Хадис

Қартайғанда сауапты істерді көбірек жасауға құлшындыру

Побуждение к умножению благих дел в старости

Риядус-салихин, 12-тақырып · 5 хадис · № 112–116

Хадистер

«أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُمْ مَا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَنْ تَذَكَّرَ وَجَاءكُمُ النَّذِيرُ» «Сендерге ойланып-толғанған адамның (бұл өмірден) ғибрат алып (қыр-сырын) аңғара алатынындай жеткілікті ғұмыр нәсіп етпедік пе? Сонымен қатар, сендерге ескертуші (пайғамбар да) келген болатын» («Фатыр» сүресі, 37-аят).

«Ужель Мы не даровали вам достаточную жизнь, чтобы поразмыслил тот, кто мыслит? И приходил к вам увещеватель» (сура «Фатыр», 35:37).

112
Риядус-салихин, № 112Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «أعْذَرَ اللَّه إِلَى امْرِئٍ أَخَّرَ أجَلَهُ حَتَّى بَلَغَ سِتِّينَ سَنَةً»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла алпыс жас ғұмыр берген пендесінің ешбір сылтауын қабылдамайды», – деп айтқан». (Бұхари: 6419; Ахмад: 7713).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что наш Пророк ﷺ сказал: «Аллах не примет никаких оправданий от Своего раба, которому Он даровал шестьдесят лет жизни» (Аль-Бухари: 6419; Ахмад: 7713).

Түсіндірме (қазақша)

Яғни, пайғамбар жасына келгенше тәубесіне келіп, Құдайға бет бұрмаған, жаратқан Иесін танып, тиісінше құлшылық жасамаған адамның «тағы да біраз өмір сүрсем, құлшылық жасар едім» деген сылтауы қабылданбайды.

Түсіндірме (орысша)

иными словами, не будет принято оправдание человека, который, дожив до возраста Пророка, так и не раскаялся и не обратился к Аллаху, не познал сотворившего его Господа и не поклонялся Ему должным образом, а затем скажет: «Если бы мне было дано прожить ещё немного, я бы стал поклоняться Аллаху».

113
Риядус-салихин, № 113Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: كَانَ عمر يُدْخِلُنِى مَعَ أشْيَاخِ بَدرٍ فكأَنَّ بَعْضَهُمْ وَجَدَ فِى نفسِهِ، فَقَالَ: لِمَ يَدْخُلُ هَذَا معنا ولَنَا أبْنَاءٌ مِثلُهُ؟! فَقَالَ عُمَرُ: إِنَّهُ منْ حَيثُ عَلِمْتُمْ! فَدعانِى ذاتَ يَوْمٍ فَأدْخَلَنِى مَعَهُمْ فما رَأَيْتُ أَنَّهُ دعانِى يَوْمَئِذٍ إِلَّا لِيُرِيَهُمْ، قَالَ: مَا تقُولُون فِى قولِ اللَّه: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ»؟ [الْفتح: 1] فَقَالَ بعضهم: أُمِرْنَا نَحْمَدُ اللَّهَ وَنَسْتَغْفِرُهُ إِذَا نَصَرنَا وَفَتحَ عَلَيْنَا، وَسَكتَ بَعْضُهُمْ فَلَمْ يَقُلْ شَيْئًا. فَقَالَ لي: أَكَذَلِكَ تقُول يَا ابنَ عباسٍ؟ فقلت: لا. قَالَ: فما تقول؟ قُلْتُ: هُوَ أجَلُ رَسُول اللَّهِ ﷺ أعلَمَهُ لَهُ، قَالَ: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» وذَلِكَ علَامةُ أجَلِكَ «فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا» فَقَالَ عمر: مَا أعلم مِنْهَا إِلَّا مَا تقول

