мне посредством добровольных поклонений, пока Я не полюблю его. Когда же Я полюблю его, то стану его слухом, которым он слышит, зрением, которым он видит, рукой, которой он берёт, и ногой, которой он ходит (то есть его слух будет обращён лишь к благому, его глаза будут смотреть только на то, что люблю Я, его руки будут совершать лишь угодные Мне дела, а ноги будут ступать лишь туда, куда Мне угодно). Если после этого он попросит Меня о чём-либо, Я непременно дарую ему просимое. А если попросит у Меня защиты, Я непременно защищу его”» (Аль-Бухари: 6502).

96
Риядус-салихин, № 96Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فيما يرويه عَنْ ربّه تَعَالَى، قَالَ: «إِذَا تَقَربَ الْعَبْدُ إِلَيَّ شِبْرًا تَقَربْتُ إِلَيْه ذِرَاعًا، وَإِذَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ ذِرَاعًا تَقَربْتُ مِنهُ بَاعًا، وِإِذَا أتَانِى يَمشي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً»

Қазақша аудармасы

Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бәрінен үстем һәм ұлы болған Раббысынан мына сөзді жеткізген: «Пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған жүріп келсе, Мен оған жылдам жүріп келемін», – деді», – деген (Бұхари: 7536; Ахмад: 12233).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передаёт: «Наш Пророк ﷺ, передавая слова своего Всевышнего и Великого Господа, сказал: “Если Мой раб приблизится ко Мне на одну пядь, Я приближусь к нему на один локоть. Если он приблизится ко Мне на один локоть, Я приближусь к нему на одну сажень. Если он пойдёт ко Мне шагом, Я быстро направлюсь к нему”» (Аль-Бухари: 7536; Ахмад: 12233).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі Алланың пендесіне бір шынтақ, бір құлаш жақындауы немесе «пендеме жүгіріп келем» дегенін тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір іс-қимылды білдіретін «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар және аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Алла ғана білетін мүтәшәбиһ сипаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған. Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят..., сондықтан Құран мен хадистерде келген мұндай мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса о том, что Аллах приближается к Своему рабу на один локоть или на одну сажень, а также Его слова «Я прибегу к Своему рабу» следует понимать не в буквальном языковом, а в переносном смысле. Выражения, встречающиеся в Коране и хадисах применительно к Аллаху, прямое значение которых указывает на определённое действие или движение, такие как «приход», «нисхождение» и «быстрое движение», наши учёные относят к числу атрибутов, называемых «муташабих». Их нельзя понимать в буквальном языковом смысле: они могут быть истолкованы лишь на основании установленных правил и контекста соответствующего аята или хадиса, тогда как их подлинная сущность известна одному лишь Аллаху. Ведь буквальное понимание подобных слов предполагает такие свойственные творениям признаки и смыслы, как пребывание в определённом месте и перемещение из одного места в другое. В Коране ясно сказано, что Аллах не подобен ничему и что ни одно из свойств, присущих творениям, Ему не присуще. См.: сура «Аш-Шура», аят 11; сура «Аль-Ихляс», аят 4; сура «Ан-Нахль», аят 74… Поэтому встречающиеся в Коране и хадисах подобные выражения «муташабих» следует понимать на основании научных, языковых и контекстуальных толкований и разъяснений наших учёных.

97
Риядус-салихин, № 97Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نِعْمَتَانِ مَغبونٌ فيهما كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ، وَالْفَرَاغُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Адамдардың көбі қадірін білмейтін (немесе дұрыс пайдалана алмайтын) екі нығмет бар, олар – денсаулық және бос уақыт», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6412; Ахмад: 3207).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Есть два блага, которые большинство людей не ценит или не умеет правильно использовать: здоровье и свободное время» (Аль-Бухари: 6412; Ахмад: 3207).

98
Риядус-салихин, № 98Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة رَضي اللَّه عَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يقُومُ مِنَ اللَّيْلِ حَتَّى تَتَفَطَّرَ قَدَمَاهُ فَقُلْتُ لَهُ: لِمَ تَصنَعُ هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَقدْ غَفَرَ اللَّه لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ؟ قَالَ: «أَفَلا أُحِبُّ أَنْ أكُونَ عَبْدًا شَكُورًا»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ түнде екі аяғы бірдей ісініп кеткенше намазда тұратыны жайлы айтылады. Осыған орай Айша (р.а.) былай деген: Бірде оған: «Уа, Расулалла! Неліктен бұлай істейсіз, Алла сіздің өткен және келешек күнәларыңызды толықтай кешірген ғой?» – дегенімде, маған: «Шүкіршіл пенде болуды қалайша қаламайын?» – деп айтты», – деген. (Бұхари: 1130; Муслим: 7124).

«Сахих» хадистер жинағының екеуінде де Мұғира ибн Шұғбадан (р.а.) осы мазмұндағы хадис жеткен.

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передаёт: «Наш Пророк ﷺ по ночам выстаивал молитву до тех пор, пока обе его ноги не опухали. Однажды я спросила его: “О Посланник Аллаха! Почему вы так поступаете? Ведь Аллах полностью простил ваши прошлые и будущие грехи”. Он ответил мне: “Как же мне не стремиться быть благодарным рабом?”» (Аль-Бухари: 1130; Муслим: 7124).

