وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: عَلَى أَنْقَابِ الْمَدِينَةِ مَلَائِكَةٌ لَا يَدْخُلُهَا الطَّاعُونُ وَلَا الدَّجَّالُ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ مُسْلِمٌ: «قَالَ ﷺ: يَأْتِي الْمَسِيحُ الدَّجَّالُ مِنْ قِبَلِ الْمَشْرِقِ وَهِمَّتُهُ الْمَدِينَةُ حَتَّى يَنْزِلَ دُبُرَ أُحُدٍ ثُمَّ تَصْرِفُ الْمَلَائِكَةُ وَجْهَهُ قِبَلِ الشَّامِ، وَهُنَاكَ يَهْلِكُ».
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мәдинаға кіретін тау өткелдерінде періштелер тұр. Қалаға оба да, Дәжжал да кірмейді”, – деді». Мүслимдегі риуаятта мынадай қосымша бар: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Мәсих Дәжжал шығыстан келеді. Ол Мәдинаны көздеп, Ухудтың арғы жағына түседі. Сонда періштелер оны Шамға қарай бұрады. Ол сол жерде опат болады”».1
«النَّقْبُ» الْمَضِيقُ بَيْنَ الْجَبَلَيْنِ. وَقَوْلُهُ «يَنْزِلُ دُبُرَ أُحُدٍ» أَيْ خَلْفَهُ.
Мүслим риуаятында мына қосымша бар: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Мәсіх Дәжжал шығыс жақтан келеді. Мақсаты – Мәдина. Ол Ухуд тауының артына түседі. Сонда (Мәдинада оны күтіп тұрған) періштелер, оның жүзін Шамға бұрып, ол сол жерде өледі».
Түсіндірме
Мәдинаны періштелердің Дәжжал мен обадан қорғайтынын Фатима бинт Қайс, Миһжән, Усама ибн Зәйд, Сәмура ибн Жундаб сияқты сахабалардан жеткен өзге хадистер де растайды. Мүслимнің Фатима бинт Қайстан (р.а.) жеткізген риуаятында Дәжжал өзі туралы: «Мен – Мәсих Дәжжалмын. Жер жүзін аралаймын. Қырық күн ішінде Мекке мен Мәдинадан басқа бірде-бір елді мекенге кірмей қалмаймын», – деген.
- 1Бұхари, Фазаилул-Мәдина 9, Тибби 30, Фитән 27; Мүслим, Хажж 485, 486 (1379, 1380); Муатта, Жами 16, (2, 892); Тирмизи, Фитән 51 (2242).