عَنْ أَبِى نجيح عَمْرُو بْنِ عَبَسَة – بفتح الْعين والباءِ – السُّلَمِيِّ قَالَ: كُنْتُ وَأَنَا فِى الْجاهِلِيَّةِ أظُنُّ أَنَّ النَّاسَ عَلَى ضَلَالَةٍ، وَأَنَّهُمْ لَيْسُوا عَلَى شَيْءٍ، وَهُمْ يَعْبُدُونَ الْأَوْثَانَ، فَسَمِعْتُ بِرَجُلٍ بِمَكَّةَ يُخْبِرُ أخْبَارًا، فَقَعَدْتُ عَلَى رَاحِلَتِى، فَقَدِمْتُ عَلَيْهِ، فإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مُسْتَخْفِيًا، جرَءاءُ عَلَيْهِ قَومُهُ، فَتَلَطَّفَتُ حَتَّى دَخَلْتُ عَلَيْهِ بِمَكَّةَ، فَقُلْتُ لَهُ: مَا أَنْتَ؟ قَالَ: «أنا نَبِيٌّ» قُلْتُ: وما نبيٌّ؟ قَالَ: «أَرْسَلَنِى اللَّه» قُلْتُ: وبأيِّ شَيْء أَرْسَلَكَ؟ قَالَ: «أَرْسَلَنِى بِصِلَةِ الْأرْحَامِ، وَكَسْرِ الْأَوْثَانِ، وَأَنْ يُوَحَّدَ اللَّهُ لَا يُشْرَكُ بِهِ شَيْء» قُلْتُ: فَمَنْ مَعَكَ عَلَى هَذَا؟ قَالَ: «حُرٌّ وَعَبْدٌ» ومعه يَوْمَئِذٍ أَبُو بكرٍ وبلالٌ، قُلْتُ: إِنِّى مُتَّبِعُكَ، قَالَ: «إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطيعَ ذَلِكَ يَوْمَكَ هَذَا، ألا تَرَى حَالي وحالَ النَّاسِ؟ وَلَكِنِ ارْجعْ إِلَى أَهْلِكَ فَإِذَا سَمِعْتَ بي قَدْ ظَهرْتُ فَأتِنِى»
قَالَ: فَذَهَبْتُ إِلَى أَهْلِى وقَدِمَ رَسُول اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ حَتَّى قَدِمَ نَفَرٌ مِنْ أَهْلِى الْمَدِينَةَ، فَقُلْتُ: مَا فَعَلَ هَذَا الرَّجُلُ الَّذِى قَدِمَ الْمَدِينَةَ؟ فَقَالُوا: النَّاس إِلَيهِ سِرَاعٌ، وَقَدْ أَرَادَ قَومُهُ قَتْلَهُ، فلَمْ يَسْتَطِيعُوا ذَلِكَ، فقَدِمْتُ الْمدِينَةَ، فَدَخَلْتُ عَلَيْهِ، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَتَعْرِفُني؟ قَالَ: «نَعَمْ، أَنْتَ الَّذِى لَقَيْتَنِى بمكّةَ»
قَالَ: فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أخْبِرنِى عَمَّا عَلَّمَكَ اللَّه وأَجْهَلُهُ، أخْبِرْنِى عَنِ الصَّلَاةِ؟ قَالَ: «صَلِّ صَلَاةَ الصُّبْحِ، ثُمَّ اقْصُرْ عَنِ الصَّلَاةِ حَتَّى تَرْتَفِعَ الشَّمْسُ قِيدَ رُمْحٍ، فَإِنَّهَا تَطْلُعُ حِينَ تَطلُعُ بَيْنَ قَرْنَيْ شَيطَان، وَحينَئذٍ يَسجُدُ لَهَا الْكُفَّارُ، ثُمَّ صَلِّ فَإِنَّ الصَلَاةَ مَشْهُودَةٌ مَحْضُورةٌ حَتَّى يَسْتَقِلَّ الظِّلُّ بالرُّمْحِ، ثُمَّ اقْصُرْ عَنِ الصَّلَاةِ، فَإِنَّهُ حينئذ تُسْجَرُ جَهَنَّمُ، فإِذَا أقْبَلَ الْفَيْءُ فَصَلِّ، فَإِنَّ الصَّلَاةَ مَشْهُودَةٌ مَحضُورَةٌ حَتَّى تُصَلِّى الْعصرَ، ثُمَّ اقْصرْ عَنِ الصَّلَاةِ حَتَّى تَغْرُبَ الشَّمْسُ، فَإِنَّهَا تَغْرُبُ بينَ قَرْنَيْ شَيطانٍ، وَحِينَئذٍ يَسْجُدُ لَهَا الْكُفّارُ»
قَالَ: فَقُلْتُ: يَا نَبِيَّ اللَّه، فالوضوءُ حدثنِى عَنْهُ؟ فَقَالَ: «مَا مِنْكُمْ رَجُلٌ يُقَرِّبُ وَضُوءهُ، فَيَتَمَضْمَضُ وَيسْتَنْشِقُ فَيَسْتَنْثِرُ، إِلَّا خَرَّتْ خَطَايَا وَجْهِهِ مِنْ أطْرَافِ لِحْيَتِهِ مَعَ الْمَاءِ، ثُمَّ يَغْسِلُ يديهِ إِلَى الْمِرفقَيْن، إِلَّا خَرَّتْ خَطَايَا يَدَيْهِ مِنْ أنَامِلِهِ مَعَ الْماءِ، ثُمَّ يَمْسَحُ رَأسَهُ، إِلَّا خرّتْ خطايا رأسِهِ من أطْرَافِ شَعْرِهِ مَعَ الْماءِ، ثُمَّ يغسل قدميه إِلَى الْكعْبَيْنِ، إِلَّا خَرَّتْ خَطَايَا رِجلَيْهِ مِنْ أنَاملِهِ مَعَ الْماءِ، فَإِنْ هُوَ قَامَ فَصَلَّى، فَحَمِدَ اللَّه تَعَالَى، وأثنى عَلَيْهِ ومَجَّدَهُ بالَّذي هُوَ لَهُ أَهْلٌ، وَفَرَّغَ قلبه لِلَّهِ تَعَالَى، إِلَّا انْصَرفَ مِنْ خَطِيئَتِهِ كهيئته يَوْمَ وَلَدتهُ أُمُّهُ»