В обоих сборниках хадисов «Сахих» передаётся хадис такого же содержания со слов Мугиры ибн Шубы (да будет доволен им Аллах).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ «өткен және келешек күнәларының толықтай кешірілуі» деген, негізінен, оның күнә атаулыдан толықтай қорғалғандығын меңзейтін «исмат» сипатын білдіреді. Фатх сүресі, 2-аяттың тәпсірінде осы жайлы айтылған.

Түсіндірме (орысша)

упомянутое в хадисе «полное прощение прошлых и будущих грехов» нашего почтенного Пророка ﷺ, по сути, указывает на присущее ему свойство «исмат», означающее его полную защищённость от любых грехов. Об этом говорится в толковании 2-го аята суры «Аль-Фатх».

99
Риядус-салихин, № 99Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، أَنَّهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ أَحْيَا اللَّيْلَ، وَأيْقَظَ أَهْلَهُ، وَجَدَّ وَشَدَّ الْمِئْزَر

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.): «Алла елшісі ﷺ (рамазан айының соңғы) он күндігі кіргенде, түнді ұйқысыз, құлшылықпен өткізетін және отбасын да оятып, (құлшылыққа тұрғызатын). Ғибадатқа ықыласпен ден қойып, білек сыбанып құлшылық жасайтын еді», – деген. (Бұхари: 2024; Муслим: 2787).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «Когда наступали последние десять дней рамадана, Посланник Аллаха ﷺ проводил ночи без сна в поклонении и будил домочадцев, чтобы и они предавались поклонению. Он всем сердцем отдавался поклонению и проявлял в нём особое усердие» (Аль-Бухари: 2024; Муслим: 2787).

100
Риядус-салихин, № 100Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللَّهِ مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعيفِ وَفي كُلٍّ خَيرٌ. احْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ، واسْتَعِنْ بِاللَّهِ وَلَا تَعْجَزْ. وَإِنْ أَصَابَكَ شَيْءٌ فَلَا تَقُلْ لَوْ أنّي فَعَلْتُ كَانَ كَذَا وَكَذَا، وَلَكِنْ قُلْ: قَدرُ اللّهِ، وَمَا شَاءَ فَعلَ؛ فَإِنَّ لَوْ تَفْتَحُ عَمَلَ الشَّيطَانِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ былай айтты деген: «Алла алдында күшті мүмін әлсіз мүмінге қарағанда әлдеқайда қайырлы және сүйікті. Дегенмен екеуінде де қайыр бар (яғни, екеуі де жақсы). Өзіңе пайда келтіретін нәрсеге ұмтыл және Алладан жәрдем тіле, әлсіздік танытпа. Егер басыңа қандай да бір келеңсіз жағдай келсе: «Егер (олай істемей) былай істегенімде, былай болар еді», – деп айтпа. Керісінше: «Алла солай жазды және қалағанын істеді», – деп айт. Өйткені «егер (олай істемей, былай істегенімде...)» деу, шайтанның ісіне жол ашады». (Муслим: 6774; Ахмад: 8791).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сильный верующий намного лучше слабого и более любим Аллахом. Однако в каждом из них есть благо (то есть оба они хороши). Стремись к тому, что приносит тебе пользу, проси помощи у Аллаха и не проявляй слабости. Если тебя постигнет какая-либо неприятность, не говори: “Если бы я (вместо того чтобы поступить так) поступил иначе, то всё сложилось бы по-другому”. Напротив, скажи: “Аллах предопределил это и сделал то, что пожелал”. Ибо слова “если бы я (вместо того чтобы поступить так) поступил иначе…” открывают путь делам шайтана» (Муслим: 6774; Ахмад: 8791).

101
Риядус-салихин, № 101Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «حُجِبَتِ النَّارُ بالشَّهَواتِ، وَحُجِبَتِ الْجَنَّةُ بِالمَكَارِهِ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة لمسلم: «حُفَّتْ» بدل «حُجِبَتْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Тозақ – нәпсі қалауларымен перделенген, ал жұмақ болса – нәпсі қаламайтын істермен перделенген», – деді», – делінген. (Бұхари: 6487; Муслим: 7131; Ахмад: 7530).

Имам Муслимнің жеткізген хадис мәтінінде «перделенген» сөзінің орнына «қапталған, қоршалған» деген сөзбен келген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ад сокрыт за страстными желаниями, а рай – за деяниями, которые претят человеческой душе» (Аль-Бухари: 6487; Муслим: 7131; Ахмад: 7530).

В тексте хадиса, переданном имамом Муслимом, вместо слова «сокрыт» употреблено слово со значением «покрыт, окружён».

