العَوَافِي» جَمْعُ عَافِيَةَ، وهِىَ: كُلَّ طَالِبٍ مِنْ سَبُعٍ وَطَيْرٍ وَدَابَّةٍ وَغَيْرِ ذَلِكَ إِلَّا أَنَّهُ كَثُرَ اسْتِعْماَلُهُ وَغَلَبَ عَلَى السِّبَاعِ وَالطَّيْرِ. وَ« نَعَقَ الرَّاعِى بِالْغَنَمِ» إِذَا دَعَاهَا لِتَعُودَ عَلَيْهِ.
1. Риуаяттың кей нұсқасында تَتْرُكُونَ, яғни «тастап кетесіңдер» делінген.
2. Ибн Хажар Қади Ияздың түсіндірмесін келтіреді: «Бұл хабар айна-қатесіз орындалған. Мәдина әуелде халифаттың орталығы болып, көп адамды өзіне тартқан. Жер жүзінің байлығы осында құйылып, ең гүлденген қалалардың біріне айналды. Халифат орталығы әуелі Шамға, кейін Иракқа көшкенде, Мәдинада бәдәуилер үстемдік құрып, іріткі тарады. Қала тұрғындары біртіндеп көшіп кетті. Сөйтіп, қала жабайы құстар мен жыртқыш аңдардың мекеніне айналды». Хадистегі «ауафи» – «афия» сөзінің көпше түрі, азық іздеген аңды білдіреді.
Нәуәуидің пікірінше, жұрт Мәдинаны ақырзаманда, қиямет жақындағанда тастап кетеді. Ол Мәдинаға соңынан келіп, қаланы жыртқыш аңдар жайлағанын көретін екі қойшы туралы хабарды осыған дәлел етеді.
Нәуәуидің пікірін құптаған Ибн Хажар Имам Мәликтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген мына хадисін де келтіреді: «Мәдина гүлденген шағында қаңырап қалады. Оған қасқырлар не иттер кіріп, мешіттің кей бағандарына немесе мінберге шығып ұлиды». Сахабалар: «Уа, Алла елшісі, сонда Мәдинаның жемістері кімге қалады?» – деп сұрады. Ол: «Азық іздегендерге, яғни құстар мен жабайы аңдарға қалады», – деді.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَتُتْرَكَنَّ الْمَدِينَةُ عَلَى أَحْسَنِ مَا كَانَتْ، حَتَّى يَدْخُلَ الْكَلْبُ أَوِ الذِّئْبُ فَيُغَذِّيَ عَلَى بَعْضِ سَوَارِي الْمَسْجِدِ أَوْ عَلَى الْمِنْبَرِ». فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَلِمَنْ تَكُونُ الثِّمَارُ ذَلِكَ الزَّمَانَ؟ قَالَ: «لِلْعَوَافِي الطَّيْرِ وَالسِّبَاعِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.
Имам Мәлик Әбу Һурайрадан (р.а.) мына хадисті жеткізген. Алла елшісі (с.а.с.): «Мәдина ең гүлденген шағында қаңырап қалады. Оған ит не қасқыр кіріп, мешіттің бір бағанының түбіне немесе мінберге дәрет сындырады», – деді. Сахабалар: «Уа, Алла елшісі, сонда Мәдинаның жемістері кімге қалады?» – деп сұрады. Ол: «Азық іздегендерге, яғни құстар мен жабайы аңдарға қалады», – деді.
Ибн Хажар Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген өзге бір риуаятта Мәдинаға келген екі қойшының ең соңынан тірілетін адамдар болатыны айтылады. Бұл хабар Мәдинаны жабайы аңдар жайлауын ақырзаман белгісі деп түсінгендердің пікірін қуаттайды.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «آخِرُ مَنْ يُحْشَرُ رَجُلَانِ: رَجُلٌ مِنْ مُزَيْنَةَ وَآخَرُ مِنْ جُهَيْنَةَ، فَيَقُولَانِ: أَيْنَ النَّاسُ؟ فَيَأْتِيَانِ الْمَدِينَةَ فَلَا يَرَيَانِ إِلَّا الثَّعَالِبَ، فَيَنْزِلُ إِلَيْهِمَا مَلَكَانِ فَيَسْحَبَانِهِمَا عَلَى وُجُوهِهِمَا حَتَّى يُلْحِقَاهُمَا بِالنَّاسِ». رَوَاهُ عُمَرُ بْنُ شَبَّةَ فِي «أَخْبَارِ الْمَدِينَةِ».
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Ең соңында екі кісі жиналады. Бірі – Музәйна, екіншісі – Жуһайна руынан. Екеуі: “Адамдар қайда?” – деп, Мәдинаға келеді. Қалада түлкіден басқа ештеңе көрмейді. Сол кезде оларға екі періште түсіп, екеуін етпетінен сүйреп, басқа адамдарға қосады».
Осы екеуі өлген соң қайта тірілетін ең соңғы адамдар болады.
Мухәллаб бұл хадисті Мәдинаның қияметке дейін белгілі мекен болып қалатынына дәлел еткен.