Хадис
كِتَابُ الْفِتَنِ

Бүліктер кітабы

Сахих Мүслим, 65-кітап · 82 хадис · № 1987–2068

Мазмұны: 58 бап
  1. 1Бүліктердің жақындауы және азғындық көбейген кезде адамдардың қырылуы туралы
  2. 2Бүліктердің жаңбыр тамшыларындай жаууы туралы
  3. 3Бүліктердің жүректерге ұсынылуы және оларда із қалдыруы туралы
  4. 4Шайтанның адамдарды азғыру үшін жасақтарын аттандыруы туралы
  5. 5Бүліктер және олардың сипаттары туралы
  6. 6Бүліктер және олар жайлы хабарларды жатқа білгендер туралы
  7. 7Бүліктің шығыс жақтан шығуы туралы
  8. 8Кисра мен Қайсардың қазыналары Алла жолында сөзсіз жұмсалады
  9. 9Бұл үмбет өкілдерінің бірін-бірі қырып жоюы туралы
  10. 10Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолын сөзсіз ұстанасыңдар
  11. 11Пайғамбардың (с.а.с.) «Үмбетімді құрайыштықтар қырып жояды» деген сөзі және олардан аулақ жүруге бұйыру туралы
  12. 12Отырған адам тұрған адамнан қайырлы болатын бүліктер туралы
  13. 13Екі мұсылман бір-біріне қылышпен қарсы шықса, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта болады
  14. 14Аммарды бүлікші топ өлтіреді
  15. 15Ұраны бір екі үлкен топ өзара соғыспайынша, Қиямет орнамайды
  16. 16Адам біреудің қабірінің жанынан өтіп бара жатып, «Әттең, оның орнында мен болсам ғой!» демейінше, Қиямет орнамайды
  17. 17Кісі өлтіру көбеймейінше, Қиямет орнамайды
  18. 18Өлтіруші не үшін өлтіргенін білмейтін заман келмейінше, Қиямет орнамайды
  19. 19Хижаз жерінен от шықпайынша, Қиямет орнамайды
  20. 20Дәус тайпасы Зул-Халаса пұтына табынбайынша, Қиямет орнамайды
  21. 21Әл-Лат пен әл-Ұззаға табынбайынша, Қиямет орнамайды
  22. 22Бір жағы теңізге, екінші жағы құрлыққа қараған қалаға жорық жасалмайынша, Қиямет орнамайды
  23. 23Фырат (Евфрат) өзенінің суы тартылып, алтын тау ашылмайынша, Қиямет орнамайды
  24. 24Беттері терімен қапталған қалқандарға ұқсайтын жұртпен соғыспайынша, Қиямет орнамайды
  25. 25Қахтанның ұрпағынан бір адам шықпайынша, Қиямет орнамайды
  26. 26Әл-Жәһжаһ деп аталатын адам билікке келмейінше, Қиямет орнамайды
  27. 27Жер бетінде «Алла, Алла» дейтін ешкім қалмайынша, Қиямет орнамайды
  28. 28Йеменнен жүрегінде иманы бар адамдардың жанын алатын жел жіберіледі
  29. 29Қиямет адамдардың ең жамандары қалған кезде ғана орнайды
  30. 30«Пайғамбармын» деп өтірік айтатын алдамшылар шықпайынша, Қиямет орнамайды
  31. 31Мұсылмандардың яһудилермен соғысуы туралы
  32. 32Қиямет орнағанда рұмдықтар саны жағынан ең көп халық болады
  33. 33Рұмдықтармен соғысу және Дәжжал шыққан кезде адамдардың көптеп қырылуы туралы
  34. 34Мұсылмандардың Дәжжал шыққанға дейін елдерді жаулап алуы туралы
  35. 35Константинопольді алу туралы
  36. 36Қағбаға қарай бет алған әскердің жерге жұтылып кетуі туралы
  37. 37Қияметке дейін Мәдинада халықтың тұруы және қаланың көркеюі туралы
  38. 38Қағбаны Хабашстаннан шыққан балтырлары жіңішке адам қиратады
  39. 39Ирактың дирһамын бермеуі туралы
  40. 40Жүректердегі аманатқа адалдық пен иманның жоғалуы туралы
  41. 41Ақырзаманда байлықты уыстап үлестіретін халифа болады
  42. 42Қиямет орнағанға дейін көрінетін белгілер туралы
  43. 43Қараңғы түннің бөліктеріндей бүліктер келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар
  44. 44Алты нәрсе келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар
  45. 45Бүлік пен аласапыран кезінде құлшылық ету туралы
  46. 46Ибн Сайядтың оқиғасы туралы
  47. 47Алғашқы белгі – күннің батыстан шығуы
  48. 48Дәжжалдың сипаты мен шығуы және әл-Жәссаса туралы хадис
  49. 49Исфаһанның жетпіс мың яһудиі Дәжжалға ереді
  50. 50Адамдардың Дәжжалдан қашып, тауларды паналауы және сол кезде арабтардың аз болуы туралы
  51. 51Адам жаратылған кезден Қиямет орнағанға дейін Дәжжалдан зор сынақ тудыратын жаратылыс жоқ
  52. 52Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) көктен түсуі, айқышты сындыруы және шошқаны өлтіруі туралы
  53. 53Пайғамбардың (с.а.с.) «Менің пайғамбар болып жіберілуім мен Қияметтің арасы мына екі саусақтың арасындай» деген сөзі туралы
  54. 54Қияметтің орнауы жақын екені туралы
  55. 55Адам інгенін сауып, ыдысты аузына жеткізгенше Қиямет орнайды
  56. 56Сүрге екі рет үрлеудің арасы – қырық; адамның құйымшақ сүйегінен басқа бүкіл денесі шіріп кетеді
  57. 57Ерлерге ең көп зиян келтіретін сынақ – әйелдер
  58. 58Әйелдерге байланысты сынақтан сақтандыру туралы
بَابٌ: فِي اقْتِرَابِ الْفِتَنِ وَالْهَلَاكِ إِذَا كَثُرَ الْخَبَثُ

1-бапБүліктердің жақындауы және азғындық көбейген кезде адамдардың қырылуы туралы

1987
Мүслим, № 1987

عَنْ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِسْتَيْقَظَ مِنْ نَوْمِهِ وَهُوَ يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ! وَيْلٌ لِلْعَرَبِ مِنْ شَرٍّ قَدِ اقْتَرَبَ، فُتِحَ الْيَوْمَ مِنْ رَدْمِ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ مِثْلُ هَذِهِ». (وَعَقَدَ سُفْيَانُ بِيَدِهِ عَشَرَةً). قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَهْلِكُ وَفِينَا الصَّالِحُونَ؟» قَالَ: «نَعَمْ، إِذَا كَثُرَ الْخَبَثُ».

Қазақша аудармасы

Зәйнаб бинт Жахштың айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) ұйқысынан оянып: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ! Жақындап қалған жамандықтан арабтардың тартар қасіреті қандай! Бүгін Яжуж бен Мәжуж бөгетінің мынадай жері ашылды», – деді. Суфиян қолының саусақтарымен он санын көрсетті. Зәйнаб: «Мен: “Уа, Расулалла! Арамызда ізгі адамдар бола тұра, біз де опат боламыз ба?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Иә, жамандық көбейген кезде”, – деді», – деген (2880/1).

1988
Мүслим, № 1988Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «فُتِحَ الْيَوْمَ مِنْ رَدْمِ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ مِثْلُ هَذِهِ». (وَعَقَدَ وُهَيْبٌ بِيَدِهِ تِسْعِينَ).

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Бүгін Яжуж бен Мәжуж бөгетінің мынадай жері ашылды», – дегенін жеткізді. Уһәйб қолының саусақтарымен тоқсан санын көрсетті (2881/3).

بَابٌ: فِي نُزُولِ الْفِتَنِ كَمَوَاقِعِ الْقَطْرِ

2-бапБүліктердің жаңбыр тамшыларындай жаууы туралы

1989
Мүслим, № 1989Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَشْرَفَ عَلَى أُطُمٍ مِنْ آطَامِ الْمَدِينَةِ، ثُمَّ قَالَ: «هَلْ تَرَوْنَ مَا أَرَى؟ إِنِّي لَأَرَى مَوَاقِعَ الْفِتَنِ خِلَالَ بُيُوتِكُمْ كَمَوَاقِعِ الْقَطْرِ».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Мәдинадағы бекіністердің бірінің үстіне шығып: «Менің көріп тұрғанымды сендер көріп тұрсыңдар ма? Расында, үйлеріңнің арасына бүліктердің жаңбыр тамшыларындай жауатынын көріп тұрмын», – дегенін жеткізді (2885/9).

بَابٌ: عَرْضُ الْفِتَنِ عَلَى الْقُلُوبِ وَنَكْتُهَا فِيهَا

3-бапБүліктердің жүректерге ұсынылуы және оларда із қалдыруы туралы

1990
Мүслим, № 1990Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كُنَّا عِنْدَ عُمَرَ، فَقَالَ: «أَيُّكُمْ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَذْكُرُ الْفِتَنَ؟» فَقَالَ قَوْمٌ: «نَحْنُ سَمِعْنَاهُ». فَقَالَ: «لَعَلَّكُمْ تَعْنُونَ فِتْنَةَ الرَّجُلِ فِي أَهْلِهِ وَمَالِهِ وَجَارِهِ؟» قَالُوا: «أَجَلْ». قَالَ: «تِلْكَ تُكَفِّرُهَا الصَّلَاةُ وَالصِّيَامُ وَالصَّدَقَةُ، وَلَكِنْ أَيُّكُمْ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَذْكُرُ الَّتِي تَمُوجُ مَوْجَ الْبَحْرِ؟» قَالَ حُذَيْفَةُ: فَأَسْكَتَ الْقَوْمُ، فَقُلْتُ: «أَنَا». قَالَ: «أَنْتَ، لِلَّهِ أَبُوكَ!» قَالَ حُذَيْفَةُ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تُعْرَضُ الْفِتَنُ عَلَى الْقُلُوبِ كَالْحَصِيرِ عُودًا عُودًا، فَأَيُّ قَلْبٍ أُشْرِبَهَا نُكِتَ فِيهِ نُكْتَةٌ سَوْدَاءُ، وَأَيُّ قَلْبٍ أَنْكَرَهَا نُكِتَ فِيهِ نُكْتَةٌ بَيْضَاءُ، حَتَّى تَصِيرَ عَلَى قَلْبَيْنِ، عَلَى أَبْيَضَ مِثْلِ الصَّفَا فَلَا تَضُرُّهُ فِتْنَةٌ مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ، وَالْآخَرُ أَسْوَدُ مُرْبَادًّا كَالْكُوزِ مُجَخِّيًا، لَا يَعْرِفُ مَعْرُوفًا، وَلَا يُنْكِرُ مُنْكَرًا، إِلَّا مَا أُشْرِبَ مِنْ هَوَاهُ».

قَالَ حُذَيْفَةُ: وَحَدَّثْتُهُ أَنَّ بَيْنَكَ وَبَيْنَهَا بَابًا مُغْلَقًا يُوشِكُ أَنْ يُكْسَرَ. قَالَ عُمَرُ: «أَكَسْرًا، لَا أَبَا لَكَ؟ فَلَوْ أَنَّهُ فُتِحَ لَعَلَّهُ كَانَ يُعَادُ». قُلْتُ: «لَا، بَلْ يُكْسَرُ»، وَحَدَّثْتُهُ أَنَّ ذَلِكَ الْبَابَ رَجُلٌ يُقْتَلُ أَوْ يَمُوتُ، حَدِيثًا لَيْسَ بِالْأَغَالِيطِ.

قَالَ أَبُو خَالِدٍ: فَقُلْتُ لِسَعْدٍ: «يَا أَبَا مَالِكٍ، مَا أَسْوَدُ مُرْبَادٌّ؟» قَالَ: «شِدَّةُ الْبَيَاضِ فِي سَوَادٍ». قَالَ: قُلْتُ: «فَمَا الْكُوزُ مُجَخِّيًا؟» قَالَ: «مَنْكُوسًا».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деді: «Біз Омардың жанында отырған едік. Ол: “Сендердің қайсыларың Алла Елшісінің (с.а.с.) бүліктер туралы айтқанын естіді?” – деп сұрады. Бірнеше адам: “Біз естідік”, – деді. Омар: “Сендер адамның отбасына, мал-мүлкіне және көршісіне қатысты сынағын айтып тұрған боларсыңдар?” – деді. Олар: “Иә”, – деді. Омар: “Оның күнәсін намаз, ораза және садақа өтейді. Алайда сендердің қайсыларың Пайғамбардың (с.а.с.) теңіз толқындарындай толқитын бүліктер туралы айтқанын естіді?” – деп сұрады. Жұрт үнсіз қалды. Мен: “Мен”, – дедім. Омар: “Әкеңнен айналайын, сен айт!” – деді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Бүліктер жүректерге шидің талдары бірінен соң бірі тоқылғандай ұсынылады. Қай жүрек оны бойына сіңірсе, онда бір қара дақ пайда болады. Ал қай жүрек оны теріске шығарса, онда бір ақ дақ пайда болады. Ақырында жүректер екі түрлі болады: бірі – жылтыр тас секілді аппақ жүрек. Аспан мен жер тұрғанша оған ешбір бүлік зиян тигізбейді. Екіншісі – ақшыл рең аралас қап-қара жүрек; ол аузы төмен төңкерілген құмыраға ұқсайды. Ол жақсылықты жақсылық деп танымайды, жамандықты да теріске шығармайды. Тек бойына сіңген нәпсі қалауына ғана ереді”, – дегенін естідім.

Мен Омарға: “Сені сол бүліктен бөліп тұрған жабық бір есік бар. Алайда ол есік көп ұзамай бұзылады”, – дедім. Омар: “Әкең жоқ болғыр, ол сонда бұзыла ма? Егер жай ғана ашылса, бәлкім, қайта жабылар еді”, – деді. Мен: “Жоқ, ол бұзылады”, – дедім. Сондай-ақ оған сол есіктің өлтірілетін немесе қайтыс болатын бір адам екенін айттым. Бұл жаңсақ жорамал емес, нақты хабар еді». Әбу Халид былай деді: «Мен Сағдтан: “Уа, Әбу Мәлик! ‘أَسْوَدُ مُرْبَادٌّ’ дегеннің мағынасы қандай?” – деп сұрадым. Ол: “Қара түске араласқан айқын ақшыл рең”, – деді. Мен: “Ал ‘الْكُوزُ مُجَخِّيًا’ деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Аузы төмен төңкерілген”, – деді» (144/231).

بَابٌ: بَعْثُ الشَّيْطَانِ سَرَايَاهُ يَفْتِنُونَ النَّاسَ

4-бапШайтанның адамдарды азғыру үшін жасақтарын аттандыруы туралы

1991
Мүслим, № 1991Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِبْلِيسَ يَضَعُ عَرْشَهُ عَلَى الْمَاءِ، ثُمَّ يَبْعَثُ سَرَايَاهُ، فَأَدْنَاهُمْ مِنْهُ مَنْزِلَةً أَعْظَمُهُمْ فِتْنَةً، يَجِيءُ أَحَدُهُمْ فَيَقُولُ: “فَعَلْتُ كَذَا وَكَذَا”. فَيَقُولُ: “مَا صَنَعْتَ شَيْئًا”. قَالَ: ثُمَّ يَجِيءُ أَحَدُهُمْ فَيَقُولُ: “مَا تَرَكْتُهُ حَتَّى فَرَّقْتُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ امْرَأَتِهِ”. قَالَ: فَيُدْنِيهِ مِنْهُ وَيَقُولُ: “نِعْمَ أَنْتَ!”» (قَالَ الْأَعْمَشُ: أُرَاهُ قَالَ: «فَيَلْتَزِمُهُ»).

Қазақша аудармасы

Жәбир былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ібіліс тағын судың үстіне орнатады. Содан кейін жасақтарын аттандырады. Оның алдында дәрежесі ең жоғарысы – адамдарды ең қатты азғырғаны. Олардың бірі келіп: ‘Мен мынаны да, ананы да істедім’, – дейді. Ібіліс оған: ‘Сен ештеңе істемепсің’, – дейді. Содан кейін тағы бірі келіп: ‘Мен оны әйелімен ажырастырмайынша қоймадым’, – дейді. Сонда Ібіліс оны өзіне жақындатып: ‘Жарайсың!’ – дейді”, – деді». Ағмаш: «Меніңше, ол: “Содан кейін оны құшақтайды”, – деді», – деп жеткізді (2813/67).

بَابٌ: فِي الْفِتَنِ وَصِفَاتِهَا

5-бапБүліктер және олардың сипаттары туралы

1992
Мүслим, № 1992

عَنْ أَبِي إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيِّ، كَانَ يَقُولُ: قَالَ حُذَيْفَةُ بْنُ الْيَمَانِ: «وَاللَّهِ إِنِّي لَأَعْلَمُ النَّاسِ بِكُلِّ فِتْنَةٍ هِيَ كَائِنَةٌ فِيمَا بَيْنِي وَبَيْنَ السَّاعَةِ، وَمَا بِي إِلَّا أَنْ يَكُونَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَسَرَّ إِلَيَّ فِي ذَلِكَ شَيْئًا لَمْ يُحَدِّثْهُ غَيْرِي، وَلَكِنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ (وَهُوَ يُحَدِّثُ مَجْلِسًا أَنَا فِيهِ عَنِ الْفِتَنِ)، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ (وَهُوَ يَعُدُّ الْفِتَنَ): “مِنْهُنَّ ثَلَاثٌ لَا يَكَدْنَ يَذَرْنَ شَيْئًا، وَمِنْهُنَّ فِتَنٌ كَرِيَاحِ الصَّيْفِ مِنْهَا صِغَارٌ وَمِنْهَا كِبَارٌ”». قَالَ حُذَيْفَةُ: «فَذَهَبَ أُولَئِكَ الرَّهْطُ كُلُّهُمْ غَيْرِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Идрис әл-Хаулани Хузайфа ибн әл-Яманның былай дегенін жеткізген: «Алланың атымен ант етемін! Осы сәттен Қияметке дейін болатын әрбір бүлік жайында адамдардың бәрінен де көп білетін менмін. Менің мұны білуімнің себебі – Алла Елшісінің (с.а.с.) осы жайында өзгелерге айтпаған бір сырын тек маған ғана ашқаны емес. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) мен де қатысқан бір мәжілісте бүліктер жайында әңгімеледі. Ол (с.а.с.) оларды санамалап тұрып: “Олардың үшеуі еш нәрсені дерлік аман қалдырмайды. Ал кейбір бүліктер жазғы жел секілді болады: олардың ұсағы да, үлкені де бар”, – деді». Хузайфа: «Сол мәжілісте отырғандардың менен басқасының бәрі дүниеден өтті», – деді (2891/22).

1993
Мүслим, № 1993Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ: قَامَ فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَقَامًا، مَا تَرَكَ شَيْئًا يَكُونُ فِي مَقَامِهِ ذَلِكَ إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ إِلَّا حَدَّثَ بِهِ؛ حَفِظَهُ مَنْ حَفِظَهُ وَنَسِيَهُ مَنْ نَسِيَهُ، قَدْ عَلِمَهُ أَصْحَابِي هَؤُلَاءِ، وَإِنَّهُ لَيَكُونُ مِنْهُ الشَّيْءُ قَدْ نَسِيتُهُ فَأَرَاهُ فَأَذْكُرُهُ، كَمَا يَذْكُرُ الرَّجُلُ وَجْهَ الرَّجُلِ إِذَا غَابَ عَنْهُ، ثُمَّ إِذَا رَآهُ عَرَفَهُ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деді: «Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда тұрып, сөз сөйледі. Сол сәттен Қияметке дейін болатын нәрселердің ешқайсысын қалдырмай, бәрін баяндады. Оны есте сақтағандар сақтап қалды, ұмытқандар ұмытты. Мұны менің осы серіктерім де біледі. Кейде мен ұмытып қалған бір оқиға жүзеге асады. Оны көргенімде, есіме қайта түсіремін. Бұл – адамның көптен бері көрмеген бір кісінің жүзін ұмытып, кейін оны көргенде қайта танығаны секілді» (2891/23).

1994
Мүслим, № 1994Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: أَخْبَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَا هُوَ كَائِنٌ إِلَى أَنْ تَقُومَ السَّاعَةُ. فَمَا مِنْهُ شَيْءٌ إِلَّا قَدْ سَأَلْتُهُ، إِلَّا أَنِّي لَمْ أَسْأَلْهُ: «مَا يُخْرِجُ أَهْلَ الْمَدِينَةِ مِنَ الْمَدِينَةِ؟»

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған Қиямет орнағанға дейін болатын нәрселердің бәрін хабарлады. Солардың ішінен одан сұрамаған ешбір нәрсем қалмады. Тек Мәдина халқын Мәдинадан не шығаратынын ғана сұрамадым» (2891/24).

1995
Мүслим, № 1995

عَنْ أَبِي زَيْدٍ (يَعْنِي عَمْرَو بْنَ أَخْطَبَ) قَالَ: صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْفَجْرَ، وَصَعِدَ الْمِنْبَرَ فَخَطَبَنَا حَتَّى حَضَرَتِ الظُّهْرُ، فَنَزَلَ فَصَلَّى، ثُمَّ صَعِدَ الْمِنْبَرَ، فَخَطَبَنَا حَتَّى حَضَرَتِ الْعَصْرُ، ثُمَّ نَزَلَ فَصَلَّى، ثُمَّ صَعِدَ الْمِنْبَرَ، فَخَطَبَنَا حَتَّى غَرَبَتِ الشَّمْسُ، فَأَخْبَرَنَا بِمَا كَانَ وَبِمَا هُوَ كَائِنٌ، فَأَعْلَمُنَا أَحْفَظُنَا.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәйд, яғни Амр ибн Ахтаб, былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге таң намазын оқытты. Содан кейін мінберге көтеріліп, бесін уақыты кіргенге дейін құтба айтты. Кейін мінберден түсіп, бесін намазын оқыды. Содан соң қайтадан мінберге көтеріліп, екінті уақыты кіргенге дейін құтба айтты. Кейін түсіп, екінті намазын оқыды. Содан соң қайтадан мінберге көтеріліп, күн батқанға дейін құтба айтты. Ол бізге бұрын болып өткен және алда болатын нәрселердің бәрін хабарлады. Арамыздағы ең білімдіміз – сол айтылғандарды ең жақсы жаттап алғанымыз еді» (2892/25).

بَابٌ: فِي الْفِتَنِ وَمَنْ كَانَ يَحْفَظُهَا

6-бапБүліктер және олар жайлы хабарларды жатқа білгендер туралы

1996
Мүслим, № 1996

عَنْ مُحَمَّدٍ، قَالَ: قَالَ جُنْدُبٌ: جِئْتُ يَوْمَ الْجَرَعَةِ، فَإِذَا رَجُلٌ جَالِسٌ، فَقُلْتُ: «لَيُهْرَقَنَّ الْيَوْمَ هَاهُنَا دِمَاءٌ». فَقَالَ ذَاكَ الرَّجُلُ: «كَلَّا، وَاللَّهِ». قُلْتُ: «بَلَى، وَاللَّهِ». قَالَ: «كَلَّا، وَاللَّهِ». قُلْتُ: «بَلَى، وَاللَّهِ». قَالَ: «كَلَّا، وَاللَّهِ، إِنَّهُ لَحَدِيثُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَدَّثَنِيهِ». قُلْتُ: «بِئْسَ الْجَلِيسُ لِي أَنْتَ مُنْذُ الْيَوْمِ، تَسْمَعُنِي أُخَالِفُكَ وَقَدْ سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَا تَنْهَانِي!» ثُمَّ قُلْتُ: «مَا هَذَا الْغَضَبُ؟» فَأَقْبَلْتُ عَلَيْهِ وَأَسْأَلُهُ، فَإِذَا الرَّجُلُ حُذَيْفَةُ.