102
Риядус-салихин, № 102

عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ حُذَيفَةَ بْنِ الْيمانِ، قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيّ ﷺ ذَاتَ لَيلَةٍ فَافْتَتَحَ الْبقَرَةَ، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ عِنْدَ الْمئَةِ، ثُمَّ مَضَى. فَقُلْتُ: يُصَلِّى بِهَا فِى ركعَة فَمَضَى، فقُلْتُ: يَرْكَعُ») بِهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ النِّسَاءَ فَقَرَأَهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ آلَ عِمْرَانَ فَقَرَأَهَا، يَقرَأُ مُتَرَسِّلًا: إِذَا مَرَّ بآية فِيهَا تَسبيحٌ سَبَّحَ، وَإِذَا مَرَّ بسُؤَالٍ سَأَلَ، وَإِذَا مَرَّ بتَعَوُّذٍ تَعَوَّذَ، ثُمَّ رَكَعَ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْعَظِيمِ» فَكَانَ رُكُوعُهُ نَحوًا مِنْ قِيَامِهِ، ثُمَّ قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ» ثُمَّ قَامَ طَويلًا قَرِيبًا مِمَّا رَكَعَ، ثُمَّ سَجَدَ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْأَعْلَى» فَكَانَ سُجُودُهُ قَرِيبًا مِنْ قِيَامِهِ

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуллаһ Хузайфа ибн әл-Иәман (р.а.) былай деген: «Бірде түн ішінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге (тәһәжжуд) намазын оқыдым. Сонда ол намазды Бақара сүресімен бастады. Сол кезде ішімнен жүзінші аятта рукуғ жасайтын шығар дедім, алайда одан ары жалғастырып оқи берді. Содан ішімнен бір рәкағатты осы сүремен тәмамдайтын шығар дедім, алайда (келесі сүреге өтіп) жалғастырып оқи берді. Соны тәмамдап, рукуғқа баратын шығар дедім, алайда одан кейін Ниса сүресін бастап, соңына дейін оқыды, сосын Әли Имран сүресін бастап, оны да толық оқыды. Оқығанда да әр әріпті нақышына келтіріп, байыппен оқыған еді. Тиләуәт барысында ішінде Алланы дәріптеу сөздері болған аятты оқығанда, (Субханалла деп), Алланы дәріптеумен болды. Сондай-ақ дұға аятын оқыса, дұға жасап, Аллаға сиыну аятын оқыса, сиынып отырды. Содан соң рукуғ жасап: «Субхана Раббиял-Азим! (Ұлы Раббым мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!)», – деп айта бастады. Сөйтіп рукуғ жасауы шамамен қиямда тұрғандай уақытқа созылды. Содан кейін: «Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ (Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді)», «Раббәнә ләкәл-хәмд! (Уа, Раббымыз! Бар мадақ пен шүкіршілік бір Өзіңе тән!)», – деп айтумен болды. Сөйтіп шамамен рукуғта тұрған уақыттай ұзақ уақыт қиямда тұрды. Сосын сәжде жасап: «Субхана Раббиял-Ағлә! (Бәрінен асқақ Раббым мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!)», – деп айтумен болды және сәждесі де шамамен қиямда тұрғандай ұзақ болды». (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).

Орысша аудармасы

Абу Абдуллах Хузайфа ибн аль-Яман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ночью я совершал молитву тахаджуд вместе с Пророком ﷺ. Он начал молитву с суры “Аль-Бакара”. Я подумал: “Наверное, он совершит поясной поклон после сотого аята”, однако он продолжил чтение. Тогда я подумал: “Наверное, он завершит этот ракаат данной сурой”, но чтение продолжалось. Я подумал: “Закончив её, он, вероятно, совершит поясной поклон”, однако он продолжил читать дальше, перейдя к следующей суре – “Ан-Ниса”, которую прочитал до конца, а затем начал суру “Али Имран” и также прочитал её полностью. Читал он неторопливо, отчётливо произнося каждую букву. Когда при чтении ему встречался аят, содержавший слова прославления Аллаха, он произносил: “Субханаллах”, – и прославлял Аллаха. Когда ему встречался аят с мольбой, он обращался к Аллаху с мольбой, а когда читал аят с обращением за защитой к Аллаху, просил у Него защиты.

Затем он совершил поясной поклон и стал произносить: “Субхана Раббияль Азым! (Мой Великий Господь пречист и свободен от всякого недостатка!)” Поясной поклон продолжался примерно столько же, сколько предшествующее стояние в молитве. Затем, выпрямившись, он произносил: “Сами‘аллаху лиман хамидах (Аллах слышит того, кто восхваляет Его)”, “Раббана лякаль хамд! (О наш Господь! Вся хвала и благодарность принадлежат Тебе одному!)” После этого он оставался стоять примерно столько же времени, сколько провёл в поясном поклоне. Затем он совершил земной поклон и стал произносить: “Субхана Раббияль А‘ля! (Мой Всевышний Господь пречист и свободен от всякого недостатка!)” Его земной поклон продолжался примерно столько же, сколько стояние в молитве» (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).

