Хадис

Сахих Мүслим, № 2066

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
56. Сүрге екі рет үрлеудің арасы – қырық; адамның құйымшақ сүйегінен басқа бүкіл денесі шіріп кетедіبَابٌ: مَا بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ وَيَبْلَى الْإِنْسَانُ إِلَّا عَجْبَ الذَّنَبِ
Нөмірі
№ 2066 (Мухтасар реті)
2066
Мүслим, № 2066Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا بَيْنَ النَّفْخَتَيْنِ أَرْبَعُونَ». قَالُوا: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ أَرْبَعُونَ يَوْمًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ شَهْرًا؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالُوا: «أَرْبَعُونَ سَنَةً؟» قَالَ: «أَبَيْتُ». قَالَ: «ثُمَّ يُنْزِلُ اللَّهُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَيَنْبُتُونَ كَمَا يَنْبُتُ الْبَقْلُ». قَالَ: «وَلَيْسَ مِنَ الْإِنْسَانِ شَيْءٌ إِلَّا يَبْلَى، إِلَّا عَظْمًا وَاحِدًا، وَهُوَ عَجْبُ الذَّنَبِ، وَمِنْهُ يُرَكَّبُ الْخَلْقُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сүрге екі рет үрлеудің аралығы – қырық”, – деді. Адамдар: “Уа, Әбу Һурайра! Қырық күн бе?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Олар: “Қырық ай ма?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Олар: “Қырық жыл ма?” – деп сұрады. Ол: “Айта алмаймын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Содан кейін Алла аспаннан су түсіреді. Сонда адамдар өсімдік көктегендей өсіп шығады”, – деді. Сондай-ақ ол (с.а.с.): “Адамның бүкіл денесі шіріп кетеді. Тек бір сүйегі – құйымшақ сүйегі ғана шірімейді. Қиямет күні адамның денесі сол сүйектен қайта құралады”, – деді» (2955/141).