Қазақша аудармасы

Мұхаммедтің айтуынша, Жундуб былай деген: «Жараға оқиғасы болған күні келгенімде, бір адамның отырғанын көрдім. Мен: “Бүгін дәл осы жерде қан төгілетіні анық”, – дедім. Әлгі адам: “Жоқ, Алланың атымен ант етемін!” – деді. Мен: “Иә, Алланың атымен ант етемін!” – дедім. Ол тағы да: “Жоқ, Алланың атымен ант етемін!” – деді. Мен: “Иә, Алланың атымен ант етемін!” – дедім. Сонда ол: “Жоқ, Алланың атымен ант етемін! Расында, бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) маған өзі айтқан хадисі”, – деді. Мен оған: “Бүгін сен маған неткен жаман мәжілістес болдың! Менің сөзіңе қарсы шығып отырғанымды естіп тұрып, мұны Алла Елшісінің (с.а.с.) өзінен естіген болсаң да, мені тоқтатпадың”, – дедім. Содан кейін: “Бұл не деген ашу?” – дедім де, оған бұрылып, сұрақ қоя бастадым. Сөйтсем, әлгі адам Хузайфа екен» (2893/28).

بَابٌ: الْفِتْنَةُ نَحْوَ الْمَشْرِقِ

7-бапБүліктің шығыс жақтан шығуы туралы

1997
Мүслим, № 1997

عَنْ سَالِمِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، قَالَ: «يَا أَهْلَ الْعِرَاقِ، مَا أَسْأَلَكُمْ عَنِ الصَّغِيرَةِ، وَأَرْكَبَكُمْ لِلْكَبِيرَةِ! سَمِعْتُ أَبِي عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ يَقُولُ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘إِنَّ الْفِتْنَةَ تَجِيءُ مِنْ هَاهُنَا’، وَأَوْمَأَ بِيَدِهِ نَحْوَ الْمَشْرِقِ، ‘مِنْ حَيْثُ يَطْلُعُ قَرْنَا الشَّيْطَانِ’”. وَأَنْتُمْ يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ، وَإِنَّمَا قَتَلَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ الَّذِي قَتَلَ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ خَطَأً فَقَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لَهُ: ﴿وَقَتَلْتَ نَفْسًا فَنَجَّيْنَاكَ مِنَ الْغَمِّ وَفَتَنَّاكَ فُتُونًا﴾ [طٰهٰ: ٤٠]».

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдулла ибн Омар былай деді: «Уа, Ирак халқы! Ұсақ күнәлар жайындағы сұрақтарың неткен көп, ал үлкен күнәларға баруда неткен батылсыңдар! Әкем Абдулла ибн Омардың: “Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Расында, бүлік осы жақтан келеді’, – деп қолымен шығыс жақты нұсқап: ‘Шайтанның қос мүйізі шығатын жақтан’, – дегенін естідім”, – дегенін естідім. Ал сендер бір-біріңнің мойындарыңды шауып жүрсіңдер. Мұса (а.с.) Перғауын әулетінен болған бір адамды абайсызда өлтіріп қойған еді. Сонда Ұлы әрі аса мәртебелі Алла оған: “Содан сен ержетіп, абайсызда бір кісіні өлтіріп қойдың. Біз сені сол бір істің әлегінен құтқардық. Біз сені содан кейін де жан-жақты кемелдендіре түсу үшін көптеген қиындыққа душар қылып сынадық.” (“Таһа”, 40), – деді» (2905/50).

بَابٌ: لَتُنْفَقَنَّ كُنُوزُ كِسْرَى وَقَيْصَرَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

8-бапКисра мен Қайсардың қазыналары Алла жолында сөзсіз жұмсалады

1998
Мүслим, № 1998Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَدْ مَاتَ كِسْرَى، فَلَا كِسْرَى بَعْدَهُ، وَإِذَا هَلَكَ قَيْصَرُ، فَلَا قَيْصَرَ بَعْدَهُ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَتُنْفَقَنَّ كُنُوزُهُمَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кисра қайтыс болды, одан кейін Кисра болмайды. Қайсар да дүниеден өткен кезде, одан кейін Қайсар болмайды. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Екеуінің қазыналары міндетті түрде Алла жолында жұмсалады» (2918/75).

1999
Мүслим, № 1999Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَتَفْتَحَنَّ عِصَابَةٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ» (أَوْ: «مِنَ الْمُؤْمِنِينَ»)، «كَنْزَ آلِ كِسْرَى الَّذِي فِي الْأَبْيَضِ». قَالَ قُتَيْبَةُ: «مِنَ الْمُسْلِمِينَ»، وَلَمْ يَشُكَّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Мұсылмандардан немесе мүміндерден бір топ Ақ сарайдағы Кисра әулетінің қазынасын міндетті түрде қолға түсіреді”, – дегенін естідім», – деді. Қутайба өз риуаятында «мұсылмандардан» деп анық айтып, еш күмән келтірмеген (2919/78).

بَابٌ: هَلَاكُ هَذِهِ الْأُمَّةِ بَعْضِهِمْ بِبَعْضٍ

9-бапБұл үмбет өкілдерінің бірін-бірі қырып жоюы туралы

2000
Мүслим, № 2000Риуаят етуші: Сәубан

عَنْ ثَوْبَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ زَوَى لِي الْأَرْضَ، فَرَأَيْتُ مَشَارِقَهَا وَمَغَارِبَهَا، وَإِنَّ أُمَّتِي سَيَبْلُغُ مُلْكُهَا مَا زُوِيَ لِي مِنْهَا، وَأُعْطِيتُ الْكَنْزَيْنِ الْأَحْمَرَ وَالْأَبْيَضَ، وَإِنِّي سَأَلْتُ رَبِّي لِأُمَّتِي أَنْ لَا يُهْلِكَهَا بِسَنَةٍ عَامَّةٍ، وَأَنْ لَا يُسَلِّطَ عَلَيْهِمْ عَدُوًّا مِنْ سِوَى أَنْفُسِهِمْ، فَيَسْتَبِيحَ بَيْضَتَهُمْ، وَإِنَّ رَبِّي قَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، إِنِّي إِذَا قَضَيْتُ قَضَاءً فَإِنَّهُ لَا يُرَدُّ، وَإِنِّي أَعْطَيْتُكَ لِأُمَّتِكَ أَنْ لَا أُهْلِكَهُمْ بِسَنَةٍ عَامَّةٍ، وَأَنْ لَا أُسَلِّطَ عَلَيْهِمْ عَدُوًّا مِنْ سِوَى أَنْفُسِهِمْ، يَسْتَبِيحُ بَيْضَتَهُمْ، وَلَوِ اِجْتَمَعَ عَلَيْهِمْ مَنْ بِأَقْطَارِهَا”» (أَوْ قَالَ: «مَنْ بَيْنَ أَقْطَارِهَا»)، «“حَتَّى يَكُونَ بَعْضُهُمْ يُهْلِكُ بَعْضًا، وَيَسْبِي بَعْضُهُمْ بَعْضًا”».

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алла маған жерді жинап көрсетті. Сонда мен оның шығысы мен батысын көрдім. Үмбетімнің билігі маған жинап көрсетілген жердің бәріне жетеді. Маған қызыл және ақ екі қазына берілді. Мен Раббымнан үмбетімді түгел қамтитын жұтпен жоймауын әрі өздерінен өзге жұрттан шыққан жауды оларға үстем етіп, тұтас қауымын ойрандатпауын сұрадым. Сонда Раббым: ‘Уа, Мұхаммед! Мен бір үкім шығарсам, ол кері қайтарылмайды. Мен сенің үмбетіңді түгел қамтитын жұтпен жоймауға әрі өздерінен өзге жұрттан шыққан жауды оларға үстем етіп, тұтас қауымын ойрандатпауға уәде бердім. Тіпті жердің түкпір-түкпіріндегі жұрттың бәрі (немесе ол айтқандай: ‹жер түкпірлерінің арасындағы жұрттың бәрі›) оларға қарсы жиналса да, олардың бір бөлігі екінші бөлігін қырып, бір бөлігі екінші бөлігін тұтқынға ала бастағанға дейін солай болады’, – деді”, – деді» (2889/19).

2001
Мүслим, № 2001

عَنْ عَامِرِ بْنِ سَعْدٍ، عَنْ أَبِيهِ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَقْبَلَ ذَاتَ يَوْمٍ مِنَ الْعَالِيَةِ، حَتَّى إِذَا مَرَّ بِمَسْجِدِ بَنِي مُعَاوِيَةَ دَخَلَ فَرَكَعَ فِيهِ رَكْعَتَيْنِ، وَصَلَّيْنَا مَعَهُ، وَدَعَا رَبَّهُ طَوِيلًا، ثُمَّ اِنْصَرَفَ إِلَيْنَا، فَقَالَ: «سَأَلْتُ رَبِّي ثَلَاثًا، فَأَعْطَانِي ثِنْتَيْنِ وَمَنَعَنِي وَاحِدَةً، سَأَلْتُ رَبِّي أَنْ لَا يُهْلِكَ أُمَّتِي بِالسَّنَةِ فَأَعْطَانِيهَا، وَسَأَلْتُهُ أَنْ لَا يُهْلِكَ أُمَّتِي بِالْغَرَقِ فَأَعْطَانِيهَا، وَسَأَلْتُهُ أَنْ لَا يَجْعَلَ بَأْسَهُمْ بَيْنَهُمْ فَمَنَعَنِيهَا».

Қазақша аудармасы

Амир ибн Сағд әкесінің былай дегенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні Алия жақтан келе жатып, Бәну Мұғауия мешітінің жанынан өткенде, ішке кіріп, екі рәкағат намаз оқыды. Біз де онымен бірге намаз оқыдық. Содан кейін ол Раббысына ұзақ дұға етті де, бізге бұрылып: “Раббымнан үш нәрсе сұрадым. Оның екеуін беріп, біреуін бермеді. Раббымнан үмбетімді жұтпен жоймауын сұрадым, Ол бұл тілегімді қабыл етті. Үмбетімді суға батырып жоймауын сұрадым, бұл тілегімді де қабыл етті. Ал оларды өзара қырқыстырмауын сұрадым, бірақ бұл тілегімді қабыл етпеді”, – деді» (2890/20).

بَابٌ: لَتَتَّبِعُنَّ سَنَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ

10-бапСендер өздеріңнен бұрынғылардың жолын сөзсіз ұстанасыңдар

2002
Мүслим, № 2002Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَتَتَّبِعُنَّ سَنَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ، شِبْرًا بِشِبْرٍ وَذِرَاعًا بِذِرَاعٍ، حَتَّى لَوْ دَخَلُوا فِي جُحْرِ ضَبٍّ لَاتَّبَعْتُمُوهُمْ». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، آلْيَهُودَ وَالنَّصَارَى؟» قَالَ: «فَمَنْ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолына сүйем-сүйем, кезбе-кез ілесесіңдер. Тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер соңдарынан кіресіңдер”, – деді. Біз: “Уа, Расулалла! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?” – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): “Басқа кім болушы еді?” – деді» (2669/6).

بَابٌ: يُهْلِكُ أُمَّتِي قُرَيْشٌ، وَالْأَمْرُ بِاعْتِزَالِهِمْ

11-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Үмбетімді құрайыштықтар қырып жояды» деген сөзі және олардан аулақ жүруге бұйыру туралы

2003
Мүслим, № 2003Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُهْلِكُ أُمَّتِي هَذَا الْحَيُّ مِنْ قُرَيْشٍ». قَالُوا: «فَمَا تَأْمُرُنَا؟» قَالَ: «لَوْ أَنَّ النَّاسَ اِعْتَزَلُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Үмбетімді Құрайыштың мына бір тобы құртады», – дегенін жеткізді. Адамдар: «Онда бізге не істеуді бұйырасыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Адамдар олардан аулақ жүрсе ғой!» – деді (2917/74).

بَابٌ: تَكُونُ فِتَنٌ الْقَاعِدُ فِيهَا خَيْرٌ مِنَ الْقَائِمِ

12-бапОтырған адам тұрған адамнан қайырлы болатын бүліктер туралы

2004
Мүслим, № 2004Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهَا سَتَكُونُ فِتَنٌ. أَلَا ثُمَّ تَكُونُ فِتْنَةٌ الْقَاعِدُ فِيهَا خَيْرٌ مِنَ الْمَاشِي فِيهَا، وَالْمَاشِي فِيهَا خَيْرٌ مِنَ السَّاعِي إِلَيْهَا. أَلَا، فَإِذَا نَزَلَتْ أَوْ وَقَعَتْ، فَمَنْ كَانَ لَهُ إِبِلٌ فَلْيَلْحَقْ بِإِبِلِهِ، وَمَنْ كَانَتْ لَهُ غَنَمٌ فَلْيَلْحَقْ بِغَنَمِهِ، وَمَنْ كَانَتْ لَهُ أَرْضٌ فَلْيَلْحَقْ بِأَرْضِهِ». قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ مَنْ لَمْ تَكُنْ لَهُ إِبِلٌ وَلَا غَنَمٌ وَلَا أَرْضٌ؟» قَالَ: «يَعْمِدُ إِلَى سَيْفِهِ فَيَدُقُّ عَلَى حَدِّهِ بِحَجَرٍ، ثُمَّ لِيَنْجُ إِنِ اِسْتَطَاعَ النَّجَاءَ، اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ؟ اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ؟ اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ؟» قَالَ: فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ أُكْرِهْتُ حَتَّى يُنْطَلَقَ بِي إِلَى أَحَدِ الصَّفَّيْنِ، أَوْ إِحْدَى الْفِئَتَيْنِ، فَضَرَبَنِي رَجُلٌ بِسَيْفِهِ، أَوْ يَجِيءُ سَهْمٌ فَيَقْتُلُنِي؟» قَالَ: «يَبُوءُ بِإِثْمِهِ وَإِثْمِكَ، وَيَكُونُ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, алда бүліктер болады. Біліп қойыңдар! Содан кейін сондай бір бүлік болады: сол кезде отырған адам жүрген адамнан, ал жүрген адам оған қарай жүгірген адамнан қайырлы болады. Біліп қойыңдар! Ол бүлік түскенде немесе орын алғанда, түйелері бар адам түйелерінің қасына, қойлары бар адам қойларының қасына, ал жері бар адам жеріне кетсін», – деген.

Сонда бір адам: «Уа, Расулалла! Түйесі де, қойы да, жері де жоқ адам не істейді?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Қылышын алып, оның жүзін таспен ұрып мұқалтсын. Содан кейін шамасы келсе, қашып құтылсын. Уа, Алла! Мен жеткіздім бе? Уа, Алла! Мен жеткіздім бе? Уа, Алла! Мен жеткіздім бе?» – деді. Сонда тағы бір адам: «Уа, Расулалла! Егер мені күштеп екі саптың немесе екі топтың біріне алып барса, біреу мені қылышымен шауып өлтірсе немесе ұшып келген жебе мерт етсе, не болады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Ол өзінің де, сенің де күнәңді арқалап, Жәһаннам иелерінен болады», – деді (2887/13).

بَابٌ: إِذَا تَوَاجَهَ الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ

13-бапЕкі мұсылман бір-біріне қылышпен қарсы шықса, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта болады

2005
Мүслим, № 2005

عَنِ الْأَحْنَفِ بْنِ قَيْسٍ، قَالَ: خَرَجْتُ وَأَنَا أُرِيدُ هَذَا الرَّجُلَ فَلَقِيَنِي أَبُو بَكْرَةَ، فَقَالَ: «أَيْنَ تُرِيدُ، يَا أَحْنَفُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «أُرِيدُ نَصْرَ ابْنِ عَمِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ» (يَعْنِي عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ). قَالَ: فَقَالَ لِي: «يَا أَحْنَفُ، اِرْجِعْ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِذَا تَوَاجَهَ الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا، فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ”». قَالَ: فَقُلْتُ (أَوْ قِيلَ): «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا الْقَاتِلُ، فَمَا بَالُ الْمَقْتُولِ؟» قَالَ: «إِنَّهُ قَدْ أَرَادَ قَتْلَ صَاحِبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әл-Ахнаф ибн Қайс былай деді: «Мен әлгі кісіге бармақ болып жолға шыққан едім. Сонда Әбу Бәкра маған жолығып: “Уа, Ахнаф! Қайда бет алдың?” – деп сұрады. Мен: “Алла Елшісінің (с.а.с.) немере ағайынына, яғни Әлиге (р.а.) жәрдем беруге бара жатырмын”, – дедім. Сонда ол маған: “Уа, Ахнаф! Кері қайт! Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Екі мұсылман бір-біріне қылыштарын кезенсе, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта’, – дегенін естідім”, – деді. Әбу Бәкра сөзін жалғастырып: “Сонда: ‘Уа, Расулалла! Өлтірген адамның жайы түсінікті, ал өлтірілген адам неліктен Тозақта?’ – деп сұрадым (немесе: ‘деп сұралды’). Ол (с.а.с.): ‘Өйткені ол да қарсыласын өлтіргісі келген еді’, – деп жауап берді”, – деді» (2888/14).

بَابٌ: تَقْتُلُ عَمَّارًا الْفِئَةُ الْبَاغِيَةُ

14-бапАммарды бүлікші топ өлтіреді

2006
Мүслим, № 2006Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَقْتُلُ عَمَّارًا الْفِئَةُ الْبَاغِيَةُ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Аммарды бүлікші топ өлтіреді”, – деді», – деп баяндады (2916/73).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَقْتَتِلَ فِئَتَانِ عَظِيمَتَانِ دَعْوَاهُمَا وَاحِدَةٌ

15-бапҰраны бір екі үлкен топ өзара соғыспайынша, Қиямет орнамайды

2007
Мүслим, № 2007Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَقْتَتِلَ فِئَتَانِ عَظِيمَتَانِ، تَكُونُ بَيْنَهُمَا مَقْتَلَةٌ عَظِيمَةٌ وَدَعْوَاهُمَا وَاحِدَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Екі үлкен топ өзара соғысып, араларында үлкен қантөгіс болмайынша, Қиямет орнамайды. Екеуінің де ұраны бір болады» (157/17).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَمُرَّ الرَّجُلُ بِقَبْرِ الرَّجُلِ فَيَقُولَ: «يَا لَيْتَنِي مَكَانَهُ»

16-бапАдам біреудің қабірінің жанынан өтіп бара жатып, «Әттең, оның орнында мен болсам ғой!» демейінше, Қиямет орнамайды

2008
Мүслим, № 2008Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَا تَذْهَبُ الدُّنْيَا حَتَّى يَمُرَّ الرَّجُلُ عَلَى الْقَبْرِ فَيَتَمَرَّغُ عَلَيْهِ، وَيَقُولُ: “يَا لَيْتَنِي كُنْتُ مَكَانَ صَاحِبِ هَذَا الْقَبْرِ”، وَلَيْسَ بِهِ الدِّينُ إِلَّا الْبَلَاءُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Бір адам қабірдің жанынан өтіп, оның үстіне жата кетіп аунап: ‘Әттең, осы қабір иесінің орнында мен болсам ғой!’ – демейінше, бұл дүние жойылмайды. Ол мұны дініне қатысты себеппен емес, тек басына түскен ауыртпалықтан айтады”, – деді» (157/54).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَكْثُرَ الْهَرْجُ

17-бапКісі өлтіру көбеймейінше, Қиямет орнамайды

2009
Мүслим, № 2009Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَكْثُرَ الْهَرْجُ». قَالُوا: «وَمَا الْهَرْجُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْقَتْلُ، الْقَتْلُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Һәрж көбеймейінше, Қиямет орнамайды». Адамдар: «Уа, Расулалла! Һәрж деген не?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Кісі өлтіру, кісі өлтіру», – деп жауап берді (157/18).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى لَا يَدْرِيَ الْقَاتِلُ فِيمَ قَتَلَ

18-бапӨлтіруші не үшін өлтіргенін білмейтін заман келмейінше, Қиямет орнамайды

2010
Мүслим, № 2010Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَا تَذْهَبُ الدُّنْيَا حَتَّى يَأْتِيَ عَلَى النَّاسِ يَوْمٌ لَا يَدْرِي الْقَاتِلُ فِيمَ قَتَلَ، وَلَا الْمَقْتُولُ فِيمَ قُتِلَ». فَقِيلَ: «كَيْفَ يَكُونُ ذَلِكَ؟» قَالَ: «الْهَرْجُ، الْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Адамдардың басына өлтіруші не үшін өлтіргенін, ал өлтірілген адам не үшін өлтірілгенін білмейтін күн келмейінше, бұл дүние жойылмайды”, – деді. Одан: “Бұл қалай болады?” – деп сұралды. Ол: “Бұл – һәрж. Өлтірген де, өлтірілген де Тозақта”, – деп жауап берді» (2908/56).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَخْرُجَ نَارٌ مِنْ أَرْضِ الْحِجَازِ

19-бапХижаз жерінен от шықпайынша, Қиямет орнамайды

2011
Мүслим, № 2011Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَخْرُجَ نَارٌ مِنْ أَرْضِ الْحِجَازِ، تُضِيءُ أَعْنَاقَ الْإِبِلِ بِبُصْرَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Хижаз жерінен жарығы Бұсрадағы түйелердің мойнына түсетін от шықпайынша, Қиямет орнамайды», – дегенін жеткізді (2902/42).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَعْبُدَ دَوْسٌ ذَا الْخَلَصَةِ

20-бапДәус тайпасы Зул-Халаса пұтына табынбайынша, Қиямет орнамайды

2012
Мүслим, № 2012Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَضْطَرِبَ أَلَيَاتُ نِسَاءِ دَوْسٍ حَوْلَ ذِي الْخَلَصَةِ». وَكَانَتْ صَنَمًا تَعْبُدُهَا دَوْسٌ فِي الْجَاهِلِيَّةِ بِتَبَالَةَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Дәус әйелдерінің бөкселері Зул-Халасаның айналасында теңселмейінше, Қиямет орнамайды», – дегенін жеткізді. Зул-Халаса – Жәһилия дәуірінде Дәус тайпасы Табала жерінде табынған пұт еді (2906/51).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُعْبَدَ اللَّاتُ وَالْعُزَّى

21-бапӘл-Лат пен әл-Ұззаға табынбайынша, Қиямет орнамайды

2013
Мүслим, № 2013Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَذْهَبُ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ حَتَّى تُعْبَدَ اللَّاتُ وَالْعُزَّى». فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ كُنْتُ لَأَظُنُّ حِينَ أَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ﴾ [التَّوْبَةُ: ٣٣] أَنَّ ذَلِكَ تَامٌّ». قَالَ: «إِنَّهُ سَيَكُونُ مِنْ ذَلِكَ مَا شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ يَبْعَثُ اللَّهُ رِيحًا طَيِّبَةً، فَتَوَفَّى كُلَّ مَنْ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةِ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ، فَيَبْقَى مَنْ لَا خَيْرَ فِيهِ، فَيَرْجِعُونَ إِلَى دِينِ آبَائِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Лат пен Ұззаға табынылмайынша, күн мен түннің алмасуы тоқтамайды”, – дегенін естідім. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Алла: ‘Мүшріктер қанша жерден жақтырмаса да, Алла хақ дін Исламның мерейін өзге дін атаулының барлығынан үстем ету үшін пайғамбарын тура жол және хақ дінмен жіберді.’ (‘Тәубе’, 33), – деген аятты түсіргенде, бұл іс толық жүзеге асты деп ойлаған едім”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Бұл жағдай Алла қалаған уақытқа дейін жалғасады. Содан кейін Алла жағымды жел жібереді. Ол жүрегінде қыша дәнінің салмағындай иманы бар әрбір адамның жанын алады. Сөйтіп, бойында ешбір жақсылық жоқ адамдар ғана қалады. Олар ата-бабаларының дініне қайта оралады”, – деді» (2907/52).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُغْزَى مَدِينَةٌ جَانِبُهَا فِي الْبَحْرِ وَالْآخَرُ فِي الْبَرِّ

22-бапБір жағы теңізге, екінші жағы құрлыққа қараған қалаға жорық жасалмайынша, Қиямет орнамайды

2014
Мүслим, № 2014Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «سَمِعْتُمْ بِمَدِينَةٍ جَانِبٌ مِنْهَا فِي الْبَرِّ وَجَانِبٌ مِنْهَا فِي الْبَحْرِ؟» قَالُوا: «نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَغْزُوَهَا سَبْعُونَ أَلْفًا مِنْ بَنِي إِسْحَاقَ، فَإِذَا جَاءُوهَا نَزَلُوا، فَلَمْ يُقَاتِلُوا بِسِلَاحٍ وَلَمْ يَرْمُوا بِسَهْمٍ، قَالُوا: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيَسْقُطُ أَحَدُ جَانِبَيْهَا» (قَالَ ثَوْرٌ: لَا أَعْلَمُهُ إِلَّا قَالَ: «الَّذِي فِي الْبَحْرِ»)، «ثُمَّ يَقُولُوا الثَّانِيَةَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيَسْقُطُ جَانِبُهَا الْآخَرُ، ثُمَّ يَقُولُوا الثَّالِثَةَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيُفَرَّجُ لَهُمْ، فَيَدْخُلُوهَا فَيَغْنَمُونَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يَقْتَسِمُونَ الْمَغَانِمَ، إِذْ جَاءَهُمُ الصَّرِيخُ، فَقَالَ: “إِنَّ الدَّجَّالَ قَدْ خَرَجَ”. فَيَتْرُكُونَ كُلَّ شَيْءٍ وَيَرْجِعُونَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Бір шеті құрлықта, ал екінші шеті теңізде орналасқан қала туралы естідіңдер ме?» – деп сұрағанын баяндады. Сахабалар: «Иә, уа, Расулалла!» – деді. Ол (с.а.с.): «Исхақ ұрпағынан жетпіс мың адам сол қалаға жорық жасамайынша, Қиямет орнамайды. Олар қалаға келгенде, оның маңына келіп тоқтайды. Қарумен соғыспайды әрі жебе де атпайды. Олар: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда қаланың екі жағының бірі құлайды», – деді. Сәур: «Менің білуімше, ол: “Теңіз жақтағы бөлігі”, – деген», – деді.

Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Содан кейін олар екінші рет: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда қаланың екінші жағы да құлайды. Одан кейін үшінші рет: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда оларға жол ашылып, қалаға кіреді де, олжаны қолға түсіреді. Олар олжаны бөлісіп жатқанда, бір жаршы келіп: “Дәжжал шықты!” – деп хабарлайды. Сонда олар бәрін тастап, кері қайтады», – деді (2920/78).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَحْسِرَ الْفُرَاتُ عَنْ جَبَلٍ مِنْ ذَهَبٍ

23-бапФырат (Евфрат) өзенінің суы тартылып, алтын тау ашылмайынша, Қиямет орнамайды

2015
Мүслим, № 2015Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَحْسِرَ الْفُرَاتُ عَنْ جَبَلٍ مِنْ ذَهَبٍ، يَقْتَتِلُ النَّاسُ عَلَيْهِ، فَيُقْتَلُ مِنْ كُلِّ مِائَةٍ تِسْعَةٌ وَتِسْعُونَ، وَيَقُولُ كُلُّ رَجُلٍ مِنْهُمْ: “لَعَلِّي أَكُونُ أَنَا الَّذِي أَنْجُو”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Фырат өзенінің суы тартылып, астынан алтын тау шықпайынша, Қиямет орнамайды. Адамдар сол алтын үшін бір-бірімен соғысып, әрбір жүз адамның тоқсан тоғызы қаза табады. Олардың әрқайсысы: “Бәлкім, аман қалатыны мен болармын”, – дейді» (2894/29).

2016
Мүслим, № 2016Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُوشِكُ الْفُرَاتُ أَنْ يَحْسِرَ عَنْ كَنْزٍ مِنْ ذَهَبٍ، فَمَنْ حَضَرَهُ فَلَا يَأْخُذْ مِنْهُ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Фырат өзенінің суы тартылып, астынан алтын қазына шығатын уақыт таяп қалды. Оған кім куә болса, одан ештеңе алмасын”, – деді», – деп баяндады (2894/30).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا قَوْمًا كَأَنَّ وُجُوهَهُمُ الْمَجَانُّ الْمُطْرَقَةُ

24-бапБеттері терімен қапталған қалқандарға ұқсайтын жұртпен соғыспайынша, Қиямет орнамайды

2017
Мүслим, № 2017Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تُقَاتِلُونَ بَيْنَ يَدَيِ السَّاعَةِ قَوْمًا نِعَالُهُمُ الشَّعَرُ، كَأَنَّ وُجُوهَهُمُ الْمَجَانُّ الْمُطْرَقَةُ، حُمْرُ الْوُجُوهِ، صِغَارُ الْأَعْيُنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет қарсаңында сендер аяқкиімдері жүннен жасалған, жүздері терімен қапталған қалқандардай, өңдері қызыл, көздері кішкентай бір қауыммен соғысасыңдар”, – деді», – деп баяндады (2912/66).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَخْرُجَ رَجُلٌ مِنْ قَحْطَانَ

25-бапҚахтанның ұрпағынан бір адам шықпайынша, Қиямет орнамайды

2018
Мүслим, № 2018Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَخْرُجَ رَجُلٌ مِنْ قَحْطَانَ يَسُوقُ النَّاسَ بِعَصَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қахтан ұрпағынан адамдарды таяғымен айдайтын бір адам шықпайынша, Қиямет орнамайды», – дегенін баяндады (2910/60).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَمْلِكَ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ الْجَهْجَاهُ

26-бапӘл-Жәһжаһ деп аталатын адам билікке келмейінше, Қиямет орнамайды

2019
Мүслим, № 2019Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَذْهَبُ الْأَيَّامُ وَاللَّيَالِي حَتَّى يَمْلِكَ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ الْجَهْجَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Әл-Жәһжаһ есімді бір адам билік құрмайынша, күндер мен түндер таусылмайды», – дегенін жеткізді (2911/61).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى لَا يُقَالَ فِي الْأَرْضِ: «اللَّهُ، اللَّهُ»

27-бапЖер бетінде «Алла, Алла» дейтін ешкім қалмайынша, Қиямет орнамайды

2020
Мүслим, № 2020Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى لَا يُقَالَ فِي الْأَرْضِ: “اللَّهُ، اللَّهُ”».

Қазақша аудармасы

Әнәстің айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жер бетінде “Алла, Алла” деп айтылмайтын кез келмейінше, Қиямет орнамайды» (148/234).

بَابٌ: تُبْعَثُ رِيحٌ مِنَ الْيَمَنِ فَتَقْبِضُ مَنْ فِي قَلْبِهِ إِيمَانٌ

28-бапЙеменнен жүрегінде иманы бар адамдардың жанын алатын жел жіберіледі

2021
Мүслим, № 2021Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ يَبْعَثُ رِيحًا مِنَ الْيَمَنِ أَلْيَنَ مِنَ الْحَرِيرِ، فَلَا تَدَعُ أَحَدًا فِي قَلْبِهِ» (قَالَ أَبُو عَلْقَمَةَ: «مِثْقَالُ حَبَّةٍ». وَقَالَ عَبْدُ الْعَزِيزِ: «مِثْقَالُ ذَرَّةٍ»)، «مِنَ الْإِيمَانِ إِلَّا قَبَضَتْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Алла Йеменнен жібектен де жұмсақ бір жел жібереді. Ол жүрегінде титтей де иманы бар ешбір адамды қалдырмай, жанын алады». Әбу Алқама: «Бір дәннің салмағындай», – десе, Абдулазиз: «Бір тозаңның салмағындай», – деп жеткізген (117/185).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ إِلَّا عَلَى شِرَارِ النَّاسِ

29-бапҚиямет адамдардың ең жамандары қалған кезде ғана орнайды

2022
Мүслим, № 2022Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ إِلَّا عَلَى شِرَارِ النَّاسِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (Алла екеуіне де разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.): «Қиямет адамдардың ең жамандары ғана қалған кезде орнайды», – дегенін жеткізді (2949/131).

بَابٌ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَخْرُجَ دَجَّالُونَ كَذَّابُونَ

30-бап«Пайғамбармын» деп өтірік айтатын алдамшылар шықпайынша, Қиямет орнамайды

2023
Мүслим, № 2023Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يُبْعَثَ دَجَّالُونَ كَذَّابُونَ قَرِيبًا مِنْ ثَلَاثِينَ، كُلُّهُمْ يَزْعُمُ أَنَّهُ رَسُولُ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Пайғамбардың (с.а.с.): «Әрқайсысы өзін Алланың елшісі деп жариялайтын отызға жуық өтірікші дажжал пайда болмайынша, Қиямет орнамайды», – дегенін жеткізді (157/84).

2024
Мүслим, № 2024Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ بَيْنَ يَدَيِ السَّاعَةِ كَذَّابِينَ». وَفِي رِوَايَةٍ قَالَ جَابِرٌ: «فَاحْذَرُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Қиямет қарсаңында өтірікшілер пайда болады”, – дегенін естідім», – деді. Басқа бір риуаятта Жәбир: «Олардан сақ болыңдар», – деген (2923/83).

بَابٌ: فِي قِتَالِ الْمُسْلِمِينَ الْيَهُودَ

31-бапМұсылмандардың яһудилермен соғысуы туралы

2025
Мүслим, № 2025Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يُقَاتِلَ الْمُسْلِمُونَ الْيَهُودَ، فَيَقْتُلُهُمُ الْمُسْلِمُونَ حَتَّى يَخْتَبِئَ الْيَهُودِيُّ مِنْ وَرَاءِ الْحَجَرِ وَالشَّجَرِ، فَيَقُولُ الْحَجَرُ أَوِ الشَّجَرُ: “يَا مُسْلِمُ، يَا عَبْدَ اللَّهِ، هَذَا يَهُودِيٌّ خَلْفِي، فَتَعَالَ فَاقْتُلْهُ”، إِلَّا الْغَرْقَدَ، فَإِنَّهُ مِنْ شَجَرِ الْيَهُودِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін баяндады: «Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, Қиямет орнамайды. Мұсылмандар оларды өлтіреді. Ақырында яһуди тас пен ағаштың артына жасырынады. Сонда тас немесе ағаш: “Уа, мұсылман! Уа, Алланың құлы! Менің артымда бір яһуди тұр. Кел де, оны өлтір!” – дейді. Тек ғарқад ағашы ғана бұлай демейді, өйткені ол – яһудилердің ағаштарының бірі» (2922/82).

بَابٌ: تَقُومُ السَّاعَةُ وَالرُّومُ أَكْثَرُ النَّاسِ

32-бапҚиямет орнағанда рұмдықтар саны жағынан ең көп халық болады

2026
Мүслим, № 2026

عَنْ مُوسَى بْنِ عُلَيٍّ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: قَالَ الْمُسْتَوْرِدُ الْقُرَشِيُّ عِنْدَ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “تَقُومُ السَّاعَةُ وَالرُّومُ أَكْثَرُ النَّاسِ”». فَقَالَ لَهُ عَمْرٌو: «أَبْصِرْ مَا تَقُولُ». قَالَ: «أَقُولُ مَا سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «لَئِنْ قُلْتَ ذَلِكَ، إِنَّ فِيهِمْ لَخِصَالًا أَرْبَعًا: إِنَّهُمْ لَأَحْلَمُ النَّاسِ عِنْدَ فِتْنَةٍ، وَأَسْرَعُهُمْ إِفَاقَةً بَعْدَ مُصِيبَةٍ، وَأَوْشَكُهُمْ كَرَّةً بَعْدَ فَرَّةٍ، وَخَيْرُهُمْ لِمِسْكِينٍ وَيَتِيمٍ وَضَعِيفٍ، وَخَامِسَةٌ حَسَنَةٌ جَمِيلَةٌ: وَأَمْنَعُهُمْ مِنْ ظُلْمِ الْمُلُوكِ».

Қазақша аудармасы

Мұса ибн Ұлай әкесінен жеткізді. Оның әкесі былай деген: «Мустәурид әл-Қураши Амр ибн Астың қасында: “Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қиямет орнаған кезде адамдардың ең көбі рұмдықтар болады’, – дегенін естідім”, – деді. Сонда Амр оған: “Не айтып тұрғаныңа абай бол!” – деді. Мустәурид: “Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) не естісем, соны айтып тұрмын”, – деді. Сонда Амр: “Олай десең, расында, олардың бойында төрт қасиет бар: бүлік тұсында адамдардың ең ұстамдысы – солар; нәубеттен кейін есін ең тез жинайтындар – солар; шегінгеннен кейін шайқасқа ең тез қайта оралатындар – солар; міскінге, жетімге және әлсізге ең қайырымдысы – солар. Бұған қоса, олардың бесінші бір көркем қасиеті бар: патшалардың зұлымдығына ең берік тосқауыл қоятындар да – солар”, – деді» (2898/35).

بَابٌ: فِي قِتَالِ الرُّومِ وَكَثْرَةِ الْقَتْلِ عِنْدَ خُرُوجِ الدَّجَّالِ

33-бапРұмдықтармен соғысу және Дәжжал шыққан кезде адамдардың көптеп қырылуы туралы

2027
Мүслим, № 2027

عَنْ يُسَيْرِ بْنِ جَابِرٍ، قَالَ: هَاجَتْ رِيحٌ حَمْرَاءُ بِالْكُوفَةِ، فَجَاءَ رَجُلٌ لَيْسَ لَهُ هِجِّيرَى إِلَّا «يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ، جَاءَتِ السَّاعَةُ». قَالَ: فَقَعَدَ وَكَانَ مُتَّكِئًا، فَقَالَ: «إِنَّ السَّاعَةَ لَا تَقُومُ حَتَّى لَا يُقْسَمَ مِيرَاثٌ، وَلَا يُفْرَحَ بِغَنِيمَةٍ». ثُمَّ قَالَ بِيَدِهِ هَكَذَا (وَنَحَّاهَا نَحْوَ الشَّأْمِ) فَقَالَ: «عَدُوٌّ يَجْمَعُونَ لِأَهْلِ الْإِسْلَامِ، وَيَجْمَعُ لَهُمْ أَهْلُ الْإِسْلَامِ». قُلْتُ: «الرُّومَ تَعْنِي؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَيَكُونُ عِنْدَ ذَاكُمُ الْقِتَالِ رَدَّةٌ شَدِيدَةٌ، فَيَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً لِلْمَوْتِ لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يَحْجُزَ بَيْنَهُمُ اللَّيْلُ، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،

ثُمَّ يَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً أُخْرَى لِلْمَوْتِ، لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يَحْجُزَ بَيْنَهُمُ اللَّيْلُ، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،

ثُمَّ يَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً لِلْمَوْتِ، لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يُمْسُوا، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،

فَإِذَا كَانَ الْيَوْمُ الرَّابِعُ، نَهَدَ إِلَيْهِمْ بَقِيَّةُ أَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَيَجْعَلُ اللَّهُ الدَّبْرَةَ عَلَيْهِمْ، فَيَقْتَتِلُونَ مَقْتَلَةً» (إِمَّا قَالَ: «لَا يُرَى مِثْلُهَا»، وَإِمَّا قَالَ: «لَمْ يُرَ مِثْلُهَا»)، «حَتَّى إِنَّ الطَّائِرَ لَيَمُرُّ بِجَنَبَاتِهِمْ، فَمَا يُخَلِّفُهُمْ حَتَّى يَخِرَّ مَيْتًا، فَيَتَعَادُّ بَنُو الْأَبِ، كَانُوا مِائَةً، فَلَا يَجِدُونَهُ بَقِيَ مِنْهُمْ إِلَّا الرَّجُلُ الْوَاحِدُ، فَبِأَيِّ غَنِيمَةٍ يُفْرَحُ؟ أَوْ أَيُّ مِيرَاثٍ يُقَاسَمُ؟

فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ سَمِعُوا بِبَأْسٍ هُوَ أَكْبَرُ مِنْ ذَلِكَ، فَجَاءَهُمُ الصَّرِيخُ: “إِنَّ الدَّجَّالَ قَدْ خَلَفَهُمْ فِي ذَرَارِيِّهِمْ”. فَيَرْفُضُونَ مَا فِي أَيْدِيهِمْ، وَيُقْبِلُونَ، فَيَبْعَثُونَ عَشَرَةَ فَوَارِسَ طَلِيعَةً، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنِّي لَأَعْرِفُ أَسْمَاءَهُمْ وَأَسْمَاءَ آبَائِهِمْ وَأَلْوَانَ خُيُولِهِمْ، هُمْ خَيْرُ فَوَارِسَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ”» (أَوْ: «مِنْ خَيْرِ فَوَارِسَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ»).

Қазақша аудармасы

Юсайр ибн Жәбир былай деді: «Куфада қызыл жел көтерілді. Сонда бір адам келіп: “Уа, Абдулла ибн Масғуд! Қиямет жетті!” – деген сөзді аузынан тастамай, қайта-қайта айта берді. Сүйеніп отырған Ибн Масғуд бойын тіктеп отырды да: “Мұра бөлінбейтін, олжаға қуанылмайтын уақыт келмейінше, Қиямет болмайды”, – деді. Содан кейін қолымен Шам жақты нұсқап: “Жау мұсылмандарға қарсы әскер жинайды, мұсылмандар да оларға қарсы әскер жинайды”, – деді. Мен: “Рұмдықтарды меңзеп тұрсыз ба?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Сол кезде қиян-кескі шайқас болады. Мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын таңдаулы жасақ шығарады. Олар түн екі жақты бір-бірінен ажыратқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.

Содан соң мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын тағы бір таңдаулы жасақ шығарады. Олар түн екі жақты бір-бірінен ажыратқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.

Содан соң мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын тағы бір таңдаулы жасақ шығарады. Олар кеш батқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.

Төртінші күн келгенде, мұсылмандардың қалғандары түгелдей оларға қарсы аттанады. Сонда Алла жауды ойсырата жеңіліске ұшыратады. Мұсылмандар жауды жойқын қырғынға ұшыратады”, – деді. Оның: “Мұндай қырғынның теңдесі бұдан былай көрілмейді”, – деді ме, әлде: “Мұндай қырғынның теңдесі бұрын-соңды көрілмеген”, – деді ме – анық білмеймін.

Ибн Масғуд сөзін жалғастырып: “Тіпті бір құс сол қырғын болған жердің шетін бойлай ұшса, оның арғы шетіне жете алмай, өліп құлайды. Бір атаның балалары өздерін түгендейді: олар жүз адам болған еді, бірақ араларынан бір-ақ адамның тірі қалғанын көреді. Сонда қай олжаға қуануға болады? Қай мұра бөліске түседі? Олар осындай күйде тұрған кезде, бұдан да зор бір қауіп жайында естиді. Оларға шұғыл хабаршы келіп: ‘Дәжжал арттарыңда қалған бала-шағаларыңның арасына кіріпті!’ – дейді. Сонда олар қолдарындағының бәрін тастай салып, кері аттанады. Алдарына барлаушы етіп он салт аттыны жібереді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, мен олардың есімдерін де, әкелерінің есімдерін де, аттарының түстерін де білемін. Олар сол күні жер бетіндегі ең таңдаулы салт аттылар болады немесе сол күні жер бетіндегі ең таңдаулы салт аттылардың қатарында болады”, – деді» (2899/37).

بَابٌ: مَا يَكُونُ مِنْ فُتُوحَاتِ الْمُسْلِمِينَ قَبْلَ الدَّجَّالِ

34-бапМұсылмандардың Дәжжал шыққанға дейін елдерді жаулап алуы туралы

2028
Мүслим, № 2028Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ عَنْ نَافِعِ بْنِ عُتْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةٍ، قَالَ: فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ قَوْمٌ مِنْ قِبَلِ الْمَغْرِبِ، عَلَيْهِمْ ثِيَابُ الصُّوفِ، فَوَافَقُوهُ عِنْدَ أَكَمَةٍ، فَإِنَّهُمْ لَقِيَامٌ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَاعِدٌ، قَالَ: فَقَالَتْ لِي نَفْسِي: «اِئْتِهِمْ فَقُمْ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَهُ لَا يَغْتَالُونَهُ». قَالَ: ثُمَّ قُلْتُ: «لَعَلَّهُ نَجِيٌّ مَعَهُمْ». فَأَتَيْتُهُمْ فَقُمْتُ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَهُ، قَالَ: فَحَفِظْتُ مِنْهُ أَرْبَعَ كَلِمَاتٍ، أَعُدُّهُنَّ فِي يَدِي، قَالَ: «تَغْزُونَ جَزِيرَةَ الْعَرَبِ فَيَفْتَحُهَا اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، ثُمَّ فَارِسَ فَيَفْتَحُهَا اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، ثُمَّ تَغْزُونَ الرُّومَ فَيَفْتَحُهَا اللَّهُ، ثُمَّ تَغْزُونَ الدَّجَّالَ فَيَفْتَحُهُ اللَّهُ». قَالَ: فَقَالَ نَافِعٌ: «يَا جَابِرُ، لَا نَرَى أَنَّ الدَّجَّالَ يَخْرُجُ حَتَّى تُفْتَحَ الرُّومُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура Нафиғ ибн Ұтбаның (Алла екеуіне де разы болсын) былай дегенін жеткізді: «Біз бір жорықта Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болдық. Сол кезде батыс жақтан жүннен тоқылған киім киген бір қауым Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Олар Пайғамбармен (с.а.с.) бір төбешіктің жанында кездесті. Әлгі адамдар түрегеп тұрды, ал Алла Елшісі (с.а.с.) отырған еді. Іштей өзіме: “Оларға бар да, Пайғамбарға қастандық жасамас үшін олар мен оның арасына тұра қал”, – дедім. Содан кейін: “Бәлкім, ол олармен оңаша сөйлесіп отырған шығар”, – деп ойладым. Сөйтіп, оларға барып, олар мен Пайғамбардың арасына тұрдым. Сол жерде Алла Елшісінен (с.а.с.) төрт сөзді жаттап алдым. Оларды саусақтарыммен санаймын. Ол (с.а.с.): “Сендер Араб түбегіне жорық жасайсыңдар, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла оны сендерге бағындырады. Содан кейін Парсы еліне жорық жасайсыңдар, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла оны да сендерге бағындырады. Одан кейін Рұм еліне жорық жасайсыңдар, Алла оны да сендерге бағындырады. Содан соң Дәжжалға қарсы соғысасыңдар, Алла оны да сендерге жеңдіреді”, – деді». Жәбир: «Сонда Нафиғ маған: “Уа, Жәбир! Рұм елі бағындырылмайынша, Дәжжал шықпайды деп ойлаймыз”, – деді», – деп баяндады (2900/38).