فحدث عَمرُو بْنِ عَبسَة بهذا الْحَدِيث أَبَا أُمَامَة صاحِب رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لَهُ أَبُو أُمَامَة: يَا عَمْرُو بنُ عَبسَة، انْظُر مَا تقولُ! فِى مقامٍ واحدٍ يُعْطَى هَذَا الرَّجُلُ؟ فَقَالَ عَمْرٌو: يَا أَبَا أُمَامَة، لقد كَبرَتْ سِنّي، وَرَقَّ عَظمِى، وَاقْتَرَبَ أجَلِى، وَمَا بِى حَاجَةٌ أَنْ أكْذِبَ عَلَى اللَّهِ تَعَالَى، وَلا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَوْ لَمْ أسمعه مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا مَرَّةً أَوْ مَرَّتَينِ أَوْ ثَلَاثًا – حَتَّى عَدَّ سَبْعَ مَرَّات – مَا حَدَّثْتُ أبدًا بِهِ، وَلكنِّى سَمِعْتُهُ أكثَر من ذَلِكَ
Қазақша аудармасы
Әбу Нәжих Амр ибн Абаса әс-Сулләми (р.а.): «Мен надандық дәуірінде адамдар адасып жүр әрі (Алланың дәргейінде) олардың ешбір құны жоқ, өйткені олар меңіреу пұттарға табынуда деген ойда болатынмын. Содан бір күні Меккеде маңызды сөздер айтып жүрген бір кісі жайлы естідім де, мініс көлігіме мініп оған келдім. Келсем, Алла елшісі ﷺ өз қауымынан қысым көріп, ел-жұртқа көп көрінбей жасырынып жүр екен. Содан Меккеде жүріп ол жайлы ақырын сұрастырып білдім де, құзырына кірдім. Кірген бойда одан: «Сіз кімсіз?» – деп сұрадым, ол: «Мен нәбимін», – деді. Мен: «Нәби деген не?» – деп едім, ол: «Мені Алла жіберді», – деді. «Сізді не нәрсемен жіберді?» – дегенімде, ол: «Туыстық қатынасты үзбей ұстауды, пұттарды сындыруды һәм Алла жалғыз/дара деп сенуді, Оған еш нәрсені серік етіп қоспауды бұйырып жіберді», – деді. Мен тағы: «Бұл жолда сізбен бірге кімдер бар?» – деп едім, ол: «Азат адам да, басыбайлы құл да бар», – деп жауап берді. Сол кезде оның қасында Әбу Бәкір мен Биләл болған еді. Содан мен: «Мен сізге еремін!» – деп едім, ол: «Расында, бұл күндері сіздің оған шамаңыз келмейді. Менің жағдайым мен ел-жұрттың жай-күйін көріп тұрсыз, алайда (мұсылман болған күйде) үйіңізге қайтыңыз, менің үстем болғанымды естіген кезде маған келіңіз», – деді. Сөйтіп үй ішіме оралдым. (Жылдар өтіп) Алла елшісі Мәдинаға келді. Ол кезде мен әлі өз елімде едім. Содан ол Мәдинаға келгенде ел-жұрттан сұрастырып (ол жайлы) хабар-ошар ала бастадым. Бір күні елімнен бір топ адам Мәдинаға барып келгенде олардан: «Мәдинаға келген әлгі кісі не істеп жатыр екен?» – деп сұрағанымда олар: «Ел-жұртың бәрі оған асыға еріп жатыр, өз қауымы оны қанша жерден өлтіргісі келсе де, оған шамасы жетпепті», – деп айтты. Содан бірден Мәдинаға барып, оның алдына кірдім де: «Уа, Расулалла! Мені таныдыңыз ба?» – дедім. Сонда ол (мені бірден танып): «Иә, сіз менімен Меккеде жолыққан адамсыз ғой?!» – деді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Маған Алланың өзіңізге үйреткен, мен білмейтін (үкімдері мен бұйрықтары) жайлы айтып беріңізші. Әуелі намаз жайлы айтып берсеңіз», – деп өтіндім. Сонда Алла елшісі: «Таң намазын оқы да, күн найза бойы көтерілгенге дейін (ешбір нәпіл) намаз оқыма. Өйткені күн шыққанда шайтанның қос мүйізі арасынан шығады және сол уақытта кәпірлер оған сәжде жасап, табынады. Сосын күн тас төбеге көтерілгенге дейін (қалағанша нәпіл) намаз оқи бер, әрі сол кездегі намазға періштелер келіп куә болады. (Ал күн тас төбеге келгенде) намаз оқуды тоқтата тұр, өйткені ол уақытта жаһаннам оты лаулап қызады. Сосын (күн тас төбеден ауып) көлеңке ұзара бастағаннан екінті намазын оқығаныңа дейін (қалағаныңша