Хадис

Риядус-салихин, № 421

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 421 (қазақша басылым реті)
421
Риядус-салихин, № 421Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «جَعَلَ اللَّه الرَّحْمَةَ مِئَةَ جُزْءٍ، فَأمْسَكَ عِنْدَهُ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ، وَأنْزَلَ فِى الْأَرْضِ جُزْءًا وَاحِدًا، فَمِنْ ذَلِكَ الْجُزءِ يَتَرَاحَمُ الْخَلائِقُ، حَتَّى تَرْفَعَ الدَّابّةُ حَافِرهَا عَنْ وَلَدِهَا خَشْيَةَ أَنْ تُصِيبَهُ»

وَفِى رِوَايَة: «إِنَّ لِلَّهِ تَعَالَى مئَةَ رَحمَةٍ، أنْزَلَ مِنْهَا رَحْمَةً وَاحِدَةً بَيْنَ الْجنِّ وَالإِنس وَالْبهائِمِ وَالهَوامّ، فبها يَتَعاطَفُونَ، وبِهَا يَتَرَاحَمُونَ، وبِهَا تَعْطِفُ الْوَحْشُ عَلَى وَلَدِهَا، وَأخَّرَ اللَّهُ تَعَالَى تِسْعًا وَتِسْعِينَ رَحْمَةً يرْحَمُ بِهَا عِبَادَهُ يَوْمَ الْقِيَامَة» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

ورواه مسلم أيضًا مِنْ رواية سَلْمَانَ الْفارِسيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ لِلَّهِ تَعَالَى مِئَة رَحْمَةٍ فَمِنْهَا رَحْمَةٌ يَتَرَاحمُ بِهَا الْخَلْقُ بَيْنَهُمْ، وَتِسْعٌ وَتِسعُونَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ»

وَفِى رِوَايَة: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى خَلَقَ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاواتِ وَالْأَرْضَ مئَةَ رَحْمَةٍ كُلُّ رَحْمَةٍ طِبَاقُ مَا بَيْنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ، فَجَعَلَ مِنْهَا فِى الْأَرْضِ رَحْمَةً فَبِهَا تَعْطفُ الْوَالِدَةُ عَلَى وَلَدِهَا، وَالوَحْشُ وَالطَّيْرُ بَعْضُهَا عَلَى بَعْض، فَإِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ أكملَهَا بِهَذِهِ الرَّحمَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алла Тағала мейірімділікті жүз бөлікке бөліп, тоқсан тоғызын Өз жанында қалдырып, бір бөлігін ғана жер бетіне түсірді. Мейірімділіктің сол бір ғана бөлігі арқылы бүкіл жаратылыс бір-біріне мейіріммен қарайды. Тіпті жануар екеш жануар да төлін мертіктіріп алмас үшін мейіріммен тұяғын көтереді», – деп айтқанын естідім», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Алланың жүз мейірімі бар. Сол жүз мейірімнің біреуін жер бетіне түсіріп, адамзатқа, жындарға, жан-жануарлар мен жәндіктерге үлестіріп берді. Сол арқылы олар бір-біріне жанашырлық танытып, бір-біріне мейіріммен қарайды. Сол арқылы тіпті жыртқыш аң да өз төліне мейірімін төгеді. Алла Тағала қиямет күні құлдарын шексіз шапағатына бөлеу үшін қалған тоқсан тоғыз мейірімін ақыретке қалдырған» – делінген (Бұхари: 6000; Муслим: 6972,6974; Ахмад: 8415).

Бұл хадисті имам Муслим де Салман әл-Фәрисиден (р.а.) риуаят еткен. Ол: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Алланың жүз рақымы бар және солардың тек біреуімен ғана бүкіл жаратылыс бір-біріне мейірім танытуда. Ал қалған тоқсан тоғызы қиямет күні үшін», – деп айтты», – деген. (6975)

Тағы бір риуаятта: «Расында, Алла Тағала көктер пен жерді жаратқан күні жүз (бөліктен тұратын) рақым жаратты, әрбір рақым аспан пен жердің арасын толтырады, содан жерге тек бір ғана рақым түсірді. Міне, сонымен ана баласына мейірім танытады, аң-құстар да бір-біріне мейірім танытады. Ал қиямет күні орнағанда (Алла Тағала шексіз рақымының тоқсан тоғыз бөлігін) осынау рақыммен толықтырады», – делінген. (6977)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах Всевышний разделил милосердие на сто частей, оставил у Себя девяносто девять из них, а на землю ниспослал лишь одну часть. Благодаря одной этой части милосердия все творения проявляют милосердие друг к другу. Даже животное из милосердия приподнимает копыто, чтобы не поранить своего детёныша”».

В другой версии говорится: «Поистине, у Аллаха есть сто частей милосердия. Одну из них Он ниспослал на землю и распределил между людьми, джиннами, животными и насекомыми. Благодаря ей они проявляют сострадание и милосердие друг к другу. Благодаря ей даже дикий зверь проявляет милосердие к своему детёнышу. Остальные девяносто девять частей милосердия Аллах Всевышний оставил для будущей жизни, чтобы в День воскресения окружить Своих рабов безграничной милостью» (Аль-Бухари: 6000; Муслим: 6972, 6974; Ахмад: 8415).

Имам Муслим также передал этот хадис со слов Салмана аль-Фариси (да будет доволен им Аллах), который рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, у Аллаха есть сто частей милосердия, и лишь благодаря одной из них все творения проявляют милосердие друг к другу. Остальные же девяносто девять предназначены для Дня воскресения”» (Муслим: 6975).

В другой версии говорится: «Поистине, в тот день, когда Аллах Всевышний сотворил небеса и землю, Он сотворил милосердие (состоящее из ста частей), каждая из которых заполняет пространство между небесами и землёй. Затем Он ниспослал на землю лишь одну часть. Благодаря ей мать проявляет милосердие к своему ребёнку, а звери и птицы – друг к другу. Когда же наступит День воскресения, Аллах Всевышний дополнит этой частью (остальные девяносто девять частей Своего безграничного милосердия)» (Муслим: 6977).