بَابٌ: فِي فَتْحِ قُسْطَنْطِينِيَّةَ

35-бапКонстантинопольді алу туралы

2029
Мүслим, № 2029Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَنْزِلَ الرُّومُ بِالْأَعْمَاقِ أَوْ بِدَابِقٍ، فَيَخْرُجُ إِلَيْهِمْ جَيْشٌ مِنَ الْمَدِينَةِ، مِنْ خِيَارِ أَهْلِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ، فَإِذَا تَصَافُّوا، قَالَتِ الرُّومُ: “خَلُّوا بَيْنَنَا وَبَيْنَ الَّذِينَ سَبَوْا مِنَّا نُقَاتِلْهُمْ”. فَيَقُولُ الْمُسْلِمُونَ: “لَا، وَاللَّهِ، لَا نُخَلِّي بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ إِخْوَانِنَا”. فَيُقَاتِلُونَهُمْ، فَيَنْهَزِمُ ثُلُثٌ لَا يَتُوبُ اللَّهُ عَلَيْهِمْ أَبَدًا، وَيُقْتَلُ ثُلُثُهُمْ (أَفْضَلُ الشُّهَدَاءِ عِنْدَ اللَّهِ)، وَيَفْتَتِحُ الثُّلُثُ، لَا يُفْتَنُونَ أَبَدًا؛ فَيَفْتَتِحُونَ قُسْطَنْطِينِيَّةَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يَقْتَسِمُونَ الْغَنَائِمَ، قَدْ عَلَّقُوا سُيُوفَهُمْ بِالزَّيْتُونِ، إِذْ صَاحَ فِيهِمِ الشَّيْطَانُ: “إِنَّ الْمَسِيحَ قَدْ خَلَفَكُمْ فِي أَهْلِيكُمْ”. فَيَخْرُجُونَ، وَذَلِكَ بَاطِلٌ، فَإِذَا جَاوَزُوا الشَّأْمَ خَرَجَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يُعِدُّونَ لِلْقِتَالِ، يُسَوُّونَ الصُّفُوفَ، إِذْ أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَيَنْزِلُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَأَمَّهُمْ، فَإِذَا رَآهُ عَدُوُّ اللَّهِ، ذَابَ كَمَا يَذُوبُ الْمِلْحُ فِي الْمَاءِ، فَلَوْ تَرَكَهُ لَانْذَابَ حَتَّى يَهْلِكَ، وَلَكِنْ يَقْتُلُهُ اللَّهُ بِيَدِهِ، فَيُرِيهِمْ دَمَهُ فِي حَرْبَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Рұмдықтар Ағмаққа немесе Дабиққа келіп орналасқанға дейін, Қиямет орнамайды. Сол кезде оларға қарсы Мәдинадан сол замандағы жер бетіндегі ең ізгі адамдардан құралған әскер аттанады. Екі әскер сап түзеп, бетпе-бет келгенде, рұмдықтар: “Бізді арамыздан тұтқын алып кеткендермен оңаша қалдырыңдар, солармен соғысамыз”, – дейді. Мұсылмандар: “Жоқ! Алланың атымен ант етеміз, сендерді бауырларымызбен оңаша қалдырмаймыз”, – дейді. Сөйтіп, олармен шайқасады. Мұсылмандардың үштен бірі жеңіліп, қашады. Алла олардың тәубесін ешқашан қабылдамайды. Үштен бірі қаза табады. Олар – Алланың құзырындағы ең абзал шәһидтер. Ал қалған үштен бірі жеңіске жетеді әрі бұдан былай ешбір бүлікке түспейді. Олар Құстантинияны алады.

Олжаларды бөлісіп, қылыштарын зәйтүн ағаштарына іліп қойған кезде, шайтан олардың арасында: “Мәсіх Дәжжал сендер жоқта отбасыларыңа келді!” – деп айғай салады. Сонда олар дереу жолға шығады. Алайда бұл хабар жалған болады. Олар Шамнан өткен кезде, Дәжжал шығады. Мұсылмандар шайқасқа әзірленіп, саптарын түзеп жатқанда, намазға қамат айтылады. Сол кезде Мәриям ұлы Иса (а.с.) түсіп, оларға имам болады. Алланың дұшпаны оны көрген сәтте, тұз суда ерігендей ери бастайды. Егер Иса оны жайына қалдырғанда, ол әбден еріп, жойылып кетер еді. Алайда Алла оны Исаның қолымен өлтіреді. Содан кейін Иса оларға найзасына жұққан оның қанын көрсетеді» (2897/34).

بَابٌ: فِي الْخَسْفِ بِالْجَيْشِ الَّذِي يَؤُمُّ الْبَيْتَ

36-бапҚағбаға қарай бет алған әскердің жерге жұтылып кетуі туралы

2030
Мүслим, № 2030

عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ الْقِبْطِيَّةِ قَالَ: دَخَلَ الْحَارِثُ بْنُ أَبِي رَبِيعَةَ وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ صَفْوَانَ (وَأَنَا مَعَهُمَا) عَلَى أُمِّ سَلَمَةَ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَسَأَلَاهَا عَنِ الْجَيْشِ الَّذِي يُخْسَفُ بِهِ، وَكَانَ ذَلِكَ فِي أَيَّامِ ابْنِ الزُّبَيْرِ، فَقَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “يَعُوذُ عَائِذٌ بِالْبَيْتِ، فَيُبْعَثُ إِلَيْهِ بَعْثٌ، فَإِذَا كَانُوا بِبَيْدَاءَ مِنَ الْأَرْضِ خُسِفَ بِهِمْ”. فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَكَيْفَ بِمَنْ كَانَ كَارِهًا؟” قَالَ: “يُخْسَفُ بِهِ مَعَهُمْ، وَلَكِنَّهُ يُبْعَثُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى نِيَّتِهِ”». وَقَالَ أَبُو جَعْفَرٍ: «هِيَ بَيْدَاءُ الْمَدِينَةِ».

Қазақша аудармасы

Ұбайдулла ибн әл-Қибтия былай деді: «Харис ибн Әбу Рабиға мен Абдулла ибн Сафуан мүміндердің анасы Үммі Сәләмаға (р.а.) кірді. Мен де екеуімен бірге едім. Олар одан жерге жұтылатын әскер жайында сұрады. Бұл оқиға Ибн Зубайрдың тұсында болған еді. Сонда Үммі Сәләма: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Бір адам Қағбаны паналайды. Оған қарсы әскер жіберіледі. Олар бір иен жазыққа жеткен кезде жерге жұтылады’, – деді. Мен: ‘Уа, Алланың Елшісі! Олардың арасында жорыққа баруды қаламаған адам болса, оның халі не болмақ?’ – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): ‘Ол да солармен бірге жерге жұтылады. Алайда Қиямет күні ниетіне қарай қайта тіріледі’, – деді”, – деп баяндады». Әбу Жағфар: «Бұл – Мәдинаның Бәйда жазығы», – деді (2882/4).

بَابٌ: فِي سُكْنَى الْمَدِينَةِ وَعِمَارَتِهَا قَبْلَ السَّاعَةِ

37-бапҚияметке дейін Мәдинада халықтың тұруы және қаланың көркеюі туралы

2031
Мүслим, № 2031Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَبْلُغُ الْمَسَاكِنُ إِهَابَ أَوْ يَهَابَ». قَالَ زُهَيْرٌ: قُلْتُ لِسُهَيْلٍ: «وَكَمْ ذَلِكَ مِنَ الْمَدِينَةِ؟» قَالَ: «كَذَا وَكَذَا مِيلًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Тұрғын үйлер Иһабқа немесе Яһабқа дейін жетеді”, – деді», – деп жеткізді. Зуһайр: «Мен Суһәйлден: “Ол Мәдинадан қанша қашықтықта?” – деп сұрадым. Ол: “Пәлен-пәлен миль”, – деді», – деп баяндады (2903/43).

بَابٌ: يُخَرِّبُ الْكَعْبَةَ ذُو السُّوَيْقَتَيْنِ مِنَ الْحَبَشَةِ

38-бапҚағбаны Хабашстаннан шыққан балтырлары жіңішке адам қиратады

2032
Мүслим, № 2032Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُخَرِّبُ الْكَعْبَةَ ذُو السُّوَيْقَتَيْنِ مِنَ الْحَبَشَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қағбаны Хабашстаннан шыққан екі сирағы жіңішке бір адам қиратады», – дегенін жеткізді (2909/57).

بَابٌ: فِي مَنْعِ الْعِرَاقِ دِرْهَمَهَا

39-бапИрактың дирһамын бермеуі туралы

2033
Мүслим, № 2033Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنَعَتِ الْعِرَاقُ دِرْهَمَهَا وَقَفِيزَهَا، وَمَنَعَتِ الشَّأْمُ مُدْيَهَا وَدِينَارَهَا، وَمَنَعَتْ مِصْرُ إِرْدَبَّهَا وَدِينَارَهَا، وَعُدْتُمْ مِنْ حَيْثُ بَدَأْتُمْ، وَعُدْتُمْ مِنْ حَيْثُ بَدَأْتُمْ، وَعُدْتُمْ مِنْ حَيْثُ بَدَأْتُمْ». شَهِدَ عَلَى ذَلِكَ لَحْمُ أَبِي هُرَيْرَةَ وَدَمُهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ирак өзінің дирһамы мен қафизбен өлшенетін астығын бермей қалады. Шам өзінің мудиймен өлшенетін астығы мен динарын бермей қалады. Мысыр өзінің ирдабпен өлшенетін астығы мен динарын бермей қалады. Сендер бастапқы күйлеріңе қайта ораласыңдар! Сендер бастапқы күйлеріңе қайта ораласыңдар! Сендер бастапқы күйлеріңе қайта ораласыңдар!” – деді», – деп баяндады. Бұған Әбу Һурайраның еті мен қаны куә (2896/33).

2034
Мүслим, № 2034Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَتِ السَّنَةُ بِأَنْ لَا تُمْطَرُوا، وَلَكِنِ السَّنَةُ أَنْ تُمْطَرُوا وَتُمْطَرُوا وَلَا تُنْبِتُ الْأَرْضُ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жұт – жаңбырдың мүлде жаумауы емес. Жұт – жаңбыр қайта-қайта жауса да, жердің ештеңе өсірмеуі», – деді (2904/44).

بَابٌ: فِي رَفْعِ الْأَمَانَةِ وَالْإِيمَانِ مِنَ الْقُلُوبِ

40-бапЖүректердегі аманатқа адалдық пен иманның жоғалуы туралы

2035
Мүслим, № 2035Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثَيْنِ؛ قَدْ رَأَيْتُ أَحَدَهُمَا وَأَنَا أَنْتَظِرُ الْآخَرَ. حَدَّثَنَا: «أَنَّ الْأَمَانَةَ نَزَلَتْ فِي جَذْرِ قُلُوبِ الرِّجَالِ، ثُمَّ نَزَلَ الْقُرْآنُ، فَتَعَلَّمُوا مِنَ الْقُرْآنِ وَعَلِمُوا مِنَ السُّنَّةِ». ثُمَّ حَدَّثَنَا عَنْ رَفْعِ الْأَمَانَةِ قَالَ: «يَنَامُ الرَّجُلُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبِهِ، فَيَظَلُّ أَثَرُهَا مِثْلَ الْوَكْتِ، ثُمَّ يَنَامُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبِهِ، فَيَظَلُّ أَثَرُهَا مِثْلَ الْمَجْلِ، كَجَمْرٍ دَحْرَجْتَهُ عَلَى رِجْلِكَ فَنَفِطَ، فَتَرَاهُ مُنْتَبِرًا وَلَيْسَ فِيهِ شَيْءٌ». (ثُمَّ أَخَذَ حَصَاةً فَدَحْرَجَهَا عَلَى رِجْلِهِ). «فَيُصْبِحُ النَّاسُ يَتَبَايَعُونَ، لَا يَكَادُ أَحَدٌ يُؤَدِّي الْأَمَانَةَ، حَتَّى يُقَالَ: “إِنَّ فِي بَنِي فُلَانٍ رَجُلًا أَمِينًا”، حَتَّى يُقَالَ لِلرَّجُلِ: “مَا أَجْلَدَهُ! مَا أَظْرَفَهُ! مَا أَعْقَلَهُ!” وَمَا فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ». وَلَقَدْ أَتَى عَلَيَّ زَمَانٌ وَمَا أُبَالِي أَيَّكُمْ بَايَعْتُ، لَئِنْ كَانَ مُسْلِمًا لَيَرُدَّنَّهُ عَلَيَّ دِينُهُ، وَلَئِنْ كَانَ نَصْرَانِيًّا أَوْ يَهُودِيًّا لَيَرُدَّنَّهُ عَلَيَّ سَاعِيهِ، وَأَمَّا الْيَوْمَ فَمَا كُنْتُ لِأُبَايِعَ مِنْكُمْ إِلَّا فُلَانًا وَفُلَانًا.

Қазақша аудармасы

Хузайфа былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге екі хадис баяндады. Оның біреуінің жүзеге асқанын көрдім, ал екіншісін әлі күтіп жүрмін. Ол (с.а.с.) бізге: “Аманатқа адалдық адамдардың жүрегінің түбіне орнықты. Содан кейін Құран түсті. Сөйтіп, олар Құраннан да, сүннеттен де үйренді”, – деп баяндады. Содан кейін бізге аманатқа адалдықтың жоғалуы туралы былай хабарлады: “Адам бір ұйықтап тұрады да, оның жүрегінен аманатқа адалдық алынады. Сөйтіп, жүрегінде кішкентай дақтай ізі ғана қалады. Содан кейін ол тағы ұйықтайды да, жүрегінен аманатқа адалдық алынады. Бұл жолы оның ізі күлдіреуіктей болып қалады. Бұл – аяғыңның үстімен қызған шоқты домалатқанда пайда болатын күлдіреуік тәрізді: оны томпайып тұрған күйінде көресің, алайда ішінде еш нәрсе болмайды”. Содан кейін ол (с.а.с.) бір ұсақ тасты алып, аяғының үстімен домалатты. “Сөйтіп, адамдар таң атысымен өзара сауда-саттық жасайтын болады, бірақ аманатты орындайтын адам табыла қоймайды. Тіпті: ‘Пәленше әулетінің арасында бір сенімді адам бар’, – делінеді. Сондай-ақ бір адам туралы: ‘Ол қандай қайратты! Қандай алғыр! Қандай ақылды!’ – делінеді. Алайда оның жүрегінде қыша дәнінің салмағындай да иман болмайды”, – деді. Бір кездері сендердің кез келгеніңмен сауда жасасам да, оған алаңдамайтынмын. Егер ол мұсылман болса, діні оны маған ақымды қайтаруға міндеттейтін. Ал егер ол христиан немесе яһуди болса, оның билеушісі менің ақымды қайтартып беретін. Ал бүгін сендердің іштеріңнен тек пәленше мен түгеншемен ғана сауда жасаймын» (143/230).

بَابٌ: يَكُونُ فِي آخِرِ الزَّمَانِ خَلِيفَةٌ يَحْثِي الْمَالَ حَثْيًا

41-бапАқырзаманда байлықты уыстап үлестіретін халифа болады

2036
Мүслим, № 2036

عَنِ الْجُرَيْرِيِّ، عَنْ أَبِي نَضْرَةَ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ فَقَالَ: «يُوشِكُ أَهْلُ الْعِرَاقِ أَنْ لَا يُجْبَى إِلَيْهِمْ قَفِيزٌ وَلَا دِرْهَمٌ». قُلْنَا: «مِنْ أَيْنَ ذَاكَ؟» قَالَ: «مِنْ قِبَلِ الْعَجَمِ، يَمْنَعُونَ ذَاكَ». ثُمَّ قَالَ: «يُوشِكُ أَهْلُ الشَّأْمِ أَنْ لَا يُجْبَى إِلَيْهِمْ دِينَارٌ وَلَا مُدْيٌ». قُلْنَا: «مِنْ أَيْنَ ذَاكَ؟» قَالَ: «مِنْ قِبَلِ الرُّومِ». ثُمَّ أَسْكَتَ هُنَيَّةً، ثُمَّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَكُونُ فِي آخِرِ أُمَّتِي خَلِيفَةٌ يَحْثِي الْمَالَ حَثْيًا، وَلَا يَعُدُّهُ عَدَدًا». قَالَ: قُلْتُ لِأَبِي نَضْرَةَ وَأَبِي الْعَلَاءِ: «أَتَرَيَانِ أَنَّهُ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ؟» فَقَالَا: «لَا».

Қазақша аудармасы

Әл-Журайри Әбу Надраның былай дегенін жеткізді: «Біз Жәбир ибн Абдулланың жанында отырған едік. Сонда ол: “Ирак халқына бір қафиз астық та, бір дирһам ақша да жиналып жеткізілмейтін кез жақын”, – деді. Біз: “Бұл қай тараптан болады?” – деп сұрадық. Ол: “Араб еместер тарапынан. Олар бұған тосқауыл қояды”, – деді. Содан кейін: “Шам халқына бір динар ақша да, бір мудий астық та жиналып жеткізілмейтін кез жақын”, – деді. Біз: “Бұл қай тараптан болады?” – деп сұрадық. Ол: “Рұмдықтар тарапынан”, – деді. Содан кейін біраз үнсіз қалып: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Үмбетімнің соңғы кезеңінде мал-дүниені уыстап үлестіріп, оны санап жатпайтын бір халифа болады’, – деді”, – деп баяндады». Әл-Журайри сөзін жалғастырып: «Мен Әбу Надра мен Әбу әл-Алаға: “Сендер оны Омар ибн Абдулазиз деп ойлайсыңдар ма?” – дедім. Екеуі: “Жоқ”, – деді», – деп айтты (2913/67).

بَابٌ: فِي الْآيَاتِ الَّتِي تَكُونُ قَبْلَ السَّاعَةِ

42-бапҚиямет орнағанға дейін көрінетін белгілер туралы

2037
Мүслим, № 2037

عَنْ حُذَيْفَةَ بْنِ أَسِيدٍ الْغِفَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: اِطَّلَعَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَيْنَا وَنَحْنُ نَتَذَاكَرُ، فَقَالَ: «مَا تَذَاكَرُونَ؟» قَالُوا: «نَذْكُرُ السَّاعَةَ». قَالَ: «إِنَّهَا لَنْ تَقُومَ حَتَّى تَرَوْنَ قَبْلَهَا عَشْرَ آيَاتٍ». فَذَكَرَ الدُّخَانَ، وَالدَّجَّالَ، وَالدَّابَّةَ، وَطُلُوعَ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَنُزُولَ عِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، وَيَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ، وَثَلَاثَةَ خُسُوفٍ: خَسْفٌ بِالْمَشْرِقِ، وَخَسْفٌ بِالْمَغْرِبِ، وَخَسْفٌ بِجَزِيرَةِ الْعَرَبِ، وَآخِرُ ذَلِكَ نَارٌ تَخْرُجُ مِنَ الْيَمَنِ تَطْرُدُ النَّاسَ إِلَى مَحْشَرِهِمْ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғифари (р.а.) былай деді: «Біз өзара әңгімелесіп отырғанымызда, Пайғамбар (с.а.с.) бізге қарап: “Не туралы әңгімелесіп отырсыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Қиямет туралы айтып отырмыз”, – дедік. Сонда ол (с.а.с.): “Оның алдында он белгіні көрмейінше, Қиямет орнамайды”, – деді де, түтінді, Дәжжалды, жерден шығатын мақұлықты, күннің батыстан шығуын, Мәриям ұлы Исаның (а.с.) түсуін, Яжүж бен Мәжүжді, сондай-ақ жердің үш жерде: шығыста, батыста және Араб түбегінде опырылып түсуін атады. Ал олардың ең соңғысы – Йеменнен шығып, адамдарды жиналатын мекеніне қарай айдайтын от» (2901/39).

بَابٌ: بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ فِتَنًا كَقِطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ

43-бапҚараңғы түннің бөліктеріндей бүліктер келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар

2038
Мүслим, № 2038Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ فِتَنًا كَقِطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ، يُصْبِحُ الرَّجُلُ مُؤْمِنًا وَيُمْسِي كَافِرًا، أَوْ يُمْسِي مُؤْمِنًا وَيُصْبِحُ كَافِرًا، يَبِيعُ دِينَهُ بِعَرَضٍ مِنَ الدُّنْيَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Қара түннің бөліктеріндей бүліктер келмей тұрып, игі амалдар жасауға асығыңдар. Сондай кезде адам таңертең мүмін болып, кешке кәпір болады немесе кешке мүмін болып, таңертең кәпір болады. Ол дінін дүниенің өткінші бір игілігіне сатады», – деді (118/186).

بَابٌ: بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ سِتًّا

44-бапАлты нәрсе келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар

2039
Мүслим, № 2039Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ سِتًّا: الدَّجَّالَ، وَالدُّخَانَ، وَدَابَّةَ الْأَرْضِ، وَطُلُوعَ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَأَمْرَ الْعَامَّةِ، وَخُوَيْصَّةَ أَحَدِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мына алты нәрсе келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар: Дәжжалдың шығуы, түтіннің келуі, жерден мақұлықтың шығуы, күннің батыстан шығуы, күллі жұртты қамтитын Қиямет және біріңнің жеке басына келетін ажал», – дегенін жеткізді (2947/129).

بَابٌ: الْعِبَادَةُ فِي الْهَرْجِ

45-бапБүлік пен аласапыран кезінде құлшылық ету туралы

2040
Мүслим, № 2040Риуаят етуші: Мағқил ибн Ясар

عَنْ مَعْقِلِ بْنِ يَسَارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْعِبَادَةُ فِي الْهَرْجِ كَهِجْرَةٍ إِلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Мағқил ибн Ясар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Аласапыран кезінде құлшылық ету – маған қоныс аударып келгенмен тең», – дегенін жеткізді (2948/130).