103
Риядус-салихин, № 103Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيّ ﷺ لَيلَةً، فَأَطَالَ الْقِيامَ حَتَّى هَمَمْتُ بأمْرِ سُوءٍ! قيل: وَمَا هَمَمْتَ بِهِ؟ قَالَ: هَمَمْتُ أَنْ أجْلِسَ وَأَدَعَهُ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бір түні Пайғамбарымызбен ﷺ бірге (тәһәжжуд) намазын оқыдым. Сонда оның қиямда ұзақ тұрғаны соншалық – орынсыз әрекет жасағым келді», – деп айтқан. Одан: «Сонда не істегің келді?» – деп сұралғанда: «Алла елшісін (сол намазда жалғыз) қалдырып, отыра кеткім келді», – деген. (Бұхари: 1135; Муслим: 1815; Ахмад: 3646).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды ночью я совершал вместе с нашим Пророком ﷺ ночную молитву (тахаджуд). Он так долго стоял в молитве, что мне захотелось совершить неподобающий поступок». Его спросили: «Что же ты хотел сделать?» Он ответил: «Мне захотелось сесть и оставить Посланника Аллаха одного продолжать ту молитву» (Аль-Бухари: 1135; Муслим: 1815; Ахмад: 3646).

104
Риядус-салихин, № 104Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «يَتْبَعُ الْمَيتَ ثَلَاثَةٌ: أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَعَملُهُ، فَيَرجِعُ اثنَانِ وَيَبْقَى وَاحِدٌ: يَرجِعُ أَهْلُهُ وَمَالُهُ، وَيَبقَى عَملُهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мәйіттің артынан (қабірге) үш нәрсе: отбасы, дүние-мүлкі және амалы еріп барады. Артынша екеуі кері қайтып, біреуі қалады: отбасы мен дүние-мүлкі кері қайтып, амалы (онымен бірге) қалады», – деді», – деген. (Бұхари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Анаса ибн Малика (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «За умершим к могиле следуют его семья, имущество и деяния. Двое из этих трёх спутников возвращаются, а один остаётся: семья и имущество возвращаются, а деяния остаются с ним» (Аль-Бухари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл жалғанда адам баласы өзінің жақсы-жаман амалдарының ғана иесі, ал оның өзінше иемденіп жүрген дүние-мүлкі мен бала-шағасы шынында оған тиесілі емес, түсінген адам үшін бұл хадисте осындай терең ой мен мән жатыр. Демек, әр адам әрбір іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені ол өз іс-әрекетінің шынайы һәм жалғыз иесі, яки Құранда айтылғандай тұтқыны, сол үшін Құдай алдында да, кісі алдында да бір өзі жауап береді. Адамөзекті діни санаға негізделген Матуриди ақидасындағы адам өз ерік-қалауы негізінде істеген істерінің шынайы иесі деген «кәсб» теориясы да осынау ақиқатты қуаттайды…

Түсіндірме (орысша)

в этом бренном мире человеку принадлежат лишь его добрые и дурные деяния, тогда как имущество и дети, которые он считает своей собственностью, в действительности ему не принадлежат. Тому, кто умеет задуматься, этот хадис открывает глубокую мысль и важный смысл. Следовательно, каждому человеку надлежит с величайшей ответственностью относиться к каждому своему поступку, поскольку он является подлинным и единственным хозяином своих деяний – или, как сказано в Коране, их пленником, – и за них он один несёт ответственность как перед Богом, так и перед людьми. Эту истину подтверждает и теория «касб» в матуридитской акиде, основанной на ориентированном на человека религиозном сознании: согласно этой теории, человек является подлинным обладателем деяний, совершённых им по собственной воле и выбору…

105
Риядус-салихин, № 105Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الْجَنَّةُ أَقْرَبُ إِلَى أَحَدِكُمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِهِ، وَالنَّارُ مِثلُ ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмақ – қай-қайсыңа да аяқ киімінің бауынан да жақын, тозақ та дәл солай», – деді», – деген.(Бұхари: 6488; Ахмад: 3667).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передаёт, что наш Пророк ﷺ сказал: «Рай ближе к каждому из вас, чем шнурок на его обуви, и ад столь же близок» (Аль-Бухари: 6488; Ахмад: 3667).

106
Риядус-салихин, № 106

عَنْ أَبِى فِراسٍ ربيعةَ بْنِ كعبٍ الْأسلميِّ خادِمِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، ومن أَهْلِ الصُّفَّةِ قَالَ: كُنْتُ أبِيتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فآتِيهِ بِوَضُوئِهِ وَحَاجَتِهِ، فَقَالَ: «سَلْنِى» فقُلْتُ: اسْأَلُكَ مُرَافَقَتَكَ فِى الْجَنَّةِ. فَقَالَ: «أَوَ غَيْرَ ذَلِكَ»؟ قُلْتُ: هُوَ ذَاكَ، قَالَ: «فأَعِنِّى عَلَى نَفْسِكَ بِكَثْرَةِ السُّجُودِ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ қызметшісі әрі суффалықтардан1 болған Әбу Фирас Рабиға ибн Кағб әл-Әсләми (р.а.): «Кезінде Алла елшісінің жанында түнейтін едім. Сөйтіп оған (қызмет етіп) дәрет суы мен керек-жарағын жеткізіп беріп тұратынмын. Бірде ол маған: «Менен қалағаныңды сұра», – деді. Сонда мен: «Жаннатта сізбен бірге болуды сұраймын», – дегенімде, маған: «Одан басқа нәрсе сұрамайсың ба?» – деді. Мен: «(Сұрайтыным) тек сол ғана», – дедім. Сонда Алла елшісі маған: «Ендеше көп сәжде жасау арқылы өзің үшін маған жәрдем бер2», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1094).

