Хадис

Кутуб ситтә, № 4600

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
693. Мәдинаның артықшылығы
Нөмірі
№ 4600 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
4600
Кутуб ситтә, № 4600 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Суфиян ибн Әбу Зуһайр

وَعَنْ سُفْيَانِ بْنِ أَبِي زُهَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يُفْتَحُ الْيَمَنُ فَيَأْتِي قَوْمٌ يَبُسُّونَ فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ. وَتُفْتَحُ الشَّامُ فَيَأْتِ قَوْمٌ يَبُسُّونَ فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ، وَتُفْتَحُ الْعِرَاقُ فَيَأْتِي قَوْمٌ يَبُسُّونَ فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ.

Қазақша аудармасы

Суфиян ибн Әбу Зуһәйр (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Йемен алынады. Сонда бір топ адам малдарын айдап, отбасыларын және өздеріне ергендерді алып, Мәдинадан сол жаққа көшеді. Білсе ғой, Мәдина олар үшін қайырлы! Шам алынады. Сонда бір топ адам малдарын айдап, отбасыларын және өздеріне ергендерді алып, Мәдинадан сол жаққа көшеді. Білсе ғой, Мәдина олар үшін қайырлы! Ирак алынады. Сонда бір топ адам малдарын айдап, отбасыларын және өздеріне ергендерді алып, Мәдинадан сол жаққа көшеді. Білсе ғой, Мәдина олар үшін қайырлы!” – деді».1

Түсіндірме

وَمَعْنَى «يَبُسُّونَ» يَسُوقُونَ بَهَائِمَهُمْ سَائِرِينَ عَنِ الْمَدِينَةِ إِلَى غَيْرِهَا، وَالْأَصْلُ فِيهِ أَنَّ بِسْ بِسْ: كَلِمَةُ زَجْرٍ لِإِبِلٍ.

Алла елшісі (с.а.с.) осы хадисте мұғжиза ретінде мұсылман әскері алатын жерлерді алдын ала атаған. Аталған өңірлер осы тәртіппен біртіндеп мұсылмандардың билігіне өтті. Алла елшісі (с.а.с.) хабарлағандай, бір топ мәдиналық отбасын ертіп, сол жерлерге көшіп қоныстанды. Бұған олардың күнкөрісі мен тұрмыс мүмкіндігінің Мәдинаға қарағанда жақсырақ болуы себеп еді. Алла елшісі (с.а.с.) дүние игілігі үшін Мәдинаны тастап кетпеуді ескертеді. Арнайы сапар шегуге лайық үш мешіттің бірі Мәдинада орналасқан.

Бұл түсінікке қатысты түрлі пікір айтылған. Ахмад ибн Ханбалдың Жәбирден (р.а.) жеткізген мына риуаяты осы түсінікті қуаттайды: «Мәдина халқы байлық іздеп айналадағы елді мекендерге тарайды. Олар сол жерлерде молшылыққа жетіп, байиды. Содан соң Мәдинаға қайтып келіп, отбасыларын алып, сол жаққа көшеді. Білсе ғой, Мәдина олар үшін қайырлы!»

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيَأْتِيَنَّ عَلَى الْمَدِينَةِ زَمَانٌ، يَنْطَلِقُ النَّاسُ مِنْهَا إِلَى الْآفَاقِ يَلْتَمِسُونَ الرَّخَاءَ، فَيَجِدُونَ رَخَاءً، ثُمَّ يَأْتُونَ فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ إِلَى الرَّخَاءِ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ».

Ахмад ибн Ханбал Жәбирден (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мәдинаға бір заман келеді. Сонда халқы молшылық іздеп, жан-жаққа тарайды. Ол жақта молшылыққа жеткен соң, Мәдинаға қайтып келіп, отбасыларын алып, сол жаққа көшеді. Білсе ғой, Мәдина олар үшін қайырлы!»2

Алла елшісі (с.а.с.) осы хадисте Мәдинада тұрақтап, оны мал-дүние үшін тастап кетпеуге кеңес береді. Ғалымдардың айтуынша, сауда немесе жиһад мақсатымен қоныс аудару бұл тыйымға кірмейді. Хадис жоқшылық пен аштыққа сабыр етіп, Мәдинада қалуға үндейді.

  1. 1Бұхари, Фазаилул-Мәдина 5; Мүслим, Хажж 497 (1388); Муатта, әл-Жами 7, (2, 887, 888).
  2. 2Ахмад ибн Ханбал, «Муснад», №14680.