عَنْ مُوسَى بْنِ عُلَيٍّ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: قَالَ الْمُسْتَوْرِدُ الْقُرَشِيُّ عِنْدَ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “تَقُومُ السَّاعَةُ وَالرُّومُ أَكْثَرُ النَّاسِ”». فَقَالَ لَهُ عَمْرٌو: «أَبْصِرْ مَا تَقُولُ». قَالَ: «أَقُولُ مَا سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «لَئِنْ قُلْتَ ذَلِكَ، إِنَّ فِيهِمْ لَخِصَالًا أَرْبَعًا: إِنَّهُمْ لَأَحْلَمُ النَّاسِ عِنْدَ فِتْنَةٍ، وَأَسْرَعُهُمْ إِفَاقَةً بَعْدَ مُصِيبَةٍ، وَأَوْشَكُهُمْ كَرَّةً بَعْدَ فَرَّةٍ، وَخَيْرُهُمْ لِمِسْكِينٍ وَيَتِيمٍ وَضَعِيفٍ، وَخَامِسَةٌ حَسَنَةٌ جَمِيلَةٌ: وَأَمْنَعُهُمْ مِنْ ظُلْمِ الْمُلُوكِ».
Мұса ибн Ұлай әкесінен жеткізді. Оның әкесі былай деген: «Мустәурид әл-Қураши Амр ибн Астың қасында: “Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қиямет орнаған кезде адамдардың ең көбі рұмдықтар болады’, – дегенін естідім”, – деді. Сонда Амр оған: “Не айтып тұрғаныңа абай бол!” – деді. Мустәурид: “Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) не естісем, соны айтып тұрмын”, – деді. Сонда Амр: “Олай десең, расында, олардың бойында төрт қасиет бар: бүлік тұсында адамдардың ең ұстамдысы – солар; нәубеттен кейін есін ең тез жинайтындар – солар; шегінгеннен кейін шайқасқа ең тез қайта оралатындар – солар; міскінге, жетімге және әлсізге ең қайырымдысы – солар. Бұған қоса, олардың бесінші бір көркем қасиеті бар: патшалардың зұлымдығына ең берік тосқауыл қоятындар да – солар”, – деді» (2898/35).