Орысша аудармасы

Слуга Посланника Аллаха ﷺ Абу Фирас Рабиа ибн Кааб аль-Аслами (да будет доволен им Аллах), принадлежавший к числу обитателей Суффы1, рассказывал: «Я ночевал рядом с Посланником Аллаха ﷺ и, прислуживая ему, приносил воду для омовения и всё необходимое. Однажды он сказал мне: “Проси у меня чего пожелаешь”. Я сказал: “Прошу, чтобы в раю я был вместе с вами”. Он спросил: “А чего-нибудь другого ты не хочешь попросить?” Я ответил: “(Прошу) только об этом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “В таком случае помоги мне добиться этого для тебя, совершая как можно больше земных поклонов2”» (Муслим: 1094).

  1. 1Суффа – сол кездері үйсіз, күйсіз кедей сахабалар паналаған пайғамбарымыздың ﷺ мешітіндегі қалқа орын.
  2. 2Ғалымдар Алла елшісінің ﷺ бұл өсиеті тек Әбу Фирас әл-Әсләмиге ғана емес, барша исі мұсылманға қатысты деген.
  1. 1Суффа – навес в мечети Пророка ﷺ, под которым в то время находили приют неимущие сподвижники, не имевшие ни жилья, ни средств к существованию.
  2. 2По словам учёных, это наставление Посланника Аллаха ﷺ относится не только к Абу Фирасу аль-Аслами, но и ко всем мусульманам.
107
Риядус-салихин, № 107

عَنْ أَبِى عبد اللَّه، ويقَالَ: أَبُو عَبْد الرَّحْمَان ثوبان -مولى رَسُول اللَّهِ ﷺ –، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «عَلَيْكَ بِكَثْرَةِ السُّجُودِ؛ فَإِنَّكَ لَنْ تَسْجُدَ لِلَّهِ سَجْدَةً إِلَّا رَفَعَكَ اللَّهُ بِهَا دَرجَةً، وَحَطَّ عَنكَ بِهَا خَطِيئَةً»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ азат еткен құлы Әбу Абдуллаһ (Әбу Абдуррахман деп те аталады) Сәубан (р.а.): Алла елшісінің: «Көп сәжде жаса! Өйткені сен Аллаға сәжде жасаған сайын, сол арқылы Алла дәрежеңді бір деңгейге көтеріп, бір күнәңді кешіреді», – деп айтқанын естідім», – деген. (Муслим: 1093; Ахмад: 22377).

Орысша аудармасы

Вольноотпущенник Посланника Аллаха ﷺ Абу Абдуллах (его также называли Абу Абдуррахманом) Саубан (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Совершай множество земных поклонов! Ведь каждый раз, когда ты совершаешь земной поклон перед Аллахом, Он благодаря этому возвышает тебя на одну ступень и прощает тебе один грех”» (Муслим: 1093; Ахмад: 22377).

108
Риядус-салихин, № 108

عَنْ أَبِى صَفوان عَبْد اللَّهِ بْنِ بُسْرٍ الْأسلمي، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَيرُ النَّاسِ مَنْ طَالَ عُمُرهُ، وَحَسُنَ عَمَلُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сафуан Абдуллаһ ибн Буср әл-Әсләми (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Адамдардың ең қайырлысы – ғұмыры ұзақ және істері игі болған жан»,1 – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2329; Ахмад: 1768).

Орысша аудармасы

Абу Сафван Абдуллах ибн Буср аль-Аслами (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучший из людей – тот, кто прожил долгую жизнь и совершал благие дела»1 (Ат-Тирмизи: 2329; Ахмад: 1768).

  1. 1Ал керісінше, адамдардың ең жаманы – ғұмыры ұзақ және істері жаман болғандар.
  1. 1И напротив, худшие из людей – те, кто прожил долгую жизнь, совершая дурные дела.
109
Риядус-салихин, № 109Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: غَابَ عَمِّى أَنَسُ بْنُ النَّضْرِ عَنْ قِتالِ بدرٍ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، غِبْتُ عَنْ أوّل قِتال قَاتَلْتَ الْمُشْرِكِينَ، لَئِن اللَّهُ أشْهَدَنِى قِتَالَ الْمُشركِينَ لَيُرِيَنَّ اللَّهُ مَا أصْنَعُ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ أُحُدٍ انْكَشَفَ الْمُسْلِمونَ، فَقَالَ: اللَّهُمَّ أعْتَذِرُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يعني: أَصْحَابهُ – وأبْرَأُ إِلَيْكَ مِمَّا صَنَعَ هؤُلاءِ – يَعني: الْمُشركِينَ – ثُمَّ تَقَدَّمَ فَاسْتَقْبَلهُ سَعدُ بْنُ مُعاذٍ، فَقَالَ: يَا سعدَ بنَ معاذٍ، الْجَنَّةُ وربِّ الْكعْبَةِ إِنِّى أجِدُ رِيحَهَا منْ دُونِ أُحُدٍ. قَالَ سعدٌ: فَمَا اسْتَطَعتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا صَنَعَ! قَالَ أنسٌ: فَوَجَدْنَا بِهِ بِضْعًا وَثَمانِينَ ضَربَةً بالسَّيفِ، أَوْ طَعْنةً بِرمْحٍ، أَوْ رَمْيَةً بسَهْمٍ، وَوَجَدْنَاهُ قَدْ قُتِلَ وَمَثَّلَ بِهِ الْمُشْرِكونَ فما عَرَفهُ أَحَدٌ إِلَّا أُخْتُهُ بِبَنَانِهِ. قَالَ أنس: كُنَّا نَرَى أَوْ نَظُنُّ أن هَذِهِ الآية نزلت فِيهِ وَفِى أشباهه: «مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ» [الأحزاب: 23] إِلَى آخِرها