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «(Мүміндердің әміршісі) Омар (р.а.) мені Бәдірге қатысқан үлкен сахабалармен бірге (кеңесіп, маңызды мәселелер шешілетін) мәжіліске кіргізетін еді. Бір күні (кеңестегі үлкен кісілердің) кейбірі соған іштей наразы болып: «Біздің балаларымызбен жасты мына бала неліктен бізбен бірге кеңеске кіреді?» – деді. Сонда Омар оларға: «Өздерің білетіндей ол (ілім-білім бұлағы болған) пайғамбар отбасынан», – деп айтты. Бір күні Омар мені арнайы шақыртып, сол үлкен сахабалармен бірге жиынға кіргізді. Сонда оның мені (білімімді) әлгі кісілерге көрсету үшін әдейі шақырғанын білдім. Содан Омар олардан: «Алланың «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде...»[Наср: 1] деген сөзіне қатысты не айтасыңдар?» – деп сұрады. Сонда олардың кейбірі: «Алла бізге жәрдем беріп, жеңіс сыйлағанда, Оған мадақ айтуға және Одан кешірім тілеуге бұйырылдық», – десе, енді бірі еш нәрсе айтпай үнсіз қалды. Сонда Омар маған: «Уа, Аббастың ұлы! Сен де солай дейсің бе?» – деді. Мен: «Жоқ», – дегенімде, ол: «Ендеше, не айтасың?» – деді. Сонда мен: «Ол – Алла елшісінің ﷺ ажалы, Алла оған ажалының таяғанын солай білдірген еді. Алла Тағала: «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде»», – деу арқылы, міне, сол сенің ажалыңның белгісі, ендеше «Мадақ айтып, Раббыңды ұлықта және Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (пендесінің шынайы тәубесін қабыл етуші)»(дегенді айтты)», – дедім. Сонда Омар (р.а.): «Бұл аятқа қатысты сен айтқан тәпсірден басқасын білмеймін», – деді», – деген. (Бұхари: 4970; Ахмад: 3127).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Повелитель верующих Умар (да будет доволен им Аллах) допускал меня на собрания, где вместе со старшими сподвижниками, участвовавшими в битве при Бадре, обсуждались и решались важные вопросы. Однажды некоторые из старейшин выразили недовольство и сказали: “Почему этот юноша, ровесник наших сыновей, присутствует на совете вместе с нами?” Тогда Умар ответил им: “Как вам известно, он происходит из семьи Пророка, которая является источником знаний”. Однажды Умар специально вызвал меня и пригласил на собрание вместе с этими старшими сподвижниками. Тогда я понял, что он намеренно позвал меня, чтобы показать им мои знания.

Затем Умар спросил их: “Что вы скажете о словах Аллаха: ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’ (сура ‘Наср’, 110:1)?” Некоторые из них ответили: “Нам велено воздавать Аллаху хвалу и просить у Него прощения, когда Он окажет нам помощь и дарует победу”, – а другие хранили молчание. Тогда Умар спросил меня: “О сын Аббаса! Ты тоже так считаешь?” Я ответил: “Нет”. Он спросил: “Что же ты скажешь?” Я ответил: “Это указание на приближение смерти Посланника Аллаха ﷺ: таким образом Аллах сообщил ему, что его кончина близка. Словами ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’ Аллах Всевышний сообщил: ‘Это будет признаком приближения твоей смерти. Поэтому прославляй своего Господа, воздавая Ему хвалу, и проси у Него прощения! Поистине, Он – ат-Тавваб (Принимающий искреннее покаяние Своего раба)’”. Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: “Я не знаю иного толкования этого аята, кроме того, которое ты изложил”» (Аль-Бухари: 4970; Ахмад: 3127).

114
Риядус-салихин, № 114Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مَا صلّى رَسُول اللَّهِ ﷺ صلاةً بَعْدَ أَنْ نَزَلتْ عَلَيْهِ: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» إِلَّا يَقُولُ فِيهَا: «سُبحَانَكَ رَبَّنَا وَبِحَمْدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لي» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين عَنْهَا: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكْثِرُ أَنْ يقُولَ فِى ركُوعِه وسُجُودهِ: «سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا وَبِحَمدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى»، يَتَأَوَّلُ الْقُرآنَ. معنى: «يَتَأَوَّلُ الْقُرآنَ» أي يعمل مَا أُمِرَ بِهِ فِى الْقرآن فِى قوله تَعَالَى: «فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ».

