Хадис

Риядус-салихин, № 422

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 422 (қазақша басылым реті)
422
Риядус-салихин, № 422Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فيما يحكِى عَنْ ربهِ تَبَارَكَ وتَعَالَى، قَالَ: «أذْنَبَ عَبْدٌ ذَنْبًا، فَقَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى ذَنْبِى، فَقَالَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: أذنَبَ عبدي ذَنْبًا، فَعَلِمَ أَنَّ لَهُ رَبًّا يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بالذَّنْبِ، ثُمَّ عَادَ فَأذْنَبَ، فَقَالَ: أيْ رَبِّ اغْفِرْ لِى ذَنْبي، فَقَالَ تَبَارَكَ وتَعَالَى: أذنَبَ عبدِى ذَنْبًا، فَعَلِمَ أَنَّ لَهُ رَبًّا، يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بالذَّنْبِ، قَدْ غَفَرْتُ لِعَبْدِى فَلْيَفْعَلْ مَا شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ Раббысынан әңгімелеген құдси хадисте: «Алланың құлдарының бірі күнәға бой алдырып: «Уа, Алла Тағалам! Күнәмді кешіре көр!» – деп жалбарынады. Алла Тағала: «Пендем күнә жасаса да, дереу тәубесіне келіп, күнәні кешіретін және күнә үшін жазалайтын Раббысы бар екенін білді (мойындады)», – деп айтады. Кейін әлгі пенде тағы да күнә жасап: «Уа, Раббым! Күнәмді кешіре көр», – деп жалынады. Алла Тағала болса: «Пендем күнә жасаса да, дереу тәубесіне келіп, күнәні кешіретін және күнә үшін жазалайтын Раббысы бар екенін білді», – деп айтады. Содан соң әлгі құл тағы да күнә жасап: «Уа, Раббым! Күнәмді кешіре көр», – деп тәубасына келеді. Сонда Алла Тағала: «Пендем күнә жасаса да, бірден тәубесіне келіп, күнәні кешіретін және күнә үшін жазаға тартатын Раббысы бар екенін білді. Олай болса, пендемді кешірдім, енді не істесе де өз еркі»,1 – деп айтты», – деген. (Бұхари: 7507; Муслим: 6986: Ахмад: 10379)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ, повествуя в хадисе кудси от своего Господа, сказал: «Один из рабов Аллаха совершил грех и взмолился: “О Аллах Всевышний! Прости мне мой грех!” Тогда Аллах Всевышний сказал: “Мой раб совершил грех, но сразу же раскаялся и понял (признал), что у него есть Господь, Который прощает грехи и наказывает за них”.

Позднее этот раб снова совершил грех и взмолился: “О Господь мой! Прости мне мой грех!” Тогда Аллах Всевышний сказал: “Мой раб совершил грех, но сразу же раскаялся и понял, что у него есть Господь, Который прощает грехи и наказывает за них”.

Затем этот раб вновь совершил грех и, раскаявшись, сказал: “О Господь мой! Прости мне мой грех!” Тогда Аллах Всевышний сказал: “Мой раб совершил грех, но сразу же раскаялся и понял, что у него есть Господь, Который прощает грехи и наказывает за них. А потому Я простил Моего раба, и теперь пусть поступает, как пожелает1”» (Аль-Бухари: 7507; Муслим: 6986; Ахмад: 10379).

  1. 1Құдси хадистегі «Енді не істесе де өз еркі» деген сөздің мән-мағынасы – адам баласы қанша жерден көп күнә жасаса да, бар ықыласымен Раббысынан жарылқау тілеп кешірім сұраса, Алла Тағала пендесінің тәубесін қабыл алады, яғни, «Алла Тағала тәубешіл құлдарын жарылқап, мейіріміне бөлейді» дегенді білдіреді.
  1. 1Слова хадиса кудси «Теперь пусть поступает, как пожелает» означают: сколько бы грехов ни совершил человек, если он искренне просит своего Господа о прощении, Аллах Всевышний принимает его покаяние. То есть Аллах Всевышний прощает кающихся рабов и окружает их Своей милостью.