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Көкем Әнас ибн ән-Надр (р.а.) Бәдір шайқасына қатыса алмаған еді. Содан ол (өкініштен өзегі өртеніп): «Уа, Расулалла! ﷺ Мүшріктермен болған алғашқы шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Алла алдағы уақытта маған мүшріктермен соғысуды жазса, Алла менің оларға не істейтінімді «көреді»,1 – деді. Содан Ұхұд шайқасы болған күні мұсылмандардың майдандағы шебі бұзылып, жан-жаққа бытырап кетті. Сонда көкем қатты күйініп: «Уа, Алла! Мыналардың (мұсылмандардың) істеген ісі үшін Өзіңнен кешірім өтінем, ал аналардың (мүшріктердің) істеген ісіне менің еш қатысым жоқ (екеніне Өзің куә болғайсың)», – деді де, алға қарай ұмтылды. Сол-ақ екен алдынан Сағд ибн Мұғаз шыға келді. Сонда оған: «Әй, Мұғаздың ұлы Сағд! Жаннат! Қағбаның Раббысымен ант етемін! Мен оның хош иісін Ұхұд тауының бөктерінен сезіп тұрмын!» – деді. Кейін Сағд осы оқиғаны баяндағанында: «Уа, Расулалла! Мен оның істегенін істей алмадым», – деген еді».

Шайқастан кейінгі жағдайды Әнәс (р.а.) былай деп әңгімеледі: «Немере ағамның жансыз денесінің сау-тамтығы қалмаған еді. Денесінен шамамен сексеннен астам қылыштан, найзадан және жебе оғынан алған жарақатты көрдік. Мүшріктер оны өлтіріп қана қоймай, мәйітін аяусыз қорлап, кескілеп, адам танымастай халге жеткізіпті. Оны саусақтарының ұшынан таныған туған қарындасынан басқа ешкім тани алмаған еді. Біз «Мүміндер арасында Аллаға берген уәделерінде тұрған нағыз ерлер бар! Олардың кейбірі берген уәдесінде тұрып, жанын пида етті, енді бірі (соны) күтуде. Олар әсте серттерінен тайған емес» деген аятты немере ағам және сол сияқты қаһармандар жайында түсірілген деп білетін едік» (Бұхари: 2805, Муслим: 4918, Ахмад: 13085).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Мой дядя Анас ибн ан-Надр (да будет доволен им Аллах) не смог принять участия в битве при Бадре. Сгорая от сожаления, он сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Я не смог участвовать в Вашем первом сражении с многобожниками. Если Аллах впредь предопределит мне сразиться с ними, то Аллах ‘увидит’, что я с ними сделаю1”.

Когда настал день битвы при Ухуде, боевые ряды мусульман расстроились и они рассеялись в разные стороны. Тогда мой дядя, глубоко опечалившись, сказал: “О Аллах! Прошу у Тебя прощения за то, что сделали эти (мусульмане), и прошу Тебя засвидетельствовать, что я непричастен к тому, что сделали те (многобожники)”. Затем он устремился вперёд и встретил Саада ибн Муаза. Он сказал ему: “О Саад, сын Муаза! Рай! Клянусь Господом Каабы! Я ощущаю его благоухание со склонов горы Ухуд!” Позднее, рассказывая об этом, Саад сказал: “О Посланник Аллаха! Я не смог совершить того, что совершил он”».

О том, что было после сражения, Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «На бездыханном теле моего дяди не осталось ни одного целого места. Мы увидели на нём более восьмидесяти ран от мечей, копий и стрел. Многобожники не только убили его, но и жестоко надругались над телом, изрубив его до неузнаваемости. Никто не смог опознать его, кроме родной сестры, узнавшей брата по кончикам пальцев. Мы считали, что аят “Среди верующих есть настоящие мужи, которые остались верны завету, данному Аллаху! Одни из них исполнили свой обет, пожертвовав жизнью, а другие всё ещё ожидают этого. Они никогда не изменяли своему завету” был ниспослан о моём дяде и подобных ему героях» (Аль-Бухари: 2805; Муслим: 4918; Ахмад: 13085).

