عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «سَمِعْتُمْ بِمَدِينَةٍ جَانِبٌ مِنْهَا فِي الْبَرِّ وَجَانِبٌ مِنْهَا فِي الْبَحْرِ؟» قَالُوا: «نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَغْزُوَهَا سَبْعُونَ أَلْفًا مِنْ بَنِي إِسْحَاقَ، فَإِذَا جَاءُوهَا نَزَلُوا، فَلَمْ يُقَاتِلُوا بِسِلَاحٍ وَلَمْ يَرْمُوا بِسَهْمٍ، قَالُوا: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيَسْقُطُ أَحَدُ جَانِبَيْهَا» (قَالَ ثَوْرٌ: لَا أَعْلَمُهُ إِلَّا قَالَ: «الَّذِي فِي الْبَحْرِ»)، «ثُمَّ يَقُولُوا الثَّانِيَةَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيَسْقُطُ جَانِبُهَا الْآخَرُ، ثُمَّ يَقُولُوا الثَّالِثَةَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ”. فَيُفَرَّجُ لَهُمْ، فَيَدْخُلُوهَا فَيَغْنَمُونَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يَقْتَسِمُونَ الْمَغَانِمَ، إِذْ جَاءَهُمُ الصَّرِيخُ، فَقَالَ: “إِنَّ الدَّجَّالَ قَدْ خَرَجَ”. فَيَتْرُكُونَ كُلَّ شَيْءٍ وَيَرْجِعُونَ».
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Бір шеті құрлықта, ал екінші шеті теңізде орналасқан қала туралы естідіңдер ме?» – деп сұрағанын баяндады. Сахабалар: «Иә, уа, Расулалла!» – деді. Ол (с.а.с.): «Исхақ ұрпағынан жетпіс мың адам сол қалаға жорық жасамайынша, Қиямет орнамайды. Олар қалаға келгенде, оның маңына келіп тоқтайды. Қарумен соғыспайды әрі жебе де атпайды. Олар: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда қаланың екі жағының бірі құлайды», – деді. Сәур: «Менің білуімше, ол: “Теңіз жақтағы бөлігі”, – деген», – деді.
Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Содан кейін олар екінші рет: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда қаланың екінші жағы да құлайды. Одан кейін үшінші рет: “لَا إِلٰهَ إِلَّا اللَّهُ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ” – “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Алла – бәрінен де Ұлы”, – дейді. Сонда оларға жол ашылып, қалаға кіреді де, олжаны қолға түсіреді. Олар олжаны бөлісіп жатқанда, бір жаршы келіп: “Дәжжал шықты!” – деп хабарлайды. Сонда олар бәрін тастап, кері қайтады», – деді (2920/78).