Хадис

Игі істерде жарысу

Состязание в благих делах

Риядус-салихин, 10-тақырып · 8 хадис · № 87–94

Хадистер

«فَاسْتَبِقُوا الْخَيْرَات» «Көп жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят).

«وَسَارِعُوا إِلَى مَغْفِرَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ أُعِدَّتْ لِلْمُتَّقِينَ» «Раббыларыңның кеңдігі мен кешіріміне және шынайы тақуалар үшін әзірленген ені жеті қат көк пен жердей болған ұжмаққа асығыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят).

«Так соревнуйтесь же друг с другом в благих делах» (сура «Бакара», 2:148).

«Устремитесь же к прощению вашего Господа и к Раю, чьи просторы подобны небесам и земле, и который уготован для истинно богобоязненных людей» (сура «Али Имран», 3:133).

87
Риядус-салихин, № 87Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا بِالأَعْمَال فتنًا كقطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ، يُصْبحُ الرَّجُلُ مُؤْمِنًا وَيُمْسِى كَافِرًا، وَيُمْسِى مُؤْمِنًا ويُصبحُ كَافِرًا، يَبيعُ دِينَهُ بعَرَضٍ مِنَ الدُّنيا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар, өйткені жақын келешекте жер бетінде тас қараңғы түннің түнектеріндей көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде кісі таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір1, кешке кәпір болса, таңертең мүмін болып, тұрақсыз күй кешеді. Еш ойланбастан болмашы дүниеге бола дінін сатады», – деп айтты» – деген. (Муслим: 313; Ахмад: 8030).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Спешите совершать благие и праведные дела, ибо в ближайшем будущем на земле распространятся многочисленные смуты, подобные сгусткам мрака непроглядной ночи. В то время человек, будучи утром верующим, к вечеру станет кафиром1, а будучи вечером кафиром, к утру станет верующим, пребывая в неустойчивом состоянии. Не раздумывая, он продаст свою религию ради ничтожной мирской выгоды» (Муслим: 313; Ахмад: 8030).

  1. 1Бұл хадистегі «кәпір» сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік білдірмейтін, рақыметі жоқ адам мағынасында.
  1. 1В этом хадисе слово «кафир» означает либо истинного неверующего, отрёкшегося от религии, либо неблагодарного и немилосердного человека, не проявляющего благодарности за дарованные Аллахом блага.
88
Риядус-салихин, № 88

عَنْ أَبِى سِروْعَة – بكسر السين الْمهملة وفتحها – عُقبةَ بْنِ الْحارث، قَالَ: صَلَّيتُ وَرَاءَ النَّبِيّ ﷺ بِالْمَدِينَةِ الْعَصْرَ، فَسَلَّمَ ثُمَّ قَامَ مُسْرِعًا، فَتَخَطَّى رِقَابَ النَّاسِ إِلَى بعْضِ حُجَرِ نِسَائِهِ، فَفَزِعَ النَّاسُ مِنْ سُرْعَتِهِ، فَخَرَجَ عَلَيْهمْ، فَرأى أَنَّهمْ قَدْ عَجبُوا مِنْ سُرعَتهِ، قَالَ: «ذَكَرتُ شَيْئًا مِنْ تِبرٍ عِنْدَنَا فَكَرِهتُ أَنْ يَحْبِسَنِى فَأَمَرتُ بِقِسْمَتِهِ» رواه الْبخارِى.

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «كُنتُ خَلَّفتُ فِى الْبَيْتِ تِبرًا مِنَ الصَّدَقةِ فَكَرِهتُ أَنْ أُبَيِّتَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сируаға Уқба ибн әл-Харис (р.а.): «Бірде екінті намазын Мәдинада Пайғамбарымыздың ﷺ артында тұрып оқыдым. Сонда Алла елшісі сәлем берді де, орнынан тұрып, отырған адамдардың арасымен тез жүріп отырып, жұбайларының бірінің бөлмесіне кіріп кетті. Ел-жұрт оның мұншалықты асығыс ісінен үрейленіп қалды. Содан көп ұзамай қайта шықты да, мұншалықты асығыс қимылдағанына сахабаларының таң қалып отырғанын көрді де: «Бізде тұрған бір кішкене алтын есіме түсіп кетті. Соның ойымды бөліп, Аллаға бет бұруыма кедергі келтіргенін қаламадым, сөйтіп, оны (мұқтаждарға) үлестіріп беруді бұйырдым», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 851; Ахмад: 16151).