  1. 1Яғни, Алла жолында қасық қаным қалғанша аянбай шайқасып, Раббыма өзімнің адалдығымды дәлелдеймін.
  1. 1То есть я буду беззаветно сражаться на пути Аллаха до последней капли крови и докажу своему Господу свою верность.
110
Риядус-салихин, № 110

عَنْ أَبِى مسعود عقبة بْنِ عَمْرُو الْأنصارِى الْبدرِى، قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ آيةُ الصَّدَقَةِ كُنَّا نُحَامِلُ عَلَى ظُهُورِنَا، فَجَاءَ رَجُلٌ فَتَصَدَّقَ بِشَيْءٍ كَثِيرٍ، فَقَالُوا: مُراءٍ، وَجَاءَ رَجُلٌ آخَرُ فَتَصَدَّقَ بِصَاعٍ، فقَالُوا: إِنَّ اللَّهَ لَغَنيٌّ عَنْ صَاعِ هَذَا! فَنَزَلَتْ: ) الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِى الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ» التوبة: 79

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бәдри (р.а.): «Садақа аяты түскен кезде, (табыс тауып, садақа беру үшін базарларда) жүк таситын едік. Бір күні бір кісі келіп, көп мал-пұлын садақаға берді. Сонда (мұнафықтар) оны: «Рияшыл», – десті. Сосын басқа бір кісі келіп бір сағ1 садақа берді. Сонда (мұнафықтар): «Шынында Алла мынаның бір сағ садақасына мұқтаж емес!» – десті. Сол кезде мына аят түсті: «Ол екіжүзділер қайыр-садақаны молынан беретін сақи мүміндерді де, маңдай терімен тапқан-таянған азғантай мал-пұлынан садақа беретін кедей мүміндерді де өздерінше жазғырады һәм бет-ауыздарын жыбырлатып мазақтайды. Әйтсе де, Алла олардың өздерін масқара қылды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар» [Тәубе: 79]», – деп айтқан. (Бұхари:1415; Муслим: 2355).

Орысша аудармасы

Абу Масуд Укба ибн Амр аль-Ансари аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Когда был ниспослан аят о милостыне, мы стали переносить грузы на рынках, чтобы заработать и раздать милостыню. Однажды пришёл человек и пожертвовал много своего имущества. Тогда лицемеры сказали о нём: “Он делает это напоказ”. Затем пришёл другой человек и пожертвовал один са‘1. Лицемеры сказали: “Поистине, Аллах не нуждается в одном са‘ милостыни этого человека!” Тогда был ниспослан следующий аят: “Эти лицемеры порицают и щедрых верующих, обильно раздающих милостыню, и бедных верующих, которые жертвуют из того немногого, что заработали в поте лица, и, кривляясь, насмехаются над ними. Однако Аллах предал позору их самих. Им уготовано невыносимое наказание” (сура “Тауба”, 9:79)» (Аль-Бухари: 1415; Муслим: 2355).

  1. 1Үш жарым келіге тең өлшем бірлігі.
  1. 1Мера веса, равная трём с половиной килограммам.
111
Риядус-салихин, № 111

عَنْ سعيد بْنِ عبد الْعزيز، عَنْ ربيعة بْنِ يزيد، عَنْ أَبِى إِدرِيس الْخولاني، عَنْ أَبِى ذر جندب بْنِ جُنادة، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فيما يروي، عَنْ اللَّهِ تَبَارَكَ وتَعَالَى، أَنَّهُ قَالَ: «يَا عِبَادي، إِنِّى حَرَّمْتُ الظُلْمَ عَلَى نَفْسي وَجَعَلْتُهُ بيْنَكم مُحَرَّمًا فَلَا تَظَالَمُوا. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ ضَالّ إِلَّا مَنْ هَدَيْتُهُ فَاستَهدُونِى أهْدِكُمْ. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ جَائِعٌ إِلَّا مَنْ أطْعَمْتُهُ فَاستَطعِمُونِى أُطْعِمْكُمْ. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ عَارٍ إِلَّا مَنْ كَسَوْتُهُ فاسْتَكْسُونِى أكْسُكُمْ. يَا عِبَادي، إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَأَنَا أغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا فَاسْتَغْفِرُونِى أغْفِرْ لَكُمْ. يَا عِبَادي، إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغوا ضُرِّى فَتَضُرُّوني، وَلَنْ تَبْلُغُوا نَفعِى فَتَنْفَعُوني. يَا عِبَادي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا زَادَ ذَلِكَ فِى مُلكِى شيئًا. يَا عِبَادي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا نَقَصَ ذَلِكَ من مُلكِى شيئًا. يَا عِبَادِى، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ قَامُوا فِى صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَألُونِى فَأعْطَيتُ كُلَّ إِنْسَانٍ مَسْألَتَهُ مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِى إِلَّا كَمَا يَنْقصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ. يَا عِبَادي، إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ ثُمَّ أوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا، فَمَنْ وَجَدَ خَيرًا فَلْيَحْمَدِ اللَّه وَمَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ فَلَا يَلُومَنَّ إِلَّا نَفْسَهُ».

قَالَ سعيد: كَانَ أَبُو إِدرِيس إِذَا حَدَّثَ بهذا الْحَدِيث جَثا عَلَى رُكبتيه. رواه مسلم.

