Хадис

Кутуб ситтә, № 4598

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
693. Мәдинаның артықшылығы
Нөмірі
№ 4598 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4598
Кутуб ситтә, № 4598 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا كَتَبْنَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا الْقُرْآنَ وَمَا فِي هَذِهِ الصَّحِيفَةِ. قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اَلْمَدِينَةُ حَرَامٌ مَا بَيْنَ عَيْرٍ إِلَى ثَوْرٍ. فَمَنْ أَحْدَثَ فِيهَا حَدَثًا أَوْ آوَى مُحْدِثًا فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ صَرْفًا وَلَا عَدْلًا. ذِمَّةُ الْمُسْلِمِينَ وَاحِدَةٌ، يَسْعَى بِهَا أَدْنَاهُمْ. فَمَنْ أَخْفَرَ مُسْلِمًا فِي ذِمَّتِهِ فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يُقْبَلُ مِنْهُ صَرْفٌ وَلَا عَدْلٌ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. زَادَ أَبُو دَاوُدَ: «لَا يُخْتَلَى خَلَاهَا، وَلَا يُنَفَّرُ صَيْدُهَا، وَلَا تُلْتَقَطُ لُقَطَتُهَا إِلَّا لِمَنْ أَشَادَ بِهَا، وَلَا يَصْلُحُ لِلرَّجُلِ أَنْ يَحْمِلَ فِيهَا السِّلَاحَ لِقِتَالٍ، وَلَا يَقْطَعُ مِنْهَا شَجَرَةً إِلَّا أَنْ يَعْلِفَ الرَّجُلُ بَعِيرَهُ».

Қазақша аудармасы

Әзірет Әли (р.а.) жеткізеді: «Біз Алла елшісінен (с.а.с.) Құран мен осы парақтағыдан басқа ештеңе жазып алған жоқпыз. Алла елшісі (с.а.с.): “Мәдинаның Айр мен Сәур тауларының арасы – харам аймақ. Кімде-кім онда теріс іс жасаса немесе сондай адамды паналатса, оған Алланың, періштелердің және барша адамның лағынеті болады. Алла одан парыз да, нәпіл де қабылдамайды. Мұсылмандардың берген кепілі ортақ. Олардың дәрежесі ең төменінің берген кепілі де бәріне жүреді. Кімде-кім мұсылманның берген кепілін бұзса, оған Алланың, періштелердің және барша адамның лағынеті болады. Одан парыз да, нәпіл де қабылданбайды”, – деді». Әбу Дәуіттің риуаятындағы қосымшада: «Оның шөбі орылмайды, аңы үркітілмейді, жоғалған затын иесін іздеп жар салатын адам ғана алады. Соғысу үшін онда қару алып жүруге болмайды. Адам түйесіне жем беру үшін ғана ағашынан бұтақ кесе алады», – делінген.1

Түсіндірме

عَيْرٌ وَثَوْرٌ» جَبَلَا الْمَدِينَةِ، وَقِيلَ لَيْسَ بِهَا ثَوْرٌ وَلكِنَّهُ بِمَكَّةَ، وَلَعَلَّ الْحَدِيثُ مَا بَيْنَ عَيْرِ إِلَى أُحُدٍ، وَالصَّحِيحُ أَنَّ بِهَا ثَوْرًا. وَ« الْمُحْدِثُ» بِكَسْرِ الدَّالِ: فَاعِلُ الْحَدَثِ، وَبِفَتْحِهَا: الْأَمْرُ الْمُبْتَدَعُ. و» خَفَرْتُ الرَّجُلَ» إِذَا أَمَّنْتُهُ، وَأَخْفَرْتُهُ: إِذَا نَقَضْتُ عَهْدَهُ. وَ« الصَّرْفُ» النَّافِلَةُ. وَ« الْعَدْلُ» اَلْفَرِيضَةُ. وَ« الْإِشَادةُ» رَفْعُ الصَّوْتِ بِالشَّيْئِ، وَالْمُرَادُ تَعْرِيفُ اللُّقَطَةِ وَإِفْشَاؤُهَا.