وَفِى رِوَايَة لمسلم: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكثِرُ أَنْ يَقُولَ قَبلَ أَنْ يَمُوتَ: «سُبحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمدِكَ أَسْتَغْفِرُكَ وَأتُوبُ إِلَيْكَ». قَالَتْ عَائِشَة: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا هَذِهِ الْكَلِماتُ الَّتِى أَرَاكَ أحْدَثْتَها تَقُولُهَا؟ قَالَ: «جُعِلَتْ لِى عَلَامَةٌ فِى أُمَّتِى إِذَا رَأَيْتُها قُلتُها «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» … إِلَى آخِرِ السورة».

وَفِى رِوَايَة لَهُ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُكثِرُ مِنْ قَولِ: «سبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمدِهِ أسْتَغفِرُ اللَّهَ وأتُوبُ إِلَيْهِ». قَالَتْ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَراكَ تُكثِرُ مِنْ قَولِ سُبحَانَ اللَّهِ وَبِحَمدهِ أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وأتُوبُ إِلَيْه؟ فَقَالَ: «أخبَرَنِى رَبِّى أنِّى سَأرَى عَلَامَةً فِى أُمَّتي فإِذا رَأَيْتُها أَكْثَرْتُ مِنْ قَولِ: سُبْحَانَ اللَّهِ وبِحَمدهِ أَسْتَغْفرُ اللَّهَ وَأَتُوبُ إِلَيْه فَقَدْ رَأَيْتُهَا: «إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ» فتح مكّة، «وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِى دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجًا، فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «Алланың жәрдемі мен жеңісі келген кезде» деп басталатын «Насыр» сүресі, түскеннен бастап әр намазда: «Субханәкә Раббәнә, уә бихамдикә, Аллаһуммағфир ли!» (Уа, Раббымыз! Сен мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, Өзіңді дәріптеп, мадақтаймын. Уа, Алла, мені кешіре көр!) – деп айтатын болды», – деген (Бұхари: 4967; Муслим: 1087; Ахмад: 26161).

«Сахих» хадистер жинағының екеуінде Айшадан (р.а.) жеткен хадис мәтінінде: «Алла елшісі намаздағы рукуғы мен сәждесінде Құранмен амал етіп: «Субханәкә Аллаһумма, Раббәнә уә бихамдикә, Аллаһуммағфир ли!» (Уа, мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Алла, уа, Раббымыз Өзіңе мадақ айтамын, уа, Алла мені кешіре көр!), – деп көп айтатын еді», – деген. (Бұхари: 817; Муслим: 1085).

Имам Муслим жеткізген хадис мәтінінде: «Алла елшісі қайтыс болардан бұрын: «Суханәкә Аллаһуммә, уә бихамдикә, әстағфирукә уә әтубу иләйкә!» (Уа, мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Алла, Өзіңе мадақ айтамын, Өзіңнен кешірім тілеп, Өзіңе тәубе етемін!), – деп көп айтатын. Айша: Сонда мен: «Уа, Расулалла! Соңғы кездерде айтып жүрген мына сөздеріңіз не?» – деп сұрағанымда, маған: «Үмбетімде маған көрсетілген бір белгі бар, соны көргенде осылай айтамын деді де, «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде...»», – деп сүренің соңына (дейін оқыды)», – деген. (Муслим: 1086)

Имам Муслимнің тағы бір риуаятында: «Алла елшісі: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» (Мінсіз, кемшілік атаулыдан ада болған Аллаға мақтау мен шүкіршілік айтамын, Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін!), – деп жиі айтатын. Айша (р.а.): Сонда мен: «Уа, Расулалла! Сіздің: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» – деген сөзді көп айтып жүргеніңізді көріп жүрмін...?» – дегенімде, ол маған: «Раббым маған үмбетімнен бір белгі көретінімді хабарлады. Сол белгіні көргенімде: «Субханаллаһи уә бихамдиһи, әстәғфируллаһа уә әтубу иләйһи!» – деген сөзді көп айтуым керек. Мен оны анық көрдім, ол – «Алланың жәрдемі мен ұлы жеңісі келген кезде», – деген белгі, яғни Меккенің алынуы... «Сондай-ақ адамдардың лек-легімен Алланың дініне кіріп жатқанын көргеніңде, (міне сонда) Раббыңды мадақтап, ұлықта һәм Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (кез келген пендесінің шынайы тәубесін қабыл етуші)» (Наср сүресі, 2-3)», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1088)

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «После ниспослания суры “Ан-Наср”, начинающейся словами: “Когда придут помощь Аллаха и победа…”, Посланник Аллаха ﷺ во время каждой молитвы стал произносить: “Субханака Раббана ва бихамдика, Аллахумма гфир ли!” – “О наш Господь! Ты пречист и свободен от всякого недостатка; я прославляю Тебя и воздаю Тебе хвалу. О Аллах, прости меня!”» (Аль-Бухари: 4967; Муслим: 1087; Ахмад: 26161).