Басқа бір риуаятта: «Бір кішкене алтынды садақаға берем деп үйге қойып қойған едім, соның түні бойы үйімізде тұрғанын қаламадым», – деп келген. (Бұхари: 1430)

Орысша аудармасы

Абу Сирваа Укба ибн аль-Харис (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я совершал послеполуденную молитву в Медине позади Пророка ﷺ. Завершив молитву приветствием, Посланник Аллаха ﷺ сразу поднялся, быстро прошёл среди сидевших людей и вошёл в комнату одной из своих жён. Люди испугались его необычайной поспешности. Вскоре он вышел, увидел, что сподвижники удивлены его поспешным уходом, и сказал: “Я вспомнил о небольшом количестве золота, хранившемся у нас. Я не хотел, чтобы оно отвлекало мои мысли и мешало мне обращаться к Аллаху, поэтому распорядился раздать его нуждающимся”» (Аль-Бухари: 851; Ахмад: 16151).

В другом предании сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Я оставил дома небольшое количество золота, намереваясь раздать его в качестве милостыни, и не хотел, чтобы оно оставалось у нас всю ночь» (Аль-Бухари: 1430).

89
Риядус-салихин, № 89Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر، قَالَ: قَالَ رجل لِلنَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ أُحُد: أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلتُ فَأَيْنَ أَنَا؟ قَالَ: «في الْجنَّةِ» فَأَلْقَى تَمَرَاتٍ كُنَّ فِى يَدِهِ، ثُمَّ قَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Ұхұд шайқасы болған күні бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Егер (осы шайқаста) жау қолынан қаза тапсам, (о дүниеде) қайда боламын?» – дегенде, оған: «Жаннатта боласың», – деді. Сонда ол бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салды, содан кейін (қиян-кескі ұрысқа кірді де), жау қолынан қаза тапқанша аянбай шайқасты», – деп айтты. (Бұхари: 4046; Муслим: 4913; Ахмад: 14314).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «В день битвы при Ухуде один человек спросил нашего Пророка ﷺ: “Если (в этом сражении) я погибну от рук врага, где окажусь (в ином мире)?” Он ответил: “Ты будешь в раю”. Тогда тот человек сразу же отбросил финики, которые держал в руке и ещё не успел доесть, после чего (вступил в ожесточённый бой и) сражался, не щадя себя, пока не погиб от рук врага» (Аль-Бухари: 4046; Муслим: 4913; Ахмад: 14314).

90
Риядус-салихин, № 90Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الصَّدَقَةِ أَعْظَمُ أَجْرًا؟ قَالَ: «أَنْ تَصَدَّقَ وَأَنْتَ صَحيحٌ شَحيحٌ، تَخشَى الْفَقرَ وتَأمُلُ الْغِنَى، وَلَا تُمهِلْ حَتَّى إِذَا بَلَغتِ الْحُلقُومَ قُلْتَ لِفُلَان كذا ولِفُلَانٍ كَذا، وقَدْ كَانَ لِفُلَانٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Қандай садақаның сауабы зор?» – деп сұрағанда, оған: «Денсаулығың мықты болғанда, кедей боп қалудан қорқып, бойыңды сараңдық билегенде және байыған үстіне байи түсуден үміттенгеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаны жан алқымға келіп, «мынаншасы пәленшенікі, мынаншасы да түгеншенікі» дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма, өйткені өлген соң жиған-терген дүниең онсыз да пәленше мен түгеншенікі болады», – деп жауап берді», – деген. (Бұхари: 1419; Муслим: 2382; Ахмад: 7159).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Один человек пришёл к Пророку ﷺ и спросил: “О Посланник Аллаха! За какую милостыню полагается наибольшая награда?” Он ответил: “Наибольшую награду ты получишь за милостыню, которую подашь, когда будешь здоров, когда тобой будет владеть скупость, когда ты будешь бояться обеднеть и надеяться ещё больше разбогатеть. Не откладывай выплату закята и раздачу милостыни до того предсмертного мгновения, когда душа подступит к горлу и ты станешь говорить: ‘Столько-то – такому-то, а столько-то – другому’, ведь после твоей смерти всё накопленное тобой богатство и без того достанется другим”» (Аль-Бухари: 1419; Муслим: 2382; Ахмад: 7159).