нәпіл) намаз оқи бер, әрі сол кездегі намазға періштелер келіп куә болады. Сонан соң күн батқанға дейін (нәпіл) намазды қоя тұр, өйткені күн шайтанның қос мүйізі арасынан батады және сол уақытта кәпірлер оған сәжде жасап, табынады», – деп баяндап берді. Содан кейін мен: «Уа, Алланың нәбиі! (Енді) маған дәрет жайлы айтып беріңізші!» – дегенімде ол: «Араларыңнан қайсыбір адам дәрет суын дайындап, ауыз бен мұрын қуысын сумен шайып, шайған суын сіңбірсе күнә-қателіктері жүзі мен аузы-мұрнынан (сумен бірге) ағып шығады. Сосын бетін Алла бұйырғандай етіп жуса, жүзіндегі күнәлары сумен бірге сақалының ұшынан ағып түседі. Сонан соң қолдарын шынтақтарымен қоса жуғанда қос қолымен істеген барлық күнәсі саусақтарының ұшынан сумен бірге ағып түседі. Кейін басына мәсіх тартқанда басының күнәлары шаштарының ұшынан сумен бірге ағып түседі. Содан кейін аяқтарын тобықтарымен қоса жуғанда екі аяғымен істеген барлық күнәсі аяғының саусақтарынан сумен бірге ағып түседі. Сөйтіп ол намазға тұрып, Аллаға мадақ пен мақтау айтып, Оған лайықты дәрежеде ұлықтаса және жүрегін бір Аллаға ғана арнаса, күнәларынан бейне бір анасынан жаңа туған кезіндегідей толық арылып шығады», – деп айтты», – деген.
Амр ибн Абаса осы хадисті Алла елшісінің сахабасы Әбу Умамаға (р.а.) айтқан кезде ол: «Уа, Амр ибн Абаса! Айтып тұрған сөзіңе қарашы, (сонда аталған үлкен сауаптардың барлығы) әлгі адамға бір демде беріле ме?» – деп (таң қалады). Сонда Амр: «Уа, Әбу Умама! Расында, жасым ұлғайып, сүйегім саудырады, ажалым да таяп қалды, міне, сондықтан да, Алланың, не Алла елшісінің атынан өтірік айтудың маған еш қажеті жоқ. Егер мен мұны Алла елшісінен бір, екі, тіпті үш рет... (деп жетіге дейін санады) естімегенімде, мұны әсте айтпас едім. Алайда мен мұны (Алла елшісінің аузынан) одан да көп рет естідім», – деп жауап берген екен. (Муслим: 1930; Ахмад: 17019)
Орысша аудармасы
Абу Наджих Амр ибн Абаса ас-Сулями (да будет доволен им Аллах) сказал: «Во времена джахилии я считал, что люди пребывают в заблуждении и не имеют никакой ценности (пред Аллахом), поскольку поклоняются безгласным идолам. Однажды я услышал о человеке, произносившем в Мекке важные слова, оседлал своё верховое животное и отправился к нему. Прибыв туда, я увидел, что Посланник Аллаха ﷺ из-за притеснений со стороны своего народа скрывается и почти не показывается людям. Я осторожно разузнал о нём в Мекке и пришёл к нему. Войдя, я сразу спросил: “Кто вы?” Он ответил: “Я – пророк”. Я спросил: “Что такое пророк?” Он ответил: “Меня послал Аллах”. Я спросил: “С чем Он послал вас?” Он ответил: “Он послал меня, повелев поддерживать родственные связи, разбивать идолов, признавать Аллаха Единым и Единственным и ничего не приобщать к Нему в сотоварищи”. Я вновь спросил: “Кто следует этим путём вместе с вами?” Он ответил: “И свободный человек, и раб”. В то время рядом с ним находились Абу Бакр и Билял. Тогда я сказал: “Я последую за вами!” Он ответил: “Поистине, в эти дни вам это ещё не по силам. Вы видите моё положение и то, как настроены люди. Однако вернитесь домой (оставаясь мусульманином), а когда услышите, что я одержал верх, приходите ко мне”.