بَابٌ: فِي قِصَّةِ ابْنِ صَيَّادٍ

46-бапИбн Сайядтың оқиғасы туралы

2041
Мүслим, № 2041Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: خَرَجْنَا حُجَّاجًا أَوْ عُمَّارًا وَمَعَنَا ابْنُ صَائِدٍ. قَالَ: فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا فَتَفَرَّقَ النَّاسُ وَبَقِيتُ أَنَا وَهُوَ، فَاسْتَوْحَشْتُ مِنْهُ وَحْشَةً شَدِيدَةً مِمَّا يُقَالُ عَلَيْهِ. قَالَ: وَجَاءَ بِمَتَاعِهِ فَوَضَعَهُ مَعَ مَتَاعِي، فَقُلْتُ: «إِنَّ الْحَرَّ شَدِيدٌ، فَلَوْ وَضَعْتَهُ تَحْتَ تِلْكَ الشَّجَرَةِ». قَالَ: فَفَعَلَ. قَالَ: فَرُفِعَتْ لَنَا غَنَمٌ، فَانْطَلَقَ فَجَاءَ بِعُسٍّ، فَقَالَ: «اِشْرَبْ، أَبَا سَعِيدٍ!» فَقُلْتُ: «إِنَّ الْحَرَّ شَدِيدٌ وَاللَّبَنُ حَارٌّ». مَا بِي إِلَّا أَنِّي أَكْرَهُ أَنْ أَشْرَبَ عَنْ يَدِهِ (أَوْ قَالَ: «آخُذَ عَنْ يَدِهِ»)، فَقَالَ: «أَبَا سَعِيدٍ، لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ آخُذَ حَبْلًا فَأُعَلِّقَهُ بِشَجَرَةٍ ثُمَّ أَخْتَنِقَ مِمَّا يَقُولُ لِي النَّاسُ. يَا أَبَا سَعِيدٍ، مَنْ خَفِيَ عَلَيْهِ حَدِيثُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا خَفِيَ عَلَيْكُمْ مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ! أَلَسْتَ مِنْ أَعْلَمِ النَّاسِ بِحَدِيثِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ أَلَيْسَ قَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “هُوَ كَافِرٌ”، وَأَنَا مُسْلِمٌ؟ أَوَلَيْسَ قَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “هُوَ عَقِيمٌ لَا يُولَدُ لَهُ”، وَقَدْ تَرَكْتُ وَلَدِي بِالْمَدِينَةِ؟ أَوَلَيْسَ قَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا يَدْخُلُ الْمَدِينَةَ وَلَا مَكَّةَ”، وَقَدْ أَقْبَلْتُ مِنَ الْمَدِينَةِ وَأَنَا أُرِيدُ مَكَّةَ؟» قَالَ أَبُو سَعِيدٍ الْخُدْرِيُّ: حَتَّى كِدْتُ أَنْ أَعْذِرَهُ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَا وَاللَّهِ، إِنِّي لَأَعْرِفُهُ وَأَعْرِفُ مَوْلِدَهُ وَأَيْنَ هُوَ الْآنَ». قَالَ: قُلْتُ لَهُ: «تَبًّا لَكَ سَائِرَ الْيَوْمِ!»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Біз қажылық немесе ұмра жасау ниетімен жолға шықтық. Ибн Сайяд та бізбен бірге еді. Бір жерге аялдағанымызда, адамдар жан-жаққа тарап, екеуміз ғана қалдық. Ол жайында айтылып жүрген сөздерден қатты үрейлендім. Ол жүгін әкеліп, менің жүгімнің жанына қойды. Мен: “Күн қатты ыстық, жүгіңді ана ағаштың түбіне қойсаңшы”, – дедім. Ол солай істеді. Біраздан кейін алдымыздан бір отар қой көрінді. Ол барып, бір тостаған сүт әкелді де: “Ішіңіз, уа, Әбу Сағид”, – деді. Мен: “Күн қатты ыстық, сүт те ыстық екен”, – дедім. Негізінде, мен оның қолынан сүт ішуді жақтырмадым. Риуаятшы: “Немесе ‘оның қолынан алуды’ деді”, – деп жеткізді. Сонда ол: “Уа, Әбу Сағид! Адамдардың мен туралы айтқан сөздерінен кейін арқан алып, оны ағашқа байлап, асылып өлгім де келді. Уа, Әбу Сағид! Алла Елшісінің (с.а.с.) хадистері өзге жұртқа көмескі болса да, сендерге – ансарларға – қалайша көмескі болмақ? Сен Алла Елшісінің (с.а.с.) хадистерін ең жақсы білетіндердің бірі емессің бе? Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Ол – кәпір’, – демеп пе еді? Ал мен мұсылманмын. Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Ол – бедеу, оның баласы болмайды’, – демеп пе еді? Ал мен баламды Мәдинада қалдырдым. Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Ол Мәдинаға да, Меккеге де кірмейді’, – демеп пе еді? Ал мен Мәдинадан келіп, Меккеге бара жатырмын”, – деді». Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Мен оны ақтауға аз-ақ қалдым. Бірақ ол кейін: “Аллаға ант етемін, мен оны танимын, туған жерін де, қазір қайда екенін де білемін”, – деді. Сонда мен оған: “Бүгінгі қалған күнің құрысын!” – дедім», – деген (2927/91).

2042
Мүслим, № 2042Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ أَنَّ ابْنَ صَيَّادٍ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ تُرْبَةِ الْجَنَّةِ، فَقَالَ: «دَرْمَكَةٌ بَيْضَاءُ، مِسْكٌ خَالِصٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Ибн Сайядтың Пайғамбардан (с.а.с.) Жәннаттың топырағы туралы сұрағанын жеткізген. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Еленген ұндай аппақ, тап-таза жұпар», – деді (2928/93).

2043
Мүслим, № 2043

عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ الْمُنْكَدِرِ قَالَ: رَأَيْتُ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ يَحْلِفُ بِاللَّهِ أَنَّ ابْنَ صَائِدٍ الدَّجَّالُ، فَقُلْتُ: «أَتَحْلِفُ بِاللَّهِ؟» قَالَ: «إِنِّي سَمِعْتُ عُمَرَ يَحْلِفُ عَلَى ذَلِكَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَلَمْ يُنْكِرْهُ النَّبِيُّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн әл-Мункадир былай деді: «Мен Жәбир ибн Абдулланың Ибн Сайядтың Дәжжал екеніне Алланың атымен ант еткенін көрдім. Одан: “Сен бұған Алланың атымен ант етесің бе?” – деп сұрадым. Ол: “Мен Омардың Пайғамбардың (с.а.с.) жанында осыған ант еткенін естідім. Пайғамбар (с.а.с.) оның сөзін теріске шығармады”, – деді» (2929/94).

2044
Мүслим, № 2044Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا اِنْطَلَقَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي رَهْطٍ قِبَلَ ابْنِ صَيَّادٍ حَتَّى وَجَدَهُ يَلْعَبُ مَعَ الصِّبْيَانِ عِنْدَ أُطُمِ بَنِي مَغَالَةَ، وَقَدْ قَارَبَ ابْنُ صَيَّادٍ يَوْمَئِذٍ الْحُلُمَ، فَلَمْ يَشْعُرْ حَتَّى ضَرَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ظَهْرَهُ بِيَدِهِ، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِابْنِ صَيَّادٍ: «أَتَشْهَدُ أَنِّي رَسُولُ اللَّهِ؟» فَنَظَرَ إِلَيْهِ ابْنُ صَيَّادٍ، فَقَالَ: «أَشْهَدُ أَنَّكَ رَسُولُ الْأُمِّيِّينَ». فَقَالَ ابْنُ صَيَّادٍ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «أَتَشْهَدُ أَنِّي رَسُولُ اللَّهِ؟» فَرَفَضَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَقَالَ: «آمَنْتُ بِاللَّهِ وَبِرُسُلِهِ». ثُمَّ قَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَاذَا تَرَى؟» قَالَ ابْنُ صَيَّادٍ: «يَأْتِينِي صَادِقٌ وَكَاذِبٌ». فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خُلِّطَ عَلَيْكَ الْأَمْرُ». ثُمَّ قَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي قَدْ خَبَأْتُ لَكَ خَبِيئًا». فَقَالَ ابْنُ صَيَّادٍ: «هُوَ الدُّخُّ». فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِخْسَأْ، فَلَنْ تَعْدُوَ قَدْرَكَ». فَقَالَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ: «ذَرْنِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَضْرِبْ عُنُقَهُ». فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ يَكُنْهُ فَلَنْ تُسَلَّطَ عَلَيْهِ، وَإِنْ لَمْ يَكُنْهُ فَلَا خَيْرَ لَكَ فِي قَتْلِهِ».

وَقَالَ سَالِمُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ: سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ يَقُولُ: اِنْطَلَقَ بَعْدَ ذَلِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأُبَيُّ بْنُ كَعْبٍ الْأَنْصَارِيُّ إِلَى النَّخْلِ الَّتِي فِيهَا ابْنُ صَيَّادٍ، حَتَّى إِذَا دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ النَّخْلَ طَفِقَ يَتَّقِي بِجُذُوعِ النَّخْلِ، وَهُوَ يَخْتِلُ أَنْ يَسْمَعَ مِنِ ابْنِ صَيَّادٍ شَيْئًا قَبْلَ أَنْ يَرَاهُ ابْنُ صَيَّادٍ، فَرَآهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ مُضْطَجِعٌ عَلَى فِرَاشٍ فِي قَطِيفَةٍ، لَهُ فِيهَا زَمْزَمَةٌ، فَرَأَتْ أُمُّ ابْنِ صَيَّادٍ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَتَّقِي بِجُذُوعِ النَّخْلِ، فَقَالَتْ لِابْنِ صَيَّادٍ: «يَا صَافِ» (وَهُوَ اسْمُ ابْنِ صَيَّادٍ)، «هَذَا مُحَمَّدٌ!» فَثَارَ ابْنُ صَيَّادٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ تَرَكَتْهُ بَيَّنَ».

قَالَ سَالِمٌ: قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ: فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي النَّاسِ فَأَثْنَى عَلَى اللَّهِ بِمَا هُوَ أَهْلُهُ، ثُمَّ ذَكَرَ الدَّجَّالَ، فَقَالَ: «إِنِّي لَأُنْذِرُكُمُوهُ، مَا مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا وَقَدْ أَنْذَرَهُ قَوْمَهُ، لَقَدْ أَنْذَرَهُ نُوحٌ قَوْمَهُ، وَلَكِنْ أَقُولُ لَكُمْ فِيهِ قَوْلًا لَمْ يَقُلْهُ نَبِيٌّ لِقَوْمِهِ: تَعَلَّمُوا أَنَّهُ أَعْوَرُ، وَأَنَّ اللَّهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى لَيْسَ بِأَعْوَرَ». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: وَأَخْبَرَنِي عُمَرُ بْنُ ثَابِتٍ الْأَنْصَارِيُّ، أَنَّهُ أَخْبَرَهُ بَعْضُ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْمَ حَذَّرَ النَّاسَ الدَّجَّالَ: «إِنَّهُ مَكْتُوبٌ بَيْنَ عَيْنَيْهِ كَافِرٌ، يَقْرَؤُهُ مَنْ كَرِهَ عَمَلَهُ» (أَوْ: «يَقْرَؤُهُ كُلُّ مُؤْمِنٍ»). وَقَالَ: «تَعَلَّمُوا أَنَّهُ لَنْ يَرَى أَحَدٌ مِنْكُمْ رَبَّهُ عَزَّ وَجَلَّ حَتَّى يَمُوتَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар Омар ибн әл-Хаттабтың (Алла екеуіне де разы болсын) бір топ адамның арасында Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Ибн Сайядқа барғанын баяндады. Олар Ибн Сайядты Бәни Мағала қорғанының маңында балалармен ойнап жүрген жерінен тапты. Ол кезде Ибн Сайяд балиғат жасына таяп қалған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) қолымен арқасынан қаққанға дейін, ол олардың келгенін сезбеді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Ибн Сайядқа: «Менің Алланың Елшісі екеніме куәлік етесің бе?» – деді. Ибн Сайяд оған қарап: «Сенің оқу-жазу білмейтін халыққа жіберілген елші екеніңе куәлік етемін», – деді. Содан кейін Ибн Сайяд Алла Елшісіне (с.а.с.): «Менің Алланың елшісі екеніме куәлік етесің бе?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның бұл сөзін қабылдамай: «Мен Аллаға және Оның елшілеріне иман келтірдім», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) одан: «Сен не көресің?» – деп сұрады. Ибн Сайяд: «Маған бір шыншыл да, бір өтірікші де келеді», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Сен үшін ақиқат пен жалған араласып кеткен екен», – деді. Содан кейін: «Мен сен үшін бір нәрсе жасырып қойдым», – деді. Ибн Сайяд: «Ол – әд-духх», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Жоғал ары! Сен өз шамаңнан аса алмайсың», – деді. Сонда Омар ибн әл-Хаттаб: «Уа, Алланың Елшісі! Маған рұқсат етіңіз, оның басын шауып тастайын», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Егер ол Дәжжалдың өзі болса, сен оған үстемдік ете алмайсың. Ал егер ол соның өзі болмаса, оны өлтіруде сен үшін ешбір қайыр жоқ», – деді.

Сәлим ибн Абдулла: «Абдулла ибн Омардың былай дегенін естідім: “Осыдан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Үбәй ибн Кәғб әл-Ансаримен бірге Ибн Сайяд отырған құрма бағына барды. Алла Елшісі (с.а.с.) құрма бағына кірген соң, Ибн Сайяд оны байқап қалмай тұрғанда оның бір сөзін естіп қалмақ болып, құрма ағаштарының діңдерін тасалап, білдірмей жылжи бастады. Алла Елшісі (с.а.с.) Ибн Сайядтың қалың жамылғыға оранып, төсекте жатқанын көрді. Ол жамылғының астында түсініксіз күбірлеп жатты. Ибн Сайядтың анасы құрма ағаштарының діңдерін тасалап келе жатқан Алла Елшісін (с.а.с.) көріп: ‘Уа, Саф! – бұл Ибн Сайядтың есімі еді – Мұхаммед келді!’ – деді. Сонда Ибн Сайяд орнынан атып тұрды. Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Егер анасы оны жайына қалдырғанда, оның жағдайы анық болар еді’, – деді”», – деп жеткізді.

Сәлим Абдулла ибн Омардың былай дегенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың алдында орнынан тұрып, Аллаға Өзіне лайықты мадақ айтып, Оны дәріптеді. Содан кейін Дәжжал жайында айтып: “Расында, мен сендерді одан сақтандырамын. Өз қауымын Дәжжалдан сақтандырмаған бірде-бір пайғамбар болған жоқ. Нұх та өз қауымын одан сақтандырды. Алайда мен сендерге ол жайында ешбір пайғамбар өз қауымына айтпаған бір сөзді айтамын: біліп қойыңдар, оның бір көзі соқыр, ал Игілігі мол әрі аса Жоғары Алланың бір көзі соқыр емес”, – деді».

Ибн Шиһаб: «Маған Омар ибн Сәбит әл-Ансари Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бірінің өзіне мына хабарды жеткізгенін баяндады», – деді. Сол сахабаның айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) адамдарды Дәжжалдан сақтандырған күні: «Расында, оның екі көзінің арасында “кәпір” деп жазылған. Оны Дәжжалдың ісін жек көрген адам оқиды немесе оны әрбір мүмін оқиды», – деді. Сондай-ақ: «Біліп қойыңдар, сендердің ешқайсың өлмей тұрып Ұлы әрі аса мәртебелі Раббысын көрмейді», – деді (2930, 2931/95,136).

2045
Мүслим, № 2045

عَنِ ابْنِ عَوْنٍ عَنْ نَافِعٍ قَالَ: كَانَ نَافِعٌ يَقُولُ: «ابْنُ صَيَّادٍ». قَالَ: قَالَ ابْنُ عُمَرَ: لَقِيتُهُ مَرَّتَيْنِ. قَالَ: فَلَقِيتُهُ فَقُلْتُ لِبَعْضِهِمْ: «هَلْ تَحَدَّثُونَ أَنَّهُ هُوَ؟» قَالَ: «لَا، وَاللَّهِ». قَالَ: قُلْتُ: «كَذَبْتَنِي، وَاللَّهِ، لَقَدْ أَخْبَرَنِي بَعْضُكُمْ أَنَّهُ لَنْ يَمُوتَ حَتَّى يَكُونَ أَكْثَرَكُمْ مَالًا وَوَلَدًا، فَكَذَلِكَ هُوَ زَعَمُوا الْيَوْمَ». قَالَ: فَتَحَدَّثْنَا ثُمَّ فَارَقْتُهُ. قَالَ: فَلَقِيتُهُ لَقْيَةً أُخْرَى وَقَدْ نَفَرَتْ عَيْنُهُ، فَقُلْتُ: «مَتَى فَعَلَتْ عَيْنُكَ مَا أَرَى؟» قَالَ: «لَا أَدْرِي». قَالَ: قُلْتُ: «لَا تَدْرِي وَهِيَ فِي رَأْسِكَ؟» قَالَ: «إِنْ شَاءَ اللَّهُ خَلَقَهَا فِي عَصَاكَ هَذِهِ». قَالَ: فَنَخَرَ كَأَشَدِّ نَخِيرِ حِمَارٍ سَمِعْتُ. قَالَ: فَزَعَمَ بَعْضُ أَصْحَابِي أَنِّي ضَرَبْتُهُ بِعَصًا كَانَتْ مَعِيَ حَتَّى تَكَسَّرَتْ، وَأَمَّا أَنَا فَوَاللَّهِ مَا شَعَرْتُ. قَالَ: وَجَاءَ حَتَّى دَخَلَ عَلَى أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ فَحَدَّثَهَا، فَقَالَتْ: «مَا تُرِيدُ إِلَيْهِ؟ أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّهُ قَدْ قَالَ: “إِنَّ أَوَّلَ مَا يَبْعَثُهُ عَلَى النَّاسِ غَضَبٌ يَغْضَبُهُ”؟»

Қазақша аудармасы

Ибн Аун: «Нәфиғ оны “Ибн Сайяд” деп атайтын», – деді. Нәфиғ Ибн Омардың былай дегенін жеткізді: «Мен онымен екі рет кездестім. Бірінші рет кездескенімде, оның қасындағылардың бірінен: “Оны Дәжжал деп айтып жүрсіңдер ме?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, Аллаға ант етемін!” – деді. Мен: “Аллаға ант етемін, сен маған өтірік айттың! Араларыңдағы кейбіреулер маған оның ең дәулетті әрі бала-шағасы ең көп адамға айналмайынша өлмейтінін айтқан еді. Айтуларынша, ол бүгінде дәл сондай”, – дедім. Содан кейін біз әңгімелестік те, мен оның қасынан кеттім. Онымен екінші рет кездескенімде, көзі бадырайып, ісініп кеткен екен. Мен: “Көзің қашан мына күйге түсті?” – деп сұрадым. Ол: “Білмеймін”, – деді. Мен: “Көзің өз басыңда бола тұра, қалайша білмейсің?” – дедім. Ол: “Алла қаласа, оны сенің мына таяғыңда да жаратар еді”, – деді. Содан кейін ол бұрын-соңды өзім естіген есектің ақырғанынан да қатты пысқырды. Кейбір жолдастарым менің қолымдағы таяқ сынғанша оны ұрғанымды айтты. Ал мен, Аллаға ант етемін, мұны мүлде аңғармадым». Содан кейін Ибн Омар мүміндердің анасына барып, болған жайды баяндады. Ол: «Онымен не шаруаң бар? Пайғамбардың (с.а.с.): “Оның адамдарға қарсы шығуына алғаш түрткі болатын нәрсе – ашуға булығуы”, – дегенін білмеуші ме едің?» – деді (2932/99).

2046
Мүслим, № 2046Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَأَنَا أَعْلَمُ بِمَا مَعَ الدَّجَّالِ مِنْهُ، مَعَهُ نَهْرَانِ يَجْرِيَانِ، أَحَدُهُمَا رَأْيَ الْعَيْنِ مَاءٌ أَبْيَضُ، وَالْآخَرُ رَأْيَ الْعَيْنِ نَارٌ تَأَجَّجُ، فَإِمَّا أَدْرَكَنَّ أَحَدٌ، فَلْيَأْتِ النَّهْرَ الَّذِي يَرَاهُ نَارًا وَلْيُغَمِّضْ، ثُمَّ لْيُطَأْطِئْ رَأْسَهُ فَيَشْرَبَ مِنْهُ، فَإِنَّهُ مَاءٌ بَارِدٌ، وَإِنَّ الدَّجَّالَ مَمْسُوحُ الْعَيْنِ، عَلَيْهَا ظَفَرَةٌ غَلِيظَةٌ، مَكْتُوبٌ بَيْنَ عَيْنَيْهِ كَافِرٌ، يَقْرَؤُهُ كُلُّ مُؤْمِنٍ، كَاتِبٍ وَغَيْرِ كَاتِبٍ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Дәжжалдың қасындағы нәрселерді оның өзінен де жақсы білемін. Оның қасында ағып жатқан екі өзен болады. Оның бірі көзге аппақ су болып көрінсе, екіншісі лапылдаған от болып көрінеді. Сендердің бірің оған кезіксе, от болып көрінген өзенге барсын. Көзін жұмып, басын төмен иіп, одан ішсін. Өйткені ол – салқын су. Дәжжалдың бір көзі семген, оның үстін қалың қабық басқан. Екі көзінің арасына “кәпір” деген сөз жазылған. Оны сауаттысы да, сауатсызы да – әрбір мүмін оқиды» (2934/105).

2047
Мүслим, № 2047Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الدَّجَّالُ أَعْوَرُ الْعَيْنِ الْيُسْرَى، جُفَالُ الشَّعَرِ، مَعَهُ جَنَّةٌ وَنَارٌ، فَنَارُهُ جَنَّةٌ وَجَنَّتُهُ نَارٌ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Дәжжалдың сол көзі соқыр, шашы қалың. Оның қасында Жәннат пен от болады. Алайда оның оты – Жәннат, ал Жәннаты – от» (2934/104).

