Хадис

Риядус-салихин, № 425

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 425 (қазақша басылым реті)
425
Риядус-салихин, № 425Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: كُنَّا قُعُودًا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَعَنَا أَبُو بَكْرٍ وَعُمْرُ، فِى نَفَرٍ فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ بَيْنِ أظْهُرِنَا، فَأبْطَأَ عَلَيْنَا فَخَشِينَا أَنْ يُقتطَعَ دُونَنَا، فَفَزِعْنَا فَقُمْنَا فَكُنْتُ أَوَّلَ مَنْ فَزِعَ فَخَرَجْتُ أبْتَغِى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَتَيْتُ حَائِطًا للأنْصَارِ... وَذَكَرَ الْحَدِيثَ بِطُولِهِ إِلَى قوله: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اذهَبْ فَمَن لَقِيتَ وَرَاءَ هَذَا الْحَائِطِ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، مُسْتَيقِنًا بِهَا قَلبُهُ فَبَشِّرْهُ بِالْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге бір топ адам болып отырған едік, арамызда Әбу Бәкір мен Омар да (р.а.) бар еді. Кенеттен Алла елшісі орнынан тұрып, арамыздан кетіп қалды да, біраз уақытқа дейін қайтып келмеді. Содан оған біз жоқта қастандық жасалуы мүмкін ғой деп алаңдай бастадық. Сөйтіп ол үшін қатты қорыққан күйде орнымыздан атып тұрдық, қатты алаңдап, атып тұрғандардың алғашқысы мен едім. Содан мен Алла елшісін іздеген күйде жүре-жүре ансарлардың бір бағына келдім...», – деп хадисті түгелдей айтып, соңында Алла елшісінің өзіне былай дегенін жеткізген: «Бар да мына бақтың ішінде шын жүректен сенген күйде Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік еткен әлдекімді кездестірсең, соны жаннатпен сүйіншіле!» – дегенін жеткізген. (Муслим: 147)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ; нас было несколько человек, и среди нас находились Абу Бакр и Умар (да будет доволен ими обоими Аллах). Внезапно Посланник Аллаха ﷺ поднялся и ушёл от нас, а затем некоторое время не возвращался. Мы встревожились, опасаясь, что в наше отсутствие на него могут совершить покушение. Охваченные сильной тревогой и страхом за него, мы вскочили со своих мест, и первым поднялся я. Я отправился на поиски Посланника Аллаха ﷺ и в конце концов добрался до одного из садов ансаров…» Затем Абу Хурайра передал этот хадис полностью и в завершение сообщил, что Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Ступай и, если встретишь в этом саду человека, который засвидетельствует, что нет божества, кроме Аллаха, искренне веруя в это всем сердцем, обрадуй его вестью о рае!» (Муслим: 147).