И я вернулся к своей семье. (Спустя годы) Посланник Аллаха ﷺ прибыл в Медину, а я всё ещё находился среди своего народа. После его прибытия в Медину я стал расспрашивать людей и собирать вести (о нём). Однажды несколько моих соплеменников побывали в Медине и вернулись обратно. Я спросил их: “Что делает тот человек, который прибыл в Медину?” Они ответили: “Люди один за другим поспешно следуют за ним, а его соплеменники, как ни пытались его убить, так и не смогли этого сделать”. Тогда я сразу отправился в Медину, пришёл к нему и спросил: “О Посланник Аллаха! Вы узнали меня?” Он (сразу узнав меня) ответил: “Да, вы ведь тот человек, который встретился со мной в Мекке!”
Тогда я попросил: “О Посланник Аллаха! Расскажите мне о том, чему научил вас Аллах, но чего я не знаю (о Его установлениях и велениях). Прежде всего расскажите мне о молитве”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Совершите утреннюю молитву, а затем не совершайте (никаких дополнительных) молитв до тех пор, пока солнце не поднимется над горизонтом на высоту копья. Ведь при восходе оно появляется между двумя рогами шайтана, и в это время неверующие совершают перед ним земной поклон и поклоняются ему. Затем совершайте молитвы (столько дополнительных, сколько пожелаете) до тех пор, пока солнце не поднимется в зенит, и на эти молитвы приходят ангелы и становятся их свидетелями. А когда солнце окажется в самом зените, временно прекратите совершать молитвы, ибо в это время огонь ада разгорается и раскаляется. Затем, когда солнце отклонится от зенита, с того момента, как тени начнут удлиняться, и до совершения послеполуденной молитвы совершайте молитвы (столько дополнительных, сколько пожелаете), и на эти молитвы приходят ангелы и становятся их свидетелями. После этого воздерживайтесь от (дополнительных) молитв до захода солнца, ибо оно заходит между двумя рогами шайтана, и в это время неверующие совершают перед ним земной поклон и поклоняются ему”.
После этого я попросил: “О Пророк Аллаха! (А теперь) расскажите мне об омовении!” Он сказал: “Если кто-либо из вас приготовит воду для омовения, прополощет рот, промоет водой носовую полость, а затем высморкается, его грехи и проступки стекут с его лица, изо рта и носа (вместе с водой). Затем, если он омоет лицо так, как повелел Аллах, грехи его лица стекут вместе с водой с кончиков волос его бороды. Когда он омоет руки вместе с локтями, все грехи, совершённые обеими руками, стекут вместе с водой с кончиков его пальцев. Когда он протрёт голову, грехи его головы стекут вместе с водой с кончиков его волос. Затем, когда он омоет ноги вместе с щиколотками, все грехи, совершённые обеими ногами, стекут вместе с водой с кончиков пальцев его ног. Если после этого он встанет на молитву, воздаст Аллаху хвалу и славу, возвеличит Его так, как Он того достоин, и обратит своё сердце только к одному Аллаху, то полностью очистится от грехов, став таким, каким был в день своего рождения”».
Когда Амр ибн Абаса рассказал этот хадис Абу Умаме (да будет доволен им Аллах), одному из сподвижников Посланника Аллаха ﷺ, тот, удивившись, спросил: «О Амр ибн Абаса! Вдумайся в то, что ты говоришь: неужели (все упомянутые великие награды) будут дарованы этому человеку сразу?» Амр ответил: «О Абу Умама! Я уже состарился, кости мои ослабли, и смерть моя приблизилась, поэтому мне незачем возводить ложь на Аллаха или Посланника Аллаха ﷺ. Если бы я не слышал этого от Посланника Аллаха ﷺ один, два и даже три раза… (и так он досчитал до семи), то никогда не стал бы рассказывать об этом. Однако я слышал это (из уст Посланника Аллаха) ещё большее число раз» (Муслим: 1930; Ахмад: 17019).