عَنْ أَبِى فِراسٍ ربيعةَ بْنِ كعبٍ الْأسلميِّ خادِمِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، ومن أَهْلِ الصُّفَّةِ قَالَ: كُنْتُ أبِيتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فآتِيهِ بِوَضُوئِهِ وَحَاجَتِهِ، فَقَالَ: «سَلْنِى» فقُلْتُ: اسْأَلُكَ مُرَافَقَتَكَ فِى الْجَنَّةِ. فَقَالَ: «أَوَ غَيْرَ ذَلِكَ»؟ قُلْتُ: هُوَ ذَاكَ، قَالَ: «فأَعِنِّى عَلَى نَفْسِكَ بِكَثْرَةِ السُّجُودِ»
Алла елшісінің ﷺ қызметшісі әрі суффалықтардан1 болған Әбу Фирас Рабиға ибн Кағб әл-Әсләми (р.а.): «Кезінде Алла елшісінің жанында түнейтін едім. Сөйтіп оған (қызмет етіп) дәрет суы мен керек-жарағын жеткізіп беріп тұратынмын. Бірде ол маған: «Менен қалағаныңды сұра», – деді. Сонда мен: «Жаннатта сізбен бірге болуды сұраймын», – дегенімде, маған: «Одан басқа нәрсе сұрамайсың ба?» – деді. Мен: «(Сұрайтыным) тек сол ғана», – дедім. Сонда Алла елшісі маған: «Ендеше көп сәжде жасау арқылы өзің үшін маған жәрдем бер2», – деп айтты», – деген. (Муслим: 1094).
Слуга Посланника Аллаха ﷺ Абу Фирас Рабиа ибн Кааб аль-Аслами (да будет доволен им Аллах), принадлежавший к числу обитателей Суффы1, рассказывал: «Я ночевал рядом с Посланником Аллаха ﷺ и, прислуживая ему, приносил воду для омовения и всё необходимое. Однажды он сказал мне: “Проси у меня чего пожелаешь”. Я сказал: “Прошу, чтобы в раю я был вместе с вами”. Он спросил: “А чего-нибудь другого ты не хочешь попросить?” Я ответил: “(Прошу) только об этом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “В таком случае помоги мне добиться этого для тебя, совершая как можно больше земных поклонов2”» (Муслим: 1094).