1. Үш риуаятта да Алла елшісінің (с.а.с.) Мәдинаны қасиетті аймақ деп жариялағаны және оның шамамен қай жерге дейін созылатыны баяндалған. Оңтүстігінде Айр, солтүстігінде Сәур тауы жатыр. Өзге риуаяттарда қаланың шығыс шекарасы шығыс Ләбба, батыс шекарасы батыс Ләбба екені айтылады.

Ағаш кесуге, жабайы аң өлтіруге тыйым салып, тірі табиғатты қорғау әуелде Меккеге тән еді. Меккеліктер бұл тәртіпті Ибраһим пайғамбардың (а.с.) заманынан ұстанып келген. Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаны да осындай қасиетті аймақ деп жариялап, осы тәртіпті сақтау үшін іс жүзіндегі және рухани шаралар белгіледі. Мәдинаның харам аймақ болып жариялануына осы тақырыптың соңында, №4615 хадистен кейін, арнайы тоқталамыз.

Имам Ағзам Әбу Ханифа Мәдинаның харам аймақ болып жариялануына қатысты Әнәстің інісі Әбу Умәйрдің құспен ойнағаны және құстың өлгені туралы хадиске сүйенген. Алла елшісі (с.а.с.) одан يَا أَبَا عُمَيْرٍ، مَا فَعَلَ النُّغَيْرُ؟ «Уа, Әбу Умәйр, кішкентай құсың қайтті?» – деп сұраған. Осыған сүйенген Әбу Ханифа Мәдинаны харам аймақ деп санамаған. Шәфиғи, Мәлик және ғалымдардың көпшілігі оны харам аймақ санаған. Шәфиғи мәзһабының ғалымдары ханафи пікіріне екі түрлі жауап береді.

1. Әбу Умәйрге қатысты оқиға Мәдина харам аймақ болып жарияланғанға дейін болған болуы мүмкін.

2. Құсты харам аймақтан тыс жерде ұстап әкелген болуы мүмкін. Ханафи ғалымдарын екінші жауап қанағаттандырмаған. Олардың айтуынша, тыс жерде ұсталған аң харам аймаққа әкелінген соң, оған да тыйым жүреді.

Шәфиғи, Мәлик және ғалымдардың көпшілігі Мәдинада аң аулауға, аңды өлтіруге және ағаш кесуге тыйым салынғанын айтқан. Олардың пікірінше, бұл тыйымды бұзған адам Меккедегідей жазаға тартылмайды және өтем төлемейді. Ибн Әбу Зиб пен Ибн Әбу Ләйла: «Бұған да Меккедегідей жаза қолданылады», – деген. Мәлики және шафиғи фақиһтарының кейбірі де солай үкім берген. Шәфиғидің бұрынғы пікірінде, жоғарыда келтірілген Сағд ибн Әбу Уаққас риуаятына сүйеніп, тыйымды бұзған адамның киімімен қоса, қолындағы заттарын алып қоюға рұқсат етілген.

  1. 1Бұхари, Фазаилул-Мәдина 1, Жизия 10, 17, Фараиз 21, Итисам 5; Мүслим, Хажж 467 (1370); Әбу Дәуіт, Мәнасик 99, (2034, 2035), Тирмизи, Уәла уәл-хибә 3 (2127). Бұл риуаяттың мәтіні «Сахихайн» кітабындағы мәтінге сәйкес келеді. Әбу Дәуітте мына қосымша бар: «Онда өсіп тұрған ағашты, басқа да өсімдіктерді кесуге, сындыруға, жұлуға болмайды. Аң үркітілмейді, басқаларға жариялау мақсатында болмаса біреудің жоғалтқан заты алынбайды, әрі онда соғысу үшін қару көтерілмейді. Адамға түйесін жаюына болады».