عَنْ أَبِى ذر قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: مَنْ جَاءَ بالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا أَوْ أزْيَد، وَمَنْ جَاءَ بالسَيِّئَةِ فَجَزاءُ سَيِّئَةٍ سَيِّئَةٌ مِثْلُهَا أَوْ أغْفِرُ. وَمَنْ تَقَرَّبَ مِنِّى شِبْرًا تَقَرَّبْتُ مِنْهُ ذِرَاعًا، وَمَنْ تَقَرَّبَ مِنِّى ذِرَاعًا تَقَرَّبْتُ مِنْهُ بَاعًا، وَمَنْ أتَانِى يَمْشِى أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً، وَمَنْ لَقِينِى بِقُرَابِ الْأَرْض خَطِيئَةً لَا يُشْرِكُ بِى شَيْئًا، لَقِيتُهُ بِمِثْلِهَا مَغفِرَةً»
Әбу Зәррдан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала: «Кімде-кім бір ғана жақсылық жасаса, оған он есе немесе одан да көп сауап жазамын. Ал кімде-кім бір жамандық жасаса, оған жасаған жамандығының күнәсін ғана жазамын немесе кешіре саламын. Сондай-ақ кімде-кім Маған (құлшылығымен) бір сүйем жақындаса, Мен оған (мейіріміммен) бір шынтақ бойы жақындаймын. Ал кім Маған бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Кімде-кім Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін. Сондай-ақ кімде-кім Маған ешбір серік қоспай жер-жаһанға симайтындай көп күнәмен келсе, Мен оны дәл сондай мол кешіріммен қарсы аламын», – деп айтты», – деген (Муслим: 6833; Ахмад: 2136).
Передают со слов Абу Зарра (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Наш Великий Творец – Аллах Всевышний – сказал: “Кто совершит хотя бы одно доброе дело, тому Я запишу десятикратную или ещё большую награду. А кто совершит одно дурное дело, тому Я запишу лишь грех, равный совершённому им злу, или прощу его. Кто приблизится ко Мне (своим поклонением) на пядь, к тому Я приближусь (Своей милостью) на локоть. А кто приблизится ко Мне на локоть, к тому Я приближусь на сажень. Кто направится ко Мне шагом, к тому Я устремлюсь бегом. И кто придёт ко Мне, не приобщая ко Мне никаких сотоварищей, с таким множеством грехов, что ими могла бы заполниться вся земля, того Я встречу столь же великим прощением”» (Муслим: 6833; Ахмад: 2136).