Хадис

Риядус-салихин, № 111

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
11. Ыждағаттылық жайында
Нөмірі
№ 111 (қазақша басылым реті)
111
Риядус-салихин, № 111

عَنْ سعيد بْنِ عبد الْعزيز، عَنْ ربيعة بْنِ يزيد، عَنْ أَبِى إِدرِيس الْخولاني، عَنْ أَبِى ذر جندب بْنِ جُنادة، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فيما يروي، عَنْ اللَّهِ تَبَارَكَ وتَعَالَى، أَنَّهُ قَالَ: «يَا عِبَادي، إِنِّى حَرَّمْتُ الظُلْمَ عَلَى نَفْسي وَجَعَلْتُهُ بيْنَكم مُحَرَّمًا فَلَا تَظَالَمُوا. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ ضَالّ إِلَّا مَنْ هَدَيْتُهُ فَاستَهدُونِى أهْدِكُمْ. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ جَائِعٌ إِلَّا مَنْ أطْعَمْتُهُ فَاستَطعِمُونِى أُطْعِمْكُمْ. يَا عِبَادي، كُلُّكُمْ عَارٍ إِلَّا مَنْ كَسَوْتُهُ فاسْتَكْسُونِى أكْسُكُمْ. يَا عِبَادي، إِنَّكُمْ تُخْطِئُونَ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَأَنَا أغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا فَاسْتَغْفِرُونِى أغْفِرْ لَكُمْ. يَا عِبَادي، إِنَّكُمْ لَنْ تَبْلُغوا ضُرِّى فَتَضُرُّوني، وَلَنْ تَبْلُغُوا نَفعِى فَتَنْفَعُوني. يَا عِبَادي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أتْقَى قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا زَادَ ذَلِكَ فِى مُلكِى شيئًا. يَا عِبَادي، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ كَانُوا عَلَى أفْجَرِ قَلْبِ رَجُلٍ وَاحِدٍ مِنْكُمْ مَا نَقَصَ ذَلِكَ من مُلكِى شيئًا. يَا عِبَادِى، لَوْ أَنَّ أَوَّلَكُمْ وَآخِرَكُمْ وَإِنْسَكُمْ وَجنَّكُمْ قَامُوا فِى صَعِيدٍ وَاحِدٍ فَسَألُونِى فَأعْطَيتُ كُلَّ إِنْسَانٍ مَسْألَتَهُ مَا نَقَصَ ذَلِكَ مِمَّا عِنْدِى إِلَّا كَمَا يَنْقصُ الْمِخْيَطُ إِذَا أُدْخِلَ الْبَحْرَ. يَا عِبَادي، إِنَّمَا هِيَ أَعْمَالُكُمْ أُحْصِيهَا لَكُمْ ثُمَّ أوَفِّيكُمْ إِيَّاهَا، فَمَنْ وَجَدَ خَيرًا فَلْيَحْمَدِ اللَّه وَمَنْ وَجَدَ غَيْرَ ذَلِكَ فَلَا يَلُومَنَّ إِلَّا نَفْسَهُ».

قَالَ سعيد: كَانَ أَبُو إِدرِيس إِذَا حَدَّثَ بهذا الْحَدِيث جَثا عَلَى رُكبتيه. رواه مسلم.