2048
Мүслим, № 2048

عَنِ النَّوَّاسِ بْنِ سَمْعَانَ، قَالَ: ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الدَّجَّالَ ذَاتَ غَدَاةٍ، فَخَفَّضَ فِيهِ وَرَفَّعَ، حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِي طَائِفَةِ النَّخْلِ، فَلَمَّا رُحْنَا إِلَيْهِ عَرَفَ ذَلِكَ فِينَا، فَقَالَ: «مَا شَأْنُكُمْ؟» قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَكَرْتَ الدَّجَّالَ غَدَاةً، فَخَفَّضْتَ فِيهِ وَرَفَّعْتَ، حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِي طَائِفَةِ النَّخْلِ». فَقَالَ: «غَيْرُ الدَّجَّالِ أَخْوَفُنِي عَلَيْكُمْ، إِنْ يَخْرُجْ وَأَنَا فِيكُمْ، فَأَنَا حَجِيجُهُ دُونَكُمْ، وَإِنْ يَخْرُجْ وَلَسْتُ فِيكُمْ، فَامْرُؤٌ حَجِيجُ نَفْسِهِ وَاللَّهُ خَلِيفَتِي عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ. إِنَّهُ شَابٌّ قَطَطٌ، عَيْنُهُ طَافِئَةٌ، كَأَنِّي أُشَبِّهُهُ بِعَبْدِ الْعُزَّى بْنِ قَطَنٍ، فَمَنْ أَدْرَكَهُ مِنْكُمْ فَلْيَقْرَأْ عَلَيْهِ فَوَاتِحَ سُورَةِ الْكَهْفِ، إِنَّهُ خَارِجٌ خَلَّةً بَيْنَ الشَّأْمِ وَالْعِرَاقِ، فَعَاثَ يَمِينًا وَعَاثَ شِمَالًا، يَا عِبَادَ اللَّهِ فَاثْبُتُوا». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا لَبْثُهُ فِي الْأَرْضِ؟» قَالَ: «أَرْبَعُونَ يَوْمًا، يَوْمٌ كَسَنَةٍ، وَيَوْمٌ كَشَهْرٍ، وَيَوْمٌ كَجُمُعَةٍ، وَسَائِرُ أَيَّامِهِ كَأَيَّامِكُمْ». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَذَلِكَ الْيَوْمُ الَّذِي كَسَنَةٍ، أَتَكْفِينَا فِيهِ صَلَاةُ يَوْمٍ؟» قَالَ: «لَا، اُقْدُرُوا لَهُ قَدْرَهُ». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا إِسْرَاعُهُ فِي الْأَرْضِ؟» قَالَ: «كَالْغَيْثِ اِسْتَدْبَرَتْهُ الرِّيحُ، فَيَأْتِي عَلَى الْقَوْمِ فَيَدْعُوهُمْ، فَيُؤْمِنُونَ بِهِ وَيَسْتَجِيبُونَ لَهُ، فَيَأْمُرُ السَّمَاءَ فَتُمْطِرُ، وَالْأَرْضَ فَتُنْبِتُ، فَتَرُوحُ عَلَيْهِمْ سَارِحَتُهُمْ، أَطْوَلَ مَا كَانَتْ ذُرًا، وَأَسْبَغَهُ ضُرُوعًا، وَأَمَدَّهُ خَوَاصِرَ، ثُمَّ يَأْتِي الْقَوْمَ، فَيَدْعُوهُمْ فَيَرُدُّونَ عَلَيْهِ قَوْلَهُ، فَيَنْصَرِفُ عَنْهُمْ، فَيُصْبِحُونَ مُمْحِلِينَ لَيْسَ بِأَيْدِيهِمْ شَيْءٌ مِنْ أَمْوَالِهِمْ، وَيَمُرُّ بِالْخَرِبَةِ، فَيَقُولُ لَهَا: “أَخْرِجِي كُنُوزَكِ”. فَتَتْبَعُهُ كُنُوزُهَا كَيَعَاسِيبِ النَّحْلِ، ثُمَّ يَدْعُو رَجُلًا مُمْتَلِئًا شَبَابًا، فَيَضْرِبُهُ بِالسَّيْفِ فَيَقْطَعُهُ جَزْلَتَيْنِ رَمْيَةَ الْغَرَضِ، ثُمَّ يَدْعُوهُ فَيُقْبِلُ وَيَتَهَلَّلُ وَجْهُهُ يَضْحَكُ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ الْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَيَنْزِلُ عِنْدَ الْمَنَارَةِ الْبَيْضَاءِ شَرْقِيَّ دِمَشْقَ، بَيْنَ مَهْرُودَتَيْنِ، وَاضِعًا كَفَّيْهِ عَلَى أَجْنِحَةِ مَلَكَيْنِ، إِذَا طَأْطَأَ رَأْسَهُ قَطَرَ، وَإِذَا رَفَعَهُ تَحَدَّرَ مِنْهُ جُمَانٌ كَاللُّؤْلُؤِ، فَلَا يَحِلُّ لِكَافِرٍ يَجِدُ رِيحَ نَفَسِهِ إِلَّا مَاتَ، وَنَفَسُهُ يَنْتَهِي حَيْثُ يَنْتَهِي طَرْفُهُ، فَيَطْلُبُهُ حَتَّى يُدْرِكَهُ بِبَابِ لُدٍّ، فَيَقْتُلُهُ، ثُمَّ يَأْتِي عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ قَوْمٌ قَدْ عَصَمَهُمُ اللَّهُ مِنْهُ، فَيَمْسَحُ عَنْ وُجُوهِهِمْ وَيُحَدِّثُهُمْ بِدَرَجَاتِهِمْ فِي الْجَنَّةِ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ أَوْحَى اللَّهُ إِلَى عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ: “إِنِّي قَدْ أَخْرَجْتُ عِبَادًا لِي، لَا يَدَانِ لِأَحَدٍ بِقِتَالِهِمْ، فَحَرِّزْ عِبَادِي إِلَى الطُّورِ”. وَيَبْعَثُ اللَّهُ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ، ﴿وَهُمْ مِنْ كُلِّ حَدَبٍ يَنْسِلُونَ﴾، فَيَمُرُّ أَوَائِلُهُمْ عَلَى بُحَيْرَةِ طَبَرِيَّةَ فَيَشْرَبُونَ مَا فِيهَا، وَيَمُرُّ آخِرُهُمْ فَيَقُولُونَ: “لَقَدْ كَانَ بِهَذِهِ مَرَّةً مَاءٌ”. وَيُحْصَرُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ وَأَصْحَابُهُ، حَتَّى يَكُونَ رَأْسُ الثَّوْرِ لِأَحَدِهِمْ خَيْرًا مِنْ مِائَةِ دِينَارٍ لِأَحَدِكُمُ الْيَوْمَ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ وَأَصْحَابُهُ، فَيُرْسِلُ اللَّهُ عَلَيْهِمُ النَّغَفَ فِي رِقَابِهِمْ، فَيُصْبِحُونَ فَرْسَى كَمَوْتِ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ، ثُمَّ يَهْبِطُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى وَأَصْحَابُهُ إِلَى الْأَرْضِ، فَلَا يَجِدُونَ فِي الْأَرْضِ مَوْضِعَ شِبْرٍ إِلَّا مَلَأَهُ زَهَمُهُمْ وَنَتْنُهُمْ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى وَأَصْحَابُهُ إِلَى اللَّهِ، فَيُرْسِلُ اللَّهُ طَيْرًا كَأَعْنَاقِ الْبُخْتِ فَتَحْمِلُهُمْ فَتَطْرَحُهُمْ حَيْثُ شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ مَطَرًا لَا يَكُنُّ مِنْهُ بَيْتُ مَدَرٍ وَلَا وَبَرٍ، فَيَغْسِلُ الْأَرْضَ حَتَّى يَتْرُكَهَا كَالزَّلَفَةِ، ثُمَّ يُقَالُ لِلْأَرْضِ: “أَنْبِتِي ثَمَرَتَكِ، وَرُدِّي بَرَكَتَكِ”. فَيَوْمَئِذٍ تَأْكُلُ الْعِصَابَةُ مِنَ الرُّمَّانَةِ، وَيَسْتَظِلُّونَ بِقِحْفِهَا، وَيُبَارَكُ فِي الرِّسْلِ، حَتَّى أَنَّ اللِّقْحَةَ مِنَ الْإِبِلِ لَتَكْفِي الْفِئَامَ مِنَ النَّاسِ، وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْبَقَرِ لَتَكْفِي الْقَبِيلَةَ مِنَ النَّاسِ، وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْغَنَمِ لَتَكْفِي الْفَخِذَ مِنَ النَّاسِ، فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ رِيحًا طَيِّبَةً، فَتَأْخُذُهُمْ تَحْتَ آبَاطِهِمْ، فَتَقْبِضُ رُوحَ كُلِّ مُؤْمِنٍ وَكُلِّ مُسْلِمٍ، وَيَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ، يَتَهَارَجُونَ فِيهَا تَهَارُجَ الْحُمُرِ، فَعَلَيْهِمْ تَقُومُ السَّاعَةُ».

Қазақша аудармасы

Наууас ибн Сәмған былай деген: «Бір күні таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) Дәжжал жайлы сөз қозғады. Ол туралы бірде дауысын бәсеңдетіп, бірде көтеріп сөйлегені сонша, біз оны құрма бағының бір шетінде тұрғандай сезіндік. Түстен кейін оның қасына барғанымызда, ол бойымыздағы осы күйді аңғарып: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Таңертең Дәжжал жайлы сөз қозғап, ол туралы бірде даусыңызды бәсеңдетіп, бірде көтеріп сөйлегеніңіз сонша, біз оны құрма бағының бір шетінде тұрғандай сезіндік”, – дедік. Сонда ол: “Мен сендер үшін Дәжжалдан гөрі өзге нәрседен көбірек қорқамын. Егер ол мен орталарыңда жүргенде шықса, сендер үшін оған қарсы өзім тұрамын. Ал егер мен орталарыңда жоқта шықса, әркім оған қарсы өзі тұрады. Мен жоқта Алла әрбір мұсылманға қамқор болады. Расында, Дәжжал – қатты бұйра шашты жас жігіт. Бір көзі соқыр. Мен оны Абдулузза ибн Қатанға ұқсатамын. Сендердің араларыңнан кім оны көрсе, оған қарсы ‘Кәһф’ сүресінің алғашқы аяттарын оқысын. Ол Шам мен Ирактың арасындағы бір жолдан шығып, оңды-солды ойран салады. Уа, Алланың құлдары! Берік болыңдар!” – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Ол жер бетінде қанша уақыт болады?” – деп сұрадық. Ол: “Қырық күн. Оның бір күні бір жылдай, бір күні бір айдай, бір күні бір аптадай, ал қалған күндері сендердің күндеріңдей болады”, – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Бір жылдай созылатын сол күні бізге бір күннің намазы жеткілікті ме?” – деп сұрадық. Ол: “Жоқ, намаз уақыттарын мөлшерлеп есептеңдер”, – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Ол жер бетінде қаншалықты жылдам жүреді?” – деп сұрадық. Ол: “Жел айдаған нөсердей жылдам жүреді. Ол бір қауымға келіп, оларды өзіне шақырады. Олар оған сеніп, үндеуін қабыл алады. Сонда ол аспанға бұйырады – аспан жаңбыр жаудырады, жерге бұйырады – жер өсімдік шығарады. Кешке олардың жайылымнан қайтқан малдарының өркештері бұрынғыдан да биік, желіндері барынша сүтке толы, бүйірлері мейлінше керілген болады. Содан кейін ол басқа бір қауымға келіп, оларды өзіне шақырады. Бірақ олар оның сөзін қабылдамайды. Ол олардан теріс айналып кетеді. Таң атқанда олар қуаңшылыққа ұшырап, қолдарында мал-мүлкінен ештеңе қалмайды. Ол қаңыраған бір жұрттың жанынан өтіп бара жатып: ‘Қазыналарыңды шығар!’ – дейді. Сонда оның қазыналары ара үйіріндей болып соңынан ереді.

Содан кейін ол жастық қуаты тасыған бір жігітті шақырып, қылышпен шауып, денесін екіге бөледі де, екі жартысын бір-бірінен нысанаға оқ ататын қашықтықтай алшақ тастайды. Содан соң әлгі жігітті қайта шақырады. Ол жүзі бал-бұл жайнап, күліп, Дәжжалға қарай келеді. Дәл сол кезде Алла Мәриям ұлы Мәсіх Исаны (а.с.) жібереді. Ол Дамаскінің шығысындағы ақ мұнараның жанына сарғыш түсті екі киім киіп, екі алақанын екі періштенің қанаттарына қойып түседі. Басын еңкейтсе, одан су тамшылайды, ал басын көтерсе, інжудей мөлдір тамшылар төгіледі. Оның демінің лебі жеткен әрбір кәпір міндетті түрде өледі. Оның демі көз жетер жерге дейін таралады. Иса Дәжжалды іздеп, Лудд қақпасының жанында қуып жетіп, өлтіреді. Содан кейін Алла Дәжжалдан аман сақтаған бір қауым Мәриям ұлы Исаға келеді. Ол олардың жүздерін сипап, Жәннаттағы дәрежелері жайлы хабарлайды. Олар осы күйде тұрғанда, Алла Исаға (а.с.): ‘Мен ешкімнің олармен соғысуға шамасы жетпейтін құлдарымды шығардым. Құлдарымды Тур тауына алып барып паналат’, – деп уахи етеді. Содан кейін Алла Яжүж бен Мәжүжді жібереді де, ‘олар әр төбенің басынан селдей ағыла бастайды.’ (‘Әнбия’, 96). Олардың алдыңғы легі Табария көлінің жанынан өтіп, ондағы судың бәрін ішіп қояды. Соңғы легі сол жерден өткенде: ‘Бір кездері бұл жерде су болған екен’, – дейді. Алланың пайғамбары Иса (а.с.) мен оның серіктері қоршауда қалады. Тіпті бір өгіздің басы олардың біреуі үшін бүгін сендердің біріңе жүз динардан да бағалы болады. Сонда Алланың пайғамбары мен оның серіктері Аллаға жалбарынады. Алла Яжүж бен Мәжүждің мойындарына ұсақ құрттар жібереді. Таң атқанда бәрі бір ғана жан өлгендей, бір мезетте қырылып қалады. Содан кейін Алланың пайғамбары Иса мен оның серіктері таудан түседі. Олар жер бетінен Яжүж бен Мәжүж өлекселерінің майы мен сасық иісі жайламаған бір сүйем де жер таппайды. Алланың пайғамбары Иса мен оның серіктері Аллаға жалбарынады. Сонда Алла мойындары қос өркешті түйелердің мойнындай құстарды жібереді. Олар өлекселерді көтеріп алып, Алла қалаған жерге апарып тастайды. Содан кейін Алла жаңбыр жібереді. Одан балшықтан салынған бірде-бір үй де, жүннен тігілген бірде-бір шатыр да қорғай алмайды. Жаңбыр жерді жуып, айнадай жарқыратып қояды. Содан кейін жерге: ‘Жемісіңді өсіріп шығар әрі берекеңді қайтар!’ – делінеді. Сол күні бір топ адам бір анарды жеп тояды әрі оның қабығын сая етеді. Сүтке береке беріледі. Тіпті бір сауын түйенің сүті қалың топқа, бір сауын сиырдың сүті тұтас бір тайпаға, ал бір сауын қойдың сүті бір рудың тармағына жететін болады. Адамдар осындай күйде өмір сүріп жатқанда, Алла жайлы жел жібереді. Ол олардың қолтықтарының астынан шарпып өтіп, әрбір мүмін мен әрбір мұсылманның жанын алады. Жер бетінде адамдардың ең жамандары ғана қалады. Олар есектерше ашықтан-ашық шағылысады. Қиямет солардың кезінде орнайды”, – деді» (2937/110).

2049
Мүслим, № 2049Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا حَدِيثًا طَوِيلًا عَنِ الدَّجَّالِ، فَكَانَ فِيمَا حَدَّثَنَا قَالَ: «يَأْتِي وَهُوَ مُحَرَّمٌ عَلَيْهِ أَنْ يَدْخُلَ نِقَابَ الْمَدِينَةِ، فَيَنْتَهِي إِلَى بَعْضِ السِّبَاخِ الَّتِي تَلِي الْمَدِينَةَ، فَيَخْرُجُ إِلَيْهِ يَوْمَئِذٍ رَجُلٌ هُوَ خَيْرُ النَّاسِ» (أَوْ: «مِنْ خَيْرِ النَّاسِ»)، «فَيَقُولُ لَهُ: “أَشْهَدُ أَنَّكَ الدَّجَّالُ الَّذِي حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثَهُ”. فَيَقُولُ الدَّجَّالُ: “أَرَأَيْتُمْ إِنْ قَتَلْتُ هَذَا ثُمَّ أَحْيَيْتُهُ، أَتَشُكُّونَ فِي الْأَمْرِ؟” فَيَقُولُونَ: “لَا”. قَالَ: فَيَقْتُلُهُ ثُمَّ يُحْيِيهِ، فَيَقُولُ حِينَ يُحْيِيهِ: “وَاللَّهِ، مَا كُنْتُ فِيكَ قَطُّ أَشَدَّ بَصِيرَةً مِنِّي الْآنَ”. قَالَ: فَيُرِيدُ الدَّجَّالُ أَنْ يَقْتُلَهُ فَلَا يُسَلَّطُ عَلَيْهِ». قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ: يُقَالُ إِنَّ هَذَا الرَّجُلَ هُوَ الْخَضِرُ عَلَيْهِ السَّلَامُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) бізге Дәжжал жайында ұзақ хадис баяндады. Оның бізге айтқандарының арасында мына сөздер де болды». Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол келеді, бірақ Мәдинаның кіреберіс жолдарына кіру оған харам етілген болады. Сөйтіп, Мәдинаға жақын сортаң жерлердің біріне келіп тоқтайды. Сол күні оған адамдардың ең қайырлысы немесе ең қайырлыларының бірі болған бір адам шығады. Ол Дәжжалға: “Мен сенің дәл Алла Елшісі (с.а.с.) бізге хабарлаған Дәжжал екеніңе куәлік етемін”, – дейді. Сонда Дәжжал адамдарға: “Айтыңдаршы, егер мен мына адамды өлтіріп, содан кейін қайта тірілтсем, бұл іске күмән келтіресіңдер ме?” – деп сұрайды. Олар: “Жоқ”, – дейді. Содан кейін Дәжжал оны өлтіріп, қайта тірілтеді. Әлгі адам тірілген кезде: “Аллаға ант етемін! Сенің кім екеніңе дәл қазіргідей анық көзім ешқашан жеткен емес”, – дейді. Сонда Дәжжал оны қайтадан өлтірмек болады, бірақ оған мұны істеуге мүмкіндік берілмейді», – деді. Әбу Исхақ: «Бұл адамды Хызыр (а.с.) деп айтады», – деді (2938/112).

2050
Мүслим, № 2050Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَخْرُجُ الدَّجَّالُ فَيَتَوَجَّهُ قِبَلَهُ رَجُلٌ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ، فَتَلْقَاهُ الْمَسَالِحُ (مَسَالِحُ الدَّجَّالِ) فَيَقُولُونَ لَهُ: “أَيْنَ تَعْمِدُ؟” فَيَقُولُ: “أَعْمِدُ إِلَى هَذَا الَّذِي خَرَجَ”. قَالَ: فَيَقُولُونَ لَهُ: “أَوَمَا تُؤْمِنُ بِرَبِّنَا؟” فَيَقُولُ: “مَا بِرَبِّنَا خَفَاءٌ”. فَيَقُولُونَ: “اُقْتُلُوهُ!” فَيَقُولُ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: “أَلَيْسَ قَدْ نَهَاكُمْ رَبُّكُمْ أَنْ تَقْتُلُوا أَحَدًا دُونَهُ؟” قَالَ: فَيَنْطَلِقُونَ بِهِ إِلَى الدَّجَّالِ، فَإِذَا رَآهُ الْمُؤْمِنُ، قَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، هَذَا الدَّجَّالُ الَّذِي ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”. قَالَ: فَيَأْمُرُ الدَّجَّالُ بِهِ فَيُشَبَّحُ، فَيَقُولُ: “خُذُوهُ وَشُجُّوهُ”. فَيُوسَعُ ظَهْرُهُ وَبَطْنُهُ ضَرْبًا، قَالَ: فَيَقُولُ: “أَوَمَا تُؤْمِنُ بِي؟” قَالَ: فَيَقُولُ: “أَنْتَ الْمَسِيحُ الْكَذَّابُ”. قَالَ: فَيُؤْمَرُ بِهِ فَيُؤْشَرُ بِالْمِئْشَارِ مِنْ مَفْرِقِهِ حَتَّى يُفَرَّقَ بَيْنَ رِجْلَيْهِ، قَالَ: ثُمَّ يَمْشِي الدَّجَّالُ بَيْنَ الْقِطْعَتَيْنِ، ثُمَّ يَقُولُ لَهُ: “قُمْ”. فَيَسْتَوِي قَائِمًا، قَالَ: ثُمَّ يَقُولُ لَهُ: “أَتُؤْمِنُ بِي؟” فَيَقُولُ: “مَا اِزْدَدْتُ فِيكَ إِلَّا بَصِيرَةً”. قَالَ: ثُمَّ يَقُولُ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّهُ لَا يَفْعَلُ بَعْدِي بِأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ”. قَالَ: فَيَأْخُذُهُ الدَّجَّالُ لِيَذْبَحَهُ، فَيُجْعَلُ مَا بَيْنَ رَقَبَتِهِ إِلَى تَرْقُوَتِهِ نُحَاسًا، فَلَا يَسْتَطِيعُ إِلَيْهِ سَبِيلًا، قَالَ: فَيَأْخُذُ بِيَدَيْهِ وَرِجْلَيْهِ فَيَقْذِفُ بِهِ، فَيَحْسِبُ النَّاسُ أَنَّمَا قَذَفَهُ إِلَى النَّارِ، وَإِنَّمَا أُلْقِيَ فِي الْجَنَّةِ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا أَعْظَمُ النَّاسِ شَهَادَةً عِنْدَ رَبِّ الْعَالَمِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Дәжжал шығады. Сонда мүміндердің арасынан бір адам оған қарай бет алады. Оны Дәжжалдың қарулы күзетшілері қарсы алып: “Қайда бара жатырсың?” – деп сұрайды. Ол: “Мына шыққан адамға бара жатырмын”, – дейді. Олар: “Сен біздің раббымызға иман келтірмейсің бе?” – дейді. Ол: “Біздің Раббымыздың кім екені жасырын емес”, – деп жауап береді. Сонда олар: “Оны өлтіріңдер!” – дейді. Бірақ олардың кейбірі өзгелеріне: “Раббыларың өзінен рұқсат алмай тұрып, ешкімді өлтіруге тыйым салған жоқ па?” – дейді. Содан кейін оны Дәжжалдың алдына алып барады. Мүмін оны көрген кезде: “Уа, адамдар! Бұл – Алла Елшісі (с.а.с.) бізге айтқан Дәжжал!” – дейді. Сонда Дәжжал оны керіп тастауды бұйырып: “Оны ұстаңдар да, басын жарыңдар!” – дейді. Сөйтіп, оның арқасы мен іші аяусыз соққыға алынады. Содан кейін Дәжжал: “Сен маған иман келтірмейсің бе?” – деп сұрайды. Ол: “Сен – өтірікші мәсіхсің”, – деп жауап береді. Содан кейін Дәжжал оны арамен басының қақ төбесінен бастап екі аяғының арасына дейін аралап, денесін қақ бөлуге бұйрық береді. Дәжжал екі бөліктің арасымен жүріп өтіп, оған: “Тұр!” – дейді. Сонда ол орнынан тік тұрады. Дәжжал одан: “Енді маған иман келтіресің бе?” – деп сұрайды. Ол: “Сенің кім екеніңе көзім бұрынғыдан да анық жете түсті”, – дейді. Содан кейін адамдарға: “Уа, адамдар! Ол менен кейін ешкімге мұны істей алмайды”, – дейді. Сонда Дәжжал оны бауыздау үшін ұстайды. Бірақ оның мойны мен бұғанасының арасы мысқа айналдырылады да, Дәжжал оған ештеңе істей алмай қалады. Содан кейін оны қол-аяғынан ұстап, лақтырып жібереді. Адамдар оны отқа лақтырды деп ойлайды. Алайда ол Жәннатқа тасталған болады». Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл – әлемдердің Раббысының алдында шәһидтігі ең ұлы адам», – деді (2938/113).

2051
Мүслим, № 2051Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ قَالَ: مَا سَأَلَ أَحَدٌ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ الدَّجَّالِ أَكْثَرَ مِمَّا سَأَلْتُ. قَالَ: «وَمَا يُنْصِبُكَ مِنْهُ؟ إِنَّهُ لَا يَضُرُّكَ». قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُمْ يَقُولُونَ: “إِنَّ مَعَهُ الطَّعَامَ وَالْآبَارَ”». قَالَ: «هُوَ أَهْوَنُ عَلَى اللَّهِ مِنْ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Муғира ибн Шуғба былай деді: «Пайғамбардан (с.а.с.) Дәжжал туралы менен көп сұраған ешкім болған жоқ. Ол маған: “Оның несі сені мазалайды? Ол саған зиян келтірмейді”, – деді. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Адамдар оның жанында азық-түлік пен құдықтар болады деп жүр”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Ол Алланың алдында бұдан әлдеқайда елеусіз”, – деді» (2939/114).

