Хадис

Риядус-салихин, № 98

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
11. Ыждағаттылық жайында
Нөмірі
№ 98 (қазақша басылым реті)
98
Риядус-салихин, № 98Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة رَضي اللَّه عَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يقُومُ مِنَ اللَّيْلِ حَتَّى تَتَفَطَّرَ قَدَمَاهُ فَقُلْتُ لَهُ: لِمَ تَصنَعُ هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَقدْ غَفَرَ اللَّه لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ؟ قَالَ: «أَفَلا أُحِبُّ أَنْ أكُونَ عَبْدًا شَكُورًا»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ түнде екі аяғы бірдей ісініп кеткенше намазда тұратыны жайлы айтылады. Осыған орай Айша (р.а.) былай деген: Бірде оған: «Уа, Расулалла! Неліктен бұлай істейсіз, Алла сіздің өткен және келешек күнәларыңызды толықтай кешірген ғой?» – дегенімде, маған: «Шүкіршіл пенде болуды қалайша қаламайын?» – деп айтты», – деген. (Бұхари: 1130; Муслим: 7124).

«Сахих» хадистер жинағының екеуінде де Мұғира ибн Шұғбадан (р.а.) осы мазмұндағы хадис жеткен.

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передаёт: «Наш Пророк ﷺ по ночам выстаивал молитву до тех пор, пока обе его ноги не опухали. Однажды я спросила его: “О Посланник Аллаха! Почему вы так поступаете? Ведь Аллах полностью простил ваши прошлые и будущие грехи”. Он ответил мне: “Как же мне не стремиться быть благодарным рабом?”» (Аль-Бухари: 1130; Муслим: 7124).

В обоих сборниках хадисов «Сахих» передаётся хадис такого же содержания со слов Мугиры ибн Шубы (да будет доволен им Аллах).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ «өткен және келешек күнәларының толықтай кешірілуі» деген, негізінен, оның күнә атаулыдан толықтай қорғалғандығын меңзейтін «исмат» сипатын білдіреді. Фатх сүресі, 2-аяттың тәпсірінде осы жайлы айтылған.

Түсіндірме (орысша)

упомянутое в хадисе «полное прощение прошлых и будущих грехов» нашего почтенного Пророка ﷺ, по сути, указывает на присущее ему свойство «исмат», означающее его полную защищённость от любых грехов. Об этом говорится в толковании 2-го аята суры «Аль-Фатх».