Хадис

Үміт етудің артықшылығы жайында

О достоинстве надежды

Риядус-салихин, 52-тақырып · 3 хадис · № 441–443

Хадистер

«وَأُفَوِّضُ أَمْرِى إِلَى اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ بَصِيرٌ بالعِبَادِ فَوَقَاهُ اللَّه سَيِّئَاتِ مَا مَكَرُوا» (Перғауын әулетінен иман келтірген жан): Олай болса, мен енді бар ісімді бір Аллаға тапсырамын. Шүбәсіз, Алла құлдарын үнемі көріп бақылаушы», – деп айтты. Нәтижеде, Алла оны (Перғауын мен оның шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары) құрған тұзақтардың кесірінен сақтады. Сөйтіп, Перғауын әулеті жаман азаптың құрсауында қалды». («Мүмін» сүресі, 44-45-аяттар).

«“И я вверяю свое дело Аллаху. Поистине, Аллах неизменно видит Своих рабов”. Затем Аллах спас его от их козней. И сборище Фараона окружили ужасные мучения» (сура «Мумин (Гафир)», 40:44–45).

441
Риядус-салихин, № 441Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِى بِى، وَأَنا معه حَيْثُ يَذْكُرنِى، وَاللَّهِ، للهُ أفْرَحُ بِتَوبَةِ عَبْدِهِ مِنْ أَحَدِكُمْ يَجِدُ ضَالَّتَهُ بالْفَلَاةِ، وَمَنْ تَقَرَّبَ إِلَيَّ شِبْرًا، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعًا، وَمَنْ تَقَرَّبَ إِلَيَّ ذِرَاعًا، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ بَاعًا، وَإِذَا أقْبَلَ إِلَيَّ يَمْشِى أقْبَلْتُ إِلَيْهِ أُهَرْوِلُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла: «Пендем мен жайлы қандай ойда болса, Мен ол үшін сондаймын,1 сондай-ақ ол Мені есіне алған жерде онымен бірге боламын.2 Алланың атымен ант етейін! Пендесі тәубеге келгендегі Алланың қуанышы қайсыбіреулеріңнің шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан әлдеқайда артық. Сондай-ақ кімде-кім Маған (құлшылығымен) бір сүйем жақындаса, Мен оған (мейіріміммен) бір шынтақ бойы жақындаймын. Ал кім Маған бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлашқа жақындаймын. Кімде-кім Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп барамын», – дейді», – деген. (Бұхари: 7405; Муслим: 6805; Ахмад: 7422)

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Всемогущий и Великий Аллах говорит: “Я буду для Моего раба таким, каким он Меня считает1, и буду с ним там, где он поминает Меня2. Клянусь Аллахом! Аллах радуется покаянию Своего раба гораздо больше, чем любой из вас радуется, неожиданно найдя своего верблюда, потерянного в пустыне. Кто приблизится ко Мне (поклонением) на пядь, к тому Я приближусь (Своей милостью) на локоть. Кто приблизится ко Мне на локоть, к тому Я приближусь на сажень. А кто придёт ко Мне пешком, к тому Я устремлюсь бегом”» (Аль-Бухари: 7405; Муслим: 6805; Ахмад: 7422).

  1. 1Мұнда Алла Тағала пендесі Өзінен не күтсе, нені үміт етсе, соны беретінін айтқан.
  2. 2Өзімнің мейірімім, жәрдемім, тура жолға салуым және қамқорлығыммен оған жар боламын.
  1. 1Здесь Аллах Всевышний говорит, что даст Своему рабу то, чего тот ожидает от Него и на что надеется.
  2. 2То есть Аллах будет с ним Своей милостью, помощью, наставлением на прямой путь и заботой.
442
Риядус-салихин, № 442Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ:أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ قبلَ مَوْتِه بثَلَاثَةِ أيّام، يَقُولُ: «لَا يَمُوتَنّ أَحَدُكُمْ إِلَّا وَهُوَ يُحْسِنُ الظَّنَّ بِاللَّهِ تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салардан үш күн бұрын: «Ешқайсың Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала жайында жақсы ойда болмай дүниеден озбаңдар»,1 – деп айтқанын естідім», – деген. (Муслим: 7229; Ахмад: 14125)

Орысша аудармасы

Передают со слов Джабира ибн Абдуллаха (да будет доволен ими обоими Аллах), что он сказал: «Я слышал, как за три дня до своей кончины Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть никто из вас не покидает этот мир иначе как с благим мнением о Великом Творце – Всевышнем Аллахе1”» (Муслим: 7229; Ахмад: 14125).

  1. 1Яғни, Алланың шексіз рақымы мен мейіріміне үміт артпай дүниеден озбаңдар.
  1. 1То есть не уходите из этого мира, не возлагая надежды на безграничную милость и милосердие Аллаха.
443
Риядус-салихин, № 443Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ ما دَعَوْتَنِى وَرَجَوْتَنِى غَفَرْتُ لَكَ عَلَى مَا كَانَ مِنْكَ وَلَا أُبَالِى. يَا ابْنَ آدَمَ، لَوْ بَلَغت ذُنُوبُك عَنَانَ السماءِ، ثُمَّ اسْتَغْفَرْتَنِى غَفَرْتُ لَكَ وَلَا أُبَالِى. يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ لَوْ أَتَيْتَنِى بِقُرَابِ الْأَرْضِ خَطَايا، ثُمَّ لَقَيْتَنِى لَا تُشْرِكُ بِى شَيْئًا، لأَتَيْتُكَ بقُرَابِها مَغْفِرَةً»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алла Тағала: «Ей, адам баласы! Маған дұға етіп, Менің рақымымнан үмітіңді үзбегенше, күнәларың қаншалықты көп болса да, ешбірін елемей кешіре беремін. Ей, адам баласы! Егер аспандағы бұлтқа жететіндей күнәға батып, Менен кешірім тілесең, жарылқап кешіремін. Ей, адам баласы! Маған еш серік қоспастан алдыма таудай күнәмен келсең, дәл сондай таудай кешіріммен қарсы аламын», – деп айтты» – дегенін естідім», – деген. (Тирмизи: 3540; Ахмад: 12405).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что он сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах Всевышний говорит: ‘О сын Адама! Пока ты взываешь ко Мне и не теряешь надежды на Мою милость, Я буду прощать тебе все твои грехи, какими бы многочисленными они ни были, не обращая на них внимания. О сын Адама! Если ты погрязнешь в грехах, достигающих небесных облаков, а затем попросишь у Меня прощения, Я прощу тебя. О сын Адама! Если ты предстанешь предо Мной с грехами, которыми могла бы заполниться вся земля, не приобщая ко Мне никого в сотоварищи, Я встречу тебя столь же великим прощением’”» (Ат-Тирмизи: 3540; Ахмад: 12405).