2052
Мүслим, № 2052

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ سَالِمٍ، قَالَ: سَمِعْتُ يَعْقُوبَ بْنَ عَاصِمِ بْنِ عُرْوَةَ بْنِ مَسْعُودٍ الثَّقَفِيَّ، يَقُولُ: سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَمْرٍو، وَجَاءَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: «مَا هَذَا الْحَدِيثُ الَّذِي تُحَدِّثُ بِهِ؟ تَقُولُ: “إِنَّ السَّاعَةَ تَقُومُ إِلَى كَذَا وَكَذَا”؟» فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ» أَوْ «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ» (أَوْ كَلِمَةً نَحْوَهُمَا)، «لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ لَا أُحَدِّثَ أَحَدًا شَيْئًا أَبَدًا، إِنَّمَا قُلْتُ: إِنَّكُمْ سَتَرَوْنَ بَعْدَ قَلِيلٍ أَمْرًا عَظِيمًا، يُحَرَّقُ الْبَيْتُ، وَيَكُونُ وَيَكُونُ». ثُمَّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَخْرُجُ الدَّجَّالُ فِي أُمَّتِي فَيَمْكُثُ أَرْبَعِينَ» (لَا أَدْرِي: أَرْبَعِينَ يَوْمًا أَوْ أَرْبَعِينَ شَهْرًا أَوْ أَرْبَعِينَ عَامًا)، «فَيَبْعَثُ اللَّهُ تَعَالَى عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ كَأَنَّهُ عُرْوَةُ بْنُ مَسْعُودٍ، فَيَطْلُبُهُ فَيُهْلِكُهُ، ثُمَّ يَمْكُثُ النَّاسُ سَبْعَ سِنِينَ، لَيْسَ بَيْنَ اثْنَيْنِ عَدَاوَةٌ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ رِيحًا بَارِدَةً مِنْ قِبَلِ الشَّأْمِ، فَلَا يَبْقَى عَلَى وَجْهِ الْأَرْضِ أَحَدٌ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ خَيْرٍ أَوْ إِيمَانٍ إِلَّا قَبَضَتْهُ، حَتَّى لَوْ أَنَّ أَحَدَكُمْ دَخَلَ فِي كَبِدِ جَبَلٍ لَدَخَلَتْهُ عَلَيْهِ، حَتَّى تَقْبِضَهُ». قَالَ: سَمِعْتُهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: «فَيَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ فِي خِفَّةِ الطَّيْرِ وَأَحْلَامِ السِّبَاعِ، لَا يَعْرِفُونَ مَعْرُوفًا وَلَا يُنْكِرُونَ مُنْكَرًا، فَيَتَمَثَّلُ لَهُمُ الشَّيْطَانُ، فَيَقُولُ: “أَلَا تَسْتَجِيبُونَ؟” فَيَقُولُونَ: “فَمَا تَأْمُرُنَا؟” فَيَأْمُرُهُمْ بِعِبَادَةِ الْأَوْثَانِ، وَهُمْ فِي ذَلِكَ دَارٌّ رِزْقُهُمْ، حَسَنٌ عَيْشُهُمْ، ثُمَّ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ، فَلَا يَسْمَعُهُ أَحَدٌ إِلَّا أَصْغَى لِيتًا وَرَفَعَ لِيتًا، قَالَ: وَأَوَّلُ مَنْ يَسْمَعُهُ رَجُلٌ يَلُوطُ حَوْضَ إِبِلِهِ، قَالَ: فَيَصْعَقُ، وَيَصْعَقُ النَّاسُ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ» (أَوْ قَالَ: «يُنْزِلُ اللَّهُ»)، «مَطَرًا كَأَنَّهُ الطَّلُّ» (أَوِ «الظِّلُّ»؛ نُعْمَانُ الشَّاكُّ)، «فَتَنْبُتُ مِنْهُ أَجْسَادُ النَّاسِ، ثُمَّ يُنْفَخُ فِيهِ أُخْرَى، ﴿فَإِذَا هُمْ قِيَامٌ يَنْظُرُونَ﴾، ثُمَّ يُقَالُ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، هَلُمَّ إِلَى رَبِّكُمْ”، ﴿وَقِفُوهُمْ إِنَّهُمْ مَسْئُولُونَ﴾. قَالَ: ثُمَّ يُقَالُ: “أَخْرِجُوا بَعْثَ النَّارِ”. فَيُقَالُ: “مِنْ كَمْ؟” فَيُقَالُ: “مِنْ كُلِّ أَلْفٍ تِسْعَمِائَةٍ وَتِسْعَةً وَتِسْعِينَ”. قَالَ: فَذَلِكَ يَوْمٌ ﴿يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيبًا﴾، وَذَلِكَ يَوْمٌ ﴿يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ﴾».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Сәлим былай деді: «Яғқуб ибн Асым ибн Уруа ибн Масғуд әс-Сақафидің былай дегенін естідім: “Абдулла ибн Амрдың сөзін естідім. Бір адам оған келіп: ‘Сен айтып жүрген мына хадис не? Қиямет пәлен уақытта болады деп айтып жүрсің бе?’ – деді. Сонда ол: ‘Алла барлық кемшіліктен пәк!’ немесе: ‘Алладан басқа құдай жоқ!’ – деді не осы екеуіне ұқсас бір сөз айтты. Содан соң: ‘Енді ешкімге ештеңе айтпаймын деп ойлаған едім. Мен сендердің көп ұзамай үлкен бір оқиғаны көретіндеріңді ғана айттым: Қасиетті Үй өртенеді, осындай-осындай оқиғалар болады’, – деді”», – деді. Содан кейін Абдулла ибн Амр Алла Елшісінің (с.а.с.) Дәжжалдың өз үмбетінің арасынан шығатынын, ал оның болу мерзімін «қырық» деп атағанын жеткізді. Риуаятшы: «Қырық күн бе, қырық ай ма, әлде қырық жыл ма дегенін білмеймін», – деді. Одан әрі Алла Елшісі (с.а.с.): «Содан кейін Алла Тағала Мәриям ұлы Исаны жібереді. Ол Уруа ибн Масғудқа ұқсайды. Иса Дәжжалдың соңына түсіп, оны өлтіреді. Содан соң адамдар жеті жыл өмір сүреді. Сол кезде екі адамның арасында да дұшпандық болмайды. Кейін Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Шам жақтан салқын жел жібереді. Жер бетінде жүрегінде тозаң түйірінің салмағындай жақсылық немесе иман бар бірде-бір адам қалмайды: жел олардың барлығының жанын алады. Тіпті сендердің бірің таудың қақ ортасына кіріп кетсе де, жел оның соңынан сол жерге кіріп, жанын алады». Абдулла: «Мұны Алла Елшісінен (с.а.с.) естідім», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Содан кейін адамдардың ең жамандары ғана қалады. Олар құстай ұшқалақ, ақылдары жыртқыш аңдардыкіндей болады. Олар жақсылықты жақсылық деп танымайды әрі жамандыққа қарсылық білдірмейді. Сонда шайтан оларға көрініп: “Шақыруыма жауап бермейсіңдер ме?” – дейді. Олар: “Бізге не бұйырасың?” – деп сұрайды. Сонда ол оларға пұттарға табынуды бұйырады. Сол күйде олардың ризықтары ағыл-тегіл болып, тұрмыстары жайлы болады. Содан соң Сурға үрленеді. Оны естіген әрбір адам мойнының бір жағын төмен иіп, екінші жағын көтереді. Оны ең алғаш еститін адам – түйелерінің су ішетін астауын балшықпен сылап отырған кісі. Ол жансыз құлайды, артынан барлық адам да жансыз құлайды. Содан кейін Алла шықтай немесе көлеңкедей бір жаңбыр жібереді немесе жаудырады», – деді. Бұл тұста Нұғман «шықтай» және «көлеңкедей» деген екі сөздің қайсысы айтылғанына күмәнданған. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Сол жаңбырдан адамдардың денелері өсіп шығады. Кейін Сурға тағы бір рет үрленеді. Сонда “өлілердің барлығы қабірлерінен түрегеліп жан-жақтарына жалтақтап, қараумен болады.” (“Зүмәр”, 68). Содан кейін: “Уа, адамдар! Раббыларыңа келіңдер!” – делінеді. Артынша “Оларды тоқтатыңдар! Олар алдымен жауапқа тартылады” (“Саффат”, 24), – делінеді. Кейін: “Тозаққа жіберілетін топты шығарыңдар!” – делінеді. “Қаншасын?” – деп сұралады. Сонда: “Әрбір мың адамның тоғыз жүз тоқсан тоғызын”, – делінеді. Міне, бұл – “жас балалардың дағы шашын ағартып жіберетін” (“Мүззәммил”, 17) алапат күн. Сондай-ақ бұл – “Балтыр ашылатын (іс насырға шабатын) күні” (“Қалам”, 42)», – деді (2940/116).

بَابٌ: أَوَّلُ الْآيَاتِ طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا

47-бапАлғашқы белгі – күннің батыстан шығуы

2053
Мүслим, № 2053Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: حَفِظْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَدِيثًا لَمْ أَنْسَهُ بَعْدُ، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أَوَّلَ الْآيَاتِ خُرُوجًا طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَخُرُوجُ الدَّابَّةِ عَلَى النَّاسِ ضُحًى، وَأَيُّهُمَا مَا كَانَتْ قَبْلَ صَاحِبَتِهَا، فَالْأُخْرَى عَلَى إِثْرِهَا قَرِيبًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) бір хадис жаттап алып, содан бері оны ұмытқан емеспін. Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алғаш шығатын белгілер – күннің батыстан шығуы және жерден шығатын мақұлықтың сәске кезінде адамдардың алдына шығуы. Бұл екеуінің қайсысы бұрын шықса да, екіншісі көп ұзамай оның ізін ала шығады”, – дегенін естідім», – деді (2941/118).

بَابٌ: صِفَةُ الدَّجَّالِ وَخُرُوجُهُ وَحَدِيثُ الْجَسَّاسَةِ

48-бапДәжжалдың сипаты мен шығуы және әл-Жәссаса туралы хадис

2054
Мүслим, № 2054

عَنْ عَامِرِ بْنِ شَرَاحِيلَ الشَّعْبِيِّ (شَعْبِ هَمْدَانَ) أَنَّهُ سَأَلَ فَاطِمَةَ بِنْتَ قَيْسٍ، أُخْتَ الضَّحَّاكِ بْنِ قَيْسٍ (وَكَانَتْ مِنَ الْمُهَاجِرَاتِ الْأُوَلِ) فَقَالَ: «حَدِّثِينِي حَدِيثًا سَمِعْتِيهِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَا تُسْنِدِيهِ إِلَى أَحَدٍ غَيْرِهِ». فَقَالَتْ: «لَئِنْ شِئْتَ لَأَفْعَلَنَّ». فَقَالَ لَهَا: «أَجَلْ، حَدِّثِينِي». فَقَالَتْ: «نَكَحْتُ ابْنَ الْمُغِيرَةِ، وَهُوَ مِنْ خِيَارِ شَبَابِ قُرَيْشٍ يَوْمَئِذٍ، فَأُصِيبَ فِي أَوَّلِ الْجِهَادِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا تَأَيَّمْتُ خَطَبَنِي عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ فِي نَفَرٍ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَخَطَبَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى مَوْلَاهُ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ، وَكُنْتُ قَدْ حُدِّثْتُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “مَنْ أَحَبَّنِي فَلْيُحِبَّ أُسَامَةَ”. فَلَمَّا كَلَّمَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قُلْتُ: “أَمْرِي بِيَدِكَ، فَأَنْكِحْنِي مَنْ شِئْتَ”. فَقَالَ: “اِنْتَقِلِي إِلَى أُمِّ شَرِيكٍ”. وَأُمُّ شَرِيكٍ اِمْرَأَةٌ غَنِيَّةٌ، مِنَ الْأَنْصَارِ، عَظِيمَةُ النَّفَقَةِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، يَنْزِلُ عَلَيْهَا الضِّيفَانُ، فَقُلْتُ: “سَأَفْعَلُ”. فَقَالَ: “لَا تَفْعَلِي، إِنَّ أُمَّ شَرِيكٍ اِمْرَأَةٌ كَثِيرَةُ الضِّيفَانِ، فَإِنِّي أَكْرَهُ أَنْ يَسْقُطَ عَنْكِ خِمَارُكِ أَوْ يَنْكَشِفَ الثَّوْبُ عَنْ سَاقَيْكِ، فَيَرَى الْقَوْمُ مِنْكِ بَعْضَ مَا تَكْرَهِينَ، وَلَكِنِ اِنْتَقِلِي إِلَى ابْنِ عَمِّكِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو ابْنِ أُمِّ مَكْتُومٍ”» (وَهُوَ رَجُلٌ مِنْ بَنِي فِهْرٍ، فِهْرِ قُرَيْشٍ، وَهُوَ مِنَ الْبَطْنِ الَّذِي هِيَ مِنْهُ)، «فَانْتَقَلْتُ إِلَيْهِ،

فَلَمَّا اِنْقَضَتْ عِدَّتِي سَمِعْتُ نِدَاءَ الْمُنَادِي، مُنَادِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يُنَادِي: “الصَّلَاةَ جَامِعَةً”. فَخَرَجْتُ إِلَى الْمَسْجِدِ، فَصَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَكُنْتُ فِي صَفِّ النِّسَاءِ الَّتِي تَلِي ظُهُورَ الْقَوْمِ، فَلَمَّا قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاتَهُ جَلَسَ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَهُوَ يَضْحَكُ، فَقَالَ: “لِيَلْزَمْ كُلُّ إِنْسَانٍ مُصَلَّاهُ”. ثُمَّ قَالَ: “أَتَدْرُونَ لِمَ جَمَعْتُكُمْ؟” قَالُوا: “اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ”.

قَالَ: “إِنِّي وَاللَّهِ مَا جَمَعْتُكُمْ لِرَغْبَةٍ وَلَا لِرَهْبَةٍ، وَلَكِنْ جَمَعْتُكُمْ لِأَنَّ تَمِيمًا الدَّارِيَّ كَانَ رَجُلًا نَصْرَانِيًّا، فَجَاءَ فَبَايَعَ وَأَسْلَمَ، وَحَدَّثَنِي حَدِيثًا وَافَقَ الَّذِي كُنْتُ أُحَدِّثُكُمْ عَنْ مَسِيحِ الدَّجَّالِ. حَدَّثَنِي أَنَّهُ رَكِبَ فِي سَفِينَةٍ بَحْرِيَّةٍ مَعَ ثَلَاثِينَ رَجُلًا مِنْ لَخْمٍ وَجُذَامَ، فَلَعِبَ بِهِمِ الْمَوْجُ شَهْرًا فِي الْبَحْرِ، ثُمَّ أَرْفَؤُوا إِلَى جَزِيرَةٍ فِي الْبَحْرِ حَتَّى مَغْرِبِ الشَّمْسِ، فَجَلَسُوا فِي أَقْرُبِ السَّفِينَةِ، فَدَخَلُوا الْجَزِيرَةَ فَلَقِيَتْهُمْ دَابَّةٌ أَهْلَبُ كَثِيرُ الشَّعَرِ، لَا يَدْرُونَ مَا قُبُلُهُ مِنْ دُبُرِهِ مِنْ كَثْرَةِ الشَّعَرِ، فَقَالُوا: ‘وَيْلَكِ مَا أَنْتِ؟’ فَقَالَتْ: ‘أَنَا الْجَسَّاسَةُ’. قَالُوا: ‘وَمَا الْجَسَّاسَةُ؟’ قَالَتْ: ‘أَيُّهَا الْقَوْمُ، اِعْمِدُوا إِلَى هَذَا الرَّجُلِ فِي الدَّيْرِ، فَإِنَّهُ إِلَى خَبَرِكُمْ بِالْأَشْوَاقِ’. قَالَ: ‘لَمَّا سَمَّتْ لَنَا رَجُلًا فَرِقْنَا مِنْهَا أَنْ تَكُونَ شَيْطَانَةً’،

قَالَ: ‘فَانْطَلَقْنَا سِرَاعًا، حَتَّى دَخَلْنَا الدَّيْرَ، فَإِذَا فِيهِ أَعْظَمُ إِنْسَانٍ رَأَيْنَاهُ قَطُّ خَلْقًا، وَأَشَدُّهُ وِثَاقًا، مَجْمُوعَةٌ يَدَاهُ إِلَى عُنُقِهِ، مَا بَيْنَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى كَعْبَيْهِ بِالْحَدِيدِ، قُلْنَا: ‹وَيْلَكَ مَا أَنْتَ؟› قَالَ: ‹قَدْ قَدَرْتُمْ عَلَى خَبَرِي، فَأَخْبِرُونِي مَا أَنْتُمْ؟› قَالُوا: ‹نَحْنُ أُنَاسٌ مِنَ الْعَرَبِ رَكِبْنَا فِي سَفِينَةٍ بَحْرِيَّةٍ، فَصَادَفْنَا الْبَحْرَ حِينَ اِغْتَلَمَ فَلَعِبَ بِنَا الْمَوْجُ شَهْرًا، ثُمَّ أَرْفَأْنَا إِلَى جَزِيرَتِكَ هَذِهِ، فَجَلَسْنَا فِي أَقْرُبِهَا، فَدَخَلْنَا الْجَزِيرَةَ، فَلَقِيَتْنَا دَابَّةٌ أَهْلَبُ كَثِيرُ الشَّعَرِ، لَا يُدْرَى مَا قُبُلُهُ مِنْ دُبُرِهِ مِنْ كَثْرَةِ الشَّعَرِ، فَقُلْنَا: «وَيْلَكِ مَا أَنْتِ؟» فَقَالَتْ: «أَنَا الْجَسَّاسَةُ». قُلْنَا: «وَمَا الْجَسَّاسَةُ؟» قَالَتْ: «اِعْمِدُوا إِلَى هَذَا الرَّجُلِ فِي الدَّيْرِ، فَإِنَّهُ إِلَى خَبَرِكُمْ بِالْأَشْوَاقِ»، فَأَقْبَلْنَا إِلَيْكَ سِرَاعًا، وَفَزِعْنَا مِنْهَا، وَلَمْ نَأْمَنْ أَنْ تَكُونَ شَيْطَانَةً›،

فَقَالَ: ‹أَخْبِرُونِي عَنْ نَخْلِ بَيْسَانَ›. قُلْنَا: ‹عَنْ أَيِّ شَأْنِهَا تَسْتَخْبِرُ؟› قَالَ: ‹أَسْأَلُكُمْ عَنْ نَخْلِهَا، هَلْ يُثْمِرُ؟› قُلْنَا لَهُ: ‹نَعَمْ›. قَالَ: ‹أَمَا إِنَّهُ يُوشِكُ أَنْ لَا تُثْمِرَ›. قَالَ: ‹أَخْبِرُونِي عَنْ بُحَيْرَةِ الطَّبَرِيَّةِ›. قُلْنَا: ‹عَنْ أَيِّ شَأْنِهَا تَسْتَخْبِرُ؟› قَالَ: ‹هَلْ فِيهَا مَاءٌ؟› قَالُوا: ‹هِيَ كَثِيرَةُ الْمَاءِ›. قَالَ: ‹أَمَا إِنَّ مَاءَهَا يُوشِكُ أَنْ يَذْهَبَ›. قَالَ: ‹أَخْبِرُونِي عَنْ عَيْنِ زُغَرَ›. قَالُوا: ‹عَنْ أَيِّ شَأْنِهَا تَسْتَخْبِرُ؟› قَالَ: ‹هَلْ فِي الْعَيْنِ مَاءٌ؟ وَهَلْ يَزْرَعُ أَهْلُهَا بِمَاءِ الْعَيْنِ؟› قُلْنَا لَهُ: ‹نَعَمْ، هِيَ كَثِيرَةُ الْمَاءِ، وَأَهْلُهَا يَزْرَعُونَ مِنْ مَائِهَا›،

قَالَ: ‹أَخْبِرُونِي عَنْ نَبِيِّ الْأُمِّيِّينَ مَا فَعَلَ؟› قَالُوا: ‹قَدْ خَرَجَ مِنْ مَكَّةَ وَنَزَلَ يَثْرِبَ›. قَالَ: ‹أَقَاتَلَهُ الْعَرَبُ؟› قُلْنَا: ‹نَعَمْ›. قَالَ: ‹كَيْفَ صَنَعَ بِهِمْ؟› فَأَخْبَرْنَاهُ أَنَّهُ قَدْ ظَهَرَ عَلَى مَنْ يَلِيهِ مِنَ الْعَرَبِ وَأَطَاعُوهُ، قَالَ لَهُمْ: ‹قَدْ كَانَ ذَلِكَ؟› قُلْنَا: ‹نَعَمْ›. قَالَ: ‹أَمَا إِنَّ ذَاكَ خَيْرٌ لَهُمْ أَنْ يُطِيعُوهُ، وَإِنِّي مُخْبِرُكُمْ عَنِّي: إِنِّي أَنَا الْمَسِيحُ، وَإِنِّي أُوشِكُ أَنْ يُؤْذَنَ لِي فِي الْخُرُوجِ، فَأَخْرُجَ فَأَسِيرَ فِي الْأَرْضِ فَلَا أَدَعَ قَرْيَةً إِلَّا هَبَطْتُهَا فِي أَرْبَعِينَ لَيْلَةً غَيْرَ مَكَّةَ وَطَيْبَةَ، فَهُمَا مُحَرَّمَتَانِ عَلَيَّ كِلْتَاهُمَا، كُلَّمَا أَرَدْتُ أَنْ أَدْخُلَ وَاحِدَةً› (أَوْ: ‹وَاحِدًا›) ‹مِنْهُمَا اِسْتَقْبَلَنِي مَلَكٌ بِيَدِهِ السَّيْفُ صَلْتًا يَصُدُّنِي عَنْهَا، وَإِنَّ عَلَى كُلِّ نَقْبٍ مِنْهَا مَلَائِكَةً يَحْرُسُونَهَا›’”».

قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ (وَطَعَنَ بِمِخْصَرَتِهِ فِي الْمِنْبَرِ): «هَذِهِ طَيْبَةُ، هَذِهِ طَيْبَةُ، هَذِهِ طَيْبَةُ» (يَعْنِي الْمَدِينَةَ) «أَلَا هَلْ كُنْتُ حَدَّثْتُكُمْ ذَلِكَ؟» فَقَالَ النَّاسُ: «نَعَمْ». «فَإِنَّهُ أَعْجَبَنِي حَدِيثُ تَمِيمٍ أَنَّهُ وَافَقَ الَّذِي كُنْتُ أُحَدِّثُكُمْ عَنْهُ، وَعَنِ الْمَدِينَةِ وَمَكَّةَ، أَلَا إِنَّهُ فِي بَحْرِ الشَّأْمِ، أَوْ بَحْرِ الْيَمَنِ، لَا، بَلْ مِنْ قِبَلِ الْمَشْرِقِ مَا هُوَ، مِنْ قِبَلِ الْمَشْرِقِ مَا هُوَ، مِنْ قِبَلِ الْمَشْرِقِ مَا هُوَ» وَأَوْمَأَ بِيَدِهِ إِلَى الْمَشْرِقِ. قَالَتْ: «فَحَفِظْتُ هَذَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Һәмдан тайпасының Шағб тармағынан шыққан Амир ибн Шарахил әш-Шағби Даххақ ибн Қайстың қарындасы Фатима бинт Қайстан (ол алғашқы мұһажир әйелдердің бірі еді): «Маған Алла Елшісінен (с.а.с.) тікелей естіген, арада басқа ешкім болмаған бір хадис айтып беріңіз», – деп өтінді. Ол: «Егер қаласаң, әрине, айтып беремін», – деді. Амир: «Иә, айтып беріңіз», – деді. Сонда Фатима былай деді: «Мен Ибн әл-Муғираға тұрмысқа шықтым. Ол сол кезде Құрайыш жастарының таңдаулыларының бірі еді. Ол Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге қатысқан алғашқы жорықта зардап шекті. Мен күйеусіз қалған соң, Абдуррахман ибн Ауф пен Алла Елшісінің (с.а.с.) тағы бірнеше сахабасы маған сөз салды. Алла Елшісі (с.а.с.) де мені өзінің мәулесі Усама ибн Зәйдке айттырып келді. Бұған дейін маған Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мені жақсы көрсе, Усаманы да жақсы көрсін”, – дегені жеткізілген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) менімен сөйлескен кезде, мен: “Ісім өз қолыңызда. Мені қалаған адамыңызға некелестіріңіз”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Үммі Шәриктің үйіне көш”, – деді. Үммі Шәрик ансарлардан шыққан дәулетті әрі Алла жолында мал-мүлкін мол жұмсайтын әйел еді. Оның үйіне қонақтар жиі түсетін. Мен: “Солай істеймін”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Жоқ, олай істеме. Үммі Шәриктің қонағы көп. Жаулығың түсіп қалса немесе киімің түріліп, балтырың ашылып қалса, ер адамдардың сен көрсеткің келмейтін жеріңді көріп қойғанын қаламаймын. Оның орнына немере туысың Абдулла ибн Амр ибн Үммі Мактумның үйіне көш”, – деді. Ол Құрайыштың Фиһр тармағынан еді, Фатима да сол тармақтан болатын. Сөйтіп, мен оның үйіне көштім.