В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах) и приведённом в обоих сборниках «Сахих», говорится: «Исполняя предписание Корана, Посланник Аллаха ﷺ часто произносил во время поясных и земных поклонов: “Субханака Аллахумма, Раббана ва бихамдика, Аллахумма гфир ли!” – “О Аллах, пречистый и свободный от всякого недостатка! О наш Господь, Тебе воздаю хвалу! О Аллах, прости меня!”» (Аль-Бухари: 817; Муслим: 1085).

В версии хадиса, переданной имамом Муслимом, сообщается: «Незадолго до своей кончины Посланник Аллаха ﷺ часто произносил: “Субханака Аллахумма ва бихамдика, астагфирука ва атубу иляйка!” – “О Аллах, пречистый и свободный от всякого недостатка! Тебе воздаю хвалу, у Тебя прошу прощения и перед Тобой каюсь!”» Аиша продолжила: «Тогда я спросила: “О Посланник Аллаха! Что это за слова, которые Вы стали произносить в последнее время?” Он ответил мне: “Мне было указано знамение, связанное с моей общиной; увидев его, я произношу эти слова”. Затем он прочитал: “Когда придут помощь Аллаха и великая победа…” – и дочитал суру до конца» (Муслим: 1086).

В другой версии имама Муслима сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ часто произносил: “Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!” – “Прославляю пречистого и свободного от всякого недостатка Аллаха и воздаю Ему хвалу и благодарность; прошу у Аллаха прощения и каюсь перед Ним!”»

Аиша (да будет доволен ею Аллах) продолжила: «Тогда я спросила: “О Посланник Аллаха! Я вижу, что Вы часто произносите слова: ‘Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!’” Он ответил мне: “Мой Господь сообщил мне, что я увижу среди своей общины определённое знамение. Увидев его, я должен буду часто произносить: ‘Субханаллахи ва бихамдихи, астагфируллаха ва атубу иляйхи!’ И я ясно увидел его. Этим знамением стали слова: ‘Когда придут помощь Аллаха и великая победа…’, то есть завоевание Мекки, а также: ‘Когда увидишь, как люди толпами входят в религию Аллаха, тогда прославляй своего Господа, воздавая Ему хвалу, и проси у Него прощения! Поистине, Он – ат-Тавваб (Принимающий искреннее покаяние любого из Своих рабов)’ (сура ‘Наср’, 110:2–3)”» (Муслим: 1088).

115
Риядус-салихин, № 115Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى تَابَعَ الْوَحيَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَبلَ وَفَاتهِ حَتَّى تُوُفِّيَ أَكْثَرَ مَا كَانَ الْوَحْيَ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Тағала Алла елшісіне ﷺ дүниеден озатын шағына дейін үздіксіз уахи түсіріп тұрды. Алла елшісі өзіне бұрынғыға қарағанда ең көп уахи түскен шақта дүние салған еді», – деп айтқан (Бұхари: 4982; Муслим: 7524; Ахмад: 13479).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Аллах Всевышний непрерывно ниспосылал Посланнику Аллаха ﷺ откровения вплоть до самой его кончины. Посланник Аллаха ﷺ покинул этот мир в то время, когда ему ниспосылалось больше откровений, чем когда-либо прежде» (Аль-Бухари: 4982; Муслим: 7524; Ахмад: 13479).

116
Риядус-салихин, № 116Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُبْعَثُ كُلُّ عَبْدٍ عَلَى مَا مَاتَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Әр пенде қандай күйде (қандай іс үстінде) жан тапсырған болса, дәл солай тіріледі», – деп айтты» – деген. (Муслим: 7232; Ахмад: 14543,14722).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый раб будет воскрешён в том же состоянии (за тем же делом), в котором его застигла смерть» (Муслим: 7232; Ахмад: 14543, 14722).