Хадис

Риядус-салихин, № 426

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 426 (қазақша басылым реті)
426
Риядус-салихин, № 426Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تَلَا قَولَ اللَّه تَعَالَى فِى إِبراهيم ﷺ: «رَبِّ إِنَّهُنَّ أَضْلَلْنَ كَثِيرًا مِنَ النَّاسِ فَمَنْ تَبِعَنِى فَإِنَّهُ مِنِّى» [إِبراهيم: 36] الآية، وقَولَ عِيسَى ﷺ: «إِنْ تُعَذِّبْهُمْ فَإِنَّهُمْ عِبَادُكَ وَإِنْ تَغْفِرْ لَهُمْ فَإِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ» [المائدة: 118] فَرَفَعَ يَدَيهِ وَقَالَ: «اللَّهُمَّ أُمّتي أُمّتي» وبَكَى، فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «يَا جِبْرِيلُ، اذْهَبْ إِلَى مُحَمَّدٍ -وَرَبُّكَ أَعْلَمُ – فَسَلْهُ مَا يُبْكِيهِ؟» فَأتَاهُ جِبْرِيلُ، فَأخْبَرَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، بِمَا قَالَ – وَهُوَ أَعْلَمُ – فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «يَا جِبْرِيلُ، اذْهَبْ إِلَى مُحَمّدٍ، فَقُلْ: إِنَّا سَنُرْضِيكَ فِى أُمّتِكَ وَلَا نَسُوءكَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ Құранда айтылған Ибраһим пайғамбардың (а.с.): «Уа, Раббым! Бұлар (яғни, пұттар) көптеген адамдарды тура жолдан адастырды. Енді бұдан былай маған ергендер менің үмбетім болады. Ал кім маған қарсы шықса, шүбәсіз Сен (тәубесіне келгендер үшін) өте кешірімдісің әрі ерекше мейірімдісің»1 – деген дұғасын және Иса пайғамбардың (а.с.): «Егер оларды азаптаймын десең, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер оларды жарылқап кешірсең, Сен өте Үстем әрі асқан Данасың»2 – деген дұғаларын оқыды. Содан соң қолын көтеріп: «Уа, Алла Тағалам! Үмбетім, үмбетім!»3 – деп егіліп жылады. Сонда Ұлы Жаратушы Алла Тағала: «Уа, Жәбірейіл! Раббың барлық нәрсені білуші. Сонда да сен Мұхаммедке барып: «Не үшін егіліп жыладың?» – деп сұра», – деп бұйырды. Жәбірейіл періште келгенде, Алла елшісі оны өзінің не деп айтқанынан хабардар етті (әрине, бұл Аллаға онсыз да мәлім еді). Сонда Алла Тағала: «Уа, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып: «Сен еш уайымдама, біз сені үмбетіңнен разы қыламыз және сені мұңайтпаймыз», – деп айтқын», – деп бұйырды», – деген. (Муслим: 499)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Однажды Пророк ﷺ прочитал приведённую в Коране мольбу пророка Ибрахима (мир ему): “О Господь мой! Они (то есть идолы) сбили с прямого пути многих людей. Отныне все, кто последует за мной, будут из моей общины. А кто воспротивится мне, то, поистине, Ты – (для раскаявшихся) Всепрощающий и Милосердный”1, а также мольбу пророка Исы (мир ему): “Если Ты пожелаешь подвергнуть их мучениям, то, поистине, они – Твои рабы. А если милостиво простишь их, то Ты – Всемогущий и Премудрый”2. Затем он поднял руки и, воскликнув: “О Аллах Всевышний! Моя община, моя община!”3, горько заплакал. Тогда Великий Творец, Аллах Всевышний, повелел: “О Джибрил! Твой Господь знает всё. И всё же отправляйся к Мухаммаду и спроси его: ‘Почему ты так горько заплакал?’” Когда ангел Джибрил пришёл, Посланник Аллаха ﷺ рассказал ему о произнесённых им словах (разумеется, Аллаху это и без того было известно). Тогда Аллах Всевышний повелел: “О Джибрил! Отправляйся к Мухаммаду и скажи ему: ‘Ни о чём не тревожься! Мы сделаем так, что ты будешь доволен своей общиной, и не опечалим тебя’”» (Муслим: 499).

  1. 1«Ибраһим» сүресі, 36-аят
  2. 2«Мәида» сүресі, 118-аят
  3. 3Яғни, менен кейін үмбетімнің жағдайы не болмақ?
  1. 1Сура «Ибрахим», аят 36.
  2. 2Сура «Маида», аят 118.
  3. 3То есть: «Что будет с моей общиной после меня?»