Идда мерзімім аяқталған кезде, Алла Елшісінің (с.а.с.) жаршысының: “Жамағат намазына жиналыңдар!” – деп шақырғанын естідім. Мен мешітке барып, Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқыдым. Ерлердің дәл артындағы әйелдер сапында тұрдым. Алла Елшісі (с.а.с.) намазын аяқтаған соң, күлімсіреп мінберге отырды да: “Әркім намаз оқыған орнында қалсын”, – деді. Содан кейін: “Сендерді не үшін жинағанымды білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Ол (с.а.с.) сөзін былай жалғастырды: “Алланың атымен ант етемін! Мен сендерді бір нәрсеге қызықтыру немесе бір нәрседен қорқыту үшін жинаған жоқпын. Сендерді жинаған себебім – Тамим әд-Дари христиан еді. Ол келіп, маған серт берді де, Исламды қабылдады. Содан кейін маған Мәсіх Дәжжал туралы сендерге бұрын айтып жүрген сөздеріме сай келетін бір оқиғаны баяндады. Ол Ләхм мен Жузам тайпаларынан шыққан отыз адаммен бірге теңіз кемесіне мінген екен. Теңіз толқындары оларды бір ай бойы ары-бері шайқапты. Күн батқан шақта олар теңіздегі бір аралға келіп тоқтайды. Содан кейін кеменің шағын қайықтарына отырып, аралға шығады. Олардың алдынан бүкіл денесін қалың жүн басқан бір мақұлық шығады. Жүнінің қалыңдығынан оның қай жағы алды, қай жағы арты екенін ажырата алмайды. Олар: ‘Ойпырмай, сен несің?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Мен – Жәссасамын’, – дейді. Олар: ‘Жәссаса деген не?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Уа, қауым! Монастырьдегі ана кісіге тура барыңдар. Ол сендерден хабар алуға қатты ынтық’, – дейді.

Тамим: ‘Әлгі мақұлық бізге сол адам туралы айтқан кезде, оны ұрғашы шайтан шығар деп қорықтық. Сөйтіп, асыға жүріп, монастырьге кірдік. Онда бұрын-соңды көрген адамдарымыздың ішіндегі дене бітімі ең зор әрі ең мықтап байланған бір адам отыр екен. Екі қолы мойнына маталып, тізелерінен тобықтарына дейін темірмен кісенделген еді. Біз: ‹Ойпырмай, сен кімсің?› – деп сұрадық. Ол: ‹Менің жайымды білетін болдыңдар. Ендеше, әуелі өздеріңнің кім екендеріңді айтыңдар›, – деді. Біз: ‹Біз – арабтармыз. Теңіз кемесіне мінген едік. Теңіз қатты буырқанып тұрған кезге тап болдық та, толқындар бізді бір ай бойы ары-бері шайқады. Содан кейін сенің осы аралыңа келіп тоқтадық. Кеменің шағын қайықтарына отырып, аралға шықтық. Алдымыздан бүкіл денесін қалың жүн басқан бір мақұлық шықты. Жүнінің көптігінен оның алды мен артының қайсысы екені білінбейді. Біз одан: «Ойпырмай, сен несің?» – деп сұрадық. Ол: «Мен – Жәссасамын», – деді. Біз: «Жәссаса деген не?» – деп сұрадық. Ол: «Монастырьдегі мына кісіге тура барыңдар. Ол сендерден хабар алуға қатты ынтық», – деді. Содан кейін саған асыға келдік. Біз одан қатты шошып, ұрғашы шайтан болып жүрмесін деп қауіптендік›, – дедік.

Ол: ‹Маған Бәйсанның құрма ағаштары туралы хабар беріңдер›, – деді. Біз: ‹Олардың қандай жайын сұрап тұрсың?› – дедік. Ол: ‹Құрма ағаштары жеміс бере ме?› – деп сұрады. Біз: ‹Иә›, – дедік. Ол: ‹Біліп қойыңдар, көп ұзамай олар жеміс бермей қалады›, – деді. Содан кейін: ‹Маған Табария көлі туралы хабар беріңдер›, – деді. Біз: ‹Оның қандай жайын сұрап тұрсың?› – дедік. Ол: ‹Онда су бар ма?› – деп сұрады. Біз: ‹Оның суы өте көп›, – дедік. Ол: ‹Біліп қойыңдар, көп ұзамай оның суы тартылып қалады›, – деді. Содан кейін: ‹Маған Зұғар бұлағы туралы хабар беріңдер›, – деді. Біз: ‹Оның қандай жайын сұрап тұрсың?› – дедік. Ол: ‹Бұлақта су бар ма? Сол жердің тұрғындары бұлақтың суымен егін еге ме?› – деп сұрады. Біз: ‹Иә, оның суы мол әрі тұрғындары сол сумен егін егеді›, – дедік.

Содан кейін: ‹Маған үммилердің Пайғамбары туралы хабар беріңдер. Ол не істеді?› – деп сұрады. Біз: ‹Ол Меккеден шығып, Ясрибке қоныстанды›, – дедік. Ол: ‹Онымен арабтар соғысты ма?› – деп сұрады. Біз: ‹Иә›, – дедік. Ол: ‹Олармен арадағы соғыс қалай аяқталды?› – деп сұрады. Біз оның төңірегіндегі арабтарды жеңгенін және олардың оған бойсұнғанын айттық. Ол: ‹Шынымен солай болды ма?› – деп сұрады. Біз: ‹Иә›, – дедік. Ол: ‹Оған бойсұнулары өздері үшін қайырлы. Енді сендерге өзім туралы хабар берейін. Мен – сол Мәсіхпін. Маған шығуға рұқсат берілетін уақыт таяп қалды. Мен шыққан кезде жер жүзін аралаймын. Қырық түннің ішінде бармаған бірде-бір елді мекен қалдырмаймын. Тек Мекке мен Тайбаға кіре алмаймын. Олардың екеуіне де кіруге маған тыйым салынған. Екеуінің біріне – «وَاحِدَةً» немесе «وَاحِدًا» – кірмек болған сайын, қолында жалаң қылышы бар бір періште алдымнан шығып, мені оған кіргізбей қояды. Олардың әрбір кіреберісінде күзетіп тұрған періштелер бар›, – деді’, – деп баяндады”.

Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қолындағы қысқа таяғымен мінберді түртіп: “Бұл – Тайба! Бұл – Тайба! Бұл – Тайба!” – деді. Ол Мәдинаны меңзеген еді. Содан кейін: “Айтыңдаршы, мен сендерге осыны бұрын айтқан жоқ па едім?” – деді. Адамдар: “Иә”, – деді. Ол: “Тамимнің әңгімесі маған ұнады. Өйткені оның әңгімесі менің сендерге Дәжжал, Мәдина және Мекке туралы бұрын айтып жүрген сөздеріме сай келді. Біліңдер! Ол Шам теңізінде немесе Йемен теңізінде... Жоқ! Ол шығыс жақта! Ол шығыс жақта! Ол шығыс жақта!” – деп, қолымен шығыс жақты нұсқады. Мен мұны Алла Елшісінен (с.а.с.) жаттап алдым» (2942/119).

2055
Мүслим, № 2055Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ مِنْ بَلَدٍ إِلَّا سَيَطَؤُهُ الدَّجَّالُ، إِلَّا مَكَّةَ وَالْمَدِينَةَ، وَلَيْسَ نَقْبٌ مِنْ أَنْقَابِهَا إِلَّا عَلَيْهِ الْمَلَائِكَةُ صَافِّينَ تَحْرُسُهَا، فَيَنْزِلُ بِالسَّبَخَةِ، فَتَرْجُفُ الْمَدِينَةُ ثَلَاثَ رَجَفَاتٍ، يَخْرُجُ إِلَيْهِ مِنْهَا كُلُّ كَافِرٍ وَمُنَافِقٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Дәжжал аяқ баспайтын бірде-бір елді мекен болмайды. Тек Мекке мен Мәдинаға ғана аяқ баса алмайды. Мәдинаның әрбір кіреберісінде оны күзетіп, сап түзеп тұрған періштелер болады. Ол сортаң алқапқа келіп тоқтағанда, Мәдина үш рет сілкінеді. Сонда ондағы әрбір кәпір мен мұнафық оған қарай шығады» (2943/123).

بَابٌ: يَتْبَعُ الدَّجَّالَ مِنْ يَهُودِ أَصْبَهَانَ سَبْعُونَ أَلْفًا

49-бапИсфаһанның жетпіс мың яһудиі Дәжжалға ереді

2056
Мүслим, № 2056Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَتْبَعُ الدَّجَّالَ مِنْ يَهُودِ أَصْبَهَانَ سَبْعُونَ أَلْفًا عَلَيْهِمُ الطَّيَالِسَةُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик Алла Елшісінің (с.а.с.): «Исфаһан яһудилерінен үстеріне тайласан жамылған жетпіс мың адам Дәжжалға ереді», – дегенін жеткізді (2944/124).

بَابٌ: فِي فِرَارِ النَّاسِ مِنَ الدَّجَّالِ فِي الْجِبَالِ وَقِلَّةِ الْعَرَبِ يَوْمَئِذٍ

50-бапАдамдардың Дәжжалдан қашып, тауларды паналауы және сол кезде арабтардың аз болуы туралы

2057
Мүслим, № 2057Риуаят етуші: Үммі Шәрик

عَنْ أُمِّ شَرِيكٍ، أَنَّهَا سَمِعَتِ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَيَفِرَّنَّ النَّاسُ مِنَ الدَّجَّالِ فِي الْجِبَالِ». قَالَتْ أُمُّ شَرِيكٍ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَأَيْنَ الْعَرَبُ يَوْمَئِذٍ؟» قَالَ: «هُمْ قَلِيلٌ».

Қазақша аудармасы

Үммі Шәрик Пайғамбардың (с.а.с.): «Адамдар Дәжжалдан қашып, тауларды паналайды», – дегенін естіген. Сонда Үммі Шәрик: «Уа, Расулалла! Ол кезде арабтар қайда болады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Олар аз болады», – деді (2945/125).

بَابٌ: مَا بَيْنَ خَلْقِ آدَمَ إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ خَلْقٌ أَكْبَرُ مِنَ الدَّجَّالِ

51-бапАдам жаратылған кезден Қиямет орнағанға дейін Дәжжалдан зор сынақ тудыратын жаратылыс жоқ

2058
Мүслим, № 2058

عَنْ حُمَيْدِ بْنِ هِلَالٍ، عَنْ رَهْطٍ (مِنْهُمْ أَبُو الدَّهْمَاءِ وَأَبُو قَتَادَةَ)، قَالُوا: «كُنَّا نَمُرُّ عَلَى هِشَامِ بْنِ عَامِرٍ، نَأْتِي عِمْرَانَ بْنَ حُصَيْنٍ، فَقَالَ ذَاتَ يَوْمٍ: “إِنَّكُمْ لَتَتَجَاوَزُونَ إِلَى رِجَالٍ مَا كَانُوا بِأَحْضَرَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنِّي، وَلَا أَعْلَمَ بِحَدِيثِهِ مِنِّي، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مَا بَيْنَ خَلْقِ آدَمَ إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ خَلْقٌ أَكْبَرُ مِنَ الدَّجَّالِ’”».

Қазақша аудармасы

Хумайд ибн Һилал бір топ кісіден жеткізді. Олардың арасында Әбу Дәһма мен Әбу Қатада бар еді. Олар былай деді: «Имран ибн Хусайнға бара жатқанда, Һишам ибн Амирдің жанынан өтетін едік. Бір күні ол бізге: “Сендер менің жанымнан өтіп, басқа кісілерге барасыңдар. Алайда олардың Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында менен көбірек болғаны да, оның хадистерін менен артық білгені де жоқ. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Адам жаратылғаннан Қиямет орнағанға дейін Дәжжалдан зор сынақ тудыратын жаратылыс жоқ’, – дегенін естідім”, – деді» (2946/126).

بَابٌ: نُزُولُ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ وَكَسْرُ الصَّلِيبِ وَقَتْلُ الْخِنْزِيرِ

52-бапИсаның (оған Алланың сәлемі болсын) көктен түсуі, айқышты сындыруы және шошқаны өлтіруі туралы

2059
Мүслим, № 2059Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاللَّهِ لَيَنْزِلَنَّ ابْنُ مَرْيَمَ حَكَمًا عَادِلًا، فَلَيَكْسِرَنَّ الصَّلِيبَ، وَلَيَقْتُلَنَّ الْخِنْزِيرَ، وَلَيَضَعَنَّ الْجِزْيَةَ، وَلَتُتْرَكَنَّ الْقِلَاصُ فَلَا يُسْعَى عَلَيْهَا، وَلَتَذْهَبَنَّ الشَّحْنَاءُ وَالتَّبَاغُضُ وَالتَّحَاسُدُ، وَلَيَدْعُوَنَّ إِلَى الْمَالِ فَلَا يَقْبَلُهُ أَحَدٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алланың атымен ант етемін! Мәриям ұлы Иса міндетті түрде әділ төреші болып түседі. Ол айқышты сындырады, шошқаны өлтіреді және жизияны жояды. Жас інгендер қараусыз қалып, ешкім олардың қамын ойламайтын болады. Дұшпандық, өшпенділік пен көре алмаушылық жойылады. Ол адамдарды мал-мүлік алуға шақырады, алайда оны ешкім қабылдамайды» (155/243).

2060
Мүслим, № 2060Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَيْفَ أَنْتُمْ إِذَا نَزَلَ فِيكُمْ ابْنُ مَرْيَمَ فَأَمَّكُمْ مِنْكُمْ؟» قَالَ: فَقُلْتُ لِابْنِ أَبِي ذِئْبٍ: «إِنَّ الْأَوْزَاعِيَّ حَدَّثَنَا عَنِ الزُّهْرِيِّ، عَنْ نَافِعٍ، عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ: “وَإِمَامُكُمْ مِنْكُمْ”». قَالَ ابْنُ أَبِي ذِئْبٍ: «تَدْرِي مَا أَمَّكُمْ مِنْكُمْ؟» قُلْتُ: «تُخْبِرُنِي». قَالَ: «فَأَمَّكُمْ بِكِتَابِ رَبِّكُمْ وَسُنَّةِ نَبِيِّكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мәриям ұлы араларыңа түсіп, өз араларыңнан болып сендерге имамдық еткен кезде жағдайларың қалай болмақ?» – дегенін жеткізді. Риуаятшы былай деді: «Мен Ибн Әбу Зибке: “Әл-Аузағи бізге әз-Зуһриден, ол Нафиғтан, ал ол Әбу Һурайрадан: ‘Имамдарың өз араларыңнан болады’, – деп баяндады”, – дедім. Сонда Ибн Әбу Зиб: “‘Өз араларыңнан болып сендерге имамдық етеді’ дегеннің мағынасын білесің бе?” – деп сұрады. Мен: “Өзіңіз айтып беріңіз”, – дедім. Ол: “Сендерге Раббыларыңның Кітабы және Пайғамбарларыңның сүннеті бойынша имамдық етеді”, – деді» (155/246).

2061
Мүслим, № 2061Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ أُمَّتِي يُقَاتِلُونَ عَلَى الْحَقِّ ظَاهِرِينَ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ». قَالَ: «فَيَنْزِلُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَيَقُولُ أَمِيرُهُمْ: “تَعَالَ، صَلِّ لَنَا”. فَيَقُولُ: “لَا، إِنَّ بَعْضَكُمْ عَلَى بَعْضٍ أُمَرَاءُ؛ تَكْرِمَةَ اللَّهِ هَذِهِ الْأُمَّةَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла: «Пайғамбардың (с.а.с.): “Үмбетімнің бір тобы ақиқат жолында шайқасып, Қиямет күніне дейін үстем болып қала береді”, – дегенін естідім. Ол (с.а.с.): “Содан кейін Мәриям ұлы Иса (а.с.) түседі. Олардың әмірі оған: ‘Келіңіз, бізге имам болып намаз оқыңыз’, – дейді. Сонда ол: ‘Жоқ. Сендердің бірің екіншіңе басшысыңдар. Бұл – Алланың осы үмбетке көрсеткен құрметі’, – дейді”, – деді», – деп баяндады (156/247).

بَابٌ: بُعِثْتُ أَنَا وَالسَّاعَةُ هَكَذَا

53-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Менің пайғамбар болып жіберілуім мен Қияметтің арасы мына екі саусақтың арасындай» деген сөзі туралы

2062
Мүслим, № 2062Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُشِيرُ بِإِصْبَعِهِ الَّتِي تَلِي الْإِبْهَامَ وَالْوُسْطَى، وَهُوَ يَقُولُ: «بُعِثْتُ أَنَا وَالسَّاعَةُ هَكَذَا».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (Алла екеуіне де разы болсын): «Алла Елшісінің (с.а.с.) бас бармаққа іргелес сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсетіп тұрып: “Менің пайғамбар болып жіберілуім мен Қияметтің арасы мына екеуіндей”, – деп айтқанын естідім», – деген (2950/132).

بَابٌ: فِي تَقْرِيبِ قِيَامِ السَّاعَةِ

54-бапҚияметтің орнауы жақын екені туралы

2063
Мүслим, № 2063Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَتَى تَقُومُ السَّاعَةُ؟» قَالَ: فَسَكَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هُنَيْهَةً، ثُمَّ نَظَرَ إِلَى غُلَامٍ بَيْنَ يَدَيْهِ مِنْ أَزْدِ شَنُوءَةَ، فَقَالَ: «إِنْ عُمِّرَ هَذَا، لَمْ يُدْرِكْهُ الْهَرَمُ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ». قَالَ: قَالَ أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ: «ذَاكَ الْغُلَامُ مِنْ أَتْرَابِي يَوْمَئِذٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): “Қиямет қашан орнайды?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) аз-кем үнсіз қалды да, алдында тұрған Азд Шәнуә тайпасынан шыққан бір балаға қарап: “Егер мына балаға ұзақ ғұмыр берілсе, оған кәрілік жетпей тұрып, ақырғы сағат жетеді”, – деді». Әнәс ибн Мәлик: «Ол бала сол кезде менімен жасты еді», – деді (2953/138).

2064
Мүслим, № 2064Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ الْأَعْرَابُ إِذَا قَدِمُوا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سَأَلُوهُ عَنِ السَّاعَةِ: «مَتَى السَّاعَةُ؟» فَنَظَرَ إِلَى أَحْدَثِ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ، فَقَالَ: «إِنْ يَعِشْ هَذَا، لَمْ يُدْرِكْهُ الْهَرَمُ؛ قَامَتْ عَلَيْكُمْ سَاعَتُكُمْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Бәдәуилер Алла Елшісіне (с.а.с.) келгенде, одан: “Қиямет қашан болады?” – деп сұрайтын. Сонда ол (с.а.с.) олардың арасындағы ең жас адамға қарап: “Егер мына адам өмір сүрсе, оған кәрілік жетпей жатып-ақ сендердің ақырғы сағаттарың жетеді”, – дейтін» (2952/136).

بَابٌ: تَقُومُ السَّاعَةُ وَالرَّجُلُ يَحْلُبُ اللِّقْحَةَ فَمَا يَصِلُ إِلَى فِيهِ حَتَّى تَقُومَ

55-бапАдам інгенін сауып, ыдысты аузына жеткізгенше Қиямет орнайды

2065
Мүслим, № 2065Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «تَقُومُ السَّاعَةُ وَالرَّجُلُ يَحْلُبُ اللِّقْحَةَ، فَمَا يَصِلُ الْإِنَاءُ إِلَى فِيهِ حَتَّى تَقُومَ، وَالرَّجُلَانِ يَتَبَايَعَانِ الثَّوْبَ، فَمَا يَتَبَايَعَانِهِ حَتَّى تَقُومَ، وَالرَّجُلُ يَلِطُ فِي حَوْضِهِ، فَمَا يَصْدُرُ حَتَّى تَقُومَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) мына хадисті жеткізді: «Қиямет бір адам інгенін сауып жатқанда орнайды: ол ыдысын аузына жеткізіп үлгермейді. Екі адам киім саудаласып жатады: олар сауданы аяқтап үлгермей жатып, Қиямет орнайды. Бір адам су науасын балшықпен сылап жатады: ол оның қасынан кетіп үлгермей жатып, Қиямет орнайды» (2954/140).

بَابٌ: مَا بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ وَيَبْلَى الْإِنْسَانُ إِلَّا عَجْبَ الذَّنَبِ

56-бапСүрге екі рет үрлеудің арасы – қырық; адамның құйымшақ сүйегінен басқа бүкіл денесі шіріп кетеді

2066
Мүслим, № 2066Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ». قَالُوا: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ أَرْبَعُونَ يَوْمًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ شَهْرًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ سَنَةً؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالَ: «ثُمَّ يُنْزِلُ اللَّهُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَيَنْبُتُونَ كَمَا يَنْبُتُ الْبَقْلُ». قَالَ: «وَلَيْسَ مِنَ الْإِنْسَانِ شَيْءٌ إِلَّا يَبْلَى، إِلَّا عَظْمًا وَاحِدًا، وَهُوَ عَجْبُ الذَّنَبِ، وَمِنْهُ يُرَكَّبُ الْخَلْقُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сүрге екі рет үрлеудің аралығы – қырық”, – деді. Адамдар: “Уа, Әбу Һурайра! Қырық күн бе?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Олар: “Қырық ай ма?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Олар: “Қырық жыл ма?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Содан кейін Алла аспаннан су түсіреді. Сонда адамдар өсімдік көктегендей өсіп шығады”, – деді. Сондай-ақ ол (с.а.с.): “Адамның бүкіл денесі шіріп кетеді. Тек бір сүйегі – құйымшақ сүйегі ғана шірімейді. Қиямет күні адамның денесі сол сүйектен қайта құралады”, – деді» (2955/141).

بَابٌ: أَضَرُّ فِتْنَةِ الرِّجَالِ النِّسَاءُ

57-бапЕрлерге ең көп зиян келтіретін сынақ – әйелдер

2067
Мүслим, № 2067

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدِ بْنِ حَارِثَةَ، وَسَعِيدِ بْنِ زَيْدِ بْنِ عَمْرِو بْنِ نُفَيْلٍ أَنَّهُمَا حَدَّثَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَا تَرَكْتُ بَعْدِي فِي النَّاسِ فِتْنَةً أَضَرَّ عَلَى الرِّجَالِ مِنَ النِّسَاءِ».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд ибн Хариса мен Сағид ибн Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл екеуі де Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мен өзімнен кейін адамдар арасында ерлер үшін әйелдерден де зияндырақ сынақ қалдырған жоқпын» (2741/98).

بَابٌ: التَّحْذِيرُ مِنْ فِتْنَةِ النِّسَاءِ

58-бапӘйелдерге байланысты сынақтан сақтандыру туралы

2068
Мүслим, № 2068Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرَةٌ، وَإِنَّ اللَّهَ مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا، فَيَنْظُرُ كَيْفَ تَعْمَلُونَ، فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاءَ، فَإِنَّ أَوَّلَ فِتْنَةِ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَانَتْ فِي النِّسَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында, дүние тәтті әрі жасыл желекті. Алла сендерді онда біріңнен кейін біріңді мұрагер етеді де, қалай амал ететіндеріңе қарайды. Сондықтан дүниенің де, әйелдердің де сынағынан сақ болыңдар. Өйткені Исраил ұрпақтарының алғашқы сынағы әйелдерге байланысты болған», – дегенін жеткізді (2742/99).