91
Риядус-салихин, № 91Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أخذ سيفًا يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالَ: «مَنْ يَأْخُذُ منِّى هَذَا؟» فَبَسطُوا أيدِيَهُمْ كُلُّ إِنسَانٍ مِنْهُمْ يقُولُ: أَنَا أَنَا. قَالَ: «فَمَنْ يَأْخُذُهُ بحَقِّه؟» فَأَحْجَمَ الْقَومُ فَقَالَ أَبُو دُجَانَةَ: أنا آخُذُهُ بِحَقِّهِ، فأخذه فَفَلقَ بِهِ هَامَ الْمُشْرِكِينَ

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ Ухуд күні қолына қылыш алып: «Менен мынаны кім алады?» – дейді. Адамдардың барлығы қолдарын созып, әрбірі: «Мен, мен», – деп қол созады. Сонда Алла елшісі: «Кім оны хақысымен алады?» – дегенде, бүкіл қауым іркіліп қалады. Сонда Әбу Дужана: «Мен оны хақысымен аламын», – деп оны алып, онымен мүшріктердің бастарын қақ айырды. (Муслим: 6353; Ахмад: 12235).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передаёт, что в день битвы при Ухуде Посланник Аллаха ﷺ взял в руку меч и спросил: «Кто возьмёт его у меня?» Все присутствующие протянули к нему руки, и каждый восклицал: «Я! Я!» Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: «Кто возьмёт его и исполнит должное?» Все замялись. Тогда Абу Дуджана сказал: «Я возьму его и исполню должное». Он взял меч и рассекал им головы многобожников. (Муслим: 6353; Ахмад: 12235).

92
Риядус-салихин, № 92

عَنْ الزبير بْنِ عدي، قَالَ: أتينا أنسَ بْنِ مالك فشكونا إِلَيْه مَا نلقى مِنَ الْحَجَّاجِ. فَقَالَ: «اصْبرُوا؛ فَإِنَّهُ لَا يَأْتي زَمَانٌ إِلَّا وَالَّذِى بَعْدَهُ شَرٌّ مِنهُ حَتَّى تَلقَوا رَبَّكُمْ» سَمِعتُهُ مِنْ نَبِيِّكُمْ ﷺ

Қазақша аудармасы

Зубәйр ибн Ади (р.а.): «Әнәс ибн Мәликке (р.а.) барып, Хажжаждан1 көріп жүрген көресімізді айтып шағымдандық. Сонда ол: «Сабыр етіңдер. Өйткені бұдан кейін қандай заман келсе де, одан кейінгі заман одан да жаман болады. Раббыларыңа қауышқанға дейін солай жалғасады. Мен мұны пайғамбарларыңнан ﷺ естідім», – деді», – деп айтқан. (Бұхари: 7068; Ахмад: 12162).

Орысша аудармасы

Зубайр ибн Ади (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мы пришли к Анасу ибн Малику (да будет доволен им Аллах) и пожаловались ему на притеснения, которые терпели от аль-Хаджжаджа1. Тогда он сказал: “Терпите. Ибо какое бы время ни наступило после нынешнего, следующее за ним окажется ещё хуже. Так будет продолжаться до тех пор, пока вы не встретите своего Господа. Я слышал это от вашего Пророка ﷺ”» (Аль-Бухари: 7068; Ахмад: 12162).

