عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِى بِى، وَأَنا معه حَيْثُ يَذْكُرنِى، وَاللَّهِ، للهُ أفْرَحُ بِتَوبَةِ عَبْدِهِ مِنْ أَحَدِكُمْ يَجِدُ ضَالَّتَهُ بالْفَلَاةِ، وَمَنْ تَقَرَّبَ إِلَيَّ شِبْرًا، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعًا، وَمَنْ تَقَرَّبَ إِلَيَّ ذِرَاعًا، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ بَاعًا، وَإِذَا أقْبَلَ إِلَيَّ يَمْشِى أقْبَلْتُ إِلَيْهِ أُهَرْوِلُ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла: «Пендем мен жайлы қандай ойда болса, Мен ол үшін сондаймын,1 сондай-ақ ол Мені есіне алған жерде онымен бірге боламын.2 Алланың атымен ант етейін! Пендесі тәубеге келгендегі Алланың қуанышы қайсыбіреулеріңнің шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан әлдеқайда артық. Сондай-ақ кімде-кім Маған (құлшылығымен) бір сүйем жақындаса, Мен оған (мейіріміммен) бір шынтақ бойы жақындаймын. Ал кім Маған бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлашқа жақындаймын. Кімде-кім Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп барамын», – дейді», – деген. (Бұхари: 7405; Муслим: 6805; Ахмад: 7422)
Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Всемогущий и Великий Аллах говорит: “Я буду для Моего раба таким, каким он Меня считает1, и буду с ним там, где он поминает Меня2. Клянусь Аллахом! Аллах радуется покаянию Своего раба гораздо больше, чем любой из вас радуется, неожиданно найдя своего верблюда, потерянного в пустыне. Кто приблизится ко Мне (поклонением) на пядь, к тому Я приближусь (Своей милостью) на локоть. Кто приблизится ко Мне на локоть, к тому Я приближусь на сажень. А кто придёт ко Мне пешком, к тому Я устремлюсь бегом”» (Аль-Бухари: 7405; Муслим: 6805; Ахмад: 7422).