Хадис

Сахих Мүслим, № 2039

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
44. Алты нәрсе келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдарبَابٌ: بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ سِتًّا
Нөмірі
№ 2039 (Мухтасар реті)
2039
Мүслим, № 2039Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا بِالْأَعْمَالِ سِتًّا: الدَّجَّالَ، وَالدُّخَانَ، وَدَابَّةَ الْأَرْضِ، وَطُلُوعَ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَأَمْرَ الْعَامَّةِ، وَخُوَيْصَّةَ أَحَدِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мына алты нәрсе келмей тұрып, ізгі амалдар жасауға асығыңдар: Дәжжалдың шығуы, түтіннің келуі, жерден мақұлықтың шығуы, күннің батыстан шығуы, күллі жұртты қамтитын Қиямет және біріңнің жеке басына келетін ажал», – дегенін жеткізді (2947/129).