Хадис

Сахих Мүслим, № 1991

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
4. Шайтанның адамдарды азғыру үшін жасақтарын аттандыруы туралыبَابٌ: بَعْثُ الشَّيْطَانِ سَرَايَاهُ يَفْتِنُونَ النَّاسَ
Нөмірі
№ 1991 (Мухтасар реті)
1991
Мүслим, № 1991Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِبْلِيسَ يَضَعُ عَرْشَهُ عَلَى الْمَاءِ، ثُمَّ يَبْعَثُ سَرَايَاهُ، فَأَدْنَاهُمْ مِنْهُ مَنْزِلَةً أَعْظَمُهُمْ فِتْنَةً، يَجِيءُ أَحَدُهُمْ فَيَقُولُ: “فَعَلْتُ كَذَا وَكَذَا”. فَيَقُولُ: “مَا صَنَعْتَ شَيْئًا”. قَالَ: ثُمَّ يَجِيءُ أَحَدُهُمْ فَيَقُولُ: “مَا تَرَكْتُهُ حَتَّى فَرَّقْتُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ امْرَأَتِهِ”. قَالَ: فَيُدْنِيهِ مِنْهُ وَيَقُولُ: “نِعْمَ أَنْتَ!”» (قَالَ الْأَعْمَشُ: أُرَاهُ قَالَ: «فَيَلْتَزِمُهُ»).

Қазақша аудармасы

Жәбир былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ібіліс тағын судың үстіне орнатады. Содан кейін жасақтарын аттандырады. Оның алдында дәрежесі ең жоғарысы – адамдарды ең қатты азғырғаны. Олардың бірі келіп: ‘Мен мынаны да, ананы да істедім’, – дейді. Ібіліс оған: ‘Сен ештеңе істемепсің’, – дейді. Содан кейін тағы бірі келіп: ‘Мен оны әйелімен ажырастырмайынша қоймадым’, – дейді. Сонда Ібіліс оны өзіне жақындатып: ‘Жарайсың!’ – дейді”, – деді». Ағмаш: «Меніңше, ол: “Содан кейін оны құшақтайды”, – деді», – деп жеткізді (2813/67).