وروينا عَنْ الْإِمام أحمد بْنِ حنبل رحمه اللَّه، قَالَ: لَيْسَ لأَهْل الشام حَدِيث أشرف من هَذَا الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Абдулазиз Рабиға ибн Язидтен, ол Әбу Идрис әл-Хауләниден, ол Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунададан (р.а.), ол Пайғамбарымыздан ﷺ берекесі шексіз ұлы Алланың былай дегенін жеткізеді: «Уа, пенделерім! Мен Өзіме зұлымдықты харам қылдым, сондай-ақ оны сендердің араларыңда да харам қылдым. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық жасамаңдар! Уа, пенделерім! Мен тура жолға салған жаннан өзге барлығың адасушысыңдар. Ендеше, Менен тура жолға салуымды сұраңдар, сендерді тура жолға салайын. Уа, пенделерім! Мен тамақтандырғаннан өзге барлығың ашсыңдар. Ендеше, Менен өздеріңді тамақтандыруымды сұраңдар, сендерді тамақтандырайын. Уа, пенделерім! Мен киіндіргеннен өзге барлығың жалаңашсыңдар. Ендеше, Менен өздеріңді киіндіруімді сұраңдар, сендерді киіндірейін. Уа, пенделерім! Шынында сендер күніз-түні күнә-қателік жасайсыңдар, ал Мен күнәлардың барлығын кешіремін. Ендеше, Менен кешірім тілеңдер, сендерді кешірейін. Уа, пенделерім! Сендер Маған әсте зиян тигізе алмайсыңдар әрі Маған әсте пайда келтіре алмайсыңдар! Уа, пенделерім! Егер, сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең тақуа кісінің жүрегіндегі ең тақуа халіндей тақуа болса, одан Менің шексіз билігім мен қазынама ештеңе қосылмайды. Уа, пенделерім! Сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең азғын кісінің жүрегіндегі ең азғын халіндей азғын болса, одан Менің шексіз билігім мен қазынамнан ештеңе кемімейді. Уа, пенделерім! Сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың бәрі бір жерге жиналып, Менен (әрқайсысы өзінің) мұң-мұқтажын сұраса, сөйтіп Мен әрбір адамға сұрағанын берсем, одан Менің шексіз билігім мен қазынам еш кемімейді, кемісе де, тек теңізге батырылып алынған иненің ұшындағы тамшыдай ғана болады. Уа, пенделерім! Шынында (Мен үшін) ең маңыздысы – сендердің амалдарың! Амалдарыңды толық есептеймін, содан кейін сендерге соның қарымын толық беремін. Сонда кім жақсылық көрсе, Аллаға мадақ айтсын. Ал одан өзгені (яғни жамандық) көрсе, өзінен басқа ешкімді кінәлап, жазғырмасын».

Сағид: «Әбу Идрис әл-Хаулани осы хадисті айтып, жеткізгенде тізерлеп отыратын болған», – деген. (Муслим: 2577; Ахмад: 21420).

Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін): «Шам халқында осы хадистен асқан шарапатты хадис жоқ», – деп айтқан.

Орысша аудармасы

Саид ибн Абд аль-Азиз передаёт со слов Рабиа ибн Язида, тот – со слов Абу Идриса аль-Хауляни, а тот – со слов Абу Зарра Джундуба ибн Джунады (да будет доволен им Аллах), который передал от нашего Пророка ﷺ следующие слова Великого Аллаха, Чья благодать безгранична: «О рабы Мои! Поистине, Я сделал несправедливость запретной для Самого Себя и запретил её между вами. Поэтому не притесняйте друг друга! О рабы Мои! Все вы заблуждаетесь, кроме тех, кого Я наставил на прямой путь. Просите же Меня наставить вас на прямой путь, и Я наставлю вас. О рабы Мои! Все вы голодны, кроме тех, кого Я накормил. Просите же Меня накормить вас, и Я накормлю вас. О рабы Мои! Все вы наги, кроме тех, кого Я одел. Просите же Меня одеть вас, и Я одену вас. О рабы Мои! Поистине, вы грешите и совершаете ошибки днём и ночью, а Я прощаю все грехи. Просите же у Меня прощения, и Я прощу вас. О рабы Мои! Вы никогда не сможете ни причинить Мне вред, ни принести Мне пользу!

О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, обрели такую же богобоязненность, какой исполнено сердце самого богобоязненного из вас, это ничего не прибавило бы к Моей безграничной власти и Моим сокровищам. О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, обрели такое же нечестие, каким исполнено сердце самого нечестивого из вас, Моя безграничная власть и Мои сокровища от этого нисколько не уменьшились бы. О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, собрались в одном месте и попросили Меня (каждый – о том, в чём нуждается), а Я дал бы каждому просимое, Моя безграничная власть и Мои сокровища ничуть не уменьшились бы; если бы и уменьшились, то лишь на величину капли, оставшейся на кончике иглы после того, как её погрузили в море и вынули обратно.

О рабы Мои! Поистине, (для Меня) главное – ваши деяния! Я учту их все до единого, а затем сполна воздам вам за них. Пусть же тот, кто увидит благо, воздаст хвалу Аллаху, а тот, кто увидит иное (то есть зло), не винит и не порицает никого, кроме самого себя».

Саид рассказывал: «Когда Абу Идрис аль-Хауляни передавал этот хадис, он садился на колени» (Муслим: 2577; Ахмад: 21420).

Ахмад ибн Ханбал (да помилует его Аллах) сказал: «Среди жителей Шама нет хадиса более досточтимого, чем этот».