عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ حُذَيفَةَ بْنِ الْيمانِ، قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيّ ﷺ ذَاتَ لَيلَةٍ فَافْتَتَحَ الْبقَرَةَ، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ عِنْدَ الْمئَةِ، ثُمَّ مَضَى. فَقُلْتُ: يُصَلِّى بِهَا فِى ركعَة فَمَضَى، فقُلْتُ: يَرْكَعُ») بِهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ النِّسَاءَ فَقَرَأَهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ آلَ عِمْرَانَ فَقَرَأَهَا، يَقرَأُ مُتَرَسِّلًا: إِذَا مَرَّ بآية فِيهَا تَسبيحٌ سَبَّحَ، وَإِذَا مَرَّ بسُؤَالٍ سَأَلَ، وَإِذَا مَرَّ بتَعَوُّذٍ تَعَوَّذَ، ثُمَّ رَكَعَ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْعَظِيمِ» فَكَانَ رُكُوعُهُ نَحوًا مِنْ قِيَامِهِ، ثُمَّ قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ» ثُمَّ قَامَ طَويلًا قَرِيبًا مِمَّا رَكَعَ، ثُمَّ سَجَدَ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْأَعْلَى» فَكَانَ سُجُودُهُ قَرِيبًا مِنْ قِيَامِهِ
Әбу Абдуллаһ Хузайфа ибн әл-Иәман (р.а.) былай деген: «Бірде түн ішінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге (тәһәжжуд) намазын оқыдым. Сонда ол намазды Бақара сүресімен бастады. Сол кезде ішімнен жүзінші аятта рукуғ жасайтын шығар дедім, алайда одан ары жалғастырып оқи берді. Содан ішімнен бір рәкағатты осы сүремен тәмамдайтын шығар дедім, алайда (келесі сүреге өтіп) жалғастырып оқи берді. Соны тәмамдап, рукуғқа баратын шығар дедім, алайда одан кейін Ниса сүресін бастап, соңына дейін оқыды, сосын Әли Имран сүресін бастап, оны да толық оқыды. Оқығанда да әр әріпті нақышына келтіріп, байыппен оқыған еді. Тиләуәт барысында ішінде Алланы дәріптеу сөздері болған аятты оқығанда, (Субханалла деп), Алланы дәріптеумен болды. Сондай-ақ дұға аятын оқыса, дұға жасап, Аллаға сиыну аятын оқыса, сиынып отырды. Содан соң рукуғ жасап: «Субхана Раббиял-Азим! (Ұлы Раббым мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!)», – деп айта бастады. Сөйтіп рукуғ жасауы шамамен қиямда тұрғандай уақытқа созылды. Содан кейін: «Сәмиғаллаһу лимән хамидаһ (Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді)», «Раббәнә ләкәл-хәмд! (Уа, Раббымыз! Бар мадақ пен шүкіршілік бір Өзіңе тән!)», – деп айтумен болды. Сөйтіп шамамен рукуғта тұрған уақыттай ұзақ уақыт қиямда тұрды. Сосын сәжде жасап: «Субхана Раббиял-Ағлә! (Бәрінен асқақ Раббым мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!)», – деп айтумен болды және сәждесі де шамамен қиямда тұрғандай ұзақ болды». (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).
Абу Абдуллах Хузайфа ибн аль-Яман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ночью я совершал молитву тахаджуд вместе с Пророком ﷺ. Он начал молитву с суры “Аль-Бакара”. Я подумал: “Наверное, он совершит поясной поклон после сотого аята”, однако он продолжил чтение. Тогда я подумал: “Наверное, он завершит этот ракаат данной сурой”, но чтение продолжалось. Я подумал: “Закончив её, он, вероятно, совершит поясной поклон”, однако он продолжил читать дальше, перейдя к следующей суре – “Ан-Ниса”, которую прочитал до конца, а затем начал суру “Али Имран” и также прочитал её полностью. Читал он неторопливо, отчётливо произнося каждую букву. Когда при чтении ему встречался аят, содержавший слова прославления Аллаха, он произносил: “Субханаллах”, – и прославлял Аллаха. Когда ему встречался аят с мольбой, он обращался к Аллаху с мольбой, а когда читал аят с обращением за защитой к Аллаху, просил у Него защиты.
Затем он совершил поясной поклон и стал произносить: “Субхана Раббияль Азым! (Мой Великий Господь пречист и свободен от всякого недостатка!)” Поясной поклон продолжался примерно столько же, сколько предшествующее стояние в молитве. Затем, выпрямившись, он произносил: “Сами‘аллаху лиман хамидах (Аллах слышит того, кто восхваляет Его)”, “Раббана лякаль хамд! (О наш Господь! Вся хвала и благодарность принадлежат Тебе одному!)” После этого он оставался стоять примерно столько же времени, сколько провёл в поясном поклоне. Затем он совершил земной поклон и стал произносить: “Субхана Раббияль А‘ля! (Мой Всевышний Господь пречист и свободен от всякого недостатка!)” Его земной поклон продолжался примерно столько же, сколько стояние в молитве» (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).