وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَدِمَ مِنْ سَفَرٍ فَنَظَرَ إِلَى جُدْرَانِ الْمَدِينَةَ أَوْضَعَ رَاحِلَتَهُ، وَإِنْ كَانَ عَلَى دَابَّةٍ حَرَّكَهَا مِنْ حُبِّهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әзірет Әнәс (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапардан қайтып келе жатып, Мәдинаның қабырғаларын көргенде түйесінің жүрісін тездететін. Басқа көлікке мінсе, оны да ілгері айдайтын. Бұлай істеуіне Мәдинаға деген сүйіспеншілігі себеп болатын».1
Түсіндірме
أَوْضَعَ» أَيْ أَسْرَعَ.
Бұл риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) Мәдинаны жақсы көргенін, оған тезірек жетуге асыққанын көрсетеді. Ғалымдар мұны туған жерді жақсы көруге рұқсат екенінің дәлелі санаған.
Алла елшісінің (с.а.с.) сүйіспеншілігі Мәдина қаласының өзіне де, оның халқына да қатысты болуы мүмкін. Сүйіспеншіліктің екеуі де орынды әрі рұқсат етілген.
- 1Бұхари, Фазаилул-Мәдина 10, Умра 17; Тирмизи, Дағуат 44 (3437).