Хадис

Сахих Мүслим, № 2068

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
58. Әйелдерге байланысты сынақтан сақтандыру туралыبَابٌ: التَّحْذِيرُ مِنْ فِتْنَةِ النِّسَاءِ
Нөмірі
№ 2068 (Мухтасар реті)
2068
Мүслим, № 2068Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرَةٌ، وَإِنَّ اللَّهَ مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا، فَيَنْظُرُ كَيْفَ تَعْمَلُونَ، فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاءَ، فَإِنَّ أَوَّلَ فِتْنَةِ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَانَتْ فِي النِّسَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында, дүние тәтті әрі жасыл желекті. Алла сендерді онда біріңнен кейін біріңді мұрагер етеді де, қалай амал ететіндеріңе қарайды. Сондықтан дүниенің де, әйелдердің де сынағынан сақ болыңдар. Өйткені Исраил ұрпақтарының алғашқы сынағы әйелдерге байланысты болған», – дегенін жеткізді (2742/99).