وروينا عَنْ الْإِمام أحمد بْنِ حنبل رحمه اللَّه، قَالَ: لَيْسَ لأَهْل الشام حَدِيث أشرف من هَذَا الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Абдулазиз Рабиға ибн Язидтен, ол Әбу Идрис әл-Хауләниден, ол Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунададан (р.а.), ол Пайғамбарымыздан ﷺ берекесі шексіз ұлы Алланың былай дегенін жеткізеді: «Уа, пенделерім! Мен Өзіме зұлымдықты харам қылдым, сондай-ақ оны сендердің араларыңда да харам қылдым. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық жасамаңдар! Уа, пенделерім! Мен тура жолға салған жаннан өзге барлығың адасушысыңдар. Ендеше, Менен тура жолға салуымды сұраңдар, сендерді тура жолға салайын. Уа, пенделерім! Мен тамақтандырғаннан өзге барлығың ашсыңдар. Ендеше, Менен өздеріңді тамақтандыруымды сұраңдар, сендерді тамақтандырайын. Уа, пенделерім! Мен киіндіргеннен өзге барлығың жалаңашсыңдар. Ендеше, Менен өздеріңді киіндіруімді сұраңдар, сендерді киіндірейін. Уа, пенделерім! Шынында сендер күніз-түні күнә-қателік жасайсыңдар, ал Мен күнәлардың барлығын кешіремін. Ендеше, Менен кешірім тілеңдер, сендерді кешірейін. Уа, пенделерім! Сендер Маған әсте зиян тигізе алмайсыңдар әрі Маған әсте пайда келтіре алмайсыңдар! Уа, пенделерім! Егер, сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең тақуа кісінің жүрегіндегі ең тақуа халіндей тақуа болса, одан Менің шексіз билігім мен қазынама ештеңе қосылмайды. Уа, пенделерім! Сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың түгелдей араларыңдағы ең азғын кісінің жүрегіндегі ең азғын халіндей азғын болса, одан Менің шексіз билігім мен қазынамнан ештеңе кемімейді. Уа, пенделерім! Сендердің әуелгілерің мен соңғыларың, адамдарың мен жындарың бәрі бір жерге жиналып, Менен (әрқайсысы өзінің) мұң-мұқтажын сұраса, сөйтіп Мен әрбір адамға сұрағанын берсем, одан Менің шексіз билігім мен қазынам еш кемімейді, кемісе де, тек теңізге батырылып алынған иненің ұшындағы тамшыдай ғана болады. Уа, пенделерім! Шынында (Мен үшін) ең маңыздысы – сендердің амалдарың! Амалдарыңды толық есептеймін, содан кейін сендерге соның қарымын толық беремін. Сонда кім жақсылық көрсе, Аллаға мадақ айтсын. Ал одан өзгені (яғни жамандық) көрсе, өзінен басқа ешкімді кінәлап, жазғырмасын».

Сағид: «Әбу Идрис әл-Хаулани осы хадисті айтып, жеткізгенде тізерлеп отыратын болған», – деген. (Муслим: 2577; Ахмад: 21420).

Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін): «Шам халқында осы хадистен асқан шарапатты хадис жоқ», – деп айтқан.

Орысша аудармасы

Саид ибн Абд аль-Азиз передаёт со слов Рабиа ибн Язида, тот – со слов Абу Идриса аль-Хауляни, а тот – со слов Абу Зарра Джундуба ибн Джунады (да будет доволен им Аллах), который передал от нашего Пророка ﷺ следующие слова Великого Аллаха, Чья благодать безгранична: «О рабы Мои! Поистине, Я сделал несправедливость запретной для Самого Себя и запретил её между вами. Поэтому не притесняйте друг друга! О рабы Мои! Все вы заблуждаетесь, кроме тех, кого Я наставил на прямой путь. Просите же Меня наставить вас на прямой путь, и Я наставлю вас. О рабы Мои! Все вы голодны, кроме тех, кого Я накормил. Просите же Меня накормить вас, и Я накормлю вас. О рабы Мои! Все вы наги, кроме тех, кого Я одел. Просите же Меня одеть вас, и Я одену вас. О рабы Мои! Поистине, вы грешите и совершаете ошибки днём и ночью, а Я прощаю все грехи. Просите же у Меня прощения, и Я прощу вас. О рабы Мои! Вы никогда не сможете ни причинить Мне вред, ни принести Мне пользу!

О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, обрели такую же богобоязненность, какой исполнено сердце самого богобоязненного из вас, это ничего не прибавило бы к Моей безграничной власти и Моим сокровищам. О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, обрели такое же нечестие, каким исполнено сердце самого нечестивого из вас, Моя безграничная власть и Мои сокровища от этого нисколько не уменьшились бы. О рабы Мои! Если бы первые и последние из вас, все люди и джинны, собрались в одном месте и попросили Меня (каждый – о том, в чём нуждается), а Я дал бы каждому просимое, Моя безграничная власть и Мои сокровища ничуть не уменьшились бы; если бы и уменьшились, то лишь на величину капли, оставшейся на кончике иглы после того, как её погрузили в море и вынули обратно.

О рабы Мои! Поистине, (для Меня) главное – ваши деяния! Я учту их все до единого, а затем сполна воздам вам за них. Пусть же тот, кто увидит благо, воздаст хвалу Аллаху, а тот, кто увидит иное (то есть зло), не винит и не порицает никого, кроме самого себя».

Саид рассказывал: «Когда Абу Идрис аль-Хауляни передавал этот хадис, он садился на колени» (Муслим: 2577; Ахмад: 21420).

Ахмад ибн Ханбал (да помилует его Аллах) сказал: «Среди жителей Шама нет хадиса более досточтимого, чем этот».