Хадис

Риядус-салихин, № 95

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
11. Ыждағаттылық жайында
Нөмірі
№ 95 (қазақша басылым реті)
95
Риядус-салихин, № 95Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ: مَنْ عادى لِى وَلِيًّا فَقَدْ آذَنْتُهُ بالحَرْبِ، وَمَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدي بشَيْءٍ أَحَبَّ إِلَيَّ مِمَّا افْتَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزَالُ عَبْدِى يَتَقرَّبُ إِلَيَّ بالنَّوافِلِ حَتَّى أحِبَّهُ، فَإِذَا أَحبَبتُهُ كُنْتُ سَمعَهُ الَّذِى يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِى يُبْصِرُ بِهِ، ويَدَهُ الَّتِى يَبْطِشُ بِهَا، وَرِجْلَهُ الَّتِى يَمْشي بِهَا، وَإِنْ سَأَلَنِى أعْطَيْتُهُ، وَلَئِنِ اسْتَعَاذَنِى لأُعِيذَنَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Алла Тағала: «Кімде-кім Маған жақын болған пендеме дұшпандық жасаса, оған міндетті түрде соғыс жариялаймын. Пендем Маған өзіне парыз етілген құлшылықтардан асқан сүйікті нәрсемен жақындаған емес. Сонымен қатар, пендем Маған нәпіл құлшылықтар арқылы одан да жақындай түседі де, нәтижеде, Мен оны жақсы көретін боламын. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын (яғни, оның құлағы тек ізгі дүниелерді ғана тыңдайтын болады, көзі тек мен жақсы нәрселерді ғана көретін болады, қолы Мені разы ететін істерді ғана істейтін болады, аяғы да тек Мен разы болатын жерлерде ғана жүретін болады). Сөйтіп ол Менен (бір нәрсе) сұраса, оған сұрағанын сөзсіз беремін. Егер ол Менен пана тілесе, оған міндетті түрде пана боламын», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6502).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний сказал: “Тому, кто проявит враждебность к Моему рабу, близкому ко Мне, Я непременно объявлю войну. Мой раб не приближается ко Мне ничем более любимым Мною, чем поклонением, которое Я вменил ему в обязанность. Затем Мой раб продолжает приближаться ко Мне посредством добровольных поклонений, пока Я не полюблю его. Когда же Я полюблю его, то стану его слухом, которым он слышит, зрением, которым он видит, рукой, которой он берёт, и ногой, которой он ходит (то есть его слух будет обращён лишь к благому, его глаза будут смотреть только на то, что люблю Я, его руки будут совершать лишь угодные Мне дела, а ноги будут ступать лишь туда, куда Мне угодно). Если после этого он попросит Меня о чём-либо, Я непременно дарую ему просимое. А если попросит у Меня защиты, Я непременно защищу его”» (Аль-Бухари: 6502).