  1. 1Залым Хажжаж деген лақаппен танымал болған әмәуилік қолбасшы әрі саяси қайраткер, аты-жөні әл-Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи 660-714 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмәуилік халифа Абдул Мәлик ибн Маруанның ең негізгі қолбасшысы болған. Хажжаж өз дәуіріндегі әмәуилік билікке қарсы шыққандарды аяусыз жазалайтын болған. Сол себепті оған Залым Хажжаж деген лақап тағылған. Хажжаждың ең елеулі саяси-әскери еңбегі исламның алғашқы ғасырында, сахабалар мен табиғиндер дәуірінде пайда болып, мұсылмандар арасында үлкен бүлік шығарған діни радикалды және экстремистік топ – харижилерге қарсы соғыс жүргізіп, олардың негізгі бөлігін жойған. Хажжаж әс-Сәқафи әскери, саяси қайраткер болғанымен, Құран Кәрімді өте көп оқитын кісі болған. Кейбір деректерде Құранды бір аптада толық оқып шығатындығы айтылған, сол үшін ол бірқатар ғалымдарға тапсырма беріп, Құранды алғаш рет теңдей етіп, жеті бөлікке бөлдірген, сондай-ақ, қате оқылмауы үшін Құранның әріптеріне нүктелердің қойылуына мұрындық болған.
  1. 1Аль-Хаджжадж ибн Юсуф ас-Сакафи (660–714) – омейядский военачальник и политический деятель, известный под прозвищем «Хаджжадж Тиран». Он был одним из главных полководцев омейядского халифа Абд аль-Малика ибн Марвана. Хаджжадж безжалостно карал тех, кто выступал против омейядской власти в его время. Именно поэтому он и получил прозвище «Хаджжадж Тиран». Наиболее значительным его политическим и военным достижением была борьба с хариджитами – религиозной радикальной и экстремистской группой, которая появилась в первом веке ислама, в эпоху сподвижников и табиинов, и вызвала большие смуты среди мусульман. В ходе этой борьбы он уничтожил основную часть хариджитов. Хотя Хаджжадж ас-Сакафи был военным и политическим деятелем, он очень много читал Коран. В некоторых источниках говорится, что он прочитывал его целиком за неделю. Поэтому он поручил нескольким учёным впервые разделить Коран на семь равных частей, а также содействовал проставлению точек на коранических буквах, чтобы избежать ошибок при чтении.
93
Риядус-салихин, № 93Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بادِرُوا بِالأَعْمَالِ سَبْعًا، هَلْ تَنْتَظِرُونَ إِلَّا فَقرًا مُنسيًا، أَوْ غِنىً مُطغِيًا، أَوْ مَرَضًا مُفسِدًا، أَوْ هَرَمًا مُفْندًا، أَوْ مَوتًا مُجْهزًا، أَوْ الدَّجَّالَ فَشَرُّ غَائِبٍ يُنْتَظَرُ، أَوْ السَّاعَةَ فالسَّاعَةُ أدهَى وَأَمَرُّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жеті түрлі бәле бастарыңа келмей тұрып, игі істер істеуге асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, денсаулықты құртатын ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымнан алатын ажалды, ғайыптан күтілген нәрселердің ең жаманы – Тажалды, не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқынышты әрі тым ащы болғаны – қиямет-қайым!» – деп айтты» – делінген. (Тирмизи: 2306 «хасан хадис»).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Спешите совершать благие дела, прежде чем вас постигнут семь бедствий! Неужели вы ждёте бедности, заставляющей забыть обо всём; богатства, ведущего к нравственному разложению; болезни, разрушающей здоровье; старости, приводящей к слабоумию; внезапно настигающей смерти; Даджаля – худшего из того, что сокрыто и ожидается в будущем, – или наступления Судного дня? Поистине, самое страшное и горькое из всего перечисленного – Судный час!» (Ат-Тирмизи: 2306; хадис категории «хасан»).

94
Риядус-салихин, № 94Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْمَ خيبر: «لأُعْطِيَنَّ هَذِهِ الرَّايَةَ رَجُلًا يُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يَفتَحُ اللَّهُ عَلَى يَدَيهِ»

قَالَ عُمَرُ: مَا أحبَبْتُ الْإِمَارَة إِلَّا يَوْمَئِذٍ، فَتَسَاوَرتُ لَهَا رَجَاءَ أَنْ أُدْعَى لَهَا، فَدَعا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عليّ بْنِ أَبِى طالب فَأعْطَاهُ إِيَّاهَا، وَقَالَ: «امْشِ وَلا تَلتَفِتْ حَتَّى يَفتَح اللَّهُ عَلَيْكَ» فَسَارَ عليٌّ شيئًا ثُمَّ وَقَفَ ولم يلتفت فصرخ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، عَلَى ماذا أُقَاتِلُ النّاسَ؟ قَالَ: «قاتِلْهُمْ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ ثَلَاث رَسُولُ اللَّهِ، فَإِذَا فَعَلُوا فقَدْ مَنَعوا مِنْكَ دِمَاءهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ إِلَّا بحَقِّهَا، وحسَابُهُمْ عَلَى اللَّه»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ Хайбар жорығы күні: «Мен мына жалауды Алланы және елшісін жақсы көретін, Алла оның қолымен жеңіске жеткізетін бір кісіге беремін», – дейді. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Басшылық лауазымына тек сол күні ғана қызықтым. Бұл іс үшін мені шақырса екен деген үмітпен Алла елшісіне қарай ұмтылдым. Алайда Алла елшісі Әли ибн Әбу Талибті (р.а.) шақырып, байрақты соған берді», – деген. Кейін Алла елшісі Әлиге (р.а.): «Алла саған жеңіс бергенге дейін оң-солыңа қарамай тек алға қарай жүр!» – деп бұйырады. (Әли дереу бұйрыққа бағынып) жүріп кетеді. Сосын сәл жүргеннен кейін тоқтады да, кері бұрылмастан: «Уа, Расулалла! Адамдармен не үшін соғысайын?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі оған: «Олармен Алладан басқа тәңір жоқ әрі Мұхаммед Алланың елшісі деп куәлік айтқанға дейін шайқас. Егер олар соны орындаса, сенен өз жандары мен малдарын қорғап қалады, ал шариғат бойынша кесілетін жазалар мен жүктелетін міндеттердің жөні басқа. (Ал айтқан куәліктерінің шынайы болып, болмағандығына келсек, ол мәселеде) олар Алланың алдында өздері есеп береді», – деп айтқан (Муслим: 6222).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что в день похода на Хайбар Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Я вручу это знамя человеку, который любит Аллаха и Его Посланника и руками которого Аллах дарует победу». Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Никогда прежде я не стремился к командованию – лишь в тот день мне этого захотелось. Я потянулся к Посланнику Аллаха ﷺ, надеясь, что он призовёт именно меня. Однако Посланник Аллаха ﷺ позвал Али ибн Абу Талиба (да будет доволен им Аллах) и вручил знамя ему». Затем Посланник Аллаха ﷺ повелел Али: «Иди только вперёд, не глядя ни направо, ни налево, пока Аллах не дарует тебе победу!» Али (тотчас повинуясь приказу) двинулся вперёд. Пройдя немного, он остановился и, не оборачиваясь, спросил: «О Посланник Аллаха! Ради чего мне сражаться с этими людьми?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Сражайся с ними, пока они не засвидетельствуют, что нет иного божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Посланник Аллаха. Если они сделают это, то защитят от тебя свои жизни и имущество. Исключение составляют наказания и обязанности, предусмотренные шариатом. (Что же касается того, искренне ли они произнесли это свидетельство или нет, то) за это они сами дадут отчёт перед Аллахом» (Муслим: 6222).

Түсіндірме (қазақша)

Тілін кәлимаға келтірген адамдардың барлығы мүмін-мұсылман ретінде қабылданады, ал ауыздарымен айтқан иман жүректерінде бар ма, жоқ па, деген мәселеге келсек, оны тергейтін құзырет адамдарға берілмеген. Өйткені жүректердегі сырды білуші бір Алла ғана. Сондықтан да хадисте бұл мәселе бойынша әркім өз есебін Аллаға береді деп айтылған.

Түсіндірме (орысша)

все люди, произнёсшие свидетельство веры, считаются верующими-мусульманами. Что же касается того, присутствует ли в их сердцах вера, о которой они заявили устами, то люди не вправе выяснять это. Ведь тайны сердец ведомы одному лишь Аллаху. Поэтому в хадисе и сказано, что в этом вопросе каждый сам даст